|
Алтын орда 3 pageDate: 2015-10-07; view: 564. - ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; - денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ -20 қой); - егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кшірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады); - төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артықтөленеді; - егер ері әйелін өлтірсе, әйелдің құнын төлейді; - ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі; - өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді; - егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса,: 5 айлық бала үшін – 5 ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға - әр айына 1 түйеден; - әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі қорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады; - егер ері әйелінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, өлтіруге қақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс, әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;
2515ғ ортасы -17ғ. Қазақ хандығының сыртқы. ХҮІ ғасырдың екінші жартысында соғыстарға, өзара қырқыстарға байланысты Қазақ хандығы қатты әлсіреп кетті. Хақназар хан билік еткен кезеңде бұ мемлекеттің ішкі сыртқы саяси өмірінде белглі бір өрлеу байқалып, ол кейіннен тағы құлдырауме алмасты. ХҮІ ғ. 50-жыл-ң аяғынан бастап Қазақ хандығы ноағйларға, Көшімнің Сібір хандығына, Орта Азия хандықтарына елеулі қауіп төндірді. Хасан бек Румлу «Ахсан ат-таварихта» 963/1556 жылы Барақ хан өлгеннен кейін Хақназар Ташкентті шапты дейді. 1560 жылы Моғостан билеушілерімен ерекше табан тірескен күрес өріс алды. Алайда Тәуекел хан тұсында қазақ хандары мен Моғолстанның Шағатай ұрпақтары арасында одақтастық қатынастар жолға қойылды. Осыған байланысты Шах-Махмұд Шорастың Моғостанда, атасақ, Шалыш пен Турфандағы саяси істеріне Тәуеклдің қатысуы туралы, онда Тәуекел ханның бұл иелік тағына кімнің отыруы жөніндегі мәселені шешуі назар аударарлық. Москваға қазақтар туралы ноғай мырзаларының өздері де жазған. 1537 жылы ноғай мырзасы Жүсіп ІҮ иванға жолдаған грамотасында: «Ал егер Қазақ ордасымен соғысу керек болса, мен қазір де Жавйывқтың арғы жағындағы Елек өзенінде көшіп жүрмін», - деп хабарлаған. Ноғай мырзалары ұлыстардың Ноғай ордасынан бқлініп, олардың қазақұтарға қосылып жатқанын хабарлап отырды. Сол кезде Шайбани ұрпағы, Сібір ханы Көшіммен күрес жүргізіп жатты, онда Хақназар әрқашан жеңіске жете берген жоқ. Бұл кезде Көшім хан өз билігін исламның рөлін күшейту арқылы идеологиялық жағынан негіздеуге ұмтылған еді. Алайда Көшім ханның Орта Азиямен жақын қатынастар орнатуға бағытталған саясатына бұл ғана себеп болған жоқ, оның үстіне Қазан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Сібір хандығы олардан оқшауланып қалған еді. Сондықтан Көшім хан Орта Азияның Билеуші топтарының қолдауы мен көмегіне бағдар ұстады. Башқұрт аңыздарында Хақназарға башқұрттардың да бағынғаны айтылады. Осы аңыздарды негізге ала отырып, Рычков былай деп жазған: « Осы Ақназар хан болған соң, қатты күшейіп алды да, бір ғана ноғайлар мен Башқұрстанға ие болып қана қоймай, Қазан, Сібір, Астрахан патшалықтарын, Бухарияны, Хиуаны, Ташкентті өз қоластына бағындырып, алым жинады». ХҮІ ғасырдың екінші жартысында, Қазан(1552) мен Астраханды(1556) қосып алғаннан кейңн, Ресейдің Орта Азия хандықтарымен байланыстары жолға қойылды, атап айтқанда, қазақ-орыс қатынастары нығайып, кеңейе түсті. Нақ сол кезде Орта Азия орыс саудасы орнығады. Хақөназар хан тұсында Қазақ хандығы Москвамен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым-қатынас жасады. Орта Азиядағы саяси жағдай қазақтарды сенімді де күшті одақтас іздестіруге мәжбүр етті. Олар Реснейдің осындай одақтас бола алатынына көз жеткізді. ХҮІ ғасырдың 90-жыл-н ХҮІІ ғ.басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан кетіп қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 ж. Қазақ-орыс келіссөздері, 1598-99 ж. Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты оқиғалармен толы болды. Қазақ-жоңғар қатынастары тарихи әдебиетте.Орыс тарихнамасында қазақ-ң жоңғар-р басшылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресебұл екі шайқастың: қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр (қалмаққырылған) деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғ,ар қатынастарын ХІХ ғ.яғы – ХХғ. Басында М.Ж.Көпеевтің, Ш.Құдайбердиевтің, М.Тынышпаевтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың күш-жігері салуы арқасында ғана егжей-тегдейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақ-ң жоңғар-ға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723-26 жыл-ғы жеңіске жету себептері, қазақ-ң саяси және экон-қ жағдайы, басқа да мәселе-р ХХ ғ. 70-80 жыл-ғы тарихнамада: И.Я.Златкиннің, Н.Г. Апполованың, В.Я.Басиннің, В.А.Моисеевтің монография-да ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді. Атап айтқанда, В.А. Моисеев жоңғар-ң қазақ-н арадағы ұзақ уақытқа созылған өзара қатынас-ң, оның даму барысын, сипатын ашып берді. Ол жоңғар-ң қазақ-ға және Орта Азия халық-на қарсы күрес-гі уақытша жеңіс-ң басты себеп-н ашып көрсетіп, Ресей-ң қазақ-п мен жоңғар-р жөніндегі тиянақсыз әрі қайшылыққа толы саясатының себеп-н түсіндірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы халықаралық қатынас-ң бүкіл жүцесін айқындай бастаған жаң а күш-ң саяси аренаға шығу беолгі-н де анықтап берді. Р.Б.Сүлейменов пен В:А:Моисеев-ң «ХҮІІІ ғ-ғы Қ-н тарихынан» деген бірлескен еңбегңінде осы проблеманы зерттеуге баса көңіл бөлінген. Қ-н-ң Ресеймен, Орталық Азиядағы «ең соңғы көшпелі империя» - ХҮІІІ ғ-ғы Жоңғар хандығы-н өзара қатынас-ң тарихы түйінді проблема-ң бірі болып қалуда. Кеңестік кезеңде Қ-н тарихшы-ң бұл проблемаға Қ-н-ң Ресейге қосылуы-ң пргресшіл маңызы сипатында қалам тартқаны мәлім. әлбетте тәуелсіздік жағдайында көзқарас өзгерді. Бұл орайда Қ-н тарихшылары жариялаған деректеме-р мен еңбек-ге сүйене отырып, қазақ-р қорғаныстық азаттық соғысын жүргізіп жатқан кезеңде. Ел басына күн туған зобалаң жыл-да Ресей имприясы Етіс бойымен оңтүстікке қарай ілгерілеп, доңғар-р басып алған қазақ жер-не бекініс-р салғанын, өзінің тым әріде жатқан жоспар-н дипломатия-қ әрекет-н, әскери экспедиция-н нығайта бергенін бүкпесіз де объективті түрде атап өтеді. В.А.Моисеев өзінің соңғы еңбек-де бұрынғы көзқарас-н дәір өзгертті. Оның пікірінше: «Қазақ тарихзшы-ры мен публийис-рі еңбек-де Орыс мемленкеті «солтүстіктегі қанішер жыртқыш», қазақ-ң Жоңғария сияқты тарихи жауы етіп көрсетілген. Ол былай тұрсын, патша үкіметі жоңғар-қазақ соғысына арандатып, ойраттарды қару-н жабдықтаған және олпрды қазақ-ға айдап салған сияқты». В.А.Моисеевтің пікірінше: «Ресей қазақ халқын ойрат-ң басып кіруінн қорғап. Шабуыл жасаушы тарапты тежеу жөнінде қатаң көзқарас ұстанған». Алайда ресей-ойрат қатынас-ң тарихын мұқият зерделеуХҮІІІ ғ. 30-жыл-да Ресей дипломатиясы-ң отаршылдық саясатты жалғастыра бергенін дәлелдейді. Сенат өз жарлығымен Еділ қалмақ-ры ханы-ң Жоңғар хандығына қарчсы соғыс ашуына тыйым салды. иТек 1742-43 ж. Сенат, одан соң орынбор комиссиясы-ң бастығы И.Неплюев-ң ойрат әміршісі-ң ордасына жіберген К.Миллер миссиясы Кіші жүз бен Орта жүз қазақ-н сол кезде-ақ Ресей бодан-ры деп қпрап, Жоңғария хан-н оларға шабуыл жасауды тоқтатуды алғаш рет талап етті. Басқаша айтқанда, Ресейпериясы Кіші жүз бен Орта жүх қазақ-ры Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін 11-12 жыл өткен соң ғана қазақ-ды қолдаған.
26Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі. 1726ж Шымкентке таяу Одабасы деген жерде Үш жүздің басшылары, жиын өткізіп, онда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан ж/е бөгенбай батыр сайланды. 1727ж халықтың қаһарлы қарсылығының алғы шебінде болып,қалмақ әскерлерімен үш жылдай ұрыс жүргізген !Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ ж/е оның жиені ұлы жүздің Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыққан Санрық батыр Ырғыз уезінің оңтүстік -шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында "Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға есенгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айрылды.Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ызы мен кекке суарылған қайрат-жігерінің жемісін көріп қунды.Жеңіс туралы хабар қазақ арасына лезде тарап кетті.Алты алаштың руын көтеріп, оларды күреске шабыттандырған бұл жеңіске қол жеткен жер кейін "Қалмақ қырылған"деп аталды. 1729ж көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бірқатты қырғын соғыс жүрді.Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек,Бөгенбай,Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді.Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты.Көбіқырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерлерініңаңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді.Бұл жер кейін "Аңырақай"деп аталып кетті.Сөйтіп,Аңырақайда аяусы соққыға душар болған Шуно Дабо басқарған қалмақ әскерлері Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Осы тұста Тәуке ханның баласы үлкен орда иесі Болат хан қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар орын алды. Қазақтың үш жүзінің басын қосып, біртұтас тәуелсіз мемлекеттігін қалыптастыруға тиісті Үлкен орданың басында отырған Болат хан жігерсіз хан болды. Үлкен орданың иелігіне екінші үміткер - Кіші жүздің ханы Әбілқайыр. Үлкен орда билігі оған бұйырмады.Аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Осы бір қиын-қыстау тұста әрбір жүздің ішінде феоалдық бытыраңқылық күшейіп, ру басшылары мен сұлтандары хан билігіне бағынбай, бөлінуін тоқтатпады.Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы өз алдында ел биледі, сол сияқты Орта жүзде Күшік және Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Еділ өзенінің бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды.Сондықтан Кіші жүздің батыс шекарасында тыныштық пен бейбітшілік орнатуды Әбілхайыр хан өзінің басты міндеті деп санады.Сонымен қазақ қауымының ортақ жауы -жоңғарларға қарсы күрес те күн тәртібінен түскен жоқ.1711ж "қан ішер"Абылайдың немересі Әбілмансұр дүниеге келеді. Қалмақтар Түркістанды алып Әбілмансұрдың әкесі Уәлиді өлтіріп,оның 13 жасар ұлын тұтқынға алып,Сатпақшы болады. Ол тұтқынан еліне қашып келіп, ауқатты адамдардың малын бағуға жалданады.Ұйпа-тұйпа болып жүрген оны жұрт Сабалақ деп атаған. 1731ж Сабалақ ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасып, өзінің асқан ерлігімен көзге түседі.Әбілмәмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді.Абылай деген ат беріп, хандық тағын ұсынады.Хандық биліктен бас тартқан Абылай Әбілмәмбет қайтыс болғанға дейін сұлтан дәрежесіне дейін кеңесшісі болады. Абылай қазақ жерін жоңғарлардан тазарту мақсатында үш жүздің жасақтарын жинап,Түркістан,Сыр бойындағықалаларды азат ету жорығына аттанады.Осы жорықта көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай Қаракерей Қабанбай.Абылай бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөледі.Бірінші тобын Бөгенбай, екінші қолды Жәнфібек, Үшінші негізгі қолды Абылай өзі басқарады.Жоңғар қаруы-мылтық, найза, қылыш, түйе үстіне орнатылған 15 зеңбірек болды.Ал қазақтардың жасақтары сойыл, шоқпар, садақ, найзамен қаруланған.Соғыс 2 айға созылды. Қалмақтар Сырдың жоғарғы сағасына шегіндіАмалы таусылған Цевен Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Шымкент қалаларыҚазақтың қармағында қалды.Абылай бұл жолғы күресті жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745ж соғыс бітті.
