Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Алтын Орда 12 page


Date: 2015-10-07; view: 810.


Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.Патша өкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады. 1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресейдің тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды. 1863 жылы қоңырат 4 мыңға жуық, бестаңбалы руының 5 мыңға жуық шаңырағы Ресей билігін мойындайды. 1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патшаның Черняев пен Веревкин басқарған әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев тобы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды. 1866 жылы Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті. Сөйтіп, XIX ғ. 30 жылдарынан басталып, бір жарым ғасырға созылған қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Ресей империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғ.60 жылдарында қазақ жері түгелдей Ресей отарына айналды. Бұл оқиғаның прогресті жағы:

1.саяси, қоғамдық қатынаста феодалдық–патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты.

2. феодалдық–көшпелі шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше бастады.

3. Қазақстан жалпыресейлік рынокқа тартылды.

4. патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті.

50 ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайы.

Патша өкіметінің аграрлық саясатының нәтижесіндегі орыс,ұйғыр,дүңгендердің қоныстандырылуы және Ресей капитализімі дамуының әсері көшпелі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өмірлеріне үлкен өзгерістер алып келді.Шаруашылықтың жаңа формалары қалыптасты;отырықшы-мал шаруашылығы және отырықшы-егіншілік.Жерге жеке меншіктің ара салмағы өсті.Көшпелі мал шарушылығы Орталық Қазақстанның далалы аймақтарында Маңғыстауда және Сырдария ауданының кейбір аймақтарында болды.Көшпелі мал шарушылығымен тек байлар ғана айналысты.Қазақтар көшпелі мал шаруашылығынан отырықшылыққа көше бастады.Мал шаруашылығының сипаты өзгерді.Бұрын қой мен жылқының саны басымырақ болса,енді жылқы,ірі қара малдың саны өсе бастады.1865-1879 жылдары Қостанай уезіндегі қойдың үлес салмағы 86 дан 44,6 түссе, жылқының саны 6.6 дан-33,7, ірі қара малдың ара салмағы 17 ден 23 өсті. Көшу радиусы қысқарды.Енді 100-150 шақырымға көшетін болды. Қазақ аулының экономикалық структурасы өзгерді.

Жаңа шыққан байлар сұлтан,болыс басқарушыларын ығыстырып шығарды.Б.Сулейменов байларды 3 категорияға бөледі; ірі байлар-2 мың қой 400 ірі қара малы бар:орташа байлар 500 қойы мен 100 ірі қара малы бар,ұсақ байлар;200 қой мен 50 ірі қара малы барлар.

Көшпелі мал шаруашылығыннан отырықшылыққа көше бастағандарды жатақтар деп атады.Олардың саны көп бола қойған жоқ. Ақмола облысында 2222 жатақ болды.Жатақтардық бір бөлігі әр түрлі кәсіппен айналыса, келесі бөлігі егіншілікпен айналысты.Орыс шаруларының қоныстануымен жатақтар үшін егін егудің мүмкіндігі шектелді.Сондықтан да жатақтар қалаға барып мерзімдік жұмысшылардың қатарын толықтырды.

Сауданың формасы мен мазмұны өзгерді. Ішкі сауда айырбас,ақшамен жүрді.Сыртқы саудада транзиттің ролі жоғары болды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында тұрақты өткізілетін жәрмеңкелер жүйесі құрылды.Жетісудағы Қарқара жәрмеңкесі 15 мамырдан-15 шілдеге дейін,Қоянды жәрмеңкесі 1 маусымнан-1 шілдеге дейін істеді.Жәрмеңкелер тауар-рынок қатынастарын дамытуға негіз жасады.Мал шаруашылығының тауарлылығы артты.

Сауданның тұрақты формалары; дүкендер, көтерме сауда орындары,айырбас сарайлары көбейді.Саудада негізгі ролдьді мал атқарды.Мысалы Ақмола облысындағы Тайыншакөл жәрмеңкесіне 1871 жылы 5 мың жылқы, 78 мың қой жеткізді.

