Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Гигиена


Date: 2015-10-07; view: 1646.


Кіріспе

Жоспар

ЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯ

ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭ

Энеолит дәуіріндегі түркмендер мәдениеті: Ану

Этносаяси қауымдастық дегеніміз: белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары

Якут округінің әр ұлысындағы белгілі өкілдер: тайон

Якуттардың шекарасы өзгертілді: 1856

Янычарлар көтерілісі салдарынан 1807ж тақтан тайдырылып, жазаға тартылған: ІІІСелим

Негізгі бөлімп

ü Тағам гигиенасының пәні мен тарихы

ü Халықтың нақты тамақтану проблемасының маңызы.

ü Халықтың тамақтануын зерттеу әдістерінің классификациясы.

ü Тамақтанудың әлеуметтік-экономикалық негіздерін зерделеу.

ü Тамақтанудын әлеуметтік-гигиеналық негіздерін зерделеу

ü Халықтың денсаулық жағдайын зерделеу.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Гигиена Адамның қолайлы өмір сүру жағдайын, денсаулығының нығаюына және ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтерді. Санитарлық ережелер мен шараларды негіздеу мақсатында қоршаған ортаның адам ағзасы мен қоғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді.

Гигиена өзінің атын «hygieinos» - «денсаулық әкелуші» деген грек сөзінен алады. Ежелгі грек мифологиясына сәйкес, дәрігерлік іспен айналастын құдай Асклепийдің (Аскулапа) болған, ол аурудың пайда болуының алдын алып, адамдарға денсаулық сыйлаған.Осы денсаулық құдайы деп санаған.Осы денсаулық құдайының атымен аурудың алдын алу жөніндегі медицина ғылымы «гигиена» деп аталған.

Гигиенаның ғылым ретінде дамуы ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырдың басында басталады, бірақ адамзатқа жеке бас гигиенасы, қоғамның гигиенасы, оның түбірі ежелден – аяқ белгілі.

Мысалы:өте ертеде итмұрын қайнапасының қырқұлақ ауруының алдын алу үшін қолданылатыны белгілі болған.Х ғасырдағы құжаттарға сүйенсек ол жерде Корсунский суқұбыры туралы жазылған.Киев Русында моншалардың көп болғандығы туралы жазылған.1650 жылы Мәскеуде «тұрмыстық қалдықтарды далаға төгуге тыйым салынатыны» туралы үкім шыққан.

Тағам гигиенасы

Тамақтану гигиенасы дегеніміз – бұл дұрыс тамақтану туралы ғылым.Ол жүйелі,жақсы,дұрыс, және емдік тамақтануды зерттейді.Тамақтану гигенасы – тамақтың химиялық құрамын, биологиялық бағасын және тағамның сапасын зерттейді, оған гигиеналық баға береді. Қоғамдық тамақтану орындарына және тамақ тағамдарымен сауда жасайтынмекемелерге арнап санитарлық ережелер шығар және олардың орындалуын қадағалайды.Тамақ өндірісінде технологиялық процестің дұрыс жүруін, дайын тағамдардың және азық-түліктердің дұрыс тасымалдануын,эпидемияға қарсы шаралардың орындалуын қадағалайды.

Негігі мақсаты: Ағзаның энергия жоғалтуын анықтау және ақуыздың, майдың, көмірсідың, минералды тұздардың, витаминдердің ағзаға керекті мөлшерін анықтау.

Тамақатану гигиенасы – адамның денсаулығының ауырған кезде, оның дұрыс тамақтануымен тығыз байланыстылығын, әсіресе оның мамандыққа, жасына байланыстылығын зерттейді, оған баға береді.

Ғылымда және тәжірибеде тамақтану гигиенасы мамандарының үлкен маңызды жұмысының бірі болып тамақ тағамдарының сапасын қадағалау және тағамдардың құрамына түсетін жаратылысы химиялық және бактериологиялық улы заттардың ағзаға тағамдар арқылы түсіп, әр түрлі аурулардың туындауының алдын алу.

Гиппократ өзінің «Диета туралы » шығармасында адамдар қолданылатын тамақ тағамдардының құрамындам кіретін заттардың қасиетін зерттеп,олардың ағзаға әсерін, тағамның мөлшерінің адам жасайтын,істейтін еңбектіңқатынасын түріне байланыстылығы туралы жазған. «Жедел аурулар кезіндегі емдік тамақұтану» туралы еңбегінде, жедел аурулардан тез айығудың маңызды сатының бірі –ол диета сақтау екенін айтқан.

