|
Алтын орда 2 pageDate: 2015-10-07; view: 502. .Қазақ жүздерінің қалыптасуы.. Жүз- тарихи-шарушылық және географиялық аймақ, белгілі рулық топтың территориясы. Жүз- бөлік,тарап мағынасын білдіреді. Үш жүз географиялық орны мен климаты айырмашылығымен ерекшеленеді. XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан,Ақ Орда,Әбілхайыр хандығы,Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан,халықтар арасында өзара бірігу,топтасуға ұмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқшауланудың тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтыла отырып ,3 негізгі этникалық –шаруашылық топқа бөлінді. Қазақ халқы 3 жүзге бөлінеді: Ұлы жүз. Территориясы- Жетісу мен Оңт. Қазақ-н. Рулары-үйсін,дулат,албан,суан,жалайыр т.б. Орта жүз. Территориясы-Орт. және Солт-к Қазақстан. Рулары-қыпшақ,арғын,найман,керей,қонырат,уақ. Кіші жүз. Терри-сы – Батыс Қазақс-н. Рулары-алшын,адай, төртқара,жағалбайлы, табын, тама. Кіші жүзді үш негізгі рулық одақтар құрайды: Жетіру,Әлімұлы, Байұлы
. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы. Керей мен Жәнібек сұлтандар-Қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар. Қазақ хандығы XV ғ-рдың ІІ жарт-нда, нақтырақ 1465-66 жылдары қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керей қол астындағы елдерімен Әбілхайыр ұлысынан бөлініп шығып, Моғолстан шекарасына қарай көшіп барып, Есен-Бұға бөліп берген жерлерге қоныстану кезінде құрылды. Қазақ хандығы басында Б. Жетісу, Шу, Талас өзендерінің аңғарларын қамтыды. Жәнібек пен Керейдің әрекеттері орталықтанған жеке мем-т құруда халықтың және ру-тайпаларының билеушілерінің мүдделеріне сай болды. XV соңында қазақ хандығы экономикалық жағынан күшейіп, қазақтар ежелден мекендеген жерлерді қоса отырып, территориясын барынша кеңейтті. XVI ғ-рдағы қазақ хандығы нақты қалыптасып, күшею кезеңін бастан кешірді. Оның территориясы 1511-1521 ж-раралығында Қасым хан билік еткен кезде Сырдария өңірін, Жетісуды, Қарқаралы тауларын, Жайық өзеніне дейінгі аймақты қамтыды. Қасым хан кезінде билік күшейді. Қ-нның орталықтары болып Түркістан мен Сығанақ қалыптасты. Халық саны миллионға жетті. Жеті сатылы басқару жүйесі енгізілді: ауыл(аулыбасы)-аймақ (аксакал)-ру (рубасы)- арыс (би)- ұлыс (сұлтан)- жүз (хан)- хандық (қағанан). «Қасым ханны қасқа жолы» заңдар жинағы жасалды. Қ-қ хандығы Еділбойы халықтарымен, Б. Сібір хандарымен дипломатиялық және сауда қатынастарда болды. Қасым Мұхаммед Шайбанимен күрес (1501-1510) жүргізді. Қ-қ хандығы Орта Азияда және Ш. Еуропада көзге түсті. Қасым хан өлген соң 15 жыл бойы саяси дағдарыс болды. Бірнеше хан ауысып, көптеген аумақтардан айырылды. 1538 билікке Қасымның ұлы Хақназар (1538-1580) келді. Ол билік құрған кезде сауда-экономикалық жағдай жақсарды. Қазақтар мен өзбектер араларында сауда қатынастары жақсарды. Ханның өзінің жасақтары (төлеңгіт және қараша) болды. Ханның рұқсатынсыз көшкендер айып пұл төледі. Хан өз пайдасына салықтар жинап отырды. Хақназар Қасым хан кезіндегі қазақ жерлерін қайтаруға әрекеттенді. ХVІ ғасырда, 1552 ж. Қазанды, 1554 ж. Астарханьды алғаннан кейін қазақ хандығына орыс патшалығы таяй түсті. Қазақ хандығы Сырдария өлкесі үшін шайбанидтермен күрестерін жалғастыра берді. Хақназардан кейін хан Тәуекел болды (1582-1598). Ол билік құрған кезеңде Қазақ хандығы мен орыс патшалығының байланыстары кеңейе түсті. Орыс патшасы орыстарға қазақтармен баж салығынсыз сауда жасуаға рұқсат берді. 