![]() |
Алтын Орда 1 pageDate: 2015-10-07; view: 494. Білім Қазіргі кездегі нақты экономикалық жағдайларға бара-бар білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін білім беру жүйесін басқарудың жаңа үлгісін енгізу және білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету жоспарлануда. Мемлекеттік бюджеттің білім беру саласын дамытуға арналған шығыстары жыл сайын ұлғаюда. Бюджеттің білім беруге арналған шығыстар үлесі 2007 жылы – ЖІӨ-ге 3,6% немесе 455,8 млрд. теңге болса, 2008 жылдың өзінде ол 572,8 млрд. теңгеге жетті. Осылайша, 2008 жылы білім беруге мемлекеттік инвестициялар 2000 жылмен салыстырғанда 6,4 еседен астам ұлғайды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу саласында балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту деңгейін ұлғайту жоспарлануда. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде балалар бақшаларын салу және білім беру ұйымдары базасында мектепке дейінгі шағын орталықтар құру есебінен мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту шаралары көзделуде. Жалпы орта білім беру саласында 12 жылдық білім беруге көшумен байланысты материалдық-техникалық базаны барынша жаңарту және білім беру ұйымдарын оқу құралдарымен және жабдықтарымен, соның ішінде физика, химия, биология кабинеттерімен жарақтандыруға деген өткір қажеттілік туындап отыр. 2007 жылы 1,04 млрд. теңге сомасына 1000 интерактивті тақта сатып алынып, республика мектептеріне орнатылды. 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен аталған мектептерді толық жарақтандыру және тағы 721 мектепке интерактивті жабдықтар сатып алуға 7,3 млрд. теңге сомасында, 2008 жылы ішінара жабдықталған 721 мектепті толық жабдықтау үшін 2009 жылы 4,58 млрд. теңге шығыстар көзделген. Мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға 2009 жылы (580 кабинет) 2 376 184 мың теңге сомасында 2010 жылы (569 кабинет) 2 331 193 мың теңге сомасында, 2011 жылы (737 кабинет) 3 019 489 мың теңге сомасында шығыстар көзделген. Жоғары кәсіби білім беру саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің үш сатылық үлгісін трансформациялау: бакалавриат – магистратура – доктарантура, техникалық білім беруді дамытуға басымдық бере отырып жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру және Астана қаласында жаңа университет салу жұмысы жалғасатын болады. Жыл сайын республикалық бюджеттен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде әлімнің жетекшісі жоғары оқу орындарында білім алу үшін қаражат бөлінеді. 2008 жылы шет елдерде жоғары оқу орындарында мамандар даярлауға «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 15 984 322 мың. теңге сомасында шығыстар бөлінді. 2009 жылы 14 490 302 мың. теңге сомасында , 2010 жылы - 15 125 797 мың. теңге сомасында, 2011 жылы - 15 125 797 мың. теңге сомасында шығыстар көзделген. Мемлекет басшысының 2009 жылғы 12 ақпанда «Нұр-Отан» ХДП саяси кеңесінің кеңейтілеген отырысы барысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың жекелеген санаттарын қолдау жөніндегі шаралар туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 177 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самрук - Казына» әл-ауқат ұлттық қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімді мақұлдау туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 178 қаулылары қабылданды. Бұл қаулыларды ақылы негізде білім алатын студентерді мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары көзделген: - жоғары оқу орындарының үшінші және одан жоғары курстарының ақылы негізде білім алатын студенттері үшін қосымша білім беру гранттарын тағайындау; - техникалық, жаратылыстану ғылымы және медицина мамандықтары бойынша жоғары щқу орындарының бірінші курстан бастап ақылы негізде «жақсы» және «өте жақсы» бағаға білім алатын студентерге, ата-аналары зейнеткерлік жасына жеткен студенттерге қосымша жеңілдікті білім беру кредиттерін беру. 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде жоғары оқу орындарының ақылы негізінде білім беру гранттарына ауыстыруды жүзеге асыру үшін 2009 жылы 3 156 801мың теңге сомасында, 2010 жылға -1 831 751 мың теңге сомасында, 2011 жылы 572 558 мың теңге сомасында қосымша қаражат көзделетін болады.
