![]() |
ГЛОССАРИЙ 8 pageDate: 2015-10-07; view: 945. 1. Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер және Бөкей хандығының құрылуы. 2. Қазақстанның саяси құрылысындағы өзгерістер. 3. Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. 4. Көтерілістің басты мақсаты. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 335-342 б.б. 2. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 137-139 б.б. 3. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 164-165 б.б.
18-дәріс. Тақырыбы:ХІХ ғасырдағы патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты. Дәрістің мазмұны: 1. Патшалы Ресейдің қазақ жеріне жүргізген отаршылдық саясаты. 2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 ж.ж.) 3. Патша әкімшілігінің қойылған талаптары.
1. Патшалы Ресейдің қазақ жеріне жүргізген отаршылдық саясаты. Қазақтар Ресейге қосылуды уақытша құбылыс, ең алдымен ел қауіпсіздігі үшін қажет деп білді. Империя құрамынан шығып, онан кез-келген уақытта бас тартуға, басқа жаққа көшіп кетуге болатын құбылыс ретінде қарады. Ресей жағы тікелей тұқыртып ұстау саясатын ұстанды. Келіссөзге қол қойғандар Тевкелев пен Рычков Кіші және Орта жүздегі жағдай жөнінде сыртқы істер министрлігі коллегиясына жолдауында «Бір-біріне айдап салу арқылы өзара қырқыстыру керек» деп көрсетті. 1748 жылы 5 қазанда император ханзада Елизавета Петровнаға жолдауында Кіші және Орта жүздің ру басылары Сұлтан Нұралыны хан етіп бекітуді (мойындау емес) өтінді. Нұралы болса өз халқының алдындағы міндетін атқаруда осалдығын аңғартып, бодан болуға, Ресей әскерін кіргізуге әзір екенін хабарлады. Соның салдарынан патша өкіметінің баса көктеп билік жүргізуге қолы жетті. Орал, Орынбор казактары әр түрлі сылтаулармен ауылдарды шабады. Оны ұйымдастырушы Орынбор соғыс губернаторы И.И. Неплюев еді. Оның қолдауымен қанішер казактар Орал тауы сілемдеріндегі қазақ ауылдарының жайлауларын біртіндеп басып ала берді. Бұны болдырмау орнына Нұралы хан казак-орыс әскерлерін қолдап кетеді. Тіптен өзіне бағынбайтындардан өш алу үшін Орынбордан жазалаушы топ жіберуін өтініп хат жазады. Кешікпей Харитонов бастаған казак тобы 800 баскесер бащқұртты қосып алып, Тама руы ауылдарына сау ете түседі. Тас бекіністі қорған еткен қазақтар біршама қарсылық көретеді. Бірақ құрамы, қаруы күшті казак әскерлеріне төтеп беру қиынға түседі. Жазалаушылар көп мал, дүние-мүлікті олжалап, 56 азаматты айдап, жер аударып қазына жұмысына береді де, әйел, бала-шағаларын Сейіт татар слободасындағы жұмысқа жегеді. Бұндай шабуыл, талан-тараждар туралы өкімет орындарына талай рет шағым жасалса да, патша әкімшілігі ешбір тиым салмайды. Бұл қазақтардың шыдамын шектен шығарды, оның соңы патша әскерімен ашық соғысқа шығуға алып келді. 2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 ж.ж.) Көтерілістің алғы шарттары: ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады. ХІХ ғасырдың 20-30-шы жылдары Хиуа хандығы Шекті, Төртқара, Табын, Байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызды, сауда керуендерін тонады. 1822 жылғы Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты. Отаршылдыққа қарсы күресті (Ресей, Қоқан хандығына қарсы) Абылай ханның немелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы (Кенесарының ағасы) басқарды. Кенесары 1824 жылдан бастап ағасы Саржанның көтерілісіне қатысты. 