Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






С И Л Л А Б У С


Date: 2015-10-07; view: 2492.


 

Оқыту түрі: қашықтықтан

Курс: 1

Семестр: 1

Кредит саны: 3

Барлық дәрісханалық сағат: 135

Аудиториялық сағаттар барлығы: 27

Оның ішінде:

Дәрістер: 2

Семинар сабақ: 4

F2F консультациялар: 21

 

Барлық дистанциондық сағаттар: 108

Оның ішінде СӨЖ: 78

Дәрістер: 28

Семинар: 26

ӨЖ: 24

on-line, off-line консультациялар: 30

Аралық бақылаулар: 2

Емтихан: 1

 

Талдықорған 2014 ж

 

 

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Төлешова Гүлнара Болатқызы – экономика кафедрасының доценті,

электрондық пошта адресі – tuleshova_04@mail.ru, жұм.телефоны 141,

сот. тел - 87029762312, 87776191408.

Пәннің атауы: Экономика ілімдер тарихы.

Курсты оқыту орны: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, "Қаржы-экономикалық" факультеті, 1 курс

 

ПӘННІҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ: Экономикалық теория, экономикалық саясат.

ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: Микроэкономика, ¸макроэкономика, әлемдік экономика, халықаралық экономикалық қатынастар, экономиканы мемлекеттік реттеу

ПӘНГЕ ҚЫСҚАША СИПАТТАМА:

МАҚСАТЫ:Экономикалық ілімдер тарихы курсы – жалпы білім беретін экономика ғылымының басты буыны. Экономикалық ілімдер тарихының зерттеу пәні – экономикалық идеялар мен концепциялардың тарихи пайда болуы, дамуы және ауысу процессі. Олар жеклеген экономистердің теорияларынан, теориялық мектептер мен ағымдардың бағыттарынан көрінеді.Экономикалық ілімдер тарихы көне дүние кезеңінен, яғни алғашқы мемлекеттің пайда болған мезгілінен бастау алады.Сол кезден осы күнге дейін экономикалық көзқарастарды экономикалық теорияға тұрақты түрде жүйелеп, қоғамның шаруашылық саясатын жүзеге асыру әрекетіне басшылық жасауға ұсынып келеді.Сонымен қатар экономикадағы, ғылым мен техникадағы, мәдениеттегі онды өзгерістерге орай экономикалық теория да жаңарып, жетіріліді.

Бұл пәнді зерделеу әлемдік және отандық экономика дамуының объективті заңдылықтарын ашуға септігін тигізеді. Әсіресе, экономикалық ой-пікірдің эволюциясын білу экономистерге өте қажетті шаруашылық дағдыларды қалыптастырады, сөйтіп олардың экономикалық теория проблемаларын еркін меңгеруіне, альтернативті теорияларды салыстыра отырып, актуалды шаруашылық шешімдерді өз бетінше қабылдауына мүмкіндік береді.

МІНДЕТТЕРІ:

1. Экономика ғылымының қалыптасу эволюциясымен танысу.

2. Экономикалық теорияның әр кезеңінде қалыптасқан мектептерге сипат беру.

3. Экономикалық теорияларды меңгере отырып өз ара салыстыру.

4. Студенттерге актуалды шаруашылық шешімдерді өз бетінше қабылдауына мүмкіндік беру.

 

Дәріс бағдарламасын жасауға негіз типтік бағдарлама болып табылады. Материалды оқып - үйренудің жиынтығы тек дәрісте ғана қаралмауы тиіс. Біріншіден, студент әрбір дәріс сабақтарға дайындалуы үшін дайындалған әдебиеттерді оқуы тиіс, түсініктер мен терминдерге глоссарий құру керек; эссе жазу керек т.б.

Екіншіден, пәннің ерекшелігіне қарай арнаулы біліммен уақытты қажет ететін тапсырмалар берілуі мүмкін. Оқытушыда жұмыстың жаңаланып отыратын бөлімінде әдебиет тізімі болуы керек. Ол екі бөлімнен: негізгі және қосымша әдебиетген тұрады. Негізгі әдебиет тізіміне 2-3 базалық оқулық және құқықтық мөлшердегі база кіреді. Қосымша әдебиет өздік жұмыс негізіне арналуы керек. Баяндама, реферат, эссе, ғылыми статьяларға шолу, басылымдағы жариялаулар, жобаның түрі студенттермен қосымша әдебиет тізімі негізінде жасалады.

Оқытушы үнемі әдебиеттегі жаңалықтарды іздестіріп тауып және тізімді толықтырып отыруы керек. Әр пәнді несиелі оқу жүйесінің ережесі бойынша оқып үйрену емтиханмен аяқталады. Сұрақтар тізімі ең көбінде 75-90-ға жетеді. Оқытушының оқу әдістемелік кешені - силлабустың негізі, яғни студенттің оқыту бағдарламасы болып табылады. Әрбір оқытушы студентгердің сабақтардағы тәртіп ережесі, оқытушымен өзара байланысы, басқа студенттермен қарым қатынасы калай болуы керектігі туралы талап жүйесін көрсетеді. Әдетте осы талаптың мәліметі курс саясатын көрсетеді, яғни студенттерге арналған оқу процесінің жоғары тиімділікте орындалуын қамтамасыз етеді.

ПӘНДІ ОҚЫҒАННАН КЕЙІНГІ СТУДЕНТТІҢ ИГЕРУГЕ ТИІСТІ БІЛІМДЕРІ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫ

 

Ø Сабақтың барлық нысандарына белсенді қатысу

Ø Зерденелетін проблемаларға шығармашылық тәсілдеме

Ø Ойлаудың талдамалық амалын дамыту

Ø Қалыптасқан идеологияға, сақтанымпаздық және кері дәстүрлерге, көзқарастарға, үстанымдарға қатысты оқытушылардың объективті келуі

Ø Қазіргі ғылыми және аспаптық әдістерді, әдістемені қолдана білу

Ø Тәртіптілік, ұқыптылық, мұқияттылық

Ø Сабаққа кешікпеу керек

Ø Сабақ кезінде сөйлеуге, сағыз шайнауға, газет оқуға болмайды, ұялы телефонды сөндіру керек

Ø Сабаққа дұрыс киініп келу керек

Ø Сабақты босатпау керек, ауырғанда анықтама әкелу керек

Ø Босатқан сабақтары үшін оқытушының анықтаған уақытына жұмыс жасауы керек

Ø Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендейді

Ø Оқу процесіне белсеңді қатысу керек

Ø Үй тапсырмасын уақытында орыңдауға тырысу керек

Ø Курстастарына және оқытушыларға ашық және жақсы ниетте болуы керек

Ø Барлық өткен сабақтарды қайталап отыру керек

Ø Тиянақты және міндетгі болу керек

Несиелік оқу жүйесі жағдайындағы оқу процесін ұйымдастырудың элемеиттерінің бірі болып оқушының оқу жетістіктерінде балдық - рейтинг жүйесін пайдалану болып табылады.

 

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
ӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әрбір ағымдағы бақылауға 100 баллдан 8 және 15 апталарда
Кіру рұқсатының рейтингісі 1 R 1 =(ӨЖ1+ӨЖ2+АБ1)/3 8 апта
Кіру рұқсатының рейтингісі 2 R2 =(ӨЖ3+ӨЖ4+АБ2)/3 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі R = (R1+R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-17 апта
Қорытынды баға I = R*0.6+E*0.4  

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4,0 95-100 Өте жақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағатанарлықсыз

Баға қоюдың критерийлері

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
ӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
ӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
ӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
ӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1: 1 Нұска: Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды:(баға1+баға2+баға3)/3 2 Нұсқа: Тест     8 апта
Аралық бақылау 2: 1 Нұсқа: Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды: (баға1+баға2+баға3)/3 2 Нұсқа: Тест     15 апта

Дәрістік күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тараулар бойынша лекция тақырыптары Сағат саны Апта Әдебиет
Кіріспе сабағы №1,2,3,15,21,33
Классикалық саяси экономиканың пайда болуы №23,11,14,21,17
А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектеріндегі классикалық саяси экономиканың дамуы №25,12,15,18,23
Мануфактура кезеңінен кейінгі смитшіл-классиктердің теорияларындағы өзін-өзі реттейтін экономика №12,26,17,4,22
К.Маркстың «Капиталында» классикалык саяси экономияның дамуы №11,6,21,12,7,31
Маржинализм және жаңаклассикалық теорияның қалыптасуы 6-7 №14,12,23,13,25
Жаңаклассикалық мектеп пен жаңалибералдық теорияның эволюциясы. Бүгінгі таңдағы консерватизм 8-9 №7,24,10,19,21
Кейнсшілдік және оның эволюіциясы №5,13,19,23,30
Әлеуметтік-институционалдық бағыт №19,5,26,39,16,26
Социалистік идеялардың эволюциясы №22,6,3,23,28,40
Кеңестік ғалымдардың экономикалық теорияға қосқан үлесі. №4,24,25,41,37,16
Қазақстанда экономикалық көзқарастардың пайда болуы және дамуы 14-15 №8,13,27,18,21,33
  Барлығы    

 

 

№1 лекция. Кіріспе сабағы

Дәріс мақсаты: Экономикалық ілімдер тарихының пөні және әдісі. Экономикалық ілімдер тарихын кезеңдерге бөлу. Кәне заманның экономикалық ілімдері. Вавилон, Қытай және Индиядағы экономикалық ойлар. Ежелгі Грециядағы (Ксенофонт, Платон, Аристотель) экономикалық ойлар. Ертедегі христиандардың экономикалық көзқарастары. Құрандағы шаруашылықты сүреттеу. Ибн-Хальдунның, Әль-Фараби, Ибн Синаның (Авиценна) экономикалык көзқарастары.

Дәріс жоспары

1. Экономикалық ілімдер тарихының пәні және әдісі.

2. Көне заманның экономикалық ілімдері

3. Орта ғасырдағы натуралды шаруашылық сипаттғы экономикалық ойлар

 

Экономикалық ілімдер тарихы – жалпы білім беретін «экономика» ғылымының басты буыны.

Мұның зерттеу пәні – экономикалық деялар мен концепциялардың тарихи пайда болуы, дамуы және ауысу процесі. Олар жекелеген экономистердің теорияларынан, териалық мектептер мен ағымдардың бағыттарынан көрінеді.

Методология жағынан алғанда экономикалық ілімдер тарихы экономикалық талдаудың прогрессивті тәсілдерінің жиынтығына арқа сүйейді. Оған мынадай тәсілдер жатады: тарихи, индукция, логикалық, абстракция, қаузальдық,қызмет атқаратын, жүйелілік, математикалық үлгі және т.б.

