|
Жаппай репрессиялау шараларыDate: 2015-10-07; view: 2051. 1936 жылы КСЮ конституцюісы кабылданды. Бул конституция әміршіл-әкшшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлык жүйе, казармаішк социализм орнады. Жеке адамнын кұкыгы ескерілмеді. Қазакстанда жазапау шаралары (репрессия) басталды. Ен алдымен жазаға ұлтгык демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысыныя қайраткерлері, қазак елінін біртуар ұлдары Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов т.б. ұшырады 1937-1938 жылдары жазалау шаралары өте күшті өтгі. Осы жылдары репрессияга ушырагандар: - Кенес окіметш орнатуга ат салыскандар: Т. Рыскүлов, С. Шэріпов, Ә. Әйгиев, Н. Төрекұлов, Б. Алманов, С. Мендешев, С. Аргыншиев, А. Асылбеков т.б. - партия, қоғамдық ұйым кайраткерлері О. Жандосов, Т. Жүргенов, Қ. Тэштатов, Н. Нұрмаков, А. Досов, 0 Исаев, Құлыыбетов тб. - революция женісін коргап, ак гвардияшыларга карсы кұрескендер: Т. Әлиев, М. Масанчи, С. Жакыповтб. -казақ эдебиеті мен гылымынын белгілі өкілдері: Б. Майлин, І.Жансүгіров, С. Сейфуллин, М. Дулатов, М. Жұмабаев. С Аспандияров, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М Төле-пов тб -орталыетан Казакстанга жіберілген партия кызметкерлері Л.И Мирзоян, КЯ. Рафальский, В.Н Андрониковт.б Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендетгердің колынан жазықсыз каза тапты Қазақстан жерінде жачыксыз жазага ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қараганды еңбеклев түзеу лагері), Степлаг т.б. Осылардын іпгіндегі еқ ірісі «ЧСИР» - халык жауларының отбасы мүшелерще арналған лагерь. Кейіннен ші «Алжир» хапык жаулары эйелдершін Акнсла лагері атанды «Алжирде» ре-прессия күрбандарынын эйелдері, аналары, қыздары азап шекгі Караганды жершдегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселке-обсервацияда Рссейден «халык жауы» регінде жазалангандар орналастырылды. 75.)Фашистік Германияның КСРО-га шабуылы.1941 жылы 22 наусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып. КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан согысы осылай басталды ГитлерліІІ Германия осыган дейін Буропаныц кептеген мемлекетгерін басып алған болатын.Фашистік Германиянын негізгі максатынын саяси және экономнхалық астары болды. Гернан импернясы пшкізат, азық-түлік базасы ретінде қуъфшақ мемлекет қуруды көздеш Қуьфшақ мемлекет жобасы фапгастер жасаган «Барбаросса» жоспарьгада кврсетілді Жоспар бойынша фашистер КСРО жершде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сиякгы рейх комиссариатгарын күруды көздеді Жоспарда көрсетілгев « ҮлхенТүркістан» отарыиын кұрамьша Казакстан. Ташрстан, Башқуртстан, Орга Азия, Әзірбайжан. Кавказ. Қырым, Ауганстан, Шынжан кіргізілді Фашистер Кенес адамдарын кырып-жою жолына осылай түсті Ая Кеңес адамдарынын патриогтык сезімі, әрине, б^л жоспарға карсы тура білді. Кдзокстан халқы Отан корғаушылар қвтарына өзі еркімен жаппай жазыла басгады. Мысалы. Алматы медицина инсппушныи студенті Мәшпүк Мэметова: «Огбасымыадан майданға жіберепн ешкім жок. ағам да, апам да жоқ, сондыктан өзіыді жіберуді етінемш», - деп эскери хомитегке өтініш берді, Елімізде 2 млн-нан астам адам міндетгі эскери даярлыктан өтгі Мандандағы Қьоыл Арния катарына 1200000-га жуык (1196164) казакстандыктар атганды. Майданга кажетгі эскери кадрларды даярлау ісі тылда карқынды жүргізілді. Согыс болып жаткан еңірлерден Қазакстанга 27 әскери оку орны кешірілді. 76.1941-45ж Қазақстан экономикачының соғыс жағдайына қарай құрылуы. Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастайды. 1941-45ж барлығы 460 зауыт, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өңдірісі соғыс жылдарында 37% өсті. Ауыл шаруашылық жағдайы төмендеді. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің саны 1939ж салыстырғанда 1942ж 600 мыңға кеміді. Колхоз өңдірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940ж 48% орнына 1942ж 75% жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер. Бүкіл одақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз-келіншек қатысты. 1942ж егіс көлемі 1941ж салыстырғанда 842 мың га-ға көбейді. 