![]() |
ГЛОССАРИЙ 7 pageDate: 2015-10-07; view: 712. Қазақ хандығына ең күшті қауіп төндірген жоңғардың феодалдық хандығы еді. Қазақ және Жоңғар билеушілері арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізі жайылымдар үшін талас болатын. Ондай шайқастардың бірі Орбұлақ ұрысында қазақтар жеңіске жетеді. Бірақ жоңғарлар қазақ жерін басып алу жоспарынан бас тартқан жоқ еді. Қазақ хандығының саяси бытыраңқылығын пайдаланған және алдағы соғысқа мұқият әзірленген жоңғар билеушілері 1723 жылы әскерлерін қазақ жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызекі аңыздарында «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» деп аталатын сұрапыл алапаттың басталған кезі деп есте қалған Жоңғар басқыншылығының тегеурінінен Ұлы және Орта жүздің кейбір рулары Сырдариядан өтіп, Ходжентке қарай ауа көшеді. Орта жүздің көпшілігі Самарқандқа қарай кетті, ал Кіші жүздің рулары Сауранды айналып өтіп, Хиуа мен Бұқарға беттеді. 2. Қазақ жасақтарының айбынды жеңістері. 1726 жылы Ордабасы деген жерде Қазақ жүздері басшыларының тарихи жиналысы болды. Онда қазақтардың біртұтас жасақтарын ұйымдастыру жөнінде маңызы зор шешім қабылданды. Хандар мен билердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша барлық қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сайланды. Қазақтардың жоңғарға қарсы бірлескен күресі 1726 жылы Торғай даласының оңтүстік-шығыс жағындағы Бұланты өзенінің маңындағы «Қалмақ қырылған» шайқасындағы жеңісі болды. Бұл жеңістің маңызы зор, ол халықтың еңсесін көтеріп, болашақ күреске жігерлендірді. Тарихи маңызы: қазақ халқының әскери, моральдық рухы көтерілді. Үш жүзді біріктіргенде жоңғар қаупінен құтылуға болатындығына сенім күшейді. Қазақ өлкесінің оңтүстік-батысы азат етілді. Елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру мақсатына ұмтылыс басталды. 1726 жыл – Ордабасы жиыны. Үш жүздің жасақтары жиналып, жауға соққы беру жөнінде келісімге келді. Нәтижесі: Әбілхайыр бас қолбасшы болып сайланды. Жетісуды азат етуге аттануға осы жер жақын болды. Алатау, Қаратау сілемдерімен қоршалып, шығысы ашық дала болатын бұл жер қазақ жасақтарын шоғырландыруға мүмкіндік берді. Қазақ жасақтары жүздік негізде орналыстырылды. 1729 жылғы көктем – Аңырақай шайқасы (Балқаш көлінің оңтістігі) Әбілхайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жсақтарды басқарып қатысты. Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінде. Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгелдей азат етуге мүмкіндік туды. Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Жоңғар хандығының құрылуы және олардың қазақ жеріне басып кіруі. 2. «Ақтабан шұбырынды», Қазақ жасақтарының құрылуы, олардың азаттық күресі. 3. Жоңғар хандығының күйреуі. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 281-292 б.б. 2. «Қазақ тарихы» жур. 1997ж. №5, 11-14 б.б. 3. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 162-163 б.б. 4. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 114-121 б.б.
14-дәріс Тақырыбы:Қазақстанның Ресей империясының қол астына өтуі. Дәрістің мазмұны: 1. Қазақ билеушілерінің Ресей протекторатын қабылдауының тарихи алғы шарттары. 2. Әбіхайыр хан, оның дипломатиялық қызметі.