Экономикалық ілімдер тарихы көне дүние кезенінен, яғни алғашқы мемлекеттің пайда болған мезгілінен бастау алады. Сол кезден осы күнге дейін экономикалық теорияға тұрақты түрде жүйелеп, қоғамның шаруашылық саясатын жүзеге асыру әрекетіне басшылық жасауға ұсынып еледі. Сонымен қатар экономикадағы, ғылым мен техникадағы, мәдениеттегі онды өзгерістерге орай экономикалық теория да жаңарып, жетілдірілді.

Бұл пәнді зерделеу әлемдік және отандық экономика дамуының объективті заңдылықтарын ашуға септігін тигізді. Әсіресе, экономикалық ой – пікірідің эволюциясын білу экономистерге өте қажетті эрудиция мен шығармашылық дағдыларды қалыптастырады, сөйтіп олардың экономикалық теория проблемаларын еркін меңгеруіне, альтернативті теорияларды салыстыра отырып, актуальды шаруашылық шешімдерді өз бетінше қабылдауына мүмкіндік береді.

Экономикалық ілімдер тарихынан алған білім жалпы адамзаттың, соның ішінде экономикалық мәдениеттің құрамды бөлігі болып табылады.

Бірақ мұны зерделеу процесінде, экономика саласынан Нобель сыйлығының иегрі М. Фридмен айтқандай, жеке өмірбаянмен «... афоризм және мысалдар арқылы қызықтыру керек, силлогизм (дедуктивті ой қорыту) немесе теорема жеткіліксіз».

2. Экономикалық ілімдер тарихы курсының құрылымы

Ғылыми талдау және әлемдік экономика мен экономикалық ғылым эволюциясының ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған курстың үш бөлімін бөліп атаған дурыс:

1. Рыноктық экономикаға дейінгі дәуірлердегі экономикалық ілімдер.

2. Реттелмейтін рыноктық экономика кезеңіндегі экономикалық ілімдер.

3. Реттелетін (әлеуметтік бағыттағы) рыноктық экономика дәуіріндегі экономикалық ілімдер.

Бірінші бөлім ескі дүние мен орта ғасырдағы экономикалық ой-пікірлерді сипаттайды. Бұл кезде натуралдық шаруашылық қатынастары үстем болып, ұдайы өндіріс экстенсивті жүрді, экономикалық ғылым әлі объктивті түрде қалыптаса алған жоқ, ал экономикалық көзқарастарды білдірушілер философтар, мемлекет басқарушыларды, діни идеологтар еді. Олар рыноктық экономикалық қатынастарды қабылдамады.

Осы бөлімде экономикалық ой-пікір дамуының ерекше кезеңі – меркантилизм зерделенеді. Ол – натуралды шаруашылықтың қойнауында пайда болатын рыноктық экономика туралы алғашқы теориялық концепция. Осы уақыттан шамамен (ХVI – XVII ғ.ғ.) бастап шын мәнінде экономикалық теория ғылымның жеке саласы болып өз алдына бөлініп шықты. «Ол Саяси экономика» деп аталады, ал оның негізгі теориялық – методологиялық принципі – протекционизм болды.

Экономикалық ілім тарихының екінші бөлімі «Laissez faireнің» теориялық – методологиялық принципін жақтайтын экономикалық көзқарастар мен мектептердің эволюциясын білдіретін кезенді қамтиды. Дәл осы кезенде А. Смиттің талас тудырмайтын көрінбейтін қолы, Ж.Б.Сейдің рынок заңы өмірге келді. 200 жылдай (XVII ғысырдың аяғы мен ХХ ғасырдың екінші жартысына) және тағы жарты ғасыр неоклассиктер (Х1Х ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін) өздерінің ғылыми еңбектерінде экономикаға мемлекеттің (протекционизм) араласуын қаламады.

Нәтижесінде осы кезеннің өне бойында экономикалық либерализмнің идеологтарының көзқарастарына – класиктер мен неоклассиктерге – социалист-утопистердің экономикалық идеялары (ХХ ғ. аяғы), экономист-романтиктердің «әлеуметтік әділеттілік үшін» ұсақ товарлы өндірісті қалпына келтіру реформалары да, экономикалық және экономикалық емес факторлар жиынтығының өсу процесінің өзара байланысы туралы неміс ғалымдарының (ХХ ғ№ 2-ші жартысы) қиснды пікірлері де қарсы тура алмады.

Экономикалық ілімдер тарихының үшінші бөлімінде ХХ ғасырдағы жаңа теориялық-методологиялық жетістіктер көрсетіледі. Мұнда 20-30 жылдардағы авторлардың экономикалық ой-пікірлеріндегі әлеуметтік-институционалдық бағыт және ХХ ғасырдың аяғында өмірге келген неоклассикалық бағыттың жаңа өкілдері біріктіріледі. Дәлірек айтқанда, алғашқылары қазіргі экономикалық ғылымды антимонополиялық тұжырымдарымен байытса, ал бұл – қоғамның экономиканы әлеуметтк бақылау идеясына негізделген, екіншілері – жетілмеген (монополистік), олигополиялық бәсекелі рынок туралы маңызды, кезек күттірмейтін теориялармен толықтырылады.

ХХ ғасырдағы экономикалық ой-пікірдің айта қаларлықтай маңызды жетістігі – экономикалық процестерге мемлекттің араласуы туралы тұжырымдамалы шешімдер. Олар 30-шы жылдарда пайда болып, осы күнге дейін эетілдіріліп келеді.

Экономикалық ғылым өркениетініңбесігі Көне Шығыста пайда болды. Сол уақытта шығыс құлиеленушілік натуралды шаруашылық қойнауында, оған тән экономикаға мемлекеттің араласуы жағдайында, товар-ақша қатынастарының көлемі ұлғайып, құн тәртібіне мемлекеттік, қауымдық және жеке меншік мәселелері қойыла бастады.

Бізге жеткен ертедегі ескі Шығыс өркениетіндегі экономикалық сананы білдіретіні – б.э.д. XVIII ғ. Хаммурапи патша б.э.д. 1792-1830 жж. Қабылдаған Вавилония заңының кодексі.

Хаммурапи кодексі ескі Вавилон мемлекетінің экономикалық өмірін нығайтуға бағытталғанмен, сырттай қарағанда күштілердің әлсіздерді шеттетпеуіне бағытталды. Мұндағы құқықтық нормалар натуралды шаруашылық негіздерін қатты қадағалады, экономикалық жауапкершілікпен байланыстырды.

Көне құлдық қоғамдағы онды экономикалық ой-пікірлер б.ғ. дейінгі V-IV ғасырларда мүмкін болды. Ал сол кезеңнің ең көрнекті өкілі ескі грек философы Аристотель. Аристотельдің жобасы бойынша, жаратылыстанудың табиғи заңдары қоғамды еріктілер мен құлдарға, олардың еңбегін ой және дене түріне бөлуді қалайды.Өз еліндегі қалыптасқан натуралды-шаруашылық қатынастарының сенімді идеологы ретінде автор қатарластарына қарағанда (Ксенофонт, Платон және т.б) нақтылы экономикалық проблемаларға тереңдеп, сол уақытта мемлекеттің таңқаларлық, үлгі боларлық жобасын жасады.

Экономикалық фактор негізіндегі қоғамдық концепцияның авторларының бірі – араб Шығысының белгілі ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406). Оның концепцияларында (әлеуметтік физика) сауданың құдайға табыну, діни сипаты, ислам дінінің Құранда еңбекті мадақтап, сараңдықты, өсімқорлықты, сонымен қатар «Алла бір адамға басқаға қарағанда артықшылық берді» дегендерді айыптауы жоққа шығарылмады. Оның басты жетістігі – қоғам эволюциясын «қарапайымдылықтан өркениетке дейін» деп айырып сипаттауы.

Фома Аквинский (1225-1274) көне кононизм мектебінің негізін қалаған Августин Блаженныйдың ісін жалғастырушы және оппоненті болды. Басты еңбегінде «Теология суммасында» ертедегі кононистерге қарағанда екі жақтылық, компромистік позициясын байлық, айырбас, құндылық ақша, сауда пайдасы, өсімқор проценті сияқты экономикалық категорияларды түсіндіргенде де қолданады.Ақшаның (монеталардың) пайда болуын «сауда мен айырбастың» «сенімді өлшемі», адамдардың өзара келісімінің нәтижесі деп көрсетеді.

№2 лекция. Классикалық саяси экономиянын пайда болуы.

Дәріс мақсаты: Меркантилизм саяси экономияның алғашқы мектебі ретінде. Меркантилизмнің даму сатылары. Экономикалық идеялардың дамуындағы меркантилизмнің ролі. Батыс европадағы меркантилизм. (У.Стаффорд, Т.Мен, А.Монкретьен, Г.Скаруффи, А.Серра ж.б.). У.Петти-ағылшын классикалық саяси экономиясының негізін салушы. Құн теориясы, рента, процент, жалақы, акша және капитал. У.Петтидің трактаттарындағы әлеуметгік мәселелер, У.Петтидің «Салык және ақша жинау туралы трактаты». 17-18 ғасырлардағы Францияның экономикалық даму ерекшеліктері және олардың П.Буагильбер ойларындағы көрінісі. Ақша және құн теориясы. Салық салу проблемалары, меркантилизмге деген көзкарас, кольбертизм саясатына сын. Ф.Кенэ және оның «табиғи тәртіп» концепциясы.Ақша, таза өнім және эквивалентті айырбас жөніндегі ілімі. Өнімді және «нәтижесіз» еңбек теориясы. Физиократтардың капитал туралы ілімі. Ф.Кенэнің «экономикалық кестесінде» ұдайы ендірісті талдау.

Дәріс жоспары

1. Меркантилизм саяси экономияның алғашкы мектебі ретінде.

2. У.Петти – ағылшын классикалық саяси экономия негізін қалаушы.

3. П.Буагильбер және француз саяси экономиясы.

4. Физиократтар мектебі (Ф.Кенэ және А.Тюрго).

