|
Доцент Кошкинбаев А.С. 8 pageDate: 2015-10-07; view: 573. 1980-жылдары бұрынғы әйелдер ұйымдарының орнына Республикалық әскерлер аналарының комитеті, Қазақстан мүсылман әйелдер Лигасы, көп балалы аналар одағы, «Айша» іскер әйелдер ассоциациясы «Ақ Отау» және тағы басқа ұйымдар пайда болды. Саяси өмірден жастар қозғалысы да тыс қалған жоқ. 1991 жылдың күзіне дейін Республиканың жастар комитеті, Қазақстан ЛКСМы және қосымша 48 ұйым жұмыс істеді. Республикада және жергілікті жерлерде «Қазақ тілі» қоғамы қүрылды. 1990 жылдың көктемінде Қазақстаннің социал-демократиялық партиясы қүрылып, маусым айында «Азат» ұлттық демократиялық қоғалысының съезі шақырылды. Бұл қозғалыстың басты мақсаты тәуелсіз республикалар достастығындағы Қазақстанның егемендігің алу үшін күрес болып табылды. 1991 жылы республикада 120 астам дербес ұйым болды. Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасу процессің саралай келіп, тоталитарлық жүйеден өтпелі кезенге соғып, одан бірден демократияға өту, көппартиялық жүйенің тарихи дәстүрлерінің болмауы, республика тұрғындарының дамыған саяси мәдениетінің төмендігі, әлеуметтік базасы жағынаң әлсіз, саяси бағыты жағынан қасарысқан саяси бірлестіктердің пайда болуына әкелді. Мысалы, «Алаш», «Желтоқсан», социалистік, социал-демократиялық, коммунистік партияларға осындай баға беруге болады. Соған қарамастан азаматтық және ұлтаралық татулықты насихаттаған партиялар атап айтқанда Қазақстан Ұлттық Конгрессі мен Қазақстан Халық Бірлестігі одағы да өмірге келді. Сонымен, 1990 жж. республикада көппартиялық жүйенің негізі қалана бастады. 3.1986 Желтоқсан оқиғасы бүкіл елдегі халық наразылығының басталуына себеп болды. Халық депутаттарының алғашқы съезі мен партия форумдарында егемендік экономикалык дербестік идеялары талқыланып, орталық пен федерация субъектілерінің арасындағы өкілеттілікті бөлу, және одақтың келісім жөніндегі мәселелер көтерілді. Осы оқиғаның логикалсы, ұлттіқ жанданудың, демократиялық қайтаөзгерулердің кұшеюі партия және мемлекетті басқарушылар тарапынан орталық пен одақтас республикалар арақатынасының реттейтін жаңаша шаралардың тезірек қабылдануың қажет етті. Бұрынғы билік жүйесі мен экономикасы ыдырап жатқан кезде Қазақстанда Президенттік билікті еңгізу заңды болып табылды, мүның өзі саяси және экономикалық өмірді тұрақты дәрежеде ұстады. 1990 жылы 24 сәуірде Республиканың Жоғарғы Кеңесінде Қазақ ССР Президенттінің орны тағайындалып, оған құпия дауыс беру жолымен парламент сессиясында Н.Ә.Назарбаев сайланды. Осындай жағдайда таразының басын тең ұстау орталыққа барған сайын қиындай берді. Алайда мемлекеттік құрылымның бақылау қызметінің әлсіреуінен елде «көлеңкелі экономика» мен қылмыскерлік қауырт өсті, кейбір аймақтарда ұлтаралық қақтығыстар одан әрі жалғасты. Осындай тығырыққа тірелген жағдайдан тезірек шығуды көздеген КСРО Президенті мен Одақтас республикаларының басшылары жаңа Одақ Шартын жасауды ойластырды. Бұл жұмыс «9+1» формуласы немесе «Новоогарев инициативасы» деп аталды. Осы Шартты дайындау процесіне қатысушылар КСРО мемлекеттік құрылымын «Тәуелсіз мемлекеттер одағы» ретінде реттейтін маңызды құжат әзірледі. Бұл шартқа қол қою 1991 жылдың 20 тамызында белгіленді. Бірақ бұл іс жүзеге асырылмай қалды. Одақтас республикаларға тәуелсіздікті беруді қаламаған Оталықтың кертартпа күштері 1991 тамызда мемлекеттік төңкеріс жасады. Елді басқару мен төтенше жағдайды жүзеге асыру үшін төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік Комитет (ТЖМК) сияқты өкіметтік құрылым құрды. Оның құрамы: 1. Г.И. Янаев – КСРО вице-президенті. 2. В.С. Павлов – КСРО премьер-министрі. 3. Д.Т. Язов – КСРО Қорғаныс министрі. 4. Б.К. Пуго – КСРО Ішкі істер министрі. 5. В.А. Крючков – КСРО МХК-нің төрағасы. 6. О.Д. Бакланов – КСРО Қорғаныс министрі төрағасының бірінші орынбасары. 7. В. Стародубцев – КСРО Шаруалар одағының төрағасы.