Сыртқы саудада Қазақстан Ресей, Қытай, Монғолия, Орта Азия хандықтарымен сауда қарым-қатынасын жасады.Ресейден Монғолияға баратын сауда керуенінің бір тармағы Семей, Өскемен қалаларынан өтті.

Қазақтанның Шығыс Түркістан Орта азиямен керуен саудасында Петрапавл, Өскемен, Семей қалаларының ролі зор болды. ӨҚытай саудагерлері жоғарыда аталған қаларда сауда жасады. Шымкент, Әулиеата қалалары Орта Азия хандықтармен сауда қарым-қатынасында ірі сауда орталықтары болды. Ташкент қаласында арнайы қазақтардың арнайы сауда қатарлары боды.

 

61 Патша үкіметінің аграрлық қоныс аудару саясатыПатша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды.1861 жылы Ресейдегі басыбайлылықтың жойылуы аграрлық мәселені толық шеше алмады. Сондықтан да патша үкіметі Сібір, Қазақстанға шаруларды қоныстандыру арқылы қазақ даласын отарлауға және аграрлық мәселені шешуге ұмтылды.

Қазақстан тарихнамасында қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.

1-кезең,ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды да 1889 жылы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.Қазақ даласын отарлау мақсатында Орталық Ресей губернияларынан ауқатты шаруаларды көшіру көзделді.Бұл саясатты алғашқы жүргізушілердің бірі Жетісу облысының әскери губернаторы Колпаковскиий 1868 жылы «Жетісуге шаруаларды қоныстандыруға арналған Уақытша Ереже» шығарды. Ережеге сәйкес қоныстанушыларға мынадай жеңілдіктер көрсетілді.1/30 десятина жер,2/салық-міндеткерліктерден босатылды; 3/15 жылға рекруттан босатылды; 4/100 сом көлемінде жәрдем ақы көрсетілді.

2-кезең. ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейін.1889 жылы 13 шілдеде қабылданған Ережеге сәйкес қоныстану мәселесін Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік мүлік комитеті шешетін болды.Әрбір қоныстанушының қолында рұқсат қағазы және қайда қоныстанатыны нақты көрсетілді.Негізінен Жетісу,Ақмола,Семей облысының территорияларына қоныстануы тиіс болған.Қоныс аударған шаруларға қажетінше жерді үлестіру кеңінен жүргізілді.1885-1893 жылдар аралығында Ақмола облысынан -251779 десятина жер алынды.

1889 жылғы Заң Торғай,Орал облысына да тарап,орыс шаруалары қоныстандырылды.

1891 жылы Сібір темір жолының салынуына байланысты Арнайы комитет құрылды.Комитет енді қоныстандыру мәселесіне араласа бастады. Олардың негізгі мақсаты Тобыл, Томск губернияларынан және Ақмола облысының территориясынан 3-4 жыл ішінде Сібір темір жолы үшін 11 млн. десятина жерді бөлу алуды жоспарлады. Нәтиежесінде Ақмола облысының үш уезіне, яғни 2421503 десятина жерге 160 мың шаруаны қоныстандыру көзделді.

1895 жылы Далалық генерал-губернаторлықта да қазақтардағы артық жерлерді алу мәселесі талқыланды.Жер және Мүлік министрі А.Ермолов арнайы Сібірге және Далалық облыстарға қараған аймақтарды аралап, Ақмола,Семей,Торғай облыстарының территориясынан артық жерлерді табу жөнінде шешім қабылданады. Статист Ф.Щербин басқарған экспедиция 1896 жылдан 1902 жылға дейінгі аралықта 12 уезді аралап, әр бір уездің шаруашылығы, стастикасы, тарихына қатысты материалдар жинақтады.Қазақтардың мал шаруашылығына қажетті пайдаланатын жер нормасын-187 десятина жер-24 мал басына жеткілікті деп анықтады.Зерттелген 8 уездің ішіндегі қазақтарға бөлінетін жер көлемі 51%,ал қалған 49% қоныстанушылар қорына бөлінуі тиіс болды..Экцпедицияның жұмыс нәтиежелерімен қанағаттанбаған патшалық әкімшілік қазақтар пайдалануындағы жер нормасын азайтып «артық» жерлерді қосымша анықтау арқылы жоғарыда аталған уездердегі қоныстанушыларға бөлінетін жер қоры көлемін 63% дейін көбейтті.

