![]() |
Алтын Орда 6 pageDate: 2015-10-07; view: 837.
89. М.Горбочевтің «Қайта құру» саясаты және оның Қазақстан үшін әсері. 1985 жылы наурызда КОКП ОК Бас хатшысы қызметіне М.Горбачев (1985 - 1991) сайланды. 1985 жылы сәуірде өткізілген КОКП ОК Пленумында М.Горбачев әлеуметтік – экономикалық жүйе мен қоғамдық өмірге реформалау – қайта құрулар жүрігізлген мәлімдеді. Қайта құру мемлеуеттің қоғамдық – саяси институттарының бүкіл жүйесін демократияландыру және халықтың өзін – өзі басқаруын теңдету деп түсіндірді. Қайта құру саясатының негізгі бағыттары – қоғам өмірін демократияландыру және жариялылықты дамыту, әлеуметтік – экономикалық дамуы жеделдету болды. Сонымен бірге 1985ж сәуір Пленумында әлеуметтік – экономикалық дамуы жетелдету туралы қаулы қабылданды. Оның мақсаты – өндірісті басқару әдістерін өзгертіп, ғылыми – техникалық жетістіктерді енгізу арқылы халық шаруашылығында дамыту. Іс жүзінде ол өндіріс орындарын шаруашылық есепке көшіру және жеке меншік түрін дамыта отырып, нарықтық экономикаға бетбұрыс жасау еді. Бұл саясатты іске асыру бағытында бүкіл елде кооперативтік қозғалыс басталды. Мемлекет жетекшілері эконоиканы басқаруда әліде директивалық әдістерге сүйенеді. Бұл шамалар экономиканы дағдарыстан шығара алмады. Күнделікті тұтынатын тауарлар тапшылығы ауырлау түсті азық – түлік түрлері азайып кетті. Қоғамның саяси жүйесін жаңартпайынша экономиканы басқару жаңа әдістері нәтиже бермеәтіндігі дәлелденді. Қоғамдық саяси және әлеуметтік өмірдегі қайшылықтар күшейе берді. Мемлкеттік жоспарлау барысында республикалар мүддесі екінші кезекке ысырылды. Өйткені қазба байлықтан түскен табыстар республикаларға аз мөлшерде ғана беріліп, жергілікті халық оның иелігін көре алмады. Тұтыну тауарларының 60% - ы шеттен тасмалдандың ғылым мен мәдениет білім салаларын қаржыландыру бюджеттік қалдық ұстанымы сақталып қалды. Рухани салада да терең қайшылықтар орын алды. Мәдениет халықтық дәстүрінен ұлттық келбетінен айырыла бастады. Нәтижесінде 19541986 жылдары 600 – ден астам қазақ тілі мектептері жабылды. Маңызды шешімдері Мәскеуде қабылданды. Орталықтың шешімдерінен келіспеу оған сын айту «ұлтшылдық» ретінде бағаланды. 1986 жылы ақпан – наурызда қазақстан компартиясының XVI съезі болып, әлеуметтік – экономикалық дағдарыстың жекеленген кемшіліктерін сынаумен шектелді. 90. Желтоқсан Көтерілісі Қазақ КСР КП ОК-нің бірінші хатшысы болып істеген Г.Колбин тағайындалды. Орталық мұндай өктемдігі қазақ халқының тарапынан заңды наразылық туғызды. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының жаппай толқуы басталды. Желтоқсан көтерілісінің сылтауы Г.Колбиннің республика басшысы болып тағайындалуы еді. Ал желтоқсан көтерілісінің басты себептері – Мәскеудегі орталық биліктің ұлт саясатындағы әділетсіз ұстанымы мен Кеңес үкіметінің ұлттық мәдениет пен халықтың салт-дәстүрлеріне қысым жасап, ашық түрдегі орыстандыру саясатының жүргізілуі болды. Қайта құру жариялаған демократиялық ұсынымдары арасындағы қарама-қайшылықтар, яғни сөзі мен ісіндегі сәйкессіздік те халықтың ашу-ызасын туғызған еді. Жастардың наразылығы бейбіт әрі саяси сипатта болды. Бірақ партия басшылығы саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Кеңес әскері халыққа қарсы ойындар, саперлік күректер, арнайы үйретілген иттер, су шашатын машиналар сияқты қару қолданды. Мыңдлаған қазақ жастары желтоқсанның құрбандары болды. 17-19 желтоқсанда алаңға 60 мыңдай адам шыққан. 8 мыңнан астам адамды ұстап қаланың сыртына апарып тастаған. 103 азаматқа айып тағылып, 1,5-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, 2 азамат – Қ.Рысқұлбеков пен М.