|
ПостреквизиттерDate: 2015-10-07; view: 973. Бұл пән алдағы «Шетел журналистикасы», «Қазақ журналистикасы», «Журналистикаға кіріспе», «Тележурналистика», «Радиожурналистика»пәндерін оқуда қолданыла алады. 1.5 Пәннің қысқаша мазмұны Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері: - шетелдердің экономикалық, саяси, мәдени және әлеуметтік тұрмысындағы БАҚ-тың рөлін таныту; - студенттерге әр түрлі шетелдің журналист кәсібі туралы жан-жақты ақпарат беру; - интернеттен шетелдік ірі ақпарат агенттіктер материалдарымен жұмыс істей білуге үйрету; - болашақта өз тәжірибелерінде шетелдік БАҚ-тың кәсіби жұмысының әдіс-тәсілдерін пайдалануды үйрету; - шетелдік электронды БАҚ дамуының қазіргі жағдайы туралы түсінік қалыптастыру; - бұқаралық коммуникация саласындағы шетелдік ғалым, зерттеушілердің теориялық еңбектерін, сондай-ақ әлемнің ақпараттық телеагенттіктер мен телерадио компаниялары туралы білу; - 1.6 Оқыту нәтижелері - әдеби әлемде және журналистикада шығармашылық топтың атқаратын барлық жұмыстарын хабардар болу; - шетелдердің БАҚ туралы заңдылықтарының негізгі ережелерін білу; - шетелдік танымал теле-радио жүргізушілер, репортерлер мен олардың шығармашылығ туралы түсінік беру; - Қазақстан БАҚ-ғы халықаралық тақырыпқа жазылған ақпараттық материалдарды іріктеу; - кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында студенттерге тәжірбиелік тұрғыдан білім беру, теория мен тәжірибиені ұштастыра отырып, журналистік шығармашылықтың қыр-сырына баулу.
1.7 Тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
1.8 Ұсынылған әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Нода Л.П. История мировой журналистики. – Алматы, 1997. 2. Овсепян Р.П. История новейшей отечественной журналистики. – М.,1999. 3. Овсепян Р.П. В лабиринтах истории отечественной журналистики. Век ХХ. – М., 1999. 4. Махонина С.Я. Русская дореволюционная печать. – М., 1991. 5. Энтин В.Л. Правовое регулирование деятельности прессы за рубежом. Обзор законодательных доқументов. – М.,1992 6. Омашев Н.О. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992. 7. Омашев Н.О. Жол үстінде журналист. – Алматы, 1999. 1.9 Баға туралы ақпарат
1.10 Курстың саясаты мен процедурасы 1. Сабаққа жүйелі қатысу, кешікпеу, сабақты себепсіз босатпау; 2. Ауырған жағдайда медициналық расталған анықтама көрсету және оқытушы белгілеген уақытта қарыз сабақтарын өтеу; 3. Сабақ уақытында ұялы телефонды сөндіру; 4. Үй жұмысын тиянақты орындау, тапсырма орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі; 5. Күнделікті сабақтарға қатысу; 6. Оқу үрдісіне белсенділік таныту; 7. Курстас жолдастарымен және оқытушымен шыдамды, ашық, адал және мейірімді болу; 8. Барлық сабақтарда кері байланысты үйлесімді қолдау; 9. Оқу құралдарына мұқият қарау. 10. Нақты және жауапкершілікті болу 2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2.1 Тақырыптық жоспар
2.2 ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ: № 1 дәріс Кіріспе. Ақпараттық технологиялар мен БАҚ Қазіргі кезде республика журналистикасының алдындығы маңызды міндеттердің бірі – халықаралық деңгейге жету және әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын табу болып отыр. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін әлемдік ақпарат үлгілерінің тәжірибесін оқып-үйрену қажеттілігі туындайды. Әлемдік журналистика дегенде даму, қалыптасу жолдары өзара ұқсастықтармен де, өзіндік ерекшеліктер де ерекшеленетіні белгілі жәйт. Мысалы, Еуропаның Ұлыбритания, Франция, Германия сияқты ірі елдерінде ертеден бастап шыққан газеттер бүгінде миллиондаған данамен таратылатыны таңдандырмай қоймайды. Жаңа дерек бойынша Ұлыбританияның алғашқы бір газеті болып саналатын «Инглиш меркьюри» 1588 жылы 23 маусымда шыққаны өте ұзақ мерзімнен хабардар етсе, «Дейли миррор» және «Ньюс оф уорлд» газетінің тиражы кейбір кезеңдері 5-7 миллионға дейін жеткен! Бұл көрсеткіш көп елдер үшін қол жетпес нәтиже екеніне сөз жоқ. Адам санының көбеюі қоғамның басқару құралы – мемлекеттің белгілі бір аймаққа билігінің күшеюіне және сол жердегі халықтың әкімшілік орталықтарынан тұрақты түрде ақпарат алып тұруына жол ашты. Ақпарат алу мен таратудың мүмкіндіктері біртіндеп күрделене бастады. Арнайы шабармандар елдің түрлі аймақтарына хабар жеткізіп қана қоймай, орталыққа жан-жақтан ақпарат жинақтап отырды. Шығыс елдерінде ХХ ғасырдың ортасына дейін ақпарат тарату құралының рөлін атқарған – жаршылар болды. Жаршылар халық көп шоғырланатын ірі базарларда елдегі маңызды жаңалықтарды жариялап қана қоймай, сонымен қатар тойға шақыру, жоғалған затты не малды іздеу сияқты хабарларды да елге жеткізіп отырған. Ақпарат алу мен хабар тарату ісі бірнеше ірі төңкерістерді бастан кешірді. Экономикалық қатынастардың күрделенуінің нәтижесінде жазу мен сызудың пайда болуы – ақпарат таратудағы алғашқы төңкеріс болды. Жазудың пайда болуының нәтижесінде халыққа хабар тарататын арнайы құралдар – парақшалар, журналдар дүниеге келді. Сауда ісі біршама дамыған қоғамда ақпарат үлкен маңызға ие болды. Сондықтан осындай орталарда арнайы ақпарат жинап, оны жеткізуші адамдар тобы қалыптаса бастады. Неміс зерттеушісі К.