Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Калыптасуы


Date: 2015-10-07; view: 5806.


Дәріс мақсаты:Маржинализм-экономикалық теорияның жаңа-классикалық бағытының негізі. Австралиялық мектел (С.Менгер, Ф.Визер, О.Бем-Баверк). Шекті пайдалылық принципі негізінде баға теориясының қайта қаралуы. Шекті пайдалылық теориясының ағылшын варианты (У.Джевонс). Кембридж мектебі. А.Маршаллдың сұраным және ұсыныс теориясы. «Нақты шығындар» құндылықтың негізі ретінде. Өндірістік игіліктердің құндылығы. А.Пигу: Рента, квазирента және процент категориялары. А.Пигу: әл-ауқыттың экономикалық теориясы. Дж.Б.Кларк: шекті өнімділік принципі. Өндіріс және бөлу теориясы. Кардиналистер мен ординалистердін пікір таласы.

Дәріс жоспары

1. Шекті талдау теориясы. Австрия мектебіь(К.Менгер, Ф.Визер, Е.Бем-Баверк). Шекті пайдалалық теориясының ағылшын үлгісі (У.Джевонс).

2. Кембридж мектебі. Тепе-теңдік проблемасы (А.Маршалл). Әлауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу).

3. Шекті өнімділік теориясы (Дж. Б.Кларк). Кардиналистем мен ординалистердің пікір таласы.

4. Лозан мектебі. Жалпы тепе-теңдікті талдау (Л.Вальрас). ӘЛ-ауқаттың экономикалық теориясы (В.Паретто)

1 сабақ. Маржинализмнің жалпы сипаттамасы

Маржинализм дегеніміз не және маржиналистік төңкеріс XX ғасырдың соңғы отыз жыл бойында классикалық полит-экономияны маржиналистік экономика теориясы ауыстырды. Мұндай ауысудың мүмкін болуы - ғылымдағы, әсіресе, жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы прогрестің нәтижсі және экономикада шаруашылық жүргізудің монополистік белгілері күшейді.

Маржинализмнің негізгі идеясы — экономикалық жүйедегі шекті экономика көлемдерді өзара байланысты құбылыс ретінде фирма, сала (микроэкономика) және бүкіл халық шаруашылығы (макроэкономика) деңгейінде зерттеу. Осындай контексте қазіргі маржинализм бүгін неоклассиктер мен кейнстік экономикалық концепцияларды өзіне біріктіріп, "экономика алғаш рет берілген мақсатта және пайдланудың альтернативті мүмкіндіктері бар шекті қаржылардың. өзара байланыстарын зерттейтін ғылымға айналды -".XIX ғасырдың үшінші жартысында екі жүз жылдай тарихы бар классикалық мектептің құндылығын қайта бағалау экономикалық әдебиеттерде "маржиналистік төңкеріс" деп аталады Болған төңкерістің (революция) мәнін түсіндіргенде мынаны атап өту керек: "маржиналь" - ағылшын - француз тілінде шек (шегі) дегенді білдіреді. Маржинализм — жаңа экономикалық талдау принциптеріне сүйенеді, олар болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерді сипаттауда шекті көлемдерді аныктайды. Бұл - олардың классикалык политэкономиядан ең басты өзгешілігі. Классиктер орташа немесе қосынды көлемдерде қөрінетін экономикалық құбылыстардың. (категориялардың) мәнін сипаттап қана қойды. Мысалы, баға негіздерін анықтағанда классикалық концепция шығын принципімен, еңбек шығындары көлемімен (басқалары - өндіріс шығындарымен) байланыстырды. Ал маржиналистер концепциясы бойынша бағаның, құрылуы (шекті кұндылық теориясы бойынша) өнімді тұтынуына байланысты, яғни бағаланып отырған өнімге қажеттілік қаншалықты өзгереді, егер осы өнімнің (игіліктің) бір единицасы тағы қосылса [3]. Маржиналистер методологиясындағы төңкерістің тағы бір ерекшелігі: егер классиктер экономикалық қүбылыстарды танденциозды қараса, мысалы, өндіріс саласын айналысқа қарағанда бірінші орынға шығарып, құнды бүкіл экономикалық талдаудын. бастапқы категориясы десе, маржиналистер экономиканы өзара тәуелді шаруашылық субъектілерінін. жүйесі деп қарап, олар шаруашылық игіліктерді, яғни материалдық, қаржы және еңбек ресурстарын пайдаланып, жұмсайды дейді. Сондықтан экономиканың тұрақты жағдайы мен тепе-теңдігі мәселесі туралы маржиналистік теорияның арқасында кәсіпорындар мен фирманың, бүкіл халық шаруашылығының қоршаған ортамен өзара әрекетінің нәтижеін талдау мүмкін болды. Бүдан әрі классиктермен салыстырғанда маржиналистік теория математикалық тәсілді кеңінен қолданады, соның ішінде дифференциалды тендеулерді (есептеулерді). Маржиналистерге математика тек шекті экономикалық көрсеткіштерді талдау үшін ғана емес, сонымен қатар, мүмкін гипотез бен сандық жағдайлардың, ішінен жақсы варианттарды, оптималды шешімдерді қабылдауды негіздеу үшін де қажет."Төңкерістік" қадамдар маржиналистерді ақшаның сандық теория саласында жасауға мүмкін етті. Себебі: маржиналистік төңкеріс Рикардо мен Милльдін ақшанын сандық теориясының ортдоксальді жорамалын жокқа шығаруға жаңа деректер берді. Нәтижесінде акшаның басты қызметтерін мойындауға мәжбүр болды: айналыс

қүралы. қүн немесе сан өлшемі, жинақ құралы, қорлану немесе құнды сақтау қүралы. Бастысы — ақшаның сан түрлі қызметтерінің. ішінен негізгісін іздеу қажеттігі жойылды. Ал мұндай қажеттілік ақшанын бір кызметін екіншісінен артық санауға әкелетін. Енді "Ақша - ақша жасайтындардын бәрі. Ақша кызметтерін атқаратындардың бәрі - ақша" Көрсетілген козғалыстардың алғашқы авторлары И. Фишер мен А. Пигу еді. Маржинализмнің американдық мектебінің. дәстүрін жалғастырушы И. Фишер (1867 - 1947) өзінің әйгілі айырбас тендігін шығарады [7]. Өз кезегінде А. Пигу (1877 - 1959) Фишер бойынша ақшаны зерттеу методологиясына түзету енгізді. Ол микродеңгейдегі шаруашылық субъектілердін. (фирма, компания, жеке адамдар) сылтауларын (ниеттерін) ескеруді, ақшаға бейімділігіне байланысты -ақшаларын банктерде, бағалы қағаздар түрінде ұстауға құлшыныстарын аударуды үсынды. Осыдан келіп Пигу бойынша ақшаның өнімділігіне қарай бағаларға түзету жасалынады. Ең ақтығында төңкеріс дсп мынаны айтуға болады: маржиналистердің методологиялық қүралдары ең соңында классиктерде басты болып саналатын экономикалык категорияларды бірінші, екінші деп бөлу мәселесін күн тәртібінен алды. Мүның шешілуі каузальдіге (себеп-салдар) қарағанда қызмет атқаруға басымдылық беру арқасында мүмкін болды. Сөйтіп ол талдаудың басты қүралы болып, экономикалық теорияны нақты ғылымға айналдырды. Мынаны айту керек: "маржиналистік төңкерістГ бастапқыда ешкім елемеді, біле бермеді. Оның болғанмн алғашқы рет 1886 жылы Л. Вальрас жариялады. Ол өзінін, шекті экономикалық көлемдерді талдау идеясын үсынды және төнкерістің алғашқысы екенін көрсетті. Алайда 1871-1874 жылдары осындай бағыттағы жүмыстарды У, Джевонс пен А. Маршалл жариялағандыктан, осы үш экономистің арасында ғылыми приоритет туралы талас болды. Бірак 1878 жылы күтпеген жерден ағылшын профессоры Адамсон 6ұл таласты тоқтатты, Ол Британ мүражайынан әлі ешкімге белгісіз 1854 жылы жарык көрген Г. Госсен деген неміс авторының кітабын табады. Мұнда жоғарыда аталған маржиналистік талдау принциптері ұсынылған. Алайда маржиналистердің алғашқыларының - тұтынушылардың тәртібін талдауды қолдап, "шекті күндылық" категориясын бірінші айтқандар және шаруашылық жүйеде тепе-тендікті ашу үшін математикалық талдаудың пионерлері арасында бірден бірнеше авторлар болған. Олар: Г. Госсенмен бірге немістің тағы бір ғалымы және практигі И.-Г. фон Тюнен, екі француз зерттеушілері — Ж. Дюпюи мен О. Курно Айталық, П. Самуэльеон 1970 жылы 11 желтоқсанда Стокгольмде экономика саласынан Нобель сыйлығын алу кезіндегі лекциясында "Маршаллға дейін көп уақыт бұрын 1838 жылы О. Урно өзінің "Исследования математических принципов в теории богатства".еңбегінде максимум пайда әкелуде дифференциалды есептеуді қолданды. Шығындардың минимумы да бұдан жүз жыл бұрын қойылды. Шекті өнімділікті қарастырғанда фон Тюнен осылардың бәрімен айналысты Қазіргі экономикалык әдебиеттерде маржиналистердің алдыңғыларының. (тиісінше маржиналистік төнкерістінде) басты теориялык, принциптерін әдетте Госсеннің бірінші, екінші зандары деп сипаттайды. Онын, бірінші "заңы" бойынша қолдағы игілікті көбейту шекті пайдалылыкты азайтады, ал скінші "заң" бойынша түтынудъщ (сүраныстың) оптималды қүрылымы барлық тұтыну игіліктерінің шекті қажеттілігінің тепе-тендігі жағдайында мүмкін.

"Маржинал төңкерісі" кезеңдерінің ерекшеліктері

Экономикалық әдебиеттерде "маржинал төнкерісі" болуының екі кезеңі көрсетіледі. Бірінші кезеңі XIX ғасырдын. 70-80 жылдарын қамтиды: мұнда австриялық К. Менгердің және оның шәкірттерінің еңбектеріндегі маржиналистік идеяларға экономикалық талдау жасалып. қорытындыланады және жоғарыда аталған ағылшын У. Джевонс пен француз Л. Вальрастын. еңбектері талданады Осы кезенде товардың шекті пайдалылығы теориясы қүндылықты анықтау бұл мектептің басты шарты деп жарияланып, ал товар қүндылығын бағалағанда накты адам мүддесі түрғысынан психологиялық сипаттамасын мойындау керек. Сондыктан маржинализмнің бірінші кезеңін "субъективті бағыт" деп атайды .

"Маржинал төңкерісінін" екінші кезеңі — XIX ғасырдың 90-жылдарына сай келеді. Осы уакыттан бастап маржинализм көптеген елдерде басым бағыт болып қанатын жаяды. Бұл кезеңдегі оның басты жетістігі - 70-жылдардағы субъективизммен психологизмнен бас тартып, Й. Шумпетер айтқандай, "экономиканың таза мақсаты ... берілген жағдайлардың негізінде әр кезде де экономикалык өмірдің ретті жүруін түсіндіру" [12]. Нәтижесінде жаңа маржинал экономикалык идея өкілдері классикалык, политэкономияның иегерлері саналып, оларды неоклассиктер деп атады . "Маржинал төңкерісінің" екінші кезеңі - неоклассикалық саяси экономияның. қалыптасу кезеңіне - ең көп үлес қосқандар: ағылшын А. Маршалл, американ Дж. Б. Кларк және итальян В. Парето еді. Жоғарыда аталған маржинал төнкерісінін. екі кезеңіндегі идеялар эволюциясын былай сипаттауға болады:

Біріншідсн, бастапқыда маржинализм өзінің субъективті бағытында экономикалық талдауды тұтынумен (сүраныс) байланысты проблематикаға назар бөлудің маңыздылығын көрсетті. Ал классиктердің өндіріс (ұсыныс) проблемасын басым бағыт дегені белгілі Бірақ неоклассиктер (маржинал төңкерісінін екінші кезеңі) содан кейін екі саланы бір мезгілде зерттеудің кажеттілігін негіздеді, олардың біреуін ерекше бөлмей, бір-біріне қарсы қоймады.

Екіншіден. маржиналистердің алғашқы толқыны (экономикалық ойдың субъективті бағыты) классиктер сияқты себеп-салдарлы талдауды пайдалана отырып, өзіне дсйінгілерді қайталағандай болады. Каузальді тәсіл біріншісінде де, екіншісінде де товар игіліктерінің құнын (қүндылығын) мойындауға, яғни оны экономикалык зерттеудің бастапқы категориясы деп есептеуге әкеледі. Бір ғана айырмашылык, -классикалық мектеп экономикада бірінші орында - өндіріс саласы, қүнның қүрылу көзі - өндіріс шығындары десе, субъективті мектеп бірінші орынға — түтыну саласын жаткызып, осымен байланысты бағалар товарлар мен қызмст көрсетудің қүндылығына тәуелді етеді. Өз кезегінде маржиналистердің екінші толқыны экономика теориясында неоклассиктердің негізін қалады. Олар бұған каузальды тәсілді функциональдімен алмастырып, яғни екі жүз жылдай экономикалық ғылымда үстем болған өндіріс пен тұтынуды бірінші, екінші сала деп бөлу дилеммасын жойып, тиісінше құнның (қүндылықтың) негізіне не жатады деген таласты тоқтату арқылы жетті.