ТЖМК бірнеше антиконституциялық заңдар шығарды: 1-ші қауылысы бойынша: · Саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды. · Митингілер, шерулер, демонстрациялар, ереуілдер өткізуге жол берілмеді. · Ақпарат құралдары үстінен қатан бақылау қойылды. Бірақ, Мәскеудің демократияшыл күштері, Ресей Федерациясының парламенті және Конституцияға адал әскери құрамалар антиконституциялық төңкерісті жақтамады. Бұл демократияшыл күштерді Б. Ельцин басшылық етті. Сонымен төңкерісшілер қойған мақсатына жетпейді. Төңкерістен кейін саяси оқиғалар шапшаң дамыды. М.С. Горбачев Орталық Комитеттің Бас хатшысы қызметінен бас тартты да КОКП-қа өзін-өзі таратуды ұсынды. Осындай жағдайда одақтас республикалар өздерінің шақырылған парламенттерінің сессияларында бірінен соң бірі өздерінің тәуелсіздігін жариялады. Ал 1991 жылы 8 желтоқсандаМинск қаласында үш республика – Ресей, Украина, Белоруссия басшыларының кездесуі болды. Онда конфедерациялық біртұтас жаңа одақ құрудың орнына басқаша құрылым – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) бірігетіндерін мәлімдеді. 1991 жылы 12 желтоқсанда Ашхабад кездесуінде Орта Азия мен Қазақстан республикаларының басшылары жаңа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғанын қуаттады. Сонымен бірге олар ТМД өз субъектілерінің барлығының мүддесін есепке алатын болса, оның тепе-тең мүшелелері болуға өздерінің әзір екенін білдірді. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда 11 тәуелсіз мемлекеттің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Әзірбайжан, Армения. Грузия бақылаушы есебінде қатысты) басшылары бас қосып, ТМД құруға келісімдерінің протоколына қол қойды. Қаралған мәселелер: · КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты. · ТМД құрылды. · Ядролық қаруы бар мемлекеттер (Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь) ТМД-ға енетін барлық республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті. 1991 жылы 16 желтоқсанда - республика Жоғарғы Кеңесінің 7-ші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Бұл құжаттың 1-бабында Қазақстан республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп сипатталды. Қазақстан Республикасы: - Ішкі және сыртқы саясаты өз бетінше жүргізеді. - Барлық мемлекеттермен халықаралық құқық ұстанымы негізінде қарым-қатынас орнықтырады. - Территория шекарасы біртұтас, бөлінбейді және қол тигізуге жатпайды. Құжаттың 2-тарауында республика азаматтары тең құқылы деп көрсетілген, 3-тарауында мемлекеттікөкімет органдарының құрылымы анықталған, ал 4-тарауында мемлекеттің экономикалық негіздеріне анықтама берілді. Негізгі әдебиет: 1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. Алматы, 1998. 2. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. II том. Алматы, 1997.; III том. Алматы, 2002. 3. История Казахстана: народы и культуры: учебное пособие/ Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин, И.В. Ерофеева, А.Н. Алексеенко, Г.С. Баратова. Алматы, 2001. 4. История Казахстана и Центральной Азии: учебное пособие / Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин и др. Алматы, 2001. 5. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992. 6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997. 7. Маданов Х., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы. Алматы, 1994. Қосымша әдебиет: 1. Қонаев Д.А. Өтті дәурен осылай. Алматы, 1992. 2. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. Алматы, 1994. 3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992. 4. Назарбаев Н.А. Без правых и левых. Алма-Ата, 1991. 5. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. Алматы, 1992. 6. Назарбаев Н.А. На пороге ХХI века. Алматы, 1997. Бақылау сұрақтары: 1. Қайтақұру үрдісінің басты кезеңдерін, мәнін ашып көрсетіңіз. 