![]() |
ЖапонияDate: 2015-10-07; view: 1118. 1. Жапония тізе бүгу туралы актіге қол қашан қойылды? 1945 жылы 2 қыркүйекте 2. Либералдық және демократиялық партиялар нені ұстанды? АҚШ-тың даму жолы мен буржуазиялық бағытты 3. 1946 жылғы сайлауда кім жеңіске жетті? Либералдық және демократиялық партиялар 4. 1948 жылы неше адамға үкім шақырылды? 28 адамға 5. Неше қылмыскер абақтыға жабылды? 16 қылмыскер 6. Заң бойынша неше сағ-тық жұмыс күнін белгіледі? 8 сапғ-тық 7. 1945 жылы Жапонияның өндіріс орындары өзінің экономикалық даму қарқының жағдайы? 1937 жылғы деңгейінің 30%-ы көлемінде ғана сақтай алды 8. 1946-1949 жылдары аграрлық реформалар помещиктерге қанша жер қалдырды? 3 тё (3 га-ға шамалас) 9. Кореядағы соғыс уақыты? 1950-1953 жылдары 10. Қандай ірі өндіріс және қаржы монополиялары ең жаңа тауарлар шығарып, басқа елдерді қаржыландыра бастады? Мицуи, Хитачи, Мицубиси, Сони т.б. 11. Қай жылдардағы ғылыми-техникалық революция нәтижелерін жапондықтар өте ұқыпты пайдаланды? 1950-1960 жылдардағы 12. Қаржы дағдарысы мен мұнай бағасының күрт өсуі елдің экономикасына айтарлықтай қиыншылық қашан әкелді? 1997 жылы 13. Әлемдегі өндіріс саласы шығаратын өнімнің қаншасы Жапонияның үлесіне тиеді? 12%-ы 14. Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) қашан 4,5 трлн долларға жетті? 1999 жылдың соңында 15. Жапония сыртқы сауда айналымы бойынша нешінші орында? 3-орында 16. Жапонияның басқа елдердегі табысы? 1 трлн доллар 17. Жапонияның сыртқы сауда айналымындағы табысы? 140 млрд доллардан асады 18. 1954 жылы либералдар мен демократтар бірігіп не құрды? Либералдық-демократиялық партия (ЛДП) 19. 1993 жылдың ортасына дейін үкіметті кім басқарды? ЛДП 20. Одан басқа қандай 4 партия қызмет атқарды? Социалисттік, коммунистік, демократиялық социализм және Комэйто (таза саясат партиясы) 21. Қашан ЛДП арасынан бірнеше топтар бірігіп, жаңа саяси паритиялар қалыптасты? 1980 жылдардың соңында 22. 1993 жылы көктемде болған парламент сайлауында кім жеңгенімен, басты орын басқа парламенттерге тиді? ЛДП 23. Үкімет басында кім болды? «Жаңа көкжиек» партиясының өкілі М.Хосавака 24. 1996 жылдың қаңтарына дейін премьер-министр кім болды? Т.Мурояма 25. 1996 жылы тамызда ЛДП 500 орынның нешіншісін жеңіп алды? 207-сін 26. 1998 жылы 31 желтоқсанда премьер-министр олып кім сайланды? Дз.Обути 27. 2000 жылы көктемде Обутидің орнын кім басты? Е.Мори 28. ЛДП-ның ішкі тартыстары 2001 жылы сәуірде кімнің жеңісімен аяқталды? Дзъюнтиро Коидзуми 29. 2003 жылы қарашадағы парламент сайлауында кім жеңді? ЛДП 30. Қашан елдің қарулы күштерін бітімгерлік операцияларға қатыстыру мақсатында өзге елдерге шығаруға мүмкіндік беретін бірқатар заңдар қабылданды? 2001-2006 жылдары 31. Коидзуми қызметтен қашан кетті? 2006 жылы қыркүйекте 32. Коидзуми қызметтен кеткен сон орнына кім келді? С.Абэ 33. Абэ нені жасақтады? Алғаш рет үкімет құрамына Қорғаныс министрлігін 34. 