|
Алтын орда 4 pageDate: 2015-10-07; view: 774. 28Ресей құрамына енуінің XVIII ғ. басындағы Ресей және Қазақстан. Бірінші Петр Осы мақсатта қазақ жеріне экспедиция жіберілді. - подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің экспедициясы, 1715 жылдың шілдесінде И. Д. Бухгольц отряды жорықка шықты. 1715 жылгы қазанда экспедиция Ямышев көліне жетіп, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды. Осыдан кейін Бухгольцтің отряды Ом өзенінің сағасында 1716 жылы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады.. Батыс Сібір генерал-губернаторы М. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жіберді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды - Железинск, В. Чередовтың отряды -Колбасин бекіністерін салды. Чередов одан әрі жүріп жаңа бекініс - Семипалат (Семей) бекінісін салатын жерді таңдап алды. Сөйтіп, 1718 жылы Семей камалының, ал 1720 жылы И. М. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін калады XVIII ғасырдың елші жіберді. 1730 жылы 8 кыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейіткүл Қойдағүлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар өйел патша Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға жөне «бүкіл қазақ халқына» олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А. И. Тевкелев бастаған елшілік келді. 1731 жылы 10-шы қазанда қазақ сұлтандары мен ру басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей құрамына бодан болып қабылдануы жөнінде шешім кабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, «өзінің мөрін басты». Бірак, бұл шарт тек 1734 жылдан кейін ғана жүзеге асырыла бастады. 1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа кол қойды. 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салатын жерге И. К. Кириллов пен А. И. Тевкелевті жіберді.. Сол тұста Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды...1740 жылы Орынбор экспедициясынъң бастығы генерал-лейтенант князь В. А. Урусов Орынборға елшілік тап-сырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 кыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай жөне Есет батырлармен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет жөне Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Оның барысында Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. 1740-1743 жылдардың өзінде ғана Кіші жүзбен Оңтүстік Оралдың жерлері түйісетін манда қазақтардың қоныстарын тарылытқан, көптеген жаңа бекіністер салынды... 1742 жылы тамыз айында Әбілқайыр хан үшінші рет Ресейге бодандығы жөнінде ант берді. Неплюев Кіші жүздің бағындырылуын тездету мақсатында «Қосалкы жоспар» әзірлеп, Сенаттың бекітуіне ұсынды, оны сенат 1744 жылгы 1 наурызда бекітті. Осы жоспарға сәйкес барлық ағымдагы істер И. И. Неплюевтің өзіне жүктелді. Әбілқайыр ханның билігін әлсірету үшін Неплюев қарақалпақтар мен башқұрттарды Кіші жүз қазақтарына айдап салды, сөйтіп ұлтаралық кайшылықты қоздырды.1744 жылы Орынбор губерниясы құрылып, оның бірінші губернаторы болып генерал И. И. Неплюев тағайындалғаннан кейін, онымен Әбілқайыр арасында араздық басталды 1848 жылы 1 тамызда Үлкияк жөне Торғай өзендерінің арасында болған кактығыс кезінде Барақ сүлтан тобының Әбілқайыр ханды өлтірумен аякталды. Кіші жүзде 1749 жылы хан болып Әбілкайырдың баласы Нуралы сұлтан сайланды. XVIII ғасырдың орта кезінде Ресейге Кіші Жүздің біраз