1943ж 775 мыңға көбейді. Республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан амйдан арсенелына айналып, майданмен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамысыз етті. 77. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен өнері. Мәдениеті: 1945ж қазанда құрылған Ұлттық Ғылым академиясы республиканың мәдени өміріндегі маңызы зор құбылыс. Ғылыми қызметкерлердің қалыптасып, дамуына эвакуациаланған ғылыми күштердің көрсеткен көмегі көп. 1943ж бастап ЖОО оқитын қазақтарды, шығыс халықтары өкілдерін оқығаны үшін ақы төлеуден босатты. Қазақ интеллигенциясы кадрларының өсуінде, ғылым мен мәдениеттің дамуында орта мектеп, техникумдар мен ЖОО ерекше орын атқарды. Соғыс жылдары жаңа ЖОО-Алматы шетел тілдері, Шымкент технологиялық, Дене тәрбиесі институттары, Алматы консерваториясы, Қыздар инстититуты ашылды. Студенттер саны 1941ж 10,4 мыңнан 1945ж 15 мыңға дейін жетті. Жазушылар мен ақындардың 90-ға жуығы майдандарда соғысты. Әдебиеттің өзекті тақырыбы-отанды қорғау болды. Жамбылдың «Отан бұйрығы, Мәскеуге, Ленинградтық өренім, Батырдың ұрпағы» т.б. кең тарады. Қазақ әдебиеті басқа халықтар әдебиетімен тығыз байланыста болды. Қазақстанға Мәскеу, Ленинград, Киевтан 100-ге жуық жазушы және ақындар келді. Өнері:Соғыс жылдарының қиындықтарына қарамастан, Қазақстанның өнері де ойдағыдай өркендеді. 1941ж 37 театр және музыкалық мекеме жұмыс істеді. 1941ж қарашада Абай атыдағы опера және балет театрының құрылысы аяқталды. Театр әртістері патриоттық спектакльдер қойылды. 1942ж С.Мұқановтың либреттосы бойынша, Брусиловский жасаған тұңғыш опера «Ұлан, алға!» сахнаға шығарылды. Жамбыл атындағы филормонияның көркемөрен бригадалары мен оның облыстық филалдары соғыс жылдары өнеркәсіп орындарында т.б. 30 мыңнан астам концерт берді. Соғыс жылдарында кино өнері ерекше дамыды. Басында Алматыға Мосфильм, Ленфильм киностудияларымен бірге режисерлердің, және басқа мамандардың үлкен тобы (500 адам) көшіп келді. 78).1945-53ж Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы. 40-50ж басы стализм идеологиясы шырқау шегіне жетті. 1946ж 18 наурызда 1946-50ж арналған 4-ші бесжылдық жоспар қабылданды. Міндеттері: қираған 10 шаңырақты қалпына келтіру, ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіруді тез қарқынмен дамыту. 1946-51ж республикада болат, крокат, тау кен және көмір өнеркәсіп үкімет қолданылып жасалынатын талшық өңдіру жоспарларын арттыру. 50ж басында республикада кәсіпорын саны-65, жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Көлік жұмысы кенесте байланыстырылып, ісі жақсарды. Қазақстан еңбекшілері фашистік басқыншылықтан зардап шеккен аудандарға көмек көрсетті. Соғыстан кейін аумақтарды қалпына келтіру аса ауыр кезек. 1946ж 16 қыркүйек ауыл жағдайын қалпына келтіру туралы қаулы қабылданды. 1947ж ақша реформасы жүргізілді. 1947ж қараша-қазақ КСР-де жоғарғы және орта білімді жетілдіру туралы қаулы қабылданды. 40-50ж ауыр кезең болғанымен «Алтын ғасыр» деп аталды. 79).Тың және тыңайған жерлерді игеру процесінің басталуы және нәтижесі. Тың жерлердің игерілуі1954ж басталды. 1945ж наурызда КОКП ОК-ның пленумында астық өңдіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы қабылданды. Тың игеру астық өсіретін егістік көлемін арттыру негізінен Орал мен Сібірде, Солт.Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді. 1945ж Кенес одағында 13,4 млн га жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн га жер игерілді. 1956ж қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн га жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен асығыс түрде жүргізілді. 1955ж 0,4 млн га жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн га жер жырту көзделген болатын. Тың жерлерді игеру Ақмола, Солт.Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді. 1953-58ж аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор келді. Тың игеруге Қазақстанға көптеген жұмысшылар келді. Тың игеруге келгендер ауыл шаруашылық салығынан босатылды. 1954-59ж аралығында қазақ КСр-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд жуық сом жұмсалды. Тың игерудің пайдасы: Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өңдіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта ІІ-ші орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игерудің зияны: Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп терр-я жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эррозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған жерлер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Мал шаруашылығының шығынға ұшырауынан, ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
