Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Алтын орда 1 page


Date: 2015-10-07; view: 817.


1227 жЖошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды.1235 жыл Қарақорымда құрылтай откізілді. Қаралған мәселелер:Еуропаға жорық

Әскери қолбасшылығына Батыйды сайлау.Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады,ал монғолдар аз болды.1236-1242 жылдар- Еуропаға жорық жасалды. Жорықтар нәтижесінде Батыс Дешті Қыпшақ ,орыскнязьдықтары,Мордова,Еділбұлғарлары,Қырым,СолтүстікКавказ,Польша,Венгрияны,Чехияны жаулады. XXIII ғ. Монғолдар Азия,Шығыс және Орталық Еуропаны жаулап алды.1243 жылЕділді төменгі Алтын Орда мемлекті құрылды.Алғашқы билеушісі-Батыйхан.Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ,Хорезм,Батыс Сібір территориясының бір бөлігі.Астанасы Сарай Бату,кейіннен Сарай Берке қаласы.Сарай Берке Азиядан Еуропағабаратын ірі сауда орталығы.Орыс князьдықтарыАлтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы ,Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы,Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды.XIII ғасырдың 60-жылдарынан дербес хандық болып бөлінді. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы Алтын Орда көп ұлтты мемлекет.Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар -қыпшақтар,наймандар,қаңлылар т.б.Отырықшы халқы- Еділ бұлғарлары мордвалар,орыстар,хорезмдіктер т.б.Монғолдар аз болды.XII-XIYғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын “татарлар” деп атаған.Тілі қыпшақ тілі. XIY ғ. Алтын Ордадағы моңғолдар толығымен түркіленді.Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қ. жерінде Шыңғыс ханның “ Яса” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана болып сайланды. Ханның кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобысұлтандар.Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып ,Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Оң қанатБатый хан билігі.Сол қанатОрда Ежен ханның билігі.Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді.Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауыXIII-XIY ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды. Батый хантұсында (1227-1255ж.ж.) Алтын Орда Монғол империясының тәуелді болды. Берке хан (1257-1267ж.ж.)тұсында тәуелсіздігін жариялады.Мөңке хан (1267-1280ж.ж.)өз атынан теңге шығарды.1260 жыл Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстапға ыдырады.XIY ғ бірінші жартысында Өзбек жәнеЖәнібекхандар тұсында мемлекет күшейді:Батыс Еуропамен,Кіші Азия,Египет,Үндістан ,Қытаймен сауда қатынасы дамыды.1312 жыл- Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.50-ж. Ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең”басталды.1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.1380 жыл Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс(1380-1395) Алтын Ордаға хан болды.Ол билігін нығайту үшін 1382 жылы Ресейге жорық жасап,Мәскеуді өртеді.Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің1389,1391,1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді.Тоқтамыс пен емір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады.Алтын Орда билеушілерінің езгісіне қарсы халық көтерілістері де жиіледі:1240-41 жылдар Кама Булгариясындағы көтеріліс; 1259 жыл Новгород, Ростов,Суздальдағы көтеріліс; 1262 жыл Ярославльдегі көтеріліс ;1270 жыл Кама Булгариясындағы көтеріліс.Алтын Орданың күйреуінің себептері:Билік үшін өзара қырқыстар.Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары.Халық көтерілістері.Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы.XY ғ. Ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады Ең ірісі Ақ Орда . XY ғ.20-40 жылдары Сібір , Қазан ,Қырым ,Астрахань ,Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты. Алтын Орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502 ж. Қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады.

Темір жорықтары

Темірдің соғыстары негізінен жаулап алушылық және тонаушылық соғыстар болды.

Мәуереннахрдың ұлық әмірі толып жатқан жорықтар жасады, деректемелерде олардың аттары сақталған: «Темірдің Хорезмге үшінші мәрте жорығы» (1376), «Темірдің Жетеге қарсы төртінші жорығы» (1376), ал Таяу және Орта Шығыс елдеріне қарсы жорықтардың атауларында олардың ұзақтығы туралы мағлұматтар бар: «үш жылдық» (1386-1388), «бесжылдық» (1392-1396), «жетіжылдық» (1399-1404). Соңғысы Темірдің ең ұзаққа созылған жорығы болып, Египет сұлтанын және Осман сұлтаны Баязидті жеңумен аяқталды.