2. Қайта құру тұсындағы және КСРО құлағаннан кейінгі республиканың қоғамдық-саяси өмірі туралы айтыңыз. 3. Сіздің пікіріңізше КСРО-ның құлауының қандай себептері болды? 15-тақырып. Тәуелсіз Қазақстанның калыптаса басталуы (2 сағат). 1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары (1991-1995 жж.). 2. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы. 3. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясының басты бағыттары. Дәрістің мақсаты:Қазақстан Республикасының 1991-1995 жж. қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына және 1995 ж. Конституциясына сиппатама беру және «Қазақстан – 2030» даму стратегиясының қабылдауының маңызын ашып көрсету. Негізгі терминдер: унитарлық мемлекет, зайырлы мемлекет, оралмандар, жекешелендіру, декларация, парламент, конституция (Атазаң), мемлекеттік рәміздер, демократияландыру, нарықтық экономика, жаһандану. 1.Сонымен Қазақстанда егеменді мемлекеттің қарқынды даму процессі басталды. Қазақстандағы демократиялық өзгерістердің көрінісі болып, Семей полигонындағы ядролық сынақты тоқтату жөніндегі Президент Жарлығы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен олардың ізбасарларына жасалатын қамқорлықтар жөніндегі шаралар табылады. Жаңа Конституцияның жобасы талқыланды. Президенттік билігі мықты республика құруға бағыт ұсталды. Облыстар, қалалар мен аудандарды жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі заңдардың негізінде атқарушы биліктің реформасы жүргізілді. Республикада көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. Тәуелсіз бұқаралық баспасөз құралдарының жұмыс істеуіне мүмкіншіліктер берілді. Қазақстан халық аралық аренаға егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қадам басты. 1992 ж. 3 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, халықаралық Валюта қорына мүше болды. Әлемдік банкке, Халықаралық даму ассоциациясына, Инвестициялық кепілдік агенттігіне, Дүниежүзілік денсаулық сақталу ұйымына және т.б. біраз ұйымдарға мүше болып қатысады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Еуропаның қауіпсіздік пен ынтымақтастық Кеңесінің мүшесі болып табылады, және адам құқығың мойындайды. Қазақстан мемлекеті барлық азаматтарына тең қамқорлық жасауға міндет алады. Сыртқы саясатында да Қазақстан Республикасы көршілес мемлекеттермен өзара тиімді достық қарым-қатынас ұстанады. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып Түркия мемлекеті таныды. 1991 ж. соңына дейін Қазақстанның тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды. 1992 ж. ортасына қарай республика тәуелсіздігін 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада т.б. 1992 ж. соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 106 мемлекеті танып, 61 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. 1999 жылдың басы – дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі кезде Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. 1992 жылдың 4 маусымында Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Ту, ал 11 желтоқсанда Мемлекеттік Әңұран бекітілді. 1992 ж. қаңтарда Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қаматамасыз ету мақсатында Ішкі істер әскері құрылды. 1992 ж. қаңтарда – республиканың алғашқы сом алтыны шығарылды және алтын қорын жинауды басталды. Қазақстан халқының ұлттық сана-сезімі оянып, коптеген ұлттардың мәдениеті мен дәстүрі қайта жаңғырып бастады. Қазақ ұлты да ұйқыдан оянды: қазақ тілі мемлекеттік тілге айналды, ұмытылып қалған қазақтың талай асыл азаматының есімі елге танылды, жер отаулары қалпына келтірілуде, ұлттык мәдениеттің гүлденуіне жағдай жасалды, азаматтық пен миграция жөнінде заң қабылданды. 