![]() |
Алтын Орда 2 pageDate: 2015-10-07; view: 685. 30Моғолстан мемлекеті (XIVғ. ортасы-XVI ғ. басы) XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке – шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шағатай ұлысы қоныс еткен Мәуеренахрдың батыс бөлігінде 50–60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды.Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады. «Моғолстан» тарихи-жағрафиялық термині «моңғол» атауынан шыққан. Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмірлерінің бірі – Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымынан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандықтан, Болат өзінің айтқанына көнетін әрі жас 18 жастағы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды.Моғолстан мемлекетінің құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Мемлекет шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қаласына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймақтарына дейін созылып жатты. Моғолстан мемлекетінің орталығы – Алмалық қаласы. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің бірінің баласы – Тоғылық-Темір хан (1348–1362 жж.). Моғолстан құрамына кіретін тайпалар: дулаттар, қаңлылар, керейлер, арғындар, баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары.Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болды. Бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойұрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл тұрғындарынан, егінші мен көшпелі халықтан күпшір, зекет, тағар, баж, карадж және тағы басқа да салықтар жиналды. Мемлекетті басқару ісінде ханға Ұлысбек көмектесті. Ол дулат тайпасы әмірлерінен тағайындалған.Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өзі билеген түркі тілдес мұсылман халықтары арасында беделін арттырып, үстемдігін нығайту үшін ислам дінін қабылдаған. 1362 жылы Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәуеренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп, бір аяғы жаншылды. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған соң, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша – ақсақ) Ақсақ Темір атанды.Тоғылық Темірден кейін Моғолстанның ханы болған Ілияс-Қожа 1365 жылы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге әрекет жасады. «Батпақты шайқасында» Әмір Темір жеңіліп қашып құтылды. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған алғаш жорығы 1371 жылы басталды. 1372 жылы Әмір Темірдің өзі Моғолстанға қайта жорық жасап, Ыстықкөл маңындағы Сегізағашқа дейін барып, сансыз тұтқын, сан жетпейтін олжа түсіріп оралады. Осыдан кейін Әмір Темірдің сол кездегі Моғолстанның ең ірі билеушісі болған әмір Қамар-ад-дин дуғлатқа қарсы 1375–1377 жж. аралығында бірнеше жорықтары жүрді.1375 жылы Жетісу жеріндегі Шарын өзені бойында болып, Моғол әскерлері талқандалды. 1376 жылдың көктемінде Хорезмді жаулап алумен айналысып жатқан Темір Моғолстанға Камар-ад-динге қарсы 30 мың әскерімен әмір Сасы-Бұға қыпшақты, Әділ-шақты және басқа да әмірлерін аттандырды. 1377 жылы Камар-ад-дин екі рет: біріншісінде – Қаратау етегінде, екіншісінде – Шу бойымен Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында Әмір Темірден жеңіліске ұшырап, өзі қашып құтылды. Ол Моғолстанды біржолата басып алуды көздеді. Оған жету үшін 1380–1390 жж. арасында Темір балаларымен бірігіп, Моғолстан жеріне бірнеше рет жойқын жорықтар ұйымдастырды.Ақсақ Темір басқан ізінен қан сорғалатып, тек Моғолстанды ғана емес, сонымен бірге тағы басқа да көптеген елдерді жаулап алды. Мәуеренахрдан өзінің қанды жорығын бастаған ол әмірші болған 35 жыл ішінде (1370–1405 жж.) Хорезмді, Персияны, Әзірбайжанды, Гератты, Грузияны, Арменияны, Ақ Орданы, Ауғанстанды, Үндістанды, Египетті, Бағдатты, Сирияны, Кіші Азияны жаулап алып, табан астына салды.Әмір Темір құрған орасан зор мемлекет, 1405 жылы ол өлгеннен кейін бытырап тарап кетті. Моғол билігі Қызыр Қожа ханның немересі Уәйіс оғлан қолына көшті.1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін, хандық үшін оның екі баласы Жүніс пен Есенбұғы арасында талас басталды. 1434 жылы Есенбұғы хан тағына отырды. 1462 жылы Жүніс Есенбұғы ханның қайтыс болғанын естіп, өзінің Моғолстанға хандық өкіметке заңды мирасқор екендігін жариялап, онда 1487 жылға дейін билігін жүргізді.XVI ғасырдың басында Жүніс хан ұрпақтары арасындағы алауыздық пен ішкі феодалдық қырқыс Моғолстан хандығының біржолата ыдырауына әкеліп соқты. Нәтижесінде ежелден Жетісу мен Іле өңірін мекендеген үйсін, дулат, қаңлы, жалайыр және тағы басқа қазақ ру-тайпалары Жетісуда құрылған Қазақ хандығының құрамына бірікті. 31 Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.) Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген мемлекеттік құрылымдардың бірі – Ноғай Ордасы еді. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан XIII ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. Бұл жағдай әмір Едіге тұсында 1396–1411 жылдары жалғасып, оның баласы Нұр ад-дының (1426–1440) кезінде аяқталды. Ноғай Ордасындағы басты тайпа маңғыттар болды. XIII ғасырдың екінші жартысында маңғыттар Алтын Орданың уақытша басшысы түмен басы Ноғай иелігінің құрамына кіреді. Осыдан барып «Ноғай Ордасы» ұғымы пайда болған.Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасындағы созылып жатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді. Оның халқы солтүстік батыста – Қазанға, оңтүстік шығыста – Арал, Атырау өңірлерінің солтүстігіне, Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі жерлерде көше-қонып жүріп мекендеді. Сыр бойындағы қалалар мен қамалдардың бірқатары осы Ноғай Ордасына қарады. Оның орталығы – Жайықтың төменгі сағасындағы Сарайшық қаласы.