Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Алтын Орда 8 page


Date: 2015-10-07; view: 614.


101. "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жылы 28 қаңтарда бұл жолдау жарияланды Жолдауда Елбасы «Биыл - біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылды­ғы­на қадам бастық.

Бодан жұртты бүгінгідей бостан күн­гежеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. 1997жылғы ха­лық­қа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады». Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.

Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жастың өзінде жеттік! Күні кеше Астанада 56елдің бас­шы­лары мен халықаралық ұйым өкіл­дерінің басын қосқан Саммит - соның айшықты айғағы. Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық. Біз талайлы заманда тарыдай ша­шы­лып кеткен қандастарын атамекенге жи­наған әлемдегі үш елдің бірі болдық. Осы жылдары шет елдерден 800 мың­нан астам отандасымыз келіп, ха­лық саны бір жарым миллионға артты. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық. Есілдің жағасына серпінді дамуы­мыз­дың символы болған еңселі Елордақондырдық.

Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Ырыс - ынтымаққа жолығады, дәулет - бірлікпен толығады. Тәуелсіздік жылдарында ел эконо­микасына 120 миллиард доллардан астамшетелдік инвестиция тартылды.

Жолдаудың соңғы бөлігінде «Табыстардың артуы – өмірдің жаңа сапасы» деп атап, онда өзекті мәселе болған еліміздің президенті тәуелсіздік жылдарындағы табыстарымыз мен атқарар істеріміздің маңызыды болғандығына байланысты биылғы жолдауда тәуелсіздік жылдарына арнайы мән беріп, ұлттық мереке ретінде атап өтіп 2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жарияланды деп жариялады. «бейбітшілік пен жасам­паз­дықтың 20 жылы» – біздің мерейтойымыздың ұраны, ал «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының – бостандық, бірлік, тұ­рақтылық, өркендеу секілді ар­қау­лық құндылықтары қалыптас­ты­рыл­ды деп бағалады. Осы тұрғыда Қазақстан тарихы ғылымында тәуелсіздік алғаннан кейінгі әрбір жылдар мен кезеңдерге арнайы зерттеулер жүргізу және оны жас ұрпақ санасына бойлату тарихшы ғалымдар алдында тұрған міндеттердің бірі екендігі айқын. Өйткені ел тәуесліздігін алу мен оны қалыптастыру мемлекетіміз үшін үлкен жауапкершілікті сәттердің бірі болды. Осындай кейбір мемлекеттер ғасырлар бойы қол жеткізуге ұмтылған, ал еліміз мұндай табыстарға 20 жылдың ішінде қол жеткізді.

тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.

103 Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі: ЕҚЫҰ-ға және Ислам конфедерациясына төрағалығы

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.

Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық «Шеврон» компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан – Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген. Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62 % , ТМД елдерінің үлесіне 24 %, Еуропа елдерінің (35 ел) үлесіне 13 %, Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.

Біз ашық сырты сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.

2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымының 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі - еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірі саналады. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел.Төрағалыққа сайланысымен Қазастан ЕҚЫҰ-ның жұмысын ширатуға мықтап кірісті. «Еуропаға жол» бағдарламасын дүниеге әкелді.Венада өткен алғашқы отырысқа Н.Назарбаев өзінің бейне жолдауын жіберді. Онда іс басындағы төраға ретінде еліміздің жүзеге асыратын міндеттерін қадап айтты. Төрт «Т» әріпінен құралатын trust – сенім, traditions – дәстүр, transparency – ашықтық, tolerance – төзімділік қағидасы бойынша жұмыс істейтінін жария етті. 2010 жылдың 1 желтоқсанында өткен Астана саммитіне 73 елдің делегациясы келді. Саммитте «Астана декларациясы» қабылданды.

2011 жылдан бастап Қазақстан Ислам елдері ұйымына төрағалық ететін болады. 2011 жылдың 30 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Алматы мен Астана қалаларында VII Азиада болды. Оған әлемнің 34 елінен спортсмендер қатысты.

104 Тәуелсіздіктен кейінгі 20 жылдығы Қазақстанның өсу жолдары: экономикасы, мәдениеті, халықтың әл – ауқаты Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты жұмыс істеп отырған кәсіпорындар бірінен соң бірі тоқтап жатты, соған орай, жұмыссыздық көбейіп кетті, тұрмысқа қажетті тауарлардың жаппай тапшылығы үдей түсті. Асқынған инфляция шарықтап кетті. Мәселен 1991-1993 жылдар аралығында еліміздегі инфляция деңгейі 2.200 пайызға дейін өскен.

Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты, нарықтық экономика жолына 1992 жылдың қаңтар айынан аяқ басты. Алғашқы кезде елімізде өзара байланысып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:- экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстан шығару;

- нарықтық қатынастарды құру және дамыту.

Еліміздің алғашқы кездегі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылы жарияланған «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» және 1993 жылы көрген «Қоғамның идеялық бірігуі - Қазақстанның дамуының кепіл» деген еңбектерінде жарияланды.

 

13 Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж.).Олежелгі Үйсін жерін жайлады, яғни Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Қағандықтың халқының этникалық құрамы «он оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған. Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахынасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618 жж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері. Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы - қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға: яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер - тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар» аталған. Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды. Жетісу бойында түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен түрлі заттар әкелінді. Ұлы Жібек жолының Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті. Түріктердің ежелгі көне жазуы болған. Бізге белгілі Орхон-Енисей жазуы Батыс түрік қағанатының мәдениетінен дерек береді. Моңғолия жерінен табылған Білге қағанның, Күлтегіннің, Тоныкөктің Орхон жазуы бар құлпытастары қағанат мәдениетінің жоғарғы дәрежеде дамығандығын көрсетеді. Ол ескерткіш 716 жылы жазылған. Ескерткішті алғаш рет Данияның ғалымы Томсон оқыған. VII ғасырда Батыс Түрік қағанатында жазба әдебиеті дамыған. Осы ескерткіштегі тасқа қашап жаздырып қалдырған Білге қағанның «Ілгері - күн шығысында, оң жақта - күн ортасында, кейін - күн батысында, сол жақта - түн ортасында-осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды» деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет құрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болды. Сонымен, Батыс Түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан, Батыс түрік қағанатында таптардың құрылу және ежелгі феодалдық қатынастардың біршама тез қалыптасу процесінің жүргені аңық.

16 Түргеш қағанаты (704-756 жж.).Батыс Түрік қағанатындағы 16 жылға созылған (640-657 жж.) екі тайпаның (Дулу мен Нишаби) арасындағы соғыс қағандықты саяси жағынан мүлде әлсіретеді. Батыс түрік қағанатының әлсіреп жатқанын білген Қытай Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік тайпалары, әсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында және ұзақ жылдарға созылған соғыстың нәтижесінде тәуелсіздігін жеңіп алады. Сөйтіп, VIII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы құлап, оның орнына Түргеш қағандығы пайда болады (704 ж.). Олардың билеушсі Үш - Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол Жетісудан Бөрішадты қуып шығып, Ташкенттен Бесбалыққа дейінгі жерде өз үкіметін орнатады. Ол ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы Басқағанның қолында болды. Ол қағандықты 20 әкімшілік аймақтарға бөлген. Әрбір әкімшілік аймақты тархандар басқарған, аймақтар 7000 әскер жинаған. Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның ұлы Сақал-қаған (706-711 жж.) таққа отырды. Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмады. Мемлекеттің сыртқы жағдайы да аса қиын еді. Сақал - қаған тұсында түргештер батыста соғдылармен бірге арабтарға қарсы табанды күрес жүргізіп жатты, оңтүстікте оларға Тан әулетінің әскері зор қауіп төндіріп тұрды, ал шығыс жағынан Орта Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктер қағаны Қапаған 711 жылы Болучу түбінде (Жоңғария) өткен соғыста түргештерді күйрете жеңеді, ал түргештердің қағаны Сақал тұтқынға түседі. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлық (Сұлу) қаған болады (715-738 ж.ж). Ол астанасын Тараз қаласына көшіреді.