1.Қазақ билеушілерінің Ресей протекторатын қабылдауының тарихи алғы шарттары. XIX-XX ғасырдың екiншi жартысында Әбiлқайыр қазақтарды Ресейге бодан еттi деген де, алдымен Әбiлқайыр ханның 1730 жылғы Анна патшаға жазған хатын дәлел етемiз. Әрине, Әбiлқайырдың 1731-1732 жылғы хат жазғаны да, ант бергенi де шын, бiрақ, ол хаттың мақсатына, құқықтығына онша көңiл қоймай жүрген сияқтымыз. Осы ойға байланысты қысқаша болса да белгiлi тарихшылардың ғылыми еңбектерiне тоқталайық. Ол туралы академик В.В. Бартольд “В 1740 году в Туркестане утвердил свою Верховную власть последний крупный завоеватель, вышедший из Персии Надир-шах”. Ресей Әбiлқайырға ешбiр қолдау көрсетпедi. Содан соң орыс патшайымына берген анттың да, қабылданған құжаттың да күшi жойылды деп дәлелдейдi В.В. Бартольд: “Принятая Абылхайыром русское подданство не имел реального значения” дейдi. В.В. Бартольдтан кейiн алғашқылардың бiрi болып зерттеген тарихшы А.Н. Чулашников “Әбiлқайырдың Ресейге бодан болу туралы келiсiмге қол қоюы, бұл iстiң басы ғана емес, қарапайым маңызы жоқ, көп келiсiмнiң бiрi ғана” деген қорытынды жасады. Көренектi тарихшы Н.Г. Аполлова “Қазақ хандары XVIII ғасырдың басынан сыртқы саяси жағдайдың шиеленiсуiне байланысты Тәукеден бастап Әбiлқайырға дейiн Ресеймен бейбiт қарым-қатынасты нығайтуға қам жасады”, дей келе көпшiлiктiң Ресей бодандығына қарсы болуы, жасалған келiсiм-шартқа наразы болудың бiрден-бiр себебi, хан бұл мәселенi шешуде өз билiгiн тым жоғарылатып жiбердi. Ханның бұл қадамын старшина мен билер бабаларынан келе жатқан әдет-ғұрыптарды бұзғандық деп түсiндi” деген болатын. 2. Әбіхайыр хан, оның дипломатиялық қызметі. Әбiлқайырхан – XVIII ғасырдың бiрiншi жартысындағы тарихымыздың аса iрi тұлғасы. Қолбасшылық талантымен саяси көрегендiгi, мәмлегерлiк шеберлiгi күрделi тарихи кезеңде көзге түстi. Әбiлқайыр ел басына күн туған ауыр заманда қазақ жасағына Бас қолбасшы сайланып, жан-жақтан аңталаған жауға тойтарыс бердi. Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы Жоңғар мемлекеті тарыпынан қаіп күшейген шақта жағдайдан шығудың жолы еді. Жоңғар шапқыншылығы қазақ жүздері арасндағы, әсіресе Кіші жүз бен Орта жүздің Ұлы жүзбен шаруашылық-саяси байланыстарын әлсіретті. Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілерінің арасында жіктеліс туды. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақайдағы жеңісіне қарамастан, Жоңғар хандығының жаңадан шабуыл жасауының тікелей қауіп-қатері жойылмады. Қазақ хандықтарының Бұхармен және Хиуамен қатынастары шиеленіскен күйінде қалды. Оның үстіне қазақтардың еділ қалиақтарымен және башқұрттармен өзара қатынастары күрделі болып қала берді. Әбілқайырдың башқұрт ақсақалдарымен шапқыншылықты тоқтату туралы келіссөздері табысқа жетпеді. Кіші жүздің батыстағы шекарасында бейбітшілікке қол жеткізу Әбілқайыр ханның ең басты сыртқы саяси міндеттерінің біріне айналды.Басты дұшпан – Жоңғар хандығымен күресуге қолды босату үшін бұл өте қажет болатын. Қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды. Әбілқайыр хан – ХҮІІІ ғ. І ж. тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Қол басшылық талантымен саяси көрегендігі, мәмлегерлік шеберлігі күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Әбілқайыр ел басына күн туған ауыр заманда қазақ жасағына Бас қолбасшы сайланып, жан-жақтан аңталаған жауға тойтарыс берді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Қазақс билеушілерінің Ресей протекторатын қабылдауының тарихи алғы шарттары. 2. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың патша үкіметі мен депломатиялық байланысы. 3. А.И. Тевкелевтің қазақ даласындағы дипломатиялық миссиясы (1731-1733 ж.ж.) Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 292-298 б.б. 2. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 162-163 б.б. 3. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 114-121 б.б. 4. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 64-74 б.б.