Ноғай Ордасының негізін қалаушы Едіге болып саналады. Ол XIV ғасырдың соңы – XV ғасырдың басында 15 жыл Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарды. Едіге 1399 жылы Литва-Польша әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы берді. 1408 жылы Едіге орыс әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі жерлерді жеңісті жорықпен жүріп өтті. Алтын Ордадағы феодалдық өзара қырқыс кезінде Ноғай ұлысын нығайтуға тырысқан жаулары Едігені 1419 жылы өлтіреді. Едіге өлгеннен кейін де Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық жағдай оның ұрпағы – маңғыт әмірлерінің қолында болды.Ноғай Ордасы құрамына Маңғыттармен қатар Қоңырат, Найман, Арғын, Қаңлы, Алшын, Қыпшақ, Кенгерес, Қарлұқ, Алаша, Тама және басқа ру тайпалары кірді. Олардың басшылары арасында билік пен жер үшін толассыз тартыстар үнемі орын алды. XV ғасырдың екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауынан өтіп, «Көшпелі өзбектердің» өріс-қонысын басып ала бастайды. Ноғай ру-тайпаларының билеушілері Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы мырза және басқалары Әбілхайыр ханға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға көмектескен. Кейбір кезде ноғайлар қазақ хандығымен соғысса, енді бірде татуласып, олармен одақ құрып отырған.XIV-XV ғасырларда Ноғай Ордасында ерте феодалдық қатынастар қалыптасқан. Әлеуметтік бай-феодал топтардың қатарында хандар мен мырзалар, сұлтандар мен билер, бектер болды. Мұндағы жер-су, жайылым жерлер сөз жүзінде рулық қауымдастықтың меншігі болып есептелгенімен, шын мәнінде қоныстар, мал өрістері, аң аулайтын жерлер бай топтардың иелігінде болды. Ноғай Ордасында өкімет пен елді басқару ісі саяси ұйымдастырудың ұлыстық жүйесі негізінде қалыптасты. Шыңғыс тұқымынан шыққан хандар мен сұлтандарға Ордадағы өкімет билігі, соның ішінде әскери, елшілік, әкімшілік т. б. билік түрлері мұра ретінде көшіп отырған. Орда бірнеше ұлыстарға бөлінген. XVI ғасырда Ноғай Ордасы өздерінің солтүстіктегі көршісі Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық қатынастар және саяси байланыстар орнатады.Ноғай Ордасында да сұлтандар мен ақсүйек-феодалдардың арасында хандық билік үшін талас-тартыс тоқтамай үнемі жүріп жатты. Осы алауыздық оның да түбіне жетті. XV ғасырдың бірінші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, оның орнына Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары құрылды. Оның Қазақстан жеріндегі бір бөлігі қазақстардың Кіші жүзінің құрамына кірді. 33 Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» атауының шығу тарихы. Қазақ және Орталық Азияның басқа да түрік тілдес халықтарының этникалық негізін осы аймақты сонау тас және қола дәуірінен бері мекендеп келе жатқан ежелгі адамдар, одан бергі сақ-скиф, үйсін, қаңлы, ғұн, түрік, түкеш, қаерлық, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей т.б. тайпалар құрады. Қазақ халқының қалыптасуын ХІІІ ғасырдағы монғол шапқыншылығы біраз кейінге шегерді. Осы кезенде қазақ даласына біраз монғол тайпаларыда келді. Бірақ олар жергілікті халықпен сіңісіп кетті. Этнос немесе халық дегеніміз түр тұлғасы, мәдениеті, тілімен салт-дәстүрі ортақ адамдардың тарихы қалыптасқан тұрақты қауымы. Этностың қалыптасуындағы ең маңызды: басты белгі – жер тұтастығы. Қазақ халқы және оның этникалық територриясының қалыптасуы негізінен ХV-ХVІ ғасырларда аяқталды. «Қазақ» деген термин бастапқы кезде көшпенділердің хан билігіне бағынғысы келмей тәуелсіз, еркін жүрген топтардың білдіретін әлеуметтік мағынада қолданылады.Жәнібек пен Керей хандығы нығая келе олардың қол астындағы барша халық қазақтар деп атала бастады. Бірте-бірте бұл термин этникалық мәнге ие болып халық атауына айналды. Осылайша қазақ хандығының дүниеге келуімен бірге «Қазақ» этнонимі – халық пайда болды. 36. Қасым хан 16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 (1518)жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. 40.Тәуке хан (1652-1715) Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды.Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. 37.Хақназар (Ақназар) хан саясаты. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді. Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, Хақназар ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алып, Жайық өзенінің сол жағындағы территорияны қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасы Исмаил орыс патшасы IV Иванға менің немерелерім, туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылып кетті деп хабарлады* Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 60-шы жылдарында да жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының және Жалым ханзаданың қазақ ордалары және олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған. XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай ордасы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай ордасына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұл Қазақ хандығының қазақ тайпаларының және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолында Хақназар ханның жасаған жеңісті қадамдарының бірі еді. Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың Батыс – солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде Қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол билеушілері мен Қазақ хандығы арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Сырдария бойындағы Қазақ хандығының үнемі жауласып келген МауараннахрдағыШайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай дос болып, өзаракөмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы маңызды болды. Сонымен, Хақназар хан тұсында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дәуірлей түсті. 45.Бөкей ордасы. Жәңгірхан (1823-1845жж.) Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі._ ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой).
|