Әбдіқұлов ату жазасына келісті. 52 адам партиядан және 787 адам комсомол қатарынан шығарылып, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен шығарылды. Ішкі Істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және Көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. 1987 шілде де КОКП орталық комитетінің «қазақ интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы» қаулы қабылданып, мұнда Желтоқсан көтерілісі «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. 1989 жылы маусым-мамыр айларында КСРО халық депутаттарының І съезінде қоғам қайраткері М.Шаханов СОКП басшылығынан «желтоқсан көтерілісіне» әділ баға беруді талап етті. Оны қолдаған А.Сахаров болды. Талаптың нәтижесінде желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөнінде комиссия құрылып, төрағасы М.Шаханов болды. Желтоқсан көтерілісінің саяси және тарихи маңызы өте зор болды. 1-ден, желтоқсан көтерілісі Кеңес одағындағы демократиялық өзгерістерге жол ашып, 2-ден қазақ халқының ұлттық рухы мен саяси санасының өрлеуіне алғышарт жасады; 3-ден әлемдік қауымдастыққа өркениетті қазақ деген халықтың бар екенін паш етті, 4-ден тоталитоарлық жүйенің ыдырау процесін жеделдетті,5-ден қазақ халқының тәуелсіздігіне ашылған жол болды. 88.Қазіргі кездегі қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдыққ қозғалыстар. 1999 жылғы республикада барлығы 14 саяси партия мен қоғамдық қозғалыс туралы жұмыс жүргізген. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15-ке жетті. 1999 жылы Қазақстанда демократиялық үрдістердің даму кезеңі болды. Осы жылы Парламент төменгі палат асына сайлау пропорционалды жүйесімен сайлауға бөлінді. Республиканың жалпы Парламент мәжілісіндегі 77 орынның 10 орны пропорционалды жүйемен сайлауға бөлінді. Саяси партиялар алғаш рет депутат мандаты үшін тікелей күресуге мүмкіндік алды. Партиялар тізім бойынша 84 кандидат тіркелді. Сайлауға 9 партия Халық конгресі Қазақстан өрлеу партиясы, Республикалық партия, Демократиялық «Азамат» партиясы, Аграрлық , Азаматтық және ұлттық «Алаш» партиялары қатысты. Сайлауда жеңіп шыққан партия 1999 жылы ақпанда құрылған. Алматыда өткен құрылтай съезінде президенттікке үміткер ретінде Н.Ә.Назарбаевты қолдау негізінде 30,89% дауыс жинап, мәжілісте 4 депутаттық орынға ие болған «Отан» партиясы еді. Қазіргі күнге дейін өзіне жүктелген міндеттерін орындап жатыр. 57. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-педагог, қазақтың ағартушы –педагог әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин (1841 жылы Қостанай облысы Қостанай ауданында дүниеге келіп, 1889 жылы қайтыс болған) белсенді қызмет атқарды. Әкесінен ерте айырылған ол өзінің атасы, белгілі би, орынбор шекаралы комиссиясының әскери старшыны Балқоженің қолында тәрбиеленді. Содан кейін шекара комиссиясы жанында қазақ мектебінде оқиды. Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы тұңғыш бастауыш және кәсіптік білім беруге арналған мектептер ашқан қайраткер. Оның белсенді қызмет нәтижесінде өлкеде қазақ қыздарына арналған қолөнер, ауыл шаруашылық училищелері иашылды. 1879 жылы ол торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Қажырлы ағартушылық қызметінің барысында педагогика, этнография, ауыз әдебиеті саласында мынадай оқу құралдарын жазды: «қырғыз хрестоматиясы», «Қырғыздарға орыс тілін оүйретудің бастапқы жетекшісі», сонымен қатар қазақ халқының эпостық жырлары «Қобыланды батыр», «Жәнібек батырдан» үзінділер, тарихи материалдар – «Қыпшақ Сейітқұл», «Байұлы» және т.б. өркениетке жеткізуге болатынын жақсы түсінді. Оның кейбір еңбектерінде адамгершілікке баулу, қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылық, секілді қасиеттерге тәрбиелеу, тапқырлықпен шешендікке блаулуды мақсат еткен. 