 

Рыноктык экономикалық қатынастардың натуралды-шаруашылық байланыстарды ығыстыруы тарихи жағынан XVI-XVIII ғасыр арасындағы өтпелі уақытты қамтиды. Бұл кезең экономикалық әдебиетте меркантилизм немесе меркантилистік жүйе кезеңі деп аталады. Негізгі өкілдері – Т.Мен, Дж.Локк, А.Монкретьен. Меркантилистік принциптер:

1) алтын мен күміс – байлықтың мәні;

2) елге алтын мен күмісті келтіруге бағытталған сыртқы сауданы реттеу;

3) арзан шикізат импорты арқылы өнеркәсіпті қолдау;

4) экспортты ынталандыру, әсіресе әзір өнімді;

5) импорттық өнеркәсіп товарына протекционисттік тариф;

6) жалақының төменгі дәрежесін сақтау мақсатында халық өсуін қолдау.

Меркантилизм кезеңінде мемлекеттік үкіметтің айқын протекционистік саясаты (ақша байлығын көбейту) экспорттың импорттан артық болуына және сыртқы саудада балансын (онды сальдо) жасап, экономикадағы сауда капиталының ролін түбірінен өзгертті.Ертедегі меркантилизм ұлы географиялық жаңалықтарға дейін пайда болып, XVI ғасырдың ортасына дейін маңызды болды.Сыртқы саудада оңды нәтижелерге жету үшін олар мыналарды ұсынды:

- экспорттық товарларға барынша жоғары баға қою;

- товарлар импортын мүмкіндігінше шектеу;

- елден алтын мен күмісті (бұлар ақша байлығын құрайды) шығыруғы тиым салу;

Соңғы меркантилистер XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды, оның кейбір элементтері XVIII ғасырда да көрінді.Жағымды сауда балансына жету үшін мыналарды ұсынған:

- арзан товарлар (бағасы төмен) арқылы және бір елдің товарын екінші елге сату арқылы сыртқы рынокты жаулап алу,

- елде активті сауда балансын сақтай отырып товарлар импортына жол ашу (байлық заттарынан басқа);

- тиімді сауда істерін жүргізу үшін , алтын мен күмісіті сыртқа шығару, олардың көлемін ұлғайту, активті сауда балансына жету үшін делдалдық қызмет атқару.

Меркантилизімнің ыдырауы, мемлекеттік бақылаудың экономикалық қызметте азаюының нәтижесінде индустрияға дейінгі шарттардың бұрыңғы маңызы жойылады, жеке кәсіпкерліктің бәсекесі ұлғаяды.

Классиклық политэкономияның дамуы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең. ХVII ғ. Аяғы мен ХVIII ғ екінші жартысының бас кезін қамтиды.Бұл кезең – рыноктыкқатынастардыңқанат жаюы, меркантилизм идеясын көз жеткізе сынау мен оның толық жойылуы еді. Осы кезеңнің басты өкілдері – У. Петти мен П. Буагильбер бір-бірнен алшақта болса да, экономикалық ой тарихында алғаш рет кұнның еңбектік теориясын ұсынды. Осы теория бойынша құнның көзі мен өлшеуші товар өніміне, игілікке жұмсалған еңбек саны болып табылады.

Классикалық саяси экономиканың бірінші кезеңін аяқтаушылар – физиократтар мектебі XVIIIғ. Кезеңінде Францияда пайда болды. Бұл мектептің авторлары Ф.Кенэ және

А.Тюрго таза өнімнің (ұлттық табыстың) көзі ретінде еңбекпен қатар жерді атады, ауыл шаруашылығына көңіл бөлді.

Екінші кезең XVIII ғ. соңы А.Смиттің есімімен, еңбектерімен тығыз байланысты. Оның « экономикалық адам» мен «көрінбейтін қолы» бірнеше ұрпақтарды экономикалық заңдардың кісінің еркі мен санасынан тыс әрекет ететініне, табиғи тәртіп екеніне сендірді. Соның арқасында XX ғасырдың 30-жылдардарына дейін үкіметтің еркін бәсекеге мүлде араласпауы дәлелді болып келеді.

Үшінші кезең – XIX ғасырдың бірінші жартысы. Бұл уақытта өнеркәсіп төңкерісі басталады. Бұл кезеңде Смиттің ілімін жақтаушылары мен шәкірттері ұстазының негізгі идеяларын терең талдап, қайта зерделеп, концепциясына қосымшалар еңгізді, мектеп жаңа принциптермен, теориялық тұжырымдармен толықтырды. Өкілдері – Ж.Б.Сэй, Ф.Бастиа, Д.Рикардо, Т.Мальтус, Н.Сениор, Г.Кери.

Төртінші кезеңі - XIX ғасырдың екінші жартысы. Мұнда Дж. Милль мен К.Маркс мектептің ең жақсы жетістіктерін қорытындылады.

Уильям Петти (1623-1687) – Англиядағы классикалық саяси экономиканың негізін қалаушысы. К. Маркс сөзімен айтқанда, «У. Петти – политэкономияның әкесі, данышпан және оригиналды зерттеуші – экономист». Байлықты У.Петти бойынша, тек қана бағалы металдар, тастар мен ақша құрап қоймай, оның құрамына елдің жері, үйлері, корабльдері, товарлары мен үй мүліктері де кіреді. Товар құны күмісті өндіруге жұмсалған еңбекпен анықталады, бұл оның «табиғи бағасы», күмістің құнына теңестірілген товарлардың құны – олардың шын рыноктық бағасы. Кәсіпкерлер мен жер өңдеушілердің табыстары туралы У.Петтидің сипаттамасы «рента» түсінігінің унифицирленгенін өзгергенін көрсетеді. Негізгі еңбектері: «Салықтар мен алымдар трактаты», «Ирландияның саяси анатомиясы», «Ақша туралы түрлі ойлар». Жер рентасының түрі, жер учаскесінің орналасуы мен рынок туралы мынадай қорытынды жасайды: «Сөйтіп, халық орналасқан жердің жақындығы, оларға қажетті үлкен аудандар керектігі ол жерлерден тек жоғары рента алынып қоймай, жылдық рентаның көлемінен көп болады, ал сапасы осындай, бірақ алыс жатқан жерлерде жағдай басқаша». Сөйтіп У.Петти жер бағасын анықтайтын тағы бір проблеманы қозғайды.

Пьер Буагильбер (1646-1714) – Франциядағы классикалық саясиэкономиканың бастаушысы. Буагильбер бойынша, экономикалық ғылымның басты міндеті – ақшаны көбейту емес, тамақ пен киімді көп өндіру. У.Петти сияқты П. Буагильбердің басты жетістігі құнның еңбектік теориясын «негіздеу». Мұндай қорытындыға жұмсалған еңбек пен жұмыс уақытының санына қарап рыноктағы товар айырбасы механизімін талдау арқылы жетті. Классикалық политэкономияда жалғыз өзі ақшаны жоюға шақырды, себебі ол товарларды шын құны бойынша айырбастауды бұзады.

Франсуа Кенэ (1694-1774) – классикалық политэкономияда ерекше бағыттың – физиократтар мектебінің негізін қалаушысы және лидері. «Физиократия» сөзі грек тілінде табиғаттың үстемдігі деген мағынаны білдіреді. Физиократтар өкілдері экономикада жердің маңыздылығына, ауыл шаруашылығына ерекше мән берді: «тек қана тұрақты ауыл шаруашылығы ұдайы өндірісі ғана барлық мамандықтардың негізі, сауданы, халықтың әл-ауқатын гүлдендіреді, өндірісті қозғалысқа келтіреді, ұлттың өсуін қолдайды». «Ол (жер шаруашылығы)» мемлекет экономикасының негізі ретінде қызмет атқарады». Оның ойынша, таза өнімнің көзі- жер және оған жұмсалған ауылшаруашылығы өндірісіндегі істейтіндердің еңбегі. Ал өнеркәсіп пен экономиканың басқа саласы таза табысқа ештеңе қоспайды, тек қана ол өнімнің алғашқы түрін өзгертеді.

Анн Робер Жак Тюрго (1727-1781) –тегі дворян. Ол ұлттар байлығына алдымен жерді, одан алынатын таза табысты жатқызады, себебі ақша жинақтың тікелей предметі, оны құрушы капиталдың басты материалы болғанмен, бірақ ақшалар жиынтық капиталдың байқалмайтын бөлігі, ал молшылық оны үздіксіз жоюға әкеледі. А.Тюрго қарызға бергендер уақыт өткен сайын табыстан айырылады, себебі капиталымен тәуекелге барады, ал заем алғандар көп пайда келтіретін жерге ақшаны жұмсайды. Сондықтан ол қарыз беруші «заем алғандарға ешқандай зиян келтірмейді, өйткені алушы оның шарттарымен келіседі, алған сомаға ешқандай құқылығы жоқ.».

 

 

№3 лекция..А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектеріндегі классикалық саяси экономияның дамуы.

Дәріс мақсаты:А.Смит пен Д.Рикардоның шығармаларында классикалық саяси экономияның әрі қарай дамуы. А.Смит-мануфактура кезеңіндегі экономист. А.Смиттін «Халықтар байлығының табиғаты және себебі туралы зерттеулері: Смитгің методологаясы. Енбек бөлінісі, айырбас және ақша туралы ілімі. Қүнның әр-түрлі анықтамалары. Таптар және табыстардың бөлінуі туралы ілім. Жалақы, пайда және рента туралы теориясы. Халықтардың қоныстануы туралы мәселелері. Капитал туралы ілімдер. Жалпы жене таза өнім. Өнімді және өнімсіз еңбек теориясы. Капитал салудың оптималды бөлінуі. «Көрінбейтін қол» теориясы. Мемлекеттің кызметтері, салық салу. Д.Рикардо - өнеркәсіптік төңкеріс дәуіріндегі экономист. Д.Рикардоның «Саяси экономика мен салық салудың бастамасы» атты еңбегі. Құн теориясы. Капиталды талдау . Д.Рикардо пайда, жалақы, рента, несие және ақша туралы. Сатып-өткізу мәселелері туралы ойлары. Салыстармалы басымдылық теориясы. Салық салу мөселелері. Жабдықтау мәселесі.

Дәріс жоспары.

1. Шотландиядан шыққан данышпан: А.Смит. Оның «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» атты еңбегі.

2. Сити данышпаны: Давид Рикардо. Оның «Политэкономия және салық салудың бастамасы» атты еңбегі.

 

А.Смит(1723-1790) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» деген кітабында политэкономияның зерттеу пәні деп қоғамның экономикалық дамуы мен әл-ауқатты көтеру проблемасын атады. Бұл еңбегі қандай жағдайларда, адамдар қалай жоғары әл-ауқатқа жетеді және ол оны қалай түсінгені тұрғысының жазады..

