![]() |
Алтын Орда 13 pageDate: 2015-10-07; view: 575. Азамат соғысы жылдарында қазақ халқының жағдайы өте ауыр болды. Атаман Анненковтың жендеттері тарихта болмаған, бұрын-сонды адамзат баласы естімеген неше түрлі зұлымдықтарды істеді. Анненковшылар Аягөзге келгенде қаланың тең жартысын өртеп, 800-ге жуық адамды дарға асып, атқан. Семей қаласынан 50 шақырымдай жерде орналасқан Знаменка селосында жендеттер жергілікті тұрғындардың бірін қалдырмай бауыздап кеткен. Сонымен бірге азамат соғысы жылдарында Қызыл Армия жауынгерлерінің де халқымызға істеген зияны аз емес.
64 Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия), Антанта (Англия, Франция, Ресей). Соғыстың сипаты - басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды. Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы. Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Бірінші дүниежүзілік соғысқа Ресей дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Ресейдің дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деген желеумен өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салықтың түрі енгізілді: 1. 40899244 пұт мақта; 2. 38 мың шаршы аршын киіз; 3. 3 млн. пұт мақта майы; 4. 229 мың пұт сабын; 5. 300 мың пұт ет; 6. 473928 пұт балық; 7. 70 мың жылқы; 8. 12797 түйе алынды; 9. 14 мың киіз үй салынды. Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері алынып 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Бұл егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеліп соқты. Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн - 70%, қант - 50%, сабын - 200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Соғыс Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары келді. Олар негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мыңға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық–саяси жағдайына әсер етті. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайды дағдарысқа ұшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда - үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша өкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді. 67 Петроградтағы Қазан төңкерісі. 1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптастырды. Оның себептері: 1) Монархияның ауыр мұрасы 2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді. 3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс. Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда В.И. Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. 1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілресейлік II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» атты үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің қолына көшетіндігін жариялады. Ақпан революциясының нәтиежесінде орнаған уақытша үкімет халықтың алдында тұрған көптеген мәселелерді шешіп бере алмады. Халықтың жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Ресейдің І-дүние жүзілік соғысқа одан әрі қатысуы көптеген қиыншылықтар туғызды. Міне, осы халықтың басындағы қиын жағдайды большевиктер пайдаланып қалуға тырысты. Большевиктер «Барлық билік Кеңестерге берілсін!», «Жердің бәрі шаруаларға берілсін!», «Заводтар, фабрикалар жұмысшыларға берілсін!» деген ұрандар көтерді. Бұл большевиктік насихаттың елеулі әсері болды. Бұл ұрандарға сенген халық большевиктер жағына шыға бастады. 1917 жылы 24-шы қазанда Петербургте қарулы төңкеріс басталды. Келесі күні төңкеріске шыққан жұмысшылар, солдаттар, матростар астананың маңызды жерлерін басып алды. 25 қазан айының кешінде жұмысшы және солдаттар Кеңестерінің Бүкілресейлік ІІ съезі ашылды. Съезд Ленин жазған «жұмышыларға, солдаттар мен шаруаларға» деген үндеуді қабылдады. Бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің қолына көшетіндігін жариялады. Лениннің баяндамасы бойынша Кеңестер съезі бітім туралы және жер туралы декрет қабылдады. Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Кеңес үкіметін – Халық комиссарлар кеңесін құрды. Оның төрағасы болып Ленин сайланды. Орталықта Кеңес үкіметінің орнауына байланысты жер-жерлерде, шет аймақтарда да Кеңес үкіметі орнай бастады. Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату 1917 жылдың қазан айынан 1918 жылдың наурыз айына дейін жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанда Кеңес үкіметі билігінің орнауының өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары болды. Қазақстанда жұмысшы ұйымдары аз болды. Патша үкіметі тұсында қолайлы жерлерге орналасып, байып алған орыс шаруалары жерден айырылып қаламыз деп қауптенді. Сондай-ақ, Қазақстанда большевиктік топтар аз болды. 721917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Комиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көзқарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді.1917 жылы 22 қарашада Қоқан қаласында болған Бүкілтүркістандық IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. 1917 жылы 26-28 қараша аралығында Қоқан қаласында түркістандықтардың өлкелік төтенше съезі болған еді. Бұл съездің шешімімен Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) деп аталған ұлттық өкімет құрылған болатын. Автономияның төрағасы Мұхамеджан Тынышпайұлы болды. Үкіметтің төрағасы Тынышбайұлы орнынан кеткен соң, оның орнына Мұстафа Шоқайұлы сайланды(1881-1941жж.). Бұл үкімет Түркістанның ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында күреске шығып, небары екі ай ғана өмір сүрді. 1918 жылы ақпан айында Қызыл армия Түркістан автономиясына қарсы соғыс ашып, оны қарудың күшімен басып тастады. Бұл автономияның басты мақсаты Орта Азиядағы түркі халықтарын біріктіріп, өз алдына тәуелсіз автономия алу еді. 70 “Алаш” партиясы. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында бірінші бүкіл қазақ съезі болды. Съездегі ең бірінші мәселе – мемлекеттік басқару туралы мәселе болды. «Ресейде демократиялық, федерациялық, парламенттік республика болуы керек. Қазақ облыстары автономия алуы тиіс» деген шешім қабылданды. “Алаш” партиясының бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада “Қазақ” газетінде жарияланды. Бағдарлама 10 тармаққа бөлінген. Онда мынадай басты мәселелер қаралған: Ресей демократиялық-федеративтік-парламенттік республика болуы керек; Қазақ автономиясы басқа халықтармен қатар Ресей федерациясына кіреді; Ресей федерациясында теңдік және адамның мүддесіне қол сұғылмауы, сөз бостандығы қамтамасыз етіледі; Жұмысшы заңдары жұмысшының мүддесіне сай болуы тиіс; Сайлау правосы тегіне, дініне, жынысына қарамай баршаға бірдей берілуі керек; Дін мемлекеттен бөлінуі тиіс; Сот алдымен айыптау, тергеу жұмыстарын жүргізбей тұрып ешкімді тұтқындай алмайды; Халыққа білім тегін беріледі; Бастауыш мектепте сабақ ана тілінде жүргізілүі тиіс. 71 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Бүкілқазақтық ІІ съез өтті. Съезде Халел Ғаббасов автономия туралы баяндама жасады. Съез баяндаманы талқылап мынадай қаулы қабылдады: 1. Қазақ автономиясы құрылсын. 2. Қазақ автономиясы «Алаш» деп аталатын болсын. 3. Алаш автономиясының жері, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын. 4. Алаш облыстарын қазіргі бүлікшіліктен қорғау мақсатымен Халық кеңесі құрылсын, оның аты «Алашорда» болсын. Съездің шешімімен Алашорда үкіметінің төрағасы болып Бөкейханов сайланды. Съездің ұйғарымымен сайланған Алашорда үкіметінің министрлері мыналар: төраға орынбасары Халел Ғаббасұлы, ішкі істер министрі Мұхамеджан Тынышпайұлы, әділет министрі Ахмет Бірімжанұлы, оқу министрі Ахмет Байтұрсынұлы, ұлттық қорғаныс министрі Әлімхан Ермекұлы. 