|
Жетісу, СырдарияDate: 2015-10-07; view: 1028. Корнет Білім Кілті СЫНЫП СЫНЫП СЫНЫП СЫНЫП СЫНЫП 1-вариант 1. Жаңа тас ғасырының хронологиясы: А) шамамен б.з.б. 2 млн 500 мың -12 мың жыл аралығы В) шамамен б.з.б. 12-5 мың жыл аралығы С) шамамен б.з.б. 5-3 мың жыл аралығы D) шамамен б.з.б.3-2 мың жыл аралығы Е) шамамен б.з.б. 2-1 мың жыл аралығы *** 2. Парсы деректерінде кездесетін «құдіретті еркектер» өмір сүрген кезең: А) Темір дәуірі В) Қола дәуірі С) Орта тас ғасыры D) Ерте орта ғасырлар Е) Дамыған орта ғасырлар *** 3. Қимақ қағанатының орталығы болған қала: А) Имақия В) Суяб С) Сығанақ D) Сауран Е) Янгикент *** 4. Қарақытайлардың Жетісуға келіп орналасуының себептерінің бірі: А) Ғұндардың батысқа қоныс аударуы В) Ұлы Жібек жолының маңызының жоғалуы С) Қарахан мемлекетінің әлсіреуі D) Найман мемлекетінің әлсіреуі Е) Монғол шапқыншылығы *** 5. К. Қасымұлының жеке отрядтарының бірін басқарған ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі: А) Ағыбай батыр В) Сырым батыр С) Иса Тілеубайұлы D) Жанғожа Нұрмұхамедұлы Е) Әбдіғаппар Жанбосынов *** 6. Жоңғарларға қарсы қол бастаған қазақ батыры: А) Исатай В) Махамбет С) Кенесары D) Амангелді Е) Малайсары *** 7.1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне қатысқан өнер қайраткері: А) Дина Нұрпейісқызы В) Жаяу Мұса Байжанұлы С) Тәттімбет Қазанғапұлы D) Біржан сал Қожағұлұлы Е) Құрманғазы Сағырбайұлы *** 8. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың Жетісудағы ошағының жетекшілерінің бірі: А) С.Сейфуллин B) А.Иманов C) Ә.Жанбосынов D) С.Меңдешев E) Б.Әшекеев *** 9.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі құрылған уақыт: А) 1998 жылы маусымда В) 1996 жылы шілдеде С) 1993 жылы маусымда D) 1995 жылы тамызда Е) 1997 жылы мамырда *** 10.1988 жылы ақталған, тіл, әдебиет, саясат салаларында мол мұра қалдырған Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі: А) Бейімбет Майлин В) Сәкен Сейфуллин С) Абдолла Асылбеков D) Мағжан Жұмабаев Е) Ахмет Байтұрсынұлы *** 11. Ғұндардың Еуропаға жорықтарын басқарған қолбасшы: А) Бумын В) Еділ С) Моде D) Чжи-Чжи Е) Анахарсис *** 12. VII ғасырдың басында қимақтар мекендеген аумақ: А) Сарыарқа В) Жетісу С) Сырдарияның орта және төменгі ағысы D) Ертістің орта ағысы Е) Монғолияның солтүстік-батысы *** 13. Сауда келісімдерін жүргізу үшін Иран мен Византияға елші жеберген атақты түрік қағаны: А) Бумын В) Сұлу С) Күлтегін D) Иштеми Е) Мөде *** 14.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы: А) Қазақ халқы отаршылдық құлдықтан құтылды В) Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, басқару аппараты құрылды С) Қазақ халқы саяси тәуелсіздікке қол жеткізді D) Қазақ халқы ұлттық мемлекет құруға мүмкіндік алды Е) Патша үкіметі қазақ халқына өзін-өзі басқару құқығын беруге мәжбүр болды *** 15.1858 жылы Әулиеата маңында басталған көтеріліс бағытталды: А) Қоқан езгісіне В) Ресей патшалығына С) Бұқар әмірлігіне D) Хиуа хандығына Е) Жоңғар мемлекетіне *** 16.XIX ғасырда Қазақстан қалаларында сауда саттықтың дамуына байланысты ашылған орындардың атауы: А) Рабат В) Биржа С) Мешіт D) Жәрмеңке Е) Зауыт *** 17. Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуы аяқталды: А) XIX ғасырдың екінші жартысында В) XX ғасырдың басында С) XVIII ғасырдың аяғында D) XIX ғасырдың бірінші ширегінде Е) XVII ғасырдың басында *** 18. Абылай ханның ішкі саясатындағы басты ерекшелігі: А) Ішкі талас-тартыстар мен барымтаны тоқтатты В) Билер атқарушы билікті атқарды С) Барша қазақ халқына арналған заңдар қабылданды D) Ұлыстарды басқару үшін Абылай өз төлеңгіттерін тағайындалды Е) Қарапайым малшылар жайылымдық жерлерді меншікке алды *** 19. Қазақстанда 1954 жылдан бастап ашыла бастаған орта арнаулы оқу орны: А) Тау-кен техникумы В) Мал дәрігерлік техникум С) Медициналық колледж D) Техникалық училище Е) Ауыл шаруашылығы техникумы *** 20. Ұлы Отан соғысы тақырыбында шығармалар жазған жазушы: А) І. Жансүгіров В) Б.Майлин С) С.Көбеев D) Б.Момышұлы Е) С.Торайғыров *** 21.1995 жылы жарық көрген энциклопедия: А) «Жамбыл» В) «Ғалым Шоқан» С) «Абай» D) «Әбунасыр әл Фараби» Е) «Алтын киімді адам» *** 22.Халық Қаһарманы атанған қазақ партизаны: А) М. Ғабдуллин В) Қ.Қайсенов С) Ж.Ағаділов D) З.Құсайынов Е) Ә.Шәріпов *** 23. Темір дәуірінде өмір сүрген үйсіндер туралы мәліметтер қалдырған ғалым: А) Геродот В) Птоломей С) Арриан D) Сыма Цянь Е) Әл Марвази *** 24. Қазақ хандығы тарихындағы мерзімі жағынан бұрынырақ болған оқиға: А) Тұрсын ханның бүлігінің орын алуы В) Ташкент қаласының Қазақ хандығының құрамына қосылуы С) Қазақтар мен жоңғарлардың арасындағы Орбұлақ шайқасының болуы D) Абдаллах ханның Шығай мен Тәуекелге Ходжент деген жерді сыйға беруі Е) Орыс елшілері С.Мальцев пен Третьяк Чебуковтың Қазақ хандығында болып қайтуы *** 25 Керейіттердің көне түрік жазуларын пайдаланғаны туралы жазып кеткен ғалым: А) Рашид ад-Дин В) Сыма Цянь С) Әбілғазы D) М.Қашғари Е) Ж.