![]() |
Алтын Орда 10 pageDate: 2015-10-07; view: 682. Қазақстанның жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы ішкі саяси жағдайы.1635 жылы Жоңғар мемлекеті құрылды. XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді. Қазақ қоғамының экономикалық базис-(негізі)-көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды. XVII ғасырдың ақыры мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға тап болды. Қазақ хандығына үстемдік еткен әскери феодалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс пен алауыздық ұлғая берді. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) жіктелетін еді. Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар үш жүздің ұлы ханына (Қазақ хандығының ханына) сөз жүзінде бағынғанымен, іс жүзінде өз алдына жеке саясат жүргізе бастады. Әрбір жүздің қарауындағы ұлыстарды билеген сұлтандар да дербестікке бой ұрды. Сөйтіп, Қазақ хандығы XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында негізінен саяси жағынан бытыраңқы ел болып қала берді. Саяси берекесіздіктің экономикаға тигізген зардабы күшейіп, жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар бұрынғыдан да әлсіреді. Жоңғар феодалдарының шапқыншылығы салдарынан көшпелі және жартылай көшпелі аймақтармен қала-қыстақ арасындағы шаруашылық байланыс және сыртқы базарлармен сауда-саттық байланыс үзіліп қалып отырды. Бұл жағдайлар халықтың шаруашылығы мен тұрмысына қыруар қыйыншылықтар туғызды. Елдің экономикалық өмірінде үлкен рөл атқарып келген Оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауда орталығы болған калалар құлдырап кетті. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болды. Қазақ халқының басына зор зобалаң бұлты төнді. Қазақтың феодал шонжарлары арасындағы алауыздық, хандыққа таласқан өзара қырқысқа айналды. Тәукенің орнына отырған Болат ханның атағы ғана болды. Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, Қазақ хандығы саяси жағынан бөлшектенді: Орта жүзді Сәмеке хан мен Күшлік хан биледі. Ұлы Жүзді Жолбарыс хан биледі, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі. Ең беделді деген Әбілхайыр ханның билігі де Кіші жүзге тұтас жүрмеді. Барақ сұлтан мен Қайып сұлтандар өз иеліктерін жеке басқарды. Бөлшектенген бытыраңқы хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш біріктіре алмады, нәтижесінде үрдіс-ұдайы шабуыл жасап, жоңғарлар жеңіске жетіп отырды. Жоңғарлардың жеңісінің негізгі себебі, жоңғар әскерлерінің жауынгерлігінде емес, қазақ хандарының өзара қырқысуында еді. Мұны өз заманындағы тарихи жазба деректер дәлелдейді: «1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қан төгіс ұрыс, алғашқы екі күннің ішінде қазақтар бір шама ойдағыдай ұрысса да, соңы қазақ жасақтарынның жеңілісімен аяқталды... Орыс елшісі Бранцевтің айтуына қарағанда, ұрыс қатты болған. Қазақтың жеңілуіне себеп: екі ұдай болып жауласып жүрген Әбілхайыр сұлтан мен Қайып сұлтанға қараған жасақтардың әскер басшылары өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеген» . Қазақтардың жеңіліске ұшырау себебі қазақ хандары арасындағы феодалдық тартыстан болып отырғаннын Орынбор экспедициясының бастығы И.Крылов ақын айтқан. Ол: «егер жалпы ауыз бірліктері болса қазақтар басқыншыларды жеңіп шыға алған болар еді, бірақ олардың бір ханы соғысқа шығатын болса, екіншісі соғысуды қояды. Сөйтіп, өздерінің иеліктерін қалмақтарға жем қылып, жұрдай болып шыға келеді» деп жазады. Сонымен, XVIII ғасырдың 20-жылдарында Қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзелтті. «Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама» жылдары.1718 жылы Тәуке хан қайтыс болған соң, қазақ феодалдарының арасындағы қырқыс пен алаусыздықтың өршуі, қазақ жүздерінің дербестеніп, бір-бірінен алшақтауы Қазақ хандығын саяси жағынан бөлшектенген елге айналдырып, оның әскери-саяси күшін мейлінше әлсіреткен еді. XVIII ғасырдың басында жоңғар хандығының өзіне Цинь билеушілерінің тарапынан шапқыншылыққа ұшырау қауіпінің төнуі жоңғар билеушілерін қазақ жүздеріне қарсы неғұрлым батыл әрекет жасаудан тежеп отырды. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Қансидің, өлуінен кейін бұл қауіп біраз уақыт азайды, 1723 жылы жоңғар-қытай бітімі жасалды. Шығыстағы өз тылын қауіпсіздендіріп алғаннан соң, жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтан қазақтармен соғысуға белсене әзірлене бастады. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мұқият әзірленіп, жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызша аңыздарында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-Сұлама» деп аталған «сұрапыл апаттың» басталған жылы деп есептеледі. Барған сайын аясы тарылған аз ғана жерде қыс қысымын көріп күйзеліп, жұтап шыққан елге 1723 жылы көктемде жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасады. Олардың қалың қолы Қазақстанның Оңтүстік аудандарына басып кіріп, Қаратаудан асып, Талас өзенінің алабына дейін жетті. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүлкін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Жоңғарлар халықты аямай қырды, Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өздерінен өткен кезде талай адам өлді. 1724-1725 жылдары жоңғар феодалдарының әскерлері Сырдария алабындағы отырықшы егінші ауылдар мен қалаларды ойрандап, Қазақ хандығына қарасты Ташкент, Сайрам, т.б. қалаларды басып алып, талан-таражға ұшыратты және қиратты. Жетісу мен Сырдария өңіріндегі егістік жерлер құлазып, қалалар қаңырап, қолөнер, сауда орталықтардан қол үзу елдің экономикасын қатты күзелтті. Жаудың тұтқиылдан жасалған жойқын жорығынан есі шығып, бас құрып тойтарыс беру мүмкіндігінен айрылған қазақтар тоз-тоз болып жосып, Сырдария өзенінің ар жағына өтті, Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Шыршық өзенінен ары кетті. Қазақтардың біразы Алқакөл маңынан Бухара мен Самарқаға қарай ағылды. Ал Кіші жүз қазақтары Сауран қаласын айналып, қазіргі Шиелі, Қызылорда тұсынан Хиуаға қарай беттеді. Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат, зор зобалаңға тап болып, адам айтқысыз аянышты күндерді басынан кешірді. Атақоныс, құтты мекен, мал-мүлкінен және баспанасынан айырылып, аш-жалаңаш, жаяу-жалпы шұбырған қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған ыстығында қағыр далада қаңғырып шөлден қырылды. Қыстың ақ қар, көк мұз қақаған аязында күн көрісі малын жұтатын, үсіп өлді. Әйелдер мен балалар және қарт адамдар адам төзгісіз жол азабына шыдай алмай, жапан түзде қалып аштан қырылды. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Мұның мәнісі: атамекен, мал-мүлкінен айырылып, жаяу-жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, «Алқакөлдің түбіне барып сұлау» деген сөз екен. «Ақтабан шұбырынды» апатында зар заманды басынан кешірген қалың қазақ қауымы өзінің аянышты ауыр халі мен көңіл-күйін бейнелейтін «Елім -ай» сынды мұңлы ән шығарды. 1757 жылы Қытайлар Жоңғараларға шапқыншылық жасап жоңғар мемлекеті тарих сахынасынан жойылды. 52Абылай ханның ішкі сыртқы саясатыАбылай хан 1711 жылы қанішер Абылай ханның баласы Уәли сұлтанның шаңырағында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты Әбілмансұр болатын. Жоңғарлар Түркістанды алып, Уәли сұлтанды өлтірген кезде, 13 жасар бала мүлде панасыз қалады да, Әбілмансұр Ораз дейтін құлының арқасында жан сақтап, бұғанасы бекиді. Төле бидің түйесін бағады және оны жұрт Сабалақ деп атап кеткен. Абылай ханның ішкі саясаты. 1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Нұралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылайды ақ киізге көтеріп, үш жүздің ханы етіп жариялады. Абылай Қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды. Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ. Сұлтандардың едәуір бөлігі әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмамбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Хан билігіне наразы болған кейбір ру басылар оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай, Ш.Уәлихановтың айтуынша, сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман қалу үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады. Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғ. бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII ғ. 20-30 жылдарында бұл жүйе өзгере бастады, сұлтандардың рөлі арта түсті. Абылай хан үш жүзді өзінің туыстары, балалары арқылы билей бастады. 1774 жылы Әділ сұлтан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындалды, Солтүстік – шығыс Жетісуды оның бір баласы Сүйік, Орталық Қазақстанды Қасым билік етті. Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық жері хан балалары арасында бөлінді. Тек, Кіші жүзде және Орта жүздің батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында - Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары- сұлтандар билік етті. Орталық билікті күшейту үшін Абылай бірқатар жаңа өзгерістер енгізіп заңдастырды. Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдарындағы хан билігіне қойылған шектеулерді жойды. Ірі ұлыстарды билеуде хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындауда, олардың қызметі және тұлға ретіндегі қасиеттеріне сүйенді. Дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Сөйтіп, сот істерін шариғат ережелерін негізге алып жүргізетін билер сотына шек қойылды. Сонымен қатар Билер Кеңесі мен рубасы ақсақалдар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Сарай маңына топтасқан батырларға сүйеніп, Абылай хан өзіне қарсы шыққандарды қатыгездікпен басып отырды. Абылай хан әскери істерді де қайта кұруға жан-тәнін жұмсады. Көшпелілердің Шыңғыс хан заманынан бері сүйекке сіңген соғыс машығын кеңінен қолданумен қатар, жаңа жағдайға байланысты әдіс-тәсілдер шығарып отырды. Жеке жауынгерлердің белсенділігін арттырумен қатар, бір-екі жылға емес ұзаққа созылуы мүмкін үлкен соғыстың стратегиялық жоспарын жасайды. Абылай хан қазақ елінің шаруашылық құрылымына өзгерістер енгізуге тырысты. Ертіс пен Еділ бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығының дамуына зор мән беріп, барынша қолдап отырды. 