|
ЖурналдарDate: 2015-10-07; view: 816. Жапонияда алғашқы журнал 1873 жылы “ Мэйроқу дзаси” деген атпен жарық көреген. Бұл негізінен ғалымдарға арналған басылым болып есептелінеді. Танымдық журналдар: “Кагэцу синси”, “Симбунси” “Хомэй синси”. Саясатқа мән беруінің нәтижесінде 1886 жылы осы бағыттағы “Тюо корнның” алғашқы саны жарық көрдіИ.Тоқутоми шығарған “Миньюся” журналы (1887) прогрессивті бағытта болып, билік басындағыларды сынағаныменен, кейін бұд бағытты өзгертті. 1888 ж 3 журнал жарық көрді: әйелдер журналы”Дзегаку дзасси”, ағартушылық бағыттағы “Кеику хотти” және философиялық “Тэцугакукай дзасси”. 1889 ж. “Ниппаонно сенэн” балалар журналы жарық көрді. Жапон газеттерін геграфиялық принцппен әрі тиражына қарай жалпыұлттық және жергілікті деп бөлуге болады. Ал жергілікті басылымдардың өз іштей регмональдық және префектуралық деп жіктелінеді. Жалпыұлттық газет бесеу: асахи Иомиури, Майнити, Нихон хэдзай симбун, санкэн. Бұл газеттердің бас редакциясы Токиода орналасқан, бірақ басқа қалаларда да басылады. Бұларды әлемдегі ең жоғарғы тиражды газеттер деп атауға болады. (7,5мил. мен 10мил. дана аралығында). Региональдық газеттер деп жалпыұлттық және префектуралық басылымдар аралығындағы газеттерді айтамыз. Олар бірнеше префектураға таралады, Хоккайдо симбун, Тюнити симбун, Ниси Ниппон симбун атты региональдық газеттер шығын тұрады. Бұлардың тиражы 700мың мен 2мил дана аралығында. Жергілікті газеттер өз префектураларының жаңалықтарын оперативті түрде жариялап отырған. Осының арқасында, жалпыұлттық басылымдардан қалыспай, өмір сүрген. “ТВ Токио( - ең жас станция, 6 филиалы бар, Коммерциялық компаниялардың мүддесін Коммерциялық хабар тарату (Мимпфэн) ұлттық ассоциациясы қорғайды. Ол 1951 жылы құрылған. Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [9]; [22]; [27]; [31]; Қосымша: [1]; [11]; [14]; № 12 дәріс. Түркия елінің баспасөзі Түрік баспасөзінің қалыптасуында француздар маңызды рөл атқарды. ХVІІ ғ. соңында Стамбулдағы француз елшісі С.Вернинак дипломаттар мен шенеуніктерге арналған бюллетень шығарған. 1821 жылы француз азаматы Александр Блак «Spectateur Oriental» газетін, кейіннен «Le Courrier de Smyrnt» газетін дүниеге әкелді. А.Блак өз газеттерін Осман империясының ірі қалаларында таратуға тырысады. 1837 жылдың 11 қарашасынан бастап алғашқы түрік газеті «Тақвим уақайе» жарық көреді. 1840 жылы «Жериде-и Хаудис» деген атпен түрік тіліндегі екінші газет өмірге келеді. Түрік баспасөзі тарихындағы үшінші газет «Тержуман-и ахуал» деп аталады. Газет 1860 жылдың 21 қазанынан бастап шыға бастаған. Шинаси 1862 жылдың 28 маусымынан бастап «Тасвир-и ефкар» газетін шығара бастайды. Бұл Түркияда түрлі пікірлер мен ұсыныстарды ашық жариялаған екінші газет еді. 1876 жылы Стамбулда 47 басылым жарық көріп тұрды, оның 14-і түрік тілінде, 7-уі француз тілінде, 9-ы армян және грек тілінде. Газет 1860 жылдан бастап тұтастай ресми басылымдарға айналды. 