Патшалық үкімет ұстанған қоныс аудару саясатының нәтиежесінде келімсек орыс,украин шаруалары ең шұрайлы,жайылымдық және су көздеріне бай жерлерге қоныстандырылды.Қазақтар сан жағынан 1897 жылы санақ бойынша 87% жетті.

1904-1906 жылы патша өкіметі Қазақстан территориясын 4 қоныстанушы аймаққа бөлді.

1/Торғай-Орал

2/Ақмола

3/Семей

4/Сырдария.

Әрбір аймақта құрылған Қоныстандыру Басқармасы артық жерлерді тауып «қоныстандыру қорын» құруға тиісті болды.

1905-1907 жылғы революция жылдарында Ресейдегі аграрлық толқулар күшейе түсті.

Қоныстандырудың ІІІ-кезеңі, 1906 жылдан-1916 жылдар аралығын қамтыды.

Николай ІІ үкіметі бұрынғы аграрлық саясатты түбірімен өзгертіп,шаруа қауымын жою жөнінде шешім қабылдады.1906 жылы 9 қарашада министрлер Кеңесінің төрағасы П.А.Столыпин шаруалардың қауымнан шығып, хуторларға кіру құқы жөнінде жарлық шығарды.Жаңа жарлыққа сәйкес «Қазыналық жерлерге қоныстандыру Ережесі» жөнінде Заң шықты. Жаңа Заңға сәйкес шаруаларға,мещандарға қауымнан шығып,өздерінің жер бөліктерін сатып басқа жерлерге көшуге мүмкіндік берілді.Бөліктік жерлерге бөлінетін төлем ақы жойылды,яғни бұл ақыны шаруа қауымнан шыққаны үшін төлейтін.1910жылы шыққан Ережеге сәйкес жаңа жерлерге қоныстанған шаруа бұрынғы жерлерге қайта көшу құқыннан айрылды.Енді шаруаның кері қайта оралуға мүмкіндігі болмады.Столыпиинің реформасы Қазақстанға келген қоныстанушылардың санын мүлдем өсірді.Қоныстану жаппай сипат алды.1906 жылы қоныстанушылардың негізгі бөлігі Жетісу облысына қоныстандырылса,ал Сырдария облысы бұл кезде олар үшін жабық болды.1908 жылдан Сырдария облысына қоныстануға рұқсат берілді. Сталыпиннің аграрлық реформасының нәтижестінде қазақтардан тартып алынған жер көлемі 17 мил. десятинаға жетсе, 1917 жылы алынған жердің жалпы көлемі 45 мил. десятинаға жеткен болатын.

 

62 1905-1907 Революция Қазақстан Ресейдің саяси жер аударылғандары мен революциялық әрекетшілерініңмекеніне айналғанына байланысты осы адамдардың аймақтардағы әлеуметтік –саяси өміріндегі ағартушылық және революциялық ұйымдастырушылық ролін атап айтқан жөн. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда бірқатар халық ұйірмелері пайда болды. Ал 1896 жылы Атбасарда Оралдан жер аударылған Ушаковтың басшылығымен бірінші маркстік үйірме Қазақстанда ашылды. ХХ ғасырдың басында Маркстік үйірмелер Акмолада, Петропавлда,Оралда, Қостанайда, Семейде, Верныйда және т.бі қаларада қалыптаты.Осы үйірмелердің негізінде РСДЖП – ұйымдары құрылды.Кәсіподақтар құрыла бастады. 1905 жылы алғашқылардың бірі болып Оралда теміржолшылардың кәсіподақтары құрылды. Сондай – ақ ірі кәсіподақтардың бірі Орынбор-Ташкент темір жолының теміржолшыларының кәсіподақтары да осы кезеңмен орайлас құрылды. Жұмысшылар ұйымдарына басқалармен салыстырғанда белсенді әсер еткен Успен кенішіндегі капиталға қарсы Орыс- қазақ одағы еді. (Русско-киргизский союз деп аталған).Бұл одақты П.Топорнин, А.Байчагиров, С.Невзоров және т.б.