Зерттеулері методологиясының басты бағыты – экономикалық либерлизм концепциясы, оның негізінде физиократтар сияқты жаратылыстану тәртібі идеясы, яғни рыноктық экономика қатынастары жатыр. «Экономикалық адамның» сипатын былай береді: «ол өз мақсатына тез жетеді, егер олардың эгоизміне және оның талабын орындау олардың мүддесіне де сай екеніне көздерін жеткізе алса. Әрбір ұсыныстың мәні – сен маған керегімді бер, сенде өзіңе керегіңді аласын...». «Көрінбейтін қолды» былай сипаттайды: «әрбір жеке адам... өзінің жеке ұтысын көздейды, ол қоғамдық пайда емес. ...мұндай жағдайда және басқа да жағдайларда ол көрінбейтін қол арқылы мақсатына жақындайды және бұл оның жоспрына енбесе де өзінің жеке мүддесін көздей отырып, ол бұл жағдайда саналы түрдегіден артық қоғамдық мүддеге өте тиімді әсер етеді. Смиттің «көрінбейтін қолы», «экономикалық адам» мен қоғамның сондай арақатынасын, яғни мемлекеттік басқарудың «көрінетін қолы» арқылы объективтік экономикалық заңдарға қарсы келмейтін, импорт пен экспортты шектемейтін, «табиғи» рыноктық қатынастраға кедергі жасамайтын қатынастрады қалайды. Ол мемлекетке нақтылы үш қызмет жүктейді: қоғамдық жумыстар шығының жасау, әскери қауіпсіздікті және құқық заңдылығын қамтамасыз ету.

Смит белгілі мысалда (түйреуіш мануфактурасындағы) еңбек бөлінісі өнімділікті үш есеге арттыру нәтижесі политэкономияның шешуші теориялық проблемаларын түсіну мен ғылыми таласқа «құнарлы топырақ» әзірледі.

Смит товардың тұтыну құны және құны болатынын айта отырып біріншісін назардан тыс қалдырады. Тұтыну құны түсінігіне шекті пайдалылықты емес, толық яғни жекелеген заттың, игіліктің адам қажетін қанағаттандыру мүмкіндігі және нақты емес, жалпы. Сондықтан оған тұтыну құны товардын айырбас құнының шарты бола алмайды. Еңбек товардың шын бағасын құрайды дегенде екі жақты позициясы мен дамытады. «Еңбек жалғыз жалпы бүкіл және бірден-бір дәл құнның өлшемі болады..., сол арқылы барлық кезде, барлық жерде әр түрлі товарлардың құндарын өзара салыстыруға болады. Құн табыстардың қосындысы арқылы анықталады (жалақы, пайда және ренте), өйткені «әрбір дамыған қоғамда құнның аталған үш бөлігі көптеген товарлардың аз, көп мөлшерде бағасына кіреді». Өнімсіз еңбек деп қызмет көрсетуді атайды, ол сол бойда жоғалады, ал еңбек қызмет көрсетуде «құнға еңбек қоспайды, өзінің құны болады, марапаттауға болады, товар немесе жекелеген заттарда өткізілмейді, тіркелмейді».

Адам Смит ақша «айырбас саудасы тоқтағаннан» кейін сауданын көпшілік мақұлдаған құралы болды, бірақ «басқа товарлар сияқты алтын мен күміс өздерінің құнын өзгертеді» деп жазады. «Ақша-айналыстын ұлы доңғалағы» қанатты сөзі. Басқа классиктер сияқты ақшаны «айырбастың, сауданың техникалық құралы деп қарады және бірінші орынға оның айналыс құралы қызметін қойды».

Смит бойынша, жылдық өнім табыс түрінде үш таптың-жұмысшылардың, капиталистердің және жер иелерінің арасында бөлінеді. Жұмысшылардың табысы елдің ұлттық байлығы дәрежесіне тікелей байланысты. Пайда капиталдан түсетін табыс.

Капитал-қордың екі бөлігінің бірі деп сипатталады, одан табыс келтіру күтіледі, ал басқа бөлігі - тікелей тұтынуға кетеді. Капиталды негізгі және айналмалы бөлінуін ендіреді.

Давид Рикардо(1772-1823) «Политэкономия және салық салудың бастамасы» еңбегінің кіріспесінде қоғамды үш топқа (жер иелері, капиталистер, жұмыскерлер), ал табысты рента, пайда және жалақыға бөлуін басшылыққа алып, политэкономияның басты міндетін түзейді. Бұл міндет – «осы бөлуді басқаратын заңдарды анықтау».

Құнның негізіне еңбек жатады деп көрсетті. Бұл тұжырым бойынша: «басқа товарларға айырбасталатын товар құны немесе басқа товарлар саны оны өндіруге қажетті еңбек санына қарай еңбекке төленетін көп, аз сыйлыққа байланысты емес».

Алтын, немесе басқа бір товар барлық заттар үшін жетілген құн өлшемі бола алмайды. «Ақша - өркениетті елдер арасындағы жалпы құрал, олардың арасында пропорциялы бөлінеді, оның өзгеруі сауда мен машинаның жетілдірілуінен, тамақты өндіру қыйындығының көбеюімен және басқа да халық өсуіне қажетті өмірлік заттармен байланысты болды» деп есептеді.

Капитал - елдің байлығының бір бөлігі өндірісте пайдаланылады және ол тамақтан, киімнен, құралдардан, шикі материалдан, машиналардан және т.б. еңбекті қозғалысқа келтіретіндерден турады.

Рента – жерді пайдаланғаны үшін төленеді. Өйткені оның көлемі шексіз емес, сапасы бірдей емес, халық санының өсуіне байланысты жаңа участкілер, сапасы және орналасуы жағынан нашар жерлер өндеуге түседі, буларға жұмсалған еңбек шығындарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны анықталады. Жер өндірілмейді және ол экономикалық емес, заттай ресурс ретінде қаралады. Сондықтан оның түсінігінде тек жер ғана емес, рента да «жердің тегін сыйлығы ретінде» болады.

Кәсіпкерлердің еркін бәсекесі мен еркін сауда принциптері үстемдік ететін қоғамның экономикалық даму заңдылықтарын зерттей келе, Д.Рикардо мынаны байқамаған сияқты: экономикалық либерализм жағдайында өндірілген товар өнімдері, көрсетілген қызмет және оларға төлейтін қабілет жоқ сұраныс арасындағы сәйкессіздік дағдарысқа әкеледі, ал мұны алдын ала тежеу мүмкін емес, яғни арты өндіру дағдарысы болады. Жұмыс пен толық қамту кеңінде экономиканың дағдарыссыз, тепе – тендік жағдайда болуы мүмкін.

 

 

№4 лекция. Мануфактура кезеңінен кенінгі смитшіл-классиктердін

теориялардывдагы өзін-озі реттейтін экономика.

Дәріс мақсаты:Мануфактура кезеңінен кейінгі дәуірдегі алғашқы сыншылар-С.Сисмонди және П.Прудои. Қунарлылықтың кемуі және рента. Т.Мальтустың халықтардың қоныстану және өсу заңы және осы күнгі мальтусшылар. Т.Мальтустың «Халықтардың коныстану-өсу заңы туралы тәжірибе» атты еңбегі. Н.Сениордың экономикалық теориясы. Ф.Бастианың қызмет көрсету және экономикалық үйлесім туралы теориясы. АҚШ-ғы экономикалық теорияның ерекшелектері (Ч.Кэри).

Дәріс жоспары:

1. С.Сисмонди және П.Прудон – мануфактура кезеңінен кейінгі дәуірдің алғашқы сыншылары.

2. Т.Мальтустың «Халықтардың қоныстану заңы туралы тәжірибе» атты еңбегі.

3. Ж.Сэйдің мектебі.

Жан-Шарль-Леонард Сисмонди де Сисмонди (1773-1842) – француз экономисі және швейцарлық текті тарихшы.Негізгі еңбектері: «Саяси экономиканың жаңа бастамасы», «Политэкономия туралы этюдтар», «Рим империясының құлау тарихы» және т.б.

Сисмонди «Жаңа бастамасында...» политэкономия эволюциясы мен пәннің анықтауда үш басты кезеңді атап өтеді : 1-сі-меркантилистер мектебі, 2-ші кезең – физиократтар, 3-сі- А.Смит мектебінің кезеңі. Тек Үшінші кезеңде «А.Смит өзіне дейінгілерден өзгеше, фактілерді тықпайлайтын априорлық теория жазуға тырыспады» Смиттің байлықтың көзін қоғамдық еңбектен іздеу керек деген көзқарасымен келісе отырып және политэкономияның пәні – адамдардың әл ауқаты деп келіп Сисмонди мемлекет туралы үзілді-кесілді пікір айтады. Мемлекеттің міндеті – барлық азаматтарға байлық беретін дене мүмкіншіліктерін пайдалануға жағдай жасау.

Оның зерттеу тәсілдерінің ішінен мыналарды атауға болады:

ü Адамдардың экономикалық қызметін негізгі салаларда талдауда каузалды тәсілді қолдану,бұл өндіріспен айырбас саласын қарама-қарсы қоюға әкелді, біріншісі басым сала, қоғамдық шаруашылықтың басқа түрлерін анықтаушы деп мойындатты

ü Талдаудың таптық тәсілі. Бұл бойынша қоғамдағы таптар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар қарастырылады;

ü Қор мен табысты анықтауда шығындар тәсілі (Сисмонди бойынша жұмсалған еңбек санын есепке алу)

ü Қоғамдық ұдайы өндірісте ақшаның маңызы мен өзбеттілігін мойындамау (сүреттеу тәсілі)

Өнімді және өнімсіз еңбектің мәні жөнінде Сисмонди Смитті қайталайды. Өнімді еңбек айырбастың жаңа заты түрінде байлықты жасады немесе бұрыңғы заттың құнын көбейтеді, ал өнімсіз еңбек –«рахаттану мен еңбек, олар байлық түсінігіне енбейді, өйткені оларды болашаққа сақтауға болмайды, бұл еңбектің нәтижесі қорланбайды.». Смитке қарағанда Сисмонди еңбек өнімніңнәтижесінде «тоғышар байлардың байлығы мен құлқынқұмарлығы ұлғаяды, ұлттардың қолөнерімен өнеркәсіптегі дпмуы өскен сайын еңбекшілер арасындағы теңсіздік ұлғаяды, біреулері көп еңбек еткен сайын екіншілерінің байлығы өседі». Өнімсіз еңбектің қоғам үшін маңызы жөнінде Сисмонди өте пессимист емес.

