Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тапсырма №2


Date: 2015-10-07; view: 661.


Қазақстан Республикасы тарихы пәні бойынша тест сұрақтар жинағы


1. Ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті туралы негізгі мәліметтерді археологиялық материалдардың қандай түрі береді ?

A) Қыштан жасалған заттар

B) Қолдан жасалған заттар

C) Адамдар мен жануарлардың сүйектері

D) Тастан жасалған еңбек құралдары

E) Жануарлардың сүйегінен жасалған заттар

2. Андронов мәдениетін қалыптастырған тайпалар қай жерді мекендеді ?

A) Жетісуда

B) Батыс қазақстанда

C) Шығыс қазақстанда

D) Орал мен Енисей арасында

E) Орталық Қазақстанда

3. Қазақстан территориясында табылған алғашқы адам іздері қай дәуірге жатады ?

A) Неолит

B) Жоғарғы палеолит

C) Орта палеолит

D) Төменгі палеолит

E) Қола дәуірі

4. Қола дәуірінің мәдениетін ата:

A) Тасмола

B) Беғазы-Дәндібай

C) Нұра

D) Атасу

E) Кодекс Куманикус немесе қыпшақтың жазба кітабы

5. Бумеранг қай ғасырға жатады ?

A) Мезолит

B) Неолит

C) Жоғары палеолит

D) Төменгі палеолит

E) Темір ғасыры

6. Қазақстанда теңсіздіктің шығуы қай кезеңде болды ?

A) Палеолит

B) Мезолит

C) Неолит

D) Қола

E) Энеолит

7. Сақ тайпаларында мал шаруашылығының қандай түрі басымболды ?

A) Түйе шаруашылығы

B) Қой шаруашылығы

C) Жылқы шаруашылығы

D) Мүйізді ірі қара

E) Құйрықты қой өсіру

8. Үйсіндердің астанасы Чигучен қай жерде орналасқан?

A) Шу алқабы

B) Таласта

C) Ыстықкөлде

D) Іле алқабында

E) Қытай шекарасы маңында

9. Ғұн қоғамында қанша ру болды ?

A) 25

B) 24

C) 17

D) 19

E) 30

10. Қазақстанда алғаш пайда болған тайпалық одақтар қалай аталады ?

A) Ғұн

B) Үйсін

C) Қаңлы

D) Сақ

E) Түркі

11. Сақтардың билеушісі кім ?

A) Кир

B) Дарий

C) Тұман

D) Оғыз

E) Томирис

12. Алтын адам ескерткіші Қазақстанның қай жерінен табылды ?

A) Отырар

B) Ақтау

C) Қарқаралы

D) Аспара

E) Есік

13. Қаңлылардың территориясы қай жерде орналасқан:

A) Жетісу

B) Оңтүстік қазақстан

C) Шығыс Қазақстан

D) Маңғыстау

E) Орталық Қазақстан

14. Үйсіндердің жоғары билеушісінің титулы:

A) Хан

B) Патша

C) Шаньюй

D) Гуньмо

E) Шах

15. Қимақ қағанының орталығы қайда орналасқан?

A) Сырдария

B) Талас

C) Іле

D) Ертіс

E) Ыстықкөл

16. Қаңлылардың астанасы болған қала:

A) Ұйғу

B) Битянь

C) Суяб

D) Янгикент

E) Чигучен

17. Рулар қай дәуірде пайда болды ?

A) Ерте палеолит

B) Орталық палеолит

C) Соңғы палеолит

D) Неолит

E) Мезолит

18. Махмуд Қашғаридың еңбегі :

A) Жылнамалар жинағы

B) Орынбор тарихы

C) Сібірдің сызба кітабы

D) Диуани луғат ат түрк

E) Құдатғу білік

19. Кімдерді шошақ бөріктілер деп атаған ?

A) Тиграхауда сақтары

B) Хаумаварга сақтары

C) Массагеттер

D) Аландар

E) Савроматтар

20. Түркі тайпаларының бірінші ерте феодалдық мемлекеті қалай аталды ?

