|
Египет журналистикасыDate: 2015-10-07; view: 2795. Африка құрлығындағы журналистика 18 ғасырда Египет жерінде бастау алған. Оынң басты себебі отарлаушы мақсатпен келген француз, ағылшын экспедициялары болатын. Египет экспедициясына дайындық жүріп жатқан кезде Директорий үкіметі араб, француз, грек тіліндегі басылымдарды ұйымдастыруға қажетті жабдықтарды дайындау үшін арнайы шешім қабылдады. 3 типография ашылды. Египетке бет алған «Лорьян» кораблінде флот типографиясы орналасты. Бұл типографияны басқарған экспедицияның басылымдар жөніндегі директоры, француз ориенталисі, арабист, Ливандағы француз елшісінің ұлы Жан Марсель болды. Типографияның шығыс бөлімін сириялық И. Фатхалл басқарды. Типография жол-жөнекей Наполеонның «Египет халқына үндеуі» мен «Француз армиясының бұйрықтарын» басып шығарған. Француздар Египет жеріне табаны тиісімен, газет шығаруды қолға алды. Сонымен, 1798 жылдың 29 шілдесінде әскери үкіметінің ресми органы ретінде «Курье д' Эжипт» газеті дүниеге келді. Бұл газет беттерінде француз армиясының әскери іс-қимылдары, Франциядан берілген ақпараттар және Каирдан, провинциялардан берілген жаңалықтар басылды. Газет редакторы – Париж ғылым академиясының мүшесі Жан Батис Жозеф Фурье болды. Газеттің бар жоғы 115 номері шыққан. 1819 жылы Каирда Бұлақ ауданында баспахана салынды. Билік басындағы Мұхаммед Әли Египетте түрлі реформалар жүргізді, армияны Еуропалық үлгіде құрды, типографияға үлкен мән берді. Кадрлар даярлауға әдебиеттің қажеттілігін жақсы түсінді. Бірнеше адамды Италияға баспа ісін үйренуге жіберді. Ал 1821 жылы, баспа мамандарын даярлайтын арнайы техникалық мектеп ұйымдастырылды. XІX ғасырдың 60-70 жылдарындағы маңызды басылымдар: «Вади ан-Нил», «Нурхат аль-Афкар», «Раудат аль-Мадарис». Абдолла Абу ас-Саудтың басқаруымен шыққан «Вади ан-Нил» газеті осы тұстағы билік басындағы Исмаил хедивтің ісін насихаттады. Өкімет қаржысымен аптасына екі рет шығып тұрды. 1869 жылы жарық көрген «Нурхат аль-Афкар» газеті өкіметке қарсы оппозициядағы басылым болды. Газет редакторы Ибраһим аль-Мувейлихи түрік басқаруына қарсы болды. Хедив бұл газетті екі санынан кейін жауып тастады. Газет жабылғаннан кейін Ибраһим аль-Мувейлихи өз ісін Еуропада жалғастырды. Парижде «Аль-Иттихад», «Аль-Анба», «Ар-Ахбар» газеті жарнама басумен айналысты. Ислам хедив 1875 жылы жарық көрген «Раудат аль-Мадарис» журналының редакторы етіп Рифа ат-Тахтавиді бекітті. Журнал айына екі рет шығып тұрды. Бастапқыда тиражы 350 болса, кейіннен 700-ге жетті. Бұл мерзімді басылымның басқалардан ерекшелігі, тұңғыш рет ғылым мен әдебиет мәселелеріне назар аудара бастады. 1953 жылдың сәуірінде «Арабтар дауысы» бағдарламасы бойынша хабарлар Еуропаға және Таяу Шығысқа тарайды. Басқ араб елдеріне арналған бұл хабардың негізгі мақсаты Египеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуы жайлы мағлұматтар беру, елдің сыртқы саясатымен таныстыру. Көптеген хабарлары жалпы Араб әлемінің бірлігіне, ынтымақтастығына арналған. Сонымен, көз жеткізгеніміз Африка құрлығындағы журналистиканың бастауы сонау Египетке шүйліккен отарлаудан басталып, өз жалғасын әр түрлі қарқында алып отырған. 18 ғасырдың аяқ шенінде басталған бұқаралық ақпарат құралдарының даму тарихы 20 ғасырдың ортасына дейін жалғасқан. Тіпті одан да кенже дамыған мемлекеттер бар. Оынң барлығы елдегі саяси, мәдени хал-ахуалға байланысты деп ойлаймын. Қазіргі кезде Африка елдері журналистикасы әлемдегі үздік журналистиканың бірі болып табылады. Әдебиеттер: Негізгі: [6]; [11]; [14]; [27]; [31]; Қосымша: [1]; [11]; [12];
№ 14 дәріс. Қытай журналистикасы Шет елдердің (радиосы, теледидары) ақпарат құралдарының бөлімдері бізде ашылып жатса, қазақ бөлімдері әлемнің бірнеше алпауыт мемлекеттерінде туларын желбіретіп отыр. Бұған әрине, себеп – қандастарымыздың сол жақта өмір сүріп, жемісті қызмет етуі. Тұңғыш рет хабар «Пекин» орталығынан берілсе, кейін 1978 жылы Қытай орталық теледидары деп аталады. Бүгінгі таңда бұдан 138 сағат көлемінде берілетін 8 бағдарлама бар. Оларды таратып айтсам: 1-бағдарлама – мәдени, көңіл көтеретін хабарлар 2-бағдарлама – мәдени, көңіл көтеретін хабарлар 3-бағдарлама – халықаралық арна, 5 арна – спортқа, 6-киноға, маңыздысы балалар, ауыл шаруашылығы, әскери, ғылыми-техникалық хабарлар маңызды орын алады. Ең соңғы 8 бағдарлама – әдебиетке арналған. Күн сайын жарты сағат берілетін ақпаратты бағдарлама – «Информационнан панорама». Оны солтүстіктегі Хэйлунцзяннан оңтүстіктегі Хайнань аралығына дейінгі, шығыстағы Сары Теңіз жағалауынан бастап батыстағы Тянь-Шань тауына дейінгі аралықта барлығы көреді. Дикторлары – өте жас, қарапайым киінген, мәтінді мүдірмей, аса