Бюхер осындай кәсіппен айналысатындар, яғни ақпарат таратушылар ежелгі Римде Цезарь диктатурасына дейін пайда болған деп есептейді. Провинцияларға қызмет етуге кеткен қызметкерлер мен астанада болып жатқан оқиғаларды аймақтарға жеткізетін арнайы адамдарды осы топқа жатқызған. Қажеттілік дегеніміз – ол тұлғаның, топтың, жалпы қоғамның белсенділігіне әсер етуші немесе олардың қызметінің жандануына ықпал етуші. Міне, осындай қажеттіліктің бірі – ақпарат. Себебі “кім ақпаратқа ие болса, ол әлемді билейді” деген сөз бекер айтылмаған. Ең бастысы, ақпарат дегеніміз – бұл айқындалмаған нәрсені анықтау, шешілмеген нәрсенің шешімін табу. Ол – топтың не тұлғаның, қоғамның мүддесімен тығыз байланысты. Ал мүдде дегеніміз – белгілі бір идеяларға, мотивацияға негізделген іс-әрекеттің бастауы, негізгі себебі. Қажеттілікке, мүдделерге байланысты қоғамда ақпараттық ағымдар қалыптасады. Ресей зерттеушісі Л.Г.Свитич ақпараттық ағымның мүдделерге сай екі бағытта дамитындығын атап өтеді. Біріншісі, билік институттары – журналистер – БАҚ шығарушылары мен таратушылары – аудитория. Бұл бағытта саяси, экономикалық билігі бар институттар қоғамдық тапсырысты қабылдай отырып, БАҚ пен журналистерге өздерінің талаптары мен іс-әрекет бағдарламаларын жеткізеді. Бұл олардың билігін, шешімдерін халықтың орындауы және олардың қолдауына сүйенуі үшін қажет. Ал екінші бағыт, ол керісінше, аудитория – журналистер – билік институттары. Екінші бағыттағы ақпараттық ағым жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың мүдделерін билік институттарына жеткізіп отырады. Осыған дәлел ретінде Англияның ықпалды саяси қайраткерлерінің бірі болған лорд Росберри: “ағылшын баспасөзі бізге, саяси қайраткерлерге сенімді жолбасшы болып отыр, біз ол арқылы ұлттың тілегі мен идеяларымен танысып отырмыз”, – деп жазды. Екі бағыттағы ақпарат ағымында да арнайы ақпарат жинаушы және таратушы кәсіби топ – журналистер маңызды буын болып есептеледі. Журналистика осы процесте ақпараттық іс-әрекеттің субъектісі, құралы және объектісі рөлін атқарса, кейде биліктің аудиторияға әсер етуші құралына айналады, кейде өзі ақпараттық процестің объектісіне айналып отырады. Сондықтан да журналистиканың осындай рөлдеріне орай оның қоғамдағы атқаратын қызметтері қалыптасады. Әдебиеттер: Негізгі:[1]; [2]; [8]; [28]; [1.7.15]; [1.7.16] Қосымша: [1]; [2]; [10]
№ 2 дәріс. Бұқаралық ақпарат құралдары демократиялық қоғамның институты ретінде Кейбір кездері әлемдік БАҚ-тың мүдделі идеяны жалпақ жұртқа жариялау арқылы экспансия жүргізуді жүзеге асыру құралына айналып кететіндігі әрқилы ойға жетелейді. Ол Ирак, Иран, Гаити, Палестина, Пәкстан елдері айналасындағы дүние жүзі құлақ түрген оқиғалармен қоса, Косово, Тибет мәселелері төңірегінде ширыға көрінгені белгілі. Бұл халықаралық қауымдастық мәлімдемелеріне дем бере түскен тақырыптардың арғы жағында кімдердің тұрғаны анық. Ал осы көрікті қыздыра түскендердің ең негізгілері “қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрсеткен” “төртінші билік” өкілдері екенін ешкім де таразылауға мүдделі емес. Ең өкініштісі – осы. Себебі өзінің миссиясынан қандай да бір мүдделерге байланысты ауытқып кеткен әлемдік БАҚ ақпарат тарату құралы ғана емес, сараптама жасаймын деп өз идеясын тықпалаған саяси келеңсіздіктердің ханталапайын туындатып кеткендей. Елімізде өткелі отырған дәстүрлі VІІ Еуразиялық медиа-форум осы тақырыптың төңірегінде ой қозғап, аталған оқиғаларға сараптама жасауда жылдағыдан маңызды бола түсетіні қазірден-ақ белгілі бола бастады. Халықаралық деңгейдегі шараның басты мақсаты – саясаткерлер мен журналистердің және түрлі сарапшылардың еркін де ашық әрі айқын пікірталастар жүргізуін арттыруға ықпал ететінін ескерсек, оған әлемде саяси пікірлері арқылы танымал, кезінде АҚШ президентінің кеңесшісі болған Збигнев Бжезинский, өлімі Пәкістан саясатын өзгерткен Беназир Бхуттоның сіңлісі Фатима Бхуттоның қатысуға ниет білдіруі Еуразиялық медиа-форумның салмағын арттыра түскендей. Ал ұлттық журналистикамыз үшін аса маңыздысы жетінші рет өткелі отырған талқыда тұңғыш рет қазақ тілді журналистиканың бүгіні мен ертеңі күн тәртібіне шығарылмақ. Бұрынғыдай газеттің беттерін толықтай алатын немесе жарты бетке жайылған мақалалардың орнына бүгінде шағын-шағын, қысқа ақпараттар түсе бастады. Қазіргі журналистер ақпараттарды ешқандай бұрмаламай, түсініктемесіз, суреттемесіз, тек мазмұнын ғана жазып жүр. Бұрынғының авторларындай оқырманға өз ойын тықпаламайды. Өйткені бүгінгі заманның адамдарына орынсыз түсініктеме берудің қажеті жоқ. Халық өте сауатты. Тілшіден талап етілетін нәрсе тек болған оқиғаны сол күйінде жеткізсе болғаны, әрі қарай оқырманның өзі қорытынды шығарып алады. Себебі әлемдік деңгейде ақпаратқа үш-ақ талап қойылады. Яғни журналист оқиға қайда болды, онда не болды және оған кімдер қатысты деген үш сұраққа ғана жауап беруі тиіс. Осы орайда, қазақ журналистикасы әбден пісіп-жетілген, сондықтан оның VІІ Еуразиялық медиа-форум да бүгіні мен ертеңінің талқылануы өте орынды деп ойлаймын. Өйткені ұлттық журналистикамыздың әлемдік ақпарат кеңістігіне өзіндік ұсынар үлгісі қалыптасқандығына толық негіз бар. Әдебиеттер: Негізгі:[1]; [2]; [9]; [11]; [1.7.15]; [1.7.16] Қосымша: [1]; [2]; [18]