58. Абай Құнанбаев – ақын ағартушы. 1845-1904. Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Әкесі – Құнанбай – Тобықты руының старшыны А-ның тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды. А Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде оқып жүргенде ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне ел баласын тартқысы келген аға сұлтан Құнанбай А-дың оқуын аяқтатпады. Ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесі мен көзқарастары бір болмады. Семейде кездесіп, кейінгі жылдары байланысы үзілмеген орыс зиялы қауым өкілдері Абайға ықпал етті. Семейде айдауда болған азаттық қозғалыс өкілдері Е.П.Михаэлис, А.Леоньтев, С.С.Гросс оның ақындық шығармасының демократтық бағытта қалыптасуына әсер етті. Абай орыс демократиялық мәдениет өкілдерінің А.С. Пушкинге, М.Ю.Лермонтовқа бас иді. Қазақ пен орыс халқының өнегелі өкілдері достығының көрінісі Абай мен Михалистің қарым-қатынасы. 100. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қазақстан тарихының зерттелу барысы. 2004 жылы Қазақстан Республикасының мәдени саясатын дамыту үшін ерекше маңызды болды. 13 қаңтарда Президент мемлекеттік «мәдени мұра» бағдарламасы ретінде бекітті. Оның мақсаты – «рухани және білім салаларын дамыту, елдің мәдени мұрасын тиімді пайдалану мен сақтауды қамтамасыз ету». Онда археологиялық ескерткіштер мен тарихи маңызды жәдігерлерді қайта қалпына келтіру, мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениет, фольклор, дәстүрді зерттеудің бүтін жүйесін жасау, ұлттық әдебиет пен жазудың көп ғасырлық тәжірибесін жинақтау, көркем және ғылыми сериялар жасау, әлемдік ғылым, ой, мәдениет және әдебиет жетістіктері негізінде гуманитарлық білімдердің құнды қорын мемлекеттік тілде жасау белгіленді. Мәдени мұра бағдарламасының шеңберінде құруар жұмыстар атқарылып, ұлттық мәдениетіміз бен тарихзымыздың аса құнды мұралар ғылымиайналымға енгізіліп, көпшілік оқырманның игілігіне айналды. Бұл жерде ерекше тоқтала кететін жайт, мұрағаттарымыздың Рессей мен Қытай мемлекеттік мұрағатитарынан алынған қазақ тиарихына байланысты жаңа тарихи құжаттармен толығу еді. Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен 2004 – 2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра», «Мемлекеттік бағдарламасының» жүзеге асуы, қазақ халқының тарихи санасын өркендетуге үлкен сепбігін берді. Бағдарлама аясында Қазақстандық ғалымдар қазақ тарихының ашылмай жатқан жырларының толықтыра түсе, жаңа архиеологиялық ашылулар жасады, және Қытай, Ресей сияқты т.б. елдердің мұрағат қорларынан аса құнды тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізді. Бұл бағыттағы жұмыстар болашақта да жалғаса бермек.
93. 1991 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы. 1991 1 – желтоқсанда бүкіл халықтық Қазақстан Президентінің сайлауы болып, сайлауда Н.Назарбаев жеңіске жетті. 10 – желтоқсанда Президент Назарбаев өз қызметіне кірісті. Осы күні қазақ КСР- ын Қазақстан Ремспубликасы деп атау туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі» туралы конститутциялық заң қабылданды, бұл күн мемлекеттік тәуелсіздік күні болып жарияланды.
98. Ел басы Н.Ә. Назарбаевтің «тарих толқынында» еңбегінде қарастырлған мәселелері. 1999 ж Назарбаевың «Тарих толқынында» деген кітабы жарыққа шықты. Ол еңбегінде ел басы барлығымызға бірдей тең құқылы және мүмкіндіктері тең көпұлтты мемлекет құрудамыз. Бұл ретте конситутцияның кепілі ретінде ел президенті Қазақстанның барлық халқының алдында 130 ұлт пен ұлыстар алдында жауапты деп жазды.