96 «Қазақстан-2030» стротегиясы . 1997жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды. Жолдауда қаралған мәселелер: 96 "Қазақстан-2030 стратегиясы”.1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер: Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық: Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады. Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтаноның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.Экономикалық стратегия.Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген. Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеуліболады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы: Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫ — ел дамуының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 ж. қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат — ұлттық бiрлiкке, әлеум. әдiлеттiлiкке, бүкiл жұртшылықтың экон. әл-ауқатын жақсартуға қол жеткiзу үшiн тәуелсiз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетiн орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзiмдi негiзгi бағыттар бөлiп көрсетiлдi: Ұлттық қауiпсiздiк: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, елiмiздiң тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуы. Мемлекеттiң тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететiн барлық қажеттiлiктер шеңберiндегi бастапқы шарт — ұлттық қауiпсiздiк және мемлекеттiлiктiң сақталуы. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi көрсеткiшi ретiнде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықар. ин-ттар мен форумдардың көмегi мен жәрдемiн пайдалану қажеттiгi атап көрсетiлдi. Мұның өзi халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi, Қазақстан азаматтарының өз елiне деген сүйiспеншiлiк сезiмiн арттырады. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсiз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршiлерiмен және дүние жүзiнiң жетекшi елдерiмен өзара тиiмдi қатынастар қалыптастыруға саяды. Iшкi саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бiрлiк — қоғам мен мемлекеттiң одан әрi дамуының кепiлi. Бұл салада барша азаматтар үшiн тең мүмкiндiктiң және барлық этн. топтар үшiн тең құқықтың болуына кепiлдiк беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелердi шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзiмге қамтамасыз ететiн дәулеттi Қазақстан мемлекетiн орнату мiндетi қойылды. Шетелдiк инвестициялар мен iшкi жинақ қаражаттың деңгейi жоғары болатын ашық нарықтық экономика негiзiнде экон. өрлеу. Негiзгi қағидалары: мемлекеттiң белсендi рөлiн сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеудi қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күштi әлеум. саясат жүргiзу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркiн сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндiрудi одан әрi жалғастыру, шетелдiк инвестицияларды қорғау. Қазақстандықтардың денсаулығы, бiлiм алуы және игiлiгi: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейiн көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерiн сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесiне қарсы күресу, маскүнемдiк пен темекi шегудi қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерiн қамтиды. Энергетикалық қорлар: тұрақты экон. өрлеу үшiн мұнай мен газ өндiрудiң және оларды шетке шығарудың көлемiн жедел ұлғайту жолымен энергет. қорды тиiмдi пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшiн басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзiмдi серiктестiк орнату, мұнай мен газ экспорты үшiн құбырлар желiсiнiң жүйесiн жасау, отын қорын пайдалану қызметiнде дүниежүз. қоғамдастықтағы iрi елдердiң Қазақстанға және оның әлемдiк отын берушiлiк рөлiне ынтасын ояту бағытын ұстау, iшкi энергет. инфрақұрылымды жасау, өзiн-өзi қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсiз болу мәселелерiн шешу мәселелерiн қамтиды. Инфрақұрылым (көлiк және байланыс): ұлттық қауiпсiздiктi, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеудi күшейту. Отандық көлiк-коммуникац. кешеннiң әлемдiк рыноктағы бесекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетiн сауда ағынын ұлғайту мiндетi қойылған. Кәсiпқой мемлекет: iске шын берiлген және елдiң негiзгi мақсаттарына қол жеткiзуде халық өкiлдерi болуға лайық мемл. қызметкерлердiң осы заманғы қабiлеттi құрамын жасақтау. Бұл саладағы мiндет осы заманға сай тиiмдi мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды iске асыруға қабiлеттi Үкiметтi жасақтау, ұлттық мүдделердiң сақшысы болатын мемлекет орнату. Президенттiң жолдауында бүкiл күш-жiгердi осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкiндiктердi шоғырландырудың және үйлестiрудiң келелi идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесiндегi реформаларды жүзеге асырудың әдiстерi мен тәсiлдерiн түбiрiмен қайта қарау қажеттiлiгi атап көрсетiлген. Бұл қысқа және ұзақ мерзiмдi негiзгi бағыттарды iске асыру барысында, ең алдымен, елiмiздiң барлық азаматтарының бостандығына кепiлдiк беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгi күнге деген сенiмiн нығайтуға бағытталған бiрден-бiр бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады. Қазақстан осы стратег. мiндеттердi орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердiң деңгейiне жетуге, дүние жүзiнiң ең дамыған жиырма елiнiң қатарына қосылуды көздейдi. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерiлген. Бәсекелестiк қабiлетi ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрi демократияландыру арқылы өтедi, ол, түптеп келгенде, сайлауды әдiл өткiзуге, саяси партиялардың, парламенттiң рөлiн, үкiметтiң мүмкiндiгiн күшейтуге, сот жүйесiн реформалауға, БАҚ-қа еркiндiк беруге, әйелдердiң қоғамдағы рөлiн күшейтуге саяды.
97ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКАдамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс. Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді. Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз. Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамытып, нығайта береміз. ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды. 98 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕГЕ БАРЫНША ҚАБІЛЕТТІ 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА КІРУ СТРАТЕГИЯСЫ Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін. Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика. Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз. Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз. Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяситежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз. Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз. Алтыншыдан, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз. Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр. Бүгін, cіздерге, құрметті қазақстандықтар, өзімнің жыл сайынғы Жолдауымды арнай отырып, мен Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынғым келеді. Қазақстанның 50 әлемдік бәсекеге барынша қабілетті елдің қатарына кіру стратегиясы.ҚР былтыр 61орында болса, биыл 56 орныда. Денсаулық жағынан 86 орында, жоғарғы білім жағынан 54 орын, бизнестің дамуы жағынан 72 орын, өмірдің сапасы жағынан 78 орында, экономиканың тұрақты дамуы жөнінен 70 орында. 2006 жылғы стратегияның маңызы:1әлемді к экономикаға кіру , Халықаралық маңыздағы “серпілістік” жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру 2)Қазақстан экономикасында көп салалы тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасын қалау. 3)қазіргі заманға сәйкес әлеуметтік саясатты қолдану,4)осы замандағы білім беруді дамыту,5)басымдылық: демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту,6)басымдылық: ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру, терроршылдық, экстремизмдік, секталармен күрес. ҚРның 8 артықшылығы: 1) тәуелсіз мемлекет,2)бұрынғы саяси және экономикалық жүйеден бас тарттық, 3)қоғамда түбегейлі өзгерістер басталды, 4)біздің халқымыздың жоғары сапасы, 5)бай табиғи ресурстарымыз 6)орасан зор ауылшаруашылық жерлеріміз 7)қоғамдағы саяси тұрақтылық 8)ҚР байсалдылығы мен төзімділігі, аөжарқындылығы, кеңпейілділігі. Н.Назарбаев 8 үлкен ұзақ мерзімді басымдылықтарды анықтайды: 1)ұлттық қауіпсіздік 2)1992 ж Қазақстанның қарулыкүштері құрылды, әскери доктринасы 3)ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы 4)шетел инвестицияларынан ішкі жинақтардың арқасында экономиканың өсуін қамтамасыз ету 5)ҚР азаматтық денсаулығы және әлауқаты 6)энергетика ресурстары 7)инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс 8)кәсіби мемлекет.қалыптасуы. «Қазақ» энтонимі.Тарихи әдебиетте қазақ этнонимінің шығуы жайында әр түрлі пікірлер кездеседі. Мәселен, әйгілі шығыстанушы ғалым Бернштам қазақтың атын сақтармен байланыстырады. Қазақ сөзі ежелгі замандағы Каспий және сақ деген екі тайпаның атының қосылуынан шыққан деп тұжырым жасайды.
100«ДАҒДАРЫСТАНДАМУҒА»Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз. Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді. Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өттік. Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз тағы бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық. Біз осылайша сындарлы жылдар мен күрделі кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстік. Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. Сол сияқты қазіргі әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс. Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде "көппен көрген ұлы той" деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бірлігін бекіте түскен. Қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған. Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. Алдымызда бізді үлкен белес күтіп тұр. Ол - Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Дүние дамуымен есептегенде жиырма жыл деген көп те емес шығар. Бірақ біз үшін үлкен кезең тұтас бір дәуірмен барабар. Олай болатыны, тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша. Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз. Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмайды. Солай боларына нақты сеніңіздер, құрметті отандастар 1227 жылы Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды. Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады, ал Монғолдар аз болды. 1243 жыл- Еділдің төменгі бойында Алтын Орда Мемлекеті құрылды. Территориясы: Шығыс Дешті-қыпшақ, Хорезм, Батыс Сібіртерриториясының бір бөлігімен қоса Алтай тауынан Дунай өзеніне жерлер. Астанасы- Сарай Бату (Астрахань маңы). Орыс князъдықтары Алтын Ордаға тәуелді болып, салық төледі. XIII ғаырдың 60-шы жылдарынан дербес хандық болып бөлінді а) Алтын Орданың қоғамдық құрылымы. Алтын Орда-көп ұлтты мемлекет. Кошпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар – қыпшақтар, наймандар, қаңлылар т.б. Тілі – қыпшақ тілі. Қазақстан жерінде Шыңғыс ханның «Яса» заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана хан болып сайланды. Ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы – сұлтандар ( төрелер, оғландар). Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет 2ге бөлінді: Оң қанат – Батый хан билігі, сол қанат – Орда Ежен билігі (Жошының үлкен ұлы). Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді. Басқару құрылымы: Құрылтай – ақсүйектерінің жалпы империясының жиналысы. Жоғарғы өкімет билігінің жоғарғы органы. Қаржы, салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды, басқарушысы – уәзір, хатшылары – бітікші. Беклербек – әскерді және дипломатиялық істерді баскарушы. Мәлік – азаматтық басқару билігін жүргізушілір. Даругтер, басқақтар – бағынышты елдерді басқарушы және салық жинаушылар. Нояндар, бектер, әмірлер, бахадүрлер – әскер басылары. Алтын орда хандары Ислам дәнән қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазуымен және орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізді. Феодалдық жер иелену түрлері: інжу. Салықтың 20 жуық түрі енгізілді (тағар, ұшыр, зекер, харадж т.б.). Алтын орданың гүлденуі мен ыдырауы: XIII-XIV ғасырларда Алты орда күшті мемлекет болды. Батый хан тұсында Алтын Орда Моңғол империясына тәуелді болды. Берке хан тұсында тәуелсіздігін жариялады. Мөңке хан өз атынан теңге шығарды.
|