Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тапсырма №2


Date: 2015-10-07; view: 604.


Тапсырма №1

  1. Қазақстандағы сауданың жаңа түрі.
  2. Жәрмеңкелік сауданың енгізілуі.
  3. Жәрмеңкелердің ірі сауданың қолайлы түріне айналуы.
  1. ХІХ ғ. І-жартысында Қазақстан экономикасындағы ірі өзгеріс:

А) Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің пайда болуы.

В) Шетелдермен сауданың дамуы.

С) Мал шаруашылығының өркендеуі.

D) Үй құстарын өсіру.

2. Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Кіші Орда ставкасында қай жылы ашылды?

А) 1820 ж.

В) 1821 ж.

С) 1822 ж.

D) 1835 ж.

3. Семейдегі қалалық жәрмеңкелер қашан ашылды?

А) 1855 ж.

В) 1860 ж.

С) 1869 ж.

D) 1872 ж.

4. ХІХ ғ. басында Шыңған мен Қазақстан арасындағы маңызды сауда орталығы болған Коряков қазіргі қандай қала?

А) Аягөз

В) Өскемен

С) Павлодар

D) Семей

5. «Үлкен Тибет» жолын ашқан грузін копесін атаңыз.

А) М.Рафаилов

В) Г.Глазенап

С) С.Мадатов

D) Ю.Головкин

 

Әдебиет:Х.Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1994ж. 121-122 б

Ч.Мусин «Ұлы дала тарихы» А; 1994ж. 127 б.

8. Курстық жұмыс, лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау.(Бұл пән бойынша дәріс оқылатын топтарда лабораториялық, курстық жұмыстар орындалмайды.)

  1. Білім алушылардың өз бетінше дайындауға арналған материалдар.

Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары.

Рефераттардың тақырыптары:

1. Бөрiқазған, Тәңiрқазған, Қызылтау, Шақпақ-Ата – Қазақ елiндегi палеолит дәуiрiнiң археологиялық ескерткiштерi.

2. Рулық қауым – адамдардың бiрлескен ұйымының алғашқы түрi.

3. Андронов мәдениетiнiң Қазақстандағы ошағы.

4. Сақ тайпаларының зергерлiк өнерi.

5. “Алтын адам” – көшпелi мәдениетiнiң аса жарқын үлгiсi.

6. Қазақ халқының этно-әлеуметтiк дамуындағы ғұндардың ролi.

7. Үйсiндердiң археологиялық ескерткiштерi.

8. Қаңлылардың археологиялық ескерткiштерi.

9. Мөде тәңiрқұты – Ғұн мемлекетiнiң аса көрнектi қайраткерi.

10. Бумын қаған – Орталық Азияда түрiк этносаяси бiрлестiгiнiң негiзiн салушы.

11. Суяб қаласы – Батыс Түрiк қағанатының саяси, әкiмшiлiк орталығы.

12. Түрiк қағанатының құрылуының тарихи маңызы.

13. Қарлұқ мемлекетi және оның қазақстан тарихындағы орны.

14. Қарлұқтарға ислам дiнiнiң таралуы.

15. Сатұқ Боғра – Қара-хан – Қарахан қағанатының негiзiн салушы.

16. Қазақ және басқа да түрiк халықтарының қалыптасуындағы қыпшақтардың ролi.

17. Қыпшақтардың тайпалық және этникалық құрамы.

18. Қыпшақ этносы – қазақ ұлтының негiзiн қалаушы.

19. Ұлы Жiбек жолы және сауда.

20. Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемiнiң үздiк ойшылы, ақын.

21. Отырардың ерлiк қорғанысы.

22. Ақ Орда – монғолдардан кейiнгi кезеңде Қазақстанда жергiлiктi этникалық негiзде құрылған тұңғыш iрi мемлекеттiк құрылым.

23. Сарайшық – Ноғай ордасының астанасы.

24. Қазақ халқы шығуының этно-мәдени және экологиялық аспектiлерi.

25. XIII-XV ғасырлардағы қазақ жерiндегi халықтың аумақтық орналасуы мен рулық-тайпалық құрамындағы өзгерiстер.

26. “Қасым ханның қасқа жолы”.