A) Түргеш қағанаты

B) Қарлұқ қағанаты

C) Қарахандар мемлекеті.

D) Батыс Түрік қағанаты

E) Түрік қағанаты

21. Қай тайпаның жылжуы ұлы қоныс аударуға бастама болды ?

A) Сақтар

B) Ғұндар

C) Андроновтар

D) Түріктер

E) Наймандар

22. Қазақ хандығы қай жерде құрылды ?

A) Дешті Қыпшақ, жетісу.

B) Самарқанд

C) Мәуереннахр

D) Жоңғария

E) Алтын Орда.

23. 552 жылы түрік қағанатының негізін қалаған қаған кім ?

A) Мұқан

B) Бумын

C) Жеғұй

D) Тон Жабғу

E) Үш Елік.

24. Қарлұқ тайпаларының көсемдері қандай лауазыммен аталады ?

A) Гуньмо

B) Шаньюй

C) Қаған

D) Жабғу

E) Елтебер

25.Ұлы Отан соғысы жылдары 316-атқыштар дивизиясы Қазақстанның қай қаласында жасақталды ?

A) Орал

B) Ақтөбе

C) Қостанай

D) Алматы

E) Өскемен

26. 9-10 ғасырларда Оғыз этникасы қай аймақта құрылды ?

A) Сырдария

B) Жетісу

C) Іле алқабы

D) Тянь-Шань сілемдері

E) Балқаш маңы.

27. Оғыздар қандай дін ұстанды ?

A) Ислам

B) Христиан

C) Будда

D) Католик

E) Пұтқа табыну

28. Қарахан әулетінің негізін салушы:

A) Сатұқ Боғрахан

B) Үш Елік

C) Мұқан

D) Сақал

E) Сұлу

29. Көктемде қазақтар маусымдық жайылымның қай түрін пайдаланған :

A) Жайлау

B) Күзеу

C) Қыстау

D) Көктеу

E) Көктемде жайылым болмаған.

30. Қорқыт кім ?

А) Шығыстағы белгілі ғалым

B) Жырау, сазгер

C) Мұсылман дінінің негізін қалаушы

D) Алтын Орданың ханы

E) Отырар қаласын қорғаушы

31. Моғолстан мемлекетіне қандай тайпалар кірді ?

A) Дулат, қаңлы, үйсін,

B) Найман, қыпшақ, арғын.

C) Өзбек, қазақ, қырғыз.

D) Татар, хорезмистілік,

E) Дұнған, ұйғыр.

32. 15 ғасыр аяғында құрылған Сібір хандығының ханы:

A) Жәдігер

B) Бекболат

C) Тұрсынмұхамед

D) Көшім

E) Ибақ хан.

33. Қожа Ахмед Яссауи мавзолейі қай жерде орналасты?

A) Отырар

B) Тараз

C) Мерке

D) Сауран

E) Түркістан.

34. Алтын Орда кімнің жеке иелігінде болды ?

A) Үгедей хан тұқымының

B) Төле хан

C) Шағатай

D) Жошы

E) Жоғарыдағының бәрі

35. Ақ Орда хандығының территориясы қай жерлер

A) Сырдария, Орталық Қазақстан

B) Еділ мен Жайық

C) Маңғыстау

D) Оңтүстік Шығыс Қазақстан

E) Хорезм

36. Куликова шайқасында Алтын Орда әскерін кім басқарды ?

A) Ноғай

B) Тоқтамыс

C) Едіге

D) Орыс

E) Мамай

37. Алтын Орданың астанасы қай қала ?

A) Темір қақпа

B) Отырар

C) Сығанақ

D) Сарай

E) Самарқанд

38. Шыңғыс хан енгізген заңдар :

A) Шариғат

B) Жеті Жарғы

C) Яссы

D) Қасқа жол

E) Ескі жол

39. Алтын Орданың негізгі тілі :

A) Шағатай тілі

B) Оғыз

C) Қыпшақ

D) Монғол

E) Парсы

40. Жүз деген атау қандай мағына береді ?