Сұлудың қағандық құрып тұрған кезде Түргеш қағандығының ішкі - сыртқы жағдайының шиеленісіп тұрған мезгілі еді. Сұлу қағанға өз қағандығының тәуелсіздігі үшін екі жақтан күрес жүргізуге (батысқа және шығыска) тура келді. Батыстан басты жау арабтар болса, шығыстан Қытай өкіметі қауіп төндіріп тұрды. Сұлық қаған Тохарстандағы арабтарды біржола талқандау үшін 737 ж. ондағы Қарлұқтармен бірлесе отырып, ойдағыдый соққы берген. Ол соғыс майдандарында өзінің тікелей қатысуымен жеңістерге жетіп отырған. Сол үшін де арабтар Сұлу қағанға «Сүзеген» деген ат қойған. Сұлу қаған шығыстағы жағдайында бейтарап болу үшін әскери келісім шарт жасаумен қатар дипломатиялық әрекеттер жүргізген. Шығыс түрік қағанатының белгілі қағаны Білге қаған Тибет патшасының қыздарына құда түсіп, оларды құдандалық байланысты ұстап, саяси жағдайының шиеленісіп кетпеуіне аз да болса мүнкіндік туғызған. Халықаралық жағдайлардың Түргеш қағандығының пайдасы үшін шешілуіне саяси белсенділік көрсетіп жүрген Сұлу қаған Жетісуға оралған кезде 738 жылы өзінің бақталастарының қолынан құрбан болды. Оның қолбасшысы да 739 жылы Сырдарияның бойында арабтардың қолында мерт болды. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсын Құт - шар қаған болды. Алайда оның қағандық құрған мезгілі екі жылға ғана созылған. Бұл кезде сары және қара түргештердің арасындағы талас-тартыс ұшығып кеткен еді. Екі тайпаның арасындағы күрес 20 жылға созылып қағандықтың саяси және экономикалық жағы мүлде әлсірейді. Түргеш қағандығының мұндай ауыр жағдайларын біліп отырған қытайлар өздерінің Куш қаласындағы әскерлерін Жетусуға аттандырып 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға (Талас) жақын жердегі Атлах қаласы түбінде аббаситердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Саяньжи арасында орасан зор соғыс болады. Айқас бес күнге созылады. Қытай әскері толық күйретіледі. Тан әскері енді Жетісу шебін ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістанды да тастап кетуге мәжбүр болады. Талас алқабында арабтар да табан тіреп тұралмай, Шашқа қарай шегініп кетеді. Бірақ ішкі қарқыс, жікке бөлінушілік Түргеш мемлекетін әбден әлсіретіп, тұралатып тастаған еді, сол себепті де ол 756 жылы (766) түрік тілді қарлұқтар тайпаларының тегеурінді шабуылына шыдамай құлайды. Сонымен 756 жылы Түргеш қағандығы құлап, оның орнына Қарлұқ қағандығы құрылады. Түргеш қағанаты Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастыра берді. Археологиялық зерттеу жұмытарының кезінде Тараз, Баласағұн қалаларынан Түргеш қағанатының Қытай жазуымен жазылған төрт бұрышты теңгенің табылуы Қытаймен сауда қатынасының дамығандығын көрсетеді. Олай болса, сондай ауыр талас – тартысқа, соғыстарға қарамастан, Қазақстан жерінде түркі дәуірінде өмір сүрген бұл қағандықтардан тарихи із қалған.

18 Қарлұқтар 746 ж. Жетісуға батыс Алтайдан Қарлұқтар келді. Олар аймақты біртіндеп өзіне қаратып алады. УШ ғ. басында келе бастаған қарлұқтар,Х ғ. Балқаш, Іле, Ыстық қөл, Шу, Талас өнірлерін мекендейді. Астанасы- Суяб,кейіннен Тараз қаласы болды. Қарлұқтар да арабтарға қарсы аймақ күресіне қосылады. Ферғана, Сырдария бойын жаудан тазартуға үлес қосқан. Бірақ қарлұқтардың женісі көпке созылған жоқ. 791 жылы олар үйғырлардан соққы алады, 792 жылы қарлұқтар арабтардан женіледі. Ал 812 жылы ел басшысы - жабғы, үйғырлардың билігін мойындап, өзі Ертіске қашып кетеді. 840 жылы ұйғырлар Енисей қырғыздарынан женіледі де Турфан және Гуанчжоу маңына кетуге мәжбүр болады. Жауынан құтылған қарлұқтар өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Ел басын «қаған» деп атайды. Таққа Испиджабтың басшысы Білге құлоты рады. Күшее бастаған қарлұктардан қорыққан саманидтер оларға қарсы күрес бастайды. Нәтижесінде қарлұктар ислам дініне кіреді. Қарлұқтар феодалдық мемлекет құрған әрі дамыған қалалары болған, мысалы, Тараз, Құлан, Мерке, Талғар,Тонг, Атлақ т.б. Олар Жібек жолының бойында орналасқан. Халқы дәстүрлі шаруашылықпен айналысқан, яғни, егіншілік, мал шаруашылығы, қол өнері. Мемлекеттің әлсіреп, дербестігін жоғалтуы ішкі феодалдық тартыстарментармен байланысты болды.