Ресейдегі Революцияның өріс алуына 1905 жылғы Петербугтегі «Қанды жексенбі» негізгі себеп болды. ......... .............................Бұл жаңалық кейіннен Қазақстанға да жетті.1905 ақпан айында Туркестанда, Перовскіде, Жосалыда,Шалқарда және т.б. елд мекендерде демонстрацияны басуға қарсы әрекеттерге наразылықтарын білдіріп қозғалыстра өріс ала бастады. Москвадағы петербургтегі жұмысшылар қозғалыстарының әсерінен қазақстандағы жұмысшылар арасында, қазақ ауылдары мен қоныстанушылар ауылдарында өте белсенді революциялық ахуал қалыптаса бастады. 1905 жылы мамыр айында Верныйда, Қостанайда жұмысшылар ереуілдері өтті. 1905 жылдың жаз айында қазақ тұрғынры арасында наразылықтар бұрынғыға қарағанда ұйымдастрылған және саяси сипатта бола бастады.Осы кезеңдегі оқиға барысында бар дауысымен қазақ халқының наразылығын жан дауысымен жеткізуге тырысқан ұлттық интеленция өкілдері болды. Сол интеленци өкілдерінің лидерлерінің бірі Алихан Бөкейханов. ОЛ 1905 жылғы Қарқаралы қозғалысына белсенді араласты. Қоянды жәрменкесіне қазақ тұрғындарынан 14,5 мың адам ,31 болыстан жиналып, патша үкіметіне қарсы Қарқаралыдағы петицияға қатысты. Кейіннен бұл Қарқаралы петициясы деп аталды. Онда қойылған мәселелер қазақ қоғамындағы ең маңызды мәселелерді шешуді талап ету еді. Ол талаптар ең алдымен қазақтың ұрайлы жерлерін тартып алғаннан кеін туындаған агралық мәселені шешу, рухани саладағы орыстандыруға қарсы мәселені шешуді талап етті.

Қазақстан жұмысшылары Бүкіл Ресейді қамтыған ереуілді қолдады. Осы жылдың қазан айында Успен руднигінде, Кустанайда, Перовскіде Верныйда ереуілдік комитеттер құрылды. 18-19 октябрьде Орынборда саси ереуіл болды. 25 октябрьде Омбыда саяси демонстрация болды. 16-28 ноябрьде семей қаласында почта телеграф жұмысшыларының шерулері болды. Жұмысшылардың революциялық қозғалыстарына шаруалар мен крестяндар солтаттар қосылып қатарлары толыға бастады.

6-7 ноябрьде халыққа қарсы әрекеттерге Батыс Сібір полкінің солдаттары өздерінің қарсылықтарын көрсетті. Сондайақ Жәркент горнизоны да бұған қосылды.