А) Жеке мемлекет

B) Жеке халық

C) Тарихи шаруашылық аймақ

D) Бір мемлекетте әртүрлі тілде сөйлейтін тайпалар территориясы

E)Бір мемлекетте әртүрлі шаруашылықпен айналысатын тайпалар территориясы

41. Кіші Жүздің рулары :

A) Найман, арғын

B) Қыпшақ, дулат

C) Үйсін, албан

D) Керей, жалайыр

E) Адай, қаракесек.

42. Ноғай Ордасының территориясы :

A) Дон мен Дунай

B) Еділ мен Дон

C) Қырымда

D) Еділ мен Жайық

E) Сырдария

43. Әбілқайыр хандығының астанасы :

A) Сығанақ

B) Отырар

C) Сауран

D) Ташкент

E) Тура

44. Жоңғар хандығы қай жылы құрылды ?

A) 1635

B) 1580

C) 1644

D) 1687

E) 1654

45. Жеті Жарғы қай ханның тұсында құрылды ?

A) Есім

B) Тәуке

C) Хақназар

D) Жәңгір

E) Шығай

46. 1643 жылы қазақ жоңғар ұрысында қазақ әскерін қай хан басқарды ?

A) Тәуке

B) Жәңгір

C) Тәуекел

D) Есім

E) Абылай

47. Жоңғариядағы жоғары билеушінің титулы :

A) Хан

B) Шах

C) Патша

D) Әмір

E) Қонтайшы

48. Керей мен Жәнібек хандар қай мемлекеттен бөлінді?

A) Ноғай

B) Сібір

C) Моғолстан

D) Әбілқайыр хандығы

E) Ақсақ Темір мемлекеті

49. Қазақ хандығының алғашқы іргетасы қайда қалыптасты ?

A) Сырдария бойы

B) Еділ мен Жайық

C) Шу мен Талас

D) Іле бойы

E) Ертіс

50. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларының Ақтабан Шұбырынды жылдарынан кейін берген соққысы қалай аталады ?

A) Аңырақай

B) Қалмақ Қырылған

C) Жауқашты

D) Алтын Емел

E) Іле бойындағы шайқас

51.Тәуке хан тұсында сот міндетін кім атқарды ?

A) Сұлтан

B) Батыр

C) Билер

D) Хан

E) Хан туыстары

52.17 ғасырда қазақ хандығына қауіп төндірген ел :

A) Сібір хандығы

B) Ноғай Ордасы

C) Хиуа хандығы

D) Жоңғар мемелекеті

E) Ақ Орда

53. Жоңғарларға қарсы күрес жүргізу үшін үш Жүз өкілдері қай жерде бас қосты ?

A) Ордабасы

B) Ұлытау

C) Түркістан

D) Қарқаралы

E) Атырау

54. Абылай хан хандық билікке қандай өзгеріс енгізді ?

A) Хандық кеңес

B) Хан билігін шектеді

C) Хан билігін шектеусіз етті.

D)Хан, билер кеңесінің шешімімен есептесетін болды

E) Хандық билікті жойды.

55. 17 ғасырда қазақ хандығының астанасы қай қала болды ?

A) Сығанақ

B) Сауран

C) Тараз

D) Сарай

E) Түркістан

56. Қазақ хандығының құрылуы қандай ортағасырлық жылнамада айтылған ?

A) Геродот жылнамасы

B) Қытай

C) Парсы

D) Тарихи Рашиди

E) Монғол жылнамасы

57. Кіші Жүз Ресей құрамына қашан енді ?

A) 1751

B) 1784

C) 1789

D) 1731

E) 1780

58. Орта Жүзде хандық билік қашан жойылды ?

A) 1814

B) 1825

C) 1816

D)1822

E) 1834

59.18 ғасырда Әбілқайыр кім болды ?

