Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Натрий додецилсульфаты БАЗ анионы катион


Date: 2014-02-26; view: 764.


Сабын БАЗ анионы катион

Алкилсульфаттар да нақ осылайша диссоциацияланады:

 

CH3(CH2)10CH2OSO3Nа = CH3(CH2)10CH2OSO3+ Nа+

Мұндағы натрий катионы беттік активтілік көрсетпейді.

Катионды БАЗ . Бұл топқа енетін коллоидты БАЗ суда ерігенде , оң зарядталған иондар түзеді. Мұндай ерітінділерден адсорбция кезінде оң заряд адсорбцияланатындықтан , осы беткі қабат та оң зарядталады. Мұндай БАЗ иондарымен тұрақталған дисперстік фазадағы оң зарядты бөлшектер дисперстік ортада кездесетін кері иондарға тартылады. Нақ осы негізде катионды БАЗ өзгелермен де әрекеттеседі. Катионды БАЗ-ға октадецилді аммоний хлориді, цетил-үшметилді аммоний хлориді, ацетилпиридинді хлорид және басқалар мысал болады. Олар суда ерігенде хлор анионы мен құрамындағы радикалға сәйкес катионды БАЗ ыдырайды:

 

C18H37NH3 C1 = C18 H37 NH3+ + C1

C16 H33 (CH2 )NC1 = C16H33(CH2)3 N+ + C1

C21 H38 NC1 = C21 H38 N+ + C1

 

 

Ионды емес немесе ионсыз БАЗ. Бұл топқа енетіндердің молекулалары диссоциацияға бейім емес , яғни олар суда ерімейді , еріген кезде де диссоциацияланбайды.Әдетте мұндай БАЗ дифильді молекулалары полюсті болса да , ионогенсіз бүйір тізбегі бар ұзын көмірсутекті тізбектен тұрады. Ондағы полюсті топ оның суда еруін қамтамасыз етеді. Әрине , олар гидроксил тобынан тұрады. Оларға жоғары молекулалық спирт немесе органикалық қышқыл , фенол сияқтылардың бір молекуласы мен этилен тотығының бірнеше молекуласы әрекеттескенде туындайтын қосылыстар мысал болады:

 

Cn H2n+1 ОН + m(СН2 – СН2 )→ Cn H2n+1 (ОСН2 СН2) mОН


<== previous lecture | next lecture ==>
Анион активті заттар | ДЛФО теориясы
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.054 s.