![]() |
Алтын Орда 11 pageDate: 2015-10-07; view: 705. - Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді. - Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады. - Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты. - Хандық билікті жойды. Қазақ мемлекеттілігінің жүйесімен күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкелетін Ресейлік басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды. Хандық билікті қолына сақтауға талпынғандардың бірі - Арынғазы (1785-1833 жж.). 1821 жылы ол Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалып, 1833 жылы қайтыс болды. 1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К.Эссен дайындаған жоба 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Жарғысы» деп аталады. «Жарғыда» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген. 1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді: Кіші жүздің әкімшілік құрылымы: БӨЛІКТЕР (батыс, орта, шығыс) Басқарушысы - Аға сұлтан ДИСТАНЦИЯ (54) Басқарушысы - ру шонжарлары АУЫЛ Басқарушысы - ауыл старшыны Реформаның салдары: - Орталықтан басқару нығайтылды. - Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік алды. 1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, орта, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен, 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды. Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болды. Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық және Сібір қазақтарының қоршауында шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, қазақ жүздерінің билеушілері Ресей империясы сияқты одақтас іздеуге мәжбүр болды. Кіші жүздің Ресей құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр бастаған хан партиясы елеулі роль атқарды. Ол қазақ хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы басқа топтарңа қарағанда дұрыс бағалап, бірінші кезекте Кіші жүзді Ресей құрамына қосқан жағдайда Ресейдің көмегімен ғана Жоңғария, сондай-ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп-қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан бұрынырақ түсіне білді. XVIII ғ. 20-жылдарына дейін сұлтан болып жүрген кезінде Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. «Ақылы жеткілікті және қулықтан да ада емес адам» - деп А.И.Тевкелев ол жөнінде пікір айтқан. Ол ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық мүдделерін басшылыққа алып, екінші жағынан Ресей әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа бәсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруға ұмтылды, атақты Тәуке ханның заманында болғанындай, өзі билеген хандықтың жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халыққа қасіретті зардабын тигізетін жоңғар басқыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге тырысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған Әбілқайыр 1730 жылдың жазында Уфа наместнигі арқылы Петербургке елші жібереді. 48 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келіп жетті. Олар әйел патша Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. «Біз Әбілқайыр хан,- деп көрсетілді жолдамада, маған карасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген ...халқымен сіздің алдыңызға күлліміз бас иеміз. Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз». Әбілқайыр өз жолдамасында қазақтар мен башқұрттар арасында қалыптасқан тым шиеленіскен қарым–қатынасты баса айтты. Хан Кіші жүзді Ресей құрамына қосу бұл қарама қайшылықтарды жояды деп есептеді. 1731 жылғы 19 ақпанда императрица Анна Иоановна Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғандығы туралы грамотаға қол қойды. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірде Кіші жүзге А.И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Олармен бірге Петроградка жіберілген қазақ елшілері де оралды. Кіші жүз қазақтарының Ресей қол астына қабылдануында атақты Бөгенбай батыр елеулі рөл атқарды. 1731 жылғы 10 қазанда А.Тевкелевті қазақ ру басыларының жиналысына шақырды, онда Әбілқайыр, содан соң Бөгенбай батыр, Есет, оның тумасы Құдайназар мырза, ал олардан кейін тағы да 27 білікті қазақ феодалдары Кіші жүздің Ресейге өз еркімен қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойды. Орта жүздің Ресей бодандығын қабылдау 1731 жылы 15 желтоқсанда А.Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп, ант беріп, «өзінің мөрін басты». Ресей патшасының Кіші жүзді қоластына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр әйел патша Анна Иоановнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қоластына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Қангелді батыр жеткізді. Мұның өзі Ресей құрамына енуге Ұлы жүз тарапынан жасалған алғашқы әрекет болды. 1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойып, Ұлы жүз хандығына “Сіздерді қол астымызға Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз”–деген қағаз жіберді. Алайда Ұлы жүздің Ресейге шалғайлығы, сондай-ақ, оның Жоңғариямен мейлінше күрделі әрі шиеленіскен қарым–қатынасы қазақ жерлерінің Ресей құрамына енуін іс жүзінде асыруға кедергі келтірді. Оның үстіне Ұлы жүздің Ресейге қосылуын белсене жақтаушылардың бірі - Жолбарыс хан 1740 жылдың 5 сәуірінде опасыздықпен өлтірілді. 1740 жылы Орынбор экспедициясынің бастығы генерал–лейтенант князь В.А.