Неоклассиктер, бейнелеп айтсақ, өндіріс саласы мен түтыну саласын қосып, жүйелі тұтас талдау объектісіне айналдырып, шекті экономикалық өлшемдерді сипаттауды бөлу мен айырбас саласына таратты. Нәтижесінде кұн туралы екі теорияны (классиктердің шығындар, субъективистердің күндылық) бір екі өлшемді теорияға табиғи біріктіруге әкелді, ол бір мезгілде шекті шығындар мен шекті пайдалылыкты өлшеугс негізделген

Үшіншіден, 1-ші кезендегі маржинал төңкерісіне қарағанда 2-ші кезенде экономикалык талдауда функционалдык тәсілмен қатар экономикалық процестерде жаппай математикалық модель жасау кең. етек алды. Ол микроэкономикалык деңгейде экоиомикалық тепе-тендік концепциясын, яғни жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейінде жүзеге асыру құрушы болды. Мұны неоклассиктердін экономика пәнінен ХГХ ғасырдың 30-шы жылына дейін макрозерттеу және экономика өсу факторлары проблематикасы алынып тасталған еді. '

Маржиналистер экономикалык өсу еркін бәсеке арқасында автоматты түрде жүреді деп XIX ғасырдын. үшінші жартысына дейін және XX ғасырдың 30-жылдарында тағы қайталады. Сөйтіп олар шын өмірде болмайтын Ж. Б. Сэйдің "рынок зандарын" және оның экономиканың өзін-өзі реттейді, тепе-тендік деген ндеясын қолдайды. Бірақ маржинал экономика теориясының математизацияланған ерекшелігін мойындай отырып оқушыларды қазіргі танымал ғалым экономистердің бұл жөніндегі ескертпелерімен таныстырған артық емес. Айталық, В. Леонтьев: "Жаратылыстану мен тарих ғылымдарындағы әріптестері сияқты деректерді қатаң жүйелеп жинауға о бастан үйренбеген экономистер дедуктивті талдауға бейімділік көрсетті. Көптеген экономистер таза немесе қолданбалы математикадан келді. Экономикалык журналдардың әр беті математикалык. формулаға толы болды. Олар аз ғана шындықтан, бірақ абсолютті негізсіз болжамға түзілгендіктен. іске қатысы жоқ теориялық қорытпаға әкеледі. Қазіргі көптеген экономист-теоретиктердің жүйелі зерттеулерге көңілдері толмайтындары ап-айқын жәнс мұны мстодологиялык құралдардан көреді. оларды қолдану наюылы информацияны қысқартады немесе азайтады" М. Алленін. ойынша, "жақсы физик нсмесе экономист болу үшін математика саласынан білім мен дағды жеткіліксіз, сондықтан * еш уақытта да мынаны қайталау артық емес: экономист үшін ; физик сияқты негізгі мәселе — математиканы тек математика үшін қолданбай, оны нақты шындықты талдап, зерттеудің қүралы ретінде пайдалану. Сондыктан міндет - ешуакытта теорияны оны қолданудан бөлмеу керекМұндай ескертулердің саны көп.

Төртіншіден, неоклассиктер экономикалық ғылымның алғашқы үстаздарынан, яғни классиктерден, ең бастысын — экономикалық либерализм принциптеріне берілгендікті, "таза білімді ұстап қалды" Кейде мұны субъективизмнен, психолопменен және басқа экономикалық емес қоспалардан арылған "таза теория" деп айтады. Сондықтан, маржиналистердің "екінші толқыны" біріншілерінен, тіпті классиктерден де ерекше зерттеу пәнін кеңейткенін (алдыңғыларына карама-қарсы сапалы методологиялық қүраалдарға жүгінгені, яғни жүйелілік, математиканың мүмкіндіктерін, каузальды және классификациялык талдауды ауыстыру, шаруашылык механизмді зерттеу, экономикалык көрсеткіштердің өзара байланысы мен езара тәуелділігін функционалды сштаттау) мойындай отырьгп, карсы жағын да көрсетуіміз тиіс: неоклассиктер өздерінің зерттеу гтәнінің шенберін әдейі тарылтты, яғни экономика ғылымыньщ теориялық-методологиялық міндеттерінен әлеуметтік және макроэкономикалық бағыттағы проблематиканы алып тастайды

Осы туралы М. Блауг мынадай сын-пікір айтты: "Экономикалық теория пәнін тарылтып, неоклассиктер өздерінің белгілеген шекарадан әріден хабарлары жоқ, дәрменсіз екендерін көрсетті. Сөйтіп өз пәндерінен ақылға сыйымды қорытындыларды ғана емес, бірнеше бағалы идеяларды шығарып тастады. ХІХ-шы ғасырдың 2-ші жартысында өсу проблемасына экономистердің көзқарасы тұрақты еді. Сондықтан Маршалл сияқты авторлар экономикалык өсу автоматты болады, егер "еркін" бәсеке мемлекеттің сәл бақылауымен бірге қажетті әлеуметтік ортаны қамтамасыз етсе. Нәтижесінде экономикалық теория өсу немесе даму концепциясынсыз қалады" [20).

2 сабақ: Кембридж мектебі. Тепе-теңділік проблемасы (А.Маршал). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы (А.Пигу)

 

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ірі капиталистік кәсіпорындар, олардың монополияға айналуы пайда болды. Ірі бірлестіктер мен фирмалар үшін жаңа экономикалық саясат мәселесі туындады. Кембридж мектебінің туындауына осы жағдайлар, экономикалық теориядағы жаңа бөлім - микроэкономиканың пайда болуы әсер етті. Кембридж мектебінің көрнекті өкілдерінің қатарына А.Маршалл (осы мектептің негізін салушы), Ф.Эджуорт, А.ГІигу секілді экономист ғалымдар жатады. Бұл мектептің негізінде маржинализм доктриналары жатыр. Бұл мектептің өкілдері австрия мектебімен салыстырғанда шекті пайдалылық теориясындағы қайшылықтарды жоюға талпыныстар жасады. Осы мақсатта олар А.Смит, Д.Рикардо, Ж.Б.Сэй, Е.Бем-Баверк, Н.Сениор, Дж.С.Милл У.Джевонс секілді экономистердің концепцияларын кеңінен пайдаланды.

Кембридж мектебінің негізгі бағыттары оның негізін салушы Көмбридж университетінің профессоры Альфред Маршалдың(1845-1924) еңбектерінен көрінеді. 1890 жылы оның негізгі "Экономика ғылымының принциптері" деп аталатын еңбегі басылып шықты. Осы шығармасы арқылы А.Маршалл экономика ғылымында жаңа негізгі неоклассикалықбағыттың негізін салды деп есептеледі. Маршалл ағылшынның классикалық мектебі мен маржиналистік концепция идеяларын бірлікте, байланыста зерттеуге талпынды. "экономика ғылымының принциптері" еңбегінде Маршалл нарық тепе-теңділігін ұсыныс пен сұраныс бағаларының тепе-теңдігі турінде қарастырады. Мұнда ұсыныс бағасы өндіріс шығындарымен анықталады, ал сұраныс бағасын - тауардың пайдалылығы анықтайды. Ол Рикардо мен оның ізін жалғастырушыларды сұранысты елемегендері үшің ал австрия мектебінің өкілдерін ұсынысқа назар аудармағандары үшін сынға алады.

Маршалдың пікірінше, өндіріс шығындары мең шекті пайдалылық бағаны нақтылаушы тең құқылы факторлар болып табылады. Маршалдың пікірінше, құнды жасауға екі фактор қатынасады: өндіргіш фактор (өндіріс шығындары) және субьективті фактор (пайдалылық). Маршалл бұл факторларды бөлмей, олардың өзара қатынаста баға деңгейіне бірдей әсер ететінін қарастыра келе былай дейді: "қайшының жоғарғы және төменгі жүздері бір бөлік қағазды қалай кессе, құнның өндіріс шығындары немесе пайдалылықпен қалайша реттелетіні туралы солай бірдей негізде айтыс-тартыс жүргізуге болады".

Құн категориясы нақтылай алғанда Маршалдың талқылауында тепе-тең баға категориясымен үндес. Бұл сөздерді ол синоним ретінде жиі қолданған. Ол өзіне дейінгі құн теориясын біртұтас баға теориясына біріктіріп, соның негізінде баға құрылымы процесін түсіндірді.

Өндіріс шығындарының серпінін (динамикасын) Маршалл өндіріс көлемінің өзгерісімен байланыстырады. Ол мұндай байланыстың үш түрін көрсетеді: өнім көлемінің өскен кезіндегі өнім бірлігіне келетін шығындардың тұрақты жағдайы (тұрақты қайтарым заңы); шығындардың төмендеуі (қайтарымның жоғарылау заңы); шығындардың өсуі (қайтарымның құлдырау заңы).

Маршал қысқа мерзімдік уақытта өндіріс шығындары, демек ұсыным бағасы төмендеуге бет алады деп есептейді. Ал ұзақ мерзімдік ауыл шаруашылығында қайтарымның құлдырау заңы, өнеркәсіпте қайтарымның жоғарылау заңы жұмыс жасайтындығын айтады.

Маршалл құн мен баға арасындағы байланысты көрсетуге тырысқанмең негізінде өзінің баға теориясының талдауын сұраныс пен ұсыныс қатынастарының шеңберінде жүргізді. Бұл туралы Маршалдың өзі былай дейді: "сонымен мынадай қорытынды жасауға болады, жалпы ереже сияқты қарастырылып отырған кезең қысқарған сайын біздің талдауымыздағы сұраныстың құнға әсерін көбірек ескерген жөн секілді, ал осы кезең ұзарған сайын, құнға өндіріс шығындарының әсері көбірек маңызға ие болады".

Осылайша Маршалл уақыт факторына, яғни экономикадағы қысқа - ұзақ процестердің принципті айырмашылықтарына көп көңіл аударады. Ол уақыт факторын экономикалық теориядағы көптеген қиыншылықтардың бастауы деп білді.

Маршалл теорияларының ішіндегі маңызды орынды еркін рыноктық баға құрылымы мәселелері алады. Маршалл рыноктың барлық параметрлерін (баға, сұраныс, ұсыныс) олардың функционалды байланыс тұрғысынан қарастырды. Жетілген бәсекелестік жағдайда сұраныс пен ұсыныс бағадан тәуелді болады деп есептеді. Егер тауардың бағасы өссе, онда оған деген сұраныс төмендейді, ал ұсыныс артады. Және керісінше.

Демек, Маршалл ауытқу барысында рыноктық бағаның тұрақты жағдайға жетуі, немесе сол тауарға деген сұраныс пен оның ұсынысының теңесетін теңпе - тең баға болуы мүмкін деген қорытынды жасайды.

Маршалл баға шамасының сұраныс пен ұсыныс қатынастары арқылы анықталатын кері байланысын да көрсетті. Баға тепе-теңділік деңгейінен артып кетсе, ұсыныстың ұлғаюын ынталандырады. Сұраныстан артып озған ұсыныс бағаны керісінше тепе-теңділік деңгейіне дейін төмендетеді.

Егер рыноктық баға тепе-теңділік бағасынан төмен болса, ол сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысқа қарағанда артып, бағаның тепе-теңділік нүктесіне қарай жоғарылауын тудырады.

Маршалл бұл туралы: "Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңділік жағдайында бір уақыт бірлігінде ендірілген тауарлар мөлшерін де теңбе-тең, ал олардың сатылу бағасын тепе-теңділік бағасы деп атауға болады.

Мұндай тепе-теңділік жағдай тұрақты, яғни маятниктің өзінің төменгі нүктесінен әрлі-берлі қозғалысы сияқты баға да өзінің шамалы ауытқуында бастапқы қалпына қайтып оралады" деп жазды.

Тепе-теңділік баға әрқашан да тұрақты немесе өзгермей тұрмайтын баға емес. Ол өзінің құрамдастары: сұраныстың -тауардың кемімелі немесе ұлғаймалы шекті пайдалылығының әсерінен; ұсыныстың - шекті шығындардың өсуі немесе кемуі нәтижесінде өзгеріп отырады. Тепе-теңділік бағасының өзгерісіне сонымен қатар басқа да көптеген факторлар: табыстар, уақыт, экономикалық ситуациялардағы өзгерістер әсер етеді.

Маршалл үшін тепе- теңділік - бұл тек тауарлар рыногының тепе- теңділігі. Ол тек белгілі бір шартты жағдайда, еркін бәсекелестік жағдайында ғана орын алады.

Маршалл "сұраныс" және "ұсыныс" категорияларын сандық және сапалық жағынан талқылайды. Осы категорияларға сандық тұрғыда сипаттама беру үшін Маршалл экономика ғылымына "сұраныс бағасы" және "ұсыныс бағасы" деген жаңа категориялық ұғымдарды енгізді.

Сұраныс бағасы (яғни сатып алушының бағасы) дегенімізді Маршалл тұтынушының сол және басқа тауардың қаншалықты пайдалылығына байланысты төлеуге келіскен ең жоғарғы (максималды) бағасын атайды. Осыдан соң Маршалл сұраныс қисығын құрып, сұраныс заңын (баға темендегенде тауарларға сұраныстың артып, баға жоғарылағанда сұраныстың төмендейтін) анықтайды.

Сонан кейін Маршалл сұраныстың баға өзгерісіне әсерімен қатар, кері байланысты, бағаның өзгерісіне байланысты сұраныс серпінін (динамикасын) қарастырады. Сөйтіп экономика ғылымына тағы да жаңа түсінік - сұраныс икемділігін енгізеді.

Сұраныс икемділігі дегеніміз - баға өзгерісі кезіндегі сұраныс ауытқуының көрсеткіші, яғни тауар бағасының төмендеген немесе жоғарылаған кезіндегі сұраныс көлемінің қаншалықты өсуі мен қысқаруы. Егер бағаның төмендеуі сұраныстың өсуін аз тудырса - сұраныс икемсіз. Егер бағаның төмендеуі сәйкесінше сұраныстың өсуімен өтелетін болса - сұраныс икемді.

Осы мәселелердің шешімін тапқан соң Маршалл ұсыныс бағасын зерттеуге көшеді. Ол баға мен тауар ұсынысының арасында өндіріс шығындары есебінен болатын функционалдық байланысты анықтайды. Өндіріс шьғындарын ол шекті шьғындармен, яғни белгілі бір тауар түрінің соңғы бірлігіне қажетті шығындар деп түсіндіреді. Шекті шығындарға сәйкес келетін ең төменгі бағаны Маршалл ұсыныс бағасы деп түсіндірді. Оның тұжырымдауынша ұсыныс бағасы - бұл сатушының белгілі бір тауар санын белгілі бір бағада сатуға келіскен ең төменгі бағасы.

Маршалл рынок параметрлерінің функционалды байланысын график түрінде сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысы түрінде көрсетеді. Екеуінің қиылысу нүктесінде тепе-тенділік баға орналасады.