Баласағұн *** 26.1915 жылы мамыр айындағы Екібастұз көміршілерінің ереуілінің ерекшелігі: А) Талаптары жағынан саяси ереуіл болды В) Өз талаптарын толық орындатуға мүмкіндік алды С) Ереуілшілер толық жазаланды D) Өндіріс қожайынын ауыстыруға қол жеткізді Е) Жалақыларын екі есе өсіруге мүмкіндік алды *** 27. Этикалық-философиялық «Ғақлия» еңбегінің авторы: А) Шортанбай Қанайұлы В) Мұрат Мөңкеұлы С) Ақан сері Қорамсаұлы D) Дулат Бабатайұлы Е) Абай Құнанбаев *** 28. 1930 жылдардағы сталиндік казармалық социализмнің белгілерінің бірі: А) Зиялы қауымды жаппай қудалау В) Демократиялық принциптердің орнығуы С) Азық-түлік салғыртының енгізілуі D) Баламалы негізде сайлаудың енгізілуі Е) Көппартиялық жүйенің орнығуы *** 29.Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың қарсылық түрі: А) Ереуілге шығу В) Болыстарды өлтіру С) Тізімдерді өртеу D) Қалалар мен құрылыстарға кету Е) Халықаралық ұйымдардан көмек сұрау *** 30. 1960 жылдардағы реформаның барысында Қазақстандағы мал саны кемітілген аумақ: А) Жамбыл облысында В) Оңтүстік-Шығыс облыстарда С) Жетісуда D) Оңтүстік облыстарда Е) Солтүстік облыстарда Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 2-вариант 1.Ежелгі тас ғасырының хронологиясы: А) Шамамен б.з.б. 2 млн 500 мың -12 мың жыл аралығы В) Шамамен б.з.б. 12-5 мың жыл аралығы С) Шамамен б.з.б. 5-3 мың жыл аралығы D) Шамамен б.з.б.3-2 мың жыл аралығы Е) Шамамен б.з.б. 2-1 мың жыл аралығы *** 2. Иран деректерінде кездесетін «жүйрік атты турлар» өмір сүрген кезең: А) Темір дәуірі В) Қола дәуірі С) Орта тас ғасыры D) Ерте орта ғасырлар Е) Дамыған орта ғасырлар *** 3. Батыс Түрік қағанатының орталығы: А) Суяб В) Сарайшық С) Сайрам D) Отырар Е) Түркістан *** 4. Дамыған орта ғасырларда қазіргі Монғолия жерінде өмір сүрген мемлекет: А) Қыпшақ хандығы В) Хорезм мемлекеті С) Найман мемлекеті D) Түргеш мемлекеті Е) Қарлұқ мемлекеті *** 5. Қоқан ханы зұлымдықпен өлтірткен ұлт-азаттық күрестің жетекшісі: А) Кенесары Қасымұлы В) Сырым Датұлы С) Санжар Қасымұлы D) ЖоламанТіленшіұлы Е) Есенгелді Қасымұлы *** 6. 1718 жылы Аякөз шайқасында жоңғар қолын талқандауға қатысқан қазақ батыры: А) Райымбек В) Ағыбай С) Наурызбай D) Сырым Е) Қабанбай *** 7.Шөже Қаржаубайұлының айтуымен тараған жыр: А) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» В) «Қыз Жібек» С) «Қырымның қырық батыры» D) «Қарақыпшақ Қобыланды» Е) «Ер Сайын» *** 8. 1916 жылы болған Жетісу өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілерінің бірі: A) С.Сейфуллин B) Ә.Жанбосынов C) Е.Курев. D) Кейкі батыр E) О.Шоңов *** 9.1992 жылдың маусымында қабылданды: А) Қазақстанның Елтаңбасы В) Қазақстанның Қарулы Күштерінің анты С) Қазақстанның Әнұраны D) Қазақстанның жаңа Конституциясы Е) Қазақстанның алғашқы Конституциясы *** 10.Қарқаралы петициясының жобасын жасауға қатысқан Алаш қайраткері: А) С.Сәдуақасов В) Х. Досмұхамедов С) М. Тынышбаев D) М. Шоқай Е) М.Дулатов *** 11.Парсыларға қарсы ерлік көрсеткен сақ малшысы : А) Томирис В) Шырақ С) Анахарсис D) Атей Е) Спаргапис *** 12 XI-XIII ғасырлар аралығында шығыста Алтай мен Ертістен батыста Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі жерлерді алып жатқан мемлекет: А) Қыпшақ хандығы В) Найман мемлекеті С) Түрік қағанаты D) Түргеш қағанаты Е) Ақ Орда *** 13. Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кездегі қағандары: А) Шегу мен Тон В) Бумын мен Иштеми С) Тардуш пен Мұқан D) Сұлу мен Үшлік Е) Шегу мен Үшлік *** 14. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы: А) Қазақ халқы отаршылдық құлдықтан құтылды В) Отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды С) Қазақ халқы саяси тәуелсіздікке қол жеткізді D) Қазақ халқы ұлттық мемлекет құруға мүмкіндік алды Е) Патша үкіметі қазақ халқына өзін-өзі басқару құқығын беруге мәжбүр болды *** 15.Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістің нәтижесі: А) Есет батыр патша билігін мойындауға мәжбүр болды В) Көтеріліс жеңіске жетті С) Есет бастаған көтерілісшілер Кенесары бастаған көтеріліске қосылды D) Есет батыр жазалаушы отрядтың тұтқынына түсті Е) Есет батыр жазалаушы отрядтың қолынан қаза тапты *** 16.XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда түсті металдар, тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындарын ашу жолға қойылды: А) Шығыс, орталық аймақтарда В) Солтүстік, батыс аймақтарда С) Жетісуда D) Маңғыстауда Е) Жайық өзенінің бойында *** 17. Қазақстанда хандық билік бірінші болып жойылды: А) Кіші жүзде В) Орта жүзде С) Ұлы жүзде D) Ішкі Ордада Е) Бөкей ордасында *** 18.XVIII ғасырдың екінші жартысында Орта жүзге билік еткен хан: А) Әбілпайыз В) Әбілқайыр С) Тәуке D) Абылай Е) Жәңгір *** 19.Қазақстанда ашылған тұңғыш жоғары оқу орны: А) ауыл шаруашылығы институты В) қаржы институты С) тау-кен институты D) медицина институты Е) педагогикалық институт *** 20. Кеңестік дәуірде ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырған: А) Н.