1836 жылы Саржанды Қоқан ханы өлтірді, 1840 жылы әкесі, бауырлары қайтыс болды. Патша үкіметінің Жаңа Елек бойына әскери шеп сала бастауы, Кіші жүзде би Жоламан Тіленшіұлы көтерілісінің басталуына себеп болды. ХІХ ғасырдың 30-40-шы жылдарын қамтыған ең ірі халықтық сипаты бар көтеріліс басшысы – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 ж.ж.) Көтерілістің мақсаты: қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепксіндегі қазақтарды азат ету. 1847 жыл – Майтөбе түбіндегі шайқаста (Кекілік сеңгір деген жер, Бішекетің маңы) Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты. Жеңілу себептері: қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі, Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы, руаралық қайшылықтар, Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі, Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары тобының Ресейге қарсы біріге алмауы. 3. Патша әкімшілігінің қойылған талаптары. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға рұқсат ету. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Ресей империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру. Екі ай бой Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Кенесары Ресейдің билігін мойындауы үшін өзінің талаптарын қойды: қазақ жеріндегі барлық патша бекіністерін жою. Жазалаушы топтардың озбырлығына тыйым салу. Салық жинауды тоқтату. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылдың жазында патша үкіметі қазақ жерін бекіністер арқылы отарлауды жалғастырды (Ырғыз, Торғай өзендері бойында салынды). Кенесары жағдайды шешу үшін халықтық кеңес өткізді. Қаралған мәселе: көрші мемлекеттерден, Қытайдан көмек сұрау. Сарыарқадан оңтүстікке қарай көшу. Жайылым жерлерінен айырылған, бейбіт өмір мен тұрақты мекен іздеген, салықтан бас көтере алмаған қазақтардың Кенесарыға наразылықтары күшейе бастады. Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алуының себебі – Қоқан езгісіндегі қазақтардың дербестік алуына көмектесіп, өзіне тірек жасау. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Патшалы Ресейдің қазақ жеріне жүргізген отаршылдық саясаты. 2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің мақсаты. 3. Патша әкімшілігінің қойылған талаптары. 4. Кенесарының Ресейдің билігін мойындауы үшін қойылған өзінің талаптары. 5. Кенесары нешінші жылы, қай шайқаста қаза тапты. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 147-155 б.б. 2. «Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994ж. 162-163 б.б. 3. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 368-369 б.б. 4. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 64-76 б.б. 19- дәрiс. Тақырыбы:XIX ғасырдың II-жартысындағы Ресей империясының қазақ жерiн отарлауының аяқталуы және оның ауыр зардаптары. Дәрістің мазмұны: 1.Отаршылдық қанаудан жергiлiктi халықтың экономикалық жағдайының құлдырауы. 2.Еңбекшiлердiң қайыршылыққа ұшырауы.
1.Отаршылдық қанаудан жергiлiктi халықтың экономикалық жағдайының құлдырауы. XIX ғасырдың 60-жылдарының орта шенiнде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. Патша өкiметi Қазақстанның байтақ өлкесiн қол астына қаратуға қырық жылдан астам уақыт жұмсап, ендi Орта Азияға, Қоқан, Хиуа, Бұқар хандықтарының жерiне ауыз сала бастады. 1864 жыл – Шыңжаңда (Синьцзян – Жаңа шекара) көтеріліс болды. Нәтижесінде Іле өлкесінде – Іле сұлтандығы, Қашғарияда – Жетішар мұсылман мемлекеттері құрылды. 