1992 жылдың қүзінде 10 млн. қазақтың басын қосқан 1-ші Дүниежүзілік құрылтай шақырылды. Экономикалық дағдарыс кезеңінің өзінде-ақ республика экономикалық өзгерістер мен нарық жағдайына өту үшін өзіндік даму жолын таңдап алды. Ол бағыт қазбалы байлыққа бай жер қоймауын дұрыс пайдалану, қорғаныс жұмысын іскер ұйымдастыру және ғылыми-техникалық және өндіріс қорын өркендету. Республика экономикасының мемлекеттік секторы да белсенді дамуда. Осы кезде сыртқы экономикалық саясатында шетелдің капитал, техника мен технология кеңінең қолданылуда болды. Мысалы, 1990 жж. Қазақстан экономикасына ірі капиталдың құйылышының бір көрінісі «Тенгизшевройл» бірлескен кәсіпорнының құрылуы және 40 жылға шарт жасасқаның айтуға болады. Кірістің 80% Қазақстанға, 20% Шевронға түсіп тұрады. Қазақстанда нарық жағдайына өту күрделі болды, бұрынғы кеңес экономикасының ыдырап кетуі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуіне соқтырды. Республиканың тәуелсіздік алғаннаң кейінгі ең басты саяси міндеті жаңа Конституцияның жобасын талқылау болды. 1992 ж. Жоғары Кеңесте талқыланғаннаң кейін бүкіл халықтың назарына ұсынылды. Парламент пен қоғамда ең жиі талқыланатың мәселерге: экономикалық, Қазақстанның әкімшілік-территориалдық құрылымы, мемлекеттік тіл, билік түрлері, азаматтық т.б. мәселелер жатқызылды. 1992 ж. қазан айында Конституцияны бүкіл халықтың талқылауы аяқталып, нәтижелері жарияланды. Талқылау 4 айға созылды, 500 ден астам дерек баспасөзде жарияланып, 3 млн. астам адам талқылауға қатысты. 1993 ж. 28 қантарында Республиканың Жоғарғы Кенесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясың қабылдады. Бұның өзі болашақта құқықтық мемлекет құруға, тәуелсіздікті қамтамасыз етуге, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресс жолымен қарқынды дамуға кепілдік берді. Конституцияға сәйкес Қазақстан демократиялық, зайырлы, унитарлы, барлық азаматтарына тең құқық беретің мемлекет болып табылады. Жерінің тұтастығы, бөлінбейтіндігі, қол сұғылмайтыны басып көрсетілген. Республикадағы мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сотқа бөлінген, мемлекеттік биліктің бірдеп-бір бастаушы көзі халық болып табылады. 1993 ж. 15 қарашада – Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта– теңгеайналымға енгізілді. 1995 ж. 1 наурызда – Мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық – кеңесші орган – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 2.Қазақстандағы болып жатқан экономикалық, саяси, демократиялық өзгерістер 1993 ж. Конституцияға өзгерістер жасау қажеттігін туғызды. 1995 жылдың маусым айында Қазақстан Республиканің Президенті Н.Ә.Назарбаев қоғам назарына жана Конституцияның өз жобасың ұсынды. Жоба 8 бөлімнен, 95 баптан турды. Маусым айында халыққа талқылауға ұсынылып, 1-ай мерзім берілді. Содан кейін Конституцияның жобасың референдумге қою жоспарланды. 1995 ж. 30 тамызында жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық референдум өткізілді. Халықтың 89% жақтап, 10% қарсы дауыс берді. Сонымен, жаңа Конституция 5 қыркүйекте өз кұшіне енді. Конституция 9 бөлімнен, 98 батан тұрады. Елді басқаруға қажетті тарихи жүйе Ата заң халықтың тілегі бойынша бекітілді. Басқару түрі бойынша Қазақстан мемлекеті президенттік республика болып табылады. Президенттік басқару жүйесінің ерекшелігі Президент билік түрлерінің барлығының үстінен қарайды және халық алдында олардың дұрыс жұмыс істеуің және жауаптылығын бақылайды. Президент Конституцияға сәйкес үкіметті отставкаға жіберіп, парламентті таратып, сотты тағайындай алады. Кейбір кездері заң күшіне атқаратын указдар жариялайды. 