Тілендиев В) Ш.Айманов С) Е.Серкебаев D) Б.Төлеуханов Е) Е.Хасанғалиев *** 21.Қазақстандағы археология институты аталады: А) Ш.Уәлихановтың есімімен В) Ә.Марғұланның есімімен С) А.Байтұрсынұлының есімімен D) М.Қозыбаевтың есімімен Е) С.Асфендияровтың есімімен *** 22. «..Біздің үрейді жеңетінең күшті қаруымыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік» деген сөздерді айтқан Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры: А) М.Ғабдуллин В) Б.Момышұлы С) С.Нұрмағамбетов D) Т.Тоқтаров Е) Ж.Жабаев *** 23. Сақтардың киім киісі мен өмір сүруінің дағдысы скифтерге ұқсас екендігін жазып кеткен ғалым: А) Геродот В) Птоломей С) Арриан D) Страбон Е) Әл Марвази *** 24. Қазақ хандығы тарихындағы мерзімі жағынан бұрынырақ болған оқиға: А) Қасым ханның заңдарының пайда болуы В) Бұрындық ханның Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға күш салуы С) Түркістан қаласының Қазақ хандығының астанасына айналуы D) Абдаллах ханның Шығай мен Тәуекелге Ходжент деген жерді сыйға беруі Е) Орыс елшілері С.Мальцев пен Третьяк Чебуковтың Қазақ хандығында болып қайтуы *** 25. Ресей жерлеріне барып орналасқан қыпшақтардың орыс деректеріндегі атауы: А) «половшылар» В) «командар» С) «азат адамдар» D) «салт аттылар» Е) «жылқы патшалары» *** 26.XX ғасырдың басындаҚазақстанның солтүстік-щығыс аудандарының жаңа экономикалық қатынастарға тартылуын тездеткен оқиға: А) Теміржол құрылысының өлкенің Сібірмен шекаралас өңірін қамтуы В) Түркісіб құрылысының салынуы С) Көмірдің мол қорының игеріле бастауы D) Тың және тыңайған жерлердің игерілуі Е) Қазақстанда хандық биліктің жойылуы *** 27. Мұрат Мөңкеұлы өзінің «Үш қиян» шығармасында: А) Қазақ жүздерінің пайда болуы тарихы туралы жазады В) Туған елдің табиғатын суреттейді С) Қазақ ақсүйектерінің қарапайым халыққа жасаған озбырлығын әшкерелейді D) Патша өкіметінің отаршылдық саясатын әшкерелейді Е) Өзінің ел аралаған саяхаты туралы баяндайды *** 28.1930 жылдардағы сталиндік казармалық социализмнің белгілерінің бірі: А) Жеке адамның құқығының тарылуы В) Демократиялық принциптердің орнығуы С) Азық-түлік салғыртының енгізілуі D) Баламалы негізде сайлаудың енгізілуі Е) Көппартиялық жүйенің орнығуы *** 29.1927 жылы өткен XV сьезде жарияланған бағыт: А) Ірі бай шаруашылықтарды тәркілеу В) Жаңа экономикалық саясат С) Индустрияландыру D) Ұжымдастыру Е) Жер-су реформасы *** 30. 1971 жылы Шұбартау ауданының комсомол ұйымы мектеп бітіретін жастарды келуге шақырды: А) Қалалардағы өндірістік құрылыстарға В) Ауыл мектептеріне мұғалімдікке С) Ауылдық жерлерде тұрғын үйлер салуға D) Егін шаруашылығына Е) Қой шаруашылығына
Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 3-вариант 1. Орта тас ғасырының хронологиясы: А) Шамамен б.з.б. 2 млн 500 мың -12 мың жыл аралығы В) Шамамен б.з.б. 12-5 мың жыл аралығы С) Шамамен б.з.б. 5-3 мың жыл аралығы D) Шамамен б.з.б.3-2 мың жыл аралығы Е) Шамамен б.з.б. 2-1 мың жыл аралығы *** 2. Андрондықтар мекендеген баспана: А) Шым үй В) Жертөле С) Үңгірлер D) Кесене Е) Мазар *** 3. Түргеш қағанатының орталығы болған қала: А) Сарайшық В) Тараз С) Сығанақ D) Шаш (Ташкент) Е) Суяб *** 4. «Монғол жеріндегі IX-XIII ғасырларда өмір сүрген керейлер- күшті дамыған ел....» деп жазып кеткен: А) Рашид ад-Дин В) Сыма Цянь С) Әбілғазы D) М.Қашғари Е) Ж.Баласағұн *** 5. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз жеріндегі Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық күрестің жетекшісі: А) Кенесары Қасымұлы В) Сырым Датұлы С) Санжар Қасымұлы D) ЖоламанТіленшіұлы Е) Есенгелді Қасымұлы *** 6.Жоңғарларға қарсы қол бастаған қазақ батыры: А) Исатай В) Махамбет С) Кенесары D) Амангелді Е) Баян *** 7.Тәттімбет Қазанғапұлы 1855 жылы Петербургке барған сапарында: А) Күйшілік өнерімен көрермендерін таң қалдырды В) Ресей патшасының қолынан алтын медальға ие болды С) Әншілік өнерімен көрермендерін таң қалдырды D) Қазақ музыка аспаптарының көрмесіне қатысты Е) Суретшілік өнерімен көрермендерін таң қалдырды *** 8. 1916 жылғы Жетісудағы көтерілістің басшысы: A) Амангелді Имановты. B) Оспан Шоңов C) Әбдіғаппар Жанбосынов D) Кейкі батыр. E) Ұзақ Саурықов. *** 9. 1992 жылдың маусымында қабылданды: А) Қазақстанның Қарулы Күштерінің анты В) Қазақстанның Туы С) Қазақстанның Әнұраны D) Қазақстанның жаңа Конституциясы Е) Қазақстанның алғашқы Конституциясы *** 10.Бар ғұмырын Орта Азия мен Қазақстан халықтарының азаттық күресіне арнаған Алаш қайраткері: А) С.Сәдуақасов В) Х. Досмұхамедов С) К. Тоғысов D) М. Шоқай Е) М.Дулатов *** 11. Б.з.б. IV ғасырда сақтар шайқасты: А) Грек-македон әскерімен В) Қытай әскерімен С) Жоңғарлармен D) Сарматтармен Е) Вавилондықтармен *** 12. Қарақытай мемлекетімен солтүстік-шығыстағы шекаралас ел: А) Қарахандықтар В) Қыпшақтар С) Наймандар D) Керейіттер Е) Хорезм мемлекеті *** 13. Қидандарды Жетісу жеріне алып келген билеушісі: А) Табуян В) Бұсұған С) Маркус D) Елюй даши Е) Жамұқа *** 14. 