A) Батыр

B) Би

C) Сұлтан

D) Хан

E) Елші

60. Кіші Жүздегі хандық билік қашан жойылды ?

A) 1818

B) 1820

C) 1822

D) 1824

E) 1826

61. 1867-1868 жж. реформаға дейін қазақ даласы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді ?

A) 2

B) 3

C) 4

D) 5

E) 1

62. Игельстром реформасының мәні :

A) Қазақстанды округтерге бөлу

B) Билер билігін жою

C) Кіші Жүздегі хандық билікті айырбастау жолы

D) Орта Жүздегі хандық билікті айырбастау жолы

E) Ұлы Жүздегі хандық билікті айырбастау жолы

63. Бөкей Ордасының территориясы :

A) Орталық Қазақстан

B) Жетісу

C) Маңғыстау

D) Еділ мен Жайық

E) Солтүстік Қазақстан

64. Қазақстан Ресейден қандай өнеркәсіп тауарларын алып отырды ?

A) Жібек- мата

B) Жеміс- жидек

C) Тері

D) Киіз -кілем

E) Қазан, самаурын, балта

65. Шоқан ғылымда қандай жаңалық ашты ?

A) Қазақтарды зерттеді

B) Манасты зерттеді

C) Орта Азияны

D) Қашғарды

E) Сібірді

66. 19 ғасырдың басында Қазақстан мен Қытай арасында ірі сауда орталығы болған қала :

A) Бұқтырма

B) Верный

C) Әулиеата

D) Ақмешіт

E) Семей

67. 1822 жылы Қазақстанда қай жерде алғаш жәрмеңке ашылды ?

A) Жетісуда

B) Аралда

C) Батыс Қазақстанда

D) Ертісте

E) Семейде

68. Кіші Жүздегі 18 ғасырдағы шаруалар көтерілісіне кім басшылық етті ?

A) Исатай

B) Кенесары

C) Амангелді

D) Сырым

E) Есет

69. Сырым Датұлы көтерілісі неше жылға созылды ?

A) 4

B) 8

C) 1

D) 10

E) 14

70. 1836-1838 жылдардағы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс кай жерде болды ?

A) Ұлы Жүз

B) Шығыс Қазақстанда

C) Оңтүстік Қазақстан

D) Солтүстік Қазақстан

E) Бөкейде

71. Кенесары көтерілісі Қазақстанның қай бөлігін қамтыды ?

A) Орта Жүз

B) Кіші Жүз

C) Ұлы Жүз

D) Кіші Жүз бен Ұлы Жүз

E) Барлық Қазақстан

72. 1867-1868 жж. реформаның отаршыл сипатына қарсы Қазақстанның қай бөлігінде көтеріліс толқулары болды ?

A) Сырдария, Семей

B) Жетісуда

C) Ақмола

D) Сыр бойы мен Ақмолада

E) Орал мен Торғайда

73. Столыпиннің аграрлық саясаты нәтижесінде қазақ халқы неше млн. десятина жерден айырылды ?

A) 5 млн

B) 10 млн

C) 14 млн

D) 17 млн

E) 20 млн

74. Жәңгір ханның ұсынысы бойынша Бөкей Ордасында алғашқы діни емес мектеп қашан ашылды ?

A) 1830

B) 1854

C) 1841

D) 1856

E) 1874

75. 19 ғасырдың соңы-20 ғасырдың басында Қазақстан өндірісінің қай саласына шетел акционерлік қоғамдары назар аударды ?

A) Тау кен өндірісі

B) Өңдеу өндірісі

C) Мұнай

D) Ет консервілеу

E) Диірмен өндірісі.

76. Әлихан Бөкейханов қай облыста уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды ?

A) Торғай

B) Орал

C) Петропавел

D) Семей

E) Ақтөбе

77. Қазақстанда кеңес билігін орнату неше айға созылды?

A) 2

B) 5

C) 3

D) 4

E) 6

78. Қазақ тілінде алғаш оқулық жазған кім ?

