Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Алтын орда 5 page


Date: 2015-10-07; view: 571.


· .

 

33 Қ-нның Ресейге қосылуының аяқталуы. Қосып алу барысындағы бейбіт және зорлық әдістердің ара - қатынасы.

Қазақ-орыс қарым-қатынастарында Қ-н және Ресей екеуінің қызығушылықтары болды.

Ресейдің қызығушылықтары:

1. Сібір ханы Көшіммен күресте одақтас

2.Орта Азия рыноктарына шығу

3. Қ-н территориясы бойынша керуен маршруттарын қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қ-нның қызығушылығы:

1.Жоңғарлармен күресте көмек

2. Экономикалық мәселелерді шешу. (Есіл, Ертіс, Жайық өзендерінде көшіп-қону мүмкіндігі)

3. Сауданы жандандыру

Өзін Ресей империясының сенімді өкілі екендігін алға тартып, дүние-мүлікке қызықтыру аркылы пара беру, уәделі келісімге көндіру, кей-кейде ашықтан-ашық қоқан-лоқы жасап қорқыту арқылы А. Тевкелев келіссөздерді ақыры өз пайдасына шешті. Ресей елшісі Әбілқайырдың төңірегіндегілерді Ресейдін қол астына өтуге көндірді.

1731 жылдың 10 қазан күні Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті.

Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алды- мен «хан партиясы» деп аталатын топтың мүшелері болатын. Бірінші болып Әбілқайыр хан, одан соң старшина Бөкенбай, Есет батыр, Құдаймендімырза ант қабылдады. Қазақ ақсүйектерінің едәуір тобы келіссөздер жүріп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге дүниеге қызығып, ашықтан-ашық сатылып кетті.

Қазақтардың Ресейдің кол астына өтуі, міне, осылай басталды. Әбілқайыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепілі ретінде өзінің ұлдарының қатарынан Ресейге аманат жіберуге уәде етті.

Ресейдің дипломатиялық тапсырмамен келген елшілері Қазақстан аумағында бір жылдан астам уақыт бойы болды. Ол қазақ қоғамын егжей-тегжейлі жан-жақты зерттеді, қаншалықты мол мүмкіндіктер бар екенін байқап қарады. Тевкелев Кіші жүзде атқарған сәтті дипломатиялық қызметі үшін әуелі полковник, одан сәл кейінірек орыс армиясының генералы әскери шенін алды.

Ақырында оның ұрпақтары Орынбор өлкесіндегі ірі-ірі мұсылман помещиктеріне айналды, олардың мың-мыңдаған басыбайлы шаруалары болды. Ал башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берілді.

Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр хан Ресейдің қол астына өтуді қабылдағаннан кейін Кіші жүз қазақтарының арасындағы беделі мен ықпалынан айырыла бастады. Бұл ретте Орта Азия хандықтарының билеушілері келеңсіз рөл атқарды. Өйткені олар бұл аймақта ислам дінінің ықпалы елеулі түрде әлсірейтін болды деп түсінді.

Ал Әбілқайыр Ресей мемлекетінің қол астына өтуден алған мәртебесіне көңілі толмай, Ресей аумағына шабуыл жасай бастады. Сондықтан да патша үкіметі кейінірек оны тағы да екі рет ант қабылдауға мәжбүр етті.

 

· 34И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс.

· Көтерілістің болған жері: Бөкей Ордасы(Жайық пен Еділдің арасы)

· Себептері: Бөкей қазақтарында феодалдық қанаудың күшейе түсуі. Жайылымдарды пайдаланғаны үшін алынатын ж/е басқа да салықтардың көбеюі. Патша өкіметі тарапынан да жайылымды пайдалануға шектеу жасаудың арта түсуі.

· Сылтауы:Малшылардың бір бөлігінде Каспий облысының басқарушысы – Қарауыл Қожаның халықтан салық жинау кезінде жасаған қысымшылығына байланысты арадағы дау.

· Көтерілістің барысы:

· I кезең: 1836 -1837 ж-дың 1-ші жартысы көтерілісшілер отрядтарының жасақталуы. Исатайдың ханнан шенеуліктердің зорлық – зомбылығынан құтқаруға көмек сұрауының сәтсіздікке ұшырауы. Қозғалыстың кенеюі.