1791 жылы С. Датұлы бастаған көтерілістің қайта жандануын тездеткен оқиға: А) Нұралы Кіші жүздің ханы болып сайланды В) Әбілқайырдың қайтыс болуы С) Хандық кеңестің құрылуы D) Ералы Кіші жүздің ханы болып сайланды Е) Кіші жүздің Ресейдің құрамына қосылуы *** 15. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс бағытталды: А) Ресей үкіметі мен Хиуа хандығына В) Қоқан хандығына С) Орал казактарына D) Жонғар мемлекетіне Е) Бұқар әмірлігіне *** 16.XIX ғасырда қазақтардың кедейленген, жалдама еңбекпен күн көрген топтарының атауы: А) Шаруа В) Көпес С) Саудагер D) Жатақ Е) Сарт *** 17.Кіші жүз қазақтарының Ресей империясы құрамына кіруге ризашылық білдіруі негізделді: А) Абылай мен I Петр арасындағы келісімге сәйкес В) 1742 жылғы 16-ы ақпандағы ресми келісімге сәйкес С) Тәуке мен Орынбор губернаторы Гагарин арасындағы қол қойылған құжатқа сәйкес D) 1731 жылғы қазан айының 10-ы күнгі ресми келісімде Е) Әбілқайыр мен Орынбор губернаторы Гасфорттың арасындағы қол қойылған құжатқа сәйкес *** 18.Абылай ханның Қытайдың билігін мойындауының себебі: А) Жоңғарларға қарсы әскери көмек алу үшін В) Мемлекет ішіндегі қырқыстарды тоқтату үшін С) Ресейге қарсы бірігіп күресу үшін D) Қазақ елінің дербестігін қамтамасыз ету үшін Е) Жоңғарларға қарсы әскери көмек алу үшін *** 19.Ұлы Отан соғысы қарсаңында «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» атағын алған белгілі мұғалім әрі көрнекті жазушы: А) С. Көбеев В) Қ.Сәтбаев С) Б. Майлин D) Қ. Жұбанов Е) Ә. Диваев *** 20. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы туралы роман жазған жазушы: А) І.Жансүгіров В) І.Есенберлин С) М. Әуезов D) С.Мұқанов Е) Б.Бұлқышев *** 21. Қазақстандағы тарих және этнология институты аталады: А) Ш.Уәлихановтың есімімен В) Ә.Марғұланның есімімен С) А.Байтұрсынұлының есімімен D) М.Қозыбаевтың есімімен Е) С.Асфендияровтың есімімен *** 22.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері үшін Б. Бейсекбаев: А) Социалистік Еңбек Ері атағын алды В) Кеңестер Одағының Батыры атанды С) Ресейдің Батыры және Халық Қаһарманы атанды D) Даңқ орденінің толық иегері болды Е) Сталиннің қолынан «Жеңіс» орденін алды *** 23. Сақтарды «массагаттер» деп жазған: А) Геродот В) Птоломей С) Арриан D) Страбон Е) Әл Марвази *** 24. Қазақ хандығы тарихындағы мерзімі жағынан бұрынырақ болған оқиға: А) Өзбек ханы Абдаллахтың Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қазақтарға сыйға беруі В) Ташкент қаласының Қазақ хандығының құрамына қосылуы С) Қазақ хандығының тарихына байланысты «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің жазылуы D) Абдаллах ханның Шығай мен Тәуекелге Ходжент деген жерді сыйға беруі Е) Кіші жүздің Алшын одағына кірген тайпалардың бір бөлігінің Қазақ хандығының құрамына қосылуы *** 25. Қытай деректері бойынша қарақытайлар деп аталған халық А) Ғұндар В) Арабтар С) Керейіттер D) Наймандар Е) Қидандар *** 26.Қазақстанның оңтүстік өңірлерін Ресейдің еуропалық бөлігімен байланыстыру мақсатында салынған теміржол: А) Ақмола-Қарталы В) Мойынты-Шу С) Шымкент-Алматы D) Түрксіб Е) Орынбор-Ташкент *** 27. Ыбырай Алтынсарыұлы өзінің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде уағыздайды А) Қымыздың адам денсаулығына пайдасын В) Орыс халқының отырықшылдық ерекшеліктерін С) Мұсылман дінінің ерекшеліктерін D) Егіншілікпен айналысқан қазақтардың өміріндегі өзгерістерді Е) Еркектер мен әйелдердің арасындағы теңдікті *** 28. 1930 жылдардағы сталиндік казармалық социализмнің белгілерінің бірі: А) Балама пікірдің қабылданбауы В) Демократиялық принциптердің орнығуы С) Азық-түлік салғыртының енгізілуі D) Баламалы негізде сайлаудың енгізілуі Е) Көппартиялық жүйенің орнығуы *** 29.1929 жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстанға ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін «ұжымдастырушылар» әкелінді: А) Кавказ елдерінен В) Батыс Еуропа елдерінен С) Орта Азия республикаларынан D) Украйнадан Е) Ресейден *** 30. 1960 жылдардағы реформаның барысында Қазақстандағы мал саны көбейтілді: А)Қостанай облысында В) Оңтүстік-шығыс өңірде С) Қызылорда облысында D) Павлодар облысында Е) Солтүстік Қазақстан облысында
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 4-вариант 1.Неолит дәуірі дегеніміз: А) Ежелгі тас ғасыры В) Орта тас ғасыры С) Жаңа тас ғасыры D) Қола дәуірі Е) Ерте темір дәуірі *** 2. Грек деректерінде «азиялық скифтер» деген атпен белгілі тайпалар: А) Монғолдар В) Қыпшақтар С) Үйсіндер D) Ғұндар Е) Сақтар *** 3. Қазақстан жерінде құрылған алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет: А) Қаңлы мемлекеті В) Үйсін мемлекеті С) Түрік қағанаты D) Қазақ хандығы Е) Найман мемлекеті *** 4. X ғасырдың орта кезіндегі Қарахан мемлекетінің аумағы: А) Ертістің орта және төменгі ағысы В) Сырдарияның орта және төменгі ағысы С) Жетісу мен Шығыс Түркістанның бір бөлігі D) Орталық Қазақстан Е) Батыс Қазақстан *** 5. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің жетекшілері: А) Д.