Ибн Сина балалар мен жасөспірімдердің және кәрі адамдардың тамақтануының ерекшеліктері, мамандығына байланысты тамақтанудың ерекшеліктері, жүйелі тамақтану туралы көптеген еңбектері бар.

Тамақтану гигиенасының тарихы және тамақтану гигиенасына байланысты нағыз санитарлық заңдылықтар 1546 жылдан Иван Грозныйдың бұйрығымен бастап шыға бастады.

ХVII –XVIII ғасырда тағам өнамдерін шығаруға,тасымалдауға,сақтайтын жерлерге,саудаға қатаң қадағалау жүргізілген.

1718 ж І Петр «Тамақ тағамдарын сату ережесі» деген жарлыққа қол қойды.ол ережеде тамақ өнімдерін, тағамдарын сатумен айналысатын адамдар жұмыс орында ақ халат киіңп, сататын жерлерін таза ұстау керектігі және жеке басының гигиенасын сақтау керектігі туралы жазылады.

Тамақ санитариясы бойынша бірінші оқулықты 1885 жылы С.Ф.Хотовицкий шығарған.сонымен қатар мынандай ғалымдар өз үлесін қосқан :

Фойт.К,Ф.Ф.Эрисман,Г.В.Хлопин,А.П.Доброславин

Халықтың нақты тамақтануы

Халықтың белгілі топтарының тамақтануын және онымен байланысты денсаулық жағдайын бағалау тамақтануды ұтымдандыру бойынша қажетті шаралардың көлемі мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Нақты тамақтануды кешенді зерттеу негізінен екі бағытта жүргізіледі: әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-гигиеналық.

I.Тамақтанудын әлеуметтік-экономикалық негіздерін зерделеу елімізде үнемі жүргізіледі және тұрғындардың әр түрлі топтары арасында, аудандар, региондар және барлық ел бойынша уақыттын бірлігінде (тәулік, ай, жыл) азық-түліктердін қабылдау мөлшерін анықтауға бағытталған әдістерді біріктіреді. Тамақтанудың әлеуметтік-экономикалық негіздерін зерделеу үшін баланс және бюджет әдістері қолданылады.

1.Баланстық есептеу әдісі. Негізгі мақсаты – жалпы еліміз бойынша тамақтық азық-түліктерді пайдалануды есепке алу, халықтың тамақтанудағы жалпы тенденцияларды анықтау. Бұл мақсатта жалпылай статистикалық есеп беру материалдары қолданылады, мұнда тамақтық азық-түліктердің түсуі және жұмсалуы ескеріледі. Жинақталған материалдар негізінде белгілі уақыт бірлігінде азық-түліктердің орташа әр адамға шаққандағы жұмсалуы есептелінеді. Баланстық есептеу әдісінде азық-түліктердің кірісі және шығысы жөніндегі барлық мүмкін болар көздеріндегі статистикалық есептеу материалдары қолданылады.

1.Азық-түліктердің түсуі тікелей байланысты болатын негізгі көз – олардың өндірісі. Өсімдік негізді азық-түліктердің негізгі өндірісін анықтау үшін ауылшаруашылығы статистикасының егін салу алқаптарының көлемі жайлы мәліметтері пайдаланылады. Мал шаруашылығы өнімдері жануарлар мен құстар түрлері бойынша мәліметтерге негізделеді.

2. Баланстың екінші жағы - азық-түліктер шығынын анықтау.

Азық-түліктердің ас мақсатында емес шығындарын есепке алу мынадай бағыттарда жүргізіледі; а) шаруашылық ішіндегі қажеттіліктерге – тұқымға, мал мен құсқа, азыққа; ә) техникалық мақсаттары: мысалы, сабын өндіруі үшін өсімдік майлары мен саломы, казеин өндіруі үшін қайтарманы, мата өнеркәсібі үшін крахмалды, спритті өнеркәсіпте бидай мен картопты пайдалану; б) азық-түліктер өндірісінің барлық сатыларында, оларды тасымалдау және сақтау кезінде шығындары есепке алу өте маңызды, әсіресе өте жылдар бұзылатын азық-түліктер үшін, оның ішінде картоп, көкеніс және жидектер; г) көңіл аударуды қажет ететін келесі фактор, азық-түліктер қоры. Бұл жерде қордың абсолютті көлемі емес, олардың артуы немесе кемуі маңызды.

Кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылық тамақтық азық-түліктердің пайдаланылу қорын құрайды. Пайдалану қорын тұрғындар санына бөлу арқылы азық-түліктерді әр адамға шаққанда орташа пайдаланылу көлемін есептеуге болады. Мұндай тәсілмен есептелінген мәліметтер, халықтың жекелеген топтарына жіктелмеген, оның орташа пайдаланылуын көрсетеді. Мұнда тұтынушылардағы қордың қозғалысы сияқты маңызды фактор ескерілмейді. Бұл қорлардағы көлемі азық-түліктердің түрінде, ауданға, жағдайларға және сақталу мүмкіншілігіне байланысты айтарлықтай дәрежеде ауытқиды. Өте жылдам бұзылатын азық-түліктердің қоры аз болатындығы түсінікті. Бұл әдістің артықшылығы тамақтық азық-түліктердің топтық ассортиментте, пайдалануының жалпы құрылымына сипаттама берілуіне және пайдаланудың перспективадағы көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістің кемшіліктері.

1. Халықтың нақты топтарының тамақтануын зерттеу мүмкіншілігінің болмауы;

2. Рационның химиялық құрамын бағалау мүмкіншілігінің сиректілігі;

3. Дене дамуы мен денсаулық жағдайына сипаттама берудің жоқтығы.

2.Бюджеттік тексеру әдісі. Негізгі мақсаты - әлеуметтік және аймақтық белгісі бойынша әртүрлі отбасылар тобында тамақтық азық-түліктердің құрылымын зерттеу. Бұл мақсатта статистикалық мекемелер таңдалып алынған отбасылар бюджетінің кірісі мен шығысы жайында барлық мәліметтерді тіркеуге алады. Бюджеттік тексеру әдісі бәрінен бұрын әлеуметтік-экономикалық мақсат ұстанады. Отбасылардың әлеуметтік жағдайын білу. Бюджеттік тексерулерде алынған нәтижелердің шынайылығы мынадай жағдайларда қамтамасыз етіледі:

1. кіріс және шығыс баптарының барлығын да міндетті түрде есепке алу;

2. бюджеттік тексерулерді барлық кірістерді ақшалай да, шынайы түрде де көрсетеді;

4. сонымен қатар барлық шығындар да толығымен көрсетілуге тиіс.

5. азық-түліктер шығыны мұқият ассортиментте жекелеген түрлерде көрсетіледі, тұтас жалпы көрсетілмегені дұрыс;

6. азық-түліктер мен товарлардың есепке алуы міндетті түрде сандық және сапалы тұрғысынан жүргізіледі. Ол біріншіден азық-түліктер мен товарлардың пайдалану көлемін шынайы түрде көрсетеді. Мұнсыз бюджеттік мәліметтерді халықтың тамақтануын зерттеу үшін қолдануға болмайды. Екіншіден, жұмсалған азық-түліктердің құнын олардың көлемімен салыстыру тамақтық азық-түліктердің орташа бағасын анықтауға мүмкіндік береді және олардың сорты мен сапасы жайында жанама баға беруге себебін тигізеді.

Бюджеттік тексерулерді жүргізгенде отбасы мүшелері мен қатар статистик қызметкер айына екі рет келіп тексеріп тұрады. Азық-түліктердің нақты шығынын есепке алу үшін ас дайындауға қолданылған отбасы ыдыстары өлшеніп, таразыланады. Ішілген тағамдарды дұрыс есепке алу үшін отбасының тұрақты мүшелерімен қатар - уақытша тұратындар да ескеріледі. Мерекелерде болған қонақтар да есепке алынып, саны көрсетіледі. Бюджеттік тексерулердің сипатты ерекшелігі олар жыл бойына жүргізіледі және бұл оның артықшылығы болып саналады, себебі; 1) азық-түліктер пайдалануының маусымдық толқуын ескереді; 2) толтырған мәліметтердің дұрыстығын арттырады; 3) олардың дәлдігі мен сенімділігін жоғарылатады және де динамикасын анықтайды.

Бұл жұмыстардың барлығы – бірінші саты болып саналады, екінші саты осы мәліметтерді талдау және оларды физиологиялық бағалау. Бюджеттік әдісі дұрыс жүргізілген жағдайда баланс әдісіне қарағанда жекелеген топтардың тамақтану деңгейі мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Оның сипаты мен динамикасына әсер ететін кейбір факторларды анықтайды, рационын химиялық құрамын неғұрлым дәл бағалайды. Бірақ бұл әдіс тамақтану сипатының адамның денсаулығына әсерін зерттеуге және ішілетін азық-түліктердің ассортиментін дербестендіруге мұмкіндік береді.