A) Байтұрсынов

B) Аймауытов

C) Жұмабаев

D) Алтынсарин

E) Құнанбаев

79. 20 ғасыр басында Қазақстанда өнеркәсіптің қай түрі жақсы дамыды ?

A) Машина жасау

B) Жеңіл өнеркәсіп

C) Кен өндірісі

D) Химия өнеркәсібі

E) Түсті металлургия

80. Қазақстанның қай облысында 1916 жылғы көтеріліс ұзаққа созылды ?

A) Торғай

B) Орал

C) Семей

D) Сырдария

E) Ақмола

81. 20 ғасырда “Қазақ”апталық газетінің редакторы кім?

A) Дулатов

B) Шоқай

C) Байтұрсынов

D) Тынышбаев

E) Қаратаев

82. Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі қай жылы қай жерде ашылды ?

A) 1881, Орынбор

B) 1883, Орал

C) 1885,Семей

D) 1872, Омбы

E) 1882, Әулиеата.

83. 20 ғасыр басында Қазақстанда іске қосылған құрылыстың бірі ?

A) Орынбор -Ташкент темір жолы.

B) Успен кеніші

C) Спасск Мыс қорыту зауыты

D) Риддер полиметалл комбинаты

E) Қарағанды көмір шахтасы.

84. Түркістан автономиясының алғашқы президенті :

A) Шоқай

B) Бөкейханов

C) Байтұрсынов

D) Тынышбаев

E) Әшкеев

85. Алаш партиясының бағдарламасы қай газетте жарық көрді ?

A) Қазақ

B) Айқап

C) Ақжол

D) Еңбекші Қазақ

E) Правда

86. 19 ғасырдың 2- жартысында қазақтың қай музыкант қуғынға ұшырады ?

A) Асан қайғы

B) Дина Нурпейсова

C) Е.Хасанғалиев

D) Сүйінбай

E) Құрманғазы

87. Азамат соғысы жылдары Қазақстандағы Қызыл Армия бөлімдеріне кім басшылық етті ?

A) Панфилов

B) Жуков

C) Фрунзе

D) Момышұлы

E) Иманов

88. Қазақ Республикасының алғашқы астанасы :

A) Ташкент

B) Қызылорда

C) Орынбор

D) Орал

E) Омбы

89. Қазақстанда азамат соғыс қашан аяқталды ?

A) 1916

B) 1917

C) 1918

D) 1919

E) 1920

90. Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы :

A) Шоқай

B) Тынышбаев

C) Бөкейханов

D) Меңдешев

E) Сейфуллин

91. Алаш партиясы қашан құрылды ?

A) 1916

B) 1918

C) 1919

D) 1917

E) 1913

92. Орал облысында кеңес үкіметі толығымен қашан орнады ?

A) 1919,маусым

B) 1917,қазан

C) 1919,жылдың соңы

D) 1916,маусым

E) 1920,мамыр

93. Алашорданың орналасқан жері ?

A) Семей

B) Орынбор

C) Ташкент

D) Орал

E) Омск

94. Қазақ АКСРін құру туралы декрет қашан шықты ?

A) 1920,20тамыз

B) 1920,6 қазан

C) 1920, 1 тамыз,

D) 1921, 6 тамыз

E) 1919,26 тамыз

95. Кіші Қазан идеясының авторы кім ?

A) Сталин

B) Сәдуақасов

C) Голощекин

D) Бухарин

E) Жандосов

96. Қазақтың ірі байларын тәркілеу қашан іске асырылды ?

A) 1931

B) 1930

C) 1929

D) 1928

E) 1927

97. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы комиссарлары :

A) Бөкейханов пен Тынышбаев

B) Дулатов пен Байтұрсынов

C) Жангелдин мен Бокин

D) Сейфуллин мен меңдешев

E) Ақбаев пен Қаратаев

98. Қазақ АКСРі Орталық Атқару комитетінің тұңғыш төрағасы :

A) Пестковский

B) Радус Зенкович

C) Сейфуллин

D) Байтұрсынов

E) Меңдешев

99. Қазақстандағы ең үлкен Сталиндік лагерь:

A) карлаг

B) Алжир

C) Степлаг

D) Қостанай түрмесі

E) Өскемен түрмесі

100. Ленфильм киностудиясы түсірген алғашқы қазақтың көркем фильмі:

A) Түрксіб

B) Қыз Жібек

C) Амангелді

D) Жұт

E) Бүлік

101. Кеңес одағының батыры Нүркен Әбдіріов кім ?