Маршалл экономика ғылымына көптеген жаңа категориялар енгізді, кейін олар сіңісіп экономикалық теорияның алтын қорына айналды. Мысалы "квазирента" категориясы, ол адам еңбегімен жасалған өндіріс құралдарынан алынатын қосымша табысты білдіреді. Келесі "тиімді сұраныс" категориясы, бұл-сатып алушы сұранысы, яғни сатып алуға келіскен баға деңгейінің, сатушылардың келіскен бағасына жетуі.

1907 жылы А.Маршалдың бастамасымен Англияда "саяси экономия" термині "экономикспен" ауыстырылды. Экономика ғьілымы туралы ол: "тәжірибеде елемеуге болмайтын көптеген саяси сұрақтарға жолауға сақтанады, сондықтан ол бір уақыгта әрі ғылым әрі өнер емес- нақты әрі қолданбалы ғылым болып табылады"дейді.

А.Маршалл қайтыс болғаннан кейін кембридж мектебіне Артур Пигу(1877-1959) басшылық жасады.

Пигу - "экономикалық әл-ауқаттылық төориясын" жасаушы. Ол әл- ауқаттылықты ұлттық табыстың (Пигудің терминологиясы бойынша ұлттық дивиденд) шамасына оның бір қалыпты бөлінісіне байланысты деп есептейді.

Пигу таза өнімді жеке және қоғамдық деп бөледі. Кәсіпкердің жеке іс- әрекеті оған таза өнім берсе, ал қоғамға ол пайда мен қатар шығындар (мысалы қоршаған ортаның бүлінуі) да әкеледі. Пигу рыноктың қоғамдық әл-ауқаттылықты өздігінен қамтамасыз ете алмайтындығын айтады. Сондықтан үкіметтің экономикаға араласуын қажетдеп санайды.

Үкіметтің кейбір жағдайда бағаны реттеп отыруы пайдалы; бағаның төмендетілуі (жеңілдетілген) өнім шығаруды ұлғайтуға әсер етеді, демек халықтың әл-ауқатын арттырады. Кейбір жағдайда, монополия жоқ жерде салық пен субсидия механизмі жеткілікті. Ал монополияның пайда болуы мүмкін жағдайда бағаны, кейде өндірісті де мемлекеттің бақылауға алуы қажет. Қоғамның әл- ауқаты табыстардың сол қоғам мүшелері арасында бірқалыпты бөлінісі жағдайында жақсарады. Сондықтан үкімет табыстардың бөлінісін халықтың тұрмыс жағдайларына байланысты, яғни әлуетті және тұрмысы нашар қатпарларын ескере отырып жүргізуі тиіс. Мұндай трансферттік бөлініс ауқатты адамдар үшін болар-болмас сезілсе, тұрмысы ауырлар үшін әжептәуір көмек болып табылады.

Пигудың "экономикалық әл- ауқаттылық теориясының" "Парето оптимумынан" айырмашылығын Пигу, еркін бәсекелестік жағдайында рыноктың жалпы әл-ауқаттылықты оңтайландырудың жеткілікті шарты бола алмайтындьғынан деп есептеді.

Дегенмен Пигудің еңбегі ұлттық табыстың бөліну теориясының негізін салды, жеке тұлғаның, фирманың және қоғамның экономикалық мүдделерінің үндестік мәселелерін шешуге жол салды.

3. Шекті еңбек өнімділігі теориясы (Дж.Кларк)

XIX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ- та әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті. Солардың ішіндегі маңыздысы еңбек мәселесі болды. Осы кезеңдегі экономикалық мәселелерге байланысты ойлардың көрнекті өкілдерінің қатарына Колумбия университетінің профессоры, қоғам қайраткері Джон Бейтс Кларк(1847-1938) жатады. Ол сонымен қатар өткен ғасырдың соңындағы американдық маржинализмнің, неоклассикалық бағыттың лидері болып есептеледі.

Дж.Б.Кларк бірнеше еңбектердің авторы, солардың ішіндегі негізгілері - "Байлық философиясы" (1886), "Байлықтың бөлінуі" (1888), "Трестерді бақылау" (1901), "Экономикалық теория очерктері" (1924). "Байлықтың бөлінуі" туралы еңбегіне И.Шумпетер "ұлы ғылыми еңбек..., американдық теорияға жалғыз жол салып мектебін жасады" деген баға берді.

Кларк маржинализмнің негізгі идеяларына Менгер мен Джевонстың еңбектерімен танысудан бұрын өз бетінше келді. Кейбір авторлардын оны маржинализмнің негізін салушылардың қатарына жатқызу себебі сондықтан.

Кларктің пікірінше экономика ғылымыекі түрлі заңның негізінде жұмыс жасайды. Кейбір заң адамзат пен табиғаттың арасындағы қатынастарға, келесісі - адамдардың бір- бірінің арасындағы қатынастарға байланысты болады. Алғашқысы - мәңгі, универсалды, ал екіншісі- тарихи өзгермелі, өтпелі. Универсалды заңға Кларк шекті пайдалылық заңын жатқызады. Пайдалылықты австрия мектебінің ғалымдарына қарағанда Кларк басқаша талқылайды. Біріншіден игіліктерді экономиклық бағалауды, оның пайдалылығын жеке адамдар емес сатып алушылар тобы береді. Матып алушылардың әрбір тобы белгілі бір игіліктің бағасын қоғамдық байлықтың элементі ретінде реттейді. Тұтынушы өз ақшасын әуелі пайдалылығы көбірек игіліктерге жұмсайды да содан кейін барып пайдалылығы аз игіліктерді сатып алады.

Кларктің пікірінше, шекті пайдалылық бұл сатып алушы белгілі топтың соңғы ақша бірлігіне сатып ала алатын игілігінің пайдалылығы. Ауқаттылығы төмен адамдар үшін бұл нан, хал-ахуалы күйлі адамдар үшін- қымбат киім, ал дәулетті, бай адамдар үшін- қымбат автокөлік. Тиісінше төменгі топтың адамдары нанның, ортаңғы топ- киімнің, жоғарғы топ- көліктің бағаларын шарттайды. Екіншіден, кез келген тауар бірнеше қасиеттерге толы, ол қасиеттердің әрбірі сатушылардың өз тобын қызықтырып тартады. Мысалы, сағат уақытты кәрсетеді, оның сырты алтын немесе күмістен жасалған, ол белгілі бір әуен ойнайды- бұлардың барлығы пайдалылықтың құрамдас бөліктері. Сондықтан тауардың құны (құндылығы) басқалар үшін бірдей пайдалылықты ғана білдіріп қоймайды, ол "пайдалылықтың құрамдас бөліктерінің жиынтығын" білдіреді.

Экономикалық теорияда бұл жағдай "Кларк заңы" дегенді білдіреді: тауардың бағасы шекті пайдалылықтың құрамдас бөліктерінің сомаларына тең, және әрбір жеке тұтынушы тобына бөлек шекті пайдалылық сәйкес.

Келесі универсалды (жан-жақты) заңға жататыны айырықша еңбек өнімділігі заңы. Кларк теориясында өндірісте төрт фактор өз-ара әрекет етеді: ақша түріндегі капитал күрделі игіліктер (өндіріс құралдары мен жер), кәсіпкердің іс-әрекеті, жұмысшы еңбегі. Әрбір өндіріс факторы айырықша еңбек өнімділігіне ие және ендірілген өнім құнына өзіндік үлес қосады. Тиісті фактор иесіне сол фактордың үлесі тиеді- міне Кларктың бөлініс заңы дегеніміз осы. Капитал- процентті, күрделі игіліктер- рентаны, кәсіпкерлік қабілет- кәсіпкерлік пайданы, еңбек- жалақыны әкеледі.

Үшінші заң - кемімелі еңбек өнімділігі заңы. Қалғандарын өзгертпестен кез-келген өндіріс факторын ұлғайту өнім есімін азайтады. Жерге қатысты кемімелі еңбек өнімділігі туралы тұжырымдаманы Т.Мальтус, капиталдың кемімелі еңбек өнімділігі туралы И.Тюнен жазған болатын. Кларктің енгізген жаңалығы- бұл әрбір фактордың өндірген шекті өнімінің шамасына сай тиесілі сыйақысы туралы мәлімет.

Кларк шекті еңбек өнімділігі арқылы табыстардың бөлінісі кезінде сақталатын әділеттіліктің нормативті принципін байқады.

Кларк экономикалық теорияны статикаға және динамикаға бөледі. Статика- экономикалық заңдардың іс-әрекетін тұрғындар санының, ақша капиталының, техника мен технологияның және басқа да маңызды факторлардың өзгермейтін шартында қарастырады.

Статика- бұл қоғам жағдайының дамусыз, тыныштық пен тепе-теңділікте сипатталуы. Дәл осы статикада шаруашылықтардың тепе- теңділігін қамтамасыз етудің негізгі заңдылықтары ашылады. Кларктің пікірінше, дәл осы жағдайда "өндірістің әрбір факторына тиесілі үлесінің жүктелуін" зерттеу қажет. Бұл зерттеулер шекті пайдалылық пен кемімелі өнімділіктің табиғи заңдары негізінде жүргізілуі тиіс. Бұл тәсілдер жалақы мен процент және рентаның талқыламасында қолданылады. Кларк жалақының жұмысшының "шекті еңбек өнімділігімен" анықталатынын жазады. "Шекті еңбек өнімділігі дегеніміз" не? Кларктің пайымдау барысы мынадай: тұрақты капитал мөлшері мен техниканың тұрақты деңгейінде кәсіпорындарға пайдаланатын жұмысшылардың санын көбейту, жаңадан қабылданған әрбір жұмысшының еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Кәсіпкер жұмысшылар санын "немқұрайлылық аймағына", яғни соңғы қабылданған жұмысшы өзіне тиесілідей өнім өндірісін қамтамасыз ете алмайтын жағдайға жеткенше көбейте алады. "Немқұрайлылық аймағына" қатысты жұмысшының еңбек өнімділігі "шекті еңбек өнімділігі"деп аталады.

Кәсіпорындағы жұмысшылар санын "немқұрайлы аймақтан", "шекті еңбек өнімділігінен" одан әрі ұлғайту өндіріс факторы капитал үшін тиімсіз, залалға ұшыратады. Осының нәтижесінен барып Кларк мынадай тұжырым жасайды: жалақы мөлшері, біріншідең еңбек өнімділігіне, екіншіден, жұмысшылардың жұмыспен қамтылу деңгейіне байланысты. Неғұрлым жұмысшылар жұмыспен көбірек қамтылса, соғұрлым еңбек өнімділігі төмен және жалақы да темен болуы қажет. Кларктің осы шекті еңбек өнімділігі концепциясы батыстың экономикалық ілімдеріне зор үлес қосты. Оның есімі осы концепцияның арқасында әлемге әйгілі болды. Шекті еңбек өнімділігі табыстарды қалыптастыруда басты принципке айналды.

Экономикалық теорияның келесі бөлімі динамика қайсібір жаңа заңдылықтарды ашпайды. Ол тепе- теңділіктің бұзылуың сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін, салалық диспропорцияларды т.б. қарастырады. Экономиканың кейбір категориялары динамикамен байланысты. Мысалы кәсіпкерлік табыс. Кәсіпкерлік табысты Кларк техникалық прогресс үшін берілетін сыйақыға жатқызады. Оны өндіріске серпінді бастама енгізген адам алады. Техника жетістігі мен жаңа технология тоқтаған сәтте, яғни қалыпты жағдай туғанда, еркін бәсекелестік кәсіпкерлік табысты біліктілігі жоғары жұмысшының жалақысымен теңестіреді.

Кларктің шекті және айырықша өнімділік концепциялары шектеулі ресурстар тұсында оңтайлы мәселелерді шешуге зор үлесін қосты.

4. Лозанн мектебі. Жалпы тепе-теңділіктің талдауы (Л.Вальрас). Әл-ауқаттың экономикалық теориясы(В.Паретто)

Лозанн мектебі алғаш рет математикалық жолмен - теңдеу жүйесі түрінде жалпы экономикалық тепе-теңділіктің теориясын жасады. Лозанн мектебінің негізін салушылар Швеицариядағы Лозанн университетінің профессоры Леон Мари Эспри Вальрас(1834-1910) және Вильфредо Парето(1848-1923) болды.

Вальрас Францияда туған 50-ші жылдары әйгілі экономист-әкесінің ықпалымен экономикалық теорияны зерттеуді бастайды.

Вальрастың есімін әйгілі қылған еңбектерінің ішіндегі "Таза экономикалық теорияның элементтері" (1874), "Ақша теориясы" және "Биметаллизмнің математикалық теориясын" атауға болады. Вальрас жалпы экономикалық тепе- теңділіктің тұйық математикадық моделін әзірлеген алғашқы экономист. Мұның негізіне ол өндіріс пен айырбас лроцесіне қатынасатындарды екі үлкен топқа бөлуді жатқызды: өндіргіш қызметтерді (жер, капитал еңбек), немесе өндіріс факторларын иеленетіндер және осы әлуетті өндіріс факторларын іске қосушы кәсіпкерлер. Өндіріс факторларының иелері өз қызметтерін рынокта кәсіпкерлерге ұсынады және өз кезегінде олар өндірілген тұтынушылық өнімдерді сатушылар болып табылады. Өндіргіш қызметтер мен тұтынушылық тауарлар рыногы өзара байланысты. Осылайша Вальрас моделінде екі рыноктың -өндіргіш қызметтер мен тұтыну заттарының тепе-теңділігін сипаттайтын жүйеге маңызды орын беріледі. Талдау нәтижесінде Вальрас мынадай тұжырымға келеді: бір жағдайда өндіріс факторларының иелері сатушы рөлінде, ал кәсіпкерлер-өндіріс факторын сатып алушы, келесі жағдайда- өндіріс факторларының иелері сатып алушы, ал кәсіпкерлер- тұтыну заттарын сатушы болып табылады. Бұл жағдай Вальрасқа экономикалық жүйені бүтіндей қарастыруға және жалпы тепе-теңділіктің үш шартының барлығын анықтауға мүмкіндік береді.

Экономикадағы тепе- теңділік мынадай үш шарттың сақталған жағдайында қамтамасыз етіледі: 1) өндіргіш қызметтерге деген тиімді сұраныс пен осы қызметтердің ұсынысы тең болған жағдайда; 2) рыноктағы өнімдер бағасы тұрақты болғанда; 3) өнімдердің сату бағасы оны өндіруге кеткен (өндіріс факторларындағы) шығындарға тең болғанда. Математикалық моделдеу түрінде тепе- теңділіктің бұл шарттары төрт түрлі өзара байланысты теңдеу жүйесі арқылы көрінеді.