26. Махмұт Қашқари. Махмұт Қашқари ХІ ғасырда 1030 – 1090 жылдар аралығында өмір сүрген. 1072 – 1074 жж жазылған «Диуани – Лұғат ат Түрік» (түркі тілдерінің сөздігі) атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты, бұл шығарма түркі тілдес халықтардың тұмыс тіршілігі, әдеп – ғұрып, тіл туралы тарихи дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Бұл еңбектің мазмұны түрік халықтарының тілі, мекен – жайлары, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жөніндегі эниклопедия. Бұл еңбек ғалым А.Егеубайдың аударуымен 1997 – 1998 жылдары қазақ тілінде жарық көрді.
25. Қожа Ахмет Яссауи. ХІІғ 1103 – 1167жж аралығында өмір сүрген. Сайрамда дүниеге келіп, Яссыда өмір сүрген. Ұстазы Арыстан баб содан тәлім алып, ислам дінін уағыздаушы сопы болған. «Диуани Хикмет» (даналық кәтабы) шығармасы тарихи этнографиялық әлеуметтік тілдік дерек. Бұл шығарма мазмұны: жамандық, қатыгездік, сараңдық, дүниеқұмарлыққа қарсы шығады. Шындықтың жолы құдай жолы деп, құдайға құлшылық етуге уағыздайды. Ғұламаның бұдан басқа «Мират ул - Кулуп» көңіл айнасы және «пақырнама» деген еңбектері бар.
24. Ортағасырлық – Қазақстанның ғұлама ойшылы Жүсіп Баласағұн. (Құтты Білік дастаны). Жүсіп Баласұғын 1015ж немесе 1016 жылы Баласағұн қаласында туып өскен. Ол текті отбасында тәрбиеленіп, жақсы білім алған. Оның Қарахан мемлекетінде лауазымды қызмет атқарғаны да тарихта аян. Оның қаламында 1069 – 1070 ж жазылған «Құтты Білік» дастаны туған. Бұл еңбекте адамның қоғам мен табиғаттағы орны мен рөлі, өмір мәнінің дүниетанымдық мәселелері. Философиялық тұрғыда талданған саяси трактат. Сондай – ақ аталмыш еңбек түріктердің ана тілінде жазылған эниклопедиялық шығармасы болып табылады. Шығарма мазмұны: билеушінің де халықтың да аман есен бақытты болуының қайнар көзі – білім. Мемлекетті сауатты адамдар басқару керек. Ж.Б. Дастанының алғы сөзінде «егер араб пен тәжік тілдерінде мұндай кітаптар көп болса, ал біздің тілімізде бірінші рет даналық бір жерге жинақталған» деп әрі ол «түркі тілінде жазылғандығын атап көрсетеді». «Қ.Б.» терең философиялық мәңдегі, этикалық, моральдық трактат. Онда автордың пікірі бойынша әділетті қоғамның нормалары басқарушымен бағыныштылар арасындағы өзара қарым – қатынасы жүйесі әртүрлі топтағы адамдардың мінез – құлық ережелері баяндалған. «Бақытты» да «әділетті» билеушінің басшылыққа алатын негізгі қағидасы - бұл әділетті өмірдің даналығы мен бақытын біріктіре отырып, заңды сақтау екеніне ерекше назар аудартады.