Машинаны жұмысшыларды ығыстыратын қауіпін Сисмонди еңбек бөлінісінің ең бірінші зиянды салдары деп есептейді және машинаның болуы мынаған әкеледі:

o Адамның ой-дене еңбегін , денсаулығы мен өмірлік құанышын жоғалуы оның еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес келеді;

o Жұмысшылар жұмыссыз қалады, өйткені машина және еңбек опреацияларының қарапайымдылығынан оларды жас балалардың да орындауы мүмкін;

o Негізгі және айналмалы капиталдың өсуі тиісінше ірі кәсіпкерлерді гүлденуіне әкеледі, бірақ бұл бүкіл қоғамға тиімді емес.

Пьер-Жозеф Прудон(1809-1865) француз публицисі, экономисі, социологі. Оның еңбектері «Меншік дегеніміз не?», «Экономикалық қайшылықтар жүйесі, немесе қайыршылық философиясы».

Прудон көзқарастарын ұсақ буржуазия мүддесін орныққан капитализм тұсында білдірді. Осы уақытқа дейін қоғамның таптық құрылымы пайда болып, ұсақ буржуазия аралық жағдайда орналасты. Прудон ұсақ буржуазия мүддесін қорғай отырып, капитализімді Сисмонди секілді жоққа шығарған жоқ.

Прудон объективті экономикалық заңдылықтарды елеген жоқ экономикалық құбылыстарды әділеттілік принципі негізде түсіндіргісі келді. Осы әділеттілік принципі негізінде ол капиталистік қоғамды түрлендіру қажеттілігін алға тартты, қоғам мүшелерінің барлығы ұсақ буржуа мен ұсақ шаруа өкілдеріне айналдыруды көздеді. Со секілді ол ірі өндірісті де елемеді, тез тұтынуға және рыноктағы айырбасқа дайын, айрықша өнім өндіретін жекелеген, тәуелсіз тауар өндірушілерден тұратын шаруашылықтарды жақтады. Осыған байланысты ірі меншіктің орнына таура өндірушілердің ұсақ меншігінің болуын құптады.

Прудонды қоғамға танымал қылған оның «Меншік дегеніміз – ұрлық» қанатты сөзі. Бұл сөз кейіннен меншік теориясына байланысты жаңа идеялардың түрткісіне айналды.

Еңбексіз табыс пен қайшылықты Прудон Айырбастың қалай ұйымдастырылуымен байланыстырады. Прудон үйлесімді(пропорционалды)құн түсінігін енгізуші. Ол әртүрлі өндіріс арасындағы еіңбек бөлінісінің үйлесімділігі есебінен болатын еңбек шығындарын көрсетеді. Егер баға үйлесімді құнға тең болса, сұраныс пен ұсыныс теңеседі.

Прудон сол сияқты «тегін кредит» үлестіретін халықтық банкті құруды жақтады, капиталдың процент әкелуіне қарсылық білдірді. Ол тауарлы өндірісті сақтауға әрекет жасады, айырбасталымдылығы жоқ тауарлардың кемшіліктерін болдырмауға және ақшаны жоюға тырысты. Прудонның пікірінше ақша мен тауарлардың бәрі де сатылуы тиіс, олар капиталға айналмауы керек.

Сондықтан Прудон жүйесінің барлығында реформизм байқалады. Маркстік әдебиеттерде Прудон алғашқыоппортунистердің (пролетариат мүддесін буржуазия мүддесіне бейімдеп бағындырушы) қатарына жатады.

Томас Роберт Мальтус (1766 - 1834)— Англияның классикалық политэкономиясының көрнекті өкілі. Басты еңбектері - "Политэкономия принциптері", «Халықтардың қоныстану заңы туралы тәжірибе». Методологиялық жаңалығы жағынан халық өсуі туралы Т. Мальтус теориясының құндылығы — оның аналитикалық қорытындылары кедейліктен құтылу үшін экономиканың ұлттық саясатын түзеуге халык саны өсуі мен тірішілік игіліктерін, өмір сүру заттарының минимумын белгілеуге мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да М. Блауг Мальтус тұралы былай жазды: "Әлеуметтік заңдар негізінде (әлеуметтік реформа) адамдар қоғамын саналы жетілдіру қадамдары кісілер легімен жоққа шығарылады, сөйтіп әрбір адам өзін-өзі камтамасыз етіп өзінің мұқиятсыздығына жауап беруге тиіс" . Методологиялык ерекшелігі - ол экономикалық либерализм коңцепциясын сөзсіз қабылдай отырып, ғылыми позицияда экономика өсуі мен халык өсуінің өзара байланысына болжам жасады.

Т. Мальтустің "Халықтар заңының тәжірибесі" деген кітабында тұжырымдалған 6ұл теория бірінші шығуындағы қысқа памфлеттен терең зерттеуге айналады. А. Маршалл Т, Мальтустің ойын былай береді: "Барлык халық, олардың тарихындағы шын деректер көрсеткеніндей, басында өсуі жағынан мол болады, олардың сан жағынан көбеюі үздіксіз болар еді, егер тіршілік заттарының жеткіліксіздігі, аурулар, соғыстар, жас нәрестенің шетінеуі немесе өз еріктерімен тежелу болмаса". Хаттыктың саны және оның өсу каркыны коғамның әл-ауқатына әсер етеді деген Мальтустің теориясы негізінде дұрыс және өзекті проблема. Оның жоғарғы деңгейге көтерген тұжырымы - қолайлы жағдайлар кезінде (халык өсуімен байланысты соғыстар, аурулар, кедейшіліктен күтыла алмау болмаса) халык геомстриялық прогрессия бойынша әрбір 20-25 жылда екіге өседі, ал азық өндіру және тағы басқа тіршілік заттары тек арифметикалық прогрессия бойынша ғана өседі. Малътус адамнын ұрпақты жалғастырудағы биологиялық кабілеттілігін жануарлар сияқты табиғи инстинктімен сипаттайды. Және мұндай қабілеттілік күшпен шектеуге карамастан азық- түлік ресурстарын көбейтуге карағанда артық.. Мальтус бойынша, азықты өндіруді көбейтудің мүмкін болмауы ауыл шаруашылығында техниканың нашарлығынан және жер ресурстарының шектелгенінен емес, сол кездегі кең жайылған "жер құнарлығының төмендеу тенденциясы заңынан".

Мальтус бойынша құнның негізіне өндіріс процесіндегі шығындар — еңбек капитал және жер жатады. Сөйтіп Смит-Рикардо теориясын жактаушылардан оның кұнның шығындық теориясының айырмашылығы - құнның көзі ретінде еңбекпен қатар жер мен капиталды мойындайды. Т. Мальтус табыстар теориясында Рикардоны қайталады. Екі автор да табысты бағаның кұрамды бөлігі деп қарады. Мальтус оны құннан (бағадан) бөлу үшін (өндіріс процестеріндегі) еңбек пен капитал шығындарын есептеу керек деді.

Т. Мальтустің Д. Рикардодан және тағы басқа экономистерден асып кеткен жағы бар. Бұл оның экономикалық ілімдер тарихына үлкен бедел алып берді. Ол — жиынтық коғамдық өнімді өткізу проблемаларын зерттеуі, яғни ұдайы өндіріс теориясы. XIX ғасырдың. басында классикалық мектептің қол жеткен табысы - экономиканың теория дәрежесіне сәйкес (А. Смит пен Рикардоның арқасында) экономикадағы басты мәселе қорлану деп есептелді. Ол өндірісті одан әрі өркендетуді инвестициялауды камтамасыз етеді. Мальтус өндіруші емес таптар, мысалы әскердегі паразит жатып ішер деген ойларға қарсы болды. Т. Мальтустің ойынша, шенеуніктер және коғамның тағы басқа өндіруші емес күштері - "үшінші катардағы адамдар жиынтығы, олар коғамдык өнімді жасау мен өткізуге ат салысады». Мальтустің Рикардодан айырмашылығы – оның пікірінше, дағдарыс жеке емес жалпы болуы мүмкін. Бірак екеуінде де кез келген дағдарыс - уакытша құбылыс осы мағынада олар "Сэй заңынан" шегінді деу дұрыс емес.

Жан Батист Сэй (1767 - 1832). "Политэкономия трактатында" экономикалық циклдің кезеңдерін білдіретін өндіріс, бөліс және тұтыну секілді аттарға окушылардың назарын аудара отырып, Ж. Б. Сэй ол кезендердің сабақтастығын емес, олардың байлықтың (материалдық) өндіріс саласында жасалуын атап өткісі келді. Политэкономияның зерттеу пәні коғамдағы материалдық әл-ауқат проблемалары болуы тиіс, байлықтың көзін ол ұлттық өндірістің потенциалынан көрді.

Ж. Б. Сэй басқа классиктер сияқты политэкономияны концепциялауды нақты ғылымдар үлгісімен, мысалы физикамен түсіндіргісі келді. Методологиялық бағытта бұл әмбебап, бірінші қатардағы маңызы бар заңдар, категориялар және теорияларды мойындау деген сөз. Бірақ, Сэй бойынша политэкономияның міндеті - теория және сипаттау.

Ж. Б. Сэй айналымға «өндірістің басты факторлар теориясын енгізеді. Бұл XIX ғасырдың бойында классикалық политэкономия теориясында маңыздысы болды. Бұл теорияның мәні - қоғамдық өндірісте үш басты фактор — енбек, капитал, жер - өзара әрекет етеді. Олардың кұнды (баға белгілеуді) жасаудағы және қоғам табысындағы қатысу дәрежесі факторлардың тиісінше жұмысшыға, капиталистке және жер иесіне тәуелділігіне байланысты.

Смиттің товардың екі касиеті — айырбас кұны мен тұтыну к.ұны бар деген тұжырымын келтіріп. Сэй заттардың (товар) пайдалылығы мен құндылылығының өзара байланысына баса назар аударады.

Ж. Б. Сэйдің ойынша, еңбек, капитал және жер өндіріс процесіне қатыса отырып тек құн жасап қоймайды, табысқа да қызмет етеді. Бірақ үш фактор теориясынан шығатын үштік формула - (мүнда еңбек факторы жұмысшылардың табысы –жалакыға, капитал факторы капиталистердің табысы ретінде пайдаға, ал жер факторы - жер иеленушілердің табысы - рентаға сәйкес келеді).