1871 жыл – Ресей әскері Іле өлкесіне енгізіліп, Іле сұлтандығы Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1881-1883 жылдар – Орыс үкіметінің келісімімен ұйғыр, дүнгендер Жетісу мен Солтүстік Қырғыз өлкесіне қоныс аударды (ұйғырлар – 45000, дүнгендер – 5000). Қазіргі Алматы мен Талдықорған жерінде алты ұйғыр болыстары құрылды. Олар – Жаркент, Ақкент, Ақсу-Шырын, Малыбай, Қорамса, Қарасу. 1897 жылғы санақ бойынша ұйғырлар – 55999, дүнгендер – 14136 адамға өсті. Ұйғырлардың басым көпшілігі егіншілікпен шұғылданып, жан басына орта есеппен 3 десятина жер берілді. Жетісудағы шаруашылыққа қолданылатын су қорының негізі казак кулактары мен қазақ, ұйғыр байларының қолдарында болғандықтан, кедейлер су тапшылығынан жерлерін арзан бағаға байларға сатты. Ауқатты ұйғыр байлары негізінен мал шаруашылғымен айналысты. Байыған ұйғыр кәсіпкерлері Іле өзенінде кемемен жүк тасуды ұйымдастырып, су диірмендерін, мал шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін өндіріс орындарын салуға қаражат жұмсай бастады. Патша өкiметi қазақ даласын түпкiлiктi билеу үшiн әуелi әр түрлi реформалар жүргiзiп, қазақтың елдiк этникалық ұйтқысын iрiтiп, ұлыстарды бөлшекткп, оларды губернияларға, округтерге телiп, ұлтанды елдi тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрiн бiрден жүзеге асыра қойған жоқ. Бұқпантайлап, торғай ұстаған мысықтай жақыннан қармау үшiн алыстан арбап, зымияндық саясат жүргiздi. Патша өкiметi оны кезең-кезеңiмен iске асырады. 2.Еңбекшiлердiң қайыршылыққа ұшырауы. 1731 жылдан 1822 жылға дейiн созылған ел билеу жүйесiндегi протектораттық дәуiр, яғни күштi мемлекеттiң әлсiз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргiзу болды. Бұл кезде патша өкiметi ел билеудiң бұрынғы хандық жүйесiн сақтап, оның iшкi тiрлiгiне араласпай, тұзақты алыстан құрып, сырт иелiгiн жасады, яғни қазақ елiн өзiне жағынып, бас шұлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Бiрақ қазақ жұртының арасына бiлiмдар адамдарын қаптатып, ғылымды бет перде етiп алға ұстап, соның тасасында тұрып, елдiң әдет-ғұрпын, мiнез-құлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал тұстарын пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейiн хан тағынан үмiткер ханзадалар мен сұлтандар арасында ши жүгiртiп, оларды тақ таласына итермеледi. Солардың iшiнде шенқұмар, атаққұмарлары ерекше бағаланып, бұлардан патша өкiметi ештеменi де аяған жоқ. Патша отаршылары қазақ жұртшылығының арасына алауыздық ұрығын осылайша енгiзе бастады. Патша өкiметiнiң қазақ елiнiң басына тәуелдiлiк ноқтасын бiржолата кигiзуi 1822 жылдан 1867 жылға дейiн созылды. Сөйтiп, патша өкiметiнiң отаршылдық саясатының екiншi кезеңi басталды. Бұл кезде ол әскер күшi арқылы елдiң iшкi тiрлiгiне араласып, жергiлiктi шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына iшкi Ресейде жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкелiп орналастырды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Отаршылдық қанаудан жергілікті халықтың экономикалық жағдайы. 2. Еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауы. 3. Жерді зор көлемде тартып алу, алым-салықтың көбеюі. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 356-359 б.б. 2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 121-122 б.б. 3. Ч. Мусин «Ұлы дала тарихы» А; 1994ж. 127 б. 4. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997 ж. 113-114 б.б. 20- дәрiс.
Тақырыбы:Патшалы Ресейдiң 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы әкiмшiлiк реформалары. Дәрістің мазмұны: 1.Капиталистiк қатынастардың Қазақстанға енуi. 2.Басқару туралы Уақытша ереженiң мәнi.
