|
Доцент Кошкинбаев А.С. 1 pageDate: 2015-10-07; view: 556. Доцент Кошкинбаев А.С.
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА, КАБИНЕТТЕР МЕН АУДИТОРИЯЛАР ТІЗІМІ
Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., профессор Исахметова Р.А. Оқытушы
Дәрістің мақсаты:студентерге «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың, мәнін, міндеті мен мақсатын ұғындыру; Қазақстан жеріндегі тас және қола дәуірінің өзіндік ерекшеліктеріне сиппатама беру. Негізгі терминдер: жазба деректер, археологиялық деректер, палеолит, мезолит, неолит, энеолит, рулық қауым, патриархат, матриархат, «неолиттік төңкеріс», андронов мәдениеті. 1.Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз өте күрделі кезең кешіп отыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, құқылы мемлекет екендігі жариялады. Қазақстан ұзақ жылдар бойы Кеңестер Одағының құрамында болып келді. Жасыратын жоқ, осы жылдары біздің тарихымыз көптеген бұрмалау мен қателерге тап болды. Сол себепті, тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды мәселенің бірі – ұлттық тарихын қайта дамыту, жаңарту болып табылады. Белгілі бір сөз бар ғой: «Тарихсыз халық жоқ». Тарих – әр халықтың есі. Ол болып кеткен нәрсе, оны түзеуге, қайтадан көшіріп жазуға мүмкін емес. Сондықтан осыған байланысты, біз өзіміздің тарихымызды біртұтас ретінде, бүкіл оның қайшылықтарымен, қайғылы және қаһарман кезеңдерімен қабылдауымыз керек. Тарих дегеніміз тек қана өткен-кеткен туралы баяндау, немесе өткен уақытты зерттейтін ғылым емес. Сонымен бірге, өткен-кеткен әрқашан жеке адамда, әр халықта, жалпы адамзатта өшпес ықылас оятады. Осымен байланысты, біз әрқашан өткенді түсінуге, білуге ыңталанамыз. Сонымен қатар, өзін сыйлайтын әр адам, өзінің елінің, жерінің тарихын білуге міндетті. Тек ғана тарихи күндердің, оқиғалардың тізімін емес, тарихи кейіпкерлерді ғана емес, нағыз Ата-бабалардың жерінің тарихын, оның негізгі мағынасын түсіну керек. Қоғамда тарих ғылымы бір неше мәселерді, немесе бір неше қызмет атқарады: гносеологиялық (танымдық) –жеке адамға, халыққа әр халықтың өткен-кеткен туралы білім береді; аксеологиялық –әр адамның халқына, тарихына ортақтастық сезімін қалыптастырады; праксеологиялық –күрделі, әртүрлі құбылыстарға өз алдына бағалау, талдау қабілетін шынықтырады; прогностикалық –тарих болашаққа үмтылған ғылым, ол ешқашанда, еш уақытта аяқталмайды. 2.Адамзат тарихы тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Тас дәуірі адамзат тарихында ең манызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамдар күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік алды. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңге бөлінеді: палеолит (ежелгі тас дәуірі),мезолит(орта тас дәуірі),неолит(жаңа тас дәуірі).Палеолит өзі үш ірі-ірі дәуірге бөлінеді: ертедегі (төменгі)палеолит дәуірі(б.з.д. 2 млн.- 800 мың-140 мың жыл бұрын); орта палеолит дәуірі (б.з.д. 140-40 мың жыл бұрын); кейінгі (жоғарғы)палеолит дәуірі (б.з.д. 40-12 мың ж.б.). Төменгі палеолит – б.э.д. 800 -140 мың жыл бұрын. Біріншіден айтып кететін жөн, осы кезде ауа райы жылы, қолайлы болып, ежелгі адамдардың тіршілік етуіне жайлы жағдайлар тудырды. Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары Оңтүстік Қазақстанда Қаратау жотасында табылған. Ертедегі немесе төменгі палеолит дәуірінің тұрақтары – Бөріқазғанмен Тәңірқазғанбәрінен де көбірек назар аударады. Төменгі палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған – оларды бір-біріне соғатын болатын. Мұндай тәсілді жарып түсіру техникасы яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен, өйткені шикізат ретінде көбінесе өзен малтатастары қәжетке асырылған. Төменгі (ашель) палеолит дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан да табылды. Осындай тұрақтардың бірі – ҚұдайкөлСарыарқаның теріскей солтүстік-шығыс шетінде орналасқан. Орталық Қазақстанның басқа да осы кезеңнің ескерткіштері ішінен Жезқазған қаласынан 150 шақырым жердегі Жаман-Айбат,Қарағанды облысының Жезді ауданынан табылған Обалысай тұрақтарын бөліп айтқан жөн. Орта палеолитте – б.