Тәжіұлы, И. Тіленбайұлы В) Ж.Нұрмұхамедұлы, И. Тайманұлы С) М. Өтемісұлы, И. Тайманұлы D) Ә. Жанбосынұлы, Б. Әшекеев Е) Х. Арыстанұлы, Е. Көтібарұлы *** 6.Қазақ-жоңғар соғыстары кезінде ерлігімен көзге түскен батыр қыз, Қабанбай батырдың жары: А) Бопай В) Айтолқын С) Айғаным D) Гауһар Е) Назым *** 7.Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезіндегі қазақ халқының ауыр жағдайы суреттелген Мұрат Мөңкеұлының өлеңі: А) «Үш қоңыр» В) «Үш қиян» С) «Жарым патша» D) «Еділдің бойы ен тоғай» Е) «1916 жыл» *** 8. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Верный уезіндегі ошағының Б.Әшекеевпен бірге жетекшілерінің бірі болған: A) Ж.Мәмбетов B)Ұ.Саурықов. C) О.Шоңов. D) Ә.Жанбосынов E) Т.Бокин *** 9.Ә. Кекілбаев төрағалық еткен Қазақстан Республикасының Парламенті таратылды: А) 1995 жылы тамызда В) 1996 жылдың аяғында С) 1999 жылы көктемде D) 1993 жылы наурызда Е) 1995 жылы көктемде *** 10.XX ғасырдың 20- жылдары Қостанай аймағын Қазақстан құрамына қосу қажет екенін Кеңес үкіметіне жан- жақты дәлелдеп берген Алаш қайраткерлері: А) Ә.Бөкейханов пен М. Шоқай В) А.Байтұрсынұлы мен М. Сералин С) Ә.Ермеков пен Ж. Ақбаев D) Х.Досмұхаммедов пен Б.Қаратаев Е) С.Сейфуллин мен М. Жұмабаев *** 11. Дай тайпаларының билеушісі Арсақ жорықтар жасаған ел: А) Парфия В) Үйсін мемлекеті С) Киев Русі D) Сақтар Е) Қытай *** 12. Түрік қағанаты оңтүстік-шығысында шектескен мемлекет: А) Қытай В) Түркеш қағанаты С) Сібір D) Византия Е) Иран *** 13. Жужан қағандығын жеңгеннен кейін Бумын қаған алған атақ: А) «Елхан» В) «Әмір» С) «Қонтайшы» D) «Император» Е) «Кінәз» *** 14. С. Датұлы бастаған көтеріліс жеңіліспен аяқталғаннан кейін патша үкіметі қазақтар үшін жасаған жеңілдігі: А) Еділ мен Жайық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалануға жеңілдіктер жасады В) Орал бойындағы бекіністердің маңында мал жаюға рұқсат берді С) Жем, Сағыз өзендерінің бойынан жайылымдық жерлер бөліп берді D) Еділ өзенінің оң жағалауынан жайылымдық жерлер бөліп берді Е) Құшыр және зекет салықтарын енгізді *** 15.1905 жылғы 9 қаңтардағы Ресейдегі оқиғаға байланысты «Қанды жексенбі» өлеңін жазған Мәшһүр Жүсіп Көпеев осы әрекеті үшін: А) Ресейдің Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланды В) Мәскеу, Қазан қалаларына бас сауғалауға мәжбүр болды С) Сібірге жер аударылды D) Патша үкіметі тарапынан қуғын-сүргін көрді Е) Орынбор қаласына жер аударылды *** 16. «Балуан Шолақ» атанған атақты балуан, сазгер әрі әнші: А) Біржан сал Қожағұлұлы В) Ақан сері Қорамсаұлы С) Жаяу Мұса Байжанұлы D) Қажымұқан Мұңайтпасұлы Е) Нұрмағамбет Баймырзаұлы *** 17. XIX ғасырдың 60- жылдарындағы әкімшілік реформалар бойынша Шыңғыс ханның ұрпақтары: А) Хан тағына отырудан шеттетілді В) Уезд бастықтары болып сайлана алды С) Ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды D) Қазақ жерінен қоныс аударылды Е) Әскери губернатордың орынбасары болу құқығын алды *** 18. XVIII ғасырда Қазақ хандығының салыстырмалы түрде тәуелсіздігін сақтай білген қазақ ханы: А) Кенесары В) Жәңгір С) Хақназар D) Абылай Е) Есім *** 19. 1923 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Декреті бойынша Қазақстанда мекемелерде іс жүргізілу тиісті болды: А) Орыс тілінде В) Қазақ тілінде С) Қазақ және орыс тілдерінде D) Жергілікті мекемелердегі саны басым ұлттың тілінде Е) Араб және қазақ тілдерінде *** 20. Кеңестік дәуірде белгілі өнер шебері Нұрғиса Тілендиев ұйымдастырды: А) Опера және балет театрын В) Симфониялық оркестрді С) Джаз тобын D) Ән-би ансамбльін Е) Этнографиялық оркестрді *** 21. «Бесеудің хатының» авторы, белгілі қазақ жазушысы: А) Т.Рысқұлов В) Қ.Қуанышев С) М. Ғатаулин D) Ғ.Мүсірепов Е) С. Мұқанов *** 22.Ұлы Отан соғысы жылдары Днепр өзені бойында ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батыры, даңқты қазақ жауынгері: А) Төлеген Тоқтаров В) Қойгелді Аухадиев С) Толыбай Мырзаев D) Ғани Сафиуллин Е) Рақымжан Қошқарбаев *** 23. Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлегені туралы жазған ғалым: А) Геродот В) Плиний С) Страбон D) Демосфен Е) Диодор *** 24. ХVI ғасырдың басында өз уақытында мықты мемлекет болған Ноғай Ордасындағы болған дағдарыстың нәтижесінде күшейді: А) Керей ханның билігі В) Хақназар ханның билігі С) Есім ханның билігі D) Қасым ханның билігі Е) Жәңгір (Салқам) ханның билігі *** 25. Плано Карпинидің жазуынша қаңлылар сөйлеген тіл: А) Соғды В) Көне түркі С) Найман D) Қыпшақ Е) Ұйғыр *** 26. «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» басшылық жасаған жұмысшылардың ірі бас көтеруі өткен кеніш: А) Успенск (Нілді) В) Спасск С) Риддер D) Қарағанды Е) Атбасар *** 27. Шернияз Жарылғасұлының Баймағамбет Айшуақұлына арнаған өлеңінде айтылады: А) Батырдың халқы үшін ерлігі В) Сұлтанның халық мүддесіне жасап отырған озбырлығы С) Бөкей ордасындағы рулар мен тайпалардың тарихы D) Абылай ханның қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресі Е) Қазақ- орыс достық қатынасы *** 28.Кенесары Қасымұлы қозғалысы туралы жазған материалдары үшін қудаланған белгілі қазақ ғалымы: А) С.Асфендияров В) Е.Бекмаханов С) Қ. Сәтбаев D) А. Жұбанов Е) Е.Ысмайылов *** 29. Қазақстанда 372 жаппай толқулар мен көтерілістер орын алған уақыт: А) 1929-1931 жылдар В) 1930-1933 жылдар С) XIX ғасырдың ортасы D) XX ғасырдың басы Е) 1941-1945 жылдар *** 30. Қазақстанда «тоқырау жылдарында» орын алған оқиға: А) Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының жарық көруі В) Қазақ КСР-і Ғылым академиясының құрылуы С) Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру D) Неміс автономиясына қарсы Целиноград оқиғалары Е) Жердің жасанды серігінің ғарышқа ұшырылуы
Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 5-вариант 1.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің хронологиялық ауқымы: А) Шамамен б.з.б. 2 млн 500 мың -12 мың жыл аралығы В) Шамамен б.з.б. 12-5 мың жыл аралығы С) Шамамен б.з.б. 5-3 мың жыл аралығы D) Б.з.б.18-15 ғасырлар аралығы Е) Б.з.б.12-8 ғасырлар аралығы *** 2. Грек деректерінде кездесетін «азиялық скифтер» өмір сүрген кезең: А) Темір дәуірі В) Қола дәуірі С) Орта тас ғасыры D) Ерте орта ғасырлар Е) Дамыған орта ғасырлар *** 3. Оғыз мемлекетінің орталығы болған қала: А) Суяб В) Сарайшық С) Сауран D) Янгикент Е) Битянь 4. Қимақ қағанаты құлағаннан кейін орнында құрылған мемлекет: А) Қыпшақ хандығы В) Найман мемлекеті С) Түрік қағанаты D) Түргеш қағанаты Е) Ақ Орда *** 5. К. Қасымұлының жеке отрядтарының бірін басқарған ұлт-азаттық қозғалыс: жетекшілерінің бірі: А) Жоламан Тіленшіұлы В) Сырым батыр С) Иса Тілеубайұлы D) Жанғожа Нұрмұхамедұлы Е) Әбдіғаппар Жанбосынов *** 6.1718 жылы Аякөз шайқасында жоңғар қолын талқандауға қатысқан қазақ батыры: А) Райымбек В) Ағыбай С) Наурызбай D) Сырым Е) Жауғашар *** 7.Үстем тап өкілдерінің «ұры», «қарақшы» деп жала жабуы салдарынан Орал, Орынбор абақтысында отырған белгілі музыка өнерінің қайраткері: А) Дина Нұрпейісқызы В) Жаяу Мұса Байжанұлы С) Тәттімбет Қазанғапұлы D) Біржан сал Қожағұлұлы Е) Құрманғазы Сағырбайұлы *** 8. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс барысында Верный уезінің Жайымтал болысының ханы болып сайланды: А) Б.Әшекеев. В) А.Иманов. С) О.Шоңов. Д) С.Сейфуллин. Е) К.Көкімбайұлы *** 9.Қазақстанда соңғы халық санағы өтті: А) 1999 жылы В) 2003 жылы С) 2005 жылы D) 2008 жылы Е) 2009 жылы *** 10.Ресейдің либералдық-демократиялық қозғалысының көрнекті қайраткері болған, Алаш қозғалысының жетекшісі: А) Әлихан Бөкейханов В) Сәкен Сейфуллин С) Абдолла Асылбеков D) Мағжан Жұмабаев Е) Ахмет Байтұрсынұлы *** 11. Сақтардың патшасы Томирис талқандады: А) Парсы әскерлерін В) Қытай әскерлерін С) Жоңғарларды D) Грек-македондықтарды Е) Парфиялықтарды *** 12. X ғасырдың орта кезіндегі Қарахан мемлекетінің аумағы: А) Ертістің орта және төменгі ағысы В) Сырдарияның орта және төменгі ағысы С) Жетісу мен Шығыс Түркістанның бір бөлігі D) Орталық Қазақстан Е) Батыс Қазақстан *** 13. Шыңғысханнан жеңіліп, Жетісуға қашқан найман ханзадасы: А) Бұйрық В) Даян С) Күшлік D) Білге Е) Мұхаммед *** 14. 1838 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық қозғалысқа рух берген ірі жеңіс: А) Созақ, Шолаққорған бекіністерінің Қоқан езгісінен азат етілуі В) Көтерілісшілердің Ақмола бекінісін өртеп жіберуі С) Көтерілісшілердің Ақтау бекінісін басып алуы D) Кенесарының хан болып сайлануы Е) Көтерілісшілердің Қарқаралы бекінісін қоршауы *** 15.1870 жылғы Маңғыстаудағы адайлардың көтерілісі бағытталды: А) Хиуа хандығына В) Ресейдің отаршылдық саясатына С) Қоқан хандығының озбырлығына D) Жайық бойындағы орыс-казак бекіністерінің салынуына Е) Жергілікті сұлтандардың салық саясатына *** 16.Қазақстандағы алғашқы азаматтық мектеп ашылды: А) Қарқаралыда В) Бөкей Ордасында С) Семейде D) Жетісуда Е) Түркістанда *** 17. XIX ғасырдың екінші жартысында бұрынғы Қоқанға тәуелді қазақ жерінде құрылған генерал-губернаторлық: А) Орынбор В) Түркістан С) Сырдария D) Жетісу Е) Батыс Сібір *** 18.Абылай хан қайтыс болғаннан кейін оның құрған мемлекеті: А) Қытайдың боданына айналды В) Жоңғарлардың шабуылына ұшырады С) Орта Азиядағы ең ірі мемлекетке айналды D) Әлсірей бастады Е) Біртұтас мемлекет ретінде танылды *** 19.Белгілі ғалым М.А.Айтхожин жаңалықтар ашқан ғылым саласы: А) Техникалық физика В) Генетика мен микробиология С) Гидрология мен гидрофизика D) Ғарышты игеру Е) Қазақ тілі мен әдебиеті *** 20. Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың қайтып оралуы» романына арқау болған тарихи тұлға: А) Әбунасыр әл-Фараби В) Қожа Ахмет Яссауи С) Мұхаммед Хайдар Дулати D) Ахмет Байтұрсынов Е) Сұлтан Бейбарыс *** 21.Монғолия жеріндегі «Күлтегін» ескерткішінің көшірмесі қойылған оқу орны: А) Әбунасыр әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті В) Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты С) Ә.