шеберлікпен тоқиды. Қытай халық республикасында екі аптада біррет шығатын «Баньюэ тань» («Беседы», күнділікті газет – «В эньх уэй бао» («Литература чтение») «Гуанмин жибао («Свет»), «Гунжэнь жибао» («Рабочая газета»), «Жэншэнь жибао» («Народная газета»), «Дачжун ряньин» («Массовое кино» – ай сайын шығатын киножурнал, «Пекин ревью» (Пекинскок обозрение), «Синьэвэнь чжаньсянь» («На фронте журналистики») – журналистерге арналған ай сайын шығатын журнал, «Цзефан жибао» («Освобождение»), «Чайниз литече» («Китайская литература») – әдеби журнал, ең бір атап өтетіні – «Жэньшинь хуабао» («Народная иллюстрированная газета») – ай сайын шығатын суретті журнал. Пекинда қытай, орыс, ағылшын, араб, вьетнам, индонез, испан, тиальян, корей, неміс, сухаил, урду, француз, хинд, швед, жапон, румынь (17) тілдеінде басылады. Аталған газет-журналдардың дерлігі 8, 2 млн – 70 мыңға дейінгі тиражда шығатын көрінеді. Қытайда радиохабар Орталық және аймақтық болып бөлінсе, Орталық тәулігіне 128 сағат хабарды жеті дербес арна арқылы таратады. (21 %) – жаңалықтар, 20 % - оқу-білім, 49 % – көңіл көтеретін, қызметтік – 7 %). Ал аймақтық радиохабардан Шыңжан – ұйғыр халықтық радиостанциясын атауға болады. Қытайда – коммерциялық радиостанция болмағанымен, 1979 жылы ақылы жарнама беруге рұқсат етілген. «Пекин радиосы» – шетелге хабар тарататын мекеме (43 тілде). Сыртқы хабар тарату қызметі 54 шетелдік радиостанциясымен ынтымақтасып, 16 спутниктік байланыс жасалынған. Радио тілшілері Токио, Банген, Исламабад, Нью-Йорк, Москва, Бонн, Хараре, Сидней, Буэнос–Айрес, Брюссель, Найробиде бар. Пекиндегі Қазақ радиосы бағдарламасы алғашқы кезде ақпараттық шектелді. Құрылғанан 1981 жылға дейін күніне 1 сағат эфирге шығып тұрады. Осы орайда Диктор Қызырбек Жанасұлы [2, 102]: «Мұның жарты сағаты еліміз іші-сыртындағы елеулі хабарлар, қалған жарты сағаты ән-күй, шетел музыкалары, радиотеатр, романнан үзінді, дастан, өлең, дәріс, сұқбат негіздегі бағдарламалар болды. 1984 жылы бағдарламаған реформа жүргізіп, бұрынғы 1 сағаттың бағдарламаны жарым сағаттан күніне 2 уақыт беруге өзгерттік», – дейді. 2000 жылғы 16 қыркүйектегі бекіміне сай (Төраға Жаңзымның) 2000 ж. 25 желтоқсаннан бастап ақпараттық бағдарлама 2 сағатқа толықты. Соған байланысты жаңадан тағы 5 айдар қосылған екен: алтын шаңырақ, жас дәурен, спорт әлемі, экономика аалдыны. Жалпы алғанда, бүгінде айдарлар саны 12-ге жеткен көрінеді. Әдебиеттер: Негізгі: [1]; [7]; [10]; [27]; [32]; Қосымша: [10]; [11]; [13]; № 15 дәріс. Ресей журналистикасы ХХ ғасырдың басында Ресейдегі өнеркәсіптің өсуі әлем елдерімен салыстырғанда жоғары болды және ғылым, әдебиет, өнер салаларында жоғары табыстарға қол жеткізілді. Соған қарамастан кемшіліктер де кездесті. Елдегі халықтың 60 %-ы шағын кәсіпкерлікпен айналысса, жұмысшы табы едлің жетіден бір бөлігін ғана құрады. Тұрғындардың сауаттылығы жағынан Ресей дамыған елдерден артта қалды. 1908 жылы “Нива” журналында жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес, Ресейдің еуропалық бөлігінде тұратын 1 мың адамның 229-ы ғана сауатты болды. 100 дана газет-журнал шықса, Германияда 40, ал Ресейде 3 дана басылым тиесілі болды. «Жылымық» және «тоқырау» кезеңдерін қамтыған кеңестік журналистиканың 30 жылға созылған дәуірінде баспасөз жабық тақырыптан шығып, қоғамдық пікірдің қалыптасуына ұйытқы бола білді. Статистикаға аздап кез жіберер болсак: 1994 жылы Ресейде алты виртуальды басылымдар есепке алынды – ол "Тәуслсіз газеттік мұрағаты және бес ғылыми басылымдар. 1996 жылы электронды басылымдар 300-ге, 1997 жылы 800-ге жетті. Бүгін бұл "жүйеде" жүздеген ресейлік телекомпаниялар, бағдарламалар мен хабарлар, 60 радио-сайттары, 33 ақпарат агенттігі және 1200-дей баспасөз басылымы бар. Шамамен осылардың екіден үші "қағазбен" берілсе, қалғандары электронды түрде беріледі. Интернетті меңгеруге талпыныс мол болса да, Ресей әзірге жүйелік байланысты меңгерудің мүмкіндіктерін қарастыруда. ТМД елдерінің басқа республикаларын айтпағанның өзінде, Қазақстан да осы жолды ұстануда. Әдебиеттер: Негізгі: [26]; [31]; [32]; [33]; Қосымша: [2]; [3]; [5]; [7]; [8]; 2.3 Семинар сабақтарының жоспары № 1. Ақпараттық технологиялар мен БАҚ Сұрақтар: 1. БАҚ дамушы елдерлің ақпараттық қоғамға өту кезеңі. 2. БАҚ-қа мүмкіндік – адамның ақпараттық қоғамдағы жаңа құқы. Тапсырмалар: 1. Терроризм туралы репортаждар.. 2. Қарулы қақтығыстар туралы репортаждар. Әдістемелік нұсқаулар:Репортаж бойынша жазылған еңбектерді анализдеу. Әдебиеттер: Негізгі:[1]; [2]; [8]; [28]; [1.7.15]; [1.7.16] Қосымша: [1]; [2]; [10]