№ 3 дәріс. Шетелдік көпшілік ақпарат құралдарының қазіргі теориялары Журналистердің басқа да халықаралық ұйымдары Журналистердің демократиялық халықаралық ұйымьмынан басқа (МОЖ) журналистердің 25-тен астам түрлі ұсақ халықаралық ұйымы бар. Ұлттардың Британдық достық баспасөз одағы (1909 жылы құрылған). Баспасөз бостандығы туралы даурықпа сөздермен бүркеніп, бұл Одақ өздеріне бағынған елдерге Ұлыбританияның ықпалын өткізуге тырысады. Спорттық баспасөздің халықаралық ассоциациясы (АИПС) (1924 ж.) Өзінің. қатарына отыз елдің спорттық баспасөз өкілдерін біріктіреді. Ассоциацияның Жарғысында ол "Өз мүшелерінің кәсіби мүдделерін қорғау үшін, бүкіл дүниежүзі спорттық журналистердің арасындағы ынтымақ пен өзара көмек рухын нығайту үшін" құрылған деп жазылған. МОЖ оны қолдайды. Техникалык баспасөздің халықаралық федерациясы (1926 ж.). Техникалық проблемалармен айналысатын техникалық журналдардың директорлары мен иелерінің бірлестігі. Кино баспасөзінің халықаралық федерациясы (Фипресси) (1930 ж.). Оның жұмысына кеңес журналистері белсене қатысады. Олар кино сыншыларының халықаралық кездесуіне қатысады. Ірі халықаралық кинофестивальдердің қазылар алқасында жүмыс істейді. Кеңестік өнерді шетелде насихаттайды. Католиктік баспасөздің халықаралық одағы (1935 жылы құрылған). Үш ұйымды католиктік журналистердің Халықаралық федерациясын (1926 ж.), Католиктік баспасөз шеф-редакторларының тұрақты халықаралық Комиссиясын (1928 ж.) және католиктік пресс-агенттерінің федерациясын (1950 ж.) біріктіреді. Бұлардың мақсаты – католик шіркеулерінің ықпалын нығайтуға көмектесу. Шеф-редакторлардың халықаралық федерациясы (1939 ж.). Баспасөздің америкааралық ассоциациясы (1942 ж). Өзінің міндетін Солтүстік және Оңтүстік Америкада баспасөз бостандығын қорғау деп есептейді, ал іс жүзінде Латын Америкасы елдерінде АҚШ монополиясы бағытының нығаюына қызмет етеді. Теңіздің арғы бетіндегі проблемаларды зерттейтін баспасөздің халықаралық ұйымы (1952 ж.). Журналистердің халықаралық федерациясы (МФЖ). Жоғарыда айтылғандай, АҚШ, Англия, Бельгияның буржуазиялық газеттерінін журналистері Халықаралық журналистер ұйымының II конгресінен кейін бұл профессивтік ұйымды өз ықпалына бағындыру үмітінде ала ауыздық саясат жүргізді. Тойтарыс алған олар 1952 ж. мамырда Брюссельде өздерінің конгресін шақырды және журналистердің Халықаралық федерациясының жаңа ұйымын бөліп шығарды. Оған Бельгияның, Голландияның, Исландияның, Канаданың, Люксембургтың, Норвегияның, Грецияның, Швецияның, Швейцарияның, АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Германияның және басқа да бірсыпыра басқа елдердің Журналистер одақтары кірді. Журналистердің халықаралық федерациясы - жол-жөнекей заметкалардың авторлары (1952 ж.)- Журналистердің Бүкіл африкалық ассоциациясы (1961 ж.) құрылды. МОЖ-бен қызметтес. Питер Кларик, журналистикадағы проблемаларды зерттеп, журналистерге ұсыныстар дайындаумен айналысатын Пойнтер институтының қызметкері, мынадай ұсыныс айтады: 1. Мақаланың өз ойыңнан қосынды қоспа! 2. Оқырманыңды алдама! Егер өзің оқиға орнына барып, ақпаратты тұңғыш естігендердің бірі болмасаң, ол ақпаратты кімнен алғаныңды оқырманға жеткізуді ұмытпа! 3. Оқырманыңның алдында жүзің ақ болсын! Сенің бұл ақпаратты кімнің сөзіне сеніп жазып отырғаныңды оқырманыңның білуге хақысы бар. Бәлкім, сен ақпарат алған адам өзінің жеке басының мүддесіне сай саған ақпарат таратқан шығар? Бәлкім, ақпаратты өзге арнаға бұру арқылы оның өз көздегені бар шығар? Осы жердегі соңғы үшінші ұсыныс, негізінен өте көлемді зерттеулерде, біраз даулы, шиеленіскен мәселеде қолданылуы мүмкін. Мәселен, ұзаққа созылған сот, әлі соңғы нүктесі қойылмаған жемқорлық іс-әрекетті баяндайтын мақалаларда тағысын тағылар. Әдебиеттер: Негізгі: [1.]; [7]; [25]; [31]; [32]; Қосымша: [1]; [10]; [12]