27. Тәуке хан және оның қазақ тарихындағы реформаторлық қызметi.

28. Шапырашты Қарасай батыр.

29. Тәуке ханның сыртқы саясаты.

30. Тәуке ханның “Жетi Жарлығы”.

31. Тәуке хан кезiндегi Қазақстан мен Ресейдiң елшiлiк қатынасы.

32. “Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама” – қазақ тарихының қаралы бетi.

33. “Қалмақ қырылған” және “Аңырақай” шайқастарының тарихи маңызы.

34. Қазақстанның Ресейге қосылуының алғы шарттары.

35. Патша өкiметiнiң Қазақстандағы саясаты. (XVIII ғ.-40 жылдары)

36. Абылай хан; мемлекеттiк қайраткер, әскери қолбасшы және дипломат.

37. XVIII ғасырдағы қазақ-қытай қатынастары.

38. Бұқар жырау Қалқаманұлы – Абылай ханның ақылшысы, кемеңгер ойшыл, философ.

39. Нұралы хан заманындағы Кiшi жүздiң саяси билiк жүйесiндегi дағдарыс.

40. Сырым батыр, оның тарихи-саяси келбетi.

41. Қазақ даласындағы XIX ғасырдың I-жартысындағы жәрмеңкелер тарихы.

42. Жәңгiр ханның әлеуметтiк, экономикалық және мәдени бағыттағы реформалары.

43. И.Тайманұлы – Бөкей Ордасындағы азаттық күрестiң көсемi.

44. М.Өтемiсұлы – ұлттық тәуелсiздiктiң жалынды жаршысы.

45. Ж.Бөкейұлы – мемлекеттiк қайраткер, саяси тұлға.

46. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс.

47. Есет Көтiбарұлы бастаған көтерiлiс.

48. Жанқожа Нұрмұхаметұлы – Сырдария қазақтарының басшысы.

49. Ұлы жүздiң Ресейге қосылуы.

50. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әкiмшiлiк басқару жүйесi.

51. Ш.Уалиханов және патша үкiметiнiң әкiмшiлiк реформасы.

52. Қоныстандыру қоғалысы және оның кезеңдерi.

53. Қазақстан және Қытай, әлеуметтiк-экономикалық саяси қатынастар мәселелерi.

54. Қазақстанның этнодемографиялық сипаты. ( XIX ғ.-соңы)

55. XIX ғасырдың II-жартысындағы қазақ халық ағартушыларының қоғамдық саяси ойлары. (Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құанбаев)

56. “Қазақ” газетi және азаттық үшiн күрес идеологиясының қалыптасуы.

57. Батыс Қазақстан территориясындағы аграрлық мәселелерi.(1900-1914 ж)

58. Алашорда – XX ғасырда қазақтың алғашқы ұлттық мемлекетi.

59. Орал қаласы Азамат соғысы жылдарында.

60. Батыс Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын жылы.

61. “Шығыстың қос жұлдызы” Әлия, Мәншүк ерлiгi.

62. Тың игерудiң экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк демографиялық зардаптары.

63. Д.А.Қонаев – қоғамдық-мемлекеттiк қайраткер.

64. Қазақстан Республикасы – егемендi және тәуелсiз мемлекет.

65. Қазiргi Қазақстанның сыртқы саясаты.

66. Қазақстан Президенттiк республика.

67. Н.Ә.Назарбаев – көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерi.

10. Оқу практикасын өтудегі құжаттар толтыруға арналған әдістемелік нұсқау. (Бұл пән бойынша дәріс оқылатын топтарда практикалық сабақ өтілмейді.)

 

11. Студенттердің қол жеткізген табыстарын бағалайтын материалдар.