Урусов Орынборға елшілік тапсырмасымен келіп, 19 мамыр мен қыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөгенбай және Есет батырлар кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Келіссөздердің барысында 22 тамызда Нүуралы, Ералы сұлтандармен Жәнібек батырға ере келген 106 ру басы Ресейге қарайтыны туралы ант берді, ал 28 тамызда 1740 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресейге қарайтыны жөніндегі шартқа қол қойды. Сөйтіп, 1740 жылғы тамыздың аяғында Кіші жүздің барлығы 399 өкілі Ресейге қарайтыны туралы шарттың міндеттемелерін қабылдады. Патша үкіметінің қазақ жүздеріндегі саясаты олардың қосылуы басталғаннан кейінгі алғашқы жылда әжептәуір икемді саясат болды. Жерді пайдалану саласындағы шектеу шараларымен, әскери барлаулар, ұлттар арасындағы қақтығыстар, қазақ феодалдарын бір-біріне қарсы қоюмен қатар келіссөздер де жүргізіліп, сауда қатынастары көтермеленіп отырды. Сонымен Кіші және Орта жүздерінің бір топ сұлтандары мен ру басыларының 1740 жылы ант беруі Ресейге Орта жүздің тек бір бөлігінің ғана қосылуын қамтамасыз етті. Ал солтүстік–шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империя құрамына тек XIX ғ. 20-40 жылдыры ғана патша өкіметінің әскери-саяси акциялары салдарынан қосылды. 49 Кенесары Қасымұлы басқарған халық көтерілісі (1837-1870 жж.).Көтерілістің алғышарттары. Ұлт-азаттық қозғалыстың тарихында XIX ғ. ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің сипаты жағынан Ресей саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа созылуы және табандылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және кейінгі көтерілістерден едәуір ерекшеленеді. XIX ғ. 20-30 жылдарында Қоқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады. 1836 жылы Қоқан ханы оңтүстікке қоныс аударған Саржан Қасымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды. Орта жүз жерінде 1822 жылғы жарғы бойынша бұрынғы дәстүрлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті. Көтерілістің мақсаты: 1. Ресейдің отарлау саясатына шек қою. 2. Патша өкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау. 3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату. 4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету. Көтерілістің қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардың мақсаты: 1. Көтерілісті пайдаланып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу. 2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу. Көтеріліске әр түрлі ұлттардың өкілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшілердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр және т.б. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты. Көтерілістің барысы. 1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды. 1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады. 1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынып, бірақ батыр оны қабылдамайды. Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді. 1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Гейнс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді. 1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынбордағы тобымен шайқасып, казактар шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақырылып, сотқа берілді. 1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір генерал-губернаторы князь Горчаковқа және I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары: 1. Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою. 2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру. 3. Салық жинауды тоқтату. Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын. Кенесарының қойған екінші талаптары әскери бекіністер салынбаған Актау, Есіл және Нұра–Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын одан әрі жүргізу болды. Патша әкімшілігінің қойған талаптары: 1.Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу. 2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға рұқсат ету. 3. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Ресей империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру. Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды және келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша өкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастыра түсті (Ырғыз, Торғай өзендері бойында салынды). Кенесарының хандық билігі. 1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық мемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билер мен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес шешіп отырды. Хан Кенесі - кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отыратын ақсақалдар кеңесіне қарағанда, бұл біршама ерекшелік еді. Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері: 1. Билер сотын жойып, хандық сот енгізілді, нәтижесінде жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. 2. Арнайы қаржы тобын құрды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан. 3. Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады. Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының өзі талаптанды. Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен бірге ол ауыл бойынша ерекше салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сияпат ретінде сыйлықтар алып отырды. 4. Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние мүлікті бөлу тобын кұрды. 5.Хандық Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап отыратып және Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін сайлады. 6. Отырықшылықты дамытты. 7. Барымтаға шек қойды. 8. Дипломатиялық қызмет ұйымдастырды. 