№ 2. Бұқаралық ақпарат құралдары демократиялық қоғамның институты ретінде Сұрақтар: 1.Журналистің моральдық-этикалық ерекшеліктері. 2. Журналистің құқықтары, міндеттері. Тапсырмалар: 1. БАҚ және саясат. БАҚ және ұлтаралық қақтығыс. 2. Журналистің шындықты бұрмалағаны үшін жауап беруі туралы фактілерді іздестіру. Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша құжаттарды іздестіру. Әдебиеттер: Негізгі:[1]; [2]; [9]; [11]; [1.7.15]; [1.7.16] Қосымша: [1]; [2]; [18]
№ 3. Шетелдік көпшілік ақпарат құралдарының қазіргі теориялары Сұрақтар: 1. Ақпарат ұғымы. 2.Электронды БАҚ және шетел баспасөзінің теориясы. 3. БАҚ бостандығы және қазіргі батыс қоғамының оны бақылауы. Тапсырмалар: 1. Ақпаратты табу, зерттеу жолдарын конспектілеу. 2. Ақпарат көздерін тексеру әдістерін білу керек. Әдістемелік нұсқаулар:Аталған тақырып бойынша зерттеу еңбектерін пайдалану керек. Әдебиеттер: Негізгі: [1.]; [7]; [25]; [31]; [32]; Қосымша: [1]; [10]; [12]
№ 4. Америка Құрама Штаттарындағы электронды БАҚ-тың жүйесі Сұрақтар: 1. АҚШ-тың ұлттық және өңірлік телевидениелік хабар таратуы. 2. Интернет зерттеудің жаңа құралы. Тапсырмалар: 1. БАҚ-дағы журналистік зерттеулерді анализдеу. 2. АҚШ-тағы сандық телевидение: болашағы мен ерекшелігі.. Әдістемелік нұсқаулар: БАҚ-дағы журналистік зерттеуге арналған бағдарлама, айдарлар, газет материалдарын пайдалану. Әдебиеттер: Негізгі: [4]; [7]; [30]; [31]; [33]; Қосымша: [10]; [13]; [18] № 5. Америка ақпараттық корпорациялары Сұрақтар: 1. Ең ежелгі әлемдік агенттікті атаңыз. 2. Неге Рейтер мен Ассошиэйтед пресс бір-бірімен бәсекелестікте? 3. Ассошиэйтед пресс ұсынатын жаңалықтардың құрылымы қандай? 4. Неліктен Рейтер экономикалық ақпараттық нарықты дамытады? 5. ФранПресстің қызметтік құрылымы неде? Неге агенттік мемлекеттік болып есептеледі? 6. Неге ЮПи Ассошиэйтед Пресстің бәсекелестігіне шыдамады? 7. Дамыған елдердегі ақпарат агенттіктерді атаңыз. Тапсырмалар: 1. СИ-ЭН-ЭН журналистері жұмысының әдіс-тәсілдеріне талдау жасау. Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша батыс зерттеушілерінің материалдарын пайдалану керек. Әдебиеттер: Негізгі: [7]; [9]; [16]; [21]; [27]; Қосымша: [11]; [14]; [17]
№ 6. Француздардың ақпараттық қоғамы мен теледидары Сұрақтар: 1. Францияның кабельдік және спутниктік телевидениесі. 2. Францияның халықаралық каналдары ТВ 5 және Франц Интернационал Каналы (КФИ). Тапсырмалар: 1. Француз журналистерінің өз пікірін білдіру мүмкіндігі.. 2. Франциядағы зерттеушілік журналистика Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша шетел материалдарын пайдалану. Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [14]; [21]; [31]; [34]; Қосымша: [1]; [14]; [16] № 7. Италия телевизиясы: тарихы, мәселелері, болашағы Сұрақтар: 1. Италия телевидениесінің даму тарихы.. 2. Медиасеттің коммерциялық жүйесі. Тапсырмалар: 1. Италия телевидениесінің даму кезеңдерін анықтау. 2. Хабар беру саясатын, танымал хабарларын анықтау.. Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді, сайттарды пайдалану. Әдебиеттер: Негізгі: [5]; [9]; 17]; [18]; [31]; Қосымша: [1]; [13]; [16] № 8. Ұлыбритания телевизиясы мен радиохабар таратуы Сұрақтар: 1. Би-Би-Сидің тарихы мен қалыптасуы. 2. Ұлыбритания телевидениесі мен радиосының заңдық базасы. Тапсырмалар: 1. Ұлыбритания телевидениесінің даму кезеңдерін анықтау. 2. Англия БАҚ ның хабар беру саясатын, танымал хабарларын анықтау Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша сараптама жасау. Әдебиеттер: Негізгі: [8]; [16]; [17]; [23]; [32]; Қосымша: [1]; [13]; [15] № 9. ГФР баспасөзі. Германия телевизиясының қос жүйесі Сұрақтар: 1. ГФР телевидениесі және радиосы. 2. Интернеттегі электронды БАҚ. Тапсырмалар: 1. Журналист өнімінің мазмұндық элементтері туралы білу. 2. Ірі студиялар жайлы ақпарат. Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді және сайттарды пайдалану керек. Әдебиеттер: Негізгі: [7]; [18]; [21]; [31]; [35]; Қосымша: [1]; [13]; [15 № 10. Азия елдерінің журналистикасы Сұрақтар: 1. Азия телевидениесінің даму кезеңдерін анықтау 2. Діни бағдарламаларды анықтау. Тапсырмалар: 1. Азиядағы NHK үрдісінің ғаламдық сипаттамасын анықтау. 2. Ақпарат қызметтерінің ерекшеліктерін анықтау, саралау. Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді, зерттеулерді, арнайы сайттарды пайдалану. Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [21]; [25]; [26]; [34]; Қосымша: [1]; [14]; [18 № 11. Жапонияның электронды бұқаралық ақпарат құралдары Сұрақтар: 1. Жапонияның коммерциялық телехабарларын тарату бағдарламалары. 2. Жапония телевиденясындағы мультипликация. Тапсырмалар: 1. Жапония-дағы сандық телевидение: болашағы мен ерекшелігін анықтау. 2. Жапония Хабар туралы заңдарымен танысу. Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді, зерттеулерді, арнайы сайттарды пайдалану. Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [9]; [22]; [27]; [31]; Қосымша: [1]; [11]; [14]; № 12. Түркия елінің баспасөзі Сұрақтар: 1. Түркия телевидениесінің даму кезеңдерін анықтау 2. Түріктердің телевидениесі мен радиосының заңдық базасы. Тапсырмалар: 1. Ақпараттық қызметтерінің ерекшеліктерін анықтау. Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді пайдалану керек. Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [9]; [10]; [25]; [26]; Қосымша: [1]; [10]; [11]; № 13. Африка және араб елдерінің телевизиясы мен радиохабарларын тарату Сұрақтар: 1. Тележурналистің мүмкіндігі, құралдары. 2. Аль-Жазира спутниктік тәуліктік каналы. Тапсырмалар: 1.Африка және араб елдерініңхабар тарату торын анықтау. Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді, зерттеулерді, арнайы сайттарды пайдалану. Әдебиеттер: Негізгі: [1.7.4]; [1.7.5]; [1.7.20]; [1.7.22]; Қосымша: [1.7.4]; [1.7.5]; [1.7.6] № 14. Қытайдың телевизиясы мен радиохабарларын тарату Сұрақтар: 1. Радиохабардың өзіндік табиғаты. 2. Қытай журналистің жұмыс істеу кезеңдері, материал дайындау процесі. Тапсырмалар: 1. Журналистке қойылатын талаптарды білу. 2. Интернетті реттеуге Қытайдың әдісін анықтау. Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді, зерттеулерді, арнайы сайттарды пайдалану. Әдебиеттер: Негізгі: [1]; [7]; [10]; [27]; [32]; Қосымша: [10]; [11]; [13]; № 15. Ресей журналистикасы Сұрақтар: 1. Ресей журналистьикасының даму жолдарын көрсету. 2. Алғашқы коммерциялық телевидение. Тапсырмалар: 1. БАҚ-тағы жарнамада кездесетін тілдік ауытқушылықтар табиғатына анализ жасау. Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді, зерттеулерді, арнайы сайттарды пайдалану. Әдебиеттер: Негізгі: [26]; [31]; [32]; [33]; Қосымша: [2]; [3]; [5]; [7]; [8]
2.4 Лабораториялық сабақтар жоспары Лабораториялық сабақтар жоспарланбаған 2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студеттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары № 1-2 СОӨЖ Тапсырмалар: 1. Жаһандық және ұлттық сипат факторларының ақпараттық қоғамның қалыптасуына ықпалы. 2. БАҚ-қа мүмкіндік – адамның ақпараттық қоғамдағы жаңа құқы. 3. Әр түрлі елдердегі ақпарат алмасу мәселесі. 4. БАҚ-тың принциптері мен пішіндері. 5. Адам құқы туралы Еуропалық Конвенциядағы және Еуропалық Қоғамдастықтағы БАҚ қызметінің мәселелері. Өткізу формасы: Ғылыми материалдармен аналитикалық жұмыс Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді пайдалану керек. Әдебиеттер: Негізгі: [1]; [2]; [9]; [11]; Қосымша: [1]; [2]; [18]
№ 3-4 СОӨЖ Тапсырмалар: 1. Ең ежелгі әлемдік агенттікті атаңыз. 2. Неге Рейтер мен Ассошиэйтед пресс бір-бірімен бәсекелестікте? 3. Ассошиэйтед пресс ұсынатын жаңалықтардың құрылымы қандай? 4. Неліктен Рейтер экономикалық ақпараттық нарықты дамытады? 5. ФранПресстің қызметтік құрылымы неде? Неге агенттік мемлекеттік болып есептеледі? Өткізу формасы: Сайт материалдарымен аналитикалық жұмыс Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді пайдалану керек. Әдебиеттер: Негізгі: [1.]; [7]; [25]; [31]; [32]; Қосымша: [1]; [10]; [12]
№ 5-6 СОӨЖ Тапсырмалар: 1. «Монд»француз газеті жайлы не білесіз? Оның негізгі ұстанымы, принципі неде? 2. «Фигаро» газеті және оның саяси бағыты. 3. ТФ-1 каналының ерекшеліктері жайлы айтыңыз. 4. Францияның коммерциялық телерадиолардың ерекшелігі неде? Канал +? қызметі жайлы не білесіз. Өткізу формасы:БАҚ материалдарымен аналитикалық жұмыс Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді пайдалану керек. Әдебиеттер: Негізгі: [4]; [7]; [30]; [31]; [33]; Қосымша: [10]; [13]; [18] № 7-8 СОӨЖ Тапсырмалар: 1. Итальян баспасөзі дамуындағы «Каррера делла сера» газетінің рөлін анықтаңыз 2. Италияның партияларының басылымдарын атаңыз. 3. Италияның діни басылымдарын атаңыз.. 4. Журнал басылымдарының беделді журналистерін атаңыз. Әдебиеттер: Негізгі: [5]; [9]; 17]; [18]; [31]; Қосымша: [1]; [13]; [16]