№ 4 дәріс. Америка Құрама Штаттарындағы электронды БАҚ-тың жүйесі Америка Құрама Штаттары – жер жүзінде жоғары эканомикалық дәрежеде дамыған ел ретінде танылады. Ол, әсіресе нарықтық эканомикаға байланысты жаңадан дамушы елдер үшін үлгі боларлық мемлекет болып есептеледі. Өйткені АҚШ екі жүз жылдан астам уақыт бойы дамудың жоғарыда аталған жолымен жүріп келеді. Сондықтан осынау елге жер жүзінің назары ауып отыратыны тегін емес. Ал журналистика – қандай да бір қоғам, не мемлекет болсын, оның нақты айнасы болатыны анық. Бұл орайда АҚШ-тың баспасөз, телевидение, радиосы барша әлем елдеріне жан-жақты күш-қуатымен танылған құрылым жүйесі. Мәселен, елдің баспасөзі алғаш мемлекет құрылуынан бұрын пайда болған. Ал 1776 жылы АҚШ-тың Англия колонизаторларына қарсы күресі нәтижесінде өзінің тәуелсіздік декларациясын жариялағаны белгілі. Міне, содан бастап, АҚШ-тың өз алдына мемлекет болу дәуірі туды. Сол кезден бері елдің кәсіби баспасөзінің де өмірге келуі бастау алды. 1923 жылы АҚШ-та электронды әдіс бойынша бейне көрсету тәжірибесі жүргізілді. Оны жүзеге асырған орыстан шыққан американдық инженер Владимир Зворыкин болды. Сөйтіп, АҚШ-та 1931 жылы телевизиялық сынау станциялары пайда болды да, 1939 жылы шағын экранды телеқабылдағыштар шығарыла бастады. Сол жылдың өзінде Нью-Йорк пен оның маңайындағы жүздеген телекөрермендер Бүкіләлемдік көрменің ашылу салтанатын және спорт жарысын көрді. Ал 1941 жылы телевидениеден алғашқы сауда жарнамасы берілді. Бұл – телевидениедегі жаңа дәуірдің басы еді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде күтпеген проблемалардың пайда болуына байланысты, телевидениеге назар аударылмай қалды. Тек 1945 жылдан кейін ғана дами бастады. 1948 жылы халыққа сатылған телевизор саны 6400-ге жетті. 1970-ші жылдары телевизор саны 100 миллионға жетіп, әрбір американдық тәулігіне оны 3 сағаттай көретін болған. Осы кездері Нью-Йоркте 18 телеканал жұмыс істеген. Мемлекеттік сыртқы хабарлар орталықтандырылып, Президент жанындағы ұлттық қауіпсіздік кеңесіне қарайды, оның ішінде Қорғаныс министрлігі де, Орталық барлау басқармасы және "ЮСИА" ақпараттық агенттігі де бар. Осы үлкен сыртқы хабарлар ұйымы 1953 жылы құрылған. Штатында 12 мың адам бар, штаб-квартирасы Вашингтонда. Кино, телерадиохабарлар ұйымдастырып тұрады. Олардың қатарында Еуропада орналасқан "Азаттық" секілді радиостанция бар. "Лос-Аджелес таймс" күнделікті шығатын аймақтық газеттердің бірі. Саяси жағынан Республикалық партияны жақтайды. Лос-Анджелес қаласында 1881 жылдан бері шығып келеді. Ішкі-сыртқы мәселелерді жазатын, оқырманы көп басылым. Тиражы миллионнан асады. Экономика саласы бойынша шығатын үлкен газеттердің бірі – "Уолл стрит джорнэл" деп аталады. Газет 1889 жылдан шығады, тиражы қазір 2 миллионға жуық. Негізінен өндірістік-финанстық ортаның басылымы. Бостондық миллионер Банкотор семьясының меншігінде. Нью-Йоркте шығады. Сонымен бірге аймақтық 4 және шетелдік 2 қосьшша басылымы бар. Еуропа және Азия елдеріне де тарайды. Саясат, экономика, финанс, іскерлік мәселелері туралы жазады. АҚШ-та журнал шығарудың ерекше бір дамыған кезеңі ХХ ғасырдың бас кезі болып саналады. Осы кезде шыққан журналдар бұрынғыға қарағанда жетілген, жақсарған еді. Олардың материалының тақырып аясы да кеңейіп, оқуға қызықты мақалалар беріп тұрды. Айталық 1905 жылы шыққан "Верайети" журналы ай сайын емес, апта сайын шығатын болды. Ол театр, кино, телевидение, радио туралы материалдар беріп тұрды. Осы тақырыпта проблемаға, талдауға, сынға құрылған мақалалар да жарияланатын Әдебиеттер: Негізгі: [4]; [7]; [30]; [31]; [33]; Қосымша: [10]; [13]; [18]
№ 5 дәріс. Америка Құрама Штаттарындағы ақпараттық корпорация АҚШ-тың телерыногі негізінен үш алыпқабағынады. Олар: "Нейшнл бродкистинг компани" (Эн-Би-Си), "Коламбия бродкастинг систем" (Си-Би-Эс), "Америкэн бродкастинг корпорейшн" (Эй-Би-Си). Бұлардың ең көне компаниясы Эн-Би-Си 1926 жылдан жұмыс істеп келеді. Си-Би-Эс 1927 жылдан, ал Эй-Би-Си 1943 жылдан бері жүмыс істейді. Елдегі басқа коммерциялык телестанциялардың 94 пайызы осы алыптармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Эн-Би-Си болса аса қуатты концерн "Радио корпорейшн оф Америка" арқылы құрылған. Концерн станция салған әрі аппараттар шығаратын еді. Ал Си-Би-Эс болса "Коламбия фонограф компаниямен" бәсекелес ретінде қүрылып, кейін оның бақылау пакетін Филадельфияның капиталистер тобы сатып алды. Ал 1928 жылы Си-Би-Эсті Уильям Пейли сатып алды. Бүкіл АҚШ телевидениесі сауда жарнамалары негізінде өмір сүреді. Барлық хабарлар сол жарнамаға байланыстырылып отырады. АҚШ телевидениесі көбінесе орта дәрежедегі көреременге арнап өз хабарларын дайындайды. Олардың хабар беруде өз принциптері бар. Әсіресе идеалдандырылған мақсатты көздейді. Мысалы елдің телевидениесінде 1949 жылдан бастап, үй семьясына арналған сериялар пайда бола бастады. Осыған байланысты "радио мен телевидение программаларын жақсарту үшін күресуші ұлттық ассоциация" бақылау жасаған. Сонда Лос-Анджлесте бір апта бойы берілген кейбір "оқиғалы" телехабарлар былай болып шыққан: 144 адам өлтіру, 36 тонау, 13 ұрлык, 12 түрмеден қашу, 7 азаптау, 4 жазалау, 3 қанды оқиға т.б. Елде 4 ірі жалпыұлттық торап бар. Олар: 1. "Коламбиа бродкастинг систем" – 210 радиостанцияны біріктіреді. 2. "Американ бродкастинг компани" – 400 радиостанцияны біріктіреді. 3. "Нэшнл бродкастинг компани" – 205 радиостанцияны біріктіреді. 4. "Мьючуал бродкастинг систем" – 428 радиостанцияны біріктіреді. Бұлардан бөлек тағы 81 кіші тораптар жүмыс істейді. 