9. Әскери істе жасақтарды жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, қатаң әскери тәртіп орнатты. Опасыздарға өлім жазасын кесті. Оның әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді. 10. Бұйрығын орындамағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған (кінәлі адамның басына қылышпен не пышақпен кесіп белгі салған), ондай жаза алғандар Кенесары кешіргенше айыпты деп саналды, ешқандай іске қатыса алмады. Алайда, XIX ғ. бірінші жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады . Кенесарының ақырғы жорығы. Орынбор және Сібір шептері арқылы қысымға алынған Кенесары көтерілістің басты ошағы Торғай даласынан 1845 жылы Жетісуға ойысуға мәжбүр болды. Жағдайының қиындап кеткенін ескерген Кенесарының мақсаты Абылай ханның тікелей тұқымдары билеген Ұлы жүзге барып, патша өкіметіне және Қоқан ханына қарсы күресте қолдау табу еді. Екіншіден, хандығының құрамына Жетісуды қосу арқылы Абылай кезіндегі қазақ мемлекетінің иелігін қалпына келтіру де Кенесарының ойында болды. 1845 жылы қарашада Кенесары Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін басып алып, Ташкент пен Түркістанға қарай бағыт алды. Бұл Қоқан билеушілерінің үрейін туғызды. Кенесарыға қарсы Бұхар мен Қоқан одағы құрылды. Оңтүстікке қоныс аударған Кенесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей қолдамады (Сүйік, Құнанбай Өскенбайұлы, Барақ Сұлтанбайұлы сияқты белгілі адамдар). Өзін қолдамаған ауылдарды Кенесары ойрандата бастады. Оның бұл әрекеті қарапайым халықтың наразылығын туғызып, көтерілістің жеңілуін тездетті. Көтерілісшілер қырғыз манаптарының иелектеріне жақындады. Ресей мен Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары (феодалдары) Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынысын қабылдамады. 1847 жылы сәуір айында Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгеріп, әскерлердің қырғыз ауылдарын тонауы Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызды. Қазақ сұлтаны Рустем мен Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында Кенесарыдан бөлініп кетуі, қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті. Кенесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бішкектің маңы) тауының маңайындағы Майтөбе деген жерде болды. 1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты. Орыс үкіметі Кенесарыны жазалаушылардың еңбегін ұмытпады. Жантай Қарабеков патша өкіметінен алтын медаль, арнайы мақтау қағазына ие болды. Жеңілу себептері: 1. көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады. 2. қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды. 3. Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемелекет құруға мүдделі болмауы. 4. көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды. 5. қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады. 6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Ресейге қарсы тұра алмады. Көтерілістің тарихи маңызы: 1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. 2. XIX ғ. бірінші жартысындағы Ресейдегі азаттық көтерілістердің құрамдас бөлігі. 3. Патша өкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті. 4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығын көрсетті. 5. Патша өкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатын жүргізіп отырғанын көрсетті. 6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді. Кенесары – Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға. Оның ерлігіне арналып, «Кенесары – Наурызбай» дастаны жазылды (авторы Нысанбай). Кенесары қазақ халкының азаттығы үшін, отаршылдыққа қарсы күрескен ұлттық батыр. 53 Ұлы жүздің Ресейге қосылуы. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.Ұлы жүз Ресей қол астына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Себебі XIX ғ. 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздердің Оңтүстіқ аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтардың иелігінде болды. Бұл өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары қыспаққа алуды тоқтатқан жоқ. Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге шабуылдап отырды. Әсіресе Хиуа ханы Мұхаммед–Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылы Хиуа ханы 2000-ға жуық қазақ ауылын аяусыз қырып жойды. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып көтеріліс қатыгездікпен жаншылды. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Ресей мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Ресей империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Ресей империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Ресей империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Ресей мемлекетінің құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Ресей билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қантарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін Ресей патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы Қапалда (1847 жылы салынды) болды. 1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты тірегі Таушүбек бекінісін қантөгіссіз басып алады. 1853 жылы – Ақмешіт қаласының Ресейдің қол астына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастап Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды. 1854 жылы көктемде пристав М.Д. Перемышельский отряды Верный бекінісінің негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекініске Сібірден 500-ге жуық отбасы қоныстанды.1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды. 1856 жылы Верныйда Орталық Ресей губернияларынан, Воронежден келген қоныстаушылардың саны бұрынғыдан да арта түсті. 1857 жылы Верныйда су диірмені, 1858 жылы сыра заводы ашылды. XIX ғ. екінші жартысында Верный қаласында П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский, Ш.Уәлиханов сияқты ірі ғалымдар біраз уақыт тұрған. Верный бекінісінің салынуы XIX ғ. 50-жылдарында қазақ елінің оңтүстіқ аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.
|