· II кезең: 1837ж-дың 2-ші жартысы көтерілісшілердің Қарауыл Қожаның ауылына қару – жарақпен шабуыл жасап, тасталқан етуі. Жекеленген феодалдардың малын қуып кету. Хан ордасын талқандауға төнген қауіп.

· 1837 ж-дың қараша айында көтерілісшілердің патшаның жазалаушы отрядтарынмен Тас Төбе деген жерде болған соғыста жеңіліске ұшырауы: қатынасқандарды қатаң жазалау.

· III кезең: 1838 ж-дың 1-ші жартысы Исатайдың Кіші жүздегі әрекеті. Кіші жүз қазақтарын патшаға қарсы көтеріліске көтеруге жасалған әрекеттер. Жергелікті ж/е хиуа феодалдардың ықпалымен қозғалыстың феодалдарға қарсы – «ғазауат ұраны «сенімсіз Ресейге» қарсы деген сипатқа ие болуы. Мұндай үндеу жергілікті халықтың тарапынан қолдау таппады.

· 1838 ж-дың шілдесі – Исатай отрядының Ақ- Бұлақ мекенінде патша әскерлерінен жеңіліске ұшырауы Исатайдың өлімі. Оның үзеңгілесі Махамбет Өтемісұлы 1846 ж. өлтірілді.

· Жеңілістің себептері:

· Қозғалыстың ұйымдаспаушылығы, Исатай мен Махамбет Кіші жүздегі, Ішкі Ордадағы барлық көтерушілер отрядтарының бастарын қоса алмады, өздерінен жақсы қаруланған, арнайы әскери тәртіппен, дайындықтан өткен патша жазалаушы күштерімен арпаласу қиындыққа түсті.

Тарихи маңызы

· Феодалдарға қарсы халық көтерілісі. Езушілерге қарсы еңбекшілердің қалың қауымы жүргізген күрес, аса ірі оқиға ретінде Ішкі (Бөкей) Ордада басқару тәртібі жөніндегі мәселені мейлінше шиеленістірді.

· 29.

·

 

 

35Кенесары Қасымов 1837-1847

Себептері:Қазақ халқының саяси және экономикалық жағдайларының нашарлауы. Қазақтардың тәуелсіздігін мүлдем жоюға (әскери құрылыстар мен бекіністер салу, ең шұрайлы жайылымдық жерлерді жаппай тартып алу, шектен тыс салықтарды салу , әкімшілік басқаруға байланысты патша реформасын жүргізу) бағытталған патша саясатына жалпылама наразылықтың өсуі.

Қозғалыстың барысы:

1838 жылдың көктемі – патша отрядтарымен қарулы қақтығыстар. Кенесары отрядтарының Ақмола бекінісін талқандауы. Жазда көтерілісшілердің сұлтандар ауылдарына шабуылдары. Күзде Кенесары отрядтарының көбеюі. Көтерілістің орталығы орта жүзден кіші жүзге ауысуы.

Көтеріліс мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау;Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқ. Отарлауды тоқтату: Қоқандықтар-

1837 жылдың күзі – көтерілісшілер отрядтарының ұйымдастырылуы

1840 жыл – Ұлы жүздің қазақтарын босатып, өзіне қосып алу мақсатымен Кенесары Қоқан хандығына басып кірді.

1841 жыл – көтеріліс орталығының Торғай даласына ауысуы. Кенесарыны (патшаның жарлықтарына керісінше) хан етіп сайлау. Кенесарының әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуге. Ресеймен тепе-теңдік жағдайда қарым-қатынастар жүргізуге талпыныстар жасауы.

1843 жыл – Батыс шекара бөлістеріне және Қоқан иеліктеріне шабуылдар жасау. Кенесарыға қарсы патшаның жазалау отрядын ұйымдастыру.

1844-1845 – көтеріліс Қазақстанның барлық негізгі аудандарын қамтыды. Көтерілісшілердің Константиновск бекінісіне шабуыл жасауы. Кенесары сарбаздарының көтеріліске қолдау көрсетпеген ауылдарды қырып-жойып, қатыгездік жасауы.