1583 ж. өзбектермен байланысын үзіп, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын жаулап алды. 1597-98 жылдары Ташкентті басып алды. Сібір хандығы құлағаннан соң сол-к шекаралар да кеңейді. 1598 ж. Мәуереннахрды шабуылдады. 1594 ж. Федор патшамен келісім жасау үшін Мәскеуге елші Құл-Мұхаммед жіберілді. 1595 ж. В. Степанов жауапты сапар жасады. ХІ-ХІІІ ғасырлардағы ерте феодалдық қыпшақ мемлекеттілігіндегі өзіне ғана тән белгіге - хандық биліктің әкеден балаға емес, әкеден немере туысқа не ініге берілетіндігі жатты (Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории... 282-б.). Бұл әдет сырттан әкелінбей қыпшақтарға дейінгі және қыпшақтар кезіндегі жергілікті тайпалардағы әулеттегі жасы үлкенді сыйлаудан, соған құрмет көрсетуден туса керек. Моңғол жаулауы нәтижесінде хандық билік әкеден балаға қалдырылатын заңға айналды. XV ғасырда моңғолдар енгізген бұл жолды жергілікті халықтың әдет-ғұрпы ығыстырып шығарады. Қыпшақ дәуіріндегі хандық биліктің мұрагерлік жолы XV ғасыр ортасында қалпына келтіріле бастайды. Оған Керейдің хан сайланылуы дәлел. Әбілқайыр ханға дейін Дешті Қыпшақтың билеушісі Барақ хан болған еді. Моңғол дәстүрі бойынша келесі хан оның ұлы Жәнібек болуы тиіс. Жергілікті халық дәстүріне сай келесі билік Барақтың немере туысы Керейге тиді. Ал Керейден соң оның ұлына билік тимей, Жәнібек хан болды. Жәнібектен соң хан Бұрындық болды. Міне, не себепті Керей хан болды деген сұрауға біздің жауабымыз осындай.
22Қазақ халқының XV-XVIIғғ.м- 15-18 ғғ басындағы қазақтардың шаруашылығы және мәдениеті. XVғ.-ХІХғ. басы қазақ халқының тарихи м-ті басты орын алған кезең болды Ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды. Қазақтың рухани м-тінің дамуы тарихтың басты үрдісі ХІХ ғ. бастап баяулады. Қазақтың рухани м-тінің құндылығы жойыла берді. ХАЛЫҚТЫҢ АУЫЗША ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ XV-XVII ғ. үлкен көлемде әр түрлі жанрдағы халықтың ауызша шығармашылығы дамыды. Ең жоғарғы орынды “салттық әндер” алды: сәби өмірге келгенде, тойларда, ауырған кезде, адам қайтыс болғанда, жаңа жылды қарсы алғанда т.б. Екі жастың тойында мына өлеңдер айтылады: “Той бастар”, “Жар-жар”, “Беташар”, “Қыз танысу”. Адам қайтыс болғанда немесе қоштасу кезінде өлеңдер айтылады: “Қоштасу”, “Естірту”, “Көңіл айту”, “Жоқтау”, “Жұбату”. Қазақ халқының шығармашылығының ең көп тараған түрі “терме” болды. Ақын жыршылар өздері поэмалар, өлеңдер, тарихи поэмалар, ертегілер т.б. жазды. Терме өз шеңінде дауыс ырғағыменде, өз ерекшелігінде ерекшелінеді. Эпикалық, тарихи айтуларды тек қобызбен, домбырамен жеткізген лирикалық әндер дауыс ырғағымен, мелодиясымен айрықша.Шығармашылық жанрлардың бір түрі ертегі болып саналды. Қазақ халқының өмірін ертегімен айқын көрсетеді. Ертегіде қызықты өмірді, тұрмысты бейнелейді. Ертегілердің көбісі мұсылман дінін қабылдағанша шықты. Халықтың мәдени-тұрмысын ертегі сюжетінен көреміз. Ертегілердің жанрының өзі әр көлемде. Мыс: жануарлар әлемі туралы, тұрмыс жайлы, ғажайып оқиғалар т.