II.Тамақтанудың әлеуметтік-гигиеналық негіздерін зерттеуге отбасылық дербес және халықтың денсаулық жағдайын міндетті түрде тереңдетіп талдайтын ұжымдық тамақтануды зерттейтін әдістер жатады. Мұндай мақсатта; а) анкеталық; ә) сұрау - өлшеу; б) өлшеу әдістері қолданылады.

1.Сұрау-өлшеу әдісі: Негізгі мақсаты – халықтың әртүрлі топтарына жататын жекелеген отбасылардың тамақтануын зерттеу. Бұл әдісте пайдаланылған азық-түліктерді дайындаған адамдарға күнделікті сұрақ алу арқылы және бір мезгілде жұмсалған азық-түліктерді бақылау мақсатында өлшеу арқылы жүргізіледі. Бұл әдісте тамақтанудың ұлттық ерекшеліктерін және режимін зерттеуге мүмкіндік бар. Мұнан басқа отбасы бюджеті жайлы анамнездік мәліметтер жинақталады. Сұрау-өлшеу әдісі отбасылық тамақтануды зерттеуге неғұрлым тиімді, ал отбасының жекелеген мүшелерінің тамақтануын зерттеу қиындық тудырады. Бұл әдісті қолданудың негізгі шарттары; 1) тексеру типтік таңдау тәсілі бойынша таңдамалы жүргізіледі. Мұнда барлық жиынтық қандай да бір белгі бойынша жіктеледі, көбінесе экономикалық көрсеткіштері бойынша, біркелкі типтік учаскелерге немесе аудандарға онан кейін бұлардың ішінен отбасылардың қажетті көлемі таңдалынып алынады, ол тұрғындардың барлық топтарының құрылымына сәйкес болуы керек; 2) тексеру мақсатында осы типтік топтың құрылымына, экономикалық, климаттық-географиялық сипаттамасына сәйкес келетін кем дегенде екі аудан тұрғындары таңдап алынады; 3) неғұрлым репрезентативті мәліметтер алу үшін отбасыларды тексеруге таңдағанда мынадай талаптарға жауап беру керек: а) барлық іріктелетін отбасылар халықтың зерттелетін тобына жату керек; ә) барлық іріктелген отбасылар бұл жерде кем дегенде 3-5 жыл тұрып, жұмыс істеген болулары керек; б) барлық іріктелген отбасылардың жұмысқа қабілетті ересек адамдар бір жерде еңбек етулері және экономикалық көрсеткіштері орташа деңгейлі шамада болуы керек; в) тексерілушілердің ұлттық құрамы біртекті болу керек, бұл тамақтанудағы ұлттық дәстүрлермен байланысты; г) тексерілетін отбасылардың жастық құрамы зерттелуші топтың жастық құрылымына жақын болуы керек. Бұл әдістің артықшылықтары:

1. Нәтиженің жылдам алынуы.

2. Талдау және салыстырудың жоғарғы мүмкіндігі.

3. Рационның химиялық құрамы жоғары дәлдікте анықтауы.

2.Өлшеу әдісі. Бұл әдіс отбасы мүшелерінің және жекелеген отбасылардың тамақтануын зерттеу үшін қолданылады. Бұл әдіс ас дайындау үшін қажетті азық-түліктерді, кулинарлық өңдеудегі қалдықтар мен ішілмей қалған асты ескере отырып, тікелей өлшеуге негізделген. Мұндай мұқият өлшеу жоғары дәлдікте отбасылар тамақтануын зерттеуге мүмкіндік береді. Тексерілуге келіскен отбасылардан қажетті көлем таңдап алынады. Әрбір отбасыға істі жақсы білетін бір нұсқаушы бекітіледі, ол ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрді жақсы білуі керек. Бақылаудың барлық нәтижелері арнайы журналға тіркеледі. Бұл журналда отбасының әрбір мүшесінің жасы, жынысы, еңбек әрекеті жазылып, антропометриялық өлшеулер (бойы, салмағы, кеуде қуысының ауқымы) жүргізіледі және де отбасы барлық мүшелерінің соңғы екі жылдағы денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді келтіреді.