1845 – Дала төсінде тағы да патшаның екі әскери бекінісін салу. Көтерілісшілердің оңтүстікке қарай шегінуі. Қоқандықтармен жаңа қақтығыстар.

1846 – Кенесары отрядтарының қырғыз руларының территориясына кіру. Кенесарының қырғыз манаптарымен ұрыс-керістері.

1847 – Кенесары отрядтарының қырғыз ауылдарына шабуыл жасауы. Кенесары мен оның серіктерінің өлімі. Көтерлістің жеңіліске ұшырауы.

Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып,ұлт-азатық сипат алды.Көтеріліс басты қозғаушы күші: қазақ шаруалар.

Тарихи маңызы: Алдындағыларға қарағанда территорияларда қамту мен халықтың көп қатысуы жөнінде ең көлемді ұлт-азаттық қозғалыс болды. Тәуелсіздік жолында халық қарсылығының, біркелкі орталықтандырылған мемлекет құруға тырысушылықтың күшін көрсетті.

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы. XV-XVII ғғ. Қазақ хандығының сыртқы саясаты.

Жеңілу себебтері:Қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі; Ресей билеушілерінен жеңілдітер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы;Руаралық қайшылықтар;Кеңесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі;Бұхар,Қоқан феодалдарымен соғысып күшін сарқыған Кеңесары тобының Ресейге қарсы

36.Жанқожа Нұрмұхамед ұлы бастаған көтеріліс:.

Орыстардың Сырдария сағасына келуіне байланысты осында тұратын қазақтар патша үкіметінің билігін мойындады. Әрине бұл Хиуа хандарының сыртқы саясатына қайшы келді. Олар қазақтар арасында орыстарға қарсы насихатты күшейтті. Хиуалықтар орыс бекіністеріне жақын жерде көшіп жүрген қазақтарға шабуыл жасауын жалғастыра берді. Әсіресе, Хиуа хандары Сырдария мен Үстірт қазақтарына үздіксіз шабуыл жасай бастады. 1847 жылғы 23 тамызда Райым бекінісінің бастығы Ерофеев Хиуаның Жаңақала бекінісіне Жанқожа басшылық еткен 200 казак және 700 қазақ отрядтарын жіберді. Отряд жауды Қуаңдарияның арғы жағына қуып тастады, одан 3 мың түйе, 500 жылқы, 200 бас ірі қара және 50 мың қой тартылып алынды. Орыс әскерлерінің қолдауымен Жанқожа Нұрмұхамбетов бастаған Сырдария қазақтары Хиуа басқыншыларын қуып шығып, Сырдарияның төменгі ағыстарында орыс әскери күштері орнықты.

Сырдария шекаралық өкімет ұйымдары қазақтарды Райымның және № 1 форттың әскери бекіністерін салуға мәжбүрлеу тәртібімен жұмылдырылды. Бұл форпастарды салу үшін мыңдаған кедейлер айдап әкелінді. Мәжбүрлеу жұмыстары Сырдария қазақтарының 1856-57 жылдардағы көтерілісі себептерінің бірі болды. Патша әкімшілігі барлық жаулап алынған аумақтардағы сияқты, Сырдарияның төменгі ағысына да Орынбор және Орал бекіністі шептерінен казактардың отбасыларын көшіре бастады. Қоныс аударушылар саны жылдан жылға көбейе берді. Көшіп келушілер ежелгі тұрғындар қазақтарды ығыстырып шығарып, Сырдария жағасындағы шұрайлы және жақсы суландырылатын жерлерге орналастырылды.