Шыңғыс хан секілді Темір де дүние жүзін жаулап алсам деп армандап, бұл жолда көп іс тындыры. Оның жер қайыстырған қолы жолындағының бәрін жапырып, солтүстік-шығыста Ертіске дейін, оңтүстік-шығыста Делиге дейін, солтүстік-батыста Рязан жеріндегі Ельцке дейін, батыста Египет шекарасына дейін жетті. Алайда Мәуереннахрға тек Каспий өңірінің облыстары, Персия, Ауғанстан мен Месопотамия ғана қосылды. Ал басқа аймақтар – Жете елі, Дешті Қыпшақ, Сирия, Үндістан және басқалар Темірдің жойқын шапқыншылықтарының қаншалық сұмдық екенін анық білді.

В. В. Бартольд Темірдің жаулап алушылық ниет-пиғылының екі себебі болған деп түсіндіреді:

- билеуші ретіндегі өзінің рөлін ерекше жоғары бағалауы. Тарағай баласы өзінің жаратылысынан жаулап алушы болатын және билікке құмарлығында шек болмайтын. Шараф ад-Дин әли Жезі тарихта кең тараған, «дүние жүзінің халық мекендейтін бүкіл жері екі патшасы болуға лайық емес» деген сөздерді Темір айтқан деп жазады;

- экономикалық мүдделер. Сан мың армияны ұстау үшін және Орта Азияда ұлан-асыр құрылыстар салу үшін орасан көп күш-қаражат қажет болды.

Өзінің соғыстарын Темір ерекше қаталдықпен жүргізді. Оның армиясы Үргеніші, Сарайды, Астраханьды және басқа да көптеген қалаларды талқандады. Қалалар жаулап алынғанда, бейбіт халық көбінде жаппай қырылатын. Деректемелерде «арасына қабаттап крпіш пен балшық салынып тірідей екі мың адам қаланып, мұнара тұрғызылды» деген деректер қалған. Ауғанстандағы Исфизар қаласы алынғанда осылай болған; көтеріліске шыққан Исфаганда салынған мұнаралар жетпіс мың адамның бастарынан қаланған; Кіші Азияда Сивас алынғаннан кейін 4 мың адам тірідей көмілген; Алепподағы жеңіс адамның бастарынан пирамида тұрғызумен аяқталған және бұл жолы Темір бастардың беттерін пирамида жанынан өтетін тірі адмдарға қарап тұратындай етіп қалауға әмір берген.

Темірдің қиратқыш әрекеттірін В. В. Бартольд шегіне жеткен, ауру болуға айналаған айуандық деп біледі.

Бұған қарсы айтылар ештеңе жоқ. Тек бір жайды айту ғана қалады: Темірдің бар көкегені соғыс қана болмады және қол астындағыларды күштеумен ғана билеген жоқ. Бізідің білетініміз, Темір өз астанасы Самарқанды, Кешті (Шахрисабз), Йасаны және Мәуереннахрдың басқа да қалаларын заңғар ғимараттармен, бақтармен жігерлі түрде абаттандырды; қаңырап қалған жерлерде егіншілікті қалпына келтіру, Мәуереннахрда, Каспий өңіріндегі облыстарда, ауғанстанда және басқа аудандарда жаңа каналдар тарту, бұрынғы суғару жүйелерін қайта құру беймәлім болған дақылдар – кенеп пен зығыр өсіріле бастады.

Темір салдырған әсем ғимараттардың біразы біздің кезімізге дейін сақталған, бұл зәулім құрылыстардың архитектурасы мен салыну шеберлігі замандастарының өздерін таңдандырды. Олардың арасында Шах-и Зинда тобындағы мазарларды, қазір Бибіханым атымен аталатын мешітті, Темір және оның әулетінің кейбір мүшелері жерленген Гур-и Әмір зиратын айтуға болады.

Және Темірдің замандастарының айтуы бойынша ол билік құрған кезде елде мамыражай тыныштық орнап, сауда-саттық өркендеп, әділеттілік пен адалдық, тәртіп орнады.

Темірдің соңғы жорығы мен өлімі.Темір омалып отыруды ұнатпайтын, бей-жайлық оған оғаш еді. Алпыс сегіз жасқа келешек қалпында Қытайға қарсы аттанбаққа бекініп, 1404 жылдың 27 қарашасында Самарқаннан шыққан бетінде Сырдария бойындағы қамал-қала Отырарға келді., осы арада науқастанып, 1405 жылдың ақпанында дүние салды.