1926-1928 жж. кәсіпкер У.Палей “юнайтед индепендент бродкастерсті” “Коламбиа бродкастинг систем” (“СИ-БИ-ЭС”) деп аталды. 1943 жылы үкімет “ЭН-БИ-СИ”-ге шектеу қойып, бір станциясын сатуға мәжбүр етті. Оны Е.Дж.Нобль сатып алады, ол 1945 жылы “Американ бродкастинг компани” деп аталды. Осылайша, Америкада 30-жылдардан басталып, 40-жылдары әбден сенімге ие болған радионың ақпарат жүйесіндегі болашағына сенген концерн иелері оның акция пакеттерін сатып алды. Ал қазіргі кезде газет алпауыттарының бәрінде жеке телестанциялар бар. (М.Барманқұлов) 1939 жылы “ЭН-БИ-СИ” радиокомпаниясының тәжірибе телестанциясы аспанмен таласқан 102 қабатты “Эмпайер стейт Билдинг” ғимаратының төбесіне орнатылып, антенна арқылы Нью-Йоркте ашылған Дүниежүзілік жәрмеңкені көрсетті. Көрермендер өздерінің шағын теледидарынан президент Рузвельт пен Ұлыбританияның королі Георг VІ көріп, тарихи жаңалықтың куәгерлері болған еді. Шын мәнінде бұл трансляция Америка теледидарының бастауы болып саналады. Әдебиеттер: Негізгі: [7]; [9]; [16]; [21]; [27]; Қосымша: [11]; [14]; [17] № 6 дәріс. Француздардың ақпараттық қоғамы мен теледидары Франциядағы алғашқы баспаханалар Парижде 1470 жылы дүниеге келіп, өзінің бастапқы өнімдерін бере бастады. Газет шығару ісі ХVІІ ғасырда пайда болып, алғашқы газет “Газет француаз” 1604 жылы жарық көрді. Соның ізінше “Француз меркурийі” (1611 жылы) дүниеге келді. 1631 жылы Теофраст Ренодо негізін салған “Газетт” апталық газеті ақпараттарының жан-жақтылығымен, әдеби деңгейінің жоғарылығымен, ұзақ уақыт үзбей шығып тұрғандығымен ерекшеленді. Әлемдегі ең алғашқы журнал Францияда дүниеге келді. “Журналь де саван” деген атпен 1665 жылы жарық көрді. Соның ізінше 1672 жылы дүниеге келген “Меркюр галан” журналындағы тақырыптардың жан-жақтылығы, формаларының әр түрлілігі, кейбір жанрлардың кездесіп қалуы тұрғысынан қазіргі журналдарға ұқсастығын айта кеткен жөн. Франция баспасөз тарихындағы алғашқы жекеменшік журнал Пьер де Шамблен де Маривоның иелігінде “Спектатэр франсэ” (1722) деген атпен жарық көрді. Алғашқы күнделікті газет “Журналь де Пари” (1777) дүниеге келген тұста, Парижде 27 газет шығып тұрған. 1629 жылы король Людовик ХІІІ цензура туралы заң жариялады. Бұл заң бойынша полиция мен цензордың рұқсатынсыз “ештеңе” басылмайтын болды. Дінге, корольге, мемлекетке қарсы дүниелердің басылуына қатаң тыйым салынды. “Баспасөздегі қылмысты істері” бойынша 1660-1756 жылдар аралығында 869 адам (авторлар, баспаханашылар, кітап сатушылар) Бастилияда болып қайтты (Бастилия 1370-82 жж салынған қорған. 15 ғасырдан бастап мемлекеттік түрме). Ал баспасөзде жіберген кемшіліктері, кінәлары үшін өлім жазасына бұйыру ісі 18 ғасыр соңына дейін жалғасты. 1830 ж. шілде төңкерісі тұсында баспасөздің маңызы зор болды. Демократиялық баспасөздің өрісі кеңейіп, бұқарамен байланысы нығайды. Газеттер қолдан-қолға өтіп жатты. Франция азат болған соң немістерге қызмет еткен газеттердің шығуына тыйым салынып, істері сотқа тапсырылды. Азат ету кезінде дүниеге келген ІҮ Республика тұсында (1944 тамыз - 1946 қараша) саяси журналистика жақсы дамыды. Сол кезде өкімет басында тұрған коммунистік, социалистік, католиктік партиялардың қағидаттарына сәйкес келетін солшыл бағыттағы журналистиканың мерейі үстем болды. Мерзімді басылымдарды топтастырудың критерийлерінің екіұштылығына қарамастан, мынадай ірі бөліктерге немесе салаларға жіктеуге болады: Өз жазылушыларын саяси, экономикалық, спорттық, қаржылық, діни, мәдени хабарлармен әрі фотоақпараттармен қамтамасыз етеді. Агенттік күніне өз арналары бойынша 600 мың сөз таратады. 125 елде тілшілері бар. Әлемдік ақпарат агенттіктерімен хабар алмасып отырады. “Франс Прессте” алты тілде хабар тарату жолға қойылған: француз, ағылшын, испан, неміс, португал, араб тілдерінде. Агенттіктің француз тіліндегі қызметі Францияны, теңіздің арғы жағалауындағы елдерді, Еуропаны, Африка елдерін, Канаданы қамтиды. Ағылшын редакциясы АҚШ-қа, Англияға, Канадаға, Австралияға Үндістанға, Пәкістанға, Африканың кейбір бөлігіне, Қиыр Шығысқа хабар таратады. Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [14]; [21]; [31]; [34]; Қосымша: [1]; [14]; [16]