бөлігі, Орта жүздің тек аз бөлігі кірді.1742 жылғы 19 казандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының камалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салындыҚазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер кұрылысын салу, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата косу, ал Орта Азия хандыктармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Патша үкіметінің қазақ елінің басына төуелділік ноқтасын біржола кигізуі 1822 жылдан 1867 жылга дейін созылды. Патша үкіметінін отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды.. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 жылы 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шакырымнан және орыс бекіністеріне 30 шакырымнан жақын жерде көшіп жүруіне тиым салынды. 1815 жылы Орта жүз ішіндегі Уәлидің билігін өлсіретуге тырысып, екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Орта жүздің хандары Бөкей 1817 жылы, Уәлихан 1819 жылы қайтыс болган соң, патша екіметі жаңа хан сайлатпай, Орта жүзді бірнеше әкімшілікке бөлді. Орта жүз жекелеген әкімшіліктерге бөлініп, Омбы қаласының ішкі округтері деп саналды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарга бөлінді. Болысқа бөлудің негізіне рулық емес, территориялық бөліну принципі алынды.. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар тагайындалып, бұл кызмет шын мәнісінде атадан балаларға мирас болып калдырылып отырды. 1821 жылгы көтеріліс айрыкша тегеурінді болды, оган Түркістан, Шымкент, Әулиеата маңындағы казақ шаруалары катысты. Көтерілісті Тентектөре басқарды, оньщ басшылығымен 12 мыңға жуык көтерілісші шайкасты. Көтерілісшілер Сайрам каласын басып алып, оны өздерінің әскери-стратегиялык тірегіне айналдырды.Олар Қазақстанның оңтүстігі мен Қырғызстан жерін өзіне каратуды көздеді. Ал оңтүстік қазақтары Қазақстанның баска жүздерімен бірге біртұтас елдікті сактап, Ресеймен бірігуге ұмтылды. 1818 жылы Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей кол астына қабылдауын сұрап, патша өкіметімен келіссөз жүргізді. 1819 жылдың 18 каңтарында Сүйін Абылайханов сұлтан өзіне караган 55462 адаммен Ресейге адал болатыны жөнінде ант берді. 1824 жылы I Александр Ұлы жүздің Жетісуда кешіп-конып жүрген 14 сұлтанын (165 мың ер адамы бар) Ресейдің кол астына кабылдауы туралы куәлікке кол койды. 1830 жылы патша Үлы жүздің косылган аудандарын баскару үшін 1848 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторына багынатын үлкен Орданың приставы лауазымы белгіленді. Жетісу өлкесінде 1847 жыл мен 1867 жыл аралығында казак-орыстар түратын 14 станица бекіністері салынды,
29.Абылай ханның мемлекеттік қызметі. Абылай ханның 18ғ 2-ші жартысындағы ішкі және сыртқы саясаты. Қ-нның тәуелсіздік үшін күресіндегі Абылайдың тарихи орны. Абылай – Орта жүз сұлтаны Уәлидің ұлы, Түркістан билеушісі болған Абылайдың (қанішер) немересі. 13 жасында А-йдың ішкі тартыстарда әкесі қайтыс болады. ол ерте өмірге араласып, батырлығымен, ақылымен көзге түседі. Он бес жасынан бастап сыртқы жауларға қарсы соғыстарға қатысады. А. қ-қтардың негізгі жауы жоңғалар екенін түсінгендіктен, ресейлік бағытты ұстанады. 