![]() |
Алтын Орда 9 pageDate: 2015-10-07; view: 686. Х1ғ. Оғыздар Иранға және Алдынғы Азияға жылжиды. Бұл жорықты Тоғрұл бек пен Чағры бек бастаған, Салжұқтың немерелері. Олардың соңынан ергендерді тарихта салжұқтар деп атаған. 1025 жылы салжұқтардың бір тобы Түрікмен жеріне тоқтаса, басқалары әрі қарай Иранға кетеді. Шапкыншы- лықтын нәтижесінде салжұқтар аумақта империя құрады, оған Кіші Азия, Иран, Кавказдын бір бөлігі және Орта Азия кірген. Х1 ғ. ортасында ішкі қайшылықтардың салдарынан Оғыз мемлекеті құлайды, ал оның халқының бір шеті Қыпшақ Одағына кіріп, Дешті Қыпшақ даласының тайпаларымен араласады, басқалары Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға, не Қарахан мемлекеті мен Иранға коныс аударады. 23 Ортағасырлық ғұлама ойшыл ғалым Әбу-Насыр әл - Фараби (870-950ж.ж.) Отырар қаласында туылған. Қала билеушісінің баласы деп айтылады. Өз қаласында білім алып, ол Бағдадқа барып оқуын жалғастырады. Әл-Фарабиді Шығыстың Аристотелі деп атады, себебі ол көптеген ғылыми салаларда шығармалар жазып, зерттеулер жүргізді. Оны энциклопедиялық дәрежедегі ғалым деп айтуға болады. Автор өзінің трактаттарың математика, философия, музыка, саясат, медицина, физика, заң, жаратылыс тану салаларына арнаған. Ол материалистік көзкараспен философиялық ой-пікірлер білдірген, мысалы, адам дүниені және оның негізгі мәнін сезім және парасат арқылы түсінеді. Қоғамдағы саяси-әлеуметтік процестерді ойлай келе, Әл - Фараби әділетті қоғам туралы пікірін «Әділетті қала тұрғындары» деген шығармасында көрсеткен. Ол әлеуметтік әділеттік, шындық орнату үшін күрескен. 29 Ақ Орда.13 ғасырдың аяғына қарай Алтын Орданың ханы Батый Жошы Ұлысының шығыс өңірін, яғни қазіргі Арал теңізінің солтүстік-шығыс өңірін Жошының үлкен ұлы, өзінің ағасы Орда-Еженнің қарамағына береді. ХІV ғасырдың басында Алтын Орда мемлекеті ыдырап жатқан кезде, Орда Еженнің қарамағына берілген өңірде дербес Ақ Орда мемлекеті құрылады. Мемлекеттің территориясы: Арал теңізінің солтүстік-шығысы, Сырдария алқабынан Есіл, Сарысу өзеніне дейін; Ертіс өзені, Алтай тауларынан Жайық өзеніне дейінгі өңірлер. Ақ Орда халқы өзбек-қазақтар деп аталған. Қалалары: Сығанақ, Яссы, Сауран, Жент т.б. Ақ Орданың алғашқы ханы Сасы-Бұқа болды. Бұдан кейінгі Ақ Орда хандары Ерзен, Мүбәрәкқожа Алтын Ордаға тәуелділіктен құтылуға әрекет жасай бастады. Ақ Орданың күшейген кезеңі – Орыс ханның (1361-1377жж.) билік құрған уақыты. Ақ Орда ХІV ғасырдың 70 – жылдарында Алтын Ордадан Қажы Тарханды (Астрахань), 1374-1375 жылдары Алтын Орданың астанасы Сарай Беркені тартып алады. Ақ Ордаға Темірдің жорықтары.ХІV ғ. 60 жылдарында барлас руынан шыққан Әмір Темір (Ақсақ Темір) Әмудария мен Сырдария аралығындағы Мәуренахрда мемлекет билігін қолына алады. 1370 жылы көктемде Мәуренахрдың әмірі болып, бұл билікті 35 жыл бойы қолында ұстайды. Әмір Темірдің басты мақсаты Ақ Орданы әлсірету болды. Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс Орыт ханды өлтіріп, Ақ Орда ханы атанады. Тоқтамыс барлық Алтын Орда жерін басып алады. 1389, 1391, 1395 жылдары Әмір Темір Тоқтамысқа қарсы соғысқа 3 рет аттанады. Темір әскерінің саны 200000 болды. Нәтижесінде Тоқтамыс жеңіліп, Сібірге қашады. 1396 жылы билік Едігенің (билік құрған кезі 1396-1411 жж.) қолына көшеді. Едіге 1399 жылы Шәдібекке, 1408 жылы Болатқа билік тізгінін береді.. Өзі 1406 жылы Тоқтамысқа жорыққа аттанады. 1411 жылы Қырым ханымен шайқаста хандық билік Болаттың қолынан шығып кетеді. 