Бірінші жүйе өндіргіш қызметтердің (өндіріс факторлары) ұсынысын сипаттайды. Қызметтердің әрбір түрінің ұсынысы сол қызметтердің және барлық дайын енімдердің рыноктық бағасының функциясы болып табылады.

Екінші теңдеу жүйесі дайын өнімдерге деген сұранысты сипаттайды. Әрбір енім түріне деген сұраныс- барлық өндіргіш қызметтер (өндіріс факторлары) мен өнім түрлері бағаларының функциясы.

Үшінші теңдеу жүйесі өндіргіш қызметтерді (өндіріс факторларын) тұтынуды білдіреді. Барлық дайын өнімді өндіруге шығындалған әрбір өндіргіш қызметтердің (өндіріс факторының) сомасы осы қызмет түрлерінің жиынтық ұсынысына тең болуы тиіс.

Төртінші теңдеу жүйесі өндіргіш қызметтер мен дайын өнімдердің бағаларының қатынастарын көрсетеді. Әрбір дайын өнімнің бағасы оны дайындауға шығындалған барлық өндіргіш қызметтердің бағаларының қосындысына тең.

Жеке рыноктың тепе- теңділігін қарастырған О.Курно, У.Джевонс, А.Маршалдың моделдерімен салыстырғанда, Вальрас моделі симметриялы рыноктың жалпы экономикалық тепе-теңділігін сипаттайды. Осыған байланысты Вальрас-қазіргі заманғы макроэкономикалық моделдеудің негізін салушы болып табылады.Бұл теңдеулер жүйесі бірінші рет өнім өндірісі мен ендіріс факторларының шығындары арасындағы қатынастарды керсетті. Осыған байланысты көптеген авторлар Вальрасты өндірістік функциялар мен "шығындар - өндіріс" талдауының алғашқы жолын салушы деп есептейді.

Вальрас дайын өнімдердің ұсынысының мелшері сол қарастырылып отырғын тауардың бағасына, өзге де тауарлардың бағасына, өндіріс шығындарына және т.б. себептерге байланысты болатындығын көрсетті. Мұндай шешім шаруашылық тепе-теңділігінің қалыптасуына әсер етуші объективті факторлардың түсінігін одан әрі ұлғайтты.

Вальрас алғаш рет еркін рынок шартындағы жалпы экономикалық тепе-теңділік моделін жасай отырып, талдау барысындағы математикалық пайымдаулардың рөлінің маңыздылығын, рыноктық экономикалық тепе-теңділіктің әлеуметтік жағынан тұрғындар үшін тиімділігін, ұтымды жақтарын керсетті.

Жалпы экономикалық тепе-теңділік моделінің одан әрі талдануы К.Эрроу-Ж.Дебре, Л.Маккензи, Р.Раднер, В.Парето еңбектерінде жалғасын тапты.

Вильфредо Парето (1848-1923)- итальян экономисі әрі социологы, Вальрастың шәкірті.

Паретоның алдыңғы қатардағы еңбектеріне "Саяси экономия курсы" (1898), "Саяси экономия ілімі" (1906), "Жалпы ооциология бойынша трактат" (1916) жатады.

Парето экономикалық құбылыстардың арасындағы себепті-салдарлы байланыстарды теріске шығарады, оның орнына функционалдық талдауды ұсынады.

Пайдалылықты Паретоның пікірінше өлшеуге болады, бірақ сандық көрсеткіштердің көмегімен емес, тұтынушылық игіліктердің мағыналылығын салыстыру жолымен, олардың артықшылық көрсеткіштерін бағалау жолымең сатып алушылар үшін кезектілігімен анықталады.

Осылайша Парето пайдалылықты кардиналдық (абсолюттік) талдаудан ординалдық (салыстырмалы) талдауға көшеді. Оның осы идеясынан бастап тұтынушылар артықшылығы категориясына өту басталады. Парето сандық мағынадан гөрі реттілік, дәрежелік мағынаға мән беретін "артықшылық" түсінігін енгізеді. Берілген игілік басқалардан гөрі пайдалырақ деген тұжырымдама, Паретоның түсінігінде адам бұл игіліктен гөрі өзгесіне артықшылыпен қарайды дегенді алмастырады. Мұнда жекелеген игіліктердің емес, олардың жиынтығының артықшылықтары салыстырылады.

Артықшылық ұғымына сипаттама беру үшін Парето өзіне дейінгі ағылшын экономисі Ф.Эджуорттың ұсынған талғаусыздық қисығын пайдаланды. Талғаусыздық қисығы субьектілердің таңдаған артықшылықтарының бөліну тәртібін бақылауға мүмкіндік береді, екі альтернативті игіліктерді өз ара нақтылау сәтіндегі "талғамсыздығын" көрсетеді.

Парето сонымен қатар тепе- теңділік шартында экономикалық оңтайлылыққа (оптимум), яғни экономикалық ресурстардың және өндірілген игіліктердің оңтайлы бөлінісі жағдайына жетуге болады ма? деген сұраққа жауап табуға тырысады. Осы сұраққа жауап ретінде Парето ресурстардың тиімді бөлінісінің критериін қалыптастырады. Бұл принциптер Паретоның экономикалық әл-ауқаттылық теориясының негізін құлаушы немесе "Парето оптимумы" деп аталады. Бұл теория-барлық тұрғындардың әл- ауқаттылық жағдайын жақсартуға немесе көркейтуге байланысты өзгерістерін бақылауға мүмкіндік беретін қоғамдық ең жоғарғы (максималды) пайдалылықтың түсінігі.

Паретоның оңтайлылық ситуациясында экономикалық процеске кез келген қатынасушының жағдайын, бір уақытта ең аз дегенде біреуінің әл ауқатын түсірмей жақсартуға болмайды. Рыноктың осындай жағдайын Парето оңтайлы деп есептейді.

Парето оптимумы бойынша қоғамның әл ауқаттылығының максималды жағдайға жетуі, ал ресурстардың оңтайлы бөлінуі, осы бөлінудің кез келген өзгерісі экономикалық жүйенің ең болмағанда бір субьектісінің әл ауқатын төмендеткен жағдайда орыналады.

Нақтылығында оңтайлылықтың екі критериі бар. Біріншісі ресурстардың бөлінісіне қатысты (біреуінің пайдалылығын жақсарту, басқа біреуінікін төмендетеді), екіншісі- өндіріске қатысты (біреуінің пайдалылығын жақсарту, басқа біреуінікін темендетпейді). Жеке адамның немесе фирманың әл-ауқаттыльғын анықтау мәселе тудырмайды, қоғамның бүтіндей әл- ауқаттылығын анықтауда мәселе туындайды. Паретоның пікірінше оңтайлылыққа рыноктың барлық турінде, экономиканың барлық секторында тепе- теңділік орнаған жағдайда жетуге болады. Мұндай оңтайлылық жағдайға тек рыноктық бәсекелестік жағдай ұмтылады.

Паретоның көзқарастарын қорытындылай келе, оның мәнісін мынадай екі тұжырымдамаға сиғызуға болады:

- кез келген бәсекелестіктегі тепе- теңділік оңтайлылықты білдіреді (тікелей түсініктегі теорема);

- оңтайлылыққа бәсекелестік жағдайындағы тепе-теңділікпен жетуге болады, бұл мынаны білдіреді, кейбір таңдаулы критерилерден шығатыны, оңтайлылыққа ең жақсы
тәсіл рыноктық механизм арқылы жетуге болады.

Қазіргі экономикалық теорияда ғалымның ұсынған тұтынушылардың артықшылық тәсілі мен Парето оптимумы пайданың ең шегіне жетуде оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік жасау үшін пайдаланылады.

 

№7 лекция. Жаңаклассикалық мектеп пен жаңа либерализмнің

эволюциясы. Бүгінгі таңдағы секішілік (консерватизм)

Дәріс мақсаты:

Жанаклассикалық жаңғыру мен консервативтік жылжудың жағдайлары. ГФР-да (В.Ойкен, В.Репке) және Франциядағы жаңа-ымыршылдық нарықты шаруашылық теориясы (Л.Эрхард). Бүгінгі таңдағы консерватизмнің негізгі ағымдары. М.Фридмен: экономиканы сауыктырудың монетаристік емдері. Монетарлық тәртіп. Ұсыныстың экономикалық теорияларысы (Г.Стейн, Л.Лаффер). Ұтымды күту теориясы және жаңа классикалық макроэкономика (Р.Лукас, Дж.Мут, Т.Сарджент, Н.Уоллес).

Дәріс жоспары:

1.ГФР-дағы жаңаымырашылдық (В.Ойкен). Әлеуметтік нарықты шаруашылық теориясы (П.Эрхард).

2.Америка монетаризімі (М.Фридмен).

3.Тиімді күту теориясы (Р.Лукас).

 

Неолиберализм концепциясының теориялық түсіндірулері мен тәжірибелік ұсыныстары шексіз еркін бәсеке идеяларынын. басымдылығы мемлекеттің экономикалык процестерге белгілі араласуы аркылы жүретініне негізделді. Егер кейнсиандыктар бірден экономикаға мемлекетттің араласуының белсенді шараларын бірінші орынға қойса, неолибералистер — мемлекеттің реттеудегі енжарлығын атады. Кейнсиандық үлгі бойынша мемлекеттік шаралар жиынтығы экономиканың әр түрлі салаларын инвестициялауға, үкіметтік тапсырыстың көлемін ұлғайтуға салық саясатын нығайтуға бағытталады. Олардың шекті көрінісі - экономикалық тарих көрсеткеніндей мемлекеттік бюджет тапшылығы мен инфляция. Неолибералистер экономиканы либерализациялады, еркін баға белгілеу принципін қолдануды, экономикада жеке меншік пен мемлекеттік емес шаруашылық құрылымдардың басым болуын жақтап, мемлекеттің экономикадағы қызметіне тек "түнгі күзетші" мен "спорттағы төреші" сияқты рольдерді қалдырды.

Экономиканы мемлекеттік реттеудін неолибералдық концепциясының өкілдері Л. Эрхардтың: ''бәсеке – барлық жерде, реттеу - кажетті жерде" — деген сөздерін еске алып, экономикалық процестерге мемлекеттік шектеудің дұрыстығын дәлелдеп, оның экономикадағы теңсіздікті жоюдың шарты ретінде кәсіпкерлер қызметінің еркіндігі мен тұрақтылығына ат салысуын қалады. 30-шы жылдарда еркін бәсеке жүйесін тарылтатын мемлекеттің экономиканы реттеудің кейнсиандық идеясына қарсы тұру үшін біраз елдерде неолибералдық орталықтар құрылды. Олар экономикаға мемлекеттің араласуына альтернативті шаралар белгілеп, экономикалық либерализм идеяларын өмірге келтіріп, тәжірибеде жүзеге асырмакқболды.

Неолиберализмнің ірі орталықтары Германияда, АКШ-та және Англияда тиісінше Фрайбург мектебі (лидерлері - В. Ойкен, В. Репке, А. Рюстов, Л. Эрхард және т. б.), Чикаго мектебі (лидерлері - Л. Мизес, М. Фридмен, А. Шварц және т. б.), Лондон мектебі (лидерлері — Ф. Хайек, Л. Роббинс және т. б.). Франциядағы неолибералистер идеяларынын. көрнекті өкілдері - Ж. Рюэфф, М. Алле. Әр түрлі елдердегі неолибералистер идеяларының мектептеріне қысқаша сипаттама бере отырып мынаны атап өту керек: 30-жылдардағы неолибералистік козғалыс бірыңғай ғылыми-тәжірибелік платформа жасауға тырысты. Бұл бағыттағы неолиберализмнің жалпы принциптері 1938 жылы Париждегі конференцияда жарияланды. Неолибералистердін бұл форумын бүгінде "Липпман коллоквиумы" деп атайды. Өйткені конференциядағы неолиберализм принциптері сол жылы шықкан А. Уолтер Липпманның "Свободный город" деген кітабындағы тұжырымдармен үндесіп жатты. Париждегі конференциядағы неолибералистер қозғалысының жалпы принциптерінің мәні - еркін бәсеке ережелеріне көшуге мемлекеттің көмегі және оларды шаруашылық субъектілерінің бәрінің орындауын қамтамасыз ету. Экстремальды жағдайларда (соғыс, катастрофа және т. б.) мемлекет жеке меншіктің басымдылығын, істер мен рыноктардағы еркіндік шарттарын кайта қарай алады

Әлеуметтік рынок шаруашылығы концепциясы

"Ордолиберализм" дегеніміз не?

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін неолиберализм идеологиясы бастапқыда Батыс Европада тәжірибеде жемісін бере бастады. 1948 ж. Аденаур — Эрхард үкіметінде 6ұл идеялар мемлекеттік статусқа ие болды. Неолиберализмнің көрнекті неміс теоретиктері В. Репке, А. Рюстов және т. б. еркіндік пен гуманизм үшін монополизмнің барлық түрін сынауды бастады. В. Ойкен және Фрайбург университетіндегі оның жақтаушылары 1948 ж. "Ордо" журналын шығара бастады. Ол барлык елдердегі неолиберализмнің теориялық трибунасы болды. В. Ойкен таңдап алған "Ордо" сөзі - табиғи құрылыс, еркін рыноктық шаруашылық деген жиынтық ұғымдардың символы. Неолиберализмнің батысевропалық доктринасы "Ойкен мектебінің" ықпалымен "ордолиберализм" деп аталды.

"Әлеуметтік рынокшаруашылығының" мәні

ФРГ неолиберализм теоретиктері әлеуметтік теңестіру принципі бойынша еркін рынок пен әділетті бөлуді ұштастыру идеясын ұсынды. Мұны алғаш рет А. Мюллер-Армак "Хозяйственное управление и рыночное хозяйство" деген кітабында концептуалды түрде тұжырымдап, алғашқы рет әлеуметтік рынок шруашылығы терминін қолданды. Бұл бағыттағы жұмыстарды В. Репке, Л. Эрхард, В. Ойкен және т. б. жалғастырды. ФРГ канцлері К. Аденаур В. Репкенің "Правильна ли немецкая экономическая политика?" (1950) кітабының кіріспесінде әлеуметтік рынок шаруашылығы үлгісін жасауды елдің экономикалық саясатының басты міндеті деп санады.