б.Ертегілер: “Ер төстік”, “Құла мерген”, “Еділ-жайық”, “Алтын сақа”, “Қара мерген”, «Аламан Жоламан”, “Асан қайғы” т.б. Бұларда сұлулар, мергендер, батырлар, аңшылар, ойшылдар, далалар бейнесі берілген. Жануарларға арналған: “Бозінген”, “Сырттандар”, “Тепек-көк” т.б. үй жануарлары, жабайы аңдар бейнеленген. Ертегілер: “Аяз би”, “Жиренше-шешен”, “Алдар-Көсе”, “Кожанасыр және Шопан”, “Тазша” т.б. қызыл тілге сүйенген, даналардың халық ортасынан шығуы бейнеленген. Қазақ эпосы – бұл ауызша шығармашылықтың бір түрі. Ол Ежелгі дәуір тереңіне байланысты. Ежелгі түрік батырларын алуға болады. Ол эпостар “Қарабек”, “Ер көкше”, “Қобыланды”, “Қамбар”. Бұлар ХІІ-ХІV ғасырға жатады.XVI-XVII ғ. дамудың жаңа этаптары басталды: сюжеттік поэмалар. Онда өз отандарын басқа елден келгендерден қорғау барысы бейнеленген.Әлеуметтік-тұрмысты поэмалар жастар махаббатына арналады, онда айтылған салт-дәстүрлердің, халықтың ерекшеліктерін сипаттау жағынан алатын орны зор. Мәселен, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Күлше қыз”, “Назымбек”, “Сұлу шаш”, “Мақпал қыз” атты поэмалар соның айғағы. Қазақтың лирикалық поэмасына айтарлықтай үлес қосқан шығыс халықтарының классикалық поэзиясы. Махаббат лирикасындағы әндер “Жүсіп пен Зылиха”, “Ләйлі мен Мәжнүн”, “Боз жігіт”, “Сейфуль-Малик”, “Тахир мен Зухра”. Бұларда қазақ халқында белгілі бір орын алған. Қазақ ауыз әдебиетінің жанрлары да кең тамыр жайған: мақал-мәтелдер,жұмбақтар, үзінділер, шешендік сөздер, сатира, юмор, лирикалық әндер (жырлар), тұрмыстық дастандар және т.б. МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ Еңбек көріністері, салт-дәстүр, халық ойындары және мерекелер – музыка әлемінде өздерінің көріністерін тапқан. Вокалды және инструменттік өнердің дамуы поэтикалық дәстүрдің дамуына, түп-тамырын жалғауға негіз болды. Қазақта және басқа да халықтарда тек музыка м-тін қорғаушы, ұрпаққа жеткізуші аспап-саздармен орындаушы, солистік әншілер болды. Әрбір ақынның, әншінің баға жетпес құралы ұшбұрышты, сопақ түрдегі домбыра. Өз кезінде қос ішекті, іші қуыс, асты терімен жабылған қобыз сияқты құралдар болған. XVI-XVII ғғ. халық ойындарында, мерекеде, эпикалық, тарихи, ертегі және тұрмыстық жырларды халық талантары жаңғырта білген. Күйлерді орындаудан бұрын халық таланттары шығарманың мазмұнын қысқаша баяндап, “Енді тыңда, домбыраның сазын” деп аяқтайтын болған. Өткен тарихымыздан біз ауыз әдебиетінің талант иесіне қанша күш беріп, сондай бір тербеніске әкелетінін білеміз.Ауыз әдебиетінің ерекшелігін, алтын қазығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші ақын, жырау, әнші-импровизаторлар. Ақындар орта ғасырда-ақ ауыз әдебиетін жаңғырта білген. Олар екіге бөлінген жыршы және әнші. АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША ӘДЕБИЕТТЕР Поэзия. Жырау. XVғ. басы ХІХ ғ. қазақ әдебиетінде жыраулық ерекше дамыған. Жыраулар көбінесе қоғамдық жұмыстарда, ханның кеңесшісі, соғыс басшылары болып қызмет атқарған.Қазақтардың көрнекті де беделді жырауының бірі Қазтуған Сүйіншіұлы. Ол XVғ. 20 жылдарында Еділдің төменгі ағысындағы Ноғайлы ұлысының беделді биінің жан ұясында дүниеге келген. Оның өлеңдері Ноғай ұлысының басшысы ретінде өзара тайпалардың бірілігіне, ерлікке шақырды. Доспанбет жырау XVғ. 90-жылдарында Азау қаласында дүниеге келді. Бақша сарай және Стамбул қалаларында болған. Ол өз өлеңдерінде ерлікпен адалдықты, отанды қорғауды жырлады. 