1419 жылы Едіге қайтыс болады. 1423-1428 жылдары Орыс ханның немересі Барақ хан Ақ Орданың билігін қолына алады. 1426 жылы Барақ Темір әскерін жеңеді. Барақ өлгеннен кейін 1428 жылы Ақ Орда ыдырады. Көптеген территориялар Шайбани Әбілхайырдың билігіне өтеді. Ақ Орда ХІV- ХV ғасырларда Казақстан аумағындағы феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басында Шыңғыс тұқымынан шыққан хандар отырды. 32 Қыпшақтардың шетелдер тарихындағы рөліШыңғыс ханның Отырарды ойрандауынан кейін, қыпшақтар тарихтағы өз орнын жоғалтады. Монғол шапқыншылығынан кейін, қыпшақтардың кейбір тармақтары Венгрияға, Византияға қоныстанады. Енді бір тобы Сирия мен Египетке құл ретінде сатылады. 1250 жылы Бейбарыстың басшылығымен Мысырдағы қыпшақтар хандық билікті қолына алады. Мысырдағы қыпшақтар хандық билікті атадан балаға мұрагерлік жолмен беріп отырған. Қыпшақтар Ресеймен, Византиямен, Үндістанмен, Венгриямен сауда экономикалық, мәдени байланыстар жүргізген. Орыс деректерінде қыпшақтарды половцы деп атаған. Яғни сарғылт түстілер. Еуропалық деректерде кумандар деп атаған. Венгрия жеріндегі Мажарстанда қыпшақтар мекен етеді. 34 Қазақ жүздерінің құрылу тарихы. Жүз атауы шаруашылық аймақ деген мағынаны да білдірген. Қазақ жүздері туралы мәліметтер жазба деректерде ХVІ ғасырдан бастап кездеседі. Олардың пайда болуы Қазақстанның табиғи климаттық жағдайларына, халықтың көшпенді өмір сүруіне байланысты. Ұлы жүз Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, орта жүз орталық және Солтүстік Қазақстанда, кіші жүз Батыс Қазақстанды мекендеді. Ұлы жүз: Жалайыр (ноқта ағасы) Дулат (Төле би, Бауыржан Момышұлы шыққан), Албан, Суан, Сарыүйсін, Шапырашты (Жамбыл, Сүйімбай, Н.Назарбаевтар шыққан), Ысты (Д.Қонаевтің елі), Ошақты, Қаңлы, Сіргелі, Шанышқылы, 2. Орта жүз: Арғын (ноқта ағасы, Қазыбек би шыққан), Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей,Уақ, Тарақты.3. Кіші жүз: 12 ата Байұлы, 6 ата Әлімұлы 7 ата Жетіру Байұлы: Адай, Алтын, Жаппас (Алтын-Жаппас), Алаша, Таз, Беріш, Байбақты, Масқар, Шеркеш, Есентемір, Ысық, Тана, Қызылғұрт. Әлімұлы: Қарасақал, Қаракесек, Төртқара (Әйтеке би шыққан), Кете, Шөмекей, Шекті.Жетірудан: Табын, Тама, Кердері, Керейт, Телеу, Рамадан, Жағалбайлы. Бүгінгі қазақтар – Еуразия құрлығында мыңдаған жыл елдік құрған, Қадыр Мырза-Әлі айтқанындай: «Қытайға ұлы қорған салдыртқан» ежелгі ғұндардың, сақтардың, үйсіндер мен көк түріктер т.б. көшпенділер мәдениетінің заңды жалғасы болып табылады. Тарих сахнасына бірінен соң бірі шыққан көшпенділердің бітіспес жауы-отырықшылар еді. Әбіл мен Қабылдан басталған осы бітіспестік ХІІІ ғасырдағы ұлы Шыңғыс заманынан да өтіп, даңқты Әмір Темір дәуірін де артқа тастады. Әлемді ат дүбірімен дірілдеткен көшпелілер дәуренінің, дәуірінің жұқарған жұқанасындай, ХҮ ғасырдың ортасында дербес Қазақ хандығы құрылды. Қазіргі қазақ ұлтының жалпы түркіліктен өзгешеленіп, шынайы қазақтық қалыптасуы осы кезеңнен басталды. 35 Қазақ хандығының құрылуы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати«Тарих-и-Рашиди», Әбілғазы «Шайбани наме», «Түріктер шежіресі», Шайбани Рузбинхана «Михбани-наме» және басқада деректерде айтылған. Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекетінің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Сөйтіп, 1465-1466 жылдары Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қозыбасы тауының маңында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Жасының және жолының үлкендігіне қарай Керей алғашқы қазақ хандығының тағына отырды. (1458-73 ж.) одан кейін Жәнібек (1473-1480) Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтанның Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Соның нәтижесінде XV ғ. 70 жылдары қазақ хандығының шекарасы кеңейді. Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін ұстаған Мұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да тоқтамады. Мұрындық(Керейдің баласы). Олардың кезінде хандық Сырдария қалалары үшін күрес жүргізіп, нәтижеге жетеді. Хандыққа Сығанақ, Созақ, Отырар,Түркістан қалалары қосылады. Олар Жібек жолында тұрғасын, мемлекетке зор экономикалық пайда әкеледі. Қасым хан тұсында және Хақназар хан тұсында қазақ хандығы нығая түскен. 38 16-17 ғасырлардағы қазақ хандығының басқару жүйесінің әлеуметтік құрылымы. Хандар кезеңінде қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі әлеуметтік топтан – ақсүйектер мен қарсүйектерден тұрды, олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды. Шыңғысханның әке жағынан тарайтын, хан болмаған ұрпақтарын білдіру үшін сұлтан терминімен қатар «төре» немесе «оғлан» термині қолданылған. Алайда «төре» деген сөз сұлтандарды ғана емес, неғұрлым көп адамдарды – жалпы алғанда көрнекті және атақты адамдарды да, қазы, билерді де білдіру үшін қолданған. Ұлыстарды басқару сұлтандарға ұлыс адамдарына әскери-саяси билік етуге де, іс жүзінде жайылымдарды, су көздерін және т.б. билеп-төстеуге де құқық беретін еді. Әрбір ұлыс сұлтаны ұлыс аумағының мұраға алатын құқығы бар жеке иеленуші емес, ең алдымен ұлысты басқару және ұлыс әскеріне қолбасшылық ететін құқығы бар билеушісі болды. «Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адам, - делінген «Жеті Жарғы» қаулыларында, - өлтірілген адамның туыстарына жеті адамның құнын төлейді. Сұлтанға немесе қожаға тіл тигізіп ренжіткен 9 мал, ал қол тигізген 27 мал төлеумен жазаланады». Қоғамның басқа мүшелері алдындағы тағы бір артықшылығы – оларға дүре соғуға болмады және билер соттамады. Шыңғысханның ұрпақтарын сұлтан немесе ханның өзі соттайтын болды. Әңгімелескен кезде қарапайым адамдардың оларды атымен атауына болмайтын еді, есімінің орнына тақсыр (мырза) деген қолдануға тиіс болды. Сұлтанмен кездескен кезде кез-келген қарапайым адам атынан түсіп, онымен бір тізесін бүгіп тұрып сәлемдесуге тиіс болған. Сәлеміне жауап ретінде сұлтан оның иығына қолын салған. Сұлтанның үйі ақ киізбен жабылған. Ақсүйектердің барлық өкілдері тек қана ақ киіздің үстінде отырған. Сұлтандар (әскери міндеткерліктен басқа) ешқандайда міндеткерліктер атқармады. Қазақ ұлысы барлық сұлтандардың «Асқар» деп аталатын бір ғана ерекше ұраны болды, оны қарапайым халық – қарасүйектер қолдануына болмады. Шонжар ақсүйектер тобына қарама-қарсы хандықтың өзге халқы қарасүйек деп аталады. Қарасүйек адамдардың әр-түрлі категорияларын атау үшін бірнеше термин: қараша, қаракісі, құлқұтан, шаруа, бұқара терминдері қолданылды. Әлеуметтік қарасүйектер тобында рулар мен тайпалардың басшылары – билердің ғана ерекше құқықтары болды. Би деген сөз бұрынғы бек сөзінің кейіннен өзгерген түрі болып табылады және деректемелерде ХҮ ғасырдан ерте кездеспейді, ал түріктердің «бек» деген сөзі моңғолдардың «ноян» және арабтардың «әмір» деген сөздеріне сәйкес келеді. Көшпелі қазақтар қоғамында жеке басы еркін адамдардан басқа, бас бостандығы жоқ еркектер (құлдар) мен бас бостандығы жоқ әйелдер (күңдер) болған. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ қоғамы игі жақсыларының тобына батырларды да жатқызуға болады. Түрік-моңғолдың «батыр», «баһадүр» сөзі бастапқыда шайқас алдында жауын жекпе-жекке шақыратын батыл, ержүрек адамды білдірген. Шыңғысхан кезінен бастап батыр – «феодалданған әскери-көшпелі шонжарлардың» өкілдеріне берілетін феодалдық иерархия атақтарының бірі, сондай-ақ шайқаста жеке басының көрсеткен ерлігі немесе соғыс қимылдарына шебер басшылық еткені үшін хан немесе сұлтандар аталатын құрметті атақ. Бұл сөз атақ ретінде адамның атына қосылып айтылған. 39 Есім және Жәңгір хан тұсындағы қазақ хандығыТәуекелден кейін Қазақ хандығының тағына отырған Есім хан (1598-1628) бүкіл саналы өмірін ат үстінде өткізген, Қазақ хандығының шекарасын кеңейту, қорғау жолында халқына өлшеусіз қызмет етті. Халық оны "Еңсегей бойлы ер Есім" деп атады. Есім ханның кезінде Бұқар ханы Иманқұл, Ташкент, Түркістан аймағын қайтару үшін 1612-1620 жылдары қазақтарға бірнеше рет соғыс ашты. Бұл соғыстарда қазақтар өз жерлерін қорғап қалды. Сонымен бірге Есім ханның кезінде қазақ жеріне ойрат тайпалары да бірнеше рет шапқыншылық жасады. Бұл шапқыншылықтарға қазақтар тойтарыс беріп отырды. Есім ханнан кейін қазақ хандығының тағына оның баласы Жәңгір отырды. 1635 жылы Батыр Қонтайшы бытырап жүрген ойрат тайпаларын біріктіріп, Моңғолияның батыс аймағында Жоңғар мемлекетін құрды. Бұрынғы бытырап жүрген ойрат тайпалары біріккеннен кейін Қазақ хандығына үлкен қауіп туғызды. Осы кезден бастап жоңғарлардың Қазақ жеріне ірі шапқыншылықтары басталды. Жәңгір хан басқарған жылдары қазақтар мен жоңғарлардың арасында үш ірі соғыс болған. Біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 жылы. 1643 жылғы ұрыста қазақтар екі таудын арасына ор қазып, жоңғарларға қарсы соғысты. Осы соғыста Жәңгір хан 6 мыңдай әскерімен 50 мың жоңғарларға тойтарыс берді. Осы ұрыста Жоңғар ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс Бахадүр 20 мың әскерімен көмекке келген. Жәңгір хан 1652 жылы кезекті қазақ-жоңғар соғысында қаза табады. 41 16-18 ғасыр басындағы қазақ орыс қатынастары Қазақ-Ресей байланысының ұзақ тарихы бар. Ол сонау XVI ғасырдан бастау алады. Қасым хан тұсында Ресей патшасы Василий ІІІ дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуекел, Хақназар тұсында Т. Яебуков және Степанов елшіліктері келген. Ол кезеңде олар, негізінен, дипломатиялық және сауда-саттық қатынастарымен шектелді. Мәселен, Орта жүз қазақтарының XVI ғасырда Строгановтармен сауда байланыстары- ның болғаны мәлім. XVII—XVIII ғасырларда Батыс Сібірдің әскери жоне шенеуніктік тобы қазақтарды қырғыздар деп кате атап келді. Қазақ хандығының Ресеймен белсенді араласқан байланысы XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі кезеңге сәйкес келеді. Ондай байланысқа екі жақ та мүдделі болды. XVIII гасырдың бас кезінен-ақ Ресей Қазақ хандығына елшілер жіберуді жиілете бастады. 1716 жылы қазақ даласында Тобыл бояры Никита Белоусов, 1717 жылы — Борис Брянцев пен Федор Жилин болып қайтты. 42 ХҮІ-ХҮІІІ ғ. мәдениет ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясының аса ірі өкілдері – Шалкиіз (Шалгез) Тіленшіұлы (1465-1560), Доспамбет жырау (шамамен 1490-1523), Жиембет Жырау (ХҮІІ ғ.), Марғасқа жырау (ХҮІІ ғ.), Ақтамберді жырау (1675-1768), Тәтіқара ақын (ХҮІІІ ғ.), Үмбетей жырау (1693-1787). Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының өзіндік ерекшелігі, халық өмірінің ерекше жағдайлары мен өзіндік ерекшелігі бар қазақ қоғамы «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665-1765) және Әйтеке Байбекұлы (1687-1766) ерекше бөлек орын алады, олар Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Жоңғария мен Цин империясында танымал болған. Қазақ халқының рухани мәдениетінде жазбаша әдебиет те дамыды, ол негізінен алғанда сарай маңындағы ортада және көбінесе тарихи шығармалар түрінде қалыптасты. Тарихта сақталған шежірелік және наративтік деректемелер ретінде ғана емес, сонымен қатар соңғы орта ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның түрік халықтары көркем әдебиетінің ескерткіштері ретінде де маңызы бар шығармалар аз емес. Олардың ішінен Захир ад-дин Бабырдың (1483-1530) «Бабыр наме», Камал ад-дин Бинаидың «Шайбани намесін», Мұхамед Хайдар Дұғлатидің (1499-1551) «Тарихи Рашидиін», Қожамқұл бек Балхидің «Тарих-и Қыпшағын», Қадырғали бектің (1555-1607) «Жами-ат-таварихын», Әбілғазы Баһадүрдің (1603-1664) «Түрік шежіресін» және басқаларын арнайы бөліп көрсетуге болады. Бұл авторлар тек оқиғаларды суреттеумен және билеушілер генеалогиясының тарихын баяндаумен ғана шектелмеген. Олар өз суреттемелеріне қоса көркем бейнелер жасап, ауыспалы мән беріп отырған, кейде шайқастардың немесе басқа оқиғалардың әдеби көріністерін беріп, өздерінің сөз саптауларын алуан түрлі айшықты топтармен әрлендіре түскен, хикаяларына өздерінің сирек кездесетін поэтикалық таланты мен кең көлемді эрудициясы бар екендігін дәлелдейтін өлең жолдарын енгізіп отырған. Қазақ халқының тұрғын-үй – материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Қазақтың киіз үйі ағаш сүйегі мен киізден тұрады. Ағаш сүйегі мынадай төрт бөліктен тұрады: 1) құрастырмалы-жиналмалы қабырғасы – қанат, олардан киіз үйдің қабырғалары (кереге) құралады; 2) күмбез сүйегі (уық); 3) дөңгелек төбесі (шаңырақ); 4) есік немесе сықырлауық. Ағаш сүйектің әрбір бөлігіне белгілі бір киіз жамылғы сәйкес келеді, оларды шебер қазақ әйелдері жасайды, олар: 1) керегелерге тұтылатын туырлық, олар бірнешеу; 2) үзік күмбезге жабылады, олар екеу; 3) түндік – шаңыраққа жабылатын шаршы киіз; 4) Киіз есік – киіз үйдің есік ойығын жауып тұратын ұзынша киіз. Қанаттың тор көзі ортасынан қиғаштап жіңішке қайыстармен (көк) біріктірілген шағын кереге ағаштарынан құралады, уықтар жиынтығы жеңіл де қатты, өңдеуге жақсы талдан жасалды. Дөңгелек шаңырақ қайыңнан иілген екі жарты шеңберден құрастырылады, ал есігі екі жаққа айқара ашылатын қос жақтаулы етіп қарағайдан жасалады. Керегелерінің санына қарай киіз үйлер: 6 қанатты, 7 қанатты, 8 қанатты және т.б. үйлер болып бөлінеді, яғни керегелерден құралатын қанаттары неғұрлым көп болса, киіз үй соғұрлым үлкен болады. Киіз үйдің сүйегі киізбен жабылып, арқанмен бекітілген. Қыста жылы болу үшін киіз үйді екі қабат киізбен қауып, керегеге әсем өрнектелген ши тұтылған. Еденге әдетте киіз, тері, кілемдер төселген. Көшпелінің киіз үйінің ортасында күз бен қыс айларындағы суықта үйді жылытып тұратын ошақ орналасқан. Қазақтың темір ұсталары негізгі еңбек құралдарын, балта, пышақ, қырықтық, шеге және басқаларын жасады. Темір ұсталары сонымен қатар басқа да шаруашылық-тұрмыс заттарын, қару жарақтар, найзалар менжебелердің темір ұштарын соққан. Қазақтардың негізгі қаруы қылыш пен садақ болатын. Жауынгерлік қарудың басқа түрлерінен айбалта, шоқпар, жалғыз сапты күзді, екі басты шоқпар, бір шоқ жылқы қылымен шашақталып, қарсыласын ерден жұлып алып үшін ілмек жасаған ұзын найза аталады.
|