Сэй ілімінің ішіндегі ең маңыздыларының қатарына оның «рынок теориясы». Ол «Сэй рынок заңын» қалыптастырады, бұл заңға сәкес өндіріс өнім өткізімін өзі қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда әркім сатып алу үшін сатумен шұғылданады. Осы формулаға сәкес Сэй капитализмдегі нарықтық жағдайда артық өндіру дағдарысының болмайтындығы туралы тұжырым жасайды. Мұны негіздеу мақсатында Сэй рынок қызметін сипаттайтын мынадай жағдайларды келтіреді:

ü тауарлардың айырбасы еңбек бөлінісі арқылы жүреді, өндіруші тұтынушыны іздеу үшін өз тауарын рынокқа шығарады;

ü рынокқа шығарылған өнім құны, бір мезгілде өндірушілердің сатып алатын өнімінің құнын анықтайды;

ü баға тұтынуды тежейді, себебі рынокқа шығарылған өнімнің бағасы болмаса, олардың тұтыну шексіз болар еді;

ü тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оған сұраныс төмен;

ü ақша тауарлардың айырбасы үшін қажет, сондықтан ақша эквивалентті емес, өнімдер айырбасталады;

ü айырбас болуы үшін әрбір тауар, әрбір құндылық өзге құндылықтарға (бағалана алуы) қарсы тура алу керек;

ü айырбас процесі кезінде бір тұтыну заттарының екіншісіне алмасуы жүреді;

ü айырбас мынадай жағдайды қалыптастырады «әркім өзгелердің сәттілігіне мүдделі және өнеркәсіп саласының жанаданып көркеюі, басқа салалар үшін тиімді әрі сәтті»;

ü шетелдік тауарлардың әкелінуі ішкі өнімдердің сатылуына оңтайлы жағдай тұдырады, себебі гшетелдік тауарларды өзіміздің өнеркәсіп, жер өнімдерінің өткізілімін сауда арқылы ұйымдастырғанымен, басқаша жағдайда сатып ала алмаймыз;

ü тауарлардың көлемі оларға деген сұраныстан артық болған жағдайда сатылмайды.

 

№5 лекция.. К.Маркстың «Капиталында» классикалық саяси

экономияның дамуы

Дәріс мақсаты:К.Маркстың экономикалық теориясы. Капитал, оның құрылымы және қисыны. Капиталды өндіру процесі. Капиталдың айналым процесі. Капиталистік өндіріс процесі. Қосымша құн теориясы және осы күнгі жағдай.

Дәріс жоспары:

1. К.Маркстың «Капиталы»: құрылымы және логикасы.

2. Капиталдың 1 томы : негізгі проблемалары.

3. Капиталдың 2-ші томы: капиталдың айналымы.

4. Капиталдың 3-ші томы: қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісі.

5. К.Маркс және осы қүнгі заман.

Карл Маркс (1818-1883) — классикалық политэкономияны аяктаушы ретінде экономика ілімі тарихында айтарлықтай із калдырды.

«Капиталды» ол өзінің ең басты еңбегі деп жариялады.

Зерттеу пәні

К. Маркстің шығармашылық мұрасының. өзіне дейінгі экокомикалық ілімнің классикалык. мектебімен, әсіресе А. Смит пен Д. Рикардоның жетістіктерімен көп ұқсастықтары бар. Бірақ "Капитал" авторының ойынша, олардың теориялык-методологиялық позициялары буржуазия экономика теориясының негіздері болды және олардың еңбегінен соң "классикалык. политэкономия" өзін тауысты деп санады

Алайда, толық сеніммен айтуға болатын нәрсе: политэкономияның пәнін бұл ғалым барлық классиктер сияқты, өндіріс саласын басым зерттеу деп есептеді. Айталык., оның ойынша, классикалык политэкономия "Петтиден бастап буржуазиялық өндірістік катынастардың ішкі тәуелділігін зерттейді.

Зерттеу тәсілі

Методологияның жалпы сипаттамасы К. Маркстің өзі мойындағанындай, ғалым ретінде методология жағынан бір мезгілде үш ғылыми қайнардан бастау алады:

- англияның классикалық саяси экономиясы, әсіресе, А. Смит пен Д. Рикардо;

- немістің классикалық философиясы: Гегель,Фейербах;

- францияның утопиялық социализмі.

Біріншілердің өкілдерінен экономикалық либрализмді, құнның енбектік теориясын құн нормасы төмендеу тендендиясы заңын, еңбек өнімділігін және т.б. алды. Екінші қайнар көзден - диалектика идеясын, материализмді; үшіншілерден - тап тартысы үғымын. Қоғамның құрылымы элементтерін үйренді.Сондықтан "Капиталдың" авторы ХІХ-шы ғасырдың басы мен орта кезіндегі әлеуметтік-экономикалык. катынастарға карағанда саясат пен мемлекетті екінші қатардағы құбылыс деп қарағандардың бірі болды. Сөйтіп, ол каузальді тәсілге сүйеніп, экономикалык категорияларды бірінші және екінші дәрежедегі классификацияға бөлді экономикалық зандарды, капитализмді не осыған сәйкес шаруашылыктың рыноктык механизмін өткінші деп санады.

Базис пен қондырма концепциясы

К Маркстің зерттеу методологиясында басты орынды базис пен кондырма туралы концепциясы алады. Ол мұны 1859 ж. "Политэкономияға сын" деген еңбегінде жазды. Негізгі идеясы былай: "коғамдык өндірісте адамдар нақтылы, олардың еркінен тыс катынастарға бағынады. Ол қатынастар материалдық. өндірістік күштердін. дәрежесіне сай болады. Мұндай экономикалық өндірістік қатынастардың, жиынтығы коғамның. экономикалық құрылымын, яғни нақты базис кұрайды. Бұл нақты базистің үстінде кұкық саяси қондырма болады, оған қоғамдық сананың тиісті түрлері сәйкес келеді. Материалдық өмірді өндіру тәсілі әлеуметтік, саяси және рухани процестерге әсер етеді. Адамдардың тұрмысын сана емес, керісінше олардың қоғамдык тұрмысы олардың санасын анықтайды".

К. Маркстің концепциясын қарастыра отырып, базис пен қондырманың кезекпен алмасуы ретінде қоғамдық даму идеясын өмірде пайдалану оңай емес екендігін атап өту қажет. Мысалы, "өндіргіш күштер техникалық жабдықтаумен және бірлескен еңбекті ұйымдастырумен байланысты, ал соңғылары меншік заңдарына тәуелді, зандық-юристік салаға жатады. Бірақ құқық - мемлекеттің бөлігі, ал соңғысы қондырмаға жатады. Біздер тағы да базис пен қондырманы бөлудің қиындығына тап боламыз". Осыған қарамастан, бұрын да, қазір де "марксист үшін экономика мынаны білдіреді: өндірісті ұйымдастыру саяси және әлеуметтік құрылымды анықтауда шешуші маңыз алады. Ол басты назарды материалдық игілікке, мақсат пен процеске, жұмысшылар мен капиталистер арасындағы шиеленіске, бір таптың екінші тапқа жалпы бағынуына аударады".

Идеалды коғам үлгісі

Базис пен қондырма концепциясы тарихқа экономикалық интерпретация жасау үшін кажет. Мұндағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасы, К. Маркстің ойынша, капитализмнің социализмге өту процесін көрсетеді. Өйткені. К. Маркс жазғандай, "'буржуазиялык. қоғамдық формация адамзат коғамының тарихын аяқтайды" . К. Маркс бойынша, диалектикадан алшақтау және капиталистік экономика заңдарын негізсіз әмбебап деп есептеу осы заңдарды ашқан классикалык, политэкономия өкілдеріне бұл зандардың ерекше және өтпелі сипатты бар екенін түсінуге мүмкіндік бермеді.

К. Маркстің түсінігі бойынша, "ХУІ-шы ғасырдан бастау алатын" капитализм - өндіріс кұрал-жабдыктарына жеке меншіктің болуына және рыноктың анархиясына байланысты коғамның гуманизациялануы мен демократиялануын жоққа шығарды. Бұл жүйеде пайда үшін еңбек етеді, бір таптың, екіншісін қанауы мүмкін, адам (кәсіпкер, жұмысшы) өзіне-өзі жат болады, өйткені енбекте өзін көрсете алмайды, белгісіз рынок пен қатаң бәсеке жағдайында ол құлдырап, тіршілік құралына айналады. Еңбектен тыс уақыт, яғни бос уақыт, ол - К. Маркс айтқанындай, "байлыктын өлшемі", капитализм тұсында емес коммунизмде болады .

К. Маркстің капитализмнің сөзсіз күйреуі туралы дәлелдеріндегі басты себеп - қоғамдағы таптар арасында табысты бөлудегі рыноктық принципті бұзу емес, бұл жүйенің, толық жұмыспен камтуды қамтамасыз етпеуі, колониалдык қанауға және соғысқа жол беруі. Сондықтан, қоғамның идеялы, мұраты деп ол -- социализмді, коммунизмді, оларды антогонистік емес қоғамның фазалары деп атады. Мұнда өндіріс құрал-жабдықтары жеке-дара адамның иемдену объектісі болмайды және адамның әрбіреуі еркіндік алады.

Таптар теориясы

К. Маркстің тапсыз қоғам салтанаты идеясы алдымен таптар теориясына сүйенеді, 6ұл — физиократтар мен А. Смиттен бергі классикалық политэкономияның игілігіне айналды.