э.д. 140-40 мың жыл бұрын тас құралдар жетілдіріліп, жаңа, түрлі-түрлі формалары пайда болды. Қазақстан жерінде орта палеолит дәуірінің ескерткіштері кеңінен тараған: Оңтүстік Қазақстанда Арыстанды өзенінің бойында, Орталық Қазақстанда – Сарысу өзенінің бойында. Ғылымда осы дәуірінің адамдарын неандерталдеп атайды (алғашқы рет оның қазынды қалдықтары Германияда Неандертал өзенінің алқабында табылған). Осы кезде терімшілік екінші қатарға шегініп, бірінші орынға адамның өмірінде аңшылық шығады. Кейінгі палеолит дәуірінде – б.э.д. 40-12 мың жылдықта Homo sapiens («Саналы адамның») пайда болуы мен адам қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің ілгері дами беруі арасында тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогресті дамуымен, рулық қауымның құрылуымен, рудың, адамдар ұжымының ең алғашқы қоғамдық ұйымының өзгеше бір түрі ретінде пайда болуымен тура табысып жатты. Бұл кезде адамның дүние танымы күрделене түседі. Сонымен бірге – ауа райы өзгеріп, мұз айдыны басталады. Бұдан бұрынғы кезеңнің ескерткіштермен салыстыра қарағанда, сол дәуірдің тұрақтары аз табылған. Шығыс Қазақстанда ел-жүртқа Қанай, Свинчатка, Ұңгір, Ново-Никольскоетұрақтары белгілі. Мезолитдәуірі жалпы ауа райының жылынуымен сиппаталады. Мезолит дәурінің тұрақтары өзендердің, көлдердің бойында орналасқан. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон, жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік болып саналады. Қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан жерінде осы дәуірдің тек қана 20-дай ескерткіштер белгілі. Неолитдәуірінің басталуы б.з.д. 5-3 мыңжылдыққа тура келеді. Бұл кезең тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі, тасты өңдеудің жаңа технологиялық тәсілдері: тегістеу, аралау пайда болды. Сол дәуірдің аса маңызды белгісі – мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының туу болып табылады. Әлеуметтік сипаты жағынан алғанда, неолит дәуірі рулық қауымдар кезеңі, ұжымдық еңбек пен өндіріс құралдарына қоғамдық меңшіктің өктемдік жасап тұрған кезеңі болады. Сонымен бірге, ол қоғамды ұйымдастырудың бұрынғыдан да жоғары түрлері: тайпалар мен тайпалық бірлестігі құрылған жемісті кезең еді. Кәзіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіштер бар. 3.Қола дәуірі.Біздің заманымыздан бұрынғы 2 мыңжылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды өзгертті. Сонымен, осы кезде Қазақстанды мекендеген тайпалар қола заттарын жасауды меңгерді. Қола - әр-түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, қорғасынның қорытпасы болды. Мыспен салыстырғанда қола қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келді. Қола дәуірінде экономикалық басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен ер адамдардың еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда ер адамдардың рөлінің күшеюіне әкеп соқтырды. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Сонымен бірге, жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді. Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең байтақ далаларын тегі және тарихы тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің ең бірінші табылған жері Оңтүстік Сібірдегі Ачинскмаңындағы Андроновоселосының атымен ғылымда шартты түрде «андрон немесе андронов мәдениеті»деп аталды. Андронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі – хронологиямен, уақытын анықтау ісімен байланысты. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола – б.з.д. XVIII-XVI ғғ.; орта қола – б.з.д. XV-XII ғғ.; кейінгі қола – б.з.д. XII-VIII ғғ. басы.Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес: федоров, алакөл, замараевкезеңдерін көрсетеді деп есептелді. Андронов қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі аймақтардың бірі Орталық Қазақстан болған. Бұл өңірден 30-дан аса қоныстар мен 150-ден қорымдар табылып зерттелген. Қоланың кейінгі Орталық Қазақстанда – Беғазы-Дәндібаймәдениетінің құрылуымен белгілі. Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген андронов мәдениетінің ескерткіштері ашылып зертттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымыкеңінен мәлім болды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда андронов мәдениетінің өзіндік варианты болған. Жетісудың орта қола дәуірінің Таңбалы, Қарақұдыққорымдар арқылы көзге елестетуге болады. Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутарықорымы, Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан қола дәуірінің ескерткіші – Тегіскенкесенесі ашылды. Негізгі әдебиет: 1. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан. Алматы, 1995. 2. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. I том. Алматы, 1996. 3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997. Қосымша әдебиет: 1. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. Алма-Ата, 1979. 2. Алпысбаев Х.А. Неолитическая стоянка в пещере Караунгур // Изв. АН КазССР. Сер.обществ.наук.- 1969. - №2.- С.85-87. 3. Исмагулов О.И. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. Алма-Ата, 1970. 4. Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура. Алма-Ата, 1988.
Бақылау сұрақтары: 1. Қоғамдағы гуманитарлық ғылымның бір саласы ретінде «Қазақстан тарихы» пәнінің рөлі қандай? 2. Қазақстан жеріндегі тас дәуірінің кезеңдеріне тоқталып сиппатама беріңіз. 3. Қазақстан жеріндегі андронов мәдениетінің ескерткіштеріне сипаттама беріңіз.
2 Модуль. Ортағасырлардағы Қазақстан 2-ші тақырып. Түркілер Евразия тарихында (2 сағат) 1. Евразия территориясындағы түрік этнофеномені. Түрік, Батыс-Түрік қағанаты. 2. Түргештер, қарлүқтар мемлекеттері. 3. Қарахан мемлекеті. Дәрістің мақсаты:Евразия тарихындағы түркілердің рөлін көрсету, Қазақстан жеріндегі түркі қағанаттарының құрылу үрдісін, олардың саяси және әлеуметтік даму ерекшеліктеріне тоқталу. Негізгі терминдер: номадизм, көшпелі мал шаруашылығы, жартылай мал шаруашылығы, отырықшылық мал шаруашылығы, «түрік», «он оқ будун», қаған (қағанат), жабғы, әскери-мұралық жүйе, ихта (ихтадар), вакф, мульк. 1. Халықтардың Ұлы қоныс аудару дәуірі Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Еуропаның этниқалық және саяси картасын айтарлықтай өзгертті. V ғасырға қарай солтүстік Монғолиядан Орта Азияның Амудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жерлерін бәрінде түріктілдес тайпалар мекен етті. «Түрік»деген сөз тұңғыш рет қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлықтар түріктерді ғұндардың ұрпағы ретінде санаған. VI ғасырдың бірінші жартысына дейін түркілер Монғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварлардың қол астында болған. 546 жылы түркілерге Алтайда теледеген тайпаның 50 мың үйі келіп қосылады, осы себептен олар кәдімгідей күшейеді. 