№ 7 дәріс. Италия телевизиясы:тарихы, мәселелері, болашағы Италия журналистикасы өз бастауларын ежелгі Рим шежірелерінен алады. Рим қалыптасқан күннен бастап айтулы оқиғаларды бейнелеп отырған бұл шежірелерді жылдық қолжазба газет ретінде де қарастыруға болады. Бұдан кейін мерзімді шығып тұрған “Акта публика” (“Қоғамдық істер”) газеті оқырмандарын Рим сенатындағы жағдайлардан хабардар етіп тұрды. “Акта дьюрна попули романи” (“Рим халқының күнделікті істері”) қолжазба газеті күнделікті шығып тұрды, мемлекет өмірінен, қоғамдық жағдайлардан, соғыс жағдайларынан мәліметтер беріп тұрған. Неке жағдайларындағы ұрыс-керістерден де хабарлар таратты. Бір қызығы Цезарьдың жарлығымен жарыққа шыққан “Комментариус рерум новариум” (“Жаңа оқиғалар” туралы жазбалар) апталығын 300 құл көшіріп жазған. Бұл газеттің тиражы 10 мың данаға жеткен. Бұлардың барлығы сайып келгенде, газеттерге ұқсас мерзімді публикациялардың қолжазба жиынтығы еді. Бұл арада зерттеуші Э.Атеннің “ ...Әрине, публикация мен газет мағынасы арасында үлкен дистанция жатыр”, – деген пікірін естен шығармауымыз керек. 1948 ж. баспасөз туралы заң сөз бостандығын алып келді, бірақ сонымен бірге “жалған, асыра сілтеген хабарлар таратылып, қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейтіндерге” заңмен тежелу қойылды. “Мемлекеттік құрылымды мұқатып, ресми тұлғаларды әшкерелегені” үшін 1956 жылы – 350, ал 1957 ж. – 550 журналист сотқа тартылған. 80-ші жылдардағы газет ісіндегі жетістіктер Италияны газет шығару жағынан алдыңғы қатарлы елдер дәрежесіне жеткізе алмады. 1993 ж. Италия әр 1000 адамға 111 дана газет шығарып, Еуропадағы артта қалған елдер қатарында қалып қояды. Италияның артта қалуының екі себебі бар: біріншіден, бұл елде шығатын газеттер саны аз, 1905 жылы газеттердің қатары көбейіп, 150-ге жетсе, қалған уақыттары 70-90-нан аспады. Бұл көрсеткіш, тек 1946 жылы 136-ға көтерілді. Екіншіден, газеттердің тиражы шағын. Мысалы, 1993 жылы бұл елдегі 41 газеттің тиражы 50 мыңнан аспаса, 25 газеттің тиражы 200 мыңға жетпеді, тек 13 газеттің ғана тиражы 200 мыңға жетіп жығылды. Сондай-ақ Италияның оңтүстік және солтүстік аймақтарындағы газет саны әрқилы. 1990 жылы солтүстіктен 45 газет шықса, ал оңтүстікте бар-жоғы 15 газет қана жарық көрген. 1990 жылдардың басында ақпараттық газеттердің арасынан аймақтық 7 газет ұлттық газеттер деңгейіне көтерілді. Баспасөз жүйесінде ұлттық газеттер әр уақытта бір-бірімен бәсекеде. Газет нарығындағы үстемдікке Италиядағы ең көне газеттерді бірі – “Коррьера делла сера” мен жаңа газеттердің бірі – “Республика” таласуда. 1876 жылдан Миланда шығатын “Коррьера делла сера” газеті бұл елдегі беделді басылымдардың бірі. Соғыстан кейінгі жылдары ХДП саяси билік тұғырында мығым тұрған тұста “Коррьера делла сера” билік басындағыларды қолдап, басқалардан гөрі өтімді болды. Арнаулы күнделікті басылымдардың соңғы тобына спорттық газеттерді жатқызамыз. “Гадзетто делло спорт”, “Коррьере делло спорт”, “Стадио”, “Туттоспорт” күнделікті таралымының 15 % құрауы әлем бойынша үлкен жетістік болып саналады. осылардың ішінде италияндықтардың қағаздың түсіне қарап, “алқызыл” деп атайтын “Гадзетто делло спорттың” басқаларға қарағанда тұғыры мығым. Газет редакциясына қаламы жүйрік, танымал журналистердің жиналуы тиражының өсуіне (600 мың) мұныдық болып отыр. Өзара бәсекелес спорттық үш газетті Италия журналистикасының үш мектебі, үш орталығы десе де болады. Әрқайсысының әр дүйсенбі сайын шығаратын арнаулы қосымшалары бар. Сонымен, Италияның күнделікті басылымдар жүйесін ақпараттық және арнаулы (экономикалық, спорттық және саяси) топтарға бөліп қарастырамыз. Әдебиеттер: Негізгі: [5]; [9]; 17]; [18]; [31]; Қосымша: [1]; [13]; [16]
№ 8 дәріс. Ұлыбритания телевизиясы мен радио хабар таратуы ХҮІ ғасырда Англияда, басқа елдердегі сияқты, арнайы агенттіктер пайда болып, жаңалықтарды жинастырып, басып сата бастайды. Бірте-бірте журналистиканың пайда болуына жағдай туа бастады. Сауда ісі дамып, білімді адамдардың қатары көбейіп, қағаз шығару өндірісі дүниеге келді. Басылым станоктары кеңінен тарап, почта жүйесі қалыптаса бастайды. Ол кезде кішкене парақшалар, листовка секілді шағын қағаздарға басылған сөздерді сауаты барлар оқитын. «Ұшқын листоктарды» басып, таратумен айналысып жатқан агенттіктердің ісі бұдан кейін жандана түскен. Кейін бұл парақшалар кәдімгідей белгілі бір мерзімде шығып тұратын, нөмерленген газеттерге айнала бастайды. Әрине, «ұшқын листоктардың» газетке айналу процесі ұзақ та, күрделі болды. Бұлардың газетке ұқсастығы – мерзімділігі мен номерленуінде еді. 1702 жылы Британияда бірінші рет «Дейли курант» деген күн сайын шығатын газет дүниеге келді. Көлемі үлкен емес, негізінен жаңалықтар мен жарнамалар басылып тұрды. Бұл газет күнделікті газеттің алғашқысы еді. ХҮІІІ ғасырдың басында сонымен бірге, ақпаратқа қоса талдау жасайтын газеттер шықты. Соның бірі белгілі жазушы шығарған «Ревью» газеті болатын. Газет соғысты әшкерелейтін материалдар беріп, аптасына 3 рет шығып тұрды. Д.Адиссон мен Р. Стил екеуі бірігіп, «Татлер», «Спектейтор» деген газет шығарды. «Спектейтор» газетінде жаңалық атаулы берілген емес, оның есесіне юмор, сатира, мистика, өмір жайлы толғамдар жарық көрді. ХҮІІІ ғасырда мерзімді басылымдардың саны тез өсті. Ол уақытта журналистер ақшаға тәуелді болып, кім көп төлесе, соған қызмет ететін әдет тапты. Енді Ұлыбританияның ақпарат агенттіктері туралы айта кетсем. «Рейтер» - әлемдік ақпарат агенттіктерінің бірі. 1851 жылы Лондон іскерлерінің бірі – Юлиус Рейтердің ұйымдастыруымен құрылып, Еуропа континентінен коммерциялық және саяси хабарларды жинап, таратуға арналған еді. Оның 110 елде тілшілері, корреспонденттік пунктері бар. Күн сайын 1 млн. 300 мың сөз ақпарат береді. Шетелде 3 мың адамы жұмыс істейді. 