27 XVIII ғ. басындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы жағдайы. Ресей мен Қазақстан хандығының екі жақты жақындасуына XVIII ғасырдың басында жоңгар феодалдарының шапқыншылығына қарсы тұру мүдделілігі басты себеп болған еді. Бұл кезде қазақ хандығының Бұқар және Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде кала берді. Еділ өзенінің бойындағы қалмақтар мен башкұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Осындай күрделі мәселелерді шешу үшін Солтүстіктегі қуатты көрші Ресеймен мәмілеге келуді керек етті. Қазақстанның басқа көрші ел халықтарымен карым-қатынасын ұшықтырып, өзіне тәуелді болуын іске асыруға бағытталған жымысқы саясат жүргізіп отырған Ресеймен тең кұкықты, тату-тәтті қарым-қатынас орнату қазақ хандары үшін, оның ішінде елдің батыс бетіндегі қалмақтар мен башқұрттардың тынымсыз шабуылынан мазасы кетіп отырған Кіші жүздің ханы Өбілхайыр үшін қазақ даласында тыныштық орнаудың кепілі сиякты көрінді. Қазақ даласы Ресейді Шығыс мемлекеттермен жалғастырғьш көпір іспетті еді. Ол арқылы Еуропа елдерінен шығыстагы елдерге жөне одан кері қарай құрлық пен суға төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Ресейден Орта Азияға, Ауғанстанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа шығыс елдеріне баруға болатын еді. Орыс патшасы Бірінші Петр бұл елдермен экономикалық жөне саяси байланыс орнату, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Ресейге қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді. Солардың бірі - подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің экспедициясы. Экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және басқа жерлерден жинап алынды. Әскери-дипломатиялық сипаттағы барлық дайындықтар біткеннен кейін, 1715 жылдың шілдесінде И. Д. Бухгольц отряды жорықка шықты. 1715 жылгы қазанда экспедиция Ямышев көліне жетіп, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды. Осыдан кейін Бухгольцтің отряды Ом өзенінің сағасында 1716 жылы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады. Бұл әскери-инженерлік құрылыстардың басты мақсаты оңтүстік-шығыс шекараны, Ресей мемлекетінің сыртқы ықпал ету аймағын кеңейту болып табылды. Батыс Сібір генерал-губернаторы М. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жіберді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды - Железинск, В. Чередовтың отряды -Колбасин бекіністерін салды. Чередов одан әрі жүріп жаңа бекініс - Семипалат (Семей) бекінісін салатын жерді таңдап алды. Сөйтіп, 1718 жылы Семей камалының, ал 1720 жылы И. М. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін калады.XVIII ғасырдың 20-шы жылдарында Бірінші Петр өкіметі Орта Азия және Қазақстан билеушілерімен елшілік арқылы байланыс жасап тұрды. Қара теңіз бен Балтық теңізі арқылы Еуропаға терезе ашқан Бірінші Петр енді Азия елдеріне төте баратын жолды іздестіре бастады және бұл жолдың қазақ даласы аркылы өтетінін жақсы түсінді.Ресеймен қарым-қатынасты нығайтудың қажеттілігіне бұл тұста Кіші жүзден баска қазақтың Орта жөне Ұлы жүз хандары мен ру басшылары да бой ұра бастаған еді. Өйткені ондаган жылдар бойына созылған жоңғар қалмақтарының және көршілес Орта Азия хандарының шапқыншылық әрекеттері қазақ елін әбден тоздырып әлсіреткен болатын.XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ хандары орыс патша-сынан жоңғар қалмақтарына қарсы көмек сұрап елші жіберді. 1730 жылы 8 кыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейіткүл Қойдағүлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар өйел патша Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға жөне «бүкіл қазақ халқына» олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А. И. Тевкелев бастаған елшілік келді. 1731 жылы 10-шы қазанда қазақ сұлтандары мен ру басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей құрамына бодан болып қабылдануы жөнінде шешім кабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, «өзінің мөрін басты». Бірак, бұл шарт тек 1734 жылдан кейін ғана жүзеге асырыла бастады. Ресей патшасының Кіші жүзді кол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр патша өйел Анна Иоановнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бүл хатты Петроградқа Хангелді батыр жеткізді.1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа кол қойды.Қазақтар Қазақстанның Ресеймен бірігуі елдің экономикалық өркендеуіне, саяси, мәдени жағдайының жақсаруына игі ықпал жасайды деп үміт етсе, патша өкіметі өзінің отаршылдық саясатын жүргізу үшін пайдасы бар деп санады. 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салатын жерге И. К. Кириллов пен А. И. Тевкелевті жіберді.Патшаның әмірімен қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар салынып, олар біртіндеп ірі қалаларға айнала бастады. Сол тұста Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды. XVIII гасырдың 50-ші жылдарында Ертіс өзенінің жағасына салынған Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар қалаларға айналды. Мұндай әскери бекіністер салу отарлау саясатын жүргізуге кең мүмкіндіктер ашты.