Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Алтын Орда 7 page


Date: 2015-10-07; view: 443.


94.ҚР мемлекеттік рәміздері.1992ж 4 маусымда мемлекеттік Ту,Елтаңба,ҚР әнұраны бекітілді.Мемлекеттік рәміздер-мәдениет пен тарихтың айнасы,ол азаматтардың ұлттық санасын оятуға қызмет етеді ж/е еліміздің қайталанбас мазмұнын баян етеді.Тудың авторы-Ш.Ниязбеков.Президенттің «ҚР-ның рәміздері туралы»жарлығы бойынша, ол көгілдір түсті,тіктөртбұрышты матадан жасалынған,ортасында нұр шашып тұрған күн,оның астында қанат жайған қыран бейнеленген.Тудың сабының тұсын ұлттық өрнекпен нақышталған тік жолақ көктеп өтеді.Сондай-ақ ұлттық өнер нақышын көрсететін ою-өрнек салынған Күн,оның сәулесі,бүркіт ж/е оюлар алтын түстес боп келеді.Тудың аспан тәрізді көк түстен жасалуы көшпенділердің тегін,бейбітшілікті,тыныштықты білдіреді.Күн бейнесі өмір нәрін,байлықты,молшылықты бейнелейді.Қыран бостандықты,намысты,ерлікті,билік арман мұратты оймен ұштастырады.Тудағы қошқар мүйіз оюы-қазақ жерінде ежелден келе жатқан көшпенділерге тән ою өрнек.Елтаңбаның авторлары-Ж.Мәлібеков,Ш.Уалиханов.ҚР мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген,шаңырақты айнала уықтар күн сәулесіндей тарап шаншылған,оны аңыздадағы пырақты аттар қанаты көмкеріп тұр.Елтаңбаның төменгі жағында .«Қазақстан»деген жазу бар.Киіз үй көшпенділер мәдениетінің сыйы.Шаңырақ қазақ халқы үшін айырықша қастерлі ұғым.Ол-Қазақстанды мекендейтін барлық адамдардың ортақ отбасының,ортақ үйінің нышаны.Ал мүйізді алты қанатты қос пырақ киелі шаңырақты қос қапталынан орал,пәле-жаладан,қауіп-қатерден қызғыштай қорып тұрғандай әсер қалдырады.Ортақ үйіміз-қасиетті отанымызға қалқысыз қызмет ету идеясын білдіреді.Жұлдыз-барлық бес құрлықтағы мемлекеттермен,халықтармен ашық қарым-қатынас жасауға деген ұмтылыстың белгісі,Мемлекеттік әнұранның әнін жазғандар Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев,Әнін жазған Ш.Қалдаяқов.

93.1991 ж16 желтоқсанда ҚР-ның тәуелсіздігін жариялауы.1991ж 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Қазақстан Президентін сайлау болды,Сайлауда Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетті.10 желтоқсанда президент Назарбаев өз қызметіне кірісті.Осы күні Қазақ КСР-ын ҚР деп атау туралы шешеім қабылданды.1991ж 16 желтоқсанда «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Конституциялық заң қабылданды,бұл күн мемлекеттік тәуелсіздік күні боп жарияланды. Заңның бірінші бабында ҚР тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына түгелдей иелік ету құқығы бар , тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетеді. Декларацияда тәуелсіз мемлекетке тән қарулы күштер құру туралы құқық және қауіпсіздік сақтау құқықтарының мәселелері де қарасытырылды.

92.ҚР Егемендік туралы декларациясы1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 жылы 16 қыр­күйекте «Мемлекеттік егемен­дік туралы Декларацияның» жо­басы алғаш рет БАҚ-та жария­ланды. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйым­дар­дың қызметіне қатысуға мүм­кіндік алды. Еліміз егемендік Декла­ра­циясы арқылы табиғи байлығы­мызды, экономикалық және ғылы­ми-техникалық әлеуетін толық мен­шігіне алды. Қазақстан территория­сындағы барлық әскери құрылым­дар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қа­зақстан территориясында егемен­дік­ке қай­шы келетін КСРО заң­дарының күші жойылды. Декла­рация орталыққа бағынышты күй­ден арылтып, Мәс­кеумен жаңа жағ­­дайда тең әріптес ретінде ын­тымақ­тастыққа қол жеткізді. Сонымен, Мемлекеттік еге­­мендік Декларациясы – егемен­дік­ті білдіре­тін құр мәлімдеме ам­биция ғана емес, шын мәнінде, заң­дық күш­ке ие маңызды құжат.