Тексеру кезіндегі тамақтануды былайша тіркейді: әрбір отбасында таразы мен өлшеуіш ыдысы бар тексеруші болады. Асты дайындау, тарату және ішу соның бақылауымен жүргізіледі. Кулинарлық қалдықты өлшегеннен кейін, дайын тағамды жеке өлшейді де, әрбір порцияның салмағы анықталады.

Бір ғана отбасына тексеру жылдың әртүрлі мезгілінде жүргізіледі. Бұл әдістің артықшылықтары: неғұрлым дәл нәтижелер алуға және дербес тамақтануды ескеруге мүмкіндік береді. Әдістің кемшіліктері; 1) таңдамалы санының аз болуына байланысты жеткііліксіз репрезентативтілігі; 2) жұмыс көлемінің көптігі, отбасында бөтен адамның болуы тамақтану сипатына әсер етуі мүмкін.

3.Анкеталық немесе анкеталық-сұрау әдісі отбасылық, әсіресе дербес тамақтануды зерттеу үшін қолданылады.

Әдістің артықшылықтары: салыстыру үшін талдаудың мол мүмкіншілігі, рационның химиялық құрамын анықтаудың жоғары дәлдігі, астың энергиялық құндылығын, тамақтану режимін анықтаудың үлкен мүмкіндігі. Анкеталық әдісте қажетті мәліметтерді алу үшін арнайы сұрау карталары (анкеталар) құрастырылып, таратылады. Сұрау карталарын құрастырғанда; 1) алдын-ала зерттеулердің міндеттері мен көлемін анықтап, мақсатты бағдарлама құрастыру қажет; 2) сұрақтарды түсінікті қойып, олардың екі түрлі мағынасын болдырмау керек.

Анкеталық тексеруді ұйымдастырғанда мынадай сәттер ескерілуі керек:

1. анкетаны толтыру ерікті принципке негізделеді. Шамалы қайтпай қалуы мүмкін.

2. тексерушілердің анкетаны толтыруы субъективті сипатта болады.

Анкетаны толтыру сапасы тексерілушілердің айтарлықтай мәдени деңгейіне байланысты; 1) тамақтану режимі және тамақтану туралы мәліметтер 1-2 күннен артық болмауы керек.

Тамақтануды анкеталық әдіспен зерделегенде өз деңгейінде дайындық жұмыстарын жүргізу қажет(алдын-ала түсіндіру, толтыру жайлы нұсқау). Бұл әдісте мыналар анықталады; а) қабылданатын тамақтық азық-түліктердің түрлері; ә) олардың көлемі; б) ҚТК (қоғамдық тамақтану кәсіпорындары) пайдалану жиілігі; г) үйде және ҚТК-да қабылданған тағамдардың аталуы; д) отбасының немесе отбасының жекелеген мүшелерінің тамақтану режимі; ж) басқа да тамақтану ерекшеліктері.

Әдістің кемшілігі: дәлдігі жоғары емес және алынған мәліметтер шынайылығы төмен. Тамақтануын және денсаулығын зерттеуде қолданылатын негізгі әдіс – сұрау-өлшеу әдісі. Бұл әдіс қысқа мерзім ішінде (1-10 күн) көп адамдардың (150-200 отбасы) тамақтануы мен денсаулығын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл жеткілікті дәлдік пен алынған мәліметтердің репрезентативтілігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс басқа әдістермен салыстырғанда, ішілген азық-түліктермен қатар, тамақтану режимін және ұлттық ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдіспен негізінен бүтіндей отбасының тамақтануын зерттеуге болады, ал отбасының жекелеген мүшелерінің тамақтануындағы дербес ерекшеліктерін анықтау қиындықтар тудырады.

Тамақтанудың дербес ерекшеліктерін анықтауға тамақтануды зерттеудің өлшеу әдісі едәуір икемді. Бірақ оның жұмысы көп. Тамақтанудың неғұрлым толық және дұрыс сипаттамасы әр түрлі тәсілдерді қолданып алынған мәліметтерді салыстырғанда алынады. Халықтың тамақтануында әртүрлі азық-түліктерді пайдаланудың маусымдық толқуы (4 маусымға бөлінеді) маңызды. Халықтың неғұрлым мол әртүрлі тамақтануы жазғы-күзгі кезеңде байқалады (көкөністер, салаттар, жемістер). Келесі неғұрлым ұзақ кезең күзгі-қысқы мезгіл (қазан-наурыз). Бұл кезеңде тамақтану неғұрлым тұрақты сипатта болады. Қысқы-көктемгі кезең (наурыз-мамыр) көкөністер мен жемістердің азайып, нан өнімдерінің рационда ұлғайған кезі. Көктемгі-жазғы кезең (мамыр-шілде) жемістер әлі піспеген, көкөністер аз, ет пайдалану кеміген кез, бірақ сүт және сүт өнімдері мол болады.