Пән бойынша білімді бағалау кестесі

Дәрістегі белсенділік
Семинардағы жұмыстағы белсенділік
СОӨЖ-дағы белсенділік
СӨЖ орындауы
Жеке тапсырмалар
Рубеждік бақылау
Аралық аттестация (Р1, Р2) N
Ағымдық бақылау
Емтиханға жіберілетін рейтинг Барлық бағалардың орта арифметикалық сомасы
Қорытынды бақылау (емтихан) (Р1+Р2)/2  
Қорытынды Ағымдық бақылау * 0,6  
Жеке тапсырмалар 100*0,4  
Рубеждік бақылау Емтиханға жіберілетін рейтинг + қорытынды нәтиже  

 

Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Бағалау
Бағаның әріптік баламасы Бағаның сандық баламасы Бағаның проценттік баламасы Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
A 4,0 95-100 өте жақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 қанағаттанарлықсыз

Тапсырма №1. Қазақстан тарихы бойынша бақылау жұмысы.

Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру.

1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:

1. Тас дәуiрiнiң даму кезеңдерiн ата.

2. Алғашқы қауымдық құрылыстағы меншiк сипаты қандай?

3. Қола дәуiрiнiң ерекшелiктерiмен даму кезеңдерi.

4. Биғазы-Дәндiбай мәдениетiнiң Андронов мәдениетiнен ерекшелiгi қандай?

5. Қол дәуiрiндегi қоғамдық қатынаста қандай рулық қатынас орнады?

6. Ежелгi грек авторлары сақтар жөнiнде қандай мәлiмет бередi?

7. Сақтар мен сарматттардың әлеуметтiк құрлымымен тұрмысы.

8. Батыс Қазақстанның сармат саврамат мәдениетi.

9. Ғұндар туралы деректер, ғұндардың қоғамы.

10. Ғұндар шаруашылығының жүйесiн қалай сипаттауға болады.

11. Үйсiндердiң археологиялық ескерткiштерiн ата.

12. Қаңлылардың археологиялық ескерткiштерiнiң табылу орындары.

13. Түрiк этнонимi туралы түсiнiк.

14. Батыс Түрiк қағанатының құрылуының алғы шарттары.

15. Түркештердiң саяси тарихы.

16. Қарлұқтар туралы жазба деректер және олардың шығу тегi.

17. Оғыздардағы басты шаруашылықтың түрi қандай?

18. Қазақстан жерiндегi көшпелi қоғамдардың саяси құрылымдарынан қарахандықтардың мемлекеттiк ұйымының басты айырмашылығы неде?

19. Наймандардың, керейiттердiң, жалайырлардың ертеректегi мемлекеттерi Қазақстанға шектесiп жатқан Манғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына қандай тiкелей қатынасы бар?

20. Дештi Қыпшақ атауы қалай пайда болды және Қыпшақ мемлекетi қандай территориялық аумақты алып жатты.

21. Ұлы Жiбек жолының қазақстандық бағыттарымен тармақтарын ата.

22. Манғолдардың шығу тегi және олардың жазба деректерден көрiне бастаған кезеңдерi.

23. Шыңғыс хан мемлекетiнiң құрылуы: саяси-әкiмшiлiк құрылысы, шапқыншылық саясатының мәнi.

24. Ұлыстардың құрылуы, территорияларын ата.

25. Әбiлхайыр ханның мемлекеттiк әкiмшiлiк құрылысы.

26. Қазақстан аумағындағы XIV-XV ғасырларда өмiр сүрген мемлекттердiң VI-XIII ғасырлардағы мемлекеттерден қандай даму ерекшелiктерi болды?

27. Қазақ халқының құрылып, қалыптасуының тарихи алғы шарттары қандай?

28. Қазақ жүздерiнiң қазақ халқының қалыптасуындағы орны.

29. Қасым хан тұсындағы мемлекеттiң саяси өрлеуiн неден көруге болады?

30. Тәуке хан тұсындағы Ресеймен және көршi халықтарымен өзара қарым-қатынас қалай жүрдi.

31. 1726 жылғы Орда басы жиынының тарихи мән маңызы неде?

32. Жоңғар мемлекетiнiң агрессиялық саясатының үдеуi қай уақыттан басталды?

33. Қазақ халқының азапты босулармен айбынды жеңiстерi қай жылдары болды және бұл шайқастар қалай аталады?

8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:

1. Әбiлхайыр ханның тамаша қолбасшылық дарыны қандай шайқастарда көрiндi.

2. Қазақ Ресей саяси байланыстарында Әбiлхайырдың жеке мүддесi болды ма?