Бұл қаншалықты қисынсыз болғанымен, деректемелерде Темірдің қайтқан күні әр түрлі айтылады. Хафиз әбруде Темірдің қазасы шағбан айының ортасында, яғни 1405 жылғы ақпанның ортасында болғаны айтылады. Жезді мен Ибн Арабшах жазуына негізделіп 1405 жылғы 18 ақпан деп қабылданған.

Ақыр соңында Темірдің ақтық жолының жағдайы туралы.

Темірдің көзі жұмылысымен ханзадалар мен әскербасыларының шұғыл кеңесі болып, онда билеушінің қайтқанын біраз уақытқа дейін жасыра тұру ұйғарылды. Әміршінің денесі иісті заттармен, қамфарамен бүркіп, асыл тестармен безендірілген зембілге салынып, түнде Отырардан Самарқанға жіберілді; бұл маңызды жұмыс Жүсіп Қожаға жүктелді. Ол суыт жүре отырып, Самарқанға ақпанның жиырма үшінде-ақ жетті. Сол түнде мәйіт қабірге түсірілді, осының өзінде тек қана қажет деген діни ғұрыптар ғана атқарылды.

Алайда Темірдің қазасы қалай болғанда да естілді, біраз ақылдасылғаннан кейін оның әйелдері қалаға, Темір жерленген Мұхаммед Сұлтан ханақасына кіргізілді. Ханымдар мен қайсібір басқа да білікті әйелдер Орталық Азия көшпенділіріндегі салт-ғұрыптарын атқарды.

1405 жылы 18 наурызда Темірдің немересі Халел-Сұлтан Самарқанды алды да, таққа отырды. Екі күннен кейін жас әмірші Мұхаммед-Сұлтан ханақасына барып, қазалық ғұрыптар тағы бір рет, бұл жолы оған аза киімін киген ханымдар, ханзадалар, ақсүйектер мен лауазымды адамдар ғана емес, Самарқан мен оның төңірегінің бүкіл халқы және Темірдің жауынгерлері де қатысты.

 

16.Әбілхайыр хандығы. XV ғ-ң 20-ж-да қазақстанның орталық, батыс ж/е солт. Батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428ж Шайбани ұрпағы 17 жасар Әбілхайыр(1428-1468) осы аймақтағы билікті қолына алды.Ә-р сырдария бойындағы қалалармен хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты.Шығыс-Дешті қыпшақтың бытыраңқы феодалдарының басын қосып «көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. Территориясы- Жайық- Балхаш-Арал теңізі, сырдарияның төменгі ағысы-Тобыл, Ертіс. Астанасы- алғашқыда Тура, 1431 ж Сығанақ. Халқы- өзбектер. Құрамында қыпшақтар, наймандар, манғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер т.б болды.

Елді 40 жыл билесе де, Әбілхайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмады, бірнеше иелікткрге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің ьилеушілері басқарды.Билік үшін Жошы ұрпақтары арасындағы өзара қырқыстар болды.Толассыз соғыстар тоқтамады.

Әбілхайырдың жүргізген соғыстары-Негізгі себептері-Жекелеген ұлыстар арасындағы берік байланыстың болмауы. Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы билік үшін тартыстар. Көшпенділердің ақсуйектер қанауына наразылығы. Сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер. Оның мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді.Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбан (1470-1510ж) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. 15ғ-ң 50-ж-ы Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдің ішкі саяси өміріне араласты. Бұл жағдай Әбілхайырдың саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде 15 ғ 50-ж- аяғы-60ж басында Өзбек хандығынан Жәнібек пен Керей бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшті.

1457ж Үз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде, Көккесене деген жерде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты.

1468ж - Әбілхайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды.

1430ж Тобыл өзені бойында Махмуд қожаны жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады.Махмуд ж/е Ахмет хандарды жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды. 1446 ж- Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап,Сығанақты астана етті.

1500ж Мұхаммед Шайбан Самарқанды алды. 1501-1502ж орта азияны жаулады.

1510ж Сығанақ түбінде Қасым ханның әскерінен жеңіліп, қазақ даласындағы ықпалы жойылды.1510ж Мерв түбіндегі шайқаста қаза болды.

Әбілхайыр хандығының жеріндегі билік қазақ хандарына толық көшті.Қазақ хандығының құрылуымен, Әбілхайырдан тараған ұрпақтың Шығыс Дешті-Қыпшаққа билік жүргізуіне тыйым салынды.16ғ-ң басында Көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауфмен Мәуреннахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалған тайпалар қазақ хандығының иелігіне қосылып, орта жүз құрамына енді.