15-дәріс
Тақырыбы:ХҮІІІ ғ. орта кезіндегі Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы. Дәрістің мазмұны: 1. Қазақ жерлерін Ресей империясының отарлауы. 2.Қазақ жерлеріне әскери бекістерідің салынуы. 1. Қазақ жерлерін Ресей империясының отарлауы. 1730 жылы маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұрап, патша Анна Иоановнаға өтініш хат жолдайды.1731 жылы 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға және «бүкіл қазақ халқының Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылдағаны туралы» грамотаға қол қоядды. 1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды. Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған осы актіден басталады. Орта жүзде Кіші жүздің жолын қуып, 1735 жылы желтоқсанның аяғында тілек білдіріп, Әбілмәмбет 1740 жылы Ресейге қосылу жөнінде Орынборда ант берді. ХҮІІІ ғ. 40 жылдарының басында қазақ-орыс қарым – қатынастары одан әрі жандана түсті. Жоңғарлардың шабуылын пайдаланып, сылтауратқан патша үкіметі Қазақстан өңірінде көптеп әскери бекіністер салуға кірісті. 1734 ж. Сенаттың Обер секретары И.К.Кириловтың (1689-1734) Қазақстан мен Орта Азиядағы Ресей иеліктерін нығайту үшін, осы елдермен сауданы дамыту үщін қалалар мен қорғаныс шептерін салу жөніндегі ұсынысын Сенат және Сыртқы істер коллегиясы қабылдады, 1734 ж. 1 мамырында Сенат жарлығымен И.К.Кирилов басшылық еткен Орынбор экспедициясы құрылды. Сөйтіп, Ресей империясы Ор (Тобылдың бір тармағы), Жайықөзендері құйылысында бекініс шептерін сала бастайды. Жайық өзенінің алдыңғы тұсында орыстың бекіністі сауда орталығы – Орынбор (1735-1738) қаласының іргесі қаланды. 2.Қазақ жерлеріне әскери бекістерідің салынуы. ХҮІІІ ғ. 20 жылдары Алтайды патша үкіметінің отарлауы барысында пайда болған кен орындары мен зауыттарға қауіп төнді. Сондықтан патша үкіметі қазақ жеріндегі бкініс шептерін кеңейтуге кірісті. ХҮІІІ ғасырдың 50 жылдары – патша үкіметі іске асырған әскери – инженерлік шаралардың нәтижесінде Солтүстік-Шығыс Қазақстан бекіністер, шептермен қоршалды. Горькая шебі – Сібір редутынан Омбы бекінісі аралығы, ұзындығы 553 верст. Ертіс шебі – Омбы бекінісінен Кіші Нарым бекінісі аралығы, ұзындығы 1684 верст. ХҮІІІ ғ. І жартысында ұзындығы 1780 шақырымды қамтитын Атырау (Гурьев) қалашығынан басталып, Жайықтың бойымен Алабұға шебіне дейін жеткен Жайық бекініс шебі салынды. Содан соң Орск (1735), Верхнеуральск (1745), Есіл (1735), Омбы (1705), Семей (1718), Өскемен (1720) т.б. бекіністерінің іргесі қаланды. ХҮІІІ ғасырдың өзінде Жайық өзені бойында 14 қамал салынды. Жайық қалашығынан бастап Звериноголовск бекісіне – 770 шақырымға созылған Уйск шебі (әскери линия) аяқталды. 1752 ж. 9 қамал, 58 бекіністен тұратын 540 шақырымға созылған – Жаңа Есіл шебі оны 950 шақырымға созылған Ертіс – Сібір шебімен жалғастырылады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. ХҮІІІ ғасырдағы Ресей үкіметінің қазақ жеріне бекіністермен шептердің салуы. 2. Орынбор экспедициясының құрылуы. 3. Жайық өзенінің бойында қамалдардың салынуы. 4. Көкшетау, Аякөз, Баянауыл, Ақмола бекінісі қалалардың пайда болуы. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 292-298 б.б. 2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 76-82 б.б. 3. «Қазақ тарихы» жур. 1995ж. №6 7-13б.б.