В. Репкенің сипаттауы бойынша, әлеуметтік рынок шаруашылығы - экономикалык гуманизмге апаратын жол. Өзінін. "Гуманное общество" деген кітабында 6ұл шаруашылық ұжымдыққа - персонализмді, өкімет шоғырлануына - еркіндікті, орталықтануға - децентрализмді, ұйымдарға - өз еріктілікті және т. б. қарсы қойды. В. Репкенің көзқарасын қолдап, Л. Әрхард 1957 ж. (ХДС) христиан - демократиялык одағының съезінде ФРГ-де әлеуметтік рынок шаруашылығын «құрудың екінші кезеңі басталды» деді. 60-шы жылдардың басында өзінің бір шығармасында ол тек еркін жарыс әлеуметтік рынок шаруашылығының негізгі элементі деп жазды. 1965 ж. Л. Эрхард ХДС партиясының кезекті съезінде әлеуметтік рынок шаруашылығын құру бағдарламасының жүзеге асканын, ол елді безендірілген қоғамға айналдырғанын айтты. Л. Эрхард пен оның қолдаушыларының ойынша, "жасақталған коғам" доктринасы - жақсы табиғи экономикалық тәртіпті іздеу, ал ол әлеуметтік рынок шаруашылығын орнату арқылы мүмкін. Мұнда қоғамдық құрылыс пен өндірістік қатынастардың бес типі мен таптардың антогонизмі туралы марксистік идея мүлдем жоққа шығарылады. Ол В. Ойкеннің мына тұжырымына негізделген: адамзат коғамына экономиканың екі типі тән — орталыктан басқарылатын (тоталитаризм) және айырбас экономикасы (басқа терминологияда — еркін, ашық шаруашылық), нақтылы тарихи жағдайларда экономиканың екі типінің біреуінің басымдылығы байқалады.

В. Ойкен (1891-1950) өзінің тоғыз рет жарық көрген ''Основания национальной экономии" (1947) деген еңбегінде экономиканы рыноктық ұйымдастырудың негізгі типологиялык проблемаларын тұбірінен негіздеді.

Осы кітаптың "Экономические системы" тарауында коғамдарда екі экономиканың идеалды типтері - айырбас және орталықтан басқарылатын - табиғи қатар өмір сүретінін дәлелдейді. Ол былай деп жазады: орталыктан баскарылатын экономика жүйесі бір орталықтан болатын жоспар арқылы қоғамның экономикалық өмірін реттейді. Егер қоғамның экономикасы өмірге өздерінің жоспарларын жеке-жеке жүзеге асыратын бөлек шаруашылықтардан тұрса, бұл - "айырбас экономика" жүйесі. Одан әрі В. Ойкен тарихи шындық бұл жүйелердің элементтері өзара араласьш жататындығын және айырбассыз экономика екі түрде — "экономиканы жай орталыктан басқару" (оқшауланған шаруашылық) немесе "экономика әкімштдік-орталықтанған" болатынын жазды. Экономиканың екі түрінің: айырбассыз (орталықтан басқарылатын) тек бірнеше елдерде және түрлі кезеңдерде, мысалы, Парагвайдағы иезуит қоғамында немесе инк мемлекетінде, немесе біздің ғасырымыздың 40-ж. Ресейде болып қоймай, олар барлық кезендерде болған. Кейде біреуі басымырақ, кейде бірін-бірін толықтырып, бірақ әр кезде айырбас экономикасының элементтерімен бірге көрінеді. Алайда В. Ойкен бойынша, жоғарыдағы екеуі үш түрде жүзеге асады, әрбіреуін ол былай сипаттайды: а) "түгелдей орталықтан басқарылатын экономика" (айырбас жок, өнімдерді өндіру, бөлу және тұтыну түгелдей орталықтың бұйрығы мен ұсынысы арқылы жүреді); б) "тұтыну заттары еркін айырбас арқылы жүретін орталықтан басқарылатын экономика" (айырбас орталыктан, ол өндіргіш күштерді пайдалануды, өндіріс процесі уақытша кұрылымын, өнімдерді бөлу тәсілін аныктайды ... Бірак, бірінші варианттан өзгешілігі - айырбас арқылы тұтынушылар тұтыну заттарын бөлуге түзетулер енгізе алады.); в) "еркін тұтынуды таңдай алатын орталықтан басқарылатын экономика" (игілікті тұтынуды таңдау еркін, бірақ оларды өндіруді орталық белгілейді).

 

"Әлеуметтік рынок шаруашылығындағы" мемлекеттің ролі

Еркін рынок шаруашылығының автоматты кызметінің мүмкін еместігін мойындай отырып, В. Репке мен Л. Эрхард өндіріс анархиясына қарсы тиісті мемлекет шараларын қолдады. Бұл шаралар "еркін және әлеуметті міндетті коғамдык құрылыстың синтезін" қамтамасыз етеді. Репке-Эрхард бейнелі иллюстрациясы бойынша, мемлскеттің ролі футбол алаңындағы арбитр-судьяға ұқсас: өзі ойнамайды. бірақ футбол ойыншыларының әрекетін қатаң бақылайды. Басқаша айтқанда, мемлекет еркін рынок шаруашылығының идеалды типі ретіндегі "әлеуметтік рынок шаруашылығының" өмір сүруі үшін еркін бәсеке "ережесін" сактауға, баға белгілеудің шарттарын бақылауға және монопольды бағаға жол бермеуге, монополиясыз товар-акша шаруашылығында жеке меншікті сақтау мен маңызына кепілдік береді.

60-70-шы жылдардағы "әлеуметтік рынок шаруашылығы" үлгісін жасау және қызметі туралы неолибералистердің концепциясы сол кезде пайда болған "жалпы әл-ауқат коғамы" туралы институционалистер үлгісімен үндесіп жатты. Өйткені екі конпепцияда да адамды адам қанау мен таптар антогонизмі жоқка шығарылады. Екі үлгіде де барлық азаматтарға әлеуметтік кызметтер мен әл-ауқатты көтеруге тең құқық пен мүмкіндік камтамасыз етудегі мемлекет қызметінің белсенділігін арттыруды көздейді. Жалпы әл-ауқатты болу тек қоғамның түрлі топтарындағы акционерлердің өсуінде емес, сонымен қатар ертеңгі күнге деген еңбекшілердің, жалпы коғамдық инститтутардың сенімінің өсуінде жатыр.

Монетаризмнің Чикаго мектебі

Чикаго мектебі дегеніміз не?

АҚШ-та кейнсиандыктың альтернативі Чикаго мектебінің неолибералистері болды, олардың монетаристік идеялары 20-ж. Чикаго университетінің қабырғасында пайда болды. Алайда, неолибералистік козғалыстағы американдық монетаризмнің өзбеттілігі 50-шы жылдардың соңы мен 60-шы жылдардың басында экономикадан Нобель сыйлығынын. (1976 ж.) лауреаты М. Фридменнін, (1912 ж. туған) бірнеше басылымдарымен байланысты еді. Ол және оның жақтаушылары кейнсиандық акша емес фактордан (мысалы, инвестицияның) гөрі акша факторын қалады.

Филлипстін. қисық сызығыың пайда болуы.

М. Блауг айтқанындай, кейнсиандық революция кезеңіне тәнқарапайым экономикалық кеңестерге деген экономика ғылымындағы алғашқы айтулы сенімсіздік 1958 ж. А.У. Филлипстің эмпирикалық қисық сызығымен байланысты еді. Мұнда Англиядағы 1861 ж. бергі акшалай жалақының жылдық проценттік өзгерісі мен жұмысыздар дәрежесінің (үлесінің) байланысы сипатталған. Мұндай тәуелділік жөніндегі дискуссия 1964 ж. П. Самуэльсон өзінің "Экономикс" оқулығына осы қисық сызыққа байланысты жана концепцияны енгізгенде одан әрі ұлғайды. Бұл графикті автордың есімімен — Филлипс қисығы деп атады. М. Блауг бұл туралы экономикалық саясаттың мақсатьг ретіндегі инфляциясыз толык жұмыспен камтудын кейнсиандық идеясын жалпы еткізді деп жазды.

Конфликтілерде бағаның тұрактылығы мен жұмыссыздық қатар тұра алмайды: жұмыссыздықты азайту инфляцияны жеделдету арқылы мүмкін, ал инфляцияны төмендету жұмыссыздыкты көбейтеді. Сондықтан бағаның тұрақтылығы мен жұмыспен қамтуға бір мезгілде қол жеткізу идеясының орнына бағаның тұрақтылығын болмаса жұмыспен толық камтуды таңдау келді.

М. Фридменнін монетарлык концепциясы

М. Фридмен және оны жақтаушылар Филлипстің конструкциясын зерттей келе, мына қорытындыға келді: қисық сызық тұрақты емес, әсіресе 60-шы жылдардағы әлем елдеріндегі экономикалық ситуацияның өзгеруінің әсері бар. Бұл кезде қисық сызықтың логикасына қарсы инфляцияның өсуі жұмыссыздықты кысқартпай, керісінше ұлғайтты, 70-шы жылдардың басында бір мезгілде инфляция мен жұмыссыздық өсті.

М. Фридмен экономикалық процестерде ақшаның маңызын, акша массасы мен ақша айналысының артықшылығын өмірге қайта әкелуге тырысты. Мазмұны жағынан неолибералды монетарлык концепцияны 1969 - 1970 жылдары Р. Никсон президент болған кезінде АКШ-тың республикалық үкіметі тәжірибеде қолданған еді. (М. Фридмен ол елдің президентінін кенесшісі болды). Бірак монетарлык экономикалық ой-пікір келесі АҚШ-тағы республикалық үкіметі тұсында көп жетістікке жетті. Ол кезең рейгономика деп аталып, долларды накты нығайту арқылы инфляция баяулады.

Фридменнін "жұмыссызлыктың табиғи нормасы" кониепциясы

Фридмен бойынша, кейнсиандық концепцияға карағанда мемлекеттің экономикаға араласу концепциясының жаңалығы - катаң ақша саясатымен шектелгендігі. Ал соңғысы Фридменнін "жұмыссыздыктың табиғи нормасымен" байланысты. Ол конъюктураның жағдайына байланыссыз ақша санының 3-4 пайызға өсуі тұрақты болғанда ғана мүмкін. (АКШ-тың бірнеше жылғы жалпы ұлттық өнімінің орташа өсу қарқынын есептей келіп, осының. негізінде үлттық экономиканың өсу дәржесін тағайындайды).

М. Фридменнің "табиғи жұмысыздық нормасы концепциясы" (ТЖН) институционалдық және заң-құқыктық детерминанттарға сүйенеді (біріншісінде - кәсіподаққа, екіншісінде - жалакының төменгі дәрежесі жөнінде заң кабылдау). Ол жұмыссыздықтың төменгі дәрежесін негіздеуге көмектесіп, осы кезде белгілі уақытқа дейін инфляция болмайды, М. Блаугтің пікірінше, экономикада тұрақты қайталанатын ТЖН - ескі классикалық доктринаның казіргі монетарлық түрі: акша саны мен ұзак мерзімдегі бағаның қатаң арақатынасы, ол ставка пайызына тұрақты ұстайды.

Жалпы экономиканы мемлекеттік реттеудін, неолибералдық идеясының кейнстандықтардан басымдылығы 70-шы жылдардан басталды, өйткені көптеген елдерде инфляция процестері, мемлекеттік бюджет дефициті жұмыссыздық ұлғайды. Неолибералистер кейнсиандыктарды мыналар үшін кіналады: экономикада мемлекеттік сектордың көлемі ұлғайды, еркін бәсеке жағдайлары шектелді, экономика салаларына инвестиция жұмсау қысқарды, инвестиция тиімділігі мулътипликация мен акселератор арқылы күшейді деген уәделері; кейнсиандықтарға карағанда неолибералистердің артықшылығы 70-шы жылдардағы шарушылыктың көптеген салаларын тиісті бағдарламалар арқылы денационализациялаудан көрінді, олар бұрын экономиканың мемлекеттік саласында болған еді. Осынын арқасында соңғы жылдарда Ұлыбритания, Франция, Жапония, ІПығыс Германия (бұрыңғы ГДР), Чили, Испания және басқа елдердін экономикасы жақсарып, экономикаға мемлекеттін ықпалы азайды.

Тиімді күту теориясы неоклассикалық теорияның бір нысыны болып табылады. Бұдан басқа ол «жаңа классикалық макроэкономика» деп аталынды, өйткені классикалық мектептің экономикалық субъектілердің тәртіптерінің тиімді сипаты, күтуді қалыптастырған кезде ақпарттардың толық болуы, барлық нарықтардың жетілген бәсекесі, сұраныс пен ұсыныстың қисық сызықтарында жаңа ақпараттың тез көрсетілуі сияқты жағдайлармен толық келіседі.

Жаңаклассикалық теорияның осы ережелері жақсы белгілі. Тек осыдан тиімді күту теория өкілдерінің жасаған қорытындылары күтілмеді. Осы бағыттың лидері Р.Лукас (1938ж. туған) еді. Тиімді күту дегеніміз не және қалыптасуының механизімі қандай деген сұраққа жауап беру оны экономикалық шешімдерді қабылдау әр түрлі механизмдерін салыстыру арқылы анықтауға болады.

Тез ауысып отыратын конъюнктура жағдайында экономикалық субъектілер мемлекетпен жүргізілетін саясат жөнінде ағымдағы ақпараттарға аса назар аударады(бюджеттік дефицитінің көлеміне, ақша массасының өсу мүмкін болатын қарқындылығы, айырбас бағамының динамикасындағы тенденциялар т.с.с). Бұл жағдайда күтулер өткенге сүйенбей болашақты алдын ала көруде негізделеді, яғни бұл деген тиімді күтулер деп саналады. Күтулер болашақтағы жағдайларды болжамдауда негізделеді.