1523ж. Астрахан соғысында қаза тапты.Қазақ халқының м-тінде Шалгез жырау Тіленшіұлы (1465-1560) үлкен із қалдырды. Ноғай ұлысында Жүсіп пен Смаил арасындағы қақтығыста Шалгез жырау Жүсіпті қолдады, бірақ ол жеңілгеннен кейін Шалгез жырау Қазақ хандығынан тыс жерлерге көшіп кетті. Шалгез поэзиясы терең мағыналы, көркем бейнелерге толы, патриоттық болған. Шалгез қазақтың өлең құрылысын қалыптастырған және батырлық эпостардың жыршысы болған.Жыраулар поэзиясын жалғастырған және байытқан Марғасқа жырау мен Жиембет жырау (XVIIғ.), Марғасқа тек қана жырау болған жоқ, сонымен қатар ол батыр да болған. Ол Тұрсын ханға қарсы соғыстарға қатысқан. Ол “Есім” деген батырлық жырдың авторы болып табылады. Алшын руынан шыққан Жиембет Бортоғашұлы Есім ханның кезінде Кіші жүздің биі болған, ойраттарға және Тұрсын ханға қарсы күрестерге қатысқан. Кіші жүзді Қазақ хандығынан бөліп алғысы келгендігі үшін, қазақ-ойрат шекарасына қарай қуылған. Содан Есім хан қайтыс болғаннан кейін өзінің туған жеріне қайта оралған.Ақтамберді жырау (1675-1768) Оңтүстік Қ-нда Қаратау ауданында дүниеге келген. Ол бала кезінен ақын-импровизатор ретінде таныла бастады. Ол барлық жоңғарларға қарсы күрестерге белсене қатысты, ал XVIIIғ. 50-ші жылдары халықтың шығысқа, жоңғарлардан тартып алынған жерлерге қарай, қозғалысын басқарды. Ақтамберді Семей облысы, Жүрек Жата жерінде жерленген. Үмбетей (1706-1778) халықтың жоңғарларға қарсы батырлық күресін, бейбіт өмірге ұмтылысын жырлаған. Үмбетейдің ең атақты шығармасы Бөгенбай батырға арналған.XVIIІғ. ерекше атаққа Бұхар Қалқаманұлы (1668-1781) ие болған. Бұхар жырау Тауке хан мен Абылай кезіндегі атақты билердің бірі болған. Ол – мемлекеттің біртұтастығына, оны сыртқы жаулардан қорғауға арналған көптеген өлеңдердің авторы. XVIIІғ.аяғы мен ХІХғ. басында Тәттіқара, Көтеш, Шал сияқты атақты ақындар болған. Тәттіқара Сарыкөл жерінде, қазіргі Қостанай обл. дүниеге келген. Цинь империясына қарсы күреске қатысқан. Қазақ батырларының ерлігін жырлап, эпостық жырларды орындаған. Ақын импровизаторлар Көтеш (1745-1818) және Шал (Тілеуке Күлекеулы) (1748-1819) адам, оның моральдық және этникалық күйі жайлы өлеңдер жазған.Жазба әдебиеті. Ауыз әдебиетінен басқа, қазақтарда жазуда дамыған. Әдеби шығармашылықтың негізгі жанрлары – діни және тарихи еңбектер. XV-XVIIIғ. қазақтар арасында “Қысас ал-анабия”, “Бадуаш”, “Суфи Аллаяр”, “Кесік-Баги” және т.б. кітаптар тараған. Бұл шығармалар діни бағытта болған.Бізге XVI-XVIIғ. жазылған тарихи шығармалар да жеткен. “Тарихи рашиди” шығармасы Мағұлстанның және Қазақ хандығының тарихына арналған. Оның авторы-Шухам ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар. Оның “Жахан-наме” деген поэмасы бар.