«Классиктердін. жалғасы ретінде ол шынында экономикалык өсу проблемаларымен, дәлірек айтсақ, халықтың әл-ауқаты мен табысының өсуімен. сонымен қатар өсіп отырған табыстың еңбек, капитал және жер өңдеушілер арасында" , яғни таптар арасында бөлу проблемаларымен айналысты. К. Маркс «Коммунистік партия манифесінде" былай деп жазды: "Осы күнге дейінгі болған барлық қоғамдар тарихы таптар күресінің тарихы болды. Ерікті және құл, патриций және плебей, мастер және подмастерье, қысқасы, қанаушы мен қаналушы бір-бірімен мәңгілік антагонизмде болып, үздіксіз жасырын, кейде ашық күрес жүргізіп. бүкіл қоғамдык үйді төнқеріс жолымен өзгертуге, немесе күресуші таптардың жалпы күйреуіне әкелді". К. Маркс бойынша, капиталистік қоғам оның ұлғайып бара жатқан қыншылығымен бұдан шет қала алмайды: буржуазия үстем тап ретінде өндіргіш күштерін үлғайтады, ал көпшілікті құрайтын пролетариат қайыршылықта қалады. Бұдан, оның ойынша, революциялык. дағдарыс сөзсіз туады, өйткені, өндіргіш күштер дамуынан болатын қайыршылық (пауперизация) ең соңында сондай көлемде ұлғаяды, басқа таптардың есесінен көбейген пролетариат (пролетаризация) халықтың саны көп тобына айналып, үкіметті көпшіліктің есесіне алу үшін төңкеріс жасайды. ІІролетариат революциясы мен пролетариат диктатурасының нәтижесінде капитализм де, таптар да болмайды. К. Маркстін. сөзімен айтқанда: "бұрынғы таптар мен топтар кайшылығы болған буржуазиялық қоғамнын. орнына ассоциация келеді, мұнда әрбіреуінің дамуы басқаларының дамуының шарты болады

"Не себепті К. Маркстің таптар теориясында капитализмнің тарихи драмасындағы екі таптың өзара әрекеті сөз болады? "Капиталдың" авторы көрсеткеніндей, рентаның табыс көзі ретіндегі маңызы экономиканың индустриализациялануы нәтижесінде төмендейді, сондықтан үлкен табыстың екі көзі қалады: пайда және жалакы және екі үлкен тап - жүмыс күші бар пролетариат және қосымша құнды иемденетін капиталистер

Капитал теориясы

I. Капиталдың мәні

Капитализмнің қайшылығына, рыноктық экономикалық катынастарға К. Маркс капитал теориясында да назар аударды. Оның анықтамасындағы капитал категориясының мәні жұмысшыны қанау құралы және жұмыс күшіне үстемдік орнатумен байланыстырылады. К. Марксте капиталдың екі трактовкасы бар. Оның біреуі — "олардың (товардың) өлі заттарына тірі жұмысшы күшін қосып, капиталист бұрыңғы кұнды заттанған, өлі енбекті — капиталға, өзінен-өзі өсетін құнға, тірілген айдахарға айналдырып, ол оны жақсы көргеннен кереметтей жұмыс істей бастайды" Екінші трактовкасында "Капиталдын," авторы косымша құн мен капиталдың, өзінен-өзі өсуі арасындағы байланысты айтады: тек сол жұмысшы өнімді, егер ол қосымша құн әкелсе немесе өзінен-өзі өсетін капитал болса |.

2. Капиталдың органикалык құрылымы.

К. Маркстің капитал теориясындағы жаңалық деп 1-томнын. 23-ші тарауындағы "капиталдың органикалық құрылымы" деген түсінікті айтуға болады. Ол түсінік тұрақты және өзгермелі капитал қатынастарын білдіреді. Осы түсініктер арқылы ол басқа ұғымдарға шығады - қанау (қосымша күн) нормасы, оны қосымша құн мен өзгермелі капитал арасындағы қатынас деп анықтайды. Капиталды тұрақты және өзгермелі деп (А. Смит пен Д. Рикардода - негізгі, айналмалы) К. Маркс капитал бөліктерінің қозғалысын ерекшелейді және олардың, әркайсысының өнім құнындағы қосымша құн массасына әсерін көрсетуге тырысады. Айталық, 2-томнын 8-тарауында капиталдың ауыспалы айналымы сөз болып. осымен байланысты тұрақты капитал өз кұнын жаңа өнімге бөлектеп көшіреді ал өзгермелі – толығымен, яғни әрбір өндірістік циклдан кейін қайтарылуы тиіс. Айырмашылығы - айналмалы капиталға қарағанда негізгі капитал

машиналар мен құралдарда, немесе шикізат материалында болады және қосымша құн жасамайды.

3. Капиталдың қорлануы

К Маркс бойынша, капиталдың қорлануы — фирма мен компания көлемдерінің. бәсеке күресінде ұлғаюы, яғни капитал шоғырлануы мен орталыктануы және ол өнеркәсіптің резервтік армиясын көбейтеді, басқаша айтканда жұмыссыздықтың

абсолюттік көлемін және ресми пауперизмді көбейтеді. Капитал корлануының мұндай табиғатын К. Маркс "капиталистік қорланудыи жалпылық, абсолюттік заңы" деп атады.

Кұн теориясы

Кұнның еңбектік теориясы туралы әңгіме «Капиталдын" 1-ші томының І-ші тарауында болады. Мұнда товарлар айырбасының принципі туралы тезис түзіледі: оның құндылығы өндіруге кеткен енбектің санына сәйкес келуі керек. Еңбектің сапасындағы айырмашылықты, яғни еңбектің түрлі қарқынын, мамандығын есепке ала отырып, одан әрі орташа коғамдық еңбек дәлірегі - қоғамдык қажетті жұмыс күні немесе сол кездегі еңбектін карқындылығы мен біліктіліктің орта деңгейі деген факторлар енгізілді. Сөйтіп, еңбек шығындарын өлшеуге негізделген трактовканы К.Маркс бірден-бір дұрыс трактовка деп есептейді. Алайда, сұраныс пен ұсынысқа сәйкес товар бағасы оның құнынан төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Капиталдың 3-ші томының 1-3 тарауларында каузальды амалды қолданудың үлгісін көрсетеді: К. Маркс өндіріс бағасы концепциясын негіздейді: оның бірінші құн категориясына қарағанда екінші қатардағы екенін дәлелдейді. Өндіріс бағасын сатып алу бағасымен байланыстырады. Негізгі дәлел 3-томның 9-10 тарауларында келтіреді. Мұнда тек жай товар өндірісінде, яғни рынок зкономикасына дейін және капитализм тұсында капиталдың орташа органикалық құрылымы деңгейіне сәйкес бағалар тек товар кұнымен реттеледі. Дамыған капиталистік экономика тұсында, К. Маркстің ойынша, құндылыктың (құнның) өндіріс бағасына ауысуы астарында .құндылықтың негізі бүркеленеді, бақылаудан тыс қалады.

Сонымен К. Маркс құнның енбектік теориясынан қол үзбейді. Тек дамыған экономикада құнның бағаға ауысуы мен оның негізі — еңбек бақылаудан тыс қалады, сондықтан өндіріс бағасы — А. Смит айтқандай, табиғи баға; мұны Д. Рикардо - өндіріс бағасы немесе өндіріс кұны; физиократтар - қажетті баға, яғни ұсыныстың қажетті шарты деп атайды .

Ең соңында екі резюме — марксистік (Кондратьев бойынша) және марксистік емес (Блауг). Біріншісі — егер құндылық ілімінің жеке бөліктерін ескермесе, онда Маркс теориясы — еңбек теориясының жоғары түрі. Екіншісі бойынша -марксистердің. айтқандарының бәрі мынаған саяды: егер бағалылықты еңбек теориясынан бастамаса, онда капиталистер еңбек процесіне катыспай тұрып, өнімнің бір бөлегін алады дегенді түсіндіре алмаймыз.

Акша теориясы

Ақшаның мәні мен құны туралы ("Капитал" т. 1., 2-3 тараулар) автор толығынан Рикардо-Милль тұжырымдарын толық қолдап, бір ғана ескерту- ақшаның сандық теориясына - жасайды. Мұндағы оның басты аргументі — белгіленген уақыттағы сауда айналымы мен ақша массасы айналымы санына бақылаудын. тұрақты болмау сипаты.

Қосымша құн теориясы

К. Маркс қосымша құн теориясына көшпес бұрын мынадай сұрақ қояды: ол қалай пайда болады, егер барлық сату мен сатып алу өзінің қүндылығы түрғысынан, эквивалентті айырбас принципі бойынша, яғни товар айырбасы өндіріс процесінде заттанған енбекке тепе-тең. жүрсе? Бұл тұралы әңгіме "Капиталдың" 1-томның 4-ші тарауында болады. Мұнда мынау (теория) дәлелленеді: жұмысшы күші товар ретінде құны бойынша сатылғанмен, бірақ тек осы товар - ерекше товар, оның бағалылығы (жұмысшыға, отбасына керек товар) капитализм тұсында құнның еңбектік теориясына сәйкес түзілуі мүмкін емес. Бұл кұбылыстың шешімі Маркс үшін өте қарапайым, оның мәні мынада: еңбекті сан жағынан өлшеуге болады, ал жұмысшы күші құндылығын бағалау, Р. Арон айтқанындай, "К. Маркс өзі мойындағандай, өнегеліліктің жағдайымен және ұжымдық. психологияға байланысты" . Сондықтан "Капитал" авторының қорытындысы біреу: қосымша құнның көзі - өздерінің -жұмыс күшін сатқан өндіруші жұмысшылардың "ақы төленбеген" еңбегі және қосымша кұнды алудың механизмі, К. Маркс бойынша, түсінікті және қарапайым: "қажетті уақыт" ішінде. Мәнінде істелген уақыттан аз, жұмысшы өзінің "кажетті еңбегі" арқылы жұмыс күшінің құндылығын қайтарады, оны жалақы түрінде алады, ал "қосымша уақыт" ішінде "қосымша еңбек" істеледі және бұл капиталистер армандаған "қосымша құнды" жасайды.

Еңбек өнімділігі теориясы

Қосымша кұн теориясы - К. Маркс үшін физиократтар енгізген өнімді еңбек түсінігін анықтаудың бастапқы позициясы. Мұнда Дж. С. Милльдің трактовкасымен келісе отырып, (1-ші т. 22-ші тарауында оны вульгарлы экономист-апологетке жатқызбайды) "Капиталдың" авторы былай деп толықтырады (1 т. 14-ші тарау): еңбек өнімді,біріншіден, егер қосымша құн өндірісі абсолютті емес, ол тіршілік заттары құндылығын арзандататын относительді қосымша құн түрінде өссе; екіншіден, егер өнімді еңбек қосымша құнды айналыста емес, тек өндіріс саласында жасайды деп мойындалса.

Табыстар теориясы

1. Жалақы. "Капиталдың" авторы жалдамалы жұмысшылардың алған жалақысы — сатылған "жұмысшы күшін" капиталистермен айырбастауының нәтижесі, классикалық политэкономия негізін салушылар ойлағанындай, енбегі үшін емес. Осы теория бойынша жалақы жұмысшы мен оның отбасы үшін қажетті товарлардың эквивалентіне тең. Оның дәрежесі еңбек өнімділігіне байланысты, ал соңғысы өндірістің технологиясы мен механизациялануының дәрежесіне тәуелді. Ал бұлар жалакының өсуіне кедергі - техникалык-экономикалык прогресс үнемі артық жұмыс күшін туғызады. Соңғысы капиталистер мен жұмысшылардың айырбас қатынастарын қорытындылап, жұмысшыларға зиян келтіреді .