Тиімді күтулерді қалыптастыру механизімі және күтілмейтін өзгерістердің болмауында мемлекеттің саясаты тек номиналдық шамаларға әсер ете алады, экономикалық іс әрекетінің нақты параметірлерге әсер етпейді. Жұмысшылар, тиімді және хабардар субъетілер ретінде, ақша массасының көбею жағдайда товарлардың да бағасы өсетінін жақсы біледі, және ақшалай жалақының өсуін нақты жалақының өскені ретінде қабылдамайды. Басқа сөзбен айтқанда тиімді күтулер жағдайда ақша иллюзиясы болмайды.

 

 

№8 лекция . Кейнсшілдік және оның эволюциясы

Дәріс мақсаты:Кейнсшілдіктің пайда болуы: тарихи жағдайлары. Дж.М.Кейнстің Акша, процент және жұмысбастылық туралы жалпы теориясы -макроэкономикалық дамудың негізі. Сұранысты басқару негізінде экономиканы реттеу теориясы. Жұмысбастылық деңгейі мен экономикалық жағдайды реттеудің бюджетгік және несие-ақша механизмі.

Дәріс жоспары:

.Дж.М.Кейнстің «Ақша, процент және жұмысбастылықтың жалпы теориясы»- макроэкономикалық теорияның даму негізі.

2.Жаңакейнсшілдік. Кейнсшілдіктің соғыстан кейінгі эволюциясы: 2 тенденция.

3.Солшылдық жақты кейнсшілдік. Монополистік бәсеке теориясы.

4.Бүгінгі жағдайдағы кейнсшілдік теорияның эволюциясы.

1. Дж.М.Кейнстің «Ақша, процент және жұмысбастылықтың жалпы теориясы»- макроэкономикалық теорияның даму негізі.

Кейнс зерттеулеріндегі бір ерекшелік – оның экономикалық процестерінің негізінде адам табиғатының психологиялық сипаттамасы жатыр. Мысалы, әлемдік дағдарыстың себебін ол капиталистердің көңіл күйінің өзгерісімең яғни оптимистік жағдайдан пессимистікке көшуімен түсіндіруі осының дәлелі.

1929-1933 жылдардағы әлемдік экономиканың дағдарысы қатардағы экономикасы дамымаған қарапайым елдермен қатар, өнеркәсібі дамыған елдерді де жойқын күшпен соқты.

Бұл кезеңде, яғни XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әртүрлі экономикалық бағытты жақтаушылар (маркстік ілімді жақтаушылардан басқалары) Сэйдің «әрбір тауар өндіруші өзіне қажеттіні сатып алуы үшін өнімін сатады, нәтижесінде ұсыныс өздігінен сәйкесінше сұранысты тудырады, сондықтан артық өнім өндірісі, жалпы дағдарыс болуы мүмкін емес» секілді тұжырымдамаларының ықпалынан асып шыға алған жоқ. Сөйтіп неоклассиктер теорияларының күштері микроэкономиканы талдауға ғана бағытталды да, мұндай дәстүрлі емес кең ауқымды дағдарыстарды зерттеп, одан шығудың жолдарын көрсетуге дәрменсіздік танытты. Бұл дағдарыстан шығу жолын іздестіру бағыты -макроэкономикалық талдауды қажет етті.

Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) – қазіргі әйгілі ғалым-экономист. Оның ең ірі еңбегі «Ақша, процент және жұмысбастылықтың жалпы теориясы».

Көптеген экономистердің бағалауынша, Дж. М. Кейнстің «Жалпы теориясы ...» XX ғасырдың экономикалық ғылымындағы жаңа бетбұрысты және елдердің бүгінгі экономикалық саясатын анықтады.

Оның басты және жаңа идеясы мынада: «рыноктық жүйедегі экономикалық қатынастар әдетте жетілмеген және өзінен-өзі реттелмейді, барынша жұмыспен қамту және экономикалық өсуі тек мемлекеттің экономикаға араласуы арқылы мүмкін».

Дж. М. Кейнстің экономикалық ілімінің зерттеу пәні мен методологиясының жаңалығы мынандай:

1. Микроэкономикалықтан макроэкономиканы талдауды артықша көру, бұл оны макроэкономиканың негізін қалаушы етті және экономикалық теорияда оны өз алдында бөлім етіп шьғарды.

2.«Сұраныс эффектісі» деген концепцияны негіздеді (езінің психология заңы бойынша, яғни мемлекеттің сұранысын ынталандыру).

Сол кезде «революциялық» деп саналған методологиялық зерттеулері арқылы Дж. М. Кейнс өзінедейінгілерге қарағанда және үстем еткен экономикалық көзқарастарға қарамастан мемлекеттің көмегімен жалақыны қысқартуға болмайды, ол - жұмыссыздықты жоюдың негізгі шарты және адамның психология жағынан жинаққа ұмтылуы тұтынудың өсуін табысқа қарағанда баяу етеді деп тұжырымдайды.

Кейнс бойынша, адамдардың табыстың бір бөлігін жинақтауға Ұмтылысы оны кемітіп, күрделі қаржы көлемі азайып, ал соңғысы перманенттық табысқа әсер етеді. Ал адамның шекті түтынуға үмтылысы, ол «Жалпы теория» авторының ойынша тұрақты, сондықтан инвестиция мен табыс дәрежесінің әрақатынасын өсіріп отырады.

Айтылғандар Дж. М. Кейнс зерттеу методологиясын экономикалық өсуде экономикалық емес факторларға айтарлықтай мән бергенін көрсетеді. Олар:

- мемлекет (өндіріс құрал -жабдықтары мен инвестицияға тұтынушылар сұранысын ынталандыру);

- адамдардың психологиясы (шаруашылық субъектілердің саналы өзара қатынастарының деңгейін анықтайды);

Дж. М. Кейнс экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуде меркантилистердің әсерін жоққа шьғармады. Олармен оның жалпы пайымдауы анық және мыналардан байқалады:

а) елдің ақша массасын ұлғайтуға тырысуы (арзандату құралы, қарыз проценті ставкасын төмендету және өндірісте инвестицияны ынталандыру);

ә) баға өсуін қолдау (сауда мен өндірісті ұлғайтуды ынталандыру);

б) ақшаның аздығы жұмыссыздықтың себебі дегенді мойындау;

г) экономикалық саясаттың ұлттық (мемлекеттік) сипатын түсіну;

Дж. М. Кейнстің «Жалпы теориясында» шексіз үнемшілдік пен қорланудың тиімсіздігі туралы ой байқалады және керісінше, қаржыны көп жұмсау пайдалы, өйткені ғалым бірінші жағдайда тиімсіз өнімділік (ақша) түріне енеді; ал екіншісінде - олар сұраныс пен жұмыспен қамтуды ұлғайтады.

Дж. М. Кейнстің бұл заңының мәні мынада:, «қоғам психологиясы жиынтық нақты табыс өскен сайын жиынтық тұтыну да өседі, бірақ табыстың өскеніндей дәрежеде емес».

Бұл анықтамада оның теориялық - методологиялық позициясы айқын ол бойынша толық емес жұмыспен қамту мен толық емес өткізудің себептері және қоғам психологиясын реттеудің (мемлекеттің) тәсілі, негіздері жатыр. Ал бұның маңызы экономикалық заңдардан кем емес.

Осыдан келіп, оның ойынша, егер экономикалық процеске қатысушылардың психологиялық ұмтылыстары осындай болса, онда жұмыспен қамтуды ұлғайту, оның инвестициямен байланыстылығы туралы заңдар тұтыну игіліктерін өндіретін салаларды ынталандырады, сөйтіп жиынтық жұмыспен қамту ұлғаяды. Және мұндай ұлғаю алғашқы жұмыспен қамтудан артық, өйткені ол қосымша инвестициялармен байланысты.

Инвестицияның көбеюі, осыдан шығатын ұлттық табыс пен жұмыспен қамтудың өсуі - онды экономикалық тиімділік деп қарау керек. Сонғысы экономикалық әдебиеттерде «мультипликатор эффектісі» деп аталып, инвестицияны арттыру қоғамның ұлттық табысын көбейтеді және алғашқы инвестиция өсімінен көп көлемде».

Мұндай жағдайдың себебін Дж. М. Кейнс «психологиялық заңмен» байланыстырады, оның әсерінен нақты табыс өскен сайын қоғам оның өскен бөлігін тұтынғысы келеді.

Бұдан әрі ол мынадай қорытындыға көшеді: мультипликатор принципі ұлттық табыстың кішкене бөлігін қамтитын инвенстиция толқуы үлкен амплитудаға жеткізетін жұмыспен қамту және табыс толқуын туғызады.

Өзінің зерттеулерінің қорытындысыдеп Дж. М. Кейнс сапалы жаңа экономикалық теория жасағанын айтады. Соңғысы, оның ойынша, «негізінен жеке адам инвестициясына берілген мәселелерге орталықталған бақылау орнатудың өмірлік қажеттігі екенін көрсету еді... Мемлекет өзін басқарушы ретінде тұтынуға бейімділікке ықпал етуі - салық жүйелері арқылы, процент нормасын бекіту және мүмкін басқа тәсілдер арқылы жүргізуге тиіс».

Сондықтан процестерді мемлекеттік реттеудің тиімділігі Дж. М. Кейнстің ойынша, мемлекет инвестициясын қаржы табудан, халықты толық жұмыспен қамтуға қол жеткізуден және процент сомасын бекітумен байланысты.

Дж. М Кейнс ойлағанындай, мемлекеттік инвестиция жетімсіз болған жағдайда, қосымша ақша шығаруға кепілдеме болуы тиіс, мүмкін болатын бюджет дифицитін жумыспен қамту мен процент нормасын төмендету арқылы алдын алу керек. Былайша атқанда, Дж. М. Кейнстің концепциясы бойынша, сауда процент нормасы төмен болса инвестицияны ынталандыру жоғары инвестициялық сұраныс дәрежесін өсіруге әкеледі, ал соңғылары жұмыспен қамтуды ұлғайтып, жұмыссыздықты жояды. Сонымен бірге өзінің алғашқы шарты деп ақшаның классикалық теориясының мына тұжырымын айтады: шындық өмірде «қолданылмаған ресурстар толық қолданылған жағдайда ақша өсуіне сәйкес, бағалардың жоғарылауы кезіндегі түрақты бағаның орнына біз факторларды қолданудың кебеюіне қарай үздіксіз өсетін бағаны аламыз».

Осымен байланысты М.Блауг былай деп жазады: «Кейнс үшін толық жұмыспен қамту процент ставкасы мен жалақының дұрыс арақатынасына тәуелді және екіншісін қысқартқаннан гөрі біріншісін төмендеткенде мүмкін. Кейнс бойынша, жұмыссыздықттың басты себебі - процент мөлшерлемесінің ұзақ мерзімде де жоғары болып қалуында».

Блауг бойынша, «Кейнстеориясына сәйкесақша массасын екі есеге өсіру баға деңгейін екі есеге жоғарылатады, бірақ процент мөлшерлемесіне ықпал етеді... өйткені ақшаға кейнсиандық сұраныс қызметі, айталық спекулятивтік (алыпсатарлық) қызметі, ақша иллюзиясын (сағымын) немесе жеке-дара адамдардың кез келген номиналды ақша қалдығына реакциясын ескереді».

2. Жаңакейнсшілдік. Кейнсшілдіктің соғыстан кейінгі эволюциясы: 2 тенденция.

Қазіргі кейнсиандық бағытта екі тенденция басым -американдық (АҚШ экономистерінің есімдеріне сәйкес) және европалық, көбіне француз экономистерінің зерттеулеріне байланысты.

Дж. Кейнс ілімін американдық жалғастырушылардың ішінде көбірек аталатындары -Э. Хансең С.Харрис, Дж. Кларк және т. б.

Олар Дж. Кейнс іліміне сүйене отырып, халықтан алынагын салықты көбейтуге (25% дейін және одан да жоғары), мемлекеттік займ көлемін өсіруге және мемлекет шығынын жабу үшін ақша шығару керек (мейлі икфляция мен мемлекеттік бюджет дефициті көбейсе де) дейді.

Тағы бір кейнсиандық қосымша - перманенттік реттеуді (ауыстыру), жеке және мемлекеттік инвестицияны шығындарды маневр жасау тәсіліне жұмсау және ол экономикалық конъюктураға тәуелді болуын ұсынады. Мысалы, экономика өсуі кезеңінде инвестиция шектеледі, ал төмендегенде, құлдырағанда - ұлғаяды (бюджеттік дефицитке қарамастан).

Ең соңында, егер Дж. М. Кейнс өз теориясында мультипликатор принципіне сүйенсе және ол табыстың өсуі инвестиция өсуінің төмендеуімен жүрсе, АҚШ-та (Э. Хансен теориясы бойынша) қосымша принцип - акселератор принципі ұсынылады. Ол бойынша, табыс өсуі нақты жағдайда инвестицияны да өсіреді. Қосымшаның мәні - құралдардың кейбір турлері - машиналар, механизмдер өндірісте узақ мерзім істейді және оларды күту технологиялық жағынан өндірісті ұлғайтады: қажет құралдарға немесе машиналарға нақтьі сұраныс көп, инвестицияға да сұраныс өседі.

Франциядаға экономистері (Ф. Перру және т.б.) Кейнстің ссуда процентін реттеуді жаңа инвестицияны ынталандыру құралы деп қарауды міндеттемеді. Олар мемлекеттік меншіктің үлесіне басым корпорациялар қоғамдағы реттеуші, беделді күш санап, инвестиция процесінің азаймауының анықтаушы құралы ретінде экономиканы жоспарлаудың индекстік тәсілін қолдануға көп көңіл бөлді. Сонымен бірге индикативтік жоспарлауды қоғамдық шаруашылықтың тек мемлекеттік секторы үшін міндетті, ұзак мерзімді болжам жалпы экономиканың ұзақ мерзімдегі міндеттерді жүзеге асыруға қолдануды ұсынды. Индикативтінің альтернативі ретіндегі императивті жоспарлау директивті, социалистік деп қаралып, бұған жібермеуді тапсырды.