1748 жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен А. Сұлтан Ресейге бағыну туралы ант қабылдайды. Бірақ орта жүздің көбі тәуелсіз болды. Соған қарамастан біраз сұрақтар шешілді: қазақ-орыс сауда қатынастары кеңейіп, орыс керуендерінің қауіпсіздіктері қамтамасыз етілді. А. Жоң,ар хандығының әскери қуатын айтарлықтай әлсіретті. Көреген саясаткер ретінде ортаазия хандықтарының жаугершілік әрекеттерін ауыздықтап отырды. Қытайлықтар жоңғарларды жойғаннан кейін қ-қтар үшін шығыстан қауіп сейілді. Қ-қ хандығына жаңа - Маньчжур-Цинь империясы тарапынан қауіп төнгендіктен, А. 1756 ж. Қытайға да бодан болуға келісті. Жоңғар және цинь басқыншыларына қарсы күресте қазақ қоғамын біріктіруде А-йдың рөлі зор. А. Қазақ жерлерінің территориялық бірлігін қайта жаңғыртты. А-йдың басты мақсаты – қос бодандық арқылы қ-қтардың тәуелсіздігін сақтау болды. Дипломатиялық құралдарды ақылмен қолдана отырып, А. Тарбағатай, Алтай және Зайсан көлінің шығысындағы жерлерді қайтаруға күш салды. Ол келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге тырысып отырды. Қ-қтар Қашғариямен, Яркентпен сауда байланыстарын жөндеп, орыс көпестерімен саудада делдал болып отырды. XVIII ғ-рдың 70-жылдары Ходжент билеушілеріне бір қатар соққылар берді. Ташкент қ-қтарға алым төлеп тұрды. Түркістан, Созақ А-йдың қоластына көшті. 1771 ж. Әбілмәмбет хан өлген соң А. үш жүздің ханы болып көтерілді. Бірақ Ресей оны тек Орта жүздің ханы ғана қылып бекітті (1778 ж. 24 мамыр). А. басқаруды ұрпақтарының арасында бөліп (30 ұлы, 40 қызы болған), хандықты басқаруда бірқатар өзгерістер жасады. Басқару формасы дара хандық билік болды, ал ұлыстарды ханның жақын сұлтандары басқарды. А. сот істерін қарауда билерге шектеу қойды, қуатты әскер құрды, егін шар-ғының дамуын қолдады. Қазақ халқының мәдени және рухани м-тінің дамуына көп жағдай жасады. Әсіресе қ-қ халық музыкасына ерекше көңіл бөліп, өкінішке орай бізге дейін сақталмаған бірнеше күйлер шығарды. 1781 ж. күзде өмірден өтіп, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген. 1771 ж Абылай жалпы қазақтың ханы болып сайланды. Ол ең алдымен ішкі саяси жағдайды нығайту мақсатында іс-әрекеттер жүргізді. Биліктің орталықтандыруын нығайтуға ұмтылды. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруды өз балаларына тапсырды. Сонымен қатар, ханның рөлі де арттырылды. Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Билер кеңесі мен рубасы- ақсақалдар съезінің құқықтары біраз шектелді. Ішкі саяси мәселелерді шешуде Абылай ханның халық арасындағы беделінің өте жоғары болуы да өзіндік әсер етті. Абылайдың сыртқы саясатыда икемділігімен және ымырышылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекеттері мен қарым-қатынасының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын түсінген хан, бір жағынан, Ресей протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаның да ықпалының күшеюіне жол бермеуге тырысты. Абылайдың күш салуы арқасында Ташкент, Сайрам, Созақ,Шымкент қалалары қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханның 18 ғ 70-шы жылдарындағы сыртқы саясаты Қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығаюына жеткізді. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, тамаша қолбасшы және дипломат болды. 1781 ж Абылай Ташкенттен Түркістанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленді. Абылай қайтыс болғаннан кейін Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді түрде енуіне жағдай жасалды. Абылай хан Қазақ хандығын ақыл парасатымен біріктірді. Қытай мен сауда-қатынастарының кеңеюі байқалды. Ресеймен сауда- қатынастары өте жоғары дамыды. Абылай Түркістанда орныққаннан кейін өз халқының пайдасына алым-салымдарды төлеткізіп, Қоқан бектерінің шапқыншылығынан қорғайтын «хан қорғаны» сынды атақты бекініс салғызды. 