1936 жылы Британия радиокорпорациясы ғимаратынан ең бірінші хабар берілді. Одан соң 1937 жылы Георг ҮІ тәж киюіне байланысты студиядан тыс репортаж беріледі. 1964 жылы ВВС-дің екінші телепрогарммасы ретінде ВВС-2 деген ашылды. Соның арқасында 1975 жылы жаңалық хабарлар беру екі есеге, қоғамдық-саяси хабарлар жылына 1367 сағат болып, үш есеге артты. Сөйтіп, оның хабарларын Британия 100 пайыз көретін дәрежеге жетті. Тақырып аясы кеңейіп, тарих, археология, өнер туралы бағдарламалар беріле бастады. Мәдени-ағарту, әдеби-көркем, драмалық, ғылыми-танымдық материалдар мен қысқа хабарлар берілді. Халықаралық журналистика ізденістерін байқау, сөйтіп, елдік болмысымыздағы өз журналистикамызды одан әрі дамыта беру – негізгі мақсат болып қала бермек. Әдебиеттер: Негізгі: [8]; [16]; [17]; [23]; [32]; Қосымша: [1]; [13]; [15]
№ 9 дәріс. ГФР баспасөзі. Германия телевизиясының қос жүйесі XX ғ. II жартысы болса, Германия Федерациясы үшін баспасөз қатты дамыған кезең еді. Әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мұнда журналистика қарқынды өсті. Елде осы уақыт ішінде 1104 күнделікті шығатын мерзімді басылым, ал 11250 басылым басқа мерзімде шығады. Осының ішінде 1600 газет 200 млн. тиражбен таралады. Елдегі газет – журналдарды шығаруда Аксел Шпрингердің монополиясы жетекші орын алады. Ол 1947 жылы концерн құрып, кейін оны акционерлік қоғамға айналдырды. Шпрингер концерні 19 газет – журналдарды шығарып тұрады. Олардың жалпы тиражы 17 млн. болады. Басқаша айтқанда күнделікті газет тиражының 40%-ы, ал жексенбілік газеттер тиражының 90% осы концерн арқылы шығады. Бұдан соңғы келесі бір баспасөз шығаратын ірі концерн «Грунер унд Яр» деп аталады. 1965 жылы құрылған. Одан соң орын алатын фирма Франд Бурда деп аталады. Германияда демократиялық – прогресшіл басылымдар да бар. Олар бейбітшілік пен халықтардың өзара түсіністігі үшін және әлеуметтік теңдік үшін күреседі. Олар «Ди тат», «Дйге фолькцайтунг». Сонымен қоса кәсіподақ ұйымдарының газеттері шығып тұрады. Олардың ішінде «Вьелт дер арбайт», «Метель», «Айзенбанер», «Хольцарбайтер», деген басылымдар бар. Ал енді журналдарға келетін болсақ, ең негізгі ауқымы кең «Шпигель» журналы. Журналдың негізін салған жас шағынан әдебиетке құмар, вермахтың бұрынғы лейтенанты Рудольф Аугштейн. Соғыс біткен жылдары ол Ганновердегі әскери әкімшіліктің информациялық басылымдарында қызмет етеді. «Шпигельдің» алғашқы нөмірі 1947 жылдың 4 қаңтарында Ганноверде 25 бет болып, 20 мың тиражбен басылған екен. Жылдың соңына қарай тиражы 100 мың данаға жетеді. Алғашында «Шпигель», «Тайм» сияқты информациялық формада шықты. Редакция ұжымы бас мақалалар мен комментарийлерден бас тарта отырып, тек ақпараттарды жинастырып, оқырмандарға ұсынды. Телевизия және радио. Германияда 1920 жылы бұқаралық ақпарат құралдары идеологиялық салада шындап қолға алына бастады. Бұл ретте алдымен ірі капиталдар ондай органдарды көбіне өз мақсаттарына сай қолдануға тырысты. өйткені бұл кезде ақпарат құралдарын олар өз қажеттеріне пайдалана білсе, үлкен табыстарға жететінін байқады. Міне, сондықтан да Германияда алдымен кино, сосын радиохабарлар тарату процестері жедел жүргізілді. Мұндайда жекелеген капиталистердің ынтасы күшті еді. Германияның келесі ірі ақпарат агенттіктерінің бірі – Дойчер Депешендинст Фрессе(неміс почта қызметі), яғни ДДП деп аталады. Бұл ақпарат агенттігі 1971 жылы Бонн қаласында құрылған, акционерлік қоғам болып саналады. Негізгі қаржы капиталы журналистер мен агенттіктің қызметін алып тұратын бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерімен бірлесіп пайдаланылады. Сондай-ақ жыл сайын ел үкіметінен көмек ретінде миллионға жуық маркі алады. Халықаралық әртүрлі хабарларды жинап, таратып отырады. 14 елдің ақпарат агенттіктерімен келісім-шарт арқылы хабар алмасып тұрады. 73 баспасөзбен радио-телекомпаниялардың баспасөз бөлімдерін ақпаратпен қамтамассыз етеді. Күн сайын 50 мың сөз хабар таратады, ал апта сайын информациялық бюллетень шығарып отырады. Әлемнің 110 елінде бар. Америка, Азия, Африка елдерінің ақпарат агенттіктерімен хабар алмасып тұрады. ХІХ ғасырдың басында Британияда 16 күнделікті газет, 8 таңертеңгілік және 8 кешкілік газеттер шығып тұрды. Британия журналистикасында Даниэль Стюарт есімді баспагердің еңбегі тарихи рөл атқарды. Ол «Морнинг пост», «Курьер» деген газеттер шығарған. Оның табысқа жетуінің сыры – ол өз газетіне сол кездің аты шыққан жазушылары мен журналистерін тарта білген. ХІХ ғасырда Ұлыбританияда жекеше газет шығару уақыт талабынан қала бастады да коллективтік, акционерлік қоғамдар, редакциялар жұмыс істеді. Онсыз үлкен көлемді және көп тиражды газеттер шығару мүмкін емес еді. Демек, мұның өзі бұл елдің журналистикасының жаңа дамуына, өрлеуіне негіз болды. Әдебиеттер: Негізгі: [7]; [18]; [21]; [31]; [35]; Қосымша: [1]; [13]; [15 № 10 дәріс. Азия елдерінің журналистикасы Азия елдерінің радиосы мен теледидары. Ауғанстан радиосы мен теледидары (Radio Afghan, TV and Film) ел астанасы Кабулда орналасқан мемлекеттік қызмет. Теледидар хабарлары 1978 жылдың наурыз айынан бастап беріледі. АРАМКО радио (Арабиен америка ойл компани) Дахранда орналасқан 1957 жылдан бері хабар таратады. Сауд Арабиясының мемлекеттік телехабарлар қызметі (Сауди Арабиан говермент тв зионсервис) Ақпараттар министірлігінің құрамында Эр-Риядта орналасқан. Дахран ТВ Дахранда орналасқан. 