ХХ-ғасырдың 50-жылдарында Дж. М. Кейнс пен оның негізгі экономикалық ілімін жақтаушылар мемлекеттік реттеудің (стихиялы рынок жағдайында сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі жоқтығы) қажетті идеясын жаңа теорияның - экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз ететін механизмді жасаудың алғы шарты деп санады. Нәтижесінде өсудің неокейнсиандық теориясы пайда болды. Бұл теория мультипликатор - акселератор жүйесін есепке алуға және қорлану мен тұтыну байланысын сипаттайтын экономика модельдеріне (үлгілеріне) негізделген. Аталған теорияның басты өкілдері - Массачусетс технологиялық институтының профессоры Евсей Домар (1914ж.) және Оксфорд университетінің профессоры Роберт Харрод (1890-1978). Олардың теориялары (үлгілері) мынандай жалпы шешімді біріктіреді: экономикалық өсудің тұрақты қарқыны мұнда еңбек ресурстары мен өндірістік қуаттарды толық пайдалану мүмкін болады. Харрод - Домар үлгісінің тағы бір тұжырымы - ұзақ мерзімдегі тұрақтылықта табыстағы жиынтықтың үлесі мен күрделі қаржының орташа тиімділігі сияқты параметрлерді мойындау. Теорияларындағы үшінші ұқсастық - екі авторда да динамикалық тепе - теңдік пен тұрақты өсу автоматты түрде жүрмейді, ол мемлекеттік саясаттың тиісті нәтижесі, яғни экономикаға мемпекеттің белсенді араласуы. Е. Домар және Р. Харрод үлгілеріндегі ерекшеліктер модельді құрудың бастапқы позицияларындағы кейбір айырмашылығында байқалады. Айталық, Р. Харрод моделінің негізіне инвестиция мен жинақтың тепе - теңдігі жатса, Е. Домар үлгісінде -ақшалай табыс (сұраныс) пен өндірістік қуаттардың теңдігі алынған. Әйтсе де Е. Домар мен Р. Харродтың инвестицияның табысты өсіруде, өндірістік қуаттарды ұлғайтудағы айтарлықтай әсеріне сенімдері бірдей. Олардың ойынша, табыстың өсуі жұмыспен қамтуды ұлғайтады, соңғысы өндіріс қуаттарының бос тұруын, жұмыссыздықты азайтады. Авторлардың мұндай көзқарастары кейнсиандық концепциясы - экономикалық процестердің динамикасы мен сипаттарь инвестиция мен жинақтар арасындағы пропорцияларға байланысты, яғни біріншінің басымырақ өсуі - баға дәрежесін көтереді, ал екіншісі - кәсіпорынның бос тұруының, жұмыспен қамтудың толық болмауының себебі.

Дж. Кейнстің жалпы теориясын Батыс елдерінде тәжірибеде жүзеге асыру оларды социалистік ориентацияға әкелді. Өкінішке орай, әрбіреуі мұны өздерінің жалпы мемлекеттік бюджет тапшылығын көбейту арқылы жасайды. Батыс елдерінің бюджет тапшылығы өте көп. Мұндай саясаттың тағы бір кемшілігі - инфляцияның жоғарылауы. Орталық банк жүйесі үкіметтің тұтыну қажетін қанағаттандыру үшін ақша массасын тұрақты көбейтеді, ал бұл инфляцияға әкеледі. М. Блауг бойынша, бұл проблемалар табиғи процесс, өйткені Кейнстің экономикалық теориясының мақсаты - назарды қоғамдық жұмысқа буру, ал теориялық негіздеуді жалақыны төмендету арқылы жұмыссыздықты жоямыз дегендерге қалдырды.

3.Солшылдық жақты кейнсшілдік. Монополистік бәсеке теориясы

XX ғасырдың басында еркін бәсеке экономикасының монополистікке айналуы Еуропа континентінде едәуір күшейді. Мұнда АҚШ сияқты экономикалық либерализм идеялары, яғни толық еркін сауда (фритредерство) және экономикаға мемлекеттің араласпауы сияқты басқа да ережелері өз әрекетін тоқтатып, шындыққа сәйкес келмеді. Шаруашылық өмір мен бизнесті монополистік ұйымдастырудың күшейуі 1924-19ЗЗжж. әлемдік экономикалық дағдарысқа әкелді. Мұндай жағдайда, будан 100 жыл бұрын таза зкономикалық теорияның өкілдері -бастапқыда классикалық, одан кейін маржиналистер арқа сүйеген Ж. Б. Сэйдің «нарық заңы» өзінің мәнгілік маңызын жойды. Институционалистер зерттеген жетілмеген бәсеке проблемасын неоклассиктер мойындады. Соңынан белгілі болғанындай, шаруашылық субъектісінің монополистік құрылымдарында көрінген жетілмеген бәсеке проблемасын неоклассик экономистері ілімдерінің өкілдері - Гарвард университетінің профессоры Э. Чемберлин және Кэмбридж университетінің профессоры Дж. Робинсон бір мезгілде зерттеген. Олардың теориялары XX ғасырдың ғалым экономистерінің сөзсіз жетістіктері болып саналады.

1933 жылы Атлантика жағалауының бір жағында Э.Чемберлиң екінші жағында Дж. Робинсон өздерінін, «Монополистік бәсеке теориясы» мен «Жетілмеген бәсеке теориясы» атты еңбектерін жазды.

Шығармаларыныңжалпы айырмашылықтарына қарамастаң нарықтық механизмнің еркін бәсекені бузатын жағдайларды терең талдауы мен әрекеттерді зерделеуі оларды біріктіреді. Айталық, екі автор рыноктық бағаның рынокқа қатысушылардың
ужымдық әрекеті арқылы құрылмайды, өйткені тауарлы өнімнің бірдей еместігі сатып алушылардың баға туралы тольіқ информация алу мүмкіндігін жойып, өндіруші фирмалар өзара бәсекелесе алмайды, тиімді қызмет болмайды дегенді алға тартады.

Басқаша айтқанда, Э. Чемберлин мен Дж. Робинсон бейнесінде неоклассиктер экономикадағы тепе - теңдіктің бұзылуының негізгі себебін бұрынғыша экономикалық ортадағьі «категориялар» мен «заңдарда» іздейді. Ал институционалистердің түсінігінде жетілмеген бәсеке экономикалық өсудегі «адамдық фактордың» нәтижесі. Олар қоғамдық дамудың әлеуметтік - психологиялық және басқа проблемаларын, соның ішінде экономика саласында да туғызады.

Э. Чемберлиннің монополистік бәсеке теориясы

Эдвард Хейстингс Чемберлин (1899-1967)«Монополистік бәсеке теориясы өзара байланысты зерттеу» деген атпен кітаптың басты теориялық тұжырымы рынокты өзіне қаратып алудың негізгі шарты, яғни Гарвард профессорының сөзімен айтқанда, монополияның мәні - ұсынысты бақылау. Ал бұл бағаны бақылау, бір - бірінің орнын басатын бақталас тауарларға байланысты немесе өнімінің дифференциялануы. Осы туралы Э. Чемберлин былай деп жазады: «Дифференцияланумен бірге монополия пайда болады және бұл процестің монополия элементтеріне әрекеті кушейеді». Дифференциация дәрежесі барлықжерде сатушыға өз өніміне абсолюттік монополия береді, бірақ сонымен бірге ол жетілмеген алмастырушының бәсекесіне тап болады. Осыдан келіп ол барлық сатушыларды монополистік бәсеке әрекеттерінен пайда болған бәсекелес монополистер деп айтқан дұрыс дейді.

Э. Чемберлиннің көзқарасы бойынша, нарықтар өзара байланысты, өйткені мұның әрбіреуінде бір - біріне тәуелсіз сатушылар ұқсас өнімдерді сату үшін өзара әрекетке түседі. Ғалым мынаған қатты сенеді: «Нақты өмірде нарықтар түрліше жетілмеген, ал үстірт ойлаушылар олардың нәтижесі тепе -теңдікке тырысады дегендері, негізсіз». Әрбір сатушыны монополист ретінде қарау, олардың өзі сатып алушыларын түзейді, яғни өзінің рыногы уникальді тауар иемдену есебінен және өнімнің дифференциялану дәрежесі сатушылардың бағасын реттейді, нарықта монополист болады. Ал бұл тауарлар сату және қызмет көрсетудің шын көлемінің аздығын көрсетеді, оларға баға таза бәсекедегіден жоғары қойылған.

«Өнімнің дифференциациялануы» деп аталатын 4-тарауында Э. Чемберлин бұл категорияның мәнін аша отырып, дифференциацияланған өнімнің басты шарты - сатушының тауарлардағы немесе қызмет етудегі ерекше белгісінің болуы.

Ол белгі сатып алушыға нақты және ойындағыдай болуы
мүмкін. Бірақ, ең бастысы, ол осы өнімге басқапарға қарағанда артықшылық әкелсе болғаны. «Осындай дифференциацияланудың нәтижесінде, - деп жазады ол - сатып алушылар топталады, олар еркінен тыс журеді және оп жөн -жосықсыз (таза бәсекедегідей) болмай, артықшылыққа негізделген таңдау жолымен журеді».

Көріп отырғанымыздай, ғалымның ойынша бәсекелестік күрес тауарлар сапасын көтереді: мұны патенттер, авторлық құқық, фирма белгілері, фирманың буып - түюі және фирманың тиімді жерге орналасуы көрсетеді. Ал жарнама еркін бәсекенің шартына қарағанда рыноктардың бірігуіне жол бермейді.
Сондықтан бәсекенің бағаға байланысты емес факторлары фирмаларды сатып алушылардың жаңа тұтыну қуаттарын іздеуге итермелейді, оларға «талғамның ақша ережелерін» егеді. Өзінің құн теориясы мен классикалық, неоклассикалық құн теорияларының арасындағы қайшылық бар деген ойды Э Чемберлин кітабының 6 тарауында жоюға талпынады. Шндағы түжырымда келтірілген аргументтері бірдей емес. Біріниідең өндіріс шығындары және өндірушінің сату бағалары; екіншіден, өткізу шығындары және соңғы бөлшек сауда бағасы мен өндіруші бағасы арасындағы айырма. Осымен байланысты мыналар атап көрсетілген: шығындар фабрика шеңберінде тауарды өндірумен шектелмейді, шын мәнінде өндіріс шығындарына тасымалдау, сорттау, сақтау, үйге жеткізу шығындары жатады, олар тауардың пайдалылығын көбейтеді, яғни оның қажеттігін қанағаттандыруға өте пайдалы етеді. Осыдан келіп мынадай қорытынды жасалады: шығындардың екі түрінің шекарасын анықтау (өткізу шығындары мен өндіру шыындары) құн теориясы үшін сондай іргетастық мәні бар, оны үсыныс пен сұраныс арсындағы айырмамен салыстыруға болады. Шын мағынасында бірінің айырмашылығы екіншіден туындайды. Өткізу шығындары белгілі тауарға сұранысты ұлғайтады, ендіріс шығындары оны ұсынуынан көбейтеді.

Біріншіден, Э. Чемберлин теориясы бойынша нақты емес жасанды абстракцияны таза бәсеке категориясы орнына монополистік бәсеке туралы әңгіме қозғау дұрыс. Бұл жағдайда сатушылар өздерінің бір-бірімен бәсекелесу мүмкіндігін сақтайды, бағамен манипуляция жасайды, оның дәрежесін бақылайды, өзінің нарығында қожайын болады.

Екіншіден, ол енгізген «монополистік бәсеке» деген түсінік «таза бәсекеніңальтернативі болады». Өйткені, монополистік бәсеке түсында:

-нарықтық қүрылым кезінде сатушылар саны көп;

-фирма жұмысында бәсекелес фирмалардың тиімді жүмысы әсер етпейді;

-сатып алушылар түрлілігі сауда маркісіне байланысты және нақты сатушының сапалы сипаттамасына қарай өнімді артықкөреді;

-дифференциацияланған өнім, яғни жақын субститут маркалы өнімдер, кез келген «жаңа» сатушыны шьғарады, әдеттегі салаға «кіру» немесе тауарлар тобы нарығына кіру шектелмеген. Үшіншіден, егер бурын классиктер және неоклассиктер экономикалық өндіріс шеңбері шартты таза бәсеке деп, ал бәсекелі күрес тек бірыңғай рынокта болады десе, Э. Чемберлин теориясы бойынша, бәсеке дифференциацияланған өнім негізінде монополия жағдайында орын алады. Өйткені, бір тұрлі ерекше қасиеттері пайда болады, сатып алушы тауар түрінің біреуіне өз басымдылығын білдіреді.

Төртіншіден, егер классиктер мен неоклассиктер монополияның таза бәсекені ығыстыруынан баға күресінің әлсіреуін көрсе, Э. Чемберлиннің көзқарасы бойыниа, бәсекелік күрес монополист- бәсекелестер арасында үнемі жүреді. Оны баға және бағаға қатысы жоқ бәсекенің дамуынан көрді, өйткені ол өнім сапасы мен жарнаманы жетілдіруімен байланысты еді.

Бесіншіден, Э. Чемберлиннің пайымдауы алғаш рет экономикалық либерелизм идеясын зерттеушілерді мына ойға тусірді: таза бәсеке де, таза монополия да болмайды. Шын мәнінде: таза бәсеке саны көп сатушылар бар жерде болады, бірін-бірі алмастыратын бақталас тауарлар көбейгенде шиеленіседі. Осындан келіп мынадай қорытынды орынды сияқты: монополистік бәсеке жағдайында сатып алушыға бәсекелес тауардың біреуіне басымдылық көрсету; баламалы емес тауар сатушыны басқадан артық бағалау. Бұл Э. Чемберлиннің логикасы бойынша ірі шаруашылық жүргізуші субъектімен жарыста шыдап тұру және орта қолды сатушы (саудагер) мен өндіруші монополист болады, яғни монополия марксистік сынға қарамастан, қаржы бақылауының, өндіріс шоғырлануы, капитал орталықтануының салдары емес, өйткені ол рыноктікжүйеде күшейген бәсекеліктенденцияғатән.

1937жылы Э. Чемберлин «Монополистікбәсекетеориясы» кітабына енгізген 9-тарауға көңіл аудару қажет. Мұнда ол біраз қосымшалар мен түзетулер жасаған. Көптеген комментарийлер (түсініктемелер) берілген. Айталық, ғалым өнімнің дифференциациялануын кең мағынада қарамауды ұсынады. Өйткені ол дифференциацияның кейбір сатушылар үшін маңызы шамалы. Тағы бір комментарийінде монополистік бәсеке түсінігімен байланысты мынаны айтады: «оны Гарвард профессоры бүгінгі экономикалықғылым көзқарасын таласқа шақыру үшін керекдеп сипаттайды, мұның мазмұнынан бәсеке монополия баламалық қүбылыстар деген түсінік шықпайды және жекелеген бағалаудың түсінігі бойынша не бәсеке категориясымен, не монополиямен түсіндіру керек».