Марғұлан атындағы археология институты D) Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті Е) Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті *** 22.Ұлы Отан соғысы жылдарында Берлинді алу операциясына қатысқан қазақ жауынгері: А) Ә.Молдағұлова В) Б.Момышұлы С) Т.Тоқтаров D) Қ. Мәденов Е) М.Ғабдуллин *** 23. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған ғалым: А) Геродот В) Птоломей С) Арриан D) Сыма Цянь Е) Әл Марвази *** 24. Қазақ хандығы тарихындағы мерзімі жағынан бұрынырақ болған оқиға: А) Өзбек ханы Абдаллахтың Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қазақтарға сыйға беруі В) Ташкент қаласының Қазақ хандығының құрамына қосылуы С) Қазақ хандығының тарихына байланысты «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің жазылуы D) Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін Мұхаммед Шайбанимен соғыстарының басталуы Е) Кіші жүздің Алшын одағына кірген тайпалардың бір бөлігінің Қазақ хандығының құрамына қосылуы *** 25. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары мазмұны жағынан: А) Махаббат туралы В) Тарихи дастандар С) Ертегілер D) Діни шығармалар Е) Сопылық сарында *** 26.1914 жылдың көктемі мен жазында болған Доссор мен Ембі (Жем) өндірісі жұмысшылары ереуілдерінің нәтижесі: А) Доссор кен орны жабылды В) Ереуіл Орынбордан әкелінген әскердің күшімен басып тасталды С) Ереуіл басшылары түрмеге қамалды D) Жалақы 26%-ға көбейді Е) Ембі (Жем) өндірісі жабылды *** 27. 1900 жылы «Орта жүз қазақ ордасы руларының шығу тарихы туралы жазбалар» еңбегінде Абай Құнанбаев анықтады: А) Ақмола облысы қазақтарының рулық құрамын В) Қыпшақ руының тарихын С) Жетісу облысы қазақтарының рулық құрамын D) Семей облысы қазақтарының рулық құрамын Е) Қоңырат руының тарихын *** 28. 1930 жылдардағы сталиндік казармалық социализмнің белгілерінің бірі: А) Жазалау шараларын қолданатын ерекше кеңестің құрылуы В) Демократиялық принциптердің орнығуы С) Азық-түлік салғыртының енгізілуі D) Баламалы негізде сайлаудың енгізілуі Е) Көппартиялық жүйенің орнығуы *** 29. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың қарсылық түрі: А) Ереуілге шығу В) Уезд бастықтарын өлтіру С) Тізімдерді өртеу D) Басқа аймақтарға, шетелге көшіп кету Е) Халықаралық ұйымдардан көмек сұрау *** 30. XX ғасырдың 60-жылдарында Мәскеу қаласында құрылған қазақ жастарының «Жас қазақ» ұйымы негізінен әсер етті:
А) Қазақ жастарының ұлттық санасының өрлеуіне В) Түрлі ұлттар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға С) Социалистік интернационализм тәрбиесін қалыптастыруға D) Жастар арасында ұлтшылдық идеяларды таратуға Е) Жастардың ой-өрісінің дамуына
Қазіргі кездегі нақты экономикалық жағдайларға бара-бар білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін білім беру жүйесін басқарудың жаңа үлгісін енгізу және білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету жоспарлануда. Мемлекеттік бюджеттің білім беру саласын дамытуға арналған шығыстары жыл сайын ұлғаюда. Бюджеттің білім беруге арналған шығыстар үлесі 2007 жылы – ЖІӨ-ге 3,6% немесе 455,8 млрд. теңге болса, 2008 жылдың өзінде ол 572,8 млрд. теңгеге жетті. Осылайша, 2008 жылы білім беруге мемлекеттік инвестициялар 2000 жылмен салыстырғанда 6,4 еседен астам ұлғайды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу саласында балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту деңгейін ұлғайту жоспарлануда. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде балалар бақшаларын салу және білім беру ұйымдары базасында мектепке дейінгі шағын орталықтар құру есебінен мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту шаралары көзделуде. Жалпы орта білім беру саласында 12 жылдық білім беруге көшумен байланысты материалдық-техникалық базаны барынша жаңарту және білім беру ұйымдарын оқу құралдарымен және жабдықтарымен, соның ішінде физика, химия, биология кабинеттерімен жарақтандыруға деген өткір қажеттілік туындап отыр. 2007 жылы 1,04 млрд. теңге сомасына 1000 интерактивті тақта сатып алынып, республика мектептеріне орнатылды. 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен аталған мектептерді толық жарақтандыру және тағы 721 мектепке интерактивті жабдықтар сатып алуға 7,3 млрд. теңге сомасында, 2008 жылы ішінара жабдықталған 721 мектепті толық жабдықтау үшін 2009 жылы 4,58 млрд. теңге шығыстар көзделген. Мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға 2009 жылы (580 кабинет) 2 376 184 мың теңге сомасында 2010 жылы (569 кабинет) 2 331 193 мың теңге сомасында, 2011 жылы (737 кабинет) 3 019 489 мың теңге сомасында шығыстар көзделген. Жоғары кәсіби білім беру саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің үш сатылық үлгісін трансформациялау: бакалавриат – магистратура – доктарантура, техникалық білім беруді дамытуға басымдық бере отырып жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру және Астана қаласында жаңа университет салу жұмысы жалғасатын болады. Жыл сайын республикалық бюджеттен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде әлімнің жетекшісі жоғары оқу орындарында білім алу үшін қаражат бөлінеді. 