87. Д.Қонаевтың кеңестік Қазақстан тарихындағы орны. Республикамыздың 1960 – 62 жылдары және 1964 – 1968 жылдар аралығында ұзақ уақыт басқарып, еліміздің өсіп – өркендеуіне зор үлесін қосқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912 – 1993жж) болды. Ол КОКП округінің саяси биросының мүшесі әрі үш мәрте социалистік еңбек ері атағын алды. Д.А.Қонаевтың қайраткерлігімен адамгершілік қасиеттері де халыққа мәлім еді. Сондықтан да елімізде Д.А. Қонаевтың жеке басына табынудың өзіндік белгілері қалыптасты. Сонымен бірге мемлекет қайраткер ретінде Қонаевта әміршіл әкімшіл жүйенің перзенті еді. Сол себепті саяси тағдырын кремель шешті. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бес пленумы шақырылды. Пленумда ұйымдастыру мәселесі қаралып, ол не бәрі 18 минутқа созылды. Пленумның қаулысы бойынша КОКП ОК өкілі Разумовскийдің ұсынысы мен қазақ КСР КП ОК-ның бірінші хатшысы Қонаев қызметінен алынды. Қазақ КСР КП ОК-ның бірінші хатшысы болып Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г.Колбин тағайындалды.
97. Ел басы Н.Ә.Назарбевтың «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасының жүзеге асыру барысы. 1997ж ел басы Қазақстан халқына Қазақстан 2030 барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – аухатының артыуы деген жолдауын арнады. Бұл бағдарламада еліміздің саяси әлеуметтік эконмикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ондағы Републиканың қазіргі жағдайы нақтылы сарапталып, ұзақ мерзімді басым бағыттар, ұлттық қауіпсіздік сақтау, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі, шетел инвестициясының жоғары деңгейінде негшізделген нарықтық экономикалық өсуі, Қазақстан азаматтарының денсаулығы білім және халықтың әл аухаты, эергетикалық ресурстарды, инфроқұрылымдарды әсіресе көлік және байланысты дамыту негізгі қызметтермен шектелетін кәсіби мемлекет құру белгіленді.
101. Назарбаевтың «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының 1 съезінде сөйлеген көзі. Қадірлі Қазақстаным деген қасиетті ұғым әрбір жүректе атау салып тұру тиіс деп бастады. Жас Отандық еліміздің ең беделді саяси партиясы. «Нұр Отанның» берік тұғыры ғана емес, менің көмекшім, серіктесім. Жас Отанның нығаюына зор мән бөлді. Ол бүкіл еліміз бойынша тармақталған құрылымы, болашаққа арналған нақты іс – қимылды стартегиясы бар күшті бірлікке айналуға тиіс. Жас Отан жастар болуы керек. 1999ж Мемлекет жастар саясатының тұжырымдамасы бектіліген болатын. Соған негізделе мемлекеттік жастар саясаты туралы заң әзірленді. Жыл сайын мемлекет бюджеті әлеуметтік жастар ұйымына 1 млрд теңге астам қаржы бөлінді. Жастардың және еліміздің басты капиталы сапалы білім. Жыл сайын кәсіби мектеп оқушылары 95% - ы мемлекет есебінен оқиды. 35 мыңға жуық жастар әлемінің озық университетінде оқып келіп жатыр магистранттың оқу ақысы 3 есеге артты. Мемлекеттік бюджеті жыл сайын тегін көмек берілді. 2008 – 2010 жылдарға арналған тұғын үй дамытудың мемлекеттік бағдарпламасы бойынша жас отбасыларға үй бнріліп жатыр. Ауыл жастарының қалаға қоныс аударуы жұмыста кездесетін түйінді мәселелер. Әрбір азамат жеке бастың қамын ойлап қоймай, оның жақындарына халыққа қызмет етуі тиіс. Мемлекет өмірге қадам басқан әрбір қыз жігіттер өзінің негізгі құқықтары мен міндеттерін, лайықты деңгейге ақша төленетін жұмыста болуын, салауатты өміо салтын құру. Жас Отан жастар қанатының басым міндеттері: Жас Отан өз мойына патриоттық құндылықтармен пргресс мақсаттры негізінде ел жастарын топтастыру бүгін елімізде 700 астам жастар ұйымы жұмыс істейді, оның қатарына 1 млн 700 мыңнан астам жұмысшы қатысуда. Жас Отанның салауаитты ұлт қалыптастыру, елемізді 200 спорттың алаң қалыптастырылды, ауылдың жерлердегі жұмысты жандандыру мақсатында, ауыл жастарын жетілдіру керек.