80.Қаз. экономикасы, 1960-80ж аралығында шикізат өңдіру бағытының күшеюі. 60ж орталықтығы жүргізілген шаралар соғыстан кейінгі кезең ішіндегі экономиканың қайта құруға бағытталған ең ірі ұмтылыс. 1965ж қыркүйек КОКП ОК пленумы өнеркәсіпті дамытуға арналды. 1965ж КСРО жоғарғы кенесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару органдарын өзгеше құру туралы заң қабылданды. 1965ж экономиканы басқарудағы енгізілген өзгеріс одақтық республикалық министірліктер құрылды. Бұл шаралар экономикадағы жағдайларды көтеруге алғы шарттар туғызды. 60ж бас кезі КСРО қуатты экономикалық және ғылыми потенциалға ие болды, тамақ өнеркәсібінде 60ж ІІ жартысында 40 кәсіпорые салынып іске қосылды. 1965ж Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Шымкент цемент зауыттыры салынып іске қосылды. Әр облыс орталықтарында ірі панельді үйлер жасайтын комбинаттар салынды. Күрделі құрылыстардағы негізгі кемшіліктер, аяқталмаған құрылыстардың көбеюі. Кәсіпорындар жоспарлаудың жаңа тәртібіне 1966ж 2 кәсіпорын, 1967ж 193 кәсіпорын, 1968-69ж 13 министрлік пен ведомства кәсіпорындары 1970ж 80% көшірілді. Басқарудың жаңа формаларына ауысқан жаңа кәсіпорындар жоспарларын асыра орындай бастады. 81.1970-80ж ғылым мен мәдениеттің дамуы. 1985ж 40,377 ғылыми қызметкер болып, оның 846-ы ғылым доктор, 650 академиктер, профессорлар. Қазақстандық ғалымдардығ ғылыми зерттеулері дүниежүзіне таңымал болды. Д.Сокольский катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеуді тұңғыш бастаушы. У.М.Ахметсарин гидрогеология және гидрофизика ғылымдарын ұйымдастырушы. М.А.Айтқожин өсімдік жасушаларындағы инфорсомаларды тапқаны үшін марапатталған, Лениндік сыйлық иегері. 70-80ж көптеген ғылыми еңбектер жарыққа шықты: 5 томдық қазақ КСР тарихы, 10 томдық қазақ тілінің түсіндірмен сөздігі, 9 кітаптан тұратын Қазақстанның сүтқоректілері, 9 томдық Қазақстанның өсімдіктері. Әл-Фараби, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин мұраларын зерттеген басылымдар шықты. 1976ж Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» повесін орыс тіліне аударды. Ол республика жазушылары арасында тұңғыш Социалистік Еңбек ері атағын алды. 80ж қазақ әдебиетінің өкілдері: Ә.Тәжібаев, О.Сүлейменов, Б.Момышұлы, Т.Ахтанов. 1974ж М.Әуезов атындағы академиялық дарама театры ұжымы «Қан мен етр» драмасын қойғаны үшін «КСРО мемлекеттік сыйлығын» иеленді. Қазақ музыкасын тың шығармалармен толықтырғандыр: Н.Тілендиев, Ш.Қалдаяқов, Еспаев, Н.Күмісбеков. Әншілер: Е.Серкебаев, Р.Бағланова, Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова. Қазақ киносының өкілдері: Ш.Айманов, М.Бегалин, С.Қожқов. Ботакөз, Қыз Жібек, Менің атым Қожа, Атаманның ақыры, Бейбарыс сұлтан т.б. Алматыда мемлекеттік өнер мұражайы, қазақ КСР мұражайы, қазақ ұлт мұражайы ашылды. 82).Қазақстан қайта құру саясаты кезінде. Қоғамның әлеуметтік, саяси-экономикалық өзгеруі. 1982ж Брежнев қайтыс болды, орнына 1984ж Андронов сайланды. 1984ж Ченонконы сайлады. 1985ж сәуір-Горбачев сайланды 1985-91ж Горбачев саясатының ұраны: жариялық, жеделдету, қайта құру.1985ж сәуір пленумы әлеуметтік-экономикалық дамытуды жеделдету бағытталды. Өңдірген күштерді арнайы жіберген кемшіліктер мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстырын туғызды. 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комиссиясының пленумында ұйымдастыру мәселесі қаралды. Шешімі: Д.Қонаев қызметінен алынып, І-ші хатшысы болып Колбин тағайындалады. Осы жағдайға 1986ж Алматыдағы желтоқсан оқиғаларының әкеп соққан , басты сылтауы- Колбиннің сайлануы. Шығу себептері: орталық өктемдік әрекеттерімен қайта құру жарияланған демографиялық ұстанымдар арасындағы қарама-қайшылықтар. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. 8,5 мың адам өлді, 1987ж КОКП орталығының комитеті және Қ.Р. партя ұйымдастыруды еңбегінде интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмысшылар туралы қауым. 1989ж мамыр-маусым КСРО халық депутаттарының І-ші съезінде дарынды ақын М.Шаханов желтоқсан оқиғасына әділ баға беруді талап етті. 1990ж 24 қыркұйек қазақ КФ жоғарғы кенесі төре алқасының қаулысында бейбіт және сан жағынан наразылық демонстрацияландыруын жаппай тәртіпсіздікке ұласып, кетуінің себебі көрсетілді. 1989ж Маңғыстаудағы облыс Жаңа өзен қаласындағы ірі толқу себебі жергілікті тұрғындар арасындағы жұмыссыздық орталық ведомстволардың жұмыс қалдықтарын сырттан әкелу. 1989ж шілде Қарағандыдағы 10-15 мың адам қатарынан кеншілер ереуілі, олар экономикалық және саяси талаптар көтерді. Еңбек ақыны арттыру, азық-түлік түрлерін көбейту, шахталарда жұмыс жағдайларын жақсарту. Семей ядролық полигонын жабу. КСРО басшылығындағы республика халықтарының әлеуметтік жағдайларында көтеру мәселелеріне әлде де көңіл бөлмеді. 83).Қазақстан территориясындағы демографиялық жағдай. 1897ж халық санағы бойынша Қазақстан терр-да қазақтар 81,7 пайыз, орыстар 10,9 пайыз, украиндар 1,9 пайыз болған болса, 1914ж шығыс славяндарының үлес салмағы 29,6 пайыз дейін көбейді. Патша үкіметі қазақ жерлеріне басқа ұлт өкілдерін қоныстандыруда жоспарлы түрде жүргізіліп отырды. Осындай саясат кенес үкіметі кезінде де жалғасты. Егер қазақстардың республикадағы үлес салмағы 1926ж 57,6 пайыз болса, 1939ж 38 пайыз болды. Осылайша қазақ халқы өз жерінде азшылыққа айналды. Орталықтың қоныстандыру саясатының келесі кезені тың игерумен байланысты. Тек 1954-62ж ішінде Қазақстанға 2 млн адам келді. Осының салдарынан 1959ж республикада қазақтардың үлес салмағы 30 пайыз болып қалды.ал керісінше орыстардың үлесі 42,7 пайыз көтерілді. 1991ж тәуелсіздік алғаннан кейін халықтың көші-қон процесінда жағң құбылыс басталды. Ол республикадан басқа ұлт өкілдерін көшіп кете бастауы мен тағдырдың айдаумен шет елдерде жүрген қазақтардың тарихи отанына қайта оралу процесінің басталуымен байланысьырады. 84).1986ж желтоқсан қозғалысы, себептері мен салдары. 1986ж желтоқсан оқиғасына жылдар бойы қордаланған осындай себептер болды. Орталықтың өктемдік әрекеттерімен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар, шовинисиік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды. Наразылық сылтауы: 1986ж 16 желтоқсандағы пленумда Қазақстанды көп уақыт басқарған Д.Қонаевті орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысындағы партия коммитетінің І-ші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлдем елемеушілік. Оқиға барысы: 1986ж 17 желтоқсанда Алматы қаласында республика басшылығының ауыстырылуына байланысты қарсылық ретінде жастар толқуы басталынды. Басты қозғаушы күштер студент жастар. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орнынан. Оқу орнынан 271 студент, комсамолдан 787 адам шығарылды. 99 адамның 46-сы ақталды. 1987ж КОКП ОК-нің Алматыдағы 1986ж желтоқсан оқиғасын қмзмқ ұлтшылдығының көрінісі деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. КОКП ОК-нің желтоқсандағы шеруін қазақ ұлтшылдығы деп кіналау қате деген қаулы шығарылды. 85. Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар және саяси партиялар. Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлауы, қоғамдық дамудың атрибуты болып саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1993ж соңы-4 саяси партия тіркелді: А)«Қазақстанның социалистік партиясы» Б)«Қазақстан Республикасының партиясы» В)«Қазақстанның халық конгресі партиясы» 1991ж қыркүйекте-«Қазақстанның социалистік партиясы» құрылды. 1991ж күзде-«Қазақстанның коммунистік партиясы» құрылды. 1991ж қыркүйек-Қазқстанның азаматтық қозғалысы «Азат» негізінде «Қазақстанның республикалық партиясы» құрылды. 1991ж қазан-«Қазақстанның халық конгресі партиясы» құрылды. 1991ж қараша-«Қазақстанның демократиялық прогресс партиясы» құрылды. 1993ж ақпан-«Қазақстанның халық бірлігі одағы» құрылды. 1994ж желтоқсан-«Қазақстанның халықтық кооперативтік париясы» құқрылды. 