16-дәріс. Тақырыбы:Біртұтас қазақ мемлекетін қалыптастырудағы Абылай ұстанған ішкі-сыртқы саясат. Дәрістің мазмұны: 1. Абылайдың қолбсшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы. 2. Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау. 1. Абылайдың қолбсшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы. Абылай (Әбілмансұр, Сабалақ, 1711 – 1781 ж.ж.) – қазақ хандығының бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси-экономикалық дамуына өзгерістер енгізген мемлекеттік қайраткер. Әкесі – Орта жүздің сұлтаны көркем Уәли, атасы – Түркістан қаласының билеушісі, «қанішер» Абылай. Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын, жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп, Ресейге арқа сүйеді. 1740 жылғы 28 тамыз - Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылай Орынборға келіп, Ресей билігін мойындады. Орынбор комиссиясының бастығы князь В. Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау болды. Елді аман алып қалатын күш қазақтардың өздері болатынын Абылай сұлтан түсінді. 1742 жылы Абылай аң аулап жүргенде жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 жылы бостандыққа шықты. Ол батырларды біріктіріп жоңғарларды шабуылдауды ұйымдастырды. 1745 жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі - Әмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Бұл жағдай 1752 жылы қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себеп болды. Ұлытауда өткізілген құрылтайда Абылай қарастырған мәселелер: қазақ ақсүйектерін біріктіру; Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржыға ұстап бермеуге қазақ билеушілерін көндіру; Жоңғарияға шабуылдау. Абылайдың мақсаты: жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған тарихи иелігін қайтару. 1753 жыл – Абылай сұлтан ірі қолды басқарып, Жоңғарияға шабуыл жасады. Жоңғар қақпасы маңында Абылай бастаған қол жоңғарларды талқандады. Жоңғария құлағаннан кейін Қытай жағынан төнген жаңа қауіп қазақ сұлтандарының күштерін ұйымдастыруға түрткі болды. Абылайдың ендігі туының астына үш жүздің жасақтары жиналды. Бірақзеңбіректермен қаруланған Маньчжур – Цинь күштеріне ашық қарсы тұру қиындығын білген Абылай дипломатиялық жолмен шешу қажеттілігін түсінді. 1757-1760 жылдар – Абылай Қытайдың билігін мойындады. Абылайдың Цин богдыханның суверенитетін қабылдау себебі: Ресейдің Звериный шатқалынан Омбы бекінісіне дейінгі аралықта бкіністер салуы; қазақ рулары қоныстарының тарылуы; Ресей патшасының осы аймақтағы әскери акцияларды күшейтуі; Цин әскерінің Қазақстанға басып кіру қаупінің күшеюі. Екі ірі мемлекеттің қыспағында қалғандықтан, Ресей және Цинь империяларына тәуелдігін сөз жүзінде мойындаған Абылайдың басты мақсаты: Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау. 2. Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау. Ол Тарбағатай, Алтай таулары, Зайсан көлінің шығысындағы тарихи қазақ жерлерін қайтаруға күш жұмсады. Пекин билеушілері 1760 жылы Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды қудалағанда, оны келіссөздер арқылы шеше білді. Абылайдың Орта Азия хандықтарымен саяси қатынасы табысты болды. XVIII ғасырдың 70 жылдарының басы – белгілі қолбасшы Абылай Хождент, Ташкент билеушілеріне соққы берді. Нәтижесінде: Ташкент бегі салық төлеуге мәжбүр болды; Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және Ташкентке тәуелді бірнеше қалалар Абылай билігіне көшті; Қазақ хандығының халықаралық жағдайы жақсарды. 1771 жыл – Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, дәстүр бойынша ақсүйектер хан ұлы Әбілпайызды емес, Абылайды хан сайлады. Үш жүз өкілдерінің Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп тануының себептері: Жоңғарияға қарсы азаттық күресін басқаруы; Үш жүзді біріктіруі; Ресей мен Қытай қыспағына қарамастан, іс жүзінде елдің дербестігін сақтауы. Патша үкіметі тәуелсіз қазақ хандығын жоюға күш салып, Абылайды хан сайлауға келіспейтінін білдірді. 1778 жыл 24 мамыр – ІІ Екатерина Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп бекітті. Абылай хан Ресеймен қарым-қатынаста бейбіт жағдайда болу қажеттігін ескеріп, ресми түрде бодандықты мойындады. Ал іс жүзінде тәуелсіздігін сақтады. 1759 жыл 1 қаңтар – Үрімшіде Абылайдың сауда миссиясы жақсы қабылданды. Абылай хан қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірді. Мәдениетті дамытуға үлес қосты. Оның төңірегіне белгілі жыраулар, ақындар топтасты: Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара ақын. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Абылай қолбасшы, саяси қайраткер ретінде. 2. Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау барысында, Ресеймен және Қытаймен қарым-қатынасы. 3. Абылай сұлтан ірі қолды басқарып, Жоңғарияға шабуыл жасауы. 4. Үш жүз өкілдерінің Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп тануының себептері. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 320-334 б.б. 2. «Қазақ тарихы» жур. 1996ж. №5 17-19 б.б. 3. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 162-163 б.б. 17-дәріс.