Сонымен, Маркс бойынша, жұмысшы еңбегін емес, жұмыс күшін сатқандықтан, төленбеген еңбекті өлшеуге, табуға болады, бірақ оның жалақыға қатысы жоқ.. Ал төленбеген жұмыс күші тіркелінбейді, өйткені іс жұмысшының толық жұмыс күшіне айырбас түрінде болады. Бірак, Блауг. атап өткеніндей, құндылыктың енбектік теориясы жұмыс күші өзінің (еңбегі) кұны бойынша сатылады деп толық кепілдік бере алмайды . К. Маркстің сенімі бойынша, реальды жалақы еш уакытта еңбек өнімділігінің өсуіне пропорционалды келмейді, тіпті жұмысшы кәсіподақтарға үміт артқанмен, еркін бәсеке экономикасы кезінде жағдайды өзгерте алмайды. "Капиталдың" авторы түсіндіргеніндей, еңбек өнімділігінің өсуі арқасында товарлар мен қызмет көрсету құндарының төмендеуінің ақшалай көрінісі жұмысшылар сатып алатын товар бағасының сондай төмендеуін талап етсе, онда нәтижесінде реалды жалақы өспейді, осыдан келіп жұмысшылар табының пауперизациялануы мен ақылының деградизациялануы алыс емес .

2. Пайда және пайда нормасы

К. Маркстің пайда туралы теориясының ерекшелігі мынада: кәсіпкерлердің басқа пайдалары сиякты 6ұл пайда түрі, оның ойынша, сыртқы, яғни жалдамалы жұмысшыны қанау процесінде жасалатын қосымша құнның өзгерген түрі. Осыдан, айталык Рикардодан ойының айырмашылығы - әңгіме жай пайда нормасы туралы емес, оның қосымша құн нормасынан ерекшелігі туралы Маркстің терминологиясы бойынша, қанау нормасы туралы "Капиталдың" 1-ші томының түпкі ойы бойынша, қосымша құнның үлесі кәсіпорындарда, экономика салаларында сонша көп болады, егер өзгермелі капитал мен еңбек өссе; сонша аз болады, егер капиталдың органикалық құрылымында тұрақты капиталдың үлесі өссе, яғни кәсіпорындарда немесе салаларда машиналар мен құралдардың механизациялануы, жабдыкталуы жоғары дәрежеде болады.

" Капиталдын" 3-ші томының түпкі ойы — мүмкін қайшылықтың шешілуі К. Маркстің ұсынысымен "қосымша кұн нормасын" "пайда нормасынан" айыра білгенде болады. Және біріншісі - қосымша құнның өзгермелі капиталға катынасын есептеу көрсеткішін білдірсе, екіншісі (қосымша құнның сыртқы көрінісі туралы) жиынтық капиталға қосымша құнды, яғни тұрақты және өзгермелі капиталдың қосындысын есептеу арқылы жүреді . .

К Маркстің күткеніндей, тарихи құбылыстың шешілу мәні мынада: пайда нормасының төмендеу тенденциясының шешілуі демографиялык факторларға және жердің құнарлылығының төмендеуіне сәйкес күнделікті қажетті азық-түлікке бағаның жоғарылауы туралы Рикардо-Мальтус тұжырымына байланысты емес, капиталдың органикалық құрылымының жалпы капиталда өзгермелі капитал (капитал қорлануымен шарттасылған) үлесінің азаюы жағына карай трансформациялануына байланысты.

Сонымен қатар қосымша құн нормасы, пайда нормасы түсініктерін қолдана отырып К. Маркс еркін бәсеке жағдайында рынок экономикасының шаруашылық механизмі құпиясын жақсы түсінетінін көрсетті. Мысалы, қосымша құн теориясының логикасы бойынша жұмыс күні ұзақ болған сайын, қосымша құн массасы мен қанау нормасы көп болады. Бірақ К. Маркс қосымша құнды қосымша уакытты ұзарту арқылы көбейту тәсілі жақсы емес, өйткені абсолютті қосымша кұнды көбейте отырып, ол қосымша шығындарды да көп қажет етеді, әрбір жұмыс уақытының қайтарымын азайтады, жүмысшылар наразылығын былай қойғанның өзінде деп ойлайды.

" Капиталдың " авторы Н. Сениордын "соңғы сағат теориясын" қатты сынайды. Мұндағы сағаттық есептердегі жұмыс күнінің тек соңғы сағатында ғана капиталистердің пайдасы жасалады деген идеяларын талдайды. Оның терең сенімі бойынша, қажетті уақыттың (қажетті еңбектің) қысқаруы еңбек өнімділігін жоғарылату есебінен болатынына қарамастан, относительді косымша құн әкелсе, бір мезгілде қосымша кұн нормасынын, төмендеу тенденциясы күшейеді, әрбір капиталист интуитивті түрде пайда нормасын максимизациялауға тырысады, өйткені бәсекелік күресте қосымша құн нормасы арқылы емес, тек пайда нормасы аркылы нәтижеге жете алады. Ең соңында, егер Рикардо бойынша пайда нормасының төмендеу тенденциясы машиналарды жетілдіру, агрономия

ғылымы жаңалықтары арқасында әркез тежеліп отырды десе, К.Маркс бойынша (3-ші т., 13-15 тараулар), 6ұл - капитализмнін, өзін-өзі күйретуінің тарихи феномені: пайда нормасын үздіксіз көбейту жолында капиталдың органикалық кұрылымында тұрақты капиталдың үлесі үлғайып, өзгермелі капитал азаяды. Ал соңғысы - қосымша құнның қайнар көзі, капиталистік өндірістің түпкі макеты, шегі және мотиві (қара: т. 1. 11 тарау).

3. Рента және абсолюттік рента

"Капиталдағы" рента теориясының мәні Рикардоның рента туралы теориясына сәйкес. Айырмашылығы - К. Маркстің дифферсинациалдық рентамен қатар абсолюттік рентаның бар екенін айтқаны. Соңғының пайда болуын "Капиталдың" авторы ауыл шаруашылығында капиталдың органикалық құрылымының төмендігімен және жерге жеке меншіктің болуымен байланыстырады. Бірінші факторға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімінің, құндылығы оның өндіріс бағасынан жоғары болса, екіншісінде — ауыл шаруашылығында пайда нормасын орта дәрежеге жеткізетін капиталдың ауысу механизміне жол берілмейді. Нәтижесінде жер иесі арендатор-фермерден рентаның табиғи деңгейінен жоғары аренда ақысын талап етеді, яғни құнарлығы жоғары, өткізу рыногына жакын орналасқан жер участіктері келтіретін артық пайдаға тең болуы тиіс. Маркстің абсолюттік теориясы тек қосымша құн теориясы шенберінде әрекет етеді және осыған құндылықтан бағаға ауысу керектігін косқан жөн.

Ұдайы өндіріс теориясы

Еркін бәсеке экономикасы жағдайындағы үдайы өндіріс процесін және макроэкономикалық тепе-теңдік пен экономикалық өсу механизмін қарастыра отырып, К. Маркс Смит-Сэйді жактаушыларды сынайды, соңғылар ұлттык өнімді қоғамдағы таптар табыстарымен теңестіреді. Осы себептен олардың пікірлері ұлғаймалы емес, жай ұдайы өндіріс типін талдауға арналды. Осындай кемшіліктерді атай келіп, "Капиталдың"авторы өзінің барлык ұдайы өндіріс типтерін талдау схемасын ұсынады. Мұнда экономика екі бөлімше салаларынан (өндіріс кұрал-жабдықтары және тұтыну заттары өндірісі) тұрады.

«Капиталдың» 2-ші томында жай және ұдайы өндіріс концепциясындағы позитивті моменттерге, экономикалык дағдарыстар туралы вульгарлык доктриналарға дәлелді сын айтылады. Мұнда дағдарыс аз тұтынудан, яғни товар массасын оны өндіруге кеткен шығындардан төмен бағамен сатып алуға жиынтык сұраныстың жеткіліксіздігінен болып отыр.

Экономикалық дағдарыстар доктриналарының бір вариантының. мәні мынада: тұтынушылардың көп бөлегін құрайтын жұмысшылар жалакысының төмен болуы өздері өндірген товарлы өнімдерді құндылығы бойынша сатып ала алмайды. Сөйтіп, дағдарыстың алдын алу мүмкін емес, егер капиталистер мен жер иеленушілер, Т. Мальтус айтқандай, "үшінші адамдар" яғни коғамның өндірістік емес топтары жұмысымен байланысты шығындарды жаңартпаса. Аз тұтынумен байланысты тағы бір экономикалық дағдарыс вариантында тұтынудың өсу қарқыны қуаттардың өсуінен төмен. Ал 6ұл қуаттар инвестицияға жұмсалатын табыстар арқылы жасалады, сөйтіп сұраныстан артық қуаттар жасалады, бұлар қуаттарды азайтып, табысты және экономиканы төмендетеді. Демек, дағдарыстардың болуы - артық жинақты аз тұтынудан, яғни артық жинақты пайдаланбау. К. Маркс Сэй мен Рикардоны жақтаған экономистерді сынайды, олар "жалпы товарларды артық өндіруді" емес, "капиталдың уақытша артығын" мойындады.

Жоғары талап тұрғысынан "Капиталда" дағдарыстар теориясы емес, капитализм тұсындағы капитал қорлануы мен табысты бөлудің каузальды (себеп-салдар) бағасы берілген, ол сөзсіз "жалпы артық өндірудің" кезеңіне әкеледі. Циклдік процесс, Маркс бойынша, капиталистер ұмтылған пайданы максимилизациялау мақсатында қорлану үшін жиынтық сұраныстың өсуінен басталады, 6ұл - себебі. Бірақ циклдің төмендеуімен аяқталады, өйткені көтерілуі кезеңіндегі еңбекке сұраныс оның шын ұсынысынан артық, сөйтіп жалақының өсуіне және жұмыссыздыкты жоюға, соңынан пайда нормасының төмендеуіне, қорланудың аяқталуына әкеледі. Ол — нәтижесі. сонымен кезекті экономикалык цикл басталады: экономикадағы жаңа қайта құрылымдық өзгерістер инвестиция мен жаңа жұмыс орындарын жасаумен қатарласа жүреді. Бұл процесс корлануда пайда нормасының төмендеу тенденциясына, еңбектің резервтік армиясының өсуіне, жалақының төмендеуіне және дағдарыстық ситуацияғаа әкеледі .

 

 

№6 лекция.. Маржинализм және жаңа классикалық теорияның


<== previous lecture | next lecture ==>
Перечня вопросов письменных автоматизированных экзаменов | Калыптасуы
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 4.535 s.