1745 ж көктемде Қалдан- Цареннің әскері Зайсан көлінің өңіріне кірді. Бұл мәліметті қабылдаған Абылай оларға қарсы Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай,Жәнібек батырлар басқарған үш түмен әскерін жіберді. Жаудан қазақ жерін толығымен азат ету міндеті тұрды. Жоңғарларға қарсы шешуші күрес аяқталуға жақындады. Аягөз өзені мен Қалмақ Толағай маңындағы шайқаста қазақтар жеңіске жетті. Абылай Пекинге елшілік жіберді. Абылайдың Қытай қамқорлығы орнатылды. Формалді түрде Ресейдің де, Қытайдың да қамқорлығын мойындап шын мәнәсінде ол Орта жүздің тәуелсіз билеушісі болды. Ұлы және кіші жүз билеушілері де Қытайға елшіліктерін жіберіп, өз елі мен жерлерін Цинь патшалығының шапқыншылығынан сақтады. 1762 ж қарақалпақтарға жорық жасап, Ұлы жүздің руларына және қоңыраттарға бұрығы заманнан қазақ жерлері болып табылатын жайылымдарды пайдалануға мүмкіншілік берді. 1765 ж Абылай Қоқанға қарсы және қоқандықтың қарамағындағы қырғыздарға қарсы әскерін жіберді. 1770 ж өткен Жайлау шайқасының нәтижесінде қырғыздар жеңіліске ұшырады. Петербургке Абылайдың елшілігі келіп, 1740 ж берілген шарт қайта бекітілді. Бірақ Абылайдың өзі келген жоқ. Абылай екі мемлекетке де бірдей екі жақтың қамқорлығында болу саясатын жалғастырып, кезекті елшілігін Пекинге де жіберді. Абылайдың қазақ халқының арасындағы беделі 1771 ж, оны Хан ретінде сайлағаннан кейін, едәуір өсті.
30Қазақ-ң С.Датұлы баст.көтерілісі.Игельстром реформасы. Көтерілістің басты қозғаушы күші қарапайым көшпенділер болды. Сонымен қатар азаттық қозғалысқа патша өкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар қатынасты. Көтерілістің басты мақсаты- ғасырлар бойы Кіші жүз жерінде қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал қазақ-орыс әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою еді. Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802ж) тұрды. 1783 ж бұл көтеріліс басталғанда- Сырым ақыл тоқтатқан, орнықты,елге өзін танытқан, сөзін тыңдатқан беделі зор адам болған. Батыс Қазақстанда ұлт-азаттық көтерілісі басталған кезде Сырым Байбақты руының старшыны болатын. 1783 ж көктемінде қазақтардың Орал бекінісі желісіне шабуылы басталды. Қазақ жасақтары Харитоновтың отрядына табанды қарсылық көрсетті, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды. 1783 ж тамыз айында әскери шайқастардың бірінде Сырым Орал қазақ-орыс жазалаушы отрядтың қолына түседі. Бірақ 1784 ж көктемде оның Нұралы хан 70 жылқы,350 сом күміс ақша беріп, босатып алуға мәжбүр болды.1784ж мамыр айында Сырым Датов орал қазақтарымен кескілескен ұрыстар жүргізді. Қараша айында Датовтың жасағында 1000-дай адам болды. 1785 ж көктемде қазақ даласына патша өкіметінің жазалаушы әскерлерінің шыққанын естіп, Сырым оларға тойтарыс беру үшін 2700 адамнан жасақ құрады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленшінің шоғыры қосылды. Оларды шекара бойына қалдырып, Сырым бес жүз жігітімен Сахарный бекінісіне шабуыл жасады.Бірақ оның жақындап келгенін білген казактар алдын-ала зеңбіректен оқ атып қарсы алды.Тұтқиылдан тиісемін деп келген Сырым бекіністі ала алмады.