Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Алтын орда 7 page


Date: 2015-10-07; view: 703.


421916ж ұлт-азаттық революция.

20ғ-ң басында Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді-

1914ж 1 тамыз- Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Соғысқа қатысушы басты елдер-Үштік одақ, Антанта.

1907-12ж 2 млн. 400 мың адам Қазақ өлкесіне қоныстандырылды. 1916ж- 40 млн. Га жер алынды.1917ж- 45 млн. Жер тартып алды.

1914ж 1 тамыз- Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Соғысқа қатысушы басты елдер-Үштік одақ, Антанта. Соғыстық Қазақстан дамуына әсері. Экономикалық дағдарыс күшейді. Әлеуметтік қайшылық тереңдеді. Революциялық күрус үшін алғышарттар жасалды. Ер адамдардың жетіспеушілігіне байланысты ауыл шаруашылығы төмендеді. Ресейдің дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі өлкені тонауды күшейтті, 10-ға жуық соғыс салығы енгізілді. Жетісудан 34 млн. Сом мөлшерінде мал ж/е мал өнімдері әкетілді.Осы жылдары жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы-20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы-12-14 сағат.Қымбатшылық артты,ұн 70% ,қант 50%, сабын 200 %-ға қымбаттады.Кен өрдіру , мүнай,көмір өндіру құлдырады. Өрдірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Патша әкімшілігі шовинистік ұрандар таратып, ұлтаралық араздықты ушықтырды.

1914ж 19 қазан «Жетісудағы орыс қоныстарындағы дәулетті топтарды қаруландыру туралы» құпия бұйрық шықты.Патша үліметінің аграрлық ж/е отарлық саясатына қарсы қазақ еңбекшілері бас көтерді.

1915 ж маусым- Екібастұз, Спасск мыс кеніштеріндегі, Орынбор-Ташкент темір жолындағы ереуілдер.

1916ж қаңтар-Верный, Семейдегі толқулар.

1916 ж –Орынбор облысының Ақбұлақ мекенінде, Лепсі, Верный уездерінде солдатқа алынғандар әйелдерінің бас көтеоулері.

Зайсандағы солдат әйелдерінің қарсылықтары әскери күшпен тоқтатылып, 13 әйел қамауға алынды.

Соғыс жылдары Әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троиц лагері «өлілер лагері» атанды.

Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916ж Қазақ өлкесінде, Орта Азияда, Сібір мен Кавказдың бір бөлігінде көтеріліс басталды.Көтерілістің алғышарттары- Жер мәселесі. Қоныстану саясаты. Соғыс салығы.

Көтерілістің басталу себебі-1916ж 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығының шығуы.

Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды.Феодалдық басшы топтар ж-е жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. Революцияшыл топ өкілдері( Жангельдин, Иманов, Бокин, Әшекеев) қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. Либералдық-демократиялық зиялылыр(Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов) патша үкіметінен келісімпаздық бағыт ұстанды.Олардың мақсаттары-Қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт созу.. Қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу.Ұлттық автономия құру. Патша жарлығына жауап ретінде шілде айының басында өлкеде стихиялық бас көтерулер болып тұрды.

Негізгі қозғаушы күші-қазақ жұмысшылары, шаруалары, қолөнершілер.Жетекші күші-халықпен тығыз байланысты ел басшылары, негізінен үстем тап өкілдері. Ұлттың аман қалуы ж-е рухани түлеу проблемалары күрестің өзегіне айналды.Көтеріліске қатысушы революцияшыл-демократияшыл зиялылар өкілдері Рысқұлов. Бокин. Әшекеев. Мәмбетов. Қосақов. Жангельдин. Иманов. Мендешов. әйтиев. Мыңбаев. Майкөтов.

Қатысқан қазақ жұмысшыларының шаруа қожалықтарымен байланысы көтеріліске стихиялы қозғалыс сипатын берді.

Көтерілске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді.(Хан сайлау. әкім –елбегі. Сот алқасы-жасақшы. Қазына билеушісі-қазынашы. әскери басшысы-сардарбек.1916ж 23 тамыз-генерал-губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығы шықты.Басқармалардың лауазымды адамдары, төменгі полициялық шенділер, имам, молда, мүдәрістер, есепші бухгалтерлер,үкіметтің оқу орындағы оқушылар, жоғарғы лауазымдылар, дворяндық ж/е құрметті азаматтық құқықтарын пайдаланатындар қара жұмыстан босатылды.Көтерілісшілер әрекеті-Қара жұмысқа шақырушылардың тізімдерін жою. Борышқорлық ж/е салық тілхаттарын, жер сату жөніндегі құжаттарды жою. Болыс басқармаларын, ауылдарын талқандау. Патша әскерімен қақтығыс.

