![]() |
Алтын Орда 15 pageDate: 2015-10-07; view: 581. «Қазақ» газеті.«Қазақ» газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты. Редакциялық алқа 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстың қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса оны Орынбор, Уфа, Қазан, Петербург, Мәскеу, Томск қалаларындағы, басқа да бірқатар қалалардағы, сондай-ақ Түркия мен Қытайдағы оқырмандар алып тұрды. «Қазақ» газетінің редакторы Орынборда айдауда жүрген кезінде сол кезге қарай ағартушылық қозғалыстың танымал көшбасшысы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің маманы, ой-өрісі кең және ұлт дамуының жолдарын көре білген жалынды қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. 1914 жылғы 19 мамырда Баспасөз істері жөніндегі бас басқарманың кеңсесі М. Дулатовқа «Қазақ» газетінің екінші жауапты редакторы міндетін атқаруға рұқсат етті. «Қазақ» газеті 1918 жылы (№№261 – 265) Жанұзақ Жәнібековтың редакциялауымен шықты. XX ғасырдың басындағы демократияшыл қазақ зиялыларының бүкіл азаттық қозғалысы сияқты, бұл газеттің де жетекші бағытын белгілеуде қазақ халқының бостандығы жолындағы аса көрнекті күрескер, саясатшы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, статистик-социолог, көсемсөзші, энциклопедиялық тұрғыдағы ғұлама Ә. Бөкейханов зор рөл атқарды. Біртұтас болып біріккен үштік – А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы болған ғасырдың ұлттық газетін құра білді. Газетті оның негізін қалаушылар «Қазақ» деп атады. Халықтың өз атын қалпына келтіріп, олар сол арқылы отаршылар тарапынан бұратаналарға менсінбей қарауға қарсы наразылық білдірді, қазақтар арасына ұлтжандылық мақтаныш және бірлік идеясын таратты. «Қазақ» шын мәнінде бүкілресейлік газет болды. Ол халықаралық жағдайға жүйелі түрде талдау жасап, ондағы Ресейдің рөлін анықтап отырды, елдегі және шетелдегі демографиялық жағдайды ашып көрсетіп, бүкіл түрік дүниесінің, мұсылмандар қозғалысының тағдырын қадағалады. Газет Мемлекеттік Думаның жұмысына, оның мінберінен қазақ халқының мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше мүдделік танытты. Қазақ әдебиеті.Ресейдегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандық үшін, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін, қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды, білімді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті дамуының ерекшелігі оның басқа халықтардың әдебиеттерімен байланысы болып табылады. Тарихи жағдай қоғамдық-экономикалық байланыстардың күшеюіне себепші болып қана қоймай, рухани мәдениет саласындағы қарым-қатынас үрдісін жандандыра түсті. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті сол тарихи дәуірдегі халық өмірінің шындығы туралы көркем шежіре болды. Ахмет Байтұрсынов (1873–1938)– XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен байытқан ақын. Ол қазақ тілінің реформаторы. Ол араб графикасы негізінде әліпби жасады. 1912 жылы басталған бұл жұмыс 1924 жылы «Жаңа емле» ретінде ресми қабылданды. А. Байтұрсынов «Оқу құралы» (1912) және «Тіл құралы» оқулықтарын жазды, олар үш бөлімнен: фонетика, морфология, синтаксис бөлімдерінен тұрады. А. Байтұрсыновтың оқулықтары қазақтар үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес дүние үшін де жаңалық болды. Кейініректе ол әдістемелік сипаттағы «Баяншы» (1926), «Тіл жұмсарту» (1928) деген кітаптар шығарды. Әдебиеттану жөніндегі тұңғыш еңбек — «Әдебиет танытқыш» (1926) та Байтұрсыновтың туындысы. Міржақып Дулатов (1885–1935)— Ахмет Байтұрсыновтың халық бостандығы жолындағы күрес жылдарында да, әдебиет саласында да онымен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» (Уфа,1909) жинағы – халық тағдырының проблемалары өткір көтерілетін алғашқы туындылардың бірі. «Оян, қазақ!» жарыққа шыққан кезінен бастап отаршылдыққа қарсы бағытталған кітап ретінде қабылданды, оның таралымы жойып жіберілді, ал авторы қуғынға ұшырап, талай рет түрмеге қамалды. Алайда бұл ақынды мойытпады, ол өзінің әдеби-көсемсөздік қызметін сол күйінде белсенді түрде жалғастыра берді. Бұл кезеңде ол «Бақытсыз Жамал» романын (Орынбор, 1910), «Азамат» (Орынбор, 1913), «Терме» (Орынбор, 1915) деген жинақтарын шығарады. 