Ол жазалаушы шоғырлардың қимыл-қозғалысын бағып , жақын жердегі казактардың бекінісі мен шағын топтарына шабуыл жасап,берекетін кетіреді.Нұралының Сырымға қарсы әрекеті халықты жирендіріп,Сырымның беделі күшейе түсті.1785 ж Орынбордан патша генералы Смирнов,Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастаған әскер шоғырлары шығып,Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болды. Олар қазақ ауылдарын тонап, жазықсыз адамдарды тұтқындап елді зар илетті. Орынбор өлкесінің билеушісі Игельстром арқылы старшындармен кеңесіп,оның ішінде Сырым батырмен пікірлесіп,хандық тәртіпті жоюды ұйғарады.Cырым бұл шараны қолдады. Сырымды алдап-сулап бауырына тартуды көздеген патша әкімдері оны 12 ата Байұлы руларының аға старшыны етіп тағайындыды. Ол жергілікті старшындардың жыл сайын съез-мәслихатын өткізіп, онда халық мүддесіне қатысы бар мәселелерді талқылады. Қыркүйек айында Сырым жасақтары Елек қамалына шабуыл жасады.Бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды. Көтерілісшілерді жазалау үшін Орал қазақ-орыс әскерінің атаманы Донсков жазалау тобын ұйымдастырды.1797 ж күзінде полковник Скворкин бастаған әскери топ Сырымды қудалауды күшейтті. Жазалаушыларға ханның туыстары,соның ішінде Бөкей сұлтан басқарған жасақтар қосылды. Алайда, Сырым жасақтарының Ойыл өзені бойына көшіп кетуі жазалаушылардың жоспарын іске асырмады. Оған Скворкин тобына қосылған қазақ старшындарының көпшілігінің өз жақтастарымен ауылдарына тарап кетуі де себеп болды. Сөйтіп, жазалаушылардың тағы да бір қимылы сәтсіздікке ұшырады. Жеңілу себебі: Қазақ феодадары мен старшындық топтар арсындағы алауыздық; руаралық қайшылықтар; көтерісші-ң нашар ұйымдасуы; қару-жарақ-ң аздығы;Сырымның көтер-ң әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.Тарихи маңызы:Еділдің шығ-дағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс;руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.Патша үкіметінің отарлау саясаты-ң түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді;Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып,14 ж созылды. Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А.Игельстром хандық билікті жойып,отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды.Игельстром реформасы: Генерал-губернатор→шекаралық сот (патша чиновниктері,жергілікті шонжарлар)→Ауылдық буындар.П.Екатерина бұл жобаны бекітті
Патша үкіметінің 19ғ 20 жж реформалары:1822ж «Сібір Қырғыздарының жарғысы». 1822 ж.Орта жүзде хандық билікті жоюға бағытталған реформа. 1781 ж.Орта жүздің ханы Абылайдың қайтыс болып,билікке келген оның баласы Уәлидің қатігездігі халық наразылығын тудырды. II Екатеринаның атына хат жазған қазақ сұлтан,ақсақалдары Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жібереді. Үкімет сол кезде хан билігін жою жөн емес деп, әлсірету мақсатымен екінші ханды Бөкей сұлтанды тағайындайды.Ресей «бөліп алда билей бер» саясатын жүргізіп,оларды бір-біріне айдап салып,кедейленген өркөкірек хандармен өздерінің байлығы жөнінен бақталас ауқаты сұлтандарды өз жағына тартып отырды. 1817 ж –Бөкей хан,ал 1819 ж Уәли қайтыс болғанан кейін Орта жүзде хан тағайындалмады.Бұл жағдай Орта жүзде жаңа билеу жүйесін қажет етті. Жаңа реформаны әзірлеуді патша аса білімді тұлғалардың бірі Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскиге жүктеді.Оның міндеті Орта жүзде хан мемлекеттілігін жойған жаңа зан актілерін енгізу болды Сперанский болашақ декабрист Г.