Жеңілу себептері-бытыраңқылығы. әскери қарудың жеткіліксіздігі. Руаралық тартыстар. Жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. Ұлттық демократиялық зиялылар арасында бірліктің болмауы. Қазақ феодалдарының сатқындығы. Тарихи маңызы-Қазақ халқының революциялық таптық санасы өсті. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. Салдары-қазақ өлкесінде-446 мыңға қазақтар саны азайды.

Сипаты- империализмге ж/е отаршылдыққа қарсы.

Патшалық отаршыл әкімшілік 1916ж ұлт азаттық қозғалысты қатаң жазалап, Дала мен Түркістан өлкесінен 250 мыңнан астам адамды күштеп тыл жұмысына алды.

 

43 Қ-н 1917ж. Ақпан революциясы кезінде, таптық саяси күштердің орналасуы.партиялардын пайда болуы. Қазіргі таңда ғасырға жуық «социалистік» адамдардың сансын билеген жүйенің билігенен босаған қоғам өз өткенін қайта саралап, тарихына жаңа тұрғыдан көз жүгіртуде. Евразия құрлығының тең жартысына жуық аймақты қамтыған Кеңестік социалистік республикалар одағының (КСРО) 70 жылдай дәурен құрып, әлемдегі жетекші күшке айналып, «одақтас» он төрт мемлекеттің тағдырын қолында ұстауы 1917 жылы 27 ақпандағы Ресейдегі буржуазиялық революциядан бастау алған еді. Ақпан ревоюциясы Қазан төңкерілісіне бастау болды. Өз кезегінде Қазан төңкерілісі большевиктердің, Коммунистік партияның тасын өрге сүйреді.

Қалай десек те ақпан буржуазиялық революциясы Ресей монархиялық билігінің қол астында езгіде бодан болған басқа елдердей қазақ халқы үшін бостандық демесек те, езгі мен толық құрып кетуде аман алып қалды деп айту хақ. Сондықтан да, Ресейлік патша мен тоталитарлық аппараттың құрығына түсуден қорықпай, тәуелсіз, ешкімге жалтақтамайтын еркін ұрпақ ретінде Ақпан буржуазиялық революциясы туралы өзіндік ой түйіп, қорытындылар жасау мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты Ақпан төңкерілісінің алғышарттарын, барысын, Уақытша үкіметтің саясатын және сол кезеңдегі саяси партиялардың әрекеттерін қарастыру. Бұл жолда Кеңес өкіметі кезінде жариялауға рұқсат болмаған мәліметтерді және авторлардың еңбектерін қарастыру.

Жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім қарастырылатын мәселесі бойынша екі үлкен бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде,төңкерілістің алғышарттары, оның барысы, Қ-н аумағындағы Уақытша үкімет органдарының құрылуымен, оның әрекеттері мен саясаты қарастырылады. Екінші бөлім қазақ қоғамының саяси белсенділігінің артуын, жалпықазақ съезін, саяси партиялар мен олардың саяси бағыттарын қарастырады.

Аталмыш мәселенің тарихнамасына келетін болсақ, бұл тақырыпта көптеген ғалымдардың қалам тартқанын атап өту керек. Олардың қатарына В.И. Ленинді, Ф.И. Голощекеиндң, С.Н. Покровскийді, Т. Елеуовты, Г.Ф. Дахшлейгерді, П. Пахмурныйды, В. Григорьевті, К. Нурпеисовты және тағы да басқа көптген Кеңестік ғалымдарды атауға болады. Ақпан төңкерілісі Кеңес Одағының Коммунистік партиясының билікке келуіне бірден-бір алғышарт болғандықтан да, оның тарихы КОКП жанындағы арнайы институттарды, ғылыми академияларда кеңінен қарсатырылған. Әрине, онда бұл мәселеге маркстік, лениндік көзқарстар басым болғаны да рас.

Еліміз тәуелсіздік тұғырына қонғаннан бері, Ақпан төңкерісіне байланысты біраз зерттеулер де жарық көрді. Бұл салада Кеңестік дәуірде жарыққа шығаруға рұқсат етілмеген, 1996 жылы қайта басылып шыққан Г. Сафаровтың «Колониальная революция» еңбегін ерекше атап өткен жөн.

«1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде Қ-ндағы таптық саяси күштердің орналасуы» атты рефераттық жұмысты студенттер мен мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына Қ-нның қазіргі заман тарихын оқыту барысында қолдануға болады.

