|
Лекция №4Date: 2014-02-26; view: 3210. Компьютердіњ ќ±рылѓылары Жоспар:
1. Дербес ЭЕМ – нің элементтік базасы 2. Дербес компьютерлердің негізгі құрылғылары.
Әдебиеттер: 1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы. 2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж. 3. “Есептеуіш техника және программалау”, О. Камардинов, Алматы - 1997
1. Дербес ЭЕМ – нің элементтік базасы.
Дербес ЭЕМ – нің (ДЭЕМ) элементтік базасы болатын электрондық компоненттері ақпарат өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемелардеп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшаларымен жалғастырады. Жартылай өткізгішті кристал көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды иондық түрде енгізу, дәлме – дәл фотолитография тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады. Осындай күрделі технологиялар нәтижесінде кристалда электр схемасы біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл көлемінде (5х5 мм) жүз мыңнан аса бір – бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі ақпаратты түрлендіру жұмыстарын атқара алады. Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау – барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ – нің әртүрлі тетіктерінің – шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек – бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады. Бұл схемалардың интералдық (біріктірілген) деп аталу себебі, олардың бір кристалды күрделі логикалық функциялардың белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты машина қондырғылары оңай жасалады. ДЭЕМ біріңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар. Жүйелік блок мыналардан тұрады: - микропроцессор; - оперативті есте сақтау құрылғы немесе жады; - тұрақты есте сақтау құрылғы; - қоректендіру блогы мен мәлімет енгізу – шығару порттары. Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді: - ақпарат енгізу құрылғылары; - ақпарат шығару құрылғылары; - ақпарат жинақтауыштар. ДЭЕМ – нің құрамына ең аз дегенде жүйелік блок, бір – бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір ақпарат жинақтауыш кіреді. ДЭЕМ – де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуіне болады.
2. Дербес компьютерлердің негізгі құрылғылары. Дербес компьютерлер құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:
· жүйелік блок; · дисплей немесе монитор; · пернетақта; · тышқан.
Компьютерлердің негізгі құрылғыларының міндеттеріне толығырақ тоқталайық.
Жүйелік блок Компьютердің ең негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Оның ішінде дербес компьютердің түйіндері орналасқан, сонымен катар жүйені электр тоғына қосатын батырма қойылған. Оның ішіндегілерінің түрін көру үшін артқы қақпағын ашу керек. Бірақ корпусы әр түрлі болуы мүмкін. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында: компъютерді қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт дискіден оқитын (CD-ROM) орналастырылған. Кейбір компьютерлердің жүйелік блогында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады. Жүйелік блоктың ішіне аналық тақша (материнская плата) - дербес компьютердің негізгі тақшасы орналасқан. Оның үстіне процессор, жедел жад, шиналар және басқа да құрылғылар орналасқан. Сонымен бірге жүйелік блоктың ішінде қоректендіру блогі, қатты диск, дискжетек, CD-ROM, дыбыс тақшасы, көрініс тақшасы орналасқан. Жүйелі блоктың артқы тақтасында енетін желілерді және порттарды (монитор, порты, тышқан, пернетақта), қосымша құрылғыларды (принтер порты, модем, сканер, микрофон) қосатын қосқыштар орналасқан. Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады
Монитор Монитор (дисплей) - текстік және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған. Монитор түрлі түсті және монохромды (қара-ақ ) болып бөлінеді. Монитор текстік және графикалық режимді қарстыратын видеоадаптер деген арнайы құрылғының басқаруымен жұмыс істейді. Текстік режимде экран 80 символ не 250 символ сиятын 25 жолға бөлінеді.Бұл жолдардағы орынға кодтар таблицасындағы кезкелген символдарды енгізуге болады. Графикалық режимде бейне не сурет телевизордағы сияқты белгілі бір түске боялған нүктелердің бірігуі арқылы құрылды. Қазіргі уақытта EGA видеоадаптері бар түрлі түсті монитор кең тараған (Enhanced Graphic Adapter –– жақсартылған графикалық адаптер) Текстік режимде бұл мониторлардың экранында 16 түстің бірі фонға, жолға енгізілген символға сәйкес болады. Графикалық режимде бейненің жақсы шығуы видеоадаптердің мүмкіндігіне және қабілетіне байланысты. Бұл дегеніміз горизонталь және вертикаль бойынша шығарылатын нүктелер саны. Адаптердің мүмкіндігі немесе қабілеттілігі оның жұмыс істеу режиміне байланысты. Бейненің экрандағы ең кіші элементі (нүкте) пиксель деп аталады. Текстік режимде программалық – аппараттық құрылғылармен әр символ үшін пиксельдерден матрица құрылады,бұл матрица символ бейнесінде экранға жазылады. Суреттің, кескіннің экранға жақсы бейнеленуі манитордың физикалық берілгендеріне видеоадаптердің мүмкіндігіне байланысты. текстік режимде компьютер мониторларының бір – бірінен айырмасы сәл ғана, графикалық режимде видеоадаптердің мүмкіндігіне байланысты кескінніңде сапасы артады.