3 бөлімнің 40 статьясына сәйкес Президент Қазақстан мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын анықтайды, елдің ішінде және халықаралық қарым-қатынастарда мемлекеттің өкілі ретінде қатысады, халық бірлігінің гаранты және мемлекеттік биліктің символы болып табылады. 4 болімнің 61 статьясы бойынша Парламентке заң шығару құқығы берілген. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс. 1995 ж. 7 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының жаңа Парламенттіне сайлау өткізілді. 1996 жылдың қысында Парламент өз жұмысына кірісті. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді. Сонымен Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы республиканың әрі даму кезеңіне арналған тарихи құжат болып табылады. 3.1997 жылыҚазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Онда жас тәуелсіз мемлекеттің ұзақ мерзімді – 2030 жылға дейін - стратегиясының бағдар-бағыты бейнеленген. Оның негізгі өзегі – барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Бұл мақсатты жүзеге асыруға Қазақстанда жеткілікті, атап айтқанда, сегізартықшылық бар: 1-ші: Бізде тәуелсіз мемлекеттің негізі қаланды. 2-ші: Бүгін мүлде өзге саяси және экономикалық жұмыс істеуде. 3-ші: Біз азаттық алдық, мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетанымның алмасуы өміріміздің әрбір қырын өзгертті. Қазіргі кезеңде барлығы да біздің игілігіміз үшін ғана емес, ең алдымен балаларымыз бен немелеріміз үшін жасалуда. 4-ші: Біздің басты игіліктеріміздің ішінде – халқымыздың немесе адам ресурстарының сапасы жоғары. 5-ші: Біздің табиғи ресурстарымыз – орасан зор байлық. Бұл жетекші фактор. 6-ші: Біздің ауқымды алқаптарымыз, ауыл шаруашылығы жерлеріміз – орасан зор әулетіміз. Бұл жерде де тағы да ең бастысы – нақты және тиімді стратегия – адамдар мен капитал. 7-ші: Қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігі. 8-ші: Қазақстандықтардың байсалдығы мен төзімділігін, олардың кеңпейілдігі мен ақжарқындылығын айрықша атаған жөн. Біздің еліміз осындай перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет. 1. Ұлттық қауіпсіздік сақтау. Аумақтың тұтастығы толық сақтай отырып Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы нығайту. Қазақстанға бүгін және елдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру. 3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың денгейі жоғары ашық нарықтың экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы турлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлауқатын көтеру. Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығы, білімі мен мүмкіндіктерін ұлайы жаңғарту, экологиялық ортаны жақсарту. 5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдестік табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану. 6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланысты дамыту. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту. 7. Кәсіби мемлекетті құру. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалы және осы заманғы корпусын жасақтау.
Негізгі әдебиет: 1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. Алматы, 1998. 2. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. II том. Алматы, 1997.; III том. Алматы, 2002. 3. История Казахстана: народы и культуры: учебное пособие/ Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин, И.В. Ерофеева, А.Н. Алексеенко, Г.С. Баратова. Алматы, 2001. 4. История Казахстана и Центральной Азии: учебное пособие / Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин и др. Алматы, 2001. 5. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992. 6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997. 7. Маданов Х., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы. Алматы, 1994. Қосымша әдебиет: 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995. 2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.
|