552 ж. көктемінде түріктердің билеушісі – Бумын басқаруымен аварларға қарсы шығып, оларды жеңіп, өз мемлекетін құрады. Тарихқа бұл мемлекет Түрік қағанаты атымен кіреді, ал негізін қалаушысы Бумын-қаған атағына ие болады. Өз мемлекетін нығайту үшін, аталастарын топтастыру үшін, Бумын-қаған көршілес мемлекеттерге жорықтар жасап, түрік ақсүйектерге сол жорықтардан тапқан табыстарды бөліп отырған. Бумын-қаған 553 ж. қаза табады. Оның мұрагері Мұқан-қаған(553-572 жж.) билік құрған жылдары Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке ие болады. Түріктер Мұқан-қаған тұсында бірнеше көршілес тайпаларды бағындырады, соның ішінде: Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, ал Солтүстік Қытай мемлекеті оларға алым-салық төлеп тұрады. Жоғары айтып кеткен тайпаларды бағындырғаннан кейін, түріктер Орта Азияға қарай ұмтылады. Бұл арада олар эфталиттер деген тайпалармен кездеседі. Олардың жерлері Каспий теңізінен Шығыс Түркістанға дейін созылған. 561-563 жж. Мұқан-қаған Иранмен эфталиттерге қарсы одақ құрып, олардың негізгі күшінің күл-талқанын шығарады. Осы оқиғалардан кейін, түріктер Орта Азияда саяси билікке үстем болады. Сонан соң, түріктер Византиямен екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы әскери шарт жасайды. Парсылар Византия мен Түрік қағанатының өзара одақ құруына мейлінше қарсы болады. Бірақ, 568-589 жж. Түріктер Иранға қарсы бір неше жорықтар жасап, көптеген бай қалаларды басып алады. Енді Иран түріктерге жыл сайын 46 мың алтын теңге салық төлеп тұруды және олардың сауда-саттығына кедергі жасамауды міндетіне алады. Сонымен бірге, өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар, қағанатты қатты әлсіретеді оның ыдырауына себеп болады. Сонымен, 603 ж. Түрік қағанаты екі дербес қағанаттарына – Батыс және Шығыс қағанатына бөлінеді. Батыс түрік қағанатыежелгі үйсін жерін жайлады. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйтқысы – «он оқ будун» - «он тайпа »болды. Астанасы – Суябқаласы болды, ал қағанның жазғы ордасы – Мың-бүлақеді. Жегуй-қаған (610-618 жж.)мен оның інісі – Тоң-жабғы (618-630 жж.)билеген кезде қағанаттың күш-қуаты гүлдене түседі. Көршілес мемлекеттерге (Ауғаныстанға, Кавказға, Пакистанға) жасалған жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжытып кеңейтеді. Батыс түрік қағанаттың халығы мал және егін шаруашылығымен шұғылданған, мал шаруашылығына байланысты көшіп-қонып жүрген. Жетісу бойында олардың қалалары өркендей бастады (Шу алқабында VI-VIII ғғ. 18 ірі-ірі қалалар болған). Әлеуметтік тұрғыдан алғанда қағанат бір жағынан, ақсүйек топтар, екінші жағынан, оларға бағынышты топтар болып бөлінді, оларды «қара будун» деп атаған. Қағанат ішінде өзара тартыстар жүріп, билеушілер жиі-жиі ауысып жатты, бұл жағдай ыдыраушылықты асқындырып жіберді. 16 жылға (640-657 жж.) созылған тайпалар арасындағы соғыс пен әулеттік ішкі қырқыстар Жетісуға Тан империясы әскерінің кіруіне әкеліп соқты. Алайда түріктердің Қытай басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізілген тынымсыз күресі түркештердің күшейіп көтерілуіне себеп болды. Түргештер – Батыс түрік қағанатының батыс бөлігін мекендеген көп сан тайпалар болған. Сонымен, Батыс түрік қағанаты 704 ж. ыдырап, оның орнына Түргеш қағанаты бой көтереді. 2.Түргеш қағанатының негізін қалаған Үш-Елік-қаған болды. Астанасын Шу бойындағы Суяб қаласына орналастырады. Ал оның екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында болатын. Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған таққа отырады. Осы жылдары Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды. Мемлекеттің сыртқы жағдайы да аса қиын еді. Олар батыста арабтарға қарсы, ал шығыста қытайлықтарға қарсы күрес жүргізіп отырған. Бірақ, Түргеш қағанатының ішкі және сыртқы саяси жағдайы Сұлық (Сұлы) қаған таққа отырғалы бері күшейе бастайды. Айлакер елші және тамаша қолбасшы Сұлық-қаған екі майданда бірдей күрес жүргізіп отырады. Елшілік жолымен және әскери шаралар арқылы, Сұлық-қаған шығыстан келетін кауіп-қатердің алдын алып, біраз уақытқа болдырмай тастайды. Ендігі бәр күшін арабтарға дайындайды. Осының нәтижесінде, 723 ж. Ферғана және Шәш түбіндегі шайқастарда түргештер арабтарды оңдырмай жеңеді. Сол шайқастарда ерлік көрсеткен үшін арабтар Сұлықты Абу-Мүзахим (Сүзеген) деп атайды. Тек 732 ж. соңында ғана арабтар түргештерді талқандап Бұхараға кіреді. 737 ж. Сұлық-қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып, бірақ ұзамай жеңіліп қалады. Суяб қаласына қайтып келгеннен кейін оны өзінің қолбасшыларының бірі өлтіреді. Сұлық-қаған қайтыс болғаннан кейін, түргештер «сары» және «қара» болып екіге бөлінеді, олардың арасында ұзақ тала-күрес басталады. Осы ішкі талас-тартыстарды пайдаланып, арабтар мен қытайлықтар түргештердің жерлерін басып алуға үміттенеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде екі мемлекеттің әскерлері кездеседі. Бұл шайқас 5 күнге созылады. Бесінші күні қарлұқтар қытайлықтарға қарсы шығып, көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытай әскерлері толық күйретіледі. Атлах түбіндегі шайқастың үлкен тарихи мәні болады, өйткені содан соң, қытайлықтар Жетісу және Орта Азияның жерлерін тастап кетуге мәжбүр болады. Арабтар да Жетісуда көп үақыт болмай, Шәш қаласына шегініп кетеді. Бірақ, әбден әлсіреген Түргеш қағанаты 756 ж. ыдырап, оның орнына қарлұқтар бас көтеріп, өз мемлекетін қүрады. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.) Қарлұқтар туралы «бұлақ» деген атпен мәлім болған алғашқы деректер V ғасырға жатады. VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш тайпа – бұлақ, шігіл, мен ташлықкірген. Қарлұқ тайпаларының көсемдері елтабар деп аталған. VIII ғ. орта кезінен бастап, қарлұқтар мен оғыздар арасында түргештер мұрасын иемдену жолындағы тартыс етек алады, олардың қалын-қалын топтары Ыстық көл мен Талас облыстарына тарап кеткен еді. 756 ж. түргеш қағандарының қос ордасы – Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қол астына көшеді. Жетісу территориясында қарлұқ тайпаларының саяси бірлестігі құрылады. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылымының бір сипаты – онда еншілік тайпалық жүйенің дамыған түрі бар болатын. Қарлұқ мемлекетіндегі басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі – олардың көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс-салтының ерекшелігін көрсететін. Қарлұқ қағанаты өз қолына баянды экономикалық байланыс жүйесін қондыра алмаған. Ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс оның береке-құтын қашырады. Сонымен, Қарлұқ мемлекеті 940 ж. құлайды. 3. Қарахан мемлекетініңнегізін қалаған Сатұқ Боғра-хан.Бұл мемлекетЖетісу жерінде орналасқан, кейінірек Амударья мен Сыр бойына дейін кеңейтілген. Астанасы – Баласағұн қаласы. Сатұқ Боғра-хан қайтыс болғаннан кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 ж. ислам дінін Қарахан хандығында мемлекеттік дін ретінде жариялады. Хандықтың астанасы Қашғар қаласы болды. Мұса-хан өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Сатұқ Боғра-ханның екінші баласы Сүлеймен-ілекБаласағұнды иеленген болатын. Бұл өңірді оның баласы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы негізінен ықпалды екі әулеттің - Әли Арслан-хан мен Хасан Боғра-ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли ұрпағының ықпалы күштірек болды, ал кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына көшті.
|