|
Алтын орда 6 pageDate: 2015-10-07; view: 640. ІІ кезең 1889 жыл 13 шілде «Село тұрғындары мен мещандарына қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрынғы қоныс аударған жағдайын қарастыру» жөнінде жаңа заң қабылданды. Тобыл, Том губерниялары, Жетісу, Ақмола, Семей облыстары шаруаларды қоныс аудартатын басты аймақтар ретінде белгіленді, жан басына 15 десятина жер берілді. 1870 – 1895 жж Ақмола облысында халық саны 2 есе артты. 114553 адамға өсті. Жетісу облысының 752197 десятина жері, Сырдария облысының 159501 десятина, Ферғана облысының 9925 десятина жері тартып алынды. 1855-1893 жылдар аралығында Ақмола облысында 251779 десятина жер, Семей облысында – 33064 десятина жер тартып алынды. Қоныстанудың басты аймағы Жетісу болды. Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде 37 қоныс құрылды. ІІІ кезең 1905 жылғы қоныстандыру басқармасы құрылды. 1905 – 1917 жж 1 млн-ға жуық қоныс аударуышлар Қ-нға орналасты. Жетісу мен Сырдария облысында 2462265 десятина жері тартып алынды. Қоныс аудару. Тартып алынған жерлер
Қ-ндағы қоныс аударушылардың үлес салмағы
Түйін: Патша үкіметі орыс шаруаларын қазақ жеріне ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап қоныс аудартуы мынандай мақсаттарды көздеді: 1. Ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету; 2. Жер тапшылығын шешу; 3. Ұлттық аймақтарды әлеуметтік тірек жасау; Жерді алып беру үшін 1905 жылы жаңа басқару құрылды. Ол қоныс аудару және жерге орналастыру бас басқармасы деп аталды. Оның мекемелері губерния, облыс, уездерде құрылып, бүкіл Қ-нды қамтыды. Нәтижесінде Қ-н халқы атамекен жерінен айрылып, ортарлау саясатының құрбанына айналды. Патша үкіметі отарлық басқару саясатын кеңейту үшін тағы да бірнеше ережелер қабылдады. Ондағы көздеген мақсаттар: Жергілікті ақсүйектердің қазақ даласына саяси және басқарушы ықпалын әкімгершілік ісін мүлдем жою, рулық басқару негізін әлсіретіп, қанатын қию, беделін түсіру, сөйтіп оларға бас көтертпеу; Соның нәтижесінде байтақ жерді біржолата басыбайлы иемдену арқылы қазақ халқын патша үкіметіне толық бағындыру; Қ-н есебінен Ресей шаруашылығын көтеру; Қ-н арқылы ішкерідегі Орта Азия елдеріне ену, сөйтіп оларды да біртіндеп өздеріне қарату; Жергілікті халық арасына өзінің тәртібін, білімін тарату және мұсылмен, дін иелерінің ықпалын әлсірету.
38XIX ғ. – XX ғ. қонысаудару саясаты:, 19 ғас. 60-жылдарында крепостниктік құқығы жойылғанан кейін Ресей шаруаларының еркін жүріп тұруы мүмкін болған кезде, Дала өлкесінің жергілік өкімет орындары өз бетімен қоныс аудару проблемасына тап болды. Ресейдегі капиталистік қатынастардың жедел қарқынмен дамуы Қазақстан сияқты шет аймақтарда жергілікті шикізатқа негізделген өнеркәсіп орындарын көптеп ашу, оларды азық-түлік тауарлары,мал, астық, өнімдерімен қамтамасыз ету үшінде бұл өңірлерге қосымша тұрғындарды көптеп жіберуді қажет етті. Қосып алған өлкенің халқын жаппай орыстандыру, осы арқылы оны Ресей империясының заңды құрамдас бөлігі ету де, патша әкімшілігінің осы бағыттағы саясатының негізгі жоспарларына жатты. Әсіресе Қазақстанның Шығыс және Алтай аймағындағы бағалы және түсті металдардың өлшеусіз қоры, әсем де бай табиғаты, жерінің құнарлығы бұл өңірді жылдам және жаппай қоныстандыруға, тау-кен өндіріс орындарын неғұрлым көбейтуге жол ашты. Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақтардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығының күйзеліп, мал санының азаюына әкеп соқты. Қазақтарды байырғы жерлерінен қуып, қолайсыз жерлеріге ығыстыру 19ғ. 2-ші жартысынан одан ары жалғастырылды.