Қазақтардың ең маңызды тарихи көркем шығармасы “Жәми ат-тауарих” оның авторы Тәуекел хан тұсындағы ықпалды би болған жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қосымұлы.1587ж. ол сұлтан Ораз-Мұхаммедпен бірге орыстардың қолына тұтқынға түсіп Мәскеуде және Касимовта ұзақ уақыт тұрып, өз шығармасын жазды. Кітап XV-XVIғ. қазақ тарихына арналған. Мақал-мәтелдерге бай, шежіреден көп дерек береді. Кітап ағыздық ықпалы бар ежелгі қазақтың әдеби тілінде жазылған.XVIғ. Өтеміс-қажы “Шыңғыс-наме” деген тарихи еңбек жазған. Кітаптың маңыздылығы сол, онда XIV-XVғғ. қазақтардың саяси құрылысы, хандары, Қазақ хандығының ұлықтары мен ұлыстарының шығуы және рулар мен тайпалар туралы мол мағлұматтар береді. Қазақтардың тарихи ауызша шежіре тарату дәстүрі қамтылған. 23 15-18ғғ басындағы Қазақ хандығының әлеуметтәк құрылымы мен мемлекеттік құрылысы. Қазақ хандығы XV ғ-рдың ІІ жарт-нда, нақтырақ 1465-66 жылдары қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керей қол астындағы елдерімен Әбілхайыр ұлысынан бөлініп шығып, Моғолстан шекарасына қарай көшіп барып, Есен-Бұға бөліп берген жерлерге қоныстану кезінде құрылды. Қазақ хандығы басында Б. Жетісу, Шу, Талас өзендерінің аңғарларын қамтыды. Жәнібек пен Керейдің әрекеттері орталықтанған жеке мем-т құруда халықтың және ру-тайпаларының билеушілерінің мүдделеріне сай болды. XV соңында қазақ хандығы экономикалық жағынан күшейіп, қазақтар ежелден мекендеген жерлерді қоса отырып, территориясын барынша кеңейтті. XVI ғ-рдағы қазақ хандығы нақты қалыптасып, күшею кезеңін бастан кешірді. Оның территориясы 1511-1521 ж-раралығында Қасым хан билік еткен кезде Сырдария өңірін, Жетісуды, Қарқаралы тауларын, Жайық өзеніне дейінгі аймақты қамтыды. Қасым хан кезінде билік күшейді. Қ-нның орталықтары болып Түркістан мен Сығанақ қалыптасты. Халық саны миллионға жетті. Жеті сатылы басқару жүйесі енгізілді: ауыл(аулыбасы)-аймақ (аксакал)-ру (рубасы)- арыс (би)- ұлыс (сұлтан)- жүз (хан)- хандық (қағанан). «Қасым ханны қасқа жолы» заңдар жинағы жасалды. Қ-қ хандығы Еділбойы халықтарымен, Б. Сібір хандарымен дипломатиялық және сауда қатынастарда болды. Қасым Мұхаммед Шайбанимен күрес (1501-1510) жүргізді. Қ-қ хандығы Орта Азияда және Ш. Еуропада көзге түсті. Қасым хан өлген соң 15 жыл бойы саяси дағдарыс болды. Бірнеше хан ауысып, көптеген аумақтардан айырылды. 1538 билікке Қасымның ұлы Хақназар (1538-1580) келді. Ол билік құрған кезде сауда-экономикалық жағдай жақсарды. Қазақтар мен өзбектер араларында сауда қатынастары жақсарды. Ханның өзінің жасақтары (төлеңгіт және қараша) болды. Ханның рұқсатынсыз көшкендер айып пұл төледі. Хан өз пайдасына салықтар жинап отырды. Хақназар Қасым хан кезіндегі қазақ жерлерін қайтаруға әрекеттенді. ХVІ ғасырда, 1552 ж. Қазанды, 1554 ж. Астарханьды алғаннан кейін қазақ хандығына орыс патшалығы таяй түсті. Қазақ хандығы Сырдария өлкесі үшін шайбанидтермен күрестерін жалғастыра берді. Хақназардан кейін хан Тәуекел болды (1582-1598). Ол билік құрған кезеңде Қазақ хандығы мен орыс патшалығының байланыстары кеңейе түсті. Орыс патшасы орыстарға қазақтармен баж салығынсыз сауда жасуаға рұқсат берді. 1583 ж. өзбектермен байланысын үзіп, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын жаулап алды. 1597-98 жылдары Ташкентті басып алды. Сібір хандығы құлағаннан соң сол-к шекаралар да кеңейді. 1598 ж. Мәуереннахрды шабуылдады. 1594 ж. Федор патшамен келісім жасау үшін Мәскеуге елші Құл-Мұхаммед жіберілді. 1595 ж. В. Степанов жауапты сапар жасады.