1.Капиталистiк қатынастардың Қазақстанға енуi. 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша әскери-сот комиссиялары мен уездiк соттар құрылды, олар жалпы империялық заңдар негiзiнде жұмыс iстедi. Бұл «Ережелер» екi жыл мерзiмге тәжiрибе түрiнде уақытша енгiзiлген болатын. Алайда, бұл «тәжiрибе»ргiлiктi халыққа терiс әсер етуi ықтимал деген қауiппен 20 жылдам астам уақытқа созылды. 1886 жылы 2 маусымды «Түркiстан өлкесiн басқару туралы ереже», 1891 жылғы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркiстан өлкесi жерiнiң құрамына Ферғана, Самарқанд және Сырдария облыстары кiрдi. Сырдария облысы Әмудария бөлiмiнен және Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата және Ташкент аталған 5 уезден құралды. Ал Орынбор және Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетiсу облыстары кiрдi. 1897 жылы Жетiсу облысы қайтадан Түркiстан генерал-губернаторлығының қарауына берiлдi. 2.Басқару туралы Уақытша ереженiң мәнi. Әскери-әкiмшiлiк отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жерiне ағылып келуiне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын iске асыру жолында Жетiсудың бiрiншi әскери-губернаторы Колпаковскийдiң бастауымен 1868 жылы «Жетiсуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекiтiлдi. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер бөлiндi. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзiмге алым-салықтан, рекруттық (әскери мiндет) мiндеткерлiктен босатылды. Мұқтаж отбасыларға «керек-жарақтар алу үшiн» ақшалай көмек берiлдi. XIX ғасырдың екiншi жартысында Еуропа мемлекеттерiнде дамыған капиталистiк қатынас Ресейге әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Ресейдiң капиталистiк өнеркәсiбi мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндiрiсi арасындағы қатынас күшейдi. Сауда және өсiмқорлық капиталы Ресейдiң орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бiрге өлкенiң өз iшiнде де тауар айналымының өсуiн шапшандатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық бiртiндеп ыдырай бастады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуі және даму салалары. 2. Қазақ жерін басқару туралы Уақытша Ереженің мәні. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 361 б. 2. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003ж. 162-167 б.б. 3. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 123-124 б.б.
21- дәрiс. Тақырыбы: ХХ-ғасырдағы Қазақстан. Дәрістің мазмұны: 1.ХХ ғасырдың басындағы өлкедегi жалпы ахуал. 2. I- шi дүниежүзiлiк соғыстың Қазақстанға әсерi. 3.Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы, оның Қазақстанға әсерi.
1.ХХ ғасырдың басындағы өлкедегi жалпы ахуал. Капиталистiк қатынастардың қазақ даласына енуi көшпелi және жартылай көшпелi мал өсiрушiлiкпен айналысатын қазақ ауылында патриархалдық-феодалдық қатынастардың ыдырау процесiн тездеттi. Өлкеде өнеркәсiптiң жаңа салалары пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлiнiсi одан әрi дамып, жұмысшы табы қалыптасты. ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына қарай Ресейде капиталистiк даму империалистiк сатыға көтерiлдi. Бiрақ Ресейде империализм елдiң экономикасы мен саяси құрылысында феодалдық-крепостниктiк қалдықтардың сақталуы жағдайында дамыды. Помещиктердiң сойылын соғатын iрi монополистiк капиталмен тығыз байланыстағы патша өкiметi елдiң өндiргiш күштерiнiң дамуына тұсау болып, қоғамдық прогрестi тежедi. Бiрiншi орыс төңкерiсi кезiнде патшалық тәртiпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езiлген халықтары да көтерiлдi. Қазақстан еңбекшiлерiнiң 1905-1907 жылдардағы ереуiлдерi орыс халқының төңкерiстiк күресiмен тығыз байланысты болды. Қазақстан қалаларында өткен жұмысшылар мен қызметкерлердiң жиналыстарында Петербургтегi қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық бiлдiрiлдi. Ереуiл кезiнде қаза тапқандардың отбасыларына көиек үшiн қаржы жиналды. Қалалар мен темiр жолдарда ереуiлдер өттi. 1905 жылы ақпанда Перовск, Түркiстан, Шалқар темiржолшылары өздерiнiң экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуiл жасады. 