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қ-н халықтарының м-ті мен оның көршілес елдер м-тімен өзара қатынасы. Ауыз әдебиет:19 ғасырда дәстүрлі ақындар поэзиясы халық арасында айрықша кең тыныс тапты.Жанақ,Орынбай, Арыстанбай сияқты суырып салма ақындар бүкіл қазақ даласын өлең-жырға толтырды. Жетісуда Сүйінбай өзінің өткір жырларымен танылса, Майлықожа Шығыс үлгісіне бейім жырға машығады. Ал Сыр өңірінде Базар жырлары өріс табады. 19 ғасыр салдар мен серілер өнернамасы болды. Серілердің ең атақтылары-Біржан, Ақан, Әсет. Біржан сал1834-1897 ж қазақ рухани м-тінің тарихында қын,композитор әрі әнші ретінде белгілі.Оның әндері музыка өнерін жаңа сатыға көтерді.Ел билеушілердің озбырлығын әшкерелейді, адам тағдырының қиындығы туралы толғайды.Сарамен айтысы ақындық даңқын шығарды. "Жамбас сипар", "Биржан сал", "Жанбота", "Лайлым шырак" өлеңдері қазақ халқының классикасына кірді. 1843-1913ж композитор, әнші Ақан сері де Біржанмен тағдырлас. Ақан жастық шақтың қуанышын,аңшылық,саятшылықты жыр етеді.Өмірінің екінші кезеңінде мұң басым. Жаңа тәртіп зардаптарын суреттейді. Ақан серінің әндері музыка м-тінің асыл қорына енген. 19 ғасырдың екінші жартысында халықтың ауыз әдебиетімен бірге қазақтың жазба әдебиеті де дамыды. Оның негізін қалаушы ұлы ақын Абай Құнанбаев болды. Лирикасында адамгершілік, шыншылдық, гуманистік идеялар мен принциптерге айнымас адалдық жырланды. Қазақ арасынан орыс м-тін үлгі тұтатын адамдар бой көрсетті. Оның ішінде Шоқан Уәлиханов (1835-1865) Шығыс Түркістан өлкесін, Ыстық көл алабын зерттеп, география ғылымна үлес қосты. Қырғыз эпосы «Манастың» таңдаулы тарауларын қағазға түсірді.Қазақ және қырғыз халықтарының тарихына, этнографиясына, әдебиеті мен м-тіне көптеген зертеу еңбектер жазды. Ы.Алтынсарин қазақ прозасының негізін салушылардың бірі болды. Әңігімелері шыншылдық, тәрбиелік қасиеттер, тіл көркемділігімен ерекшеленеді. Л.Толстойды, к.Ушинский, И.Крыловтың мысалдарын аударды. Проза,драматургия, әдебиет сыны сияқты жаңа жанрлар қалыптасты. Поэзия дамыды, оның жарқын өкілдері Шортанбай Қанайұлы(1818-1881), «Зар Заман» поэмасының авторы Дулат Бабатайұлы (1802-1874 ж), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906 ж) Діни мұсылмандық әдебиеттің көрнекті өкілі Әубәкір Кердері (1858-1903 ж). Өзінің шығармаларында діни мәселеге назар аударды. 19 ғ ІІ ж басқа бағыт анықталды. Оның ішінде Сүйінбай Аронұлы (1822-1885 ж). Халық ағарту және білім беру ісі XIX ғасырдың екінші жартысында қалалық училищелер, гимназиялар, орыс-қазақ училищелері мен мектептері, ауылдық мектептер және алғашқы сауат ашу мектептері ашылды. Бұл оқу мекемелері мемлекет қаржысына құрылып, алғашқы білім беру мекемелерінің рөлін атқарды. 1841 жБөкей Ордасында жоғары класс мектептері ашылды. Мұндай мектептерде негізінен екі кластық училищелерді бітірген және мұғалімдік семинарияларда мұғалімдік атаққа сынақ тапсырған, сауатты қазақтар дәріс бере алатын болды. 1846 ж негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады. Қ-нда бастауыш халықтық мектептердің ашылуы Ы.Алтынсариннің атымен байланысты. 1867-1868 жж. реформалар енгізілгеннен кейін қазақ өлкесінің әр аймақтарында осындай мектептер ашыла бастады. 1869 ж Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінң тілмәштарын, хатшыларын даярлайтын бөлімше құрылды. Білім беру ісіндегі маңызды қадамдардың бірі - қыздар білімін дамыту болды. Ы.