Тақырыбы:XVIII ғасырдың ІІ-жартысы ХІХ ғасырдың І-жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Дәрістің мазмұны: 1. 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы шаруалар көтерілісі, Бөкей хандығының құрылуы. 2. Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. 3. 1836-1838 ж.ж. көтерілістің жеңілу себептері.
1. 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы шаруалар көтерілісі, Бөкей хандығының құрылуы. Кіші жүз үш жүз ішіндегі ең көп аумақты иеленген: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жер (850000 шақырым). 1801 жылғы 11 наурыз – император І Павелдің жарлығымен Кішіжүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонуы заңдастырылып, Бөкей хандығы (Ішкі орда) құрылды. І Павел мақсаты: қазақтардың жер үшін күресін әлсірету; Ресейдің саяси билік аясын кеңейту; қазақтармен сауда жасау арқылы пайда түсіру; Кіші жүздегі жағдайды тыныштандыру. Бөкей Нұралыұлы алғашқыда елін сұлтандық дәрежеде басқарды, 1812 жылдан хан атанды. Патша үкіметіне арқа сүйеген Жәңгір хан (1823-1845 ж.ж. шын есімі Жиһангер, Әбілхайырдың шөбересі, Бөкейдің баласы) Орданы басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді: - Патша үкіметі қаражатымен 1827 жылы Жасқұс деген жерде хан сарайы салынды; - 1827 жылы 12 биден құралған хандық кеңес ұйымдастырылды; - 12 старшындық топ құрылып, баж салығының жиналуын қадағалады; - Көшпенділерді отаршылықтандыруға, сауданың дамуына, мектептер ашуға көңіл бөлді. 2. Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. Исатай 1791 жылы туған, оның азаматтық көзқарасының қалытасуына нағашысы Жабай Бегалыұлы зор ықпал етті. Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшыны (ағаманы) етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап батырдың патша чиновниктерімен байланысы салқындай бастады. 1817, 1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды. Исатайдың ең жақын серігі – ақын, Беріш руының старшыны Махамбет Өтемісұлы. (1804-1846 ж.ж.) 1829 жылы 15 шілде – 1830 жылы қыркүйек аралығында Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды. Оған халық арасында хан иелігінен кетуге және Жайықтың сол жағасына өтуге үгіт жүргізді деген айып тағылды. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф В.И. Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тығыз қарым-қатынаста болды. Махамбеттің өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын айқындауға болады. Көтерілістің басты мақсаты: - Хан озбырлығына шек қою; - Шаруалар жағдайын жақсарту; - Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту; - Әскери бекіністердің салынуын тоқтату. 1836 жылы ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды. 3. 1836-1838 ж.ж. көтерілістің жеңілу себептері. Үстем тап өкілдерінің опасыздығы, көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы. Қару-жарақтың теңсіздігі, стихилылығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі. Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы. Көтерілісшілерді жазалау шаралары: - 500 адамдық сапта дүре соғылып, 8 жылға Ригаға қара жұмысқа айдалды. - Тұзға салынған мың шыбықпен дүре соғылып, Сібірге айдалды. - Соққыға жығып, солдатқа жіберілді. - 20-дан 50-ге дейін дүре соғылды. Нәтижесі: салық мөлшеріне шек қойылды; патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды; Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді; қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті; әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды. Тарихи маңызы: ХІХ ғасырдың 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс. Отаршылдыққа қарсы бағытталды. Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі. Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
|