1995ж қаңтар-«Қазақстанның өрлеу партиясы» құрылды. 1995ж жазда-«Қазақстанның демократиялық партиясы» құрылды. 1998ж қараша-«Ақ жол» қоғамдық қозғалысы құрылды. 1999 қаңтар-«Отан» партиясы құрылды. 1994ж 14 қаңтар-«Қазақстанның отаншылдар» партиясы құрылды. 1994ж республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001ж қараша-«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық саяси бірлестік құрылды. 2000ж ресми тіркелген партиялар саны-15 86).Қ.Р. егемендігі жөніндегі декларация. Қ.Р. құрылуы. 1991ж 25 желтоқсанда Горбачев КСРО президенті қызметінен босатылды. 1991ж 26 желтоқсанда КСРО-ң өмір сүруінің тоқтатқандығы туралы декларация жарияланды. Республика егемендігінің орнығуымен бірге республика президентін бүкілхалықтық сайлау қажеттігі туындады. Қазақ КСР жоғарғы кенесінің кезектен тыс сессиясында «Президент сайлау жөніндегі заң» қабылдынып, президенттік қызметке Н.Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды. 1991ж 1 желтоқсандағы бүкілхалықтық сайлау қорытындысы мен Н.Назарбаев-президент, Масанбаев-вице-президент болып сайланды. 1991ж 10 желтоқсанда президенттің таққа отыру рәсімі болды, ант берді. 1991ж желтоқсан-қазақ КСРО-ның атауы Қазақстан Республикасы деп өзгерді. 1991ж 16 желтоқсан-Республика жоғарғы кенесінің 7-ші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды. Қазақстанның сыртқы саясаты. Қазақстанның сыртқы саясатында басты мәселеге ерекше назар аударады: ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдермен халықаралық байланысты өркендету. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдер қатарына қосылу. Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, ядролық қаруды қолданбау, дүниежүзілік соғысты болдырмау. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе-ең жақын және ірі көрші ресей, Қытай мемлекеттерімен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Қазақстанның Ресеймен байланысы: 1992ж 25 мамыр- Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және көмек туралы шарт жасалды. 1995ж 20 қаңтарда Қазақстан емн Ресей бірлескен декларациясына қол қойды. Маңызы: Екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу. Нәтижелері: Қ/каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемесын шешуді алға жылжытты. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қаралды. Қазақстанның Қытаймен байланысы: 1990ж Қазақстан мен Қытай келісімі нәтижесінде теміржол арқылы өзара байланыс іске асты. Нәтижелері: Қазақстан Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігін алды. Нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. Сауда байланыстарында 6 шекаралық бекет ашылып, шекара маңындағы сауда өрістеді. Темір жолдың жүк тасу деңгейі артты. Қаралған мәселелер: шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу. 1997ж 25 қыркүйекте-Алматы мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд доллар жұмсауға келісті. Қазақстанның АҚШ-пен байланысы. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынас маңызы өте зор. 1991ж 25 желтоқсанда-АҚШ қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. 1999ж желтоқсан-Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісім. Қаралған мәселелер: екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту. АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық-экономикалық өркендеуде қолдау көрсету. Қазақстан және ТМД елдері: ТМД елдерімен тығыз өзара қарым-қатынас болу біздің ел үшін өте қажет. 1994ж -Орта Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. 1994ж –Қазақстан президенті Еуразиялық мемлекеттер одағын ұйымдастыруды ұсынды. Одақтың мақсаты: Кенес үкіметінен кейінгі кеңістікте пайда болған елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестерін жүзеге асыру. Қазақстан мен Дүниежүзі қауымдастық. КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен республика жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар: АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция. 1996ж 31 желтоқсанда –Қазақстан БҰҰ-на мүше 129 елдердің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды. Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Бірқатар ірі капиталистік елдер Қазақстанға экономикалық көмек ретінде несие беруде. 