2008 жылы шет елдерде жоғары оқу орындарында мамандар даярлауға «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 15 984 322 мың. теңге сомасында шығыстар бөлінді. 2009 жылы 14 490 302 мың. теңге сомасында , 2010 жылы - 15 125 797 мың. теңге сомасында, 2011 жылы - 15 125 797 мың. теңге сомасында шығыстар көзделген. Мемлекет басшысының 2009 жылғы 12 ақпанда «Нұр-Отан» ХДП саяси кеңесінің кеңейтілеген отырысы барысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың жекелеген санаттарын қолдау жөніндегі шаралар туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 177 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самрук - Казына» әл-ауқат ұлттық қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімді мақұлдау туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 178 қаулылары қабылданды. Бұл қаулыларды ақылы негізде білім алатын студентерді мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары көзделген: - жоғары оқу орындарының үшінші және одан жоғары курстарының ақылы негізде білім алатын студенттері үшін қосымша білім беру гранттарын тағайындау; - техникалық, жаратылыстану ғылымы және медицина мамандықтары бойынша жоғары щқу орындарының бірінші курстан бастап ақылы негізде «жақсы» және «өте жақсы» бағаға білім алатын студентерге, ата-аналары зейнеткерлік жасына жеткен студенттерге қосымша жеңілдікті білім беру кредиттерін беру. 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде жоғары оқу орындарының ақылы негізінде білім беру гранттарына ауыстыруды жүзеге асыру үшін 2009 жылы 3 156 801мың теңге сомасында, 2010 жылға -1 831 751 мың теңге сомасында, 2011 жылы 572 558 мың теңге сомасында қосымша қаражат көзделетін болады. 93 «Қазақстан-2030» стротегиясы . 1997жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды. Жолдауда қаралған мәселелер: ---------------------------------92 жоқ 93. "Қазақстан-2030 стратегиясы”.1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер: Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық: Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады. Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтаноның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.Экономикалық стратегия.Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген. Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы: Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады. 94. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс. Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді. Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз. Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамытып, нығайта береміз. ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды. 95. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕГЕ БАРЫНША ҚАБІЛЕТТІ 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА КІРУ СТРАТЕГИЯСЫ Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін. Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика. Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз. Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз. Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяситежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз. Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз. Алтыншыдан, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз. Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр. Бүгін, cіздерге, құрметті қазақстандықтар, өзімнің жыл сайынғы Жолдауымды арнай отырып, мен Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынғым келеді. 1854-жылы Жетісу өлкесінде салынған бекіністі көрсетіңіз.Верный 1858 жылғы көктем мен жаздағы қырғыз шаруалары мен Оңтүстік Қазақстан қазақтарының көтерілісі кімге қарсы бағытталды? Қоқан 1867 – 1868 жж. реформалар бойынша салық төлеуден кімдер босатылды?Шыңғыс ханның ұрпақтары 1867-1868 жж. реформа бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамына қандай облыстар енді Ақмола, Семей 1867-1868 жж. реформа бойынша Қазақстандағы сот жүйесінің ең төменгі буыны қалай аталды? Билер мен қазылар соты 1867-1868 жж. реформа бойынша Орынбор генерал-губернаторлығының құрамына қандай облыстар енді? Орал, Торғай 1867-1868 жж. реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына қандай облыстар енді? 1867-1868 жж. Реформаға сәйкес Қазақстан облыстарын кім басқарды? Әскери генерал-губернатор 1867-1868 жж. реформаға сәйкес Қазақстан облыстарын кім басқарды?Губернаторлар; 1867-1868 жж. реформаға сәйкес Қазақстандағы облыстардың басшылығына кім тағайындалды? Әскери губернатор 1867-1868 жж. Реформалардың отаршылдық мәніне қарсы көтерілістер Қазақстанның қай облыстарында болды? Орал мен Торғай облыстарында 1867-1868 жж. Реформаның қазақтар үшін ең басты ауыртпалығы неде болды? Қазақ жері Ресей империясының
|