96.Тәуелсіз Қазақстанның конституциясы(1995ж)1993ж қаңтарда тәуелсіз қазақ елінің алғашқы Конституциясы қабылданғаннан кейін ,кезекті жаңа дәуір басталды.Ол 1995 жнаурызда аяқталды.1995 ж30 тамызда бүкіл халықтық референдум бойынша ҚР жаңа конституциясы қабылданды.Бұл негізгі заңымызда республиканың экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып,халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейтесті мәселелерді шешу ескерілді.Конституция 9 бөлім,98 баптан тұрады..ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:демократиялық президент басқаруға жол ашылды, парламент 2 палаталы болды.Сенат ж/е Мәжіліс.Депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды,жалпы ж/е төрелік соттар жүелері біріктірілді.Судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленеді.Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді,ісіне қол сұғуға болмайды.Судья нақты істер бойынша есеп бермейді,тек конституция мен заңға бағынады.1995ж конституцияның тарихи маңызы:егеменді Қазақстанның әлем қауымдастығы алдындағы бар болмысы,өркениетті даму кезеңіндегі ерекшеліктері,әлемдік демократиялық құндылықтары көрініс тапқан Республиканың одан әрі даму кезеңіне араналған тарихи құжат.

100.«Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Қазақстан тарихының зерттелу барысы. 2004ж ҚР-ның мәдени саясатын дамыту үшін ерекше маңызды болды.13 қаңтарда Президент мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын бекітті.Оның мақсаты-«рухани ж/е білім салаларын дамыту,елдің мәдени мұрасын тиімді пайдалану мен сақтауды қамтамасыз ету».Онда археологиялық ескерткіштер мен тарихи маңызды жәдігерлердіқайта қалпына келтіру,мәдени мұраны,соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениет,фольклор,дәстүрді зерттеудің бүтін жүйесін жасау,ұлттық әдебиет пен жазудың көп ғасырлық тәжірбиесін жинақтау,көркем ж/е ғылыми сериялар жасау,әлемдік ғылым,ой,мәдениет ж/е әдебиет жетістіктері негізінде гуманитарлық білімнің құнды қорын мемлекеттік тілде жасау белгіленді.«Мәдени мұра»бағдарламасының шеңберінде қыруар жұмыстар атқарылып,ұлттық мәдениетімізбен тарихымыздың аса құнды мұралар ғылыми айналымға енгізіліп,көпшілік оқырманның игілігіне айналды.Бұл жерде ерекше тоқтала кететін жайт,мұрағаттарымыздың Ресей мен Қытай мемлекеттік мұрағаттарынан алынған қазақ тарихына қатысты жаңа тарихи құжаттармен толығуы еді.ҚР-ы президентінің қолдауымен 2004-2006 ж арналған «Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының қазақ халқының тарихи санасын өркендетуге үлкен серпін берді.Бағдарлама аясында Қазақстандық ғалымдар қазақ тарихының ашылмай жатқан қырларын толықтыра түсер жаңа археологиялық ашылулар жасады ж/е Қытай,Ресей сияқты т.б елдердің мұрағат қорларынан аса құнды тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізді.Бұл бағыттағы жұмыстар болашақтада жалғаса бермек.

98.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында»еңбегінде қарастырылған мңселелер. 1999ж Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» деген кітабы жарыққа шықты.Ол еңбегінде елбасы барлығымызға бірдей тең құқылы ж/е мүмкіндіктері тең көп ұлтты мемлекет құрудамыз,бұл ретте конституцияның кепілі ретінде ел президенті Қазақстанның барлық халқының алдында 130 ұлт пен ұлыстар алдында жауапты деп жазды.Өткеннің негізгі сабақтарына үңілуге түрткі болған жағдай ұлттық мәдениеті келесі ашылуларға қосу.Әрі кең әрі жүрдек бүгінгі күннің дағдылығымен жүруде байырғы тәсіл жарамсыз болмақ.Өткенге мойын бұрамын деп болашағынан айырылып қалу кәдік деп көрсетті.Бұл кітап Қазақстанның өткенімен қазіргі тарихының ұлттық өзіндік мәнін сақтау,қазақ даласы ұлы түрік елінің бір бөлігі ұлттық мәдениеттің болашағы екендігі алаш мұрасы ж/е қазіргі кезең ұлттық ерекшелік тоталитарлық ж/е ұлттық жады сияқты өзекті мәселелерден тұрады.