1997ж 28 ақпанда «тікелей инвестицияларды мемлекеттік туралы қолдау» заң қабылданды. Нәтижесінда Қазақстанға тартылған инвестициялық қаржы көлем-10 млрд долларға жетті. Халықаралық байланыстар нәтижелерінің тарихи маңызы: Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен тең денгейде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан дүниежүзілік аренада беделді орын иеленді. 87.Қ.Р. конституциясы, оның негізгі ерекшеліктері. 1993ж 28 қаңтар-Қ.Р. тұңғыш конституциясы қабылданды. Негізгі заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрады. Оның құрамдас бөлімі-еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін өтпелі кезең жағдайларына арналған тару. 1.Қазақ тілі-мемлекеттік, орыс тілі қарым-қатынас тілі; 3.Қазақ халқы мемлекеттік үкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі; 4.Конституцияның ең жоғарғы заңдылық күші бар; 5.Мемлекеттік билік конституция және республика заңдары негізінде іске асады; 7.Оған сәйкес Қ.Р. президенті 7ж мерзімге сайланады; 8.Қазақстанның мемлекет құрылым формасы-унитарлы; 9.Кон-ға сәйкес жергілікті атқару билік органы-әкімшілік; 10.Қ.Р. барлық азаматтарға құқық теңдігін қамтамасық етеді; 11.Қазақстан азаматтары конституцияны, республика заңдарын сақтауға, әр адамның ар-намысын, абыройын құрметтеуге тиіс. Мемлекеттік рәміздерді көтеруге тиісті; 12.Отанды қорғай Қазақстан азаматтарының абыройлы міндеті, қасиетті борышы, парызы; 13.Республика азаматтары заңды түрде бекітілген алыс-салықты төлеуге тиісті. 1995ж 30 тамыз-еліміздің жаңа кон-сы қабылданды. Бұл негізгі заңымызда республиканың экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейтесті мәселелерді шешу ескерілді. Кон-ция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. 1.демократиялық-президенттік басқаруға жол ашылды; 2.парламент 2 палаталы болды: сенат және мәжіліс. Депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды; 3.Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Судьядың әділетті үкім шығаруына құқықтық кеепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде бекітілді. Олардың қызметіне араласуға жол белілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты іс бойынша есеп бермейді, тек кон-ция мен заңға бағынады. 4.билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне кон-лық құқықтарды бұзуға жол берілмейді; 5.Қ.Р. ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүддесін қорғайды; 6.Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді. 88) Қазақстанның 2030 ел дамуының саяси және экономикалық стратегиясы «Қазақстан-2030» стратегиясы: -1997ж қазан-президент Қазақстан-2030 жолдауын жариялады; -экономикалық дағдарыстан шығу жолдары; -реформаларды аяқтау; -алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу; -Қазақстан барысын қалыптастыру. Жолдауға болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзіидегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басылымдық: 1.ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2.ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық топтасуын нығайту; 3.нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4.Қазақстан азаматтарының білімі мен денсаулығын, әл-ауқатын көтеру; 5.энергетикалық ресурстарын жете пайдалану; 6.инфрақұрылым, көлік байланыстарын дамыту; 7.демократиялық кәсіби мемлекет құру. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер: 1.теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту; 2.этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету; 3.дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту; 4.ауыл проблемасына үнемі көңіл бөлу; 5.әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру; 6.саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай қазбаларды қалыптастыру; 7.адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту; 8.әртүрлі конфенсиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатыгасты нығайту. Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды. Экономикалық стратегия: Қазақстанның салауатты өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мелекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген. Мемлекет белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуы шектеулі болды. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы: 1.үкіметтің сауда мен өңдіріске әкімгершілік араласуын жою; 2.жекешелендіру процесін аяқтау; 3.орталық және жергілікті үкімет орындарын парасатты орындастыру; 4.сот билігі мен құқық қорғау орындарын реформалауды жандандыру; 5.заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғай; 6.билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану. 89. Қазақстан Ресның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуы. (1991-2009) Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми тарихының негізі қалана бастады. 1995 жылы Республика үкіметі «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» мақұлдады. Онда отандық тарих ғылымын дамыту басымдықтары айқындалды. Осы уақыттан бастап отандық тарихшылар көптомдық Қазақстан тарихын жазуды қолға алды. 1998 жылдан бастап «Отан тарихы» атты журнал шыға бастады. ХХ ғасырдың соңындағы еліміздің рухани және мәдени өмірінде Абай мен Жамбылдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтпаевтің 100 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО-ның тегеурінімен дүниежүзілік ауқымда аталып өтуі айтарлықтай оқиғалар еді. Тәуелсіздік жылдары орын алған экономикалық дағдарыс салдарынан Қазақстан ғылымы мен мәдениеті, білім беру жүйелері кейінгі жылдары көптеген қиындықтарға кездесті.Олардың қызметтерінде елеулі іркілістер байқалды. Республиканың Ғылым Академиясы іс жүзінде өзінің ұлттық мәртебесінен айырылып қалды. Оның қарамағындағы жекелеген институттардың штаттары күрт қысқарды. Соның салдарынан ғылыми зерттеу жұмыстарының аясы тарылды. Кейбір ғылыми мекемелерге жабылып қалу қаупі төне бастады. 1997 жылдан бастап қаражат тапшылығын желеу еткен бюджеттік мекемелерді «оңтайландыру» аталған солақай саясат жүргізілді. Бұл, ең алдымен, мектептерге, мектепке дейінгі және медициналық мекемелерге, кітапханалар жүйесіне ауыр соққы болып тиді. Соның нәтижесінде 1997-1998 жылдары көптеген мектептер, мектепке дейінгі және медициналық мекемелер, кітапханалар, шалғай ауылдардағы медициналық объектілер жабылып қалды. Осындай себептермен филармониялар мен басқа да мәдениет ошақтары мүшкіл халге ұшырады. Кітап басып шығару қарқынды жүрді. Туған жер, ел және оның тарихы мен мәдениеті туралы көлемі жағынан ауқымды, мазмұны кең, көптомдық энциклопедиялық басылымдар жарыққа шықты. Олардың ішіндегі елеулілері ретінде «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, Қазақстан тарихын, қазақ фольклоры антологиясын атауға болады. Халық жазушысы О.Сүлейменовтің «Жазу тілі» кітабы жарияланды. Адамның бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы» кітабы республикадан тыс жерлерге мәлім болды. Қазақ әдебиеті жаңа шығармалармен толықтырылды. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын, М.Мағауиннің «Мен» атты философиялық толғауын, Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» шығармасын атауға болады. 1999 жылы Республика Парламенті «Білім туралы заңның» өзгерген редакциясын қабылдады. Жаңа заң бойынша негізгі мектеп 9-сынып көлемінде аяқталып, 10-11-сыныптар бағдарлы мектеп болып жұмыс жасайтын болды. 2004-2005 оқу жылы республика бойынша барлық мектептерде оқу 1-8-сыныптарға арналған жаңа буын төл оқулықтары мен оқу-кешен комплекс құралдарымен жүргізілді. 2004 жылы «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудегі дамыту тұжырымдамасы» қабылданды. Бұл құжат бойынша орта білім беру 4+6+2 құрылымы бойынша 12 жылға созылатын болды. Техникалық және кәсіптік білім беруде білім алушының жаңа технологиялар талаптарының деңгейінде және еңбек нарығының дамуына сәйкес білікті кәсіптік даярлығын қамтамасыз ету үшін, қажетті жағдайлар жасау көзделді. Жоғарғы білім беретін буында да түбегейлі құрылымдық өзгерістер болып жатыр. Ғасыр басында Республикада 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істеп тұрды, оларда сабақ, негізінен қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде, 3-млн-нан астам оқушы оқыды. 90. Қазақстан әлемдік қауымдастықта.
|