Пернетақта немесе пернелік ДЭЕМ пернелік тақтасы немесе пернелігі, кез-келген ЭЕМ пернелігі тәрізді бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан тұрады. Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық ақпарат енгізіп солардан оны басқару командаларын да құрастыра алады. Бұл күнде IBM компьютерлері пернелігінің екі түрлі стандартты бар: 84 және 101 пернелік. Бірақ екі стандартта да пернелерінің қызметі бірдей тек олардың орналасуында кейбір пернелердің екі-екіден болуында ғана аздап айырмашылық бар. IBM мен үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгілі бір тәртіппен орналасып мынадай топтарға жіктеледі; алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер: Латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс,қазақ әріптері цифрлар, тыныс белгілері арифметикалық,логикалық және де басқа символдар “бос орын” белгісі; Функционалдық пернелер;F1-F12 Єр түрлі қызмет атқаратын пернелер:, enter, tab, ctrl, alt, shift, numlock, capslock scrolllock,pause(break),prtsc,және “+”, “-”, “*”, “/” тәрізді пернелер; Түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Insert, Delete, Home, End, Pgup, Pgdn, Bascspace және бағыттауыш тілсызық пернелер. Терілген символдар экранның “I” таңбасы яғни курсор тұрған екпінді нүктесіне енгізіледі. Курсор (сілтеме белігі) - жыпылықтап тұратын тік сызықша тәрізді бір символдың орнын көрсетіп тұратын таңба. Алфавиттік әрбір перне латының не қазақтың (орыстың) бір әріпін енгізе алады.Латын әріптері QWERTY стандарты (екінші жолдың сол жақ шетінде орналасқан пернелер тізбегі) бойынша,ал қазақ орыс әріптері баспа машинкасындағыдай болып орналасқан. Цифрлық пернелер қазақ әріптерімен бірге жоғарғы жолда тұр, сандар енгізуді оңайлату мақсатында олар оң жақ шетте тағы қайталанған. Функционалдық пернелер басқару командалары ретінде белгілі бір операцияны орындалай алады.Олардың атқаратын қызметі жұмыс істеп тұрған программаға байланысты болады. F1 пернесі көбінесе ЭЕМ-нің өзінен жылдам көмек алуды сұрау үшін қолданылады.