№ 9-10 СОӨЖ Тапсырмалар: 1. Германияның негізгі медиакорпорацияларын атаңыз. Шпрингер корпорациясының өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз. 2. «Бильд»газетінің принциптері жайлы баяндап беріңіз. 3. «Бильд» газеті жайлы Гюнтер Вальраф қандай пікір білдірген? 4. Германияның телерадиокорпорациясы жайлы мағлұмат беріңіз. Өткізу формасы: Баспа материалдарымен аналитикалық жұмыс Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша пікірталас сұрақтарын дайындау, зерттеушілердің пкірін ортаға салу.. Әдебиеттер: Негізгі: [7]; [18]; [21]; [31]; [35]; Қосымша: [1]; [13]; [15] № 11-12 СОӨЖ Тапсырмалар: 1. Ұлыбританияның монополияларын атаңыз. 2. “Таймс” газетінің шығу тарихына тоқтала кетіңіз, осы баслыммен бәсекелес газеттерді атаңыз. 3. “Таймс” газетінің соңғы кезде әдеби деңгейінің төмендеп, бір кездері жұлдызы жарқыраған халықаралық хабарлар бөлімі беделінің жоғалғанын қандай себептерден екендігін түсіндіріңіз. 4. Ағылшын баспасөзін Бивербрук, Томсон, Мэрдок концерндері бақылаған..Осы мәселені толығырақ аша түсіңіздер. 5. Ағылшын баспасөз әлеміне трансұлттық корпорациялардың ықпалы басым. Осының пайдалы әрі зиянды жерлерін аша түсіңіз. Өткізу формасы: Ғылыми материалдармен аналитикалық жұмыс Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша сайттарды қарап, батыс, шығыс журналистердің қарама-қарсы пікірлеріне талдау жасау . Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [9]; [22]; [27]; [31]; Қосымша: [1]; [11]; [14];
№ 13-14 СОӨЖ Тапсырмалар: 1. “Гасета нуэва де мадрид” алғашқы испания газетінің алғашқы сандары қандай мәселерге арналған? 2. Испания баспасөзі туралы қай жылы заң қабылданды? (1837) 3. ХХ ғ. Испанияда коммунистік басылым сандарының көбею себебін анықтаңыз. 4. КПИ (Испания коммунистік басылымдардың) публицистері Хосе Диас, Долорес Ибаррури, Висинте Урибе, Маргарита Нелькен жайлы ақпарат тауап, баяндама жасап келіңіздер. 5. Испания баспасөзіне жасалған қысым жайлы Халықаралық журналистика қоғамдастығының Сантьягодағы сессиясында (1965 жылы 23-25 қыркүйекте қаралып, арнайы қарар қабылданды. осы жайлы таратып айтыңыздар. 6. Цензура жойылғанымен көптеген газеттің хал-ахуалы мәз болмады, солардың бірі Барселонада шығатын иллюстрациялық “Дестино” газетінің тағдыры жайлы баяндап беріңіз. Өткізу формасы: Студенттің өздік жұмыстары Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді пайдалану, белгілі журналистердің пікірлерін конспектілеу. Әдебиеттер: Негізгі: [6]; [11]; [14]; [27]; [31]; Қосымша: [1]; [11]; [12]; № 15 СОӨЖ Тапсырмалар: 1. Ресейдің негізгі медиакорпорацияларын атаңыз. 2. Әр корпорацияның өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз. 3. “Правда”, “Караван” газеттерінің принциптері жайлы баяндап беріңіз. 4. Баспасөз жайлы орыстың алғашқы зерттеушілері қандай пікір білдірген? 5. Ресейдің телерадиокорпорациясы жайлы мағлұмат беріңіз. Өткізу формасы: Студенттің өздік жұмыстары Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып “Ресей баспасөзі” тақырыбына пікірталас дайындау. Әдебиеттер: Негізгі: [26]; [31]; [32]; [33]; Қосымша: [2]; [3]; [5]; [7]; [8]; 2.6 Студеттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СӨЖ) № 1 СӨЖ. Ақпараттықтехнологиялар мен БАҚ Сұрақтар: 1. Адам құқы туралы 2. Мерзімді баспасөздің жанрлары 3. БАҚ-қа мүмкіндік – адамның ақпараттық қоғамдағы жаңа құқы. Тапсырмалар: 1. “Бұқаралық ақпарат құралдары және мемлекеттің сот билігі” тақырыбы бойынша реферат дайындау. 2. Шетелдік журналистиканың ақпараттық қызметінің ерешеліктерін анықтау Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша жазылған еңбектерді талдау керек, кесте жасау. Әдебиеттер: Негізгі:[1]; [2]; [8]; [28]; [1.7.15]; [1.7.16] Қосымша: [1]; [2]; [10]
№ 2 СӨЖ. Бұқаралық ақпарат құралдары демократиялық қоғамның институты ретінде Сұрақтар: 1.Журналистің насихаттық қызметі. 2. Журналистің құқықтары, міндеттері. Тапсырмалар: 1. “Адамдық қызығушылық” тақырыбы мен жаңалықтарын анықтау. 2. Журналистің шындықты бұрмалағаны үшін жауап беруі туралы фактілерді іздестіру. Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша арнайы сайттарды қарастыру. Әдебиеттер: Негізгі: [1]; [2]; [9]; [11]; Қосымша: [1]; [2]; [18] № 3 СӨЖ. Шетелдік көпшілік ақпарат құралдарының қазіргі теориялары Сұрақтар: 1. Статистикалық деректер мен фактілерді зерттеудегі компьютерлік бағдарламалар. 2.Электронды БАҚ және шетел баспасөзінің теориясы. Тапсырмалар: 1. “БАҚ-тың монополиянуы және шоғырлануы” атты тақырыпқа бяндама дайындау. 2. Мичиган университетінің ғалымдары журналистикалық зерттеу туралы пікірлері. Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша зерттеу еңбектерін пайдалану керек. Әдебиеттер: Негізгі: [1.]; [7]; [25]; [31]; [32]; Қосымша: [1]; [10]; [12] № 4 СӨЖ. Америка Құрама Штаттарындағы электронды БАҚ-тың жүйесі Сұрақтар: 1. АҚШ –тың ірі медиамагнаттары мен журналистері. 2. Интернет зерттеудің жаңа құралы. Тапсырмалар: 1. Комментаторлық репортаж туралы ақпарат жинау, баяндама жасау. 2.”АҚШ-тағы спутниктік телевидение” атты тақырыпқа реферат дайындау. Әдістемелік нұсқаулар: БАҚ-дағы журналистік зерттеуге арналған бағдарлама, айдарлар, газет материалдарын пайдалану. Әдебиеттер: Негізгі: [4]; [7]; [30]; [31]; [33]; Қосымша: [10]; [13]; [18] № 5 СӨЖ. Америка ақпараттық корпорациялары Сұрақтар: 1. Ең ежелгі әлемдік агенттікті атаңыз. 2. Неге Рейтер мен Ассошиэйтед пресстің бір-бірімен бәсекелестіктігі. Тапсырмалар: 1. СИ-эн-эн журналистері жұмысының әдіс-тәсілдеріне талдау жасау. 2. “Интернеттегі дәстүрлі БАҚ” атты тақырыпты талдау. Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша батыс зерттеушілерінің материалдарын пайдалану керек. Әдебиеттер: Негізгі: [7]; [9]; [16]; [21]; [27]; Қосымша: [11]; [14]; [17] № 6 СӨЖ. Француздардың ақпараттық қоғамы мен теледидары Сұрақтар: 1. Францияның кабельдік және спутниктік телевидениесі. 2. Францияның халықаралық каналдары ТВ 5 және Франц Интернационал Каналы (КФИ). Тапсырмалар:Кестеде көрсетілген Франция телеканалдардың бағыт-бағдарларын анықтап, толтыру:
Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша шетел мамандарының материалдарын пайдалану. Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [14]; [21]; [31]; [34]; Қосымша: [1]; [14]; [16] № 7 СӨЖ. Италия телевизиясы: тарихы, мәселелері, болашағы Сұрақтар: 1. Италия телевидениесінің даму тарихы.. 2. Италия медиасекторындағы С.Берлускони. Тапсырмалар:Кестеде көрсетілген Италия телеканалдардың бағыт-бағдарларын анықтап, толтыру;
2. Италия телевидениесінің құрылымын, хабар беру саясатын, танымал хабарларын анықтау. Әдістемелік нұсқаулар: С.Берлусконидің медиа әлеміне шолу жасап, зерделеу. Сайттарды пайдалану. Әдебиеттер: Негізгі: [5]; [9]; 17]; [18]; [31]; Қосымша: [1]; [13]; [16]
№ 8 СӨЖ. Ұлыбритания телевизиясы мен радиохабар таратуы Сұрақтар: 1. Би-Би-Сидің ғылыми-танымал киноларды таратуы. 2. Би-Би-Сидің орыс қызметі. Тапсырмалар:Берілген кестені толтыру
2. Ұлыбритания телевидениесінің даму кезеңдерін анықтау. 3. Би-Би-Сидің журналистерінің талаптарын анықтап, баяндама жасау. Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша сараптама жасау. Әдебиеттер: Негізгі: [8]; [16]; [17]; [23]; [32]; Қосымша: [1]; [13]; [15]
№ 9 СӨЖ. ГФР баспасөзі. Германия телевизиясының қос жүйесі Сұрақтар: 1. ГФР телевидениесі және радиосы. 2. Телерадионың өзін-өзі басқаруы мен бостандығы. Тапсырмалар: 1. “Байеришер рундфунк” (Мюнхен), “Хессишер рундфунк” (Франкфурт) т.б. телерадиокомпаниялардың құрылымын, хабар беру саясатын, танымал хабарларын анықтау. 2. ГФР телерадиосының қаржыландыру көздерін анықтау. Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша “Германия баспасөзі” атты тақырыпта реферат жазу. Әдебиеттер: Негізгі: [7]; [18]; [21]; [31]; [35]; Қосымша: [1]; [13]; [15]
№ 10 СӨЖ. Азия елдерінің журналистикасы Сұрақтар: 1. Кей-Би-Эс – шетелдік радиохабарларын тарату желісі. 2. Малайзия телевидениесі. Мұсылмандарға арналған хабарлар. Тапсырмалар: 1. 1988 ж. Олимпиядылық ойындарды тарату ерекшеліктері. 2. Сингапурдың телевизиялық корпорация қызметтерінің ерекшеліктерін анықтау, саралау. Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша сайттардан зерттеушілердің пікірін жазу, саралау, зерделеу. Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [21]; [25]; [26]; [34]; Қосымша: [1]; [14]; [18 № 11 СӨЖ. Жапонияның электронды бұқаралық ақпарат құралдары Сұрақтар: 1. Жапонияның коммерциялық телехабарларын тарату бағдарламалары. 2. Жапония телевиденясындағы мультипликация. Тапсырмалар: 1. Жапонияның ірі компаниялары: Сони және Мицубиси, Тошиба, Хитачи – телерадиомен жабдықтау әлемдік нарығының көшбасшы екндігін дәлелдеу. 2. Жапония Хабар туралы заңдарымен танысу. Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша кесте жасап, ғалымдардың пікірілерін конспектілеу. Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [9]; [22]; [27]; [31]; Қосымша: [1]; [11]; [14]; № 12 СӨЖ. Түркия елінің баспасөзі Сұрақтар: 1. Түркия телевидениесінің даму кезеңдерін анықтау 2. Түріктердің телевидениесі мен радиосының заңдық базасы. Тапсырмалар: 1. Түркия фильмдерінің тәрбиелік мәнін анықтау. 2. Түрік-Қазақ оқуларының ерекшеліктерін анықтаңыз. Әдістемелік нұсқаулар: Аталған тақырып бойынша жаңа әдебиеттерді пайдаланып, конспект жасау. Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [9]; [10]; [25]; [26]; Қосымша: [1]; [10]; [11]; № 13 СӨЖ. Африка және араб елдерінің телевизиясы мен радиохабарларын тарату Сұрақтар: 1. Осама-Бин-Ладен және талибтер – репортер Аллунидің кейіпкерлері. 2. Аль-Жазира спутниктік тәуліктік каналының шығармашылық негізін қадағалаудағы Би-Би-Сидің рөлі. Тапсырмалар: 1.Африка және араб елдерініңхабар тарату торын анықтау. Әдістемелік нұсқаулар:Аталған тақырып бойынша арнайы сайттарды қарап, кесте жасау. Әдебиеттер: Негізгі: [6]; [11]; [14]; [27]; [31]; Қосымша: [1]; [11]; [12];