A) Жаяу әскер

B) Артиллерист

C) Танкист

D) Ұшқыш

E) Барлаушы

102.Тың игеру Қазақстанда қай жылы басталды ?

A) 1946

B) 1949

C) 1951

D) 1954

E) 1956

103. Партизан Қ.Қайсенов қай жерде партизан тобын басқарды ?

A) Прибалтикада

B) Беларусьте

C) Украинада

D) Қырым

E) Ресейдің батыс облысы

104. Қазақ КСР Ғылым Академиясы қашан құрылды ?

A) 1939

B) 1943

C) 1946

D) 1949

E) 1953

105. Қазақстанда соғыстан кейін қай ғалым репрессияға ұшырап, 25 жылға бас бостандығынан айрылды ?

A) Қонаев

B) Бекмаханов

C) Бейсенбаев

D) Кенжебаев

E) Есенберлин

106. Соғыс жылдарында тылда күріштен мол өнім жинаған күрішші ?

A) Берсиев

B) Қуанышбаев

C) Жақаев

D) Иманқұлов

E) Өтепбергенов

107. Қазақстандық партизан- жазушы

A) Тәжібаев

B) Бұлқышев

C) Саин

D) Нұршайықов

E) Момышұлы

108. Ұлы Отан соғысында Қызыл Армия қатарында қанша қазақстандықтар болды ?

A) 600мың

B) 800мың

C) 1 млн

D) 1 млн 200мың

E) 900 мың

109. 1979 жылғы Целиноград оқиғасының себебі :

A) Жалақының уақытында берілмеуі

B) Қымбатшылық

C) Тәуелсіздік үшін күрес

D) Неміс автономиясын құруға қарсылық

E) Партия басшылығына қарсылық

110. Семей ядролық полигонында ең алғаш сынақ қашан өтті ?

A) 1945

B) 1947

C) 1949

D) 1951

E) 1953

111. 1946-1980 жыдары Қазақстанның шетелдермен қандай байланыс түрі жақсы дамыды ?

A) Дипломатиялық

B) Ғылыми

C) Мәдени

D) Әскери

E) Экономикалық

112. Тың игеруге Қазақстанға қанша адам көшіп келді ?

A) 10млн

B) 5млн

C) 2млн

D) 1млн

E) 0,5 млн

113. 80-жылдарда полигондар мен әртүрлі әскери обьектілер Қазақстан жерінің қанша гектарын алды ?

A) 18 млн

B) 10

C) 15

D) 5

E) 8

114. Тың игеру идеясының авторы:

A) Сталин

B) Хрущев

C) Брежнев

D) Қонаев

E) Черненко

115.1975-1985 жылдарда Семей облысында ядролық сынақтан тұрғындардың өлімі қанша есе өсті ?

A) 2 есе

B) 4

C) 7

D) 8

E) 3

116. Қайта құру бағыты қай жылы басталды ?

A) 1983

B) 1984

C) 1985

D) 1986

E) 1991

117. 1985 ж. кейін Қазақстан экономикалық байланыс қай елмен басталды ?

A) АҚШ

B) Жапония

C) Франция

D) Оңт.Корея

E) Англия

118. Тың өлкесіне кірмейтін облыс:

A) Қостанай

B) Ақтөбе

C) Торғай

D) Ақмола

E) Павлодар

119. Қазақ Мемлекеттік Университеті қашан құрылды ?

A) 1925

B) 1928

C) 1932

D) 1934

E) 1936

120.1935 ж. шыққан “Ежелгі замандардан бергі Қазақстан тарихы” кітабының авторы кім ?