 

 

17.Ноғай ордасы. Алтын орданың ыдырауы кезінде пайда болған ірі мемлекеттік бірлестіктің бірі-Ноғай ордасы. Ол 14-15ғ-да бат. Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Ол Кавказ, Персия, Польша, Венгрия, Болгария, Сербия, орвс жерлерін шабуылдады.Египетпен дипломатиялық қатынас орнатты,Византия императорының қызына үйленіп, туыстық қатынас орнатты. Берке хан өлгеннен кейін доннан дунайға дейінгі жер ноғайдың бақылауында болды.Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.

құрылу тарихы-НОҒАЙ –Алтын орда әскерінің қолбасшысы, Жошы хан немересі (1260-1306)

Ноғай ордасының негізін салушы-Әмір Едіге( 1395-1419ж)

Ол 15 жылдай Алтын орданы билеп (1396-1411ж) «ұлы Әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едіге әулетінің келісімінсіз қабылданбайтын дәстүрге айналды.Ноғай ордасы алтын ордадан 13ғ 2 жартысынан бөлектене басталы. Бұл процесс 14ғ Әмір Едіге тұсында жалғасып, баласы Нураддин кезінде аяқталды.Ноғай ордасы Едігенің ұлы Нурраддин (1426-1440ж) тұсында алтын ордадан бөлініп, дербес мемлекет атанды.

Территориясы-Жайық-Еділ арасы. Ең ірі тайпасының атымен «Маңғыт жұрты» атанған. Астанасы-Сарайшық ( Жайық өзені бойында). Бұл Қаратеңіз жағалауынан орта Азияға дейінгі аралықтағы сауда жолындағы ірі транзистік қала. Халқы-манғыт,қыпшақ, қоңырат, найман, арғын, үйсін,қарлұқ, алшын, тама тайпалары.Ноғай ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар 15ғ-ң аяғында қалыптасқан Ноғай халқының негізін құрады.

Ноғай ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір Еділ ұрпағы маңғыт әмірлерінің қолында болды.Билік рудағы жасы үлкендігіне қарай мұраға қалдырылды. Ноғай ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып , бір орталыққа бағынған үкімет болды.Орда билеушісі –хан, ұлыс билеушісі-мырза. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды.Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жуынгер шығарылды. Малдарынан айрылып, отырықшылыққа көшкен кедейлер- тұмақтар.Ұлыстан қол үзіп, әскери табыс тауып күн көрушілер (көшпелі казактар) болды.Ш. Уалиханов Ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан орда» деп атаған.Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атаған.

16ғ-да Ноғай ордасының орыс мемлекетімен сауда-экономикалық, саяси байланысы дамыды.16ғ-ң 2 жартысында Ноғай ордасы ыдырап 2-ге бөлінді. Үлкен Ноғайлы –Еділдің шығысы, Кіші Ноғайлы-Еділдің батысы.

1600 ж Үлкен Ноғайлы мырзалары Борис Годунов тұсында, Ресейге тәуелділігін мойындап, Иштерек мырза князь атанды.1634ж қалмақтар шабуылынан кейін Үлкен Ноғайлы елдің батысындағы Кіші Ноғайларға келіп қосылды. Кіші Ноғайлы Қазақ хандығын мойындады, кейін Кіші жүз құрамына енді.

.Моғолстан мемлекеті

14ғ-дың ортасында Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған. Территориясы оңт.-шығ Қ-н мен Қырғызстан. Астанасы Алмалық (Іле алқабында) М-ның шекарасы туралы Мухаммед Хайдар Дулати “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде жазған: “шекараның ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол.” Халқы дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін ж/е т.б. Дулаттар-ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енеді. Мемлекетті-хан, тайпаны-ұлысбегі басқарды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі ж/е сыртқы істері, әскери жорық ж/е жайылымдық жерлерді бөлумен айналасты. Бірінші ханы-дулат тайпасынан шыққан Әмір Болатшы басқарды. Ол хан тұқымы болмағандықтан, Шағатай ұрпағынан шыққан 16жасар Тоғылық-Темір 1348-61ж Моғолстан ханы болды. Ол Мәуеренахрдың едәуір бөлігін жаулап алып, өз билігін нығайту үшін ісләм дінін тірек етті. 14ғ-дың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бірнеше жорықтар жасайды. Одан Моғол хандығы әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан әлсірейді.