Алтынсариннің зор еңбегінің нәтижесінде 1887 ж. Ырғызда қазақ қыздары училищесі, ал 1890-1896 ж. Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақ поселкесінде, Ақтөбеде орыс-қазақ қыздар училищелері ашылды.XIX ғасырдың 70 жылдарынан бастап өлкеде оқу округтері пайда болды. Орынбор оқу округінің қарауында – Орал және Торғай облыстары, Батыс-Сібір оқу округіне – Ақмола, Семей облыстары, Түркістан оқу округіне – Сырдария және Жетісу облыстары кірді.XIX ғасырдың аяғында әлемдік дамудың күшті ықпалымен Ресей қосып алған шығыс жерлеріне деген қызығушылық пайда болды. Қ-нға шығыстанушы ғалымдар, географтар мен саяхатшылар келіп, тарихшылар зерттей бастады. Өз зерттеулерімен өлкені тануға П.П.Семенов-Тянь-Шанский, Н.А.Северцев, ИА-в.Мушкетов, ВА-в.Радлов т.б. үлкен үлестерін қосты. Қ-н Орыс географиялық қоғамы бөлімшесінің зерттеу объектісіне арналды. Мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді, өлкелік мұражайлар ашылып, ежелгі ескерткіштер, халық ауыз әдебиеті зерттеліп, орыс-қазақ мектептері және кітапханалар ашыла бастады. Ұлы Абай Құнанбайұлы Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшелерінің бірі болды. Қазақ даласында тұңғыш кітапханалардың ішінде ерекше көзге түскен 1883 ж. ашылған Семейдегі қоғамдық кітапхана. Оңтүстік Қ-нды зерттеу орталығы Ташкенттің ғылыми мекемелері болды. Бұл өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеумен халықшылдар П.И.Пашино, Г.С.Загряжский, Д.Иванов, Г.Усов, И.Гейер т.б. айналысты.Патша үкіметі бұл мектептерді ашуда - қазақ жастарын орысша сауаттылыққа ғана тартып, алғашқы біліммен шектеу саясатын ұстанды. Қазақ балаларының орта оқу орындарына тартылуына шектеу қойылды. Өйткені олар ұлттық интеллигенцияның өсіп-жетілуінен, ұлттық сананың өсуінен, қазақ халқының отарлық саясатқа қарсы ұлт-азаттық көтерілісінен қорықты.Қазақ балалары негізінен медреселерде оқыды. Бұл кезеңде оқу құралы ретінде «Шариғат – ұлы иман» немесе «Иман-шарт» қолданылды. Мұнда ислам дінінің негіздері оқытылды. Баспасөз.Қазақтың ұлттық баспасөзі дүниеге келді. 1870-1882 ж Ташкентте «Түркістан уәлаяты» газеті, 1888-1902 жОмбыда «Дала уәлаятының» газеті шығып тұрды. Патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктердің өкімі бойынша бұл басылымдар Орта Азия мен Қ-н жерінде отарлық басып алуды, халықтарды рухани жағынан бағындыру саясатын насихаттады. Осы мақсатпен түркі халықтарынң тарихы, этнографиясы, әдебиеті,ғылым мен техника саласындағы жетістіктер туралы ақпарат басылды. Ғылым 19 ғасырдың екінші жартысында капиталистік құрылыс пен онымен бірге дамыған әлеуметтік мәдени өзгерістер қазақ м-тіндегі бағыт-революцияшыл-демократиялық бағыт анықталды. 19 ғ ІІ ж Ресейдің ғылыми қоғамдарының филиалдары мен мекемелері құрылды. 1867 ж Ташкент елдің ірі ғылыми орталыққа айналады. 1897 ж Орыс географиялық қоғамның бөлімі Қ-нның оңтүстігін зерттеуг мақсатында құрылды. 1887 ж желтоқсанда Орынбор архивті комиссия құрылды. Комиссия мақсаты-генерал-губернатор канцеляриясындағы ғылыми зерттеулерді дайындау, қалпына келтіру.Орынбор мұражайы салныды. Архивті комиссия мүшесі И.Кастанье болды. XIX в Қ-н облыстық орталығында статистикалық комитеттер құрылды. Ғылыми мекемелерде Ресейдің шығыстанушылары В. Григорьев, В. Вельяминов-Зернов, Я.Ханыков, И. Березин, В. Бартольд, А. Харузин, Н. Аристов жұмыс істеді.