2. I- шi дүниежүзiлiк соғыстың Қазақстанға әсерi. 1914 жылы патшалы Ресей дүниежүзiлiк соғысқа тартылды. Бұл бiрiншi дүниежүзiлiк империалистiк соғыс барлық халықтарға, соның iшiнде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигiздi. 1916 жылы 25 маусымда патша үкiметiнiң “Бұратана халықты мемлекеттiк қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртiбi тураы ереже” қабылдануына байланысты тiптi күшейе түстi. Жұмыстан немесе әкiмшiлiк ережелерi мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға немесе үш ай мерзiмге тұтқынға алуға, болмаса айып ретiнде ақша өндiрiп алуға кесетiн болды. Азық-түлiктiң екi-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршiте түстi. Майданға миллиондаған қазақ, өзбек қырғыз, т.б. ұлттардың жастарын қаруландырмай, соғыс әдістеріне үйретпей аттандыру оларды тірідей өлімге айдаумен бірдей еді. Бұл отаршылдардың бір шырғалаңы болатын. Оған қоса, Ресей өзіне қарсы соғысып жатқан Түркияға мұсылман халықтарын қарсы қойып, олрды өзара қыр-қыстыру қиямпырыстығын да ойластырды. Патша жарлығына сай ең әуелі соғыс барысында қираған әскери бекіністер мен қорғаныс қамалдарын қалпына келтіруге 391065 жігіт жіберілуі тиіс болды. Бұған барлық жерде бұқара халық наразылық білдіріп, ереуілге шығады. Кісі жібермеу антына қол қояды. Ежелгі жаумен белдесуге шыққан елдің бірі Жетісу жұрты болды. Столыпин реформасының әлегінен ата-баба қонысынан айырылып, қанаты қайырылған Жетісу сол 1916 жылдың жаз айларында ұлт-азаттық көтерілістің туын тікті. Олар қарсылық көтерілісіне қол жинап жатқанда қазақтардың ата қонысына орналасқан қара шекпенді мұжықтарды отарлау әкімшілігі қаруландырып үлгерді. Теміржол торабы арқылы Жетісуға бүкіл Түркістан өлкесінен жазалаушылар қосыны келіп жетті. Ойдым-ойдым көтеріліске шыққан халықты патша жазалаушы қосындары қанға бөктірді. Көтерілісті бастаушылар Жәмеңке мен Ұзақ аяусыз жазаланды. 3.Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы, оның Қазақстанға әсерi. 1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық төңкерiс жеңiске жеттi. Патша өкiметi құлатылып, министрлер мен көрнектi чиновниктер тұтқынға алынды. Патша өкiметi құлатылғаннан кейiн бүкiл Ресейдегi сияқты Қазақстанда да қос өкiмет орнады. Бұрынғы патша чиновниктерi, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық Уақытша үкiмет органдарымен бiрге халықтық өкiметтiң жаңа органдары жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестерi құрылды. Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрынғы патша шенеуніктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады: Ә.Бөкейханов – Торғай облысының, М.Тынышбаев – Жетісу облсының, М.Шоқай – Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болды. Қазақ ұлттық зиялыларының жетекшісі Ә.Бөкейханов «Жаңарған Ресейдің азат азаматтары-қазақтарға» деген үндеуінде қазақтарға ұйымдасу қажет екендігін баса көрсетті. Ақпан төңкерісінен кейін ұлттық-либералдық қозғаыстың басшылары қоғамдық-саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты. 1917 жылғы наурыз-сәуір – жұмысшы және саолдат депутаттарының Кеңестері құрылды. 1917 жылғы мамыр-маусым – шаруалар депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері: шаруаға – жер; жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні; халыққа – бейбітшілік беру. 1917 жылғы наурыз – жергілікті социал-демократтардың астыратын жұмыс істеуден ашық түрде жұмыстарын өрістеткен кезеңі. Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Пайдаланылатын әдебиеттер:
22-дәрiс. Тақырыбы:Тоталитарлық жүйенiң қалыптасу кезеңiндегi Қазақстан. Дәрістің мазмұны: 1.Қазақ АКСР-нiң құрылуы. 2.ЖЭС-ке көшуi. 3.Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру.
1.Қазақ АКСР-нiң құрылуы. Заман талабы қазақ халқының ұлттық кеңес мемлекеттігін құруын қажет етті. Жүзеге асыруға тиісті шаралар: халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру; қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру. Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық. Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу.
|