A) Бекмаханов

B) Әуезов

C) Тынышбаев

D) Асфендияров

E) Рысқұлов

121.1962 ж. Қазақстанда қазақ халқының үлес салмағы қанша болды ?

A) 85 %

B) 56 %

C) 43 %

D) 34 %

E) 29 %

122.Алғашқы ұлттық қазақ театрын кім басқарды ?

A) Шанин

B) Қожамқұлов

C) Байзақов

D) Жандарбеков

E) Жұбанов

123. Қ.Сәтбаев ғылымның қай саласынан мемлекеттік сыйлық алды ?

A) Физика

B) Тарих

C) Математика

D) Геология

E) Филология

124. Қазақстан егемендігі туралы декларация қашан жарияланды ?

A) 1990 ж. қазанда

B) 1991 ж. тамызда

C) 1989 ж. қаңтарда

D) 1991 ж. желтоқсанда

E) 1990 ж. мамырда

125. Қазақ КСР қай жылы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді ?

A) 1989 ж.

B) 1990 ж.

C) 1991 ж.

D) 1992 ж.

E) 1993 ж.

126. Қазақстан президенты Назарбаевтың басқаруын 2000 жылға дейін үзарту туралы референдум қашан болды ?

A) 1992 ж.

B) 1993 ж.

C) 1994 ж.

D) 1995 ж.

E) 1996 ж.

127. Қазақстанда кеңестерді тарату қай жылы басталды?

A) 1992 ж.

B) 1993 ж. соңы

C) 1994 ж. басы

D) 1995 ж. соңы

E) 1995 ж.

128. 1992 ж. Қазақстан басшыларына бағаны босатуға не әсер етті ?

A) Дүние жүзілік банктің талап етуі

B) Ұлттық тенгені енгізуге дайындық

C) Россияда бағанын босатылуы

D) Инфляция

E) Жеке меншікті қорғау

129. Ұлттық валюта қашан енді ?

A) 1991 ж.

B) 1992 ж.

C) 1993 ж.

D) 1994 ж.

E) 1995 ж.

130. Қазақстан Республикасында 30-тамыз қандай күн:

A) Тәуелсіздік күні

B) Жастар күні

C) Жұмысшылар күні

D) Конституция күні

E) Әйелдер күні

131. ХХ ғ. 80- жылдарда Қазақстанның қай қаласы үкіметтің әлеуметтік экономикалық бағытына наразылық білдірді:

A) Алматы

B) Семей

C) Қарағанды

D) Шымкент

E) Қызылорда

132.ТМД мемлекеттерін құру қай жерге шақырылды ?

A) Украина

B) Өзбекстан

C) Армения

D) Белоруссия

E) Азербайжан

133. Қазақстан Компартиясының негізінде қандай партия құрылды ?

A) Алаш партиясы

B) Желтоқсан партиясы

C) Халық конгрессі

D) Социал-демократтар партиясы

E) Азат партиясы

134. 1990 ж. Қазақстан егемендік алғанда бірінші құттықтау жолдаған мемлекет:

A) Түркия

B) Үндістан

C) Корея

D) Ауғаныстан

E) Алжир

135. 1979-1989 жылдары Ауғаныстан соғысында қанша қазақстандықтар қаза болды ?

A) 450 адам

B) 530 адам

C) 280 адам

D) 620 адам

E) 780 адам

136. Берлинге ту тіккендердің ішіндегі қазақ жігіті кім ?

A) Момышұлы

B) Ғабделлин

C) Қайсенов

D) Қошқарбаев

E) Шәріпов

137. “Қазақстан магниткасы” деп қай қаладағы металлургия комбинатын айтады ?

A) Қарағандыдағы

B) Өскемендегі

C) Жаңатастағы

D) Теміртаудағы

E) Екібастұздағы

138. Партия шешімі бойынша Қазақстанда ұжымдастыру қай жылы аяқталуы керек еді ?