1913 жылдан бастап Орынборда тұрақты тұрып, Ахмет Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. М. Дулатов орыс және шетел классиктерінің (Пушкин, Лермонтов, Шиллер, Тоқай) бірқатар туындыларын аударды. Дулатовтың қазақ көсемсөзін дамытуға да қосқан үлесі баға жеткісіз 1051999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады.Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебiнен 1 264,0 мың адамға көбейген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Соның ішіндегі негізгі қазақ халқы 1997 жылы демограф, ғалым Мақаш Тәтімовтың есептеуі бойынша, 8 млн.-ға жетіп, Республика халқының жартысынан астамын құрап отыр. Дүние жүзі бойынша қазақтардың саны 12 млн.-ға жетті. Қазiргi кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттерiнiң үлесi 67%. Экономика салаларында еңбек ететiндер арасындағы жоғары және арнаулы орта бiлiмдiлер үлесi айтарлықтай өстi: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары бiлiмдiлер саны орта есеппен 130 адам болса, 1999 ж. 212; арнаулы орта бiлiмдiлер тиiсiнше 234 және 296 болды. Қазiргi кезде жалпы бiлiм беретiн мемл. мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде бiлiм алуда. 1997 ж. республикадағы жалпы бiлiм беретiн жеке меншiк (беймемл.) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқыды. Қазiргi кезде 3455 мектеп мемл. тiлде жұмыс iстейдi. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бiрге сабақ орыс тiлiнде жүргiзiлетiн 2522 мектеп (1462,4 мың оқушы); өзбек тiлiнде — 78 мектеп (77,2 мың оқушы); ұйғыр тiлiнде — 14 мектеп (22,3 мың оқушы); тәжiк тiлiнде — 3 мектеп (2,5 мың оқушы), украин тiлiнде — 1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралас тiлде оқытатын 2112 мектеп бар. Қазақстан үшiн табиғи өсiм тұрғындар саны өсуiнiң негiзгi көзi болып табылады әрi қазақ халқы өсiмiнiң басты факторы болып қала бередi. Мыс., қазақтардың табиғи оң өсiмi 1989 ж. Қазақстан тұрғындарының бүкiл табиғи өсiмiнiң 63,5%-ын құраған болса, бұл өсiм 1991 ж. — 72,4%, 1993 ж. — 88,2%, 1995 ж. — 88,0% болды
99 2007 жылы Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты жаңа кітабы жарық көрді. Кітапта Қазақстанның тәуелсіздік алған сәтінен бергі экономика және саясат саласындағы өзгерістеріне талдау жасалады. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» стратегиялық жоспарлаудың маңызды құжатына айналады. Кітапта стратегия қалай және неліктен әзірленгендігі, оның қандай әсерге ұшырағандығы және жас мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында оның қазіргі күнге дейін қандай рөл атқарып отырғандығы жан-жақты түсіндіріледі. Осындай ірі көлемді құжат дайындау үшін Қазақстандық мамандар тобы Бостонда, Гарвард университетінде болды, Кореяның, Сингапурдың, Малайзияның стратегиялық жоспарларымен, сондай-ақ «Боинг», «Дженерал электрик» және «Бритиш петролеум» сияқты әлемдік алыптардың бизнес - стратегияларымен танысты. Бағдарламаны әзірлеуде халықаралық сарапшылар - Х.Берсток, К.Грэй, В.Худжонг және т.б. зор көмек көрсетті. Стратегия Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылды. Келесі бөлім кертартпа адамдармен табанды күресу арқылы 1995 жылғы қолданыстағы Конституцияның қалай жасалғанын баяндайды. «Каспий үшін шайқас және мұнай шуы» бөлімінде Каспий жағалауындағы елдердің күрделі қатынастары айтылады. Мұнай жай ғана табиғи ресурс емес. Ол Қазақстан тарихында, әлемнің саяси картасындағы қазіргі жағдайында маңызды рөл атқаратын стратегиялық ресурс. Мұнай жас республиканың экономикалық тәуелсіздігінің іргетасын қалады, инвесторлардың назарын аударған байлыққа айналды. Тағы бір таңбалы асу — ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі. Бұл туралы «теңге — біздің тәуелсіздігімізді ң символы» тарауында айтылады. Бұл бөлім біздерді 1992-1993 жылдарға қиын, әлеуметтік жағдайларға қайта оралтады. Ол кезде Қазақстан бар күшімен рубльдік аймақта қалуға ұмтылды. Ең алдымен, экономикалық тұрғыдан рубль қалыптасқан экономикалық байланыстардың қызметін білдіретін. Сонда да болса қиын шешім қабылдау, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуында ең маңызды қадам жасау қажет болды. 1992 жылдың көктемінде - ақ ұлттық валютаны енгізуді дайындау бойынша құпия комиссия құрылды. Қазақстанның ақшасы Англияда - «Харрисон және оның ұлдары» және «Томос де ру» компанияларында басып шығаруға шешім қабылданды.
|