|
ПререквизиттерDate: 2015-10-07; view: 639. Журналистика кафедрасы
«Әлем журналистикасының тарихы»
пәні бойынша
5В050400 – Журналистика мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қарағанды 2014 Құрастырушы: Жақан Әлімжан Құтжанұлы
«Әлем журналистикасының тарихы» аталатын оқу пәнінің негізгі дәрістік және практикалық сабақтарына қажетті библиографиялық ғылыми әдебиеттер мен оқу құралдары, қосымша әдебиеттер толықтай қамтылған. Әр тарау, тақырыптар бойынша жүйеленіп берілген. «Әлем журналистикасының тарихы » аталатын пән осы сала бойынша барлық білімдер жиынтығын меңгеру мақсатында жасалған. Осы пән бойынша телеарна, радио, баспасөздегі шеберлік мәселелері толық қамтылған. Олар ұлттық журналистика ғылымы материалдармен негізделген. ОӘК қазіргі кездегі қойылатын талапқа сай орындалған.
«Әлем журналистикасының тарихы » пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені .
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2014 1. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ – SILLABUS 1.1 Оқытушы туралы мәлімет Жақан Әлімжан Құтжанұлы, аға оқытушы, Журналистика кафедрасында уақыты: жұмыс күндері сағ. 9.00-ден - 16.00-ге дейін.
1.2 Пән жайында мәлімет Пәннің аты: «Әлем журналистикасының тарихы » Өткізілетін орны: Мұқанов көшесі, 8-ғимарат.
Пән аясында студенттер оқып-үйренуге, меңгеруге тиісті мәселелер: - Студенттерді Еуропа, Шығыс, Азия, Африка, Американың телерадиокоммуникация саласындағы жүйелермен, үлгі етерлік жағдайларымен таныстыру; қазіргі ақпараттық қоғамдағы олардың даму жағдайының негізгі бағыттарын түсіндіру; - электронды БАҚтың қоғамда алатын орны мен әсер етуші негізгі факторларды талдау арқылы шетел тележурналистерінің кәсіби шеберлігі туралы түсінік қалыптастыру; - Қазақстан және шетел журналистерінің шеберліктеріне талдау жасау.
|