2007 жылы жазда сайлауда кім жеңді? Парламенттің жоғарғы палатасына үміткер ЛДП 35. Абэнің орнына кім сайланды? Ясуо Фукудо 36. 2008 жылы шілдеде Хоккайдо аралында қандай самит болып өтті? Great-8 – Үлкен сегіздік 37. Сан – Франциско қаласында бітімге қол қашан қойылды? 1951 жылғы қыркүйекте 38. Жапония мен АҚШ өзара ынтымақтасу және қауіпсіздік кепілдік туралы жаңа шартқа қашан келісті? 1960 жылы 39. Осы шарт неше жылда жаңартылып, осы күнге дейін сақталып келеді? 10 жылда 40. Жапония мен АҚШ өте тығыз байланыста, ал сауда айналымы қанша? 175 млрд долларға тең 41. 1954 жылы үкімет басына кім келеді? Демократиялық партия жетекшісі И.Хатояма 42. 1956 жылы 19 қазанда неге қол қойылды? Екі ел арасындағы араздықты тоқтату және дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы Декларацияға 43. Жапония мен Қытайдың арақатынасы қашан реттелді? 1972 жылы қыркүйекте 44. Жапония мен Қытай қашан бітімге қол қойды? 1978 жылы 45. Екі ел арасындағы 1997 жылғы сауда айналымы? 60,8 млрд доллар 34. Қытай Халық Республикасы 1. Солтүстік-Шығыс Қытай аймақтары неге айналды? Қытай революциясының базасына 2. Ел ішіндегі өзара алауыздық қашан болды? 1946-1949 жылдары 3. 1946 жылға дейін басымдық кімнің жағында болды? гоминьдан үкіметі 4. Қытай ұлт-азаттық армиясы Пекинді қашан азат етті? 1949 жылы 5. Ұлт-азаттық армиясы Янцзы өзенінен өтіп, Гоминьдан армиясын талқандауды қашан аяқтады? 1949 жыды 6. ҚХР мағынасы? Қытай Халық Республикасы 7. Қытай Халық Республикасы деп қашан жарияланды? 1949 жылы 1 қазанда 8. ҚХР қайда жарияланды? Пекинде 9. ҚХР-ды бірінші болып кім мойындады? КСРО үкіметі 10. Аграрлық реформа ойдағыдай іске қашан асырылды? 1949-1952 жылдары 11. 300 млн шаруа қанша жерге ие болды? 47 млн га жерге 12. КСРО Қытайға 256 ірі кәсіпорынды қашан салып берді? 1950-1959 жылдарда 13. КСРО Қытайға қанша қытай инженерлерін дайындады? 20 мыңнан астам 14. КСРО Қытайға қандай көмек көрсетті? Қаржылық және әскери 15. Қытайдың Ұлы халық жиналысы жаңа конституцияны қашан қабылдады? 1954 жылы 16. ҚКП «Зор секіріс» бағытын қашан жариялады? 1958 жылы 17. Әрбір коммуна нені біріктірді? 20 мыңнан астам шаруалар отбасын 18. «Мәдени революция» қашан басталды? 1960 жылдардың ортасында 19. Мао Цзедун қашан қайтыс болды? 1976 жылы 9 қыркүйекте 20. Кең түрдегі экономикалық реформаларды іске асыру шешімі ресми түрде қашан жарияланды? 1978 жылы желтоқсанда 21. Әрбір шаруа отбасы керекті жер үлесін неше жылдық мерзімге алды? 15-50 жылдық 22. Қытай қалаларында кең түрдегі экономикалық реформалар қашан іске асырылды? 1984 жылдан бастап 23. Коммунистік партияның жоғарғы тобында Чжао Цзян басқарған саяси реформаларды жақтайтын либералдар тобы қашан құрылды? 1989 жылы көктемде 24. Әлемдегі сан жағынан ең ірі саяси партия өзінің басшыларын қашан ауыстырды? 2002 жылы 25. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне кім сайланды? Ху Цзиньтао 26. Кейін ҚХР төрағасы кім болды? Ху Цзиньтао 27. Ху Цзиньтао Орталық Әскери Кеңестің қашан төрағасы болды? 