Жайық бойында тұрғызылып жатқан қалалар мен бек-іністердің маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды. Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендерінің бойындағы кұнарлы жерлерінен айрылып, оңтүстікке карай ығыскан Орта жүздің қазақтары Бұқара мен Ташкент түбіне келіп коныстануға мөжбүр болды.1740 жылы Орынбор экспедициясынъң бастығы генерал-лейтенант князь В. А. Урусов Орынборға елшілік тап-сырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 кыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай жөне Есет батырлармен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет жөне Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Оның барысында Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Осы шарттан кейін патша өкіметінің отарлау саясаты жаңа карқын алды. 1740-1743 жылдардың өзінде ғана Кіші жүзбен Оңтүстік Оралдың жерлері түйісетін манда қазақтардың қоныстарын тарылытқан, көптеген жаңа бекіністер салынды. Мұндай жаппай әскери тірек базаларын салуға қарсы болған Әбілқайырмен оның төңірегіндегілердің пікірі ескерусіз қалды.Бұл кезде кең-байтақ Орынбор өлкесін басқарып отырған И. И. Неплюев Ресейдің Кіші жүздегі билігін күшейтуге бар күшін салды. 1742 жылы тамыз айында Әбілқайыр хан үшінші рет Ресейге бодандығы жөнінде ант берді. Неплюев Кіші жүздің бағындырылуын тездету мақсатында «Қосалкы жоспар» әзірлеп, Сенаттың бекітуіне ұсынды, оны сенат 1744 жылгы 1 наурызда бекітті. Осы жоспарға сәйкес барлық ағымдагы істер И. И. Неплюевтің өзіне жүктелді. Әбілқайыр ханның билігін әлсірету үшін Неплюев қарақалпақтар мен башқұрттарды Кіші жүз қазақтарына айдап салды, сөйтіп ұлтаралық кайшылықты қоздырды.1744 жылы Орынбор губерниясы құрылып, оның бірінші губернаторы болып генерал И. И. Неплюев тағайындалғаннан кейін, онымен Әбілқайыр арасында араздық басталды. Неплюев Әбілқайыр ханды саяси аренадан кетіру үшін, небір жымысқа әдістерді қолданды. Ол Орынбор өлкесінде отарлау шараларын адам айтқысыз катыгездікпен жүргізді, орыстардың Кіші жүз жеріне қоныс аударуына барынша қамқорлық жасадьі.Әбілқайыр хан патша өкіметі мен Орынбор губернаторының түпкі максаты бүкіл Қазакстанды империяның отарына айналдыру, өздеріне ұнамайтын ыкпалды сұлтандар мен ру басыларын әр түрлі әдістермен жоюды көздейтінін бірден аңғарды. Олар Әбілқайыр ханды айтқанынан шықпайтын орындаушы деңгейіне дейін төмендетуге тырысты. Ол үшін И. И. Неплюев ханға қарсы Орта жүздің атақты шонжары Барақ сұлтанды айдап салып, бұлардың арасындағы феодалдық топтық қырқысты шиеленістіруге себепші болды. Бұл қырқыс 1848 жылы 1 тамызда Үлкияк жөне Торғай өзендерінің арасында болған кактығыс кезінде Барақ сүлтан тобының Әбілқайыр ханды өлтірумен аякталды. Барақ сүлтан Әбілқайыр ханды зорлыкпен өлтіру өзінің даңкы мен билікке жетуіне даңғыл жол салып береді деп есептеді. Алайда, ол қатты кателесті, өз тайпаластарының көпшілік бөлігін өзіне карсы қойып алды. Қазыбек бидің жетекшілігімен өткізілген билер соты оны ақтағанымен, халық одан теріс айналып кетті, сөйтіп көп ұзамай Баракты саяси қарсыластары улап өлтірді. Ал Кіші жүзде 1749 жылы хан болып Әбілкайырдың баласы Нуралы сұлтан сайланды. Ол алгашқы жылдардан бастап ақ патша өкіметінің айткандарын орындайтын тәуелді билеуші екендігін көрсетті.Сонымен XVIII ғасырдың орта кезінде Ресейге Кіші Жүздің біраз бөлігі, Орта жүздің тек аз бөлігі кірді. Ал, Солтүстік-шығыс жөне Орталык Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек XIX ғасырдың 20-40 жылдарьінда ғана, патша өкіметінің әскери-саяси күш көрсету нөтижесінде қосылды.Патша өкіметі Қазакстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылғы 19 казандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының камалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдың 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алкаптарындағы Орта жуздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ырыстырылды.Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер кұрылысын тездетіп салу жөне тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайык, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін кұру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі кұру, басқарудың дистанциялык жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата косу, ал Орта Азия хандыктармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлык билікті ресейлік әкімшіліктің колына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік кызметіне катыстырмауга тырысты.Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу ушін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалык ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды.
|