22. Ұлы Жібек жолы және Евразия халықтарының тарихындағы оның рөлі. Ұлы Жібек жолы б.з.д. ІІ ғасырдан б.з.д. ХVI ғасырына дейін Шығыс пен Батыс өркениеттерін байланыстыратын күре тамыр ретінде қызмет етті. Ол Қытай басталып, ортиалық және Алдыңғы Азияға, одан әрі Еуропаға, ал деректер тілімен айтқанда, «түріктерден гректерге» жалғасып жатты. Жол Қытайдан орталық аудандарынан бастау алатын еді. Алғашқы сауда байланысы б.з.д. ІІІ-ІІ ғасыр Мереке, Аспара, Қордай, Кастек, Іле, Көксу, Қаратал, Лепсі, Арыс алқаптарынан Сырдария бойындағы Сауран, Сығанақ, Жент, Ягникент, Созақ қалалары арқылы Жезді, Нұраға өтті бағыттары: Батыстан шығысқа, Іле Еуропа, Орталық және Шығыс Қазақстан болды. Маңызы: Отырықшы және көшпелі мәдениеттің қарым – қатынасы, қалалар санның артуы, сыртқы байланыстың өріс алуы, сауда – саттықтың дамуы зор әсер етті. Тоқталуы: ХIV - XV ғасырлар болды. Бұл өз қызметтің партугалдық саяхатшы Баско да Гама Еуропадан Азияға өтетін. (Африканы айналып Лиссабоннан Индияға) теңіз жолын ашқаннан кейін тоқтатты. 91.КСРО-ның ыдырауы.ТМД-ның құрылуы.1991 ж желтоқсанда ТМД-ын құру өте күрделі жағдайда өтті. 8 желтоқсанда Минскіде Белорусь,Ресей ж/е Украин, президенттері «ТМД құру туралы»келісімге қол қойылды.Онда жоғарыда аталған мемлекеттер1922ж Одақтық келісімге қол қойып,КСРО-нықұраушылар болғандықтан «КСРО халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатады ж/е геосаяси мәнін жоғалтады»,-деп мәлімдеді.Одан әрі «біздің халықтардың тарихи бірлігіне, қалыптасқан қатынастарға сүйене ж/е екі жақты келісімдеоді ескере отырып,демократиялық құқықтық мемлекет құру үшін жоғарғы келісім жасаушы тараптар ТМД-ны құрды»,-деп атап көрсетілді.Сөйтіп бұл келісім 1922 ж Кеңес Одағының құрылуы туралы шарттың күшін жойып,ТМД құрылды.1991ж 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы 11 тәуелсіз мемлекет арасында ТМД құру туралы келісім мемлекет хаттамасына қол қойылды.Сол күні ТМД-ның құрылуы жөніндегіт«Алматы Декларациясына» қол қойылды.Онда ТМД-ны құрушы мемлекеттер демократиялық,құқықтық мемлекет құруға ұмтыла отырып «олардың арасындағы қарым-қатынастар әрбір елдің мемлекеттігін тану ж/е құрметтеу,өзін-өзі билеу құқығының бұлжымастығы,тең құқылық ж/е ішкі істеріне қол сұқпау ұстанымы,күш қолдану мен қоқан-лоққы жасаудан,экономикалық ж/е қысым жасау әдістерінен бастарту дауларды шешу адам құқы мен еркіндігін,соның ішінде аз ұлттардың құқығын құрметтеу,халықаралық құқық нормалары мен міндеттерді адал орындаунегізінде дамиды.»деп мәлімдеді ТМД жарғысы бойынша Достастыққа қатысушылар тепе-теңдік негізіндегі үйлестіруші институттар арқылы жұмыс істейді.Ондай ұйымдарға мемлекет басшыларының ж/е үкімет басшыларының кеңесі жатады.Бұл ұйымдарда әр мемлекет 4 дауысқа ие,ал шешім ортақ келісім жолымен қабылданады.Мемлекет басшыларының Кеңес жылына 2 рет,үкімет басшылары жылына 4 рет жиналады,сонымен қатар кезектен тыста өткізіледі.Достастық мемлекеттердің тұрақты атқарушы ж/е үйлестіруші органы-Кеңес-үйлестіруші комитет болды.Үкімет төрағаларының орынбасарлары деңгейінде жасақталды.Достастыұ шеңберінде Парламентарлық ассамблея құрылып,жұмыс істейтін болды.
|