3. Абылай хан Қазақ елiнiң экономикалық дамуына қандай өзгерiстер енгiздi.

4. Абылайдың саяси билiгi Үш жүзге түгелдей жүрдi ме?

5. Қазақстанның тәуелсiздiк үшiн күрес жолындағы Абылай ханның тарихи орны.

6. Қазақтардың Е.Пугачев көтерiлiсiне қатысуының басты себептерi неде?

7. Көтерiлiске қатысты Нұралы ханның ұстанған саясаты оның хандық билiгiне және Ресеймен қатынасына қалай әсер еттi?

8. Е.Пугачев соғысымен Сырым Датұлы көтерiлiсiнiң аралығындағы патша үкiметiнiң Кiшi жүздегi саясаты.

9. Сырым батыры мен Нұралы хан қарым-қатынасы.

10. Сырым батыр бастаған халық көтерiлiсiнiң қазақ тарихындағы орны.

11. XIX ғасырдың I-жартысындағы шаруашылық саласындағы жаңа бағыттар.

12. 1822 жылғы Жарғының өлке тарихындағы орны.

13. Сiбiр қазақтарының жарғысындағы ақсүйектердiң, сұлтандардың жағдайы қалай анықталды?

14. Бөкей хандығы тарихи құжаттарда нелiктен iшкi Орда деп аталды?

15. Исатай батыр бастаған көтерiлшiлердiң әлеуметтiк құрамының ерекшелiктерi қандай?

16. Махамбет Өтемiсұлының поэтикалық мұрасындағы көтерiлiс мәселесi.

17. Тарихи тұлға Кене ханның күресi сол заманда жеңiспен аяқталуы мүмкiн бе едi.

18. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңiлу себептерi мен маңызы неде?

19. Есет Көтiбарұлы бастаған көтерiлiстiң XIX ғасырдағы Қазақстандағы басқа ұлт-азаттық қозғалыстардан жеке ерекшелiгi бар ма?

20. Жанқожа Нұрмұхаметұлы басқарған көтерiлiстiң негiзгi себептерi қандай?

21. Қазақстанда отарлық басқару жүйесiн бекiтудегi 1867-1868 жылдардағы әкiмшiлiк реформалардың маңызы.

22. Реформаға байланысты Шоқан Уалихановтың қандай ұсыныстары болды?

23. Патшалық Ресейдiң шаруаларды қазақ жерiне жаппай қоныс аудартудағы мақсаты не?

24. XIX ғасырдың 60-жылдардың аяғы 70-жылдардың басында азаттық күресiнiң жетекшiлерi?

25. 1905-1907 жылдардағы орыс ревалюциясының Қазақстанға әсерi.

26. 1916 жылғы патша үкiметiне қарсы Қазақстанда неге тек қазақ халқы көтерiлдi?

27. Алаш Орда үкiметiнiң мүшелерi, олардың алға қойған мақсаттары.

28. 1917 жылғы жалпы қазақ съездерi, шақырылу себептерi, қаралған мәселелер және қабылданған шешiмдер.

29. Қазақ АКСР-iнiң құрылуы.

30. Қазақстанда индустрияландыру саясаты қалай жүрдi?

31. 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың себебi неде?

32. Қазақстанда тұңғыш ашылған жоғары оқу орындарын ата.

33. Ұлы Отан соғысы кезiнде Қазақстанда құрылған дивизиялар.

34. Қазақстандық неше жауынгер Ұлы Отан соғысының батыры атағын алды, оның iшiнде нешеуi қазақ?

35. Тың және тыңайған жерлердi игеру, оның әлеуметтiк-экономикалық салдары.

36. Экологиялық дағдарыс: “Невада – Семей”, “Арал”, “Нарын” қозғалыстары.

37. “Жариялылық” саясаты: жетiстiктерi мен кемшiлiктерi.

38. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себебi?

39. Мемлекеттiк егемендiк туралы Деклорация және Тәуелсiздiк туралы Конститутциялық заң.

40. “Қазақстан – 2030” бағдарламасының мазмұны.

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Тапсырма №2 | Тапсырма №2
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.004 s.