· 19.Қазақ хандығының құрылуы .Қазақ хандығы көшпелі ақсүйектер басымдығы артқан Әбілхайыр хандығы және Моғолстанның ішкі саяси қақтығыстарының нәтижесінде құрылды. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру, тайпа көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылып, Әбілхайыр мен Есенбұғының (Моғолстан ханы) билігіне мойынсұнбады. Сондықтан XV ғасырдың 40-50 жылдары олар Керей мен Жәнібектің маңына: Қаратау,Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады.

1446 жылы Әбілхайыр Созақ, Сығанақ, Аркөк, Үзгент, Аққорған қалаларын басып алғаннан кейін ұлыстар арасындағы тартыс күшейе түсті.

XV ғ 50-ж ойраттар Түркістан аймағына жетті. Ал 1457 ж Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі қазақ ру, тайпаларын Керей мен Жәнібектің төңірегіне тығызырақ топтасуын тездетті. Әбілхайыр ханның билігіне наразылық жаппай көшу тасқынын туғызды.XV ғ 50-ж-нан бастап 10 жыл бойы осы тасқын толастамады. Халық Жетісудың батысына, Моғолстанға қарай көшті. Қазақтардың бір мемлекетке бірігу қозғалысы осылайша басталды. Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.Саяси тарихы.

· Көшіп келген қазақ руларына Моғолстан ханы Есен- Бұғы Шу мен Талас бойынан жер берді. Есен-Бұғының мақсаты:

· - Әбілхайыр мен Темір әулетіне қарсы қазақтардың күшін пайдалану.

· - Ойраттар (қалмақтар) шабуылынан Моғолстан шекараларын қорғау.

· 1465-1466 ж. – Қазақ хандығы құрылды.

· Қазақ хандығы шығысында Моғолстанмен, оңтүстік ж/е батысында Темір ұрпағының мемлекеті ж/е Әбілхайыр хандығымен шектесіп жатты. Жас мемлекеттін қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жәнібек хан Моғолстан ханымен достық қатынаста болуға ұмтылды. Әбілхайыр ханның қазақ хандығының құрылуына бөгет жасауға ұмтылуынан еш нәтиже шықпады. 1468 ж. Моғолстанға қарсы жорыққа аттанған Әбілхайыр жолда кенеттен қайтыс болды. Бұдан кейін Жәнібек пен Керей шекараны кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалар мен Шығыс Дешті-Қыпшақты қосуға ұмтылды. Бұл аймақтардың экономикалық ж/е стратегиялық маңызы күшті болды:

Сауда байланыстарының орталығы

· Мықты бекіністі қалалар.

· Құнарлы жерлері – бағалы қыстау.

· Шығыс Дешті-Қыпшақтағы шайбанилер әулетінің билігін қайта орнатуға ұмтылған Мұхаммед Шайбанидің көздегені де осы жерлер болғандықтан, екі арада жаулаушылық соғыстар басталды. Құлдырау жағдайындағы Моғолстанның билеушілері Жүніс пен оның ұлы Сұлтан Махмұд Оңтүстік Қазақстандағы қалалар үшін жанталасты. Бұл күрес 30 жылға созылып, Бұрындық пен Қасым хандар тұсында жеңіспен аяқталды.

 

 

20Қазақ халқының қалыптасуының.Қазақ этнонимі.

Қазақ халқының қалыптасу процесі көне заманнан б.з.б. 2-1 мыңжылдықтан басталады. Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі – б.з.б. 1 мыңжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне байланысты. Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдыйды өзгертті. Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі – 10-12 ғ-да өмір сүрген Қарахан ж/е Қыпшақ хандықтарымен байланысты. 13ғ-дың басында Шыңғыс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керкейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды. 13-14ғ-да Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді. 15ғ-да Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті. 16ғ-дың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі – түркі тілі, антропологиялық типі – монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы. Шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы ж/е егіншілік.

“Қазақ” терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы бар:1. Тарихшы Бартольд: “өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам”. 2. М.Ақынжанов: “қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан”. 3. 12-15ғ-да түркі тілінде жазылған деректерде: “еркіндік аңсаушы, батыл” мағынасын білдіреді. 4. Түркологтардың пікірінше, “қазақ” терминінің бастапқы таралған жері – Шығыс Дешті Қыпшақ. 5. Жазба әдебиетте “қазақ” термині 1245ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде араб-қыпшақ сөздігінде бірнеше рет қолданылған


<== previous lecture | next lecture ==>
С) 1995 жылы 10 page | Алтын орда 2 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.481 s.