Арал өңірінің қазақтары Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібаровтың жетекшілігімен отаршылдық езгіге қарсы көтерілді. Олар екі бөлікке : Үлкен шекті және Кішкене шекті болып бөлінетін шекті руынан шыққан еді. Біріншісіне – Есет Көтібаров, ал екіншісіне – Жанқожа Нұрмұхамедов басшылық етті. Жанқожа өзінің бүкіл өмірін Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнаған аса ірі тарихи тұлға. Ол ХІХ ғасырдың 1- ші ширегінде Хиуаның зұлымдығына қарсы күрескен Арынғазы Әбілғазиевтің істерін ілгері жалғастырды. 1836 жылды Жанқожа өз жауынгерлерімен бірге Әмудария мен Сырдария арасында орналасқан Хиуаның тұрақты әскерлеріне қарсы күрес бастады. 1842 жылдың күзінде оның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып, қала коменданты Бабажанды, сондай – ақ оның баласы Майқараны тұтқынға алды. Қазақтарға қатыгездік көрсеткені үшін Бабажан қазыққа отырғызылды, ал оның баласы жас болғандықтан босатылып жіберілді. 1843 жылы Жанқожаның жасағы Қуаңдариядағы Хиуа бекінісін қиратты, ал 1845 жылдың көктемінде Хиуа ханы Сырдарияның төменгі ағысындағы қиратылған бекіністерді қалпына келтіру үшін жіберілген саны екі мыңға жететін Хиуа әскерін тас – талқан етіп қиратты. Бұл туралы Жанқожа Орынбор бекінісінің бастығына : «Хиуалықтар біздің жерімізге бекініс салды, бірақ біз оны қираттық. Ал қақтығыс кезінде көптеген хиуалықтады өлтіріп, кейбіреулерін Хиуаға қуып жібердік», - деп хабарлады. Кенесары Қасымовпен бірге Жанқожа Сырдарияның төменгі ағыстарында орналасқан қоқандықтардың әскери бекіністері: Жаңақорғанға, Күмісқорғанға, Шымқорғанға, Қосқорғанға шабуыл жасады. 1845 жылы Кенесарының өтініші бойынша Жанқожа қоқандықтардың Созақ бекінісін алуға қатысты. 1847 жылы Жанқожа саны көп жасағымен Хиуаның Қожанияз қала бекінісін қиратты, бекініс гарнизонының тас – талқанын шығарды. Ресейдің Арал өңірін жаулап алуы халық бұқарасының жағдайын жеңілдетпеді. Салықтың екі есе көбейтілуі, қоныс аударушылар мен шенеуніктердің пайдасына қазақтардан суармалы жерлерінің алып қойылуы Ресей отаршылдығының Хиуа қолшоқпарларының отарлауынан еш артықшылығы жоқ екеніне барған сайын қазақ шаруаларының көзін жеткізе түсті. Бой көрсетуге патша шенеуніктерінің Сырдария қазақтарының Жанқожа , Сұлтанбөрі және басқалар сияқты рулық үстем топтарының кейбір өкілдерінің мүдделері мен кісілігіне қысым жасауы себеп болды. Мысалы, тілмаш Ахметов өз қолшоқпарларының бір тобын Жанқожаның ауылына жіберіп, онда да өз пайдасына «сыйлықтар» жинауға бұйрық берген. Бірақ батыр Ресей заңы бойынша да ешбір жағдайда мұндай алым орын алмауға тиіс екенін мәлімдеп, қандай да болсын алым жинауға рұқсат етпеді. Жанқожаның қарсы қимылына ашуланған Ахметов ауылға өзі келіп, «өз бұйрықтарына қарсылық көрсеткені үшін» айыппұл өндіріп ала бастады. Ақыры Жанқожа наразы қазақтардың қозғалысын өзі басқармақ болып ұйғарады. 1856 жылдың желтоқсанында Сырдария қазақтарының қарулы күресі басталды. Желтоқсанның ортасына қарай көтерілісшілер саны үш мың адамға дейін жетті. Көтеріліс орталығы Хиуаның бұрынғы Жаңақала бекінісі болды. Көтерілісшілерді бұдан бұрын аталған Кішкене шекті руының ірі ру жетекшісі, қартайған Жанқожа батыр басқарды. Ірі байлар: Сұлтанбөрі, Дабыл, Қожа Баймұхамед және басқалар серіктері болды. Бұл көтеріліске шектілердің ғана емес, Сырдарияның төменгі ағысында қоныстанған басқа рулардың да өкілдері қатысты. Көтерілісшілердің едәуір бөлігі жаяу адамдар болатын. Көтерілісшілер қатарында жаяу қазақтардың болуы көтеріліске қатысушылардың әлеуметтік құрамын сипаттайды. Олар шотпен, сойылмен, кетпенмен қаруланған болатын, азын – аулақ адамдарының ғана мылтықтары болды.