68Қазақстанда Кеңес өкіметі әр түрлі жолдарымен орнады. Сырдария, Ақмола облыстарының және Бөкей ордасының көптеген аудандарында большевиктер бастаған күштер көп болғандықтан бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады. Уақытша үкіметтің жақтастары едәуір күшке ие болған Торғай, Орал, Семей және Жетісу облыстарында қарудың күшімен орнады. Кеңес өкіметі алғаш рет Сырдария облысында орнады. 30 қазанда Ташкентте, 6 қараша Перовскіде билік Кеңестер қолына көшті. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Жетісу аймағында Бокин, Рысқұлов, Масанчи, Розыбакиев, Ораз Жандосов, Виноградов, Емелевтер белсене қатынасты. Торғай облысында Жангелдин, Амангелді Иманов, Орталық Қазақстанда Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов, Әлібек Майкөтов, Батыс Қазақстанда Сейітқали Меңдешев, Әбдірахман Әйтиев, Сақыпкерей Арғыншиевтер белсене қатынасты. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауына белсене қатысқан көрнекті тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұлов 1917-1920 жылдардағы оқиғаларды бейнелейтін «Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халқы» деген еңбегінде былай деп жазды: «Мұсылмандардан бәрін тартып алады, сөйтіп қана қоймай, оларды өлтіріп те тастайды. Біздің солдаттарымыз қорғаудың орнына тонаумен және өлтірумен айналысты. Міне осындай істерден кейін езілген ұлттардың арасында наразылық туып, Кеңес үкіметіне қарсы шығуы да заңды болса керек». 1918-1919 жылдары Қазақстанда қатты ашаршылық болды. Ашаршылықтың басты себебі: азамат соғысы жылдарында қазақтардан ақтардың және қызылдардың малды тартып алуы болды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қазақ халқының алдында автономия алу мәселесі тұрды. Ленин бастаған большевиктер ұлттық автономия «Алашорда» автономиясын қолдамады. Олар өздерінің барлық халықтарға теңдік, бостандық береміз деген сөздерінде тұрмады. Олар өздерінің айтқанынан шықпайтын, таптық тұрғыдағы Ресейге бағынышты автономияны жақтады. Автономияға байланысты Тұрар Рысқұлов 1920 жылы қаңтарда Түркістан коммунистік партиясының 5 конференциясында мынадай ұсыныс енгізді: 1. Түркістан автономиялық Республикасы «Түрік Кеңес республикасы» деп аталуға тиіс; 2. Түркістан коммунистік партиясы «түрік халықтарының коммунистік партиясы» деп аталып, Мәскеуге бағынышты емес, тәуелсіз партия болуы керек; 3. Түркістанда мұсылман түрік армиясы құрылып және мұсылман емес әскерлер Түркістаннан әкетілуі қажет; 4. Түркістан республикасының бөлек конституциясы болуы керек; 5. Сыртқы істер, әскери қызмет, қаржы-қаражат және сауда Түрік республикасының өз құзырында болуға тиіс; Тұрар Рысқұловтың бұл ұсынысы жоғарыда аталған конференцияда мақұлданған болатын. Бірақ Кеңестік Ресейдің Түркістан майданындағы қолбасшы Фрунзе бұған келіспеді. Фрунзені Ленин және Сталин қолдады. Түркістан Ресейден бөлініп кетеді деп қорыққан олар, Тұрар Рысқұловты басқа жұмысқа ауыстырып жібереді. Сонымен бірге Қазақ АКСР-ын құру ісі де өте қиындықпен жүрді. Бұрын бөлшектеніп кеткен қазақ жерлерін «Сібір ревкомы» сияқты кейбір аймақ басшылары Қазақстанға бергісі келмеді. Ертістің оң жағалауы, кенді Алтай аймағы, Каспий теңізінің жағалауындағы жерлер үшін қатты тартыс болды. Сол кездегі халқымыздың көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Ораз Жандосов, Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейхановтар Лениннің қабылдауында бірнеше рет болып, бұл жерлердің ежелгі қазақ жерлері екенін дәлелдеді. Соның арқасында бұл жерлер Қазақстанға берілді. 601920 жылы 26 тамызда Ленин мен Калинин қол қойған Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен РСФСР Халық комиссарлары кеңесінің Қазақ АКСР-ын құру туралы декреті шықты. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР-ның құрылтай съезі болды. Съезде жоғарғы кеңес басшылығы сайланды. Қазақ АКСР-ы Орталық Атқару комитетінің төрағасы болып Сейітқали Меңдешев, Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Радус Зенкович сайланды. Елімізде азамат соғысы мен шетелдік интервенциясы аяқталғаннан кейін 1921 жылы Кеңес елі тағы да ауыр сынға душар болды. 1921-1922 жылғы қарсыз әрі ұзаққа созылған қыстан кейінгі қуаңшыл жаз келді. 1921 жылдың жазында елдің көптеген аудандарында ең алдымен Еділ бойын, жантүршігерлік аштық жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай Кеңес елінде 20 миллионнан астам адам аштыққа ұшырады. 76 Қазақстандағы ЖЭС. Азамат соғысы кезінде Қазақстанда национализацияланған 307 кәсіпорынның 230-ы жұмыс істемеді. Шегініп бара жатқан казак бандылар, патша әскері Қазақ жерін тонап, қиратты, халықты қырғынға ұшыратты. Жезқазған мен Успенск рудниктерін су басып Ембі мұнай кәсіпшіліктері қиратылды. Сол кездегі елдің экономикасын көтеру үшін 1921 ж. наурызда коммунистік партияның Х съезіне әскери коммунизм саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу белгіленді. Жаңа экономикалық саясаттың әскери коммунизм саясатынан ерекшелігі салғыртты заттай салықпен ауыстыру. Бұның мәнісі енді шаруа өзінің белгілі салығын өтегеннен кейін қалғанын өзінің керегіне жаратты. Сондай-ақ ұсақ кәсіпшілікке ұсақ жеке меншікке рұқсат етілді. Меншіктің бірнеше түрлері болды. Мемлекеттік меншік, жеке меншік, кооперация тағы басқа меншіктер. Жаңа экономикалық саясат аз уақыттың ішінде үлкен табыстарға жеткізді. Бұл саясат 1929 жылға дейін қолданылды. Ал кейіннен Сталин ауыл шаруашылығын бір ғана колхоздық меншікке айналдырды. Жаңа экономикалық саясат кезінде қазақ еңбекшілерін мемлекеттік шаруашылық құрылысқа тартуда 1921 ж. Ораз Жандосовтың басшылығында құрылған «Қосшы» одағы үлкен роль атқарды. «Қосшы» кедейлерге жер бөліп беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің саяси сана-сезімін, мәдени дәрежесін көтеру жөнінде көп жұмыс жүргізді. 81 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы. 1927 жылы партияның ХҮ съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды. 77 1941ж. 22 маусымда фашистік Германия соғыс жарияламастан, жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. Елімізде 2 миллионнан астам адам міндетті әскери даярлықтан өтті. Майдандағы Қызыл Армия қатарына 1 200 000-ға жуық (1 196 164) қазақстандық аттанды. Майданға қажетті әскери кадрларды даярлау ісі тылда қарқынды жүргізілді. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оқу орны көшірілді. Онда соғысқа қажетті 16 000 әскери офицер даярлайды. 42 000 қазақстандық әскери училищеде оқыды. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 зауыт пен фабриканы, кәсіпорынды Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіп орындары негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Беларусь жерлерінен әкелінді. Москва қаласы мен Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авиация жасау зауыты, Дзержинский атындағы электротехника зауыты, Москва рентген зауыты, С. Орджоникидзе атындағы механика т.б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан 40 зауыт орналастырылды. Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника зауыты, Днепропетровск вагон жөндеу зауыты т.б. Соғыс жылдарында Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізге әскери өнеркәсіп базасы болды. 1942 ж. Қазақстан КСРО-да өндірілген көмірдің 13%, қорғасынның 85%, молибденнің 60% берді. Ауыл шаруашылығының жағдайы өте ауыр болды. Жұмысшылар саны 600 000 адамға кеміді (1942 ж.). Ерлердің жаппай майданға аттануы себебінен 1942 жылы шаруашылықта әйелдер еңбегінің үлесі 75% -ке жетті. Қазақстан майданды малмен және мал өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі республика болды. Соғыс кезінде Қазақстан мал саны жөнінен одақта Ресейден кейінгі 2-орында болды.
|