1905 жылғы қанды жексенбіден кейін патшалық билік елде демократиялық еркіндікті кеңейту, бұқараның пікірін білу, халыққа еркін пікір білдіру құқын беруге әрекет ете бастады. Солайша, патша Ресейде мемлекеттік Думаны, яғни Ресей парламентінің шақырылатындығын хабарлады. Империя өміріндегі осындай үрдіс қазақтың да құлағына жетті. Осы кезде Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене араласа бастады. Әрине, қазақ зиялыларының әрекеті бұдан бұрын-ақ басталып кеткен болатын. Бұл, әсіресе, олардың кітап шығару, ағартушылық іспен айналысқан кезеңінен басталды. Бірақ 1905 жыл жалпы Ресей империясы, оның ішінде қазақ халқының өміріндегі жаңа кезең болғанын атап өту керек. Бұл жөнінен Әлихан Бөкейханов өзінің депутаттар сайлауға байланысты жазған естеліктерінде «Қазақ зиялылары үшін, қазақ саяси тобы үшін осы 1905 жыл жаңа кезең болғандығы ақиқат» деп жазды. 1906 жылы бүкіл Қазақстанда Мемлекеттік Думаға сайлау процесі жүрді. Алғашқы мемлекеттік депутаттардың қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменов сияқты депутаттар болды. Әрине, алғашқы Думаға депутат сайлауда әділетсіздік орын алды. Әр аймақтың қазағынан бір-ақ депутат сайлану керек деп, олардың құқықтары есепке алынбады. Соның салдарынан Ә. Бөкейханов Петербургқа І Мемлекеттік Думаның жабылуына бірнеше күн қалғанда ғана жетті. Әрі І Думаның жұмысына белсенді араласа алмады. Ахмет Бірімжанов бел шеше жүріп атсалысып, І Думаның мінберінен Жер мәселесі туралы айта алды. Сондай-ақ ерекше тоқталып өтер мәселе – Орынбор губерниясынан сайланған депутат, түбі – казак, Ахмет Байтұрсыновтың досы, ескі танысы бірқатар депутатпен бірігіп Ресей үкіметіне арыз-тілек беріп, Қазақстандағы жер мәселесін, яғни Қазақстандағы аграрлық мәселенің дұрыс қойылып, оң шешілуін көтерді. Ақиқатында І Дума өзі де ұзақ жұмыс істеген жоқ. Оған себеп болған патшалық жүйені батыл сынға алуы еді. І және ІІ Мемлекеттік Думада қазақ зиялылары белсене араласты. 1905 жы­лы жел­тоқсан айын­да I Мем­ле­кеттік Ду­маны шақыру ту­ралы пат­ша үкіметінің жар­лығы шығып, оған Қазақстан­нан 9 де­путат, оның ішінде 4 қазақ сай­лан­ды. Олар: Ә. Бөкей­ха­нов, А. Бірімжа­нов, А. Қал­ме­нов, Б. Құлма­нов. 1906 жы­лы та­мыз айын­да II Мем­ле­кеттік Ду­ма шақырыл­ды. Оған Қазақстан­нан 14 де­путат сай­лан­ды, оның ал­та­уы қазақ ха­лық өкілдері бол­ды. Олар: Ш. Қошығұлов – Ақмо­ла об­лы­сынан, Х. Нұре­кенов – Се­мей об­лы­сынан, Б. Қара­та­ев – Орал об­лы­сынан, А. Бірімжа­нов – Торғай об­лы­сынан, Т. Ал­ла­бер­ге­нов – Сыр­да­рия об­лы­сынан, М. Ты­ныш­ба­ев – Жетісу об­лы­сынан. Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, Ақмоладан Ш.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. Бұл фракция "мұсылман фракциясы" және "мұсылман қызмет фракциясы" болып екі топқа бөлінеді. 1907 жылдың 21 сәуірінен мұсылман депутаттары "Дума" газетін шығарып, Думада қаралып жатқан мәселелерді жариялап тұрды. Мұсылман фракциясы Ресейдің шет аймағындағы отарлау саясатын әшкерелеп, парламенттік жолмен кұрес жұргізді. Қазақ депутаттары Нұрекенов, Алдабергенов, Қосшығұлов, Бірімжанов мұсылман фракциясының құрамына, Тынышбаев конституциялық-демократиялық фракция құрамына кірді. Қаратаев алғашқы кезде тіркеу тізімі бойынша кадет партиясыныц құрамына, кейін партиялық фракция мен топтарды толықтай құрған кезде мұсылман фракциясының тізіміне енгізілді. Үкіметтің аграрлық және отаршыл саясатын сынға алған бұл Дума депутаттары құрамы жағынан да, күн тәртібіне қойылған талқылау жағынан да Бірінші мемлекеттік Думадан төрі солшыл болып шықты. Думаның 39-пленарлық отырысында қазақ өлкесіндегі жер саясатына байланысты Егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқармасының бастығы князь Васильченко мен Министр Кеңесінің төрағасы Столыпиннің қазақ жеріне қатысты жүргізіп отырған қанаушылық, озбырлық істерін дәлелді фактілер келтіре отырып сынға алып, "қоныстандыру" саясаты қазақ шаруашылығын күйзеліске ұшыратуы мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірді. 1907 ж. 3-ші маусымда таратылды.