A) 1927 ж.

B) 1929 ж.

C) 1931 ж.

D) 1932 ж.

E) 1933 ж.

139. Қай жылы Қазақстан астанасы Алматыға көшті ?

A) 1929 ж.

B) 1920 ж.

C) 1925 ж.

D) 1936 ж.

E) 1934 ж

140. Түркістан-Сібір темір жолы қашан салынды ?

A) 1925 ж.

B) 1926 ж.

C) 1927 ж.

D) 1928 ж.

E) 1929 ж.

141. Адам тарихы 4 археологиялық дәуірге бөлінеді. Қандай дәуір бұл кезеңге кірмейді ?

А) Тас дәуірі

В) Қола дәуірі

С) Темір дәуірі

Д) Ортағасырлық дәуірі

Е) Таулы және далалы кеңістіктерді игеру дәуірі

142. Палеолит дәуіріндегі адамдар үйірі (алғашқы қауымдық құрылым) қандай қызмет атқарды ?

А) Қоладан еңбек құралдарын жасау

В) Темірден еңбек құралдарын жасау

С) Қыштан заттар жасау

Д) Садақ пен жебені пайдалану

Е) Бірігіп қорғану, шабуыл жасау, аң аулау және терімшілікпен айналысу

143. Ең алғашқы қауым жаңа әлеуметтік құрылымның алғы шарттары палеолиттің қай сатысында бірте-бірте пісіп жетіле бастады ?

А) Шелль

В) Ашель

С) Ориньяк

Д) Солютре

Е) Мадлен

144. Төменгі палеолитте адамдар тасты жару үшін қандай материал қолданды және тасты мұндай жолмен өңдеу қалай аталады ?

А) Қола

В) Темір

С) Жануар сүйегі

Д) Жұмыр тас

Е) Қалайы

145. Кейінгі палеолит қай кезеңді қамтыды ?

А) 50-40 мың жыл бұрынғы

В) 10-2 мың жыл бұрынғы

С) 35-30 мың жыл- 12-10 мың жыл бұрынғы

Д) Б.э.д. 10 мың жыл мен б.э. 5 мың жыл аралығын

Е) Б.э.д. 15-5 мың жылдықты

146. Неолит қай кезеңді қамтиды ?

А) Б.э.д. 5-3 мың жылдықты

В) 12-10 мың жылдығын

С) Б.э. 5-10 мың жылдығын

Д) Б.э.д. 12-10 мың жылдықты

Е) Б.э. 2-7 мың жылдығын

147. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі не болып табылады ?

А) Кен өндірудің пайда болуы

В) Тоқымашылық

С) Мал шаруашылығы және егіншілік

Д) Қыш бұйымдарын жасау.

Е) Аңшылық және терімшілік

148. Қазақстан территориясында алғашқы адамдар қашан мекендей бастады ?

А) 10 мың жыл бұрын

В) 50 мың жыл бұрын

С) 100 мың жыл бұрын

Д) 500-700 мың жыл бұрын

Е) 1-2 млн. жыл бұрын

149. Палеолит кезеңінің тұрақтары алғаш Қазақстанның қай бөлігінен табылды ?

А) Сырдария өзенінің бассейнінен

В) Ертіс өзені бассейнінен

С) Орталық Қазақстаннан

Д) Маңғыстаудан

Е) Қаратау жотасы аумағына

150. Қазақстан территориясында тайпа одақтары қай кезде пайда болды ?

А) Палеолит кезінде

В) Неолит Кезінде

С) Қола дәуірі кезінде

Д) Темір дәуірі кезінде

Е) Энолит кезінде

 

 

 


 


12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру.Батыс Қазақстан өңірінің тарихы мен ҚР тарихы пәнінен электрондық оқулық пен презентация (слайд шоу) корпус – 1, 3 сақталған.

13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі – №3, 201 аудитория


<== previous lecture | next lecture ==>
Тапсырма №2 | УСПЕНСКИЙ
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.003 s.