41Қазақстан бірінші орыс ревалюциясы жылдарында.(1905-1907) 1905-1907 ж-ғ революциянын алғы шарты-патшанын аграрлық саясаты.1853-1905ж 4 млн. дес.1806-1907-17млн. жер тартып алынды.1905ж қанды жексенбі, Түрк,Жосалы,Шалқар қарсылықтар болды.Қарқаралыдағы қарсылыққа М Дулатұлы қатысты.Пировскіде саяси демонстратция қазақ орыс жұмысшыларынын бірлесуімен өткізілді.1905 ж желт. 12 күнге созылған Успен кеніші ішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл с-б жалақы тапшылығы,ағылшын капиталистер қатыгездігі, азық-түлік бағасы.Семейде почта телеграф қызметкерлер ереуілі,Жаркент гарнизоны әскери қарсылықтар.1906 Семей 500 жұмысшылы ереуіл жұмыс күнін 10сағ.қысқарту талап қойды.1905-1907 алғашқы рев. Жеңілуі:қазақ жұмысшыларынын аздығы ;қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы; Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжірибесінің жеткіліксіздігі.Революцияның тарихи маңызы: отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды;Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді.Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді.Қазақ еңбекшілерін «ғасырлық ұйқыдан» оятып,революциялық күреске шақырды. Биринши орыс революциясы. Оның Қазақстандағы қоғамдық омирге ыкпалы. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының қызметі. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының м-ті ғасырлар бойы дамыған, өзіндік тарихи ерекшеліктері бар рухани мұраның жалғасы. 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс, таптық күрестің шегінуі және қайтадан өрлеуі де қазақ м-ті салаларының жаңа мазмұнда қарқындап дамуына әсер етті. 1907 ж. наурызда Тройцкіде «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Оны басқарған М.Дулатов болды. Бірақ бұл газеттің екі саны ғана жарық көрді. А.Бөкейханов. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. Омбы техникалық училищесінде, Санкт-Петербург орман-техникалық институтының экономика факультетінде оқып, Омбының орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық және ғылыми жұмыспен шұғылданған. "Ресей. Біздің өлкенің толық географиялық сипаттамасы" деген 18 томдық жинақтың Қ-н туралы бөлімінің авторы (1903 ж.). 1905 ж. конституциялық демократиялық партияның мүшесі (кадет). Бірінші мемлекеттік Думаның депутаты 1905 - 1907 жж. "Ертіс" "Дауыс" кадеттік газеттерінде редактор боп қызмет істеді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтардың шығарған "Қазақ" газетінің тарихи маңызы зор болды. Ә. Бөкейханов "Алаш" партиясының негізгі қалаушылардың бірі. 1917 ж. желтоқсанда ІІ Бүкілқазақ Құрылтайында Ә. Бөкейхановтың бастауымен "Алаш Орда" құрылды. Алашордашылар 1919 ж. дейін большевиктерге қарсы күштердің қатарында болды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ә. Бөкейханов саяси және мемлекеттік қызметтерден бас тартты. Оқу ағарту, м-т саласында жұмыс істеп, 1921 ж. Академиялық орталықты (болашақ Ғылым Академиясы) басқарды. 1937 ж. 27 қыркүйекте Москвада қамауға алынып, атылды. А.Байтұрсынұлы (1873-1937 жж.) – қазақтың ұлы ағартушысы, ірі-ғалым лингвист, түріктанушы, ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Орыс-қазақ училищесін бітіргеннен кейін Орынбордың қазақ мұғалімдері мектебінде оқыды. 1895 - 1909 жж. Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы ояздарындағы училищелерде дәріс берді. 1905 ж. саяси қызметке белсене араласты "Қарқаралы петициясының" авторларының бірі. 1909 ж. патша әкімшілігін сынаған үшін түрмеге қамалды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ағартушылық қызметте болды (халық ағарту комиссары). 1920 ж. алашордашы ретінде қамауға алынып Архангельскіге, ал әйелі Шолпан деген қызымен бірге Томск облысына жер аударылды. 1934 ж. кезде Қызыл Крест комиссиясында жұмыс істеп жүрген Е. Пешкованың (М. Горькийдің әйелі) араласуымен А. Байтұрсынов ақталды. Алайда, 1937 ж. қазанда қайта қамауға алынып, атылды. «Қазақ» газеті А.