С Батеньковпен бірігіп заң жобасын жасады.1822ж 22 маусымда патша «Сібір қазақтарының» жарғысын бекітті. Жарғы 10 тарау 319 парагр тұрады.Жарғының мақсаты –Қ-нның солт –шығыс өңірін әкімшілік ,сот,саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету болды. Жарғы бойынша Сібр екіге бөлінді:орталығы Тобыл болған.Бат Сіб орталығы Иркутск болған Шығ Сіб біріншісіне Тобыл,Томск губернияларымен Омбы облысы кірді,орта жүз аудандары «Сібір қазақтарының округі» Омбы обл құрамына енгізілді. Жарғы бойынша «Сібір қазақтарының округі» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Бұлар-Қарқаралы,Көкшетау, Құсмұрын, Баянауыл,Аягөз т.б.Жарғы бойынша өзгерістер әкімшілік-аумақтық құрылымдарына қатысты болды:даладағы жаңа ұштаған –округ,болыс,ауыл бұрынғы рулық басқару жүйесін жою тиіс еді.Ауыл 50-70 дейін шаңырақ, болыс10-12 ге дейін ауыл, 15- 20 болысқа дейін болып белгіленді. 9 параграф бойынша көшпелілер өз еркімен ауысуы шектелді. Жарғыеың 15 параграфы бойынша ауылды-ауыл старшындары,болыстарды – болыс сұлтандары, округтерді – аға сұлтандар басқарды. Бұл Шыңғыс ұрпақтарының ықпалын әлсіретуге бағытталған шара еді.Үкіметтің жергілікті көшпелілер жөніндегі саясатында оларды егіншілікке ынталандыру «бақташылық өмірді жою» олардың жер жыртуға көшуін көтермелеу маңызды бағыт болды.параг177,178 бойынша отырықшылыққа көшкендерге 15 десятинаға дейін жер бөліп беруге рұқсат етілді Қылмыстық талап-арыз және обл басқармаға түскен шағымдарға негізделген жаңа сот жүйесі енгізілді 1822 ж «Сібір қырғыздарының жарғысы» алғашқы патшалық реформа ретінде бүкіл дәстүрлі билік құрылымын құлатып,әлеум,саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын қамтыды, патшалық Ресейдің отарлық саясаты кеңейді. 32. Патша үкіметінің 19ғ 20 жж реформалары: 1824ж «Орынбор қырғыздарының жарғысы» . Орынбор қазақтарының жарғысы – кіші жүздегі хандық билікті жоюға негізделген жарғы Бұл жарғының жобасы 1822 жылы Орынбор генерал-губернаторы Эссен жасады. Эссеннің жобасы сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде 1824 ж 20 наурызда бекітілді. Осы жылдан бастап Кіші жүз қазақтарын басқаруда Ресейдің отарлық әкімшілігінің жаңа жүйесі енгізілді. Жарғы бойынша екі басқару жүйесі енгізілді :шекаралық шепке жақын орналасқан қазақтарды басқару –шептік басқарма және далалық аймақта ,шекара сыртында өмір сүріп жатқан қазақтарды басқару-далалық басқарма .Бұл екі басқармада Орынбор шекаралық комиссияға бағынды. Шептік басқарма –дистанцияға бөлінді. Әрбір дистанцияның шептік дистанцияның басшысы басқарды. Оған бекініс коменданттары бағынды. Далалық басқарма Кіші жүз даласын 4 ке бөлді. Шығ,Орта,Батыс және Ішкі бөлік. Әр бөлікте 3 сатылы басқару болды :ауыл,ру,бөлік. Ауылды-старшындар, руды-билеушілер, бөліктерді аға сұлтандар және кеңес басқарды.Аға сұлтандарды қазақтар өздері сайлады,және олар отаршыл әкімшіліктің ең төменгі сатысы болып есептеді. «Орынбор қазақтарының жарғысы» Шекара комиссиясының міндеттері,оның шенеуліктерінің қызметі ,болыс билеушілері мен ауыл старшындарының басқару тәртібі,іс жүргізу, әр-түрлі қылмыстық істер бойынша қазақтарды соттау туралы, сондай-ақ,салықтың барлық түрлері де айтылған. Орынбор қазақтарының жарғысын енгізу Патшаға өз мақсатына жету үшін ,яғни кіші жүздегі хандық билікті жойып,ондағы басқаруды метрополиядағы басқару жүйесіне жақындату керек болды.
|