20 Оғыз және қимақтар Қазақ даласының саяси сахнасында ІХ ғ. басында Қимақ мемлекеті құрылады. Оның территориясы Ертістін бойы, яғни, солтүстік және Шығыс Қазақстанды алып жатты. Мемлекетке: эймур, ланиқаз, имақ, ажлар, құман, татар, қыпшақ, баяндур,қимақ ж.б. тайпалар кірген.

Қимақ қағанатында дамыған әскери - феодалдық қоғам болды. Террито- рия 12 ұлысқа бөлінген, оларды әскери көсемдер басқарған. Астанасы -Қимақия. Араб тарихшысы Әл - Идриси мемлекетте 16 қала болған, олардың 12-сі Ертістін бойында орналасқан деп көрсетеді. Мемлекетте салық жүйесі жұмыс істеген. Қоғамның негізгі кәсібі - мал шаруашылығы, егіншілік, қол өнері, балық аулау. Әлеуметтік теңсіздіктің нәтижесінде кейбір көшпенділер отырықшы тұрмысқа ауысып, егіншілікпен шұғылдануға мәжбүр болған. Оларды «жатақ» деп атаған. Қимақ қоғамы жан - жақтағы халықтармен соғыс пен бейбітшілік қатынастарда болып отырған, сауда қатынастары да дамыған, себебі, Ұлы Жібек жолның бір тармағы қағанат арқылы өтіп, әрі Сібірге кететін.

Мемлекеттің құлауына ішкі тартыстардың салдары және қыпшақ тайпа-сының келуі түрткі болды. Х ғ. аяғында Қимақ қағанаты Қыпшақ одағына

кірді. Сонымен, Қимақ мемлекеті 1Х ғ. басы мен Х ғ. аяғының аралығында өмір сүрген мемлекет.

1Хғ. - Х1ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағыстарындағы аймақтың батыс даласында Оғыздар саяси одағы құрылды. Оғыздардың кең таралған жері Жетісу болып есептеледі. Ғасырлар бойы қалыптасқан Оғыздар, өз қатарына Сырдарияның бойында және Жетісуда тұрған ежелгі тұрғындарын топтастырған құрамында ирантілді тайпалар да болған. М. Қашқаридың мәліметі бойынша, Оғыздарда 24 тайпа болған, кейіннен 12- ге дейін қысқарған. Мемлекет «ұлыстар» мен «аймақтарға» бөлінген. Астанасы Сырдарияда Янгикент қаласы, басқаша Жаңа Гузия. Қала сауда жолында салынған және көшпенділер мен отырықшы кауымының тоғысында тұрған. Оғыз мемлекеті орталықтандырылмаған. Ел басы «жабғу». Ханды, елде қалыптасқан дәстүр бойынша, ақсүйектерден сайлаған.

Оның уәзірлері және кенесшілері болған. Сондықтан ханның билігі ірі әскери тайпалық аристократиямен шектелген.

Мұрагерін «инал» деп атаған, олардың тәрбиешілерін «атабек» деген. Ханның әйелі, «хатун», қоғамдық рөл ойнаған.Маңызды рөлді әскери қолбасшылар атқарған. Жоғарғы әскери қолбасшы «сюбашы» деп аталған, ол әскери кенеске сүйеніп, саясатқа белсенді қатысқан. Х ғ. аяғында мемлекетте басқару аппараты және тұрақты түрде салық жинайтын жүйе қалыптасқан. Оғыздар Еуразияда өте маңызды саяси рөл атқарған, көптеген мемлекеттермен түрлі қарым - қатынастарда болған. Мысалы, Киев князі Святославпен 965 жылы Хазарияға және Бұлғарияға қарсы одақ құрып, оларды жеңіліске ұшыратады.


<== previous lecture | next lecture ==>
Алтын Орда 7 page | Алтын Орда 9 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.092 s.