Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Бейнекарта


Date: 2014-02-26; view: 2454.


Шина

Процессор

Лекция №5

Компьютердіњ ќ±рылѓылары.

Жоспар:

1. Дербес компьютерлердіњ ішкі ќ±рылѓылары.

2. Дербес компьютерлердің сыртќы құрылғылары.

 

Әдебиеттер:

1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3. “Есептеуіш техника және программалау”, О. Камардинов, Алматы - 1997

1. Дербес компьютерлердің ішкі құрылғылары

 

Аналық тақша

Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады. Онда мынадай құрылғылар орналасады:

· процессор;

· шина;

· жедел жад;

· тұрақты жад;

· слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары).

 

Процессор – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.

Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.

Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Intel Pentium процессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16 – разрядты Intel – 8086 процессоры болып табылады. IBM PC компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Intel – 80286, Intel – 80386, Intel – 80486, Intel – Pentium 60, 66, 75, 90, 100, 133; Intel Pentium ММХ, Intel Pentium Pro Intel Pentium II, Intel Celeron, Intel Pentium III процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Intel фирмасы болса, кейінірек ADM, Cyrix фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.

Процессордың бір – бірінен өзгешелігі олардың типтері (моделдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік – олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Intel Pentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 133, 150, 166, 200 және 233 Мгц жиілікпен жұмыс істейді.

 

Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина.

 

Компьютердің жады.

Компьютердің жады оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір – бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады.

Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді.

Жедел жад (ОЗУ) немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез – келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.

 

Тұрақты жад (ПЗУ) – стандартты программаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (BIOS, таңба генераторларының кестесін және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар (программалауыштар) арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.

 

Қатқыл диск

Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дисклердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі кезде қатқыл дискінің 80 Гбайтқа жетті және ол одан әрі ұлғайтылуда.

 

Иілгіш дискілерге арналған дискжетек

Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмасиыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер (дискет) арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан.

Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 диюмдік дискеттер қолданылады. Оған 1,44 байткөлемінде ақпарат жазылады.

 

Жинақы – дискіге арналған дискжетек

1994 – 1995 жылдар аралығында дербес компьютерлердің құрамына диаметрі 5,25 диюмдік болатын CD – ROM тасуыштары енгізілді. CD – ROM (Compact Disk Read-Memory) сөзінің қзақша аудармасы жинақы дискіге негізделген тұрақты есте сақтау құрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпараттарға (графиктік, музыка, бейне) тән, сондықтан CD-ROM дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жатқызады. Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиялық басылымдар деп атайды.

 

Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.

Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптерлер SVGA. Ол 16,7 миллион түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді. Экранның шешуі бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін өзіне сәйкес тиімді экран шешуі анықталған. Мысалы 14 дюйм болатын монитордың экран шешуі 640х480, ал 19 дюймдік экрандар үшін 1280х1024 шешу пайдаланылады. Мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу үшін 640х480 шешулі мониторлар жеткілікті. Көптеген қолданбалы программалармен жұмыс жасау үшін шешуі 1024х768 болатын мониторлар қажет болады.

 

 

2. Дербес компьютерлердің сыртқы құрылғылары

 

Компьютерлердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады.

Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады;

· мәліметтерді енгізу құрылғылары;

· мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары;

· мәліметтерді сақтау құрылғылары;

· мәліметтермен алмасу құрылғылары.

 

Енгізу құрылғылары

Мәліметтерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик – компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен қозғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.

 

Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар.

Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар қолданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.

 

Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары

Мәліметтерді баспаға шықару үшін мониторға қосымша притер деп аталатын баспаға шығару құралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөлінеді.

 

Мәліметтерді сақтау құрылғылары.

Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, Zip – тастауыштар және HiFd – тасуыштары жатады.

Стримерлер- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стримерлерге арналған магиттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

Zip – тастауыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Iomage компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдерді стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. Zip – тастауыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюмдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздіктірінде.

Sony компаниясы жасап шығарған HiFd құрылғысы кәдімгі стандарттық иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген.

 

Мәліметтермен алмасу құрылғысы.

Модемдер (модулятор + ДЕМмодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз. байланыс арналарының типіне қарай қабылдау – жіберу құрылғыларын радиомодемдер кабельдік модемдер және т.б деп бөлінеді. Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модульяциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы жиілігі бойынша ), телефон желісіне бағыталады.

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Лекция №4 | Лекция №6
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.069 s.