Байтұрсыновтың басшылығымен шықты. Ол 1913 жылдан 1918 жылдың қаңтарына дейін шығып тұрды. Бұл газет беттерінде патша үкіметінің зұлымдық саясаты, халқына жасап отырған зорлық-зомбылығы ашып көрсетілді. Газет бiрден танымал болды. 1913 жылдың соңында газетке 3 мың тұрақты оқырман жазылса, 1917 жылдың басында ол көрсеткiш 8 мыңға жеттi. Газет шiлде айынан бастап «Алаш» партиясының ресми баспа органына айналды Ол отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. А.Байтұрсынов жер аударылған кезде бұл газетке М.Дулатов басшылық жасады. Бұл газеттің, қазақ халқының жанашыры болуына А.Бөкейханов зор үлес қосты. А. Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Бөкейхановтың күш жігерін біріктіруінің арқасында «Қазақ» газеті жаңа ғасырдағы шын мәнідегі ұлттық газетке айналды. Бұл газеттің маңайына қазақтың демократиялық интеллигенциялары: Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Г.Қарашев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Дөнентаев, М.Шоқай т.б. топтасты. Бұл демократиялық интеллигенция өкілдері отаршылдардың саясатына қарсы шығып, қазақ халқын патриотттыққа тәрбиеледі. 1911 ж. Орынборда А. Байтұрсыновтың «Маса» атты өлеңдер және аударма, мысалдар жинағы басылды. Бұл еңбегі бір жағынан қазақ халқының отарлық, теңдіксіз ауыр жағдайын суреттеуге арналса, екінші жағынан қазақ халқын оқуға, білімге, ғылымға шақырды. Өз шығармасын «Маса» атай отырып, А.Байтұрсынов ұйқыдағы халықты оятуға тырысты. 1909 ж. «Қырық мысал» атты шығармалар жинағы Крылов мысалдарына негізге ала отырып жазылды. А.Байтұрсынов – қазақ тілін негіздеуші ретінде де атай аламыз. Ол араб графика негізінде алфавит жасады. Бұл алфавит 1924 ж. «Жаңа емле» ретінде қабылданды. 1912 ж. «оқу құралын» кітабын жазды. Кейінірек «Тіл құралы» оқулығы шықты. Бұл фонетика, морфология, синтаксис деп үш бөлімнен тұрды. Бұл А.Байтұрсыновтың тек қазақ халқына ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес халықтар әлеміне енгізілген үлкен жаңалығы болды. М.Дулатов (1885-1935 жж.) – Ахметтің халықты азаттық күреске шақыру жолындағы пікірлес жолдасы. Дулатов Міржақып - қоғам қайраткері, ақын-жазушы, драматург, ұстаз. Қазақ-орыс училищесі мен оқытушылар курсын бітіргеннен кейін ауыл мектептерінде мұғалім болды. 1902 ж. Омбыдағы революциялық үйірмелердің жұмысына, 1905 - 1907 жж. Қарқарлыдағы шерулерге, Оралдағы қазақ кадеттері съезінің жұмысына қатысқан. Әдебиет, м-т, тарих, этнография, тіл білімі және математика саласында 2 мыңнан астам мақалалар мен еңбектер жазған. 1913 - 1918 жж. "Қазақ" газеті редакторларының бірі. 1917 - 1919 жж. Алаш Орда үкіметінің басшы қызметтерінде болды. 1920 ж. бастап оқытушылық, баспагерлік жұмыспен шұғылданды. Семейде сот қызметкері, Ташкентте "Ақ жол" газетінің редакторы болды. 1929 ж. қуғынға ұшырап, 1930 ж. 10 жылға түрмеге қамалды. Соловецк лагерінде қайтыс болды. Оның 1909 ж. Қазанда жарық көрген «Оян қазақ» атты жинағы – халықтың тағдыры мәселесі көтерілген тұңғыш шығармалардың бірі. Өз оқырмандарының санасы мен жүрегіне әсер ете отырып, ол әр адамды халық алдындағы жауапкершілікке шақырады. Қазақ қоғамының жағымсыз жақтарын ашып көрсете отырып, М.Дулатов өз отандастарын жаңа өмірге, басқа ұлттардың жақсы жақтарын қабылдауға шақырады. Кең даласында алаңсыз өмір сүріп жатқан халқын: «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекет жасауға шақырды. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты – түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп тұрды. Бірақ кейін бұл кітапты патша үкіметі отарлауға қарсы бағытталған деп бағалап, кітапты жойып, авторын түрмеге жауып, қудалауға ұшыратады. Бірақ М.Дулатовты патша үкіметінің бұл қылықтары жасыта алмайды, осы кезеңде 1910 ж. Орныборда оның «Бақытсыз Жамал», 1913 ж. «Азамат» деп аталатын шығармалар жинағы, 1915 ж. «Терме» атты еңбегі жарық көрді. 1913 жылдан бастап А.Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетінде өз халқын отарлауға қарсы күреске шақырып талмай еңбек етті.
|