Тамақтанудағы маусымдық кезеңділік ауданның экономикалық және климаттық-географиялық сипаттамасына байланысты болады.

Ұжымдарда тамақтануды зерттеу:көптеген ұжымдарда тамақтану ұйымдасқан сипатта болады да, толық тәулікті рационмен немесе негізгі тамақтану болып саналатын бөлігімен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатта екі әдіс қолданылады; а) тамақтық азық-түліктердің шығымы туралы әрбір айлық және жылдық есептерді талдау. Бұл есептер негізінде, әрбір айда немесе жылына тамақтанатындар санын білгеннен кейін, тәулігіне бір адамның тамақтануына жұмсалған азық-түліктерді анықтауға болады. Мұнан соң пайдаланылу мәліметтері бойынша рационның химиялық құрамы және энергиялық бағалылығы есептелінеді. Тамақтану режимін және рационның әртүрлілігін анықтау үшін меню-сұрыптамалардың мәліметтері пайдаланылады, мұнда ұжымның күнделікті тамақтануы және дайындалған тағамдардың көлемі мен рецептурасы көрсетіледі. Бұл ұжым мүшелері бірдей рацион қабылдайтын ұжымдарда ғана қолдануға келеді; ә) меню-сұрыптама материалдары бойынша тамақтануды таңдамалы зерттеу. Мұндай әдіске ұжым мүшелері жасына немесе диетаға байланысты жіктелгенде (балабақша, ЕПМ) көшеді. Мұнда талдауға күнделікті меню-сұрыптамалардың белгілі көлемі алынып, мұқият гигиеналық зерделеуге және статистикалық өңдеуге жіберіледі. Меню-сұрыптаманы таңдау қатаң объективті түрде жүргізілуі керек. Ұсынылатын таңдамалар көлемі; бүтіндей бір жылға – 72 -80 күннен кем емес, маусым бойынша – 20-40 күн, әрбір маусымға, ай бойынша – толық 30 күнге. Егер меню-сұрыптамаларды статистикалық өңдеу рационды химиялық зерттеумен бірге жүргізілсе, тексерудің бағалылығы едәуір артады. Рационды химиялық зерттеу нақты тамақтану жағдайы туралы неғұрлым дұрыс түсінік береді. Дұрыс ұйымдастырылған және жүргізілген таңдамалы тексеру мәліметтердің репрезентативтілігін қамтамасыз етіп, ұжым топтарының тамақтану жағдайы жайлы толық түсінік береді. Халықтың денсаулық жағдайын зерттеу әдістері екі сатыдан тұрады; бірінші саты – зерделенетін отбасы мүшелерін жалпы медициналық тексеру, яғни дене дамуын, жеткіліксіз және сәйкес емес тамақтанудың айқын симптомдарын анықтау; екінші саты – таңдап алынғандардың зат алмасуының әртүрлі жақтарын зерттеу, тамақтанумен байланысты организмдегі жасырын клиникаға дейінгі өзгерістерді анықтау. Бұл мақсатта бірқатар биохимиялық және физиологиялық көрсеткіштерге тереңдетілген зерттеулер жүргізіледі. Бұл жұмыстарды дәрігерлер (терапевт, окулист, педиатр, дерматолог) мен клиникалық лаборанттар жүргізеді.

 

 

Әдебиет

1. Петровский К.С., Ванханен В.Д. – Гигиена питания. М.,1982

2. Петровский К.С. – Гигиена питания. М.,1971, т.I

3. Горшков А.И., Липатова О.В.- Гигиена питания. М.,1987

4. Шевченко М.Г.- Практическое пособие для санитарных врачей по гигиене питания. М.,1984

5. Джеллиф Д.- Оценка состояния питания населения. ВОЗ,Женева, 2002

6. ФАО/ВОЗ – Политика и планирование в области продовольствия и питания. ВОЗ, Женева, 2003


<== previous lecture | next lecture ==>
ШШШШШШШШШШШ | Жетісу, Сырдария
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.206 s.