2004 жылы қыркүйекте 28. ҚХР-ның сыртқы саясатында не байқалды? Елеулі өзгерістер 29. ҚХР БҰҰ құрамындағы құқықтық орынға қашан ие болды? 1971 жылы 30. ҚХР Жапониямен «Бейбітшілік және ынтымақтастық келісіміне» қашан қол қойды? 1978 жылы 31. ҚХР АҚШ-пен депломатиялық қатынас орнату жөніндегі келісімге қашан қол жетті? 1979 жылы 32. М.С.Горбачевтің Қытайға ресми сапары қатынастары жөнге қашан келтірілді? 1989 жылы 33. 2001 жылы кімнің Қытайға ресми сапары көршілес елдердің достық қатынастарын ұлғайтты? Президент В.В.Путиннің 34. Қазақстан – Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастар қашан орнады? 1992 жылы 3 қаңтардан 35. Ең алғашқы Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан елдері басшыларының кездесуі қашан өтті? 1996 жылы 26 ақпанда 36. Ең алғашқы Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан елдері басшыларының кездесуі қайда өтті? Шанхайда 37. Шанхай қаласында кеңестік нәтижесінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қашан құрылды? 2001 жылдың жазында 38. Қашан Ташкент қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы басшыларының кездесуінде 10-нан астам маңызды құжатқа қол қойылып, байланыстары одан әрі тұрақтана бастады? 2004 жылы 39. Қашан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қытайға ресми сапарының барысында екі ел арасындағы аса маңыөды стратегиялық келісімдерге қол жеткізді? 2004 жылы және 2008 жылы мамыр айында 40. Қытайдың болат өндіруден жылдық табысы? 200 млн т-дан асып туседі 42. Қытай әлемде не өндіруден бірінші орында? Болат өндіруден 43. Қытайдың жылдық мұнай табысы? 140-150 млн т 44. Қытайдың көмір өндіруден жылдық табысы? 1,3 млрд 45. Экономиканың жылдық даму қарқыны 2003 жылы? 9,9%-ға жетті 46. Жылдық астық өндіру мөлшері 1997 жылы? 492,5 млн т 47. Жылдық ұлттық кірістің мөлшері 2003 жылы? 1,34 трлн доллардан асып түседі 48. Жылдық ұлттық кіріс мөлшерінен ҚХР дүниежүзі бойынша нешінші орында? 6-орында 49. Пекинде қашан Қытай Коммунистік партиясының XVII съезі басталды? 2007 жылдың 15 қазанында 50. 73 млн-нан астам мүшесі бар партияның пікірін Қытайдың барлық провинцияларынан келген қанша делегат білдірді? 2200 делегат 51. Қазақстан – Қытай арақатынастары өте жоғары деңгейде қашан жалғасты? 2007 жылы 52. Жапония соғыстан қашан жеңілгеннен кейін, Тайвань Қытайға қайтарылды? 1945 жылы 53. Қытай Халық Республикасы деп қашан жарияланды? 1949 жылы 54. Қытай Республикасы атты елде гоминьдандық үкімет билігін кім орнатты? Чань Кайши бастаған гоминьдан үкіметі 55. Қашан Тайвань үкіметінің өкілі БҰҰ-ның құрамында Қытай мемлекетінің мұддесін қорғады? 1949-1971 жылы 56. 2008 жылы 2 қаңтарда өткен парламент сайлауында кім жеңді? Оппозицияда болған гоминьдан партиясы 57. Қытай Гонконг аралын қашан Ұлыбританияға мәңгілік иелікке берген? 1842 жылы 58. Қытай-ағылшын мәлімдемесі қашан жарияланды? 1984 жылы 19 желтоқсанда
|