8.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың«Қазақстан-2030»стратегиялық бағдарламасының жүзеге асу барысы. 1997ж Елбасы Қазақстан халқына«Қазақстан-2030.Барлық Қазақстандықтардың өркендеуі,қауіпсіздігі ж/е әл-ауқатының артуы»деген жолдауын арнады.Бұл бағдарламада еліміздің саяси,әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы ж/е стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.Онда Республиканың қазіргі жағдайы нақтылы сарапталып,ұзақ мерзімді басым бағыттар,ұлттық қауіпсіздік сақтау,ішкі саяси тұрақтылық ж/е қоғамның бірігуі,шетел инвестициясының жоғары деңгейіне негізделген нарықтық экономикалық өсу,Қазақстан азаматтарының денсаулығы,білім ж/е халықтың әл-ауқаты,энергетикалық ресурстарды,инфрақұрылымдағы әсіресе көлік ж/е байланысты дамыту,негізгі қызметтермен шектелген кәсіби мемлекет құру белгіленді.

95.Қазақстанның сыртқы саясаты.

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін өз шекарасының мызғымастығы және қауіпсіздігін бірінші кезекке қойды. Сыртқы саясат саласында жас тәуелсіз мемлекеттің алдында күрделі міндеттер тұрды. Бұл міндеттер туралы Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде былай деп жазды: «Біріншіден, біздің мемлекетіміздің шын сипатын танытуымыз керек болды. Екіншіден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуіміз қажет болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласуымыз қажет болды. Біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі осындай өрелі міндеттерді жүзеге асырудан басталды».

Қазақстан барлық ядролық зымырандарды Ресейге алып кетуге келісім берді. Осындай салиқалы саясаттың нәтижесінде дүние жүзілік қауымдастықтың Қазақстанға деген сенімі артты.

Өз кезегінде Қазақстан да ұлы мемлекеттерден өз қауіпсіздігіне кепілдік беруді талап етті. 1994 жылы желтоқсан айында АҚШ, Ұлыбритания және Ресей Қазақстанның шекарасының мызғымастығы және оған қарсы ядролық қаруды қолданбайтындығы туралы келісімге қол қойды.

Қазақстанды сыртқы саясат саласында қуаттап дем берген ең алғашқы мемлекет – Түркия мемлекеті болды. Түбіміз бір, тіліміз бір, мәдениетіміз ұқсас Түркия елі Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныды. Қазақстан Түркиямен дипломатиялық және экономикалық қатынасты дамытуға маңыз бере отырып,1991 жылдың қыркүйек айында қазақ-түрік іскерлік кеңесін құрды. Кеңес 73 қазақстандық және 183 түркиялық кәсіпорындар ассоциация, фирма, банк, биржалардың басын біріктірді. Олардың қатарында «Қарағанды көмір», «Екібастұз көмір», «Маңғыстау мұнай өндірістік бірлестікетері» және тағы басқа ірі өндіріс фондары бар.

Қазақстан Репсубликасы өзінің сыртқы саясат үлкен мемлекет Қытаймен қарым-қатынасқа үлкен мән беруде.

Кеңестер дәуірінде Қытаймен арадағы қатынас ушығып кеткен болатын. Сонымен бірге Қазақстанның Қытаймен арадағы шекарасы 1740 километрге созылып жатыр.

1992 жылы тамыз айында Қазақстан мен Қытай арасында, ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойылды. Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай шекара келісіміне қол жетуі – Республикамыздың сыртқы қатынастарға зор табысы. 1995 жылғы ақпанда ҚХР-дың Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік бергені екі елдің қарым-қатынасын одан әрі баянды ете түсті.

Қазақстан Республикасының АҚШ, Канада және Батыс Европадағы дамыған елдермен дипломатиялық және экономикалық қатынасын дамытудың маңызы зор. 1992 жылғы мамырда Президент Н.Назарбаевтың АҚШ-қа барған сапарында Президент Дж. Буш екеуі үш келісімге қол қойды. Бұл келісімдер сауда, экономикалық және инвестициялар саласындағы байланыстарды кеңейту үшін құқтық негіз қалады.