№ 14 СӨЖ. Қытайдың телевизиясы мен радиохабарларын тарату Сұрақтар 1. Шанхай телевидениесінің бағдарламалары. 2. Пекин телевидениесі. Тапсырмалар: 1. Қытай телевидениесіне идеологиялық бақылауды анықтау. 2. 2008 Қытай Олимпиядасының ерекшеліктері, тікелей эфир жайлы ақпарат дайындау. Әдістемелік нұсқаулар:Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді cаралап, конспект жазу. Әдебиеттер: Негізгі: [1]; [7]; [10]; [27]; [32]; Қосымша: [10]; [11]; [13]; № 15 СӨЖ. Ресей журналистикасы Сұрақтар: 1. Ресей журналистьикасының даму жолдарын көрсету. 2. Алғашқы коммерциялықбасылымдары. Тапсырмалар: 1. БАҚ-тағы жарнамада кездесетін тілдік ауытқушылықтар табиғатына анализ жасау. 2. Орыс басылымдарында қыстырма сөз, жаргондарды пайдалануы, сөз бен сөйлемдердің инверстирленген тәртібін анықтау. 3. Мына кестені толтырыңыз:
Әдістемелік нұсқаулар:Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді, зерттеулерді, арнайы сайттарды пайдалану. Әдебиеттер: Негізгі: [26]; [31]; [32]; [33]; Қосымша: [2]; [3]; [5]; [7]; [8]; 2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары Реферат тақырыптары 1. Журналистиканың қоғамдағы қызметі 2. Шетел ақпарат өндірісінің экономикасы 3. БАҚ-тың монополиянуы және шоғырлануы 4. Басылымдар арасындағы бөлініс 5. (Еуропа журналистикасы) Ұлыбритания хабар тарату корпорациясы (СӨЖ 8) 6. Германия баспасөзі (СӨЖ – 9) 7. Италия журналистикасы 8. Испания баспасөзі (СӨЖ 7) 9. (Америка журналистикасы) Америка Құрама Штаттарының бұқаралық ақпарат құралдары (СӨЖ 4) 10. Канада баспасөзі 11. (Азия елдерінің журналистикасы) Түркия баспасөзі 12. Жапония журналистикасы Әдебиеттер: Негізгі: [1]; [5]; [9]; [13]; [15]; [18]; [19]; [32]; Қосымша: [2]; [3]; [5]; [7]; [8].
Бақылау жұмыстар тақырыптары 1. Испания баспасөзі (СӨЖ 7) 2. (Америка журналистикасы) Америка Құрама Штаттарының бұқаралық ақпарат құралдары (СӨЖ 4) 3. Канада баспасөзі 4. (Азия елдерінің журналистикасы) Түркия баспасөзі 5. Жапония журналистикасы
2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары 1. Египеттің «Аль-Ахрам» газеті. (Жазбаша) 2. Түркияның «Zaman» газеті. (Ғаламтор сайттарымен жұмыс) 3. Францияның халықаралық каналдары (Ауызша) 4. Баспасөз магнаты – Руперт Мэрдок (Жазбаша) 5. Си-Эн-Эн теле корпорациясы (Ауызша) 6. Германияның баспасөз бизнесі (Ғаламтор сайттарымен жұмыс) 7. Түркия баспасөзінің бүтіні (Жазбаша) 8. Американ радиосының бүтіні (Ауызша) 9. АҚШ-тың бүгінгі электрондық ақпарат құралдары. (Ғаламтор сайттарымен жұмыс) 10. Испан баспасөзінің мешеулігінің себебі. (Жазбаша) 2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
216 дәрісхана – мультимедиалық кеңейтілген дәрісхана 406 – теледидармен қамтылған дәрісхана. 2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалар 1. Дыбыс құруда “Буратино” тәсілін ойлап тапқан адам: А) Қ.Механов В) Р. Иоффе С) А.Ковалев D) А.Музыря Е) М.Зарва
2. Мемлекеттік емес радиотелекомпания “Неміс толқынының” негізгі міндеттері : А) Германия жайлы басқа елдерге шынайы ақпарат беру В) Әлемде болып жатқан оқиғаларды дер кезінде жеткізу С) Экономикалық т.б. мәселелерді қамтып, әр саладан мағлұмат беру D) Мәдени т.б. мәселелелерді қамтып, әр саладан мағлұмат беру Е) Ресеймен тығыз ақпараттық байланыс орнату 3. Томас Альва Эдисон деген өнертапқыштың тұңғыш рет дыбыс жазылған аппаратының аты: А) микрофон В) радио С) фонограф D) күйтабақ Е) магнитофон 4. Форматты радионың отаны? А) Қытай B) Қазақстан C) Америка Құрама Штаттары D) Үндістан E) Түркия 5.“Люксембург”, “Монте-Карло”, “Европа-1”, “Андорра” мына мемлекеттің телерадиостанциясы: A) Ұлыбритания B) Италия C) Испания D) Греция. E) Франция 6. Ең алғашқы спутниктік жүйе қашан құрылды: A) 1966 ж. АҚШ-та. B) 1967 ж. КСРО-да. C) 1968 ж. АҚШ-та. D) 1970 ж. КСРО-да. E) 1965 ж. АҚШ-та. 7 Моңғол радиосынан берілген қазақ тіліндегі тұңғыш хабар: А) “Кеңес” күйімен ашылып, “Телқоңыр” күйімен жабылды В) Солдатхан Орайханның өлеңін эфирге берді С) “Жас қайрат”, “Ауыл өмірі”, “Мәдениет және өмір” сияқты айдарларды D) “Қазақ шежіресі” хабарымен басталды Е) М.Әуезовтың “Абай жолы” романынан үзінді оқудан бастады 8. Ресей телерадиохабар таратушылары 1999 ж. қол қойған құжат: A) Телерадиохабар таратушылардың Кодексі. B) Телехабар таратушылардың Хартиясы. C) Телерадиохабар таратушылардың Хартиясы. D) Телехабар таратушылардың Кодексі. E) Телехабар таратушылардың этикалық кодексі. 9. Ресей телерадиохабар таратушыларының Хартиясында бірінші кезекте тұрған мәселе: A) Ақпараттың шынайылығы. B) Азаматтар мен ұйымдардың құқығы мен мүддесін қорғау. C) Тіл мәселесі. D) Өркениетті журналистиканың нормаларына сәйкеспейтін әрекетке бармау. E) Жекеменшік территорияда рұқсатсыз видеотүсіруден аулақ болу. 10. 130 елді біріктіріп, 1964 ж. құрылған спутниктік коммерциялық корпорация: A) Россия B) Inmarsat C) Eutelsat D) Intelsat E) Arabsat. 