-пернелері курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжыту; Home – курсорды жолдың басына жылжыту; Pgup - курсорды мәтін бойынша бір рет жоғары көтеру; Pgdn - курсорды мәтін бойынша бір рет төмен түсіру; Baskspace пен Delete пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді, Baskspace – сол жақтағы символды өшіреді, Delete – курсордың оң жағындағы символдарды өшіреді. Бір сөзбен, екінші сөз “бос орын” пернесін басу арқылы бөлініп жазылады.Tab пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің келесі бағанасына жылжытады. Insert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді, олар: ”Енгізу”-символдарының арасына оларды ығыстыра отырып, жаңа символ енгізу режимі және “Алмастыру”- бұрынғы енгізілген символдарды теріліп отырғанжаңа символдарменауыстырады. Enter – пернесін басу кез-келген команданың енгізіліп біткенін көрсетеді де, енгізіліп ақпаратты компьютермен өңделе бастайды. Capslock, Scrolllock, Numlock - белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда мүмкін болатын екі тәртіптің бірін орындайды: негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады.Сол пернені қайта бассақ, қосалқы режим іске қосылады. Қосалқы режимге көшкенде пернеліктегі кішене шам жанып белгі береді. Capslock - пернесінің негізгі режим – кіші әріптерді енгізу, қосалқысы – бас әріптерді енгізу. Numlock- пернесінің негізгі режимі - қосымша цифрлық пернелердің курсорды басқару тәртібін орнату болса, қосалқы - цифрларды теру тәртібін орнату. Ctrl, Alt, Shift - пернелері тіркелу пернелері болып саналады да басқа пернелермен бірге пайдаланып әртүрлі әрекеттер комбинациясын іске асырады. Олардың атқаратын қызметтері әрбір программада өзгеріп отырады,сол себепті атқаратын жұмысын программалар сипаттамаларын білу керек. Ctrl,Alt пернелері басқа пернелер қызметін өзгертуге пайдалынады.
Компьютерді басқару мақсатында қолданылатын бірнеше негізгі комбинация бар: Сtrl+Alt+Delete-компьютерді өшіріп қайта іске қосу әрекетін орындайды,яғни оператциялық жүйе жұмысын жаңалау ісін атқарады.Көптеген ЭЕМ-дер жүйе блогында Reset батырмасы бар. Соны басу арқылы да жоғарыдағы әрекетті орындауға болады. Ctrl+Break-орындалып жатқан программаны кілт тоқтату немесе команда орындауды доғару,кейде бұл комбинция орнына Ctrl+C пернесінде болады. Ctrl+S орындалап жатқан әрекетті уақытша тоқтата,тұрып мұның да орнына Pause пернесін басуға болады. Shift+Prtsc экрандағы бейнені баспа құрылғысына шығару жаңа компьютерлерінде бұл экрандағы бейне буферге алу қызметін атқарады. Мәтіндерді түзету кезінде регистрлік пернелер ішінен тек shift пернесінің тікелей атқаратын қызметі бар,ол бас әріп енгізуді іске асырады.Мысалы Shift+r-R бас әріпін енгізу.Ал цифрлық перненің бетінде жазылған екі символдың жоғарғы жағында көрсетілгенін енгізу үшін Shift пернесін басу қажет.Бас әріптерді тұрақты күйде теру үшін Caps Lock пернесін қолданамыз. Esc-пернесі (шығу,көшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады. Tab-мәтінді түзету кезінде кестенің келесі бағанасына өтуді орындайды.Кейбір программада оның атқаратын қызметі басқашада болуда ықтимал:экрандағы келесі терезеге өту немесе менюдің басқа командасына ауысу және т.с.с. Пернелікте латын әріптері американдық машинкалардағы секілді,ал қазақ,орыс әріптері біздегі машинанкалар таңбаларына сәйкес орналастырылған. Бұл алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы програмасын орындау арқылы жүргізіледі. Ол компьютер ток көзіне жалғанғанда іске қосылып тұрақты күйде жұмыс жасап отырады.Кейбір драйверлер алфавитті ауыстыру үшін екі Shift пернелерін қатар басуды талап етсе,кейбір Shift+Ctrl пернелерін немесе одан да басқа комбинацияларды пайдалануды талап етеді. Тышқан Қазіргі көптеген прогаммалармен жұмыс істеу үшін тышқан немесе оны ауыстыра алатын құрылғылар қолданылады. Бұл құрылғыларды көрсеткіш (указатель ) құрылғылар деп аталады.
Тышқан алақанға сиятын, екі не үш кнопкасы бар кішкене қорапша. Жүелік блокқа жалғанатын проводымен бірге ол шынында тышқанға ұқсайды.Тышқанды стол бетімен қозғалтқанда компьютер экрандағы тышқанның стрелкасыда қозғалады. Керекті командаға стрелканы әкеліп кнопканың біреуін бассақ, командамыз орындалады. Әдетте тышқанның сол жағындағы кнопка қолданылады.
|