74 Азамат соғысы (1918 – 1920 жж.) халық трагедиясы.1918 жылдың көктемінде азамат соғысы басталды. Ресейдегі ақгвардияшылардың басшылары Қазақстандағы Кеңес үкіметіне қарсы Чехославак корпусының бүлігін ұйымдастырды. Бұл бүлік Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанды қамтиды. Олар Петропавлды, Ақмоланы, Атбасарды, Көкшетауды, Павлодарды, Семейді басып алды. Қазақстандағы ақтар қозғалысының басты тірегі Орал, Сібір, Орынбор және Жетісу Казак әскері еді.

Чехославак корпусының бүлігі және соның артынша ішкі революцияға қарсы күштердің Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күреске шығуы Қазақстандағы саяси жағдайды өзгертіп жіберді. Дутов әскерлері 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Қазақстан мен Орта Азияны Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Азамат соғысы басталған кезде Қазақстандағы Кеңес өкіметіне қарсы батыста атаман Дутовтың әскерлері солтүстікте адмирал Колчактың әскерлері, Жетісуда атаман Анненковтың ірі әскери топтары күресті.

Ақгвардияшылармен күресу үшін Қазақстанда Орал майданы, Ақтөбе майданы, Сотүстік Жетісу майданы құрылды.

Қазақстан жеріндегі ақгвардияшыларға қарсы ірі соғыс операцияларын Фрунзе, Тухачевский, Чапаев сияқты белгілі қолбасшыларымен қатар Иманов, Жангельдин секілді талантты командирлер басқарды.

Азамат соғысы басталғаннан кейін «Алашорда» басшылары Самарадағы құрылтай жиналысы комитетімен, Орынбордағы атаман Дутовпен және Омскідегі Колчакпен байланыс орнатты.

Мұндағы «Алаштықтардың» мақсаты осылардың көмегімен қазақ халқына автономия әперу еді.

1918 ж. Алаш Орда үкіметі бірқатар жарлықтар шығарды. Бұл жарлықтар бойынша Алаш территориясындағы Кеңес үкіметі шығарған заңдар күшін жояды деп жариялады.

Ақгвардияшылардың көмегімен батыста, Торғайда, Қостанайда, Семейде, Алаш атты әскерлер полктерді құрылып, Қызыл Армияға қарсы күресті.

Сонымен бірге қазақ еңбекшілерінен құрылған Қызыл әскер полктері де құрылды. 1918 жылы күзде Бөкей ордасында бірінші Қазақ Қызыл әскер полкі құрылды.

Кеңестік Ресейдің Қазақстан мен Орта Азия кеңестеріне көрсеткен көмегінің айқын үлгісі Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу жөніндегі экспедиция болды.

Бұл экспедиция далалық өлкенің төтенше комиссары Әліби Жангельдиннің басшылығымен жүргізілді.

1919 ж. жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды.

1920 жылы сәуірде Қазақстандағы ақгвардияшылардың соңғы тірегі Жетісу жері ақгвардияшылардан тазартылды.

Ақгвардияшылардың қалдықтарымен бірге атаман Дутов пен атаман Анненков Қытайға қашты.

1919 жылы наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті Алаш ордаға кешірім жариялағаннан кейін, алаштықтардың шығыс бөлігі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар Кеңес үкіметі жағына шықты. 1920 жылы батыс алаштықтар да Кеңестер жағына шықты.


<== previous lecture | next lecture ==>
Алтын Орда 11 page | Алтын Орда 13 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.036 s.