11. “Жарық” жер серігі жүйесінің қазіргі таңдағы қолданылу аясы: A) Шет елдегі қазақ диаспорасымен байланыс. B) Әлемдік спутник жүйесіне ену. C) Мұнай көздерін іздеу мен пайдалану мүмкіндіктерін анықтау. D) Қазақстан территориясындағы неміс тілді тұрғындардың өз тіліндегі хабарларды қабылдай алуына мүмкіндік беру. E) Әскери мақсатта. 12. Өзінің оппозициямен күресі жөнінде: “Оларда баспасөз болса, менде радио мен телевизия бар”, - деген кім: A) АҚШ президенті Р.Рейган. B) Франция президенті де Голль. C) Ұлыбритания королевасы ІІ Елизавета. D) Жапон императоры. E) АҚШ президенті Дж.Буш. 13. 80-жылдардың басында жапондар мен американдықтардың қызығушылығын салыстыру мақсатында зерттеу жүргізген социологиялық ұйым: A) “Телевизия және аудитория”. B) “Социум”. C) Гэллап қызметі . D) “Интерсоциум”. E) Қазақстанның Әлеуметтік зерттеулер институты. 14. «Қара жартас» («Черная скала») ненің атау: A) Мәскеудегі Телемұнара B) “Medianet” халықаралық журналистика орталығы C) АҚШ-тағы Колумбия халықаралық журналистика орталығы D) Қара нәсілділер тележурналы E) Нью-Йорктегі Си-Би-Эс телекомпаниясының ғимараты
15. 1961 жылы ЮНЕСКО-ның қолдауымен құрылған Азия мен Тынық Мұхит елдерінің ақпарат агенттіктер ұйымы: A) ЮПИ B) Би-Би-Си C) ОАНА D) РАИ E) ЮСИА 16. Ақпарат тарататын РАИ корпорациясы тән мемлекет: A) Италия B) Корея. C) АҚШ. D) Ресей. E) Ұлыбритания. 17. 1939 ж. “Енді біз дыбысқа бейнені қосамыз” деп хабарлаған АҚШ радиокорпорациясының президенті: A) Давид Сарнов. B) Руперт Мэрдок. C) Антони Иден. D) Сергей Эйзенштейн. E) Кольбер. 18. Әлемнің ағылшын тілді елдерінің барлығында ақпарат құралдары бар медиамагнат: A) Кольбер. B) Сноу. C) Мэрдок. D) Джонсон. E) Розинг. 19. Италия телерадиосының «қожайыны», медиамагнат A) С.Берлускони B) Руперт Мэрдок. C) Лео Кирх D) А.Шпрингерк E) Кольбер. 20. 1939 ж. “Енді біз дыбысқа бейнені қосамыз” деп хабарлаған АҚШ радиокорпорациясының президенті: A) Кольбер. B) Руперт Мэрдок. C) Антони Иден. D) Сергей Эйзенштейн. E) Давид Сарнов.
Дұрыс жауаптардың кілттері
Студенттердің білімін бағалау критерийлері
2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары 1. Франциядағы әйелдер журналдары 2. АҚШ-тың бүгінгі электрондық ақпарат құралдары 3. Египеттің «Аль-Ахрам» газеті 4. Түркияның «Zaman» газеті 5. АҚШ-тың қазіргі газет-журналдары 6. Францияның халықаралық каналдары 7. Баспасөз магнаты – Руперт Мэрдок 8. Си-Эн-Эн теле корпорациясы 9. Германияның баспасөз бизнесі 10. Түркия баспасөзінің бүтіні 11. Ақпараттық агенттіктер 12. Американ радиосының бүтіні 13. АҚШ-тағы кітап әлемі 14. Ұлыбритания баспасөзі 15. АҚШ-тың бүгінгі электрондық ақпарат құралдары 16. Италия телевизиясы 17. Түркияның «Zaman» газеті. 18. ЮПИ, АП агенттіктері. 19. Испан баспасөзінің мешеулігінің себебі 20. Франциядағы әйелдер журналдары 21. Си-Эн-Эн теле корпорациясы 22. Германия елінің баспасөзі 23. Түркия баспасөзінің бүгіні 24. АҚШ-тағы журналист даярлау үрдіс 25. Американ радиосының бүгіні 26. Жапонияның Эн-Эйч-Кей телерадиокорпорациясы 27. Американ радиосының бүтіні 28. «Тайм» журналының бригадалық тәсілі 29. Интернеттегі электронды БАҚ 30. Әлем ақпарат агенттіктерінің жалпы ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ 1. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН– SYLLABUS 1.1Оқытушы жайында мәлімет…………………………......3 1.2 Пән туралы мәлімет……………………………………...3 1.3 Пререквизиттер ……………………………………….....3 1.4 Постреквизиттер…............................................................3 1.5 Пәннің қысқаша мазмұны……………………………….3 1.6 Оқыту нәтижелері ………. 4 1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі ……………………….... 4-6 1.8 Ұсынылған әдебиеттер тізімі …………………………..6 1.9 Баға туралы ақпарат ………… 6-7 1.10 Курстың саясаты мен процедурасы 7
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2.1 Тақырыптық жоспар…………………………………... 8 2.2 Дәріс тезистері..................................................................8-36 2.3Семинарлық сабақтар жоспары................................. 36-42 2.4 Лабораториялық сабақтар жоспары 42 2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студент-тердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары………………................................................................ 42-46 2.6 Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар 2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары 55-56 2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары 56 2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе 56 2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары 56-58 2.9 Курс бойынша емтихан сурақтары 58-60
|