24Тәуке ханның саясаты. «Жеті Жарғы» заңы жинағы. Тәуке хан (1680-1718) билігінің ерекшелігі: хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып,бір орталыққа бағындырылды.Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады.Мем-к құрылыстың негізгі ұстанымдарын анықтайтын «Жеті Жарғы» заңын жасады.Көрщі елдермен достық қатынаста болуды көздеді:қырғыз,қарақалпақ,орыс елдері. Тәуке ханның нег.мақсаты- хан билігін нығайту.17-18 ғ басында Тәуке хан заманында Қасым мен Есім ханның әдет-ғұрып ережелері жүйеге келтіріліп, «Жеті Жарғы» заңдар жинағы шығарылды: Ақсүйектер-ң артықшылық жағдайын қорғау көзделді.Күн төлеу-адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілдіЕр кісі үшін -1000 қой,әйел үшін-500 қой төлеу.Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адмның құнын төлеу.Ұрлық үшін 3 тоыз (27) төлеттіріп,дүре соғу.Әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу.Тәуке хан 1686-1693 ж Сібірге 5 рет елшілік жіберіп,орыс-қазақ қатынастарын дамытты. Біріншіден, хан барлық рулардың бірлестігінің бірден-бір басшысы; қазақ хандығының барлықт қарамағындағы жерді билеуге еркі бар жерді бөлісу, қайта қарап рулар арасындағы жерді бөліп беруде ханның шешімі ақырғы шешім болды. Хан өзіне қарасты жердің күшімен елді қорғауға міндетті. Екіншіден, хан басқа елдермен бітім, келісім жасауға немесе бөтен елге соғыс жариялауға құқы бар, ол барлық әскердің қолбасшысы болып есептеледі. Үшіншіден, хан басқа мемлекеттермен дипломатиялық байланыс жасауға, хандықтың барлықь сыртқы саясатын белгілеуге құқы бар. Төртіншіден, хан өзіне қарасты ел ішіндегі тәртіпсіздікті болдырмау үшін, қылмысы ауыр адамға өлім жазасын беруге құқы бар. Бесіншіден, халық хан билігін мойындай отырып, жүзеге асыруға тиісті, заңға қосымша өзгерісті кіргізуге құқы бар. Бірінші, һәм негізгі сала - жер дауы. Қыс қыстау, жаз жайлау, қоныс, құдық – мал баққан елдің атадан балаға мирас қып қалдырған еншісі. Өйткені жер – атамекен, кіндік – жұрт, отан. Жер – тіршілік етер отбасы, баба молдасы, кіндікбайлар қасиетті тұрағы. Сондықтан, көшпелілер үшін жерден киелі ештеңе жоқ. Екінші сала – үйшілік тірліктегі сыйластық, байланыстылық, әкуе мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас, үлкен мен кіші арасындағы сыпайыгершілік, ата-анаға деген құрмет, жастарды тәрбиелеу, баулу сықылды инабаттылық, имандылық шаралары. Үшіншісі –ұрлық пен қорлыққа, барымта-сырымтаға кедергі қойып, бұқараны адалдыққа шақырып, еңбекпен күнелтуге бейімдеген заңдар тізбегін қамтиды. Төртіншісі – ел мен ел, халық пе халық, ру мен ру арсындағы дау-дамайды әділдікпен шешуге арналған. Ынтымақтық тілеген ел дауды бірлоікпен емес,білікпен тындыруды көздегені ақиқат. Бесіншісі – ел бірлігін сақтау, отанын қорғау, сыртқы жауға тойтарыс беру, жасақ құру, сардар сайлау, сауын айту тәрізді жаугершілік кезіндегі мемлекеттік ірі оқиғаларды қамтыған ереже-қағидалар. Алтыншы тармақ – түгелдей құн дауына бағышталған. Жетінші тармақ – жесір дауынан құралады. Енді баптарына тоқталсақ, негізгі мазмұны: - қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адам үшін – 1000 қой, әйел үшін – 500);
|