1957 жылдан бері хабарлар көрсетеді. Серия теледидары (Сириян твзион) Дамаск қаласында орналасқан 1960 жылдан бері хабар береді, үкіметтік коммерциялық қызмет. Радио және телехабарлар бас дерекциясы негізі 1946 жылы қаланды. Дамаскіде орналасқан. Азиядағы қазіргі халықаралық қарым-қатынастардың негізгі сипаты және оның бұқаралық ақпарат құралдарында бейнеленуі 1990 жылдары дүние жүзі халықтары 5 млрд. адамнан асты, ғасырдың аяғында 6 млрд , 2019 жылдары 8млрд жетеді. Қазіргі кезде БАҚ дамуына эканомикалық және әлеуметтік-мәдени факторлар әсер етеді, 48 елі ғана радиоқабылдағышпен, 22 елі теледидармен, 30 елі газетпен қамтамасыз етілген. Азия аймағы саяси, мідени, әлеуметтік және діни әдетғұрыптары, сондай-ақ тұрмыс дәрежесі, демократиялық институттарында елеулі өзгешіліктермен ерекшеленеді. Азияда теледидар 60-шы жылдардың басында пайда болды. Ол кезде 13 елде, 70-жылдардың ортасында 30елде, 90-жылдары 43 елде тұрақты хабар берілді. Осындай құбылыс радио ісінде де байқалады. соңғы он жылдықта Азиядағы радиоқабылдағыштар саны көбейді. Радиохабары азияда телевизор саны 3 онжылдықта 3 есе өсті. Азияда бір жылда тележүйеге 15 млрд доолар жұмсалады. Алаида радио мен теледидардың дамуы мен деңгейі Азия континентіндегі елдерге байланысты әртүрлі. Мысалы, Азияның 18 елінде 1000 адамға 6-дан (Бангладеш) 100 қабылдағыштан келеді (Түркия) (1000 тұрғынға 100 газет, 50 радиоқабылдағыш, 2орын кинотеатр. 20телевизор. Азияның тоғыз елінде радиоқабыладағыш саны 1000 адамға шыққанда 120 (Малайзия, Тайланд), 170 (Ирак), 331 (Кипр) – 400-ге дейін (Оңтүстік Корея), 356 Гонконг, 571 (Жапония), Қытай мен Үндістан сияқты ірі Азия елдерінде қоғамдық жерлерде, дауыс үдейткіш ұжымдық хабар тарату өріс алады. 80-жылдардың екінші жартысында Тайландтың экономикалық дамуы әлемде ең жоғары денгеиде болды, Гонконг Жапониядан кейінгі адамдардың өмір жасының ұзақтығы жөнінен екінші орында. Ал Индонезия мен Қытай әйелдерінің өмір сүру ұзақтығы 1965 жылдары 45-59 жасқа дейін болса, 1989 жылы 71-ден 63 жасқа жетті. Азиядағы хабар таратудың көптеген ұқсастықтары бар. Үкімет БАҚ-қа бақылау жасайды, тұрғылықты ұлт тілінде жалпы ұлттық хабарды күшейту, элитарлы – ағылшын тілді хабарлардың үлес салмағын азайту сияқты міндеттер тұр. Әдебиеттер: Негізгі: [2]; [21]; [25]; [26]; [34]; Қосымша: [1]; [14]; [18
№ 11 дәріс. Жапонияның электронды ақпарат құралдары 1. Жапонияда алғашқы басылымдар шетелдік газеттердің көшірмесі, аудармасы іспетті болды. 1865-1868 жж. аралығында шағын тиражды, кішігірім басылымдар шығып тұрды. Жапондардың тұңғыш газет болып 1870 ж. жарық көрген “Иокогама симбун” есептелінеді. 1872 ж. сәуірнен бастап бұл басылым “Иокогама майнити симбун” деп атала бастады. 1890 жылы белгілі публицист Цитиро Тоқутоми либералдық бағыттағы “Коқумин симбун” газетін дүниеге әкеледі. Газет өкіметтің іс-әрекетін ашық сынап, түрлі сенсациялар жариялап, көпшілікті өзіне тарта білді. Бірақ 90-жылдары И. Тохутомиде ұлтшылдардың қатарына кеткен соң, газеттің бағыты мүлдем өзгерді. ХХ ғ. басындағы тиражы жоғары газет “Еродзу техо” (50 мың) 1894-1895 жж. жапон-қытай соғысы баспасөзге айтарлықтай әсер етті.Кейбіреулері кішігірім репортаждар арқылы тираждарын көбейтті. Газет кәсіпкерлерінің арасындағы бәсекелестік – олардың жаңа формаларды ойлап табуына итермеледі. Мәселен, “Хоти” газетінің кешкілік басылымы дүниеге келсе, “Еродзо техо” газеті спортқа көп көңіл бөле бастады.”Асахи” әйгілі адамдардың өміріне мән беруді міндет санады, ал “Ямато сибун” газет бетінде картиналардың көрмесін ұйымдастырып ала жөнелді. Мұндай өнертапқыштық нәтижесіз болмады, газет тираждары бірден көтерілді. Жапонияда газеттің екі түрі қалыптасқан: 1. Өзін тәуелсіз санайтын орталық газеттер. 2. Жергілікті префектуралық (райондық) баспасөз органдары. Префектуралық газеттер ірі-ірі кәсіпкерлердің қаржылай көмегімен, жергілікті муниципальді органдардың инициативасымен шығып тұрды. Жергілікті газеттер халықаралық хабарларды америкалық ақпарат агенттіктері ЮПИ мен АП-дан алады. Жапониялық газеттердің дені Осака мен Токио қалаларында шығады. Күнделікті газеттердің тиражы 4 мың мен 1,5 млн дананың аралығында болады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Жапония газеттерінің тиражы жарияламағандықтан, нақты айту мүмкін емес.
|