Францияның «Эльф Акитен», Англияның «Бритиш газ», Италияның «Аджип» сияқты компанияларымен мұнай және газ өндіру үшін іскерлік байланыстар жасалуда.

Сонымен қатар, тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерімен Қазақстан арасында шекараның ашықтығы, азаматтардың жүріп-тұру бостандығы сақталып отыр. 1996 жылы желтоқсан айында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары арасында мәңгілік достық қол қойылды.

Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.

 

63 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк саясаты 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс. Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады. Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс. Саясат мынадай қағидаттарға негiзделедi жеке сектормен серiктестiк;¾
инвестициялық және инновациялық¾ ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы; өнеркәсiптi¾ жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету; қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға¾ мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты; тең бәсекелестiк¾ жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету; қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас¾ тарту; индустриялық саясаттың бәсекелестiкартықшылықтарды қалыптастыруға¾ бағытталуы. Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс: 1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу. 2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау. 4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау. 5. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

 

 

102 Қазақстан халықтары Ассамблеясы1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жыл дың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері, 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қам­қорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты настарды реттеудің тиімді тетік терін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.
Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелер қатарында ерекше көрсетіліп кеткен бағыттың бірі — Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты “Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру” мәселесі. Жолдауда атап көрсетілгендей, “қоғамдық келісімді әрі қарай нығайту еліміздің қалыпты дамуы мен әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру тәрізді үстеме міндеттерді шешудің негізі болып табылады”.
Жолдауда “Қазақстан халық тары Ассамблеясының практика лық қызметі мен жауапкершілігі аясын кеңейтіп, оның беделін барынша арттыра беру, әсіресе, заңнамалық деңгейде арттыру қажет” деп көрсетілген. Осыған орай Ассамблея жұмысы маңыз дылығын арттыру мақсатында оның ғылыми және құқықтық база сын жетілдіру қажеттілігі тәрізді өзекті мәселе күн тәртібіне қойы лып отыр.
Жалпы, Елбасы келешекте Ассамблеяның республикамыздың алдағы даму уақытының жаңа кезеңінде келесі төрт міндетті дәйекті түрде шешу керектігін атап көрсетті. Олар: Қазақстандағы ұлтаралық тұрақтылықтың кепілі бола алатын, елдегі бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылатын халықтардың бірлігін нығайту және Қазақстан қоғамын жаңартудың саяси идеология мен ағымдағы “сұраныстан” биік тұра тын негіз қалаушы құндылықтары бойынша арнайы қоғамдық келі сім ді қолдау мен дамыта беру, біртұтас қазақстандық қоғам құрудың негізі болып табылатын Қазақстанның барлық азаматтары үшін олардың ұлттық, әлеуметтік шығу тегіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге негізделген біртұтас азаматтығын нығайту, қоғамдағы этносаралық және конфессия ара­лық келісім мен ықыластылықты одан әрі нығайтуға қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені, сон дай-ақ келеңсіз оқиғаларды бол дыр­мау және әрбір азаматтың конституциялық мүддесін қорғауға бағытталып отырған қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің кез келген көріністеріне және біздің азаматтарымыздың консти туция лық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қатаң, әрі дәйекті тұру міндеттері болып та былады.
Бүгінгі таңда Қазақстан халық тарының Ассамблеясы – ұйымдық құрылым ғана емес, ол біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі.
Өткен уақыт ішінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы ұйымдық жағынан нығайып, өз іс-қимыл дарының тиімді бағытын тапты, мемлекеттік құрылыс процестеріне, трансформациялық әлеуметтік-экономикалық жаңғырту, саяси тәуелсіздік және егемендік жағ дайын да принципті жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыруға оңды, жан-жақты және тиімді ықпал етуде. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылымы ая сын да біз саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтай алдық. Қазақстан халықтары Ассамблеясының стра тегиясы арқылы тұрақтылықты сақтап, кең ауқымды әлеуметтік және саяси жаңартуларды баста дық. Ассамблея шеңберіндегі біздің жұмысымыз – Қазақстанның өркендеуінің кепілі.18 сәуір.2011 жылы ҚХалықтары Ассамблеясының XVII сессиясы өтті.Әлиев, Жұматай Әлиұлы — Қазақстан халықы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі.


<== previous lecture | next lecture ==>
Алтын Орда 6 page | Алтын Орда 8 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.213 s.