Осымен қатар жетілмеген бәсеке категориясымен монополистік бәсеке туралы айтқанда, ғалым кейбір пайымдаулардың тенденциялық жақтарын түсіндіреді: бір қүбылыстың екі әр түрлі есімі екенін, бүл категориялардың үқсастығы біршама бағаланған да айырмашылығы аз зерделенген. Автор былай деп жазды: «көбі бүл айырмашылықты білмей, мәселе тек тенденция деп көрсетіледі».

Зерттеуді жинақтай келіп Э. Чемберлин бәсекелі ортадағы монополияның табиғи мәнін терең сезінетіндігін білдіреді, яғни кәсіпкерпікті ең бастысы әрбір кәсіпкердің өзінің жеке монополиясын құруға тырысуы, оны кеңейтіп, мүмкін болса басқа кәсіпкердің өз монополиясын үлғайту әрекетінен қорғау.

Бірақ мақсат мынада: экономикалық ғылым арқылы өнім әр кезде дифференциацияланған, экономикалық әл-ауқат үшін барлық жағынан таза бәсекені «идеал» деп мойындауға болмайды.

Қорытындысында мынаны атап өту керек; соңында Э.Чемберлин және монополистік теориясын жақтаушылар бәсекені «топтық монополия» кезінде сақтау тужырымын ұсынды. Ол бойыниа партнер -бәсекелестер арасында рынокқа әсер ететін салаларды бөліп алудағы мақсат - біртекті емес (дифференциацияланған) тауар өнімдерін шекті шығындар деңгейіне дейін бағасын төмендетпей өткізу. Э. Чемберлиннің теориялық тұжырымдарының қазіргі редакциясыныңтағы бір ерекшелігі мынада: «өнімнің дифференциациялану идеясымен қатар, яғни оның төтенше сапасымен қатар тағы біреуі - қосымша баға емес жағдайларда монополистік бәсекені күшейту, мысалы: ол жекелеген тауар өндірушілердің техникасын жетілдіру, сатып апушыларға ерекше қызмет көрсету, фирмалық респектабельді репутациясына (бедел) әкеледі».

Дж. Робинсонның жетілмеген бәсеке туралы экономикалық теориясы

Джоан Волет Робинсон(1903-1983) Оның экономика ғылымында және дүние жүзіне әйгілі еткен еңбегі - «Жетілмеген бәсекенің экономикалық теориясы» баспадан шыққанда ол 30 жаста еді.

Кітаптың басты идеясы - монополия қызметінің рыноктық аспектілерін ашу. Бәсеке, мұның барысында (монополия) және олардың арасында экономикалық тепе-теңдіктің бұзылуымен байланысты, оның ойынша жетілмеген (Э. Чемберлиннің термині бойынша - монополистік).

Э. Чемберлин сияқты Дж.Робинсон еңбегіндегі бастапқы міндет - өңдірушілер өз өніміне монополист жағдайында баға белгілеу механизмін білу, яғни не себепті баға осы көлемде және сатып алушылар монополистік пайда келтіретін бағамен тауарды сатып алуға келіседі. Бірақ одан әрі автордың пайымдаулары Э. Чемберлиннің логикалық құрылымдарынан өзгеше. Айталық, егер соңғысы монополистік бәсекені тепе-тендіктегі рыноктың табиғи жайы деп сипаттаса, Дж. Робинсон жетілмеген бәсекеде алдымен бәсекелік шаруашылық жүйесінің тепе-теңдік жағдайының бұзылуын, жоғалтуын, тіпті жалдамалы еңбекті қанауды көрді.

Жетілмеген бәсеке теориясының мазмұнды бөліктерінен белгілі болғанындай, монополияның мәні жағымсыз түрде, рьіноктық ортада әлеуметтік-экономикалық қатынастарды тұрақсыздандыратын фактор ретінде қаралады. Сондықтан бұл жұмыстың мынадай тұжырымдарын атап өту керек.

Біріншіден Дж. Робинсонның сенімі бойынша, жетілген бәсеке тұсында кәсіпкерлер жетілмеген бәсекеге қарағанда өндіріс монополиясына ынтасы аз, өйткені жекелеген фирмалар оптималды көлемге жете алмайды, тиімсіз қызмет істейді. Сондықтан монополист тек қана өз өнімдеріне бағаны көтеру, сонымен қатар салада өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру арқылы өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік алады.

Екіншіден, Дж. Робинсонның көзқарасына сәйкес, монополия өнімінің тауары - субституттарына ерекше бөлінетін талап қояды, яғни басқаша айтқанда дифференциациялануға қосымша жағдайлар қажет, осыған сәйкес фирма монополистері фирма тиімділігін артықша бөлетін көлемдерімен сипатталады,

Үшіншіден, жетілмеген бәсеке бар монопольді нарықта Дж. Робинсон көрсеткеніндей, мыналарды анықтайтын ситуациялар болуы мүмкік егер рынокта бірыңғай біріккен, сатып алушылар деп қарамай бір-бірімен бәсекелес шексіз сатып алушылар рыногында сатып алушылардың саны қанша болады десек, мұндай сұраныстың шоғырлану ситуациясын, яғни рынокта көптеген ұсақ сатушылар және бір ғана сатып алушы әрекет етсе, оны ол монополия немесе сатып алушылар монополиясы деп атайды.

Төртіншіден, өзінің теориялық зерттеуін аяқтай келіп, Дж. Робинсон мынадай қорытынды жасайды: шын әлемде жетілмеген бәсеке шарттарының басым болуы өндіріс факторларын қанауға және ірі бірлестіктердің құрылуы бірі-бірімен бәсекелес ұсақ фирмаларды жұтып қоюға әкеледі.

Осындай және басқа да пайымдаулардан бастау алған өндірістің монополиялануы проблемасы Дж. Робинсон көрсеткеніндей, тиімділік және әділеттілік дилеммасын шешуі тиіс. Оның пікірінше, «монополизацияланудың артықшылығын түсіндіруде оның өндіріс тиімділігін арттыратындығын көрсету жеткіліксіз». Бірақ М.Блауг байқағанындай, «тиімділік» пен «әділеттілікке» сену экономикалық ғылымның көптен бергі иллюзиясының бірі.

Өзінің зерттеу нәтижелерінің негізінде Дж. Робинсонның басқа да құнды қорытынды жасауы мұмкін еді. Соның ішінде, ол көрсеткендей, жетілмеген бәсеке қайшыльғын жою мақсатында экономикаға мемлекеттің араласуының нақты шаралары туралы ұсыныс күтілген еді.

 

№9 лекция. Әлеуметтік-институционалдық бағыт

Дәріс мақсаты:Экоңомикалық теорияда институционалдық ағымның пайда болуы. Америкалық институционализмнің пайда болуы және эволюциясы. Әлеуметтік-психологиялық институционализм (Т.Веблен). Әлеуметтік-қүқықтық институционализм (Дж.Коммонс). Тәжірибелік (эмпирикалық) институционализм (У.Митчелл).

Дәріс жоспары:

1. Америка институционализмнің пайда болуы және оның эволюциясы

2. Соғыстанкейінгі кезеңдегі (50-80 жылдары) институционалдық әлеуметтік бағыттың дамуы

3. Жаңаинституционализм

 

ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығында нақтылы тарихи жағдайлардың әсерінен АҚШ әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағынан күшті дамыған бірден-бір елге айналды. Мүнда тұңғыш рет экономиканың еркін бәсекеден гөрі монополистікке өтуі жалпылама түрде айқын көріне бастады. БұлАҚШ-тың антимонополистік шаралар қолданған алғашқы ел болуына себепкер болды, оның әкімшілігі XIX ғасырдың аяғында бүл шараларды өмірге енгізді. Бұл шараларды соңынан барлық дамыған мемлекеттер үкіметі қолданды.

XX ғасырдың бас кезінде АҚШ-тың ғалым-экономистері экономикадағы монополистік тенденциялардың күшейгенін талдап, өз елдеріндегі антимонополистік саясатқа іш тартып, экоиомикаға әлеуметтік бақылау концепциясының лидері статусын алуға тырысты. Оны түрлі тәсілдермен жүргізді. Олардың теориялары бүгінде әлеуметтік институциональдық немесе жай институциональды деп аталатын экономикалық ойдың жаңа бағытының бастамасы болды.

Зерттеу пәні

"Институционализм" терминінің негізіне институт ұғымының бір түсінігі жатады. Институционалистер мұны экономикадағы қоғамдық қозғаушы күштердің бір элементі деп қарайды. "Институттарға" институционалистер идеологтары түрлі категориялар мен құбылыстарды (мысалға, мемлекет, жанүя, кәсіпкерлік, монополия, жекеменшік, кәсіподақ, дін, рух, және т. б.) жатқызады. Олар дәстүрді, мінезді, этиканы, құқылық шешімдерді, коғамдық психологияны және ең бастысы экономика эволюциясын қажет етеді.

Институционализм — белгілі бір мағынада неоклассиктердің альтернативтік экономикалық теориясының бағыты. Егер неоклассиктер Смиттің жетілген рынокты шаруашылық механизмінен бастау алып, экономика өзін-өзі реттейді деп, таза экономикалық ғылымды жақтаса, институционалистер экономиканың қозғаушы күшіне — материалдық факторлармен қатар рухани моральдық, құқықтық және басқаларын жатқызып, оларды тарихи орнына қарай зерделейді. Баскаша айтқанда, институционалистер талдаудың пәні деп экономикалық және экономикалык емес әлеуметтік экономикалық даму проблемаларын есептейді. Ең бастысы, зерттеу объектілерін — институттарды, бірінші, екінші кезектегі деп қарамай, бір-біріне қарсы қоймайды.

Зерттеу тәсілдері

Көптеген зерттеушілердің пікіршше, институционализм методологиясында Германиянын. тарихи мектебінің жалпы белгілері бар.

Бірак тарихты және әлеуметті орта факторларын экономикалық өсудің жолын анықтауда ескеру Германияның тарихи мектебі мен институционализм методологиясының ұқсастығын білдіргенмен, олардың сабактастығын қайталауды көрсетпейді. Себептер көп:

Біріншіден. Адам Смиттің теориялық көзқарасында болған неміс авторлары XIX ғасырдың екінші жартысында Пруссия юнкерлерінің елдің сауда еркіндігі мен экономикалық либерализм

принциптері үшін күресін қолдап, шексіз еркін бәсекелестік кәсіпкерлікті жақтады,

Екіншіден. неміс мектебінің тарихи көзқарасы рыноктық экономикалық қатынастардың табиғи сипаты мен экономикадағы тепе-тендікті автоматты түрде адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңінде сақтаудан көрінді.

Үшіншіден. Германияның тарихи мектебі еңбектерінің авторлары "еркін кәсіпкерлерді" тежеу арқылы қоғамның экономикалық өмірін реформалауға қарсы болды.

Институционализм экономикалық ойдағы сапалы жана бағытты көрсетеді. Ол өз бойына экономиканыың бұрынғы теория мектетттерінің ең жақсы теориялық-методологиялық жетістіктерін сінірді, ең алдымен математика мен математикалық аппаратты меңгерген маржиналистік принциптерді. Экономикалык талдауға қолданған неоклассиктердің (экономикалық дамудың тенденцияларын анықтау мен рыноктың конъюнктуралық өзгерістері), Германия тарихи мектебінің методологиялық құралдарын (қоғамның әлеуметтік психология проблемаларын зерттеу үшін).

Осындай пікірлерді М. Блауг та айтады: ол "институционализмнің мәнін анықтауға тырысып, методология саласына байланысты үш белгісін табады:

1. Неоклассиктерге тән абстракцияның жоғарғы дәрежесіне қанағаттанбау, бағаның ортодокстық теориясынын статикалык сипатының ерекшелігі;

2. Экономикалық теорияны баска қоғамдық ғылымдармен интеграциялауға тырысу; немесе "пәнаралық артықшылыққа сену";

3. Классикалық және неоклассикалық теориялардың эмпирикалық емшіліктеріне көңілдері толмаушылық, сандық зерттеуге шақыру.

Институционалязмнің үш бағыты

Кейбір бағалауларға қарағанда, экономикалык ойдың институционалистік бағытының пайда болуының уақытын Т. Вебленнін "Теория праздного класса" деген монографиясының жарық көруімен, яғни 1899 жылдан бастайды. Алайда, соңғы кезде одан да маңызды Дж. Коммонс пен У. Митчеллдің еңбектерінің болуы, институционализм шеңберінде жана толқындардың көрінуі, бұл экономикалық теория бағытының, концепциясының қалыптасуы, жетілуі XX ғасырдың 20-30 жылдарына сәйкес келеді.

Аталған Американ ғалымдарының еңбектері, оларды жақтаушылары антимонопольдық бағытты құрайды, экономикалық өсуге жиынтық коғамдық қатынастардын ыкпалы, идеясы мен экономикаға мемлекеттің араласуы кажеттігін насихаттап дәлелдейді .

Институционализмдегі көрінген 3 толқын:

1. Т. Веблен - әлеуметтік-психологиялық (технократтық) институционалдық зерттеуді басқарады.

2. Дж. Коммонс - әлеуметтік-кұқылық (заң) бағытты қолдайды.

3. У. Митчелл — коныоктуралық-статистикалык. (эмпирико-болжамдық) бағытты зерттейді.

Институционализмнің негізін қалаушылардың реформалық концепциялары

Торстейн Веблен (1857 - 1929) — экономика мен социология саласындағы ірі еңбектердің авторы. Мұнда ол Ч. Дарвинның табиғат эволюциясы теориясынан бастау алып, жалпы қоғамдық, соның ішінде экономикалық әлеуметтік-психологиялық қатынастардың өзара байланысы, өзара тәуелділігі принципін ұсынады. Чикаго (1891 - 1906), Станфорд (1906 - 1909) униперситеттерінде сабақ берді. 1910 — 1917 жылдары Миссури штаты (Колумбия қаласы) университетінде істеді. 1919 жылдан бастап "Әлеуметтік зерттеулердің жаңа мектебінде" лекция оқиды.

Оның ғылыми мұрасы кеңінