![]() |
Алтын Орда 14 pageDate: 2015-10-07; view: 532. Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар Кеңес әскерлерінің қатарында жауға қарсы соғысты. 1 миллион 200 мың жерлесіміз Кеңес әскерлерінің қатарында болды. Соғыстың алғашқы айларында қазақстандықтардан 238, 310, 114, 316, 387 және 391 атқыштар дивизиясы құрылды. Қазақстандықтардың ерлік істері сол кездегі астанамыз Москваны қорғауда ерекше көрінді. Республикада жасақталған 316 атқыштар дивизиясы астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғау тапсырылды. Генерал-майор Панфилов басқарған дивизия өзіне берілген тапсырманы абыроймен ақтап шықты. Осы соғыста Панфиловтың өзі де қаза тапты. Аға лейтенант панфилофшы Бауыржан Момышұлы Москва түбіндегі ұрыста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Сонымен қатар Москваны қорғауда ерекше ерлік көрсеткені үшін панфиловшылар Вихревке, Мәлік Ғабдуллинге, Төлеген Тоқтаровқа, Рамазан Амангельдиевке Кеңес одағының батыры атағы берілді. 1941 жылы желтоқсан айында Москва түбінде неміс әскерлері алғаш рет жеңіліске ұшырады. Москва түбіндегі ұрыстың үлкен тарихи маңызы болды. Бұл соғыс неміс әскерлері жеңілмейді деген дақпыртты жоққа шығарды. Кеңес әскерлерінің Москва түбіндегі жеңісі басқа халықтардың да фашизмге қарсы көтерілуіне мүмкіндік берді. 1942 жылдың шілде айынан 1943 жылдың ақпан айына дейін созылған Сталинград шайқасы Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болды. Бұл ұрыста Германия 1,5 млн. адамнан айырылды. Генерал-фельдмаршал Паулюс бастаған 22 неміс дивизиясы талқандалып, тұтқынға түсті. Сталинград шайқасында қазақстандық 38 атқыштар дивизиясы болды. Сонымен бірге қазақстандықтар жау тылындағы партизан соғысына да белсене қатысты. Олар Украинадағы, Белоруссиядағы, Ленинград облысындағы партизан қозғалыстарына қатысты. Партизан қозғалысының қатарында Ғұсман Ахмедияров, Әди Шарипов, Жұмағали Сайн, Жангелдин, Омаров тағы басқалар болды. Қасым Қайсенов Украинадағы партизан отрядтарының бірін басқарды. Жалпы алғанда қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының барлық майдандарына қатысып ерекше ерлік көрсетті. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олардың 100-і қазақ. Олардың қатарында Шығыстың қос жұлдызы аталған Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, жаудың пулеметін кеудесімен жапқан Сұлтан Баймағамбетов, жанып бара жатқан самолетін жаудың үстіне түсірген Нүркен Әбдіров және тағы басқалар бар. Ерекше ерлік көрсеткені үшін 4 қазақстандыққа 2 рет Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олар: Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Иван Павлов. 1945 жылы май айында Берлиндегі рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақстандық Рахымжан Қошқарбаев еді. 82 Германия әскерлері Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы Ресейдің көптеген аудандарын басып алғаннан кейін соғыстың бар ауыртпалығы Қазақстан мен Орта Азия Республикаларына түсті. Қазақстанда 1941-1945 жылдары 460 завод, фабрика, рудник, шахталар салынып іске қосылды. Олар соғыс қажетіне байланысты қару-жарақ, оқ-дәрі және басқа өнімдер жасады. Қарағанды көмірі, Ембіның мұнайы, Шымкент қорғасын заводының қорғасыны. Алматы Киров заводтың оқ-дәрісі майданға өте үлкен көмек жасады. Қазақстанда соғыс жылдарында 500 мыңға жуық кісі майдан мақсатындағы жұмысқа тартылды және 200 мыңнан астам қазақстандықтар Ресей кәсіпорындарында еңбек етті. Тылдағы еңбекшілерден тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер Ыбырай Жақаев, Ким Ман Самды, астық өсірушілер Мұнира Сатыбалдина, Нүрке Алпысбаевалар ерен ерлік көрсетті. Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылыми академиясының қазақ филиалы да соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде Қ.И.Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ.И.Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарын зерттеу еңбегіне байланысты Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақстанда орналасқан Москва авиация, алтын және түсті металдар институттары, Киев университеті ерекше екпінді еңбек етті. Соғыс жылдарында Қазақстанда ашылған жоғары оқу орындары: Алматы шет тілдер институты, Шымкент технология институты, Дене шынықтыру институты т.б. 90-ға жуық ақын, жазушы майдандағы жауынгерлер қатарында болды. Соғыс жылдарында Ж. Жабаев «Ленинградтық өренімді», Ж. Саин өлеңдер жинағын, Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңызды», С. Мұқанов «Өмір мектебін», М. Әуезов «Абай» роман-эпопеясының 1 кітабын жазды. А. Толстой Қазақстан жерінде болғанда, «Иван Грозный» кітабын жазды. Майдан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді. 1941 жылы Қазақстанға «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары көшіріліп әкелінді. Бұл киностудиялар Алматы киностудиясымен бірігіп, екі жыл ішінде 23 кино-картина түсірді. Олардың ішінде «Партизандар», «Екі жауынгер», «Георгий Сакадзе» сияқты танымал кинокартиналар бар. Соғыс жылдарында Алматыда актерлерді даярлайтын бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты жұмыс істеді. Киностудиялар М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған майдан», «8-гвардиялық» сияқты картиналарды түсірді. Қазақстанда құрылған 11 концерт бригадасы майданда өнер көрсетті. Соғыс жылдарында ғылым мен мәдениет майдан қажетіне осылай аянбай қызмет етті. Ұлы Отан соғысында КСРО 27 млн. адамнан айырылды. 600 000-ға жуық қазақстандық майданда қаза тапты. 78 ХХ ғ 20-40 жылдарындағы мәдениет ХХ ғасыр басындаҚазақстанда осы жылдары сауатсыз адамдар көп еді. Сондықтан сауатсыздықты жою, мәдени деңгейді арыттыру үшін, арнайы мектептер мен жоғарғы оқу орындары, балабақшалар ашылу қажет болды, сол үшін мынандай шаралар қолданды: 1924 жылы “Сауатсыздықты жойылсын” қоғамы пайда болды. 1931 жылы Қазақ АКСР Орталық атқару Комитетінің Төралқасы мен Халық комиссарлары 7-жастан бастап арнайы мектептерде міндетті түрде білім алу қажет және 15-50 жасқа дейінгі адамдарға сауатсыздықтарын жою үшін арнайы білім беру енгізілді. 1928-30 жылдары қызыл мүйістер, арнайы клубтар, оқу үйірмелерін ұйымдастырды. Сауатсыздықты жою 50-жылдардың аяғында толық аяқталды. 1920-шы жылдары қазақ жазуына реформа жасалды. 1929 жылға дейін араб, 1929 жылдан шілдеге дейін – латын, одан ары қарай кирилица және қазақ тіліне ауысып кетін, ғасырлар бойы зиялыларымыз жазған әдеби мұрамыздан айырылып қалдық. 1936 жылы республикамызда сауаттылық деңгейі – 25,2%, 1939 жылы 83,6%, соның ішінде қазақтардың – 40% сауатты болды. 1926 жылы мамырда республиканың Халық Комиссарлар кеңесі “Қазақ АКСР-і бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын” қабылдады. Бұл жарғыда қазақ мектептерінің оқыту жылдарын 3-4 жылға көбейтуге, шығыс ұлттарының көңілін тартуға, ағарту ісіне жұмсалған шығын өсті, қаржы бөлуді ұлғайтуға бағытталды. Мұндай мектептер Алматы, Шымкент, Орал, Түркістанда ашылды. 1920 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар шыға бастады. Мәселен алғаш шыққан оқулықтар: А.Байтұрсынов – суретті әліппе, мысал мен бұмбақтар оқулығын, Ж.Аймауытов – ана тілі оқу әдістемесін, Қ.Сәтпаев – алгебра оқулығы, Ә.Бөкейханов – география оқулығын құрастырып қазақтың бүлдіршіндеріне білім берді. Соғыс қарсаңында жүздеген мұғалімдер ордендермен және медальдармен марапатталды. Олардың кейбіреуіне “Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі” атағы берілді. Олардың ішінде С.Көбеев, Л.И.Добранская, Н.В.Волков, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев және басқа халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері болды. Қорытынды: Ең бірінші жалпыға бірдей білім беру асты, интернаттар желісі ұлғайды, мұғалімдер саны өсті. Қазақ мұғалімдері арнайы медаль мен ордендермен марапатталды. Қазақстанда 1928 жылдан бастап кәсіптік білім беру қалыптаса бастады. 1928 жылы Қазақ педагогикалық институты ашылды. Оның ең алғашқы ректоры С.Асфендияров
59 Шоқан Уәлиханов(1835–1865). Аса көрнекті ағартушы, ғалым және зерттеуші Ш. Уәлиханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жасына дейін Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. 1847 жылдың күзінде Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті. Кадет корпусында Шоқан Уәлиханов белгілі ғалым, географ және Азияны зерттеуші Г. Н. Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Ол орыс тілін тамаша меңгерді. Достоевский мен Ш. Уәлихановтың достық қарым-қатынастарын олардың түрлі уақытта жазысқан хаттары дәлелдейді. Ф. М. Достоевский өзінің хаттарында дос ретінде Шоқанға пайдалы кеңестер беріп, рухын көтеріп, оның алдына аса зор игі міндеттер қояды. 1853 жылы Шоқан кадет корпусын бітіргеннен кейін Сібір казак әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт оның қабілеттілігіне назар аударып, 1854 жылы Шоқан оған адъютант болып тағайындалды. 1855 жылы Ш. Уәлиханов Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарына қатысады. Бұл сапар қарапайым халықтың өмірін танып-білудің басы болды, олардың тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алуға мүмкіндік берді. 1856 жылдың көктемінде болашақтағы Шығыс зерттеушісінің өмірінде өшпес із қалдырған айтулы оқиға болды – ол аса көрнекті ғалым, белгілі географ П. П. Семенов-Тянь-Шанскиймен танысты. Сол жылы Шоқан Уәлиханов екі экспедицияға қатысты – біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі; екіншісі дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов алатау қырғыздарына тағы да сапар шегеді, онда көшпелі қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен бұрынғыдан да жақсы танысып, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын тереңірек зерттеуге мүмкіндік алды. Осы жолы ол қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды. Ш. Уәлихановтың ғылыми қызметінің жаңа кезеңі 1858 жылғы Қашғарияға құпия сапары болды. 1859 жылдың күзінде Шоқан Әскери министрліктің шақыруымен Петербургке сапар шекті. Оның «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көші-қондары туралы», «Сот реформасы туралы» жазба еңбектері бар. 1864 жылдың көктемінде Уәлиханов Черняевтің Оңтүстік Қазақстан аумағын Ресейге қосып алуды мақсат еткен әскери жорығына қатысады. 1864 жылдың жазында Верныйға қайтады. Содан соң албан руының аға сұлтаны Тезек төренің ауылына барып тұрады. Төренің қарындасына үйленеді. Сол кездің өзінде Шоқан өзін нашар сезініп, жорықтағы өмірдің ауыртпалықтарын көтере алмаса керек. Ол 1865 жылдың сәуірінде Алтынемел жотасының етегіндегі Көшен-тоған деген жерде Тезек сұлтан ауылында қайтыс болды. 57 Ыбырай Алтынсарин (1841–1889). Аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысында туған. Әкесі ертерек қайтыс болып, атасы – Орынбор шекаралық комиссиясының әскери старшинасы Балғожа (Жаңбыршин) бидің қолында тәрбиеленді. 1850 жылы Ыбырай шекаралық комиссия жанынан қазақ балаларына арнап ашылған мектепке түсіп, оны алтын медальмен бітірді. Мектеп бітіргеннен кейін Алтынсарин үш жылдай (1857–1860) атасының қоластында кеңсе қызметкері, содан соң 1859 жылдың 1 тамызынан бастап Орынбор басқармасында тілмаш болып қызмет етті. 1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды да, өзін сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. 1864 жылы 8 қаңтарда мектеп салтанатты түрде ашылды. 1868 жылы Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасып, содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Алтынсарин патша өкіметінің саясатына қарсы болды. 1879 жылы Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. 1888 жылы ол Ырғыз қаласында қазақ қыздарын оқытатын, интернаты бар мектеп ашып, патша әкімшілігінен интернаттары бар қыздар училищелерін ашуға рұқсат алды. Алтынсарин көзінің тірі кезінде төрт екі сыныптық орталық «орыс-қазақ» училищесін, бір қыздар училищесін, бес болыстық училище, орыс шаруаларының балаларына арналған екі училище аштырды. Ол орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» және «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» атты екі оқу құралын жазды, оларды Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалғаннан көп бұрын бастап, 1869 жылы аяқтады. 58 Абай Құнанбаев(1845–1904). Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай тобықты руының старшыны болды. Алғашында ауыл молдасынан сабақ алған Абайды әкесі Семейдегі имам Ахмет-Риза медресесіне оқуға жіберді. АлайдаАбайдың қаладағы оқуын бітіртпей, әкесі оны қайтадан ауылға шақыртып алып, бірте-бірте дау-шарды тексеріп төрелік айтуға, келешектегі рубасының әкімшілік қызметіне үйрете бастады. Абай шешендік өнерінің түрлі тәсілдерін шебер меңгерді. Сот ісі қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан дағдылы құқығы негізінде жүргізілді. Ру тартысына еріксіз араласқан Абай даулы мәселелерді шешу барысында жөнсіздікке, әділетсіздікке және қатыгездікке, билеуші топ пайдасын көздеген талап, мүддеге қарсылық білдіріп отырды. 1886 жыл Абайдың өміріне үлкен өзгеріс әкелген жыл болды. Ол алғаш рет өлеңіне («Жаз») өз атын жазып, көркем шығармашылыққа толығымен ден қояды. Абай қаламынан өлеңдермен қатар, қара сөзбен жазылған ғибраттар, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары дүниеге келді. Абайдың мол әдеби мұрасында аудармалары елеулі орын алады. 79ХХ ғасыр басындағы мәдениетОқу ағарту ісі.XIX ғ. аяғы – XX ғ. басында Ресей империясының халыққа білім беру ісі мен мектеп жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктері Қазақстандағы халыққа білім беру ісі мен бүкіл ағарту жүйесіне көп дәрежеде өз ықпалын жасады. Оқу ағарту ісі айқын таптық сипатта болды, оның Қазақстандағы айырмашылығы ұлттық ерекшелікке орай жүргізілді. Ұлттық мектептер туралы 1870 жылы қабылданған «Ресейді мекендейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы» заң ұлттық мектептердегі және ұлттық шет аймақтардағы бүкіл ағарту жүйесін: 1) әлі аз орыстанғандар үшін, 2) орыстары көп жерде тұратындар үшін, 3) жеткілікті дәрежеде орыстанғандар үшін деп, 3 санатқа бөлді. Заңды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда әр түрлі облыстарда әр алуан үлгідегі мектептер құрыла бастады. Мәселен, Ақмола және Семей облыстарында – мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық мектептер, болыстық (бір сыныпты), екі сыныпты училищелер, Жетісу мен Сырдарияда — «орыс бұратаналық» мектептер, Ішкі Ордада (Бөкей Ордасында) старшындық және учаскелік училищелер құрылды. Олардың бәрі Халық ағарту министрлігіне бағынды. Халыққа білім беру саласындағы империялық саясат шеңберінде 1906 жылы тамызда болып өткен III жалпымұсылмандық съезі халыққа білім беру ісі бойынша тұтас бағдарлама жасады. Съезд шешімдерінде былай деп белгіленді: 1. барлық қоныстарда балалар мен қыздарға міндетті бастауыш білім беретін мектептер ашылсын; 2. оқыту бір бағдарлама бойынша және араб әліпбиі негізінде ана тілінде жүргізілуі тиіс болды; 3. мектептерді ұстау земствоның, қала молдасының қарауында, ал басқару мен бақылау мұсылмандардың өз қолында болуға тиіс; 4. мұғалімдер мен оқушылар құқықтары жөнінен орыс мектептерінің мұғалімдерімен және оқушыларымен теңестірілуге тиіс болды. 1907 жылы Ресей империясында жалпы білім беруді енгізу туралы жоба жарияланды, онда бастауыш мектептер желісін құру көзделді. Жоба бойынша білім беру ісі 7–11 жастағы балаларды қамтуға тиіс болды, бастауыш білім беруді 10 жыл ішінде енгізу жорамалданды. Нақ осы жылдарда бастауыш білім беру мұқтаждарына қаражат босату туралы заң (1908) және 1909 жылы Халық ағарту министрлігі жанына «мектеп-құрылыс қорын» құру туралы заң қабылданды. Бұл заң актілері мектепте білім беру жүйесін кеңейтті, халыққа білім беру ісінің, соның ішінде Қазақстанның бүкіл аумағында орыс-қазақ мектептерінің (ол кездегі құжаттарда – орыс-қырғыз және орыс-туземдік) кең желісін құруға кейбір дәрежеде жағдайлар жасады. Ғылыми мекемелер мен қоғамдардың қызметі. Мерзімді баспасөз.XX ғасырдың басына қарай Қазақстанда ұлттық қазақ зиялыларының қалыптасу үрдісі жүріп жатты, олардың бір бөлігі еуропалық білім алғандар еді. 1905–1907 жылдардағы революциядан кейін Ресейдегі мұсылмандардың, соның ішінде түрік халықтарының қозғалысы жаңа қарқын алды. Мерзімді баспасөздің пайда болуы мен дамуына капитализмнің, тауар-ақша қатынастарының, көлік пен байланыстың дамуы да, өлкені одан әрі отарлау да себепші болды. Туып келе жатқан ұлттық буржуазияның үстемдік етуші орыс буржуазиясымен бәсекесі, шетел капиталының енуі білім беру, баспасөз және байланыс жүйесі реформасының қажеттігін туғызды. Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің алғашқы басылымдары «Түркістан уәлаятының газетін» (1870–1882), «Дала уәлаятының газетін» (1888–1902) және Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Омбыда Дала генерал-губернаторлығы шығарды (1902 жылдан кейін олар Ақмола және Жетісу облыстарының «Ведомостарына» қосымша ретінде шығарылды. Сондай-ақ бұл басылымдар ақпараттық-анықтамалық сипатта болды. Сонымен қатар газет ұйымдарына империяның қамқорлығындағы отарлық өлкенің тұрмыс салтын насихаттау миссиясы жүктелді. Осы мақсатпен ресми емес бөлімде түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиеті жөніндегі материалдар жарияланды. Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы.Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905–1907 жылдардағы революциның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден Қосшығұловтың бастамасымен «Улфат» газетіне қосымша ретінде «Серке» газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3–4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жабылып қалған. 1907 жылғы наурызда Троицкіде «Қазақ» газетінің бірінші (әрі соңғы) нөмірі шықты. Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығының ұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911 жылғы 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді «Қазақстан» газеті шықты. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда «Ешім даласы» газеті шығып тұрды. Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі топтарының өскелең талап-тілегін қанағаттандыра алмады. Жалпыұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттық проблема болып қала берді. «Айқап» журналы.1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872–1929) бұрын педагогтік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған «Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті. «Айқап» журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. М. Сералин «Айқап» беттерінде мұсылмандардың қасиетті кітабының мазмұнын ыңғайлы, түсінікті нысанда баяндауға тырысқын авторлардың мақалаларын жариялап отырды. «Айқап» журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзілік классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы жағдайында едәуір шиеленіскен зор қаржы қиындықтары, зиялылардың бір бөлігінің сол кезге қарай өзінің көркемдік толысқандығымен, қазақ әдеби тілін түлетуімен, стилінің сындарлылығымен және ең бастысы толғағы жеткен жалпыұлттық проблемаларды қоюымен әйгілі болған «Қазақ» газеті жағына шығуы 1915 жылдың тамызында «Айқап» журналы шығуының тоқтатылуына себеп болды.
|