1998 жылдан бері Түркия республикасының мемлекеттік ресми газеті деп аталды. Газет бетінде Ахмет Зарифи, Әбузия Тефик, Ахмет Расим және Садразам Саид Паша сияқты белгілі тілшілердің мақалалары жарық көрген. «Мухбир» өзінің ұстанған бағытына орай, елде өте әйгілі болды. Түркияға жасырын әкелінген газеттің мыңдаған саны қолма-қол өтіп кетіп жатты. Ататүрік халыққа бір партиялы жүйенің ұнамайтындығын, көп партиялыққа өту керектігін сезгендіктен, 1930 жылы Фетки Окиар және оның жолдастарына «Еркін партия» атты партия құрғызады. Екінші саяси партия құрылған соң, бұқаралық ақпарат құралдарында да демократиялық пікір біртіндеп көріне бастайды. Түркия баспасөзіне тән ерекшеліктер: - баспасөз формальді түрде төртінші билік орнында болғанымен, негізінде соңғы жылдары бірінші орынды иемденген. Арада тоғыз жыл өткен соң, 1840 жылы «Жериде-и Хаудис» деген атпен түрік тіліндегі екінші газет өмірге келеді. Бұл газеттің алғашқы үш саны өкінішке қарай тегін таратылады. Түрік баспасөзі тарихындағы үшінші газет «Тержуман-и ахуал» деп аталады. Газеттің негізін Агах әпенді қалаған. 1950 жылы мамырда болған демократиялық сайлауда Демократиялық партия жеңіске жетіп, баспасөз бостандығы орнады. Баспасөз туралы заң өзгерді. Баспасөз ақиқатты ашып айту құқығына ие болды. Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [9]; [10]; [25]; [26]; Қосымша: [1]; [10]; [11];
№ 13 дәріс. Африка және араб елдерінің телевизиясы мен радио хабарларын тарату Адамзат тарихындағы баспасөз тарихына көз жүгіртіп, ондағы құбылысты зерделеп қарайтын болсақ, көптеген елдердің баспасөзі оларды басқа елдердің отарлау мақсатын жүзеге асыру жолында дамыған екен. Сондай-ақ Африка құрлығындағы араб елдерінің де бұқаралық ақпарат құралдарының алғашқы қызметі отарлаушы Франция, Англияның билігін жүргізуге көмек болып табылатын. Қазақ бұқаралық ақпарат құралдарының да қызметі осы мақсаттың жолында жұмыс істеуді бастаған. Оған дәлел қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттері. Алайда, тарихтан белгілі, қазақ газеттері де, араб баспасөзі де отарлаушылардың бастамасымен басталып, оларға қызмет етсе де, кейіннен халықтың көзін ашып, ұлт-азаттық күрес жолындағы құралдарына айналған. Оған төмендегі Африка құрлығындағы журналистика тарихы дәлел бола алады. Араб елдерінде кітап шығару ісі ерте дамыды. Арнайы кітапханалар болмаса да «Мың бір түн», шығыстың ұлы ойшылдары Ибн Сина, әл-Фараби т.б. еңбектері көшіріліп басу арқылы қолдан-қолға жетіп жаты. ХVI ғасыр Италияда араб тілінде басатын баспахана дүниеге келіп, құран кітабы және Ибн Синаның бір томдығы осы баспаханадан шығарылды. Алжир журналистикасының тарихы Алжирді француз басқыншыларының отарлауы 1830 жылдан басталады. Осы кезеңнен бастап Алжир халқы өз бостандығы мен ұлттық тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Бұл күрес баспасөзде де орын алады. Француз отаршылдары өзінің мәдениетін, тілін орнықтырды. Газеттер көп уақыт бойы француз тілінде болды. Араб тіліндегі алғашқы газет «Әл-Мубашир» 1847 жылы Алжирде шықты. Одан кейін елу үш жылдан соң «Аль-Джахзаир» газеті дүниеге келді, бірақ төртінші санынан кейін шыққан жоқ. 1960 жыл Африка құрлығы үшін тарихи жыл болды. Өз тәуелсіздіктерімен қоса бұқаралық ақпарат құралдары пайда бола бастады. 1961 жылы Алжери Пресс Сервис – үкіметтік ақпарат агенттігі құрылды. Бұл агенттік Алжир баспасөзін, радиосы мен теледидарын ішкі және халықаралық ақпараттармен қамтамасыз етеді.
|