1761 жылы императрица Елизавета Петровнаға жолдаған хатында ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұстаны және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған. 1772 жылы вице-канцлер М.Л.Воронцовтың жарлығымен Абылай ханға арналған Есіл өзеніне таяу Жаңғызтау деген жерде ағаштан үй салынды. Абылай хан қазақ халқының мәдениетін дамытуға белгілі көңіл бөлді. Оның төңірегіне аса белгілі жыраулар мен күйшілер, шешендер, қазақ даласына белгілі суырып салма ақындар топтасты. Олар: Тәттіқара ақын, Үмбетей, Бұхар жырау. Ханның кеңесшісі, әрі қазақ хандығы дербестігінің жыршысы Бұхар жырау ішкі және сыртқы саясатта мейлінше ықпал еткен адам болды. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқаларындағы кемшілігі Абылай хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Хан билігін бұрынғысынша билер мен сұлтандар едәуір дәрежеде шектеп отырды.Абылай ханның сыртқы саясаты.Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымырашылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Ресей бодандығын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктерінде екі державаның да ықпалының күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділік көрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Ресей сарайына әлдеқайда ынталықпен..., ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агрессияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Ресейден өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Ресей де, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартты. Ресейдің өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетінін түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойды, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге билігін танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петропавлда да ант беруден бас тартты. 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Ресеймен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлдем үзді. Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара–ұра жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдардағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханның XVIII ғ. 70- жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығаюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін де бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді.Оған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшы және дипломат болды. Дегенмен де, ол тарих көшін өзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш–қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркістанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленді. 47 1822 және 1824 жылдардағы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» 1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде оның үлкен ұлы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы жарғыға» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл жарғыны 1822 жылы Ресейдің XIX ғ. белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С.Батеньков белсене қатысты. Оған М.М.Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Жарғыда» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға балаларын жалпы негізде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді. Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар туғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді. 1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобыл, ал 1839 жылдан бастап орталығы Омбы болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы жарғы» талдап жасалынды. «Жарғы» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жер аумақтық (территориялық) емес, рулық принципі алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балаға мұра болып қалдырылып отырды. Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді және патша әкімшілігі белгілеген орыс екі кеңесшісі болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі атқарушы отырды. «Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып , олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б) даулы істер; в) басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтық приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады. Орта жүздің әкімшілік құрылымы: ОКРУГ (15-20 болыс) Басқарушысы- округтық приказ және аға сұлтан БОЛЫС (10-120 ауыл) Басқарушысы - болыс сұлтаны АУЫЛ (50-70 шаңырақ) Басқарушысы- ауыл старшыны 1822 жыл - Орта жүзде хандық билік жойылды. Әкімшілік - саяси реформаның салдары:
|