Құрылған органдар, партиялар Үкімет органдарына кірген қазақ зиялылары Мақсат-тары Іс-әрекеттері
Уақытша үкімет органдары Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев Реформистік жолмен капитализмді дамыту Ұлт саясатын қайта қарады. 1916 жылғы күресте қатысқандарға көмек көрсетті. Отанына қайтарды.
Қазақ комитеттері Марсеков, Х.Досмұхаметов, Жайнақов, С.Сейфуллин, Айтпеков Ұлттық мүдделерді қорғауға ұмтылды Босқындарға көмек ұйымдастырды, әйел құқығын теңестірді, бұрынғы чиновниктердің ықпалын жойды.
Түркістан аймақтық қырғыз-қазақ комитеті М.Шоқай Ұлттық мүдделерді қорғады Қытайдан қайтқан қазақ-қырғыздарға, майдангерлердің отбаына көмектесті
Түркістан мұсылмандар федерациясы Төрағасы – Шоқай, ЗА-валидов, Ж.Досмұхамедов, А.Досжанова Жергілікті халық мүдделерін қорғады 8 сағаттық жұмыс күнін, ана тілінде мектептер ашуды, қалың малға, көп әйел алуға қарсы болды.
Иттифок-и-муслимин партиясы Мұсылмандар Ресей құра-мындағы аймақтық автономияны, парла-менттік үкімет құруды ұсынды. Сыртқы шекараны күзету, телеграф, почта, ресей үкіметінің құзыретіне берілуді жақтады. 8 сағаттық жұмыс, ана тілде білім, шариғат заңдарын қорғау
Большевик-тік партия Асылбеков, Б.Серікбаев, С.Меңдешев, Т.Бокин, М.Жәнібеков, С.Арғыншиев, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Ә.Майкөтов, т.б. Кеңестер-дің өкімет бірлігі негізінде күресті. 1917 жылы қыркүйекте Уақытша үкімет органда-рын таратты. Кеңес ұйымдарын, жастар ұйымын құрды. 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, байлардың малын, жерін ала бастады.
«Алаш» - 1905 жылы қозғалыс, 1917 жылы саяси партия. Газеті – «Қазақ» Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев, Демокра-тиялық федерация-лық республика құру Автономия, жер, халық ағарту, салық, жұмысшы, азаматтардың құқықтары туралы мәселені қарады.
1917 жылы көктемде эсерлер ұйымы құрылды Ұсақ буржуазиялық топтар Ұсақ буржуазиялық партия - Ұсақ буржуазияның мүддесін қорғады. «Жер –халықтың меншігі», «жер -өңдегендікі» деген ұран көтерді.

дата Негізгі оқиғалар
1917 жылы 27 ақпан Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархияны құлатты.
1917 жылғы наурыз-сәуір Жер-жерде жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі (сайланды) құрылды.
1917 жылғы 7 наурыз Петроград Кеңесі мен Мемлекеттік Дума мүшелерінің бірлескен мәселесінде Ә.Жанкелдин сөз сөйледі.
1917 жылғы 28 наурыз Әбділғафар Жанбосынов Уақытша үкіметті мойындағаны жөнінде Торғай облысының губернаторы ішкі істер министрлігіне телеграммма берді.
1917 жылғы 7 қыркүйек   Уақытша үкімет 1916 жылы қозғалысқа қатысқандарға көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұл шешім кемсітушілік сипатта болды. Орыс ұлтына 500 сом, қазақ шаңырағына 100 сом берді.
1917 жылғы 5 мамыр Уақытша үкімет 1916 жылы қара жұмысқа алғандарды Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.
1917 жылғы шілде Верныйда «қара жұмысшылар одағы» құрылды.
1917 жылғы 27 IV-7 V Қазақтардың Семей облыстық съезі болды. Съезд Қ-нның болашақ автономиясын құру туралы қарады. Съезд дала генерал-губернаторлығы институтының таралуын талап етті.
1917 жылғы 21-26 шілде Орынборда жалпықазақтық съезд болды. Съезд мемлекеттік басқару нысанын, қазақ облыстарының автономиясын, халыққа білім беру, рухани-дін, «Алаш» мәселелерін қарады.
1917 жылғы сәуір Түркістан, Башқұртстан, Татарстан, Кавказ мұсылмандарының съезі болды.
1917 жылғы мамыр Бүкілресейлік мұсылмандар съезі болды. Съезде әйелдер мәселесі, 8 сағаттық жұмыс күні, ана тіліндегі бастауыш мектеп, мәселелері қаралды. Мұсылмандардың діни басқармасының міндеттері белгіленді.
1917 жылғы қыркүйек Мұсылман ұйымдарының съезі тұңғыш мұсылман партиясын – Түркістан федералистер партиясын құрды.
1917 жылғы 17-20 қыркүйек «Иттифок-и-муслимин(мұсылмандар одағы) партиясы құрылды.
1917 жыл Әулиеатада (Тараз), Меркеде, «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды.
1917 жыл көктемде Ірі қалаларда эсерлер ұйымы пайда болды.
1917 жыл маусым Қостанай уездік кеңесі, Өскеменде шаруа, казак және қазақ депутаттарының уездік кеңесі құрылды.
1917 жыл қыркүйек Петропавлдың былғары илеуші жұмысшылары Уақытша үкіметтің жергілікті өкімет органдарын тарату туралы шешім қабылдады.

 

44"Алаш" партиясының құрылуы,


<== previous lecture | next lecture ==>
Алтын орда 6 page | 
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.456 s.