1856 жылғы желтоқсанның орта шенінде Жанқожанның қосынында 1500 көтерілісші болды. Ол орта есеппен алғанда 150-200 адамдық бірнеше шағын жасақ ұйымдастырды, олар орыстардың №1 Қазалы форты мен Перовск фортының бекіністеріне жақын жерге орналастырылып, күтпеген жерден Сырдария шебіне шабуыл жасады. 1856 жылғы желтоқсанның аяғында Қазалыны көтерілісшілер қоршап алды. Кенеттен бұрқ еткен көтеріліс мазасыздандырған Орынбор генерал – губернаторы Перовский Сырдария шебінің командашысы Фитингофқа көтерілісті басу үшін жорыққа дереу әскер жіберуге өкім берді. Жанқожа жетекшілік еткен көтерілісшілер Қазалы фортына шабуыл жасауға мұқият дайындалды. 1857 жылдың қаңтарында көтерілісшілердің қатары бес мыңға жетті. Перовскийдің нұсқауын орындай отырып, Фитингофтың отряды 9 қаңтарда жолға шықты. Оның құрамында 300 казак, 320 жаяу әскер кірді. Олардың 54 – і алысқа ататын мылтықпен қаруланған еді, 1 зеңбірегі және 2 ракеталық станогы болатын. Көтерілісшілермен қақтығыс нақ сол күні Арықбалық алқабында болды. Қамыс арасында отырған қазақ атқыштары жазалау отрядының ту сыртынан оқ жаудырды. Күндізгі сағат 2 – де Фитинговтың отряды шабуылға шығып, қоян – қолтық шайқас болды, соның салдарынан көтерілісшілердің негізгі күштері жеңіліс тауып, олардың ауылдары аяусыз жазаланып тоналды. Казак отрядтары тұрғындардың малын тартып алды, қолға түсірілген ірі қараның өзі ғана 20 мыңнан асты.

Көтерілісшілердің жеңіліс табуына нашар қаруланғандығы және ескірген әскери тактика себеп болды. Саны басым болғанына қарамастан көтерілісшілердің 5 мыңдық жасағы Фитингофтың шағын отрядын жеңе алмады. Көтерілісті басуға кейбір қазақ феодалдары: билер, сұлтандар да қатысты. Мәселен, Фитингов отрядының құрамында бірнеше жүз адам жасағымен Ермұхамед Қасымов болды. Ол көтерілісті басуға мейлінше белсене белсене қатысты. Қасымов жалғыз емес еді. Көтеріліс басылғаннан кейін 1857 жылы ерлік көрсеткен қазақ старшындары наградаларға ұсынылды.

Көтеріліс талқандалғаннан кейін Сырдариядағы екі жақты отаршылдық езгі бұрынғысынан да күшейе түсті. Сырдария бекінісінің билігіндегі аумақта жазалау отрядтары қимыл жасады. Қазақтың көптеген сұлтандары , старшындары, билері патша өкіметіне қызметке көшіп, шекаралық бастықтардың пәрменін құлақкесті орындаушылары, Сырдарияның төменгі ағысында патшалық отаршылдық саясаттың уағыздаушылары болды.

Кейбір жергілікті рулық үстем топқа сүйене отырып, шекаралық өкімет көтерілістің қалған мүшелерін аяусыз қырып жойды. Әскерлер қазақ ауылдарын мейірімсіздікпен талап тонады. Жекелеген казак отрядтары ауылдарды аралап жүріп, тұрғындардың малын тартып алды. Арал өңірі қазақтарының көтерілісі шағын халықтық бой көрсету болды. Оған әр түрлі руларға жататын қазақтардың едәуір бөлігі қатысты. Көтерілісшілер арасында Кішкене шекті руларына жататын қазақтар басым болды. Көтерілісті прогресшіл деп санау ләзім, өйткені ол отаршылдық езгіге қарсы бағытталды. Көтерілістің басында күресте сынақтан өткен жетекші, жат жерлік отаршыларға өзінің ымырасыз көзқарасымен ерекше көзге түскен Жанқожа тұрды. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнады. Сырдария қазақтарының көтерілісі басып – жанышталғаннан кейін патша әкімшілігі Жанқожаны жою үшін арнаулы жазалау отрядын жіберді. Бұл отряд 1860 жылы Жанқара көліне жақын жердегі Қызылқұмда орналасқан Жанқожа ауылын кенеттен қоршап алып, сол жерде 80 жастағы Жанқожа батырды мерт қылды. Оның ауылы тоналды.

 

 

37Патшалықтың XIX ғ. 60-90 жж. реформалары

XIX ғасырдың орта шенінде іске асырылған сот, земство, халық ағарту және басқа да өзгерістер Ресейдің құрамындағы шығыстағы ұлттық аймақтарға әсер етпей қоймады. Патшалы Ресейдің ұлттық аймақтарды шикізат қоры және оның көзі ретінде сақтау саясаты Қ-нды да қамтыды.Негізінде екі генерал-губернаторлыққа бағындырылған (Орынбор, Батыс Сібір) қазақ елін билеп-төстеуді өзгерту ісі патша үкіметінің отаршылдық саясатының бір құрамды бөлігі еді. 1822 жылғы Сібір қазақтарының , 1824 жылғы Орынбор қазақтарының жарғылары жаңа капиталистік қарым-қатынастарға, өрістей бастаған өлкенің шаруашылық даму талабына қайшы келді.Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау Ішкі істер министірлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған «Дала комиссиясына» жүктелді. Оның құрамына Бас штабтан-полковник Ф.К.Гейнс, Орынбор өлкесінен полковник К.К.Гутковский, Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан капитан А.П.Проценко енді.

1865 жылы 5 маусымдағы ІІ Александр патшаның әмірі бойынша өлкені зерттеп білу мәселелері дайындалды. Әкімшілік басқарудың жаңа жүйесіне сай келетін жағдайлардың көпшілігі сонда қамтылған еді: өзіндік ауырпалықтар, жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, алым-салық діни мәселелер, т.б.

Ғалым Шоқан Уалиханов Қ-нды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Қазақ жерінде реформаны тезірек іске асыруды көздеген комиссия ат төбеліндей феодалдық топ өкілдерімен ақылдасып, мәліметті солардан жинады.

Ф.К.Гирстың басшылығымен, құрамында Л.Баллюзек, Л.Мейер, А.П.Проценко болған комиссия Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын, В.Д.Дандевиль, Ф.К.Гейнс және басқалар енген комиссия Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде реформа жобасын дайындады.

1867 жылы 11 шілдеде ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені», 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.

Қызылқұмда орналасқан Жанқожа ауылын кенеттен қоршап алып, сол жерде 80 жастағы Жанқожа батырды мерт қылды. Оның ауылы тоналды.

37. XIX ғ.60-90жж Қ-ндағы әкімшілік территориялық және сот реформасы.

І кезең 1861 – 1885 жж

ІІ кезең 1886 – 1905 жж

ІІІ кезең 1906 – 1917 жж

І кезең

1861 жылғы реформа жер мәселесін помещиктер мен дворяндардың пайдасына шешті. Жердің елеулі бөлігін солар алды. Шаруалардан кесінді жер кесіп алуға құқылы болды. Ресей шаруалары қайыршылыққа, аштыққа ұшырады. Салықтардың ауыртпалығы сондай шаруаларды туған жерін тастап кетуге мәжбүр етті.

1868 ж «Жетісуда Ресей шаруаларын қоныстандыру туралы» уақытша ереже қабылданды. Олардың жан басына 30 десятина жер бөлініп, 15 жылға алым – салықтан, әскери міндеткерліктен босатылды.

1883 жылы шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерге де жаңа ереже белгіленді. Оларға 10 десятинадан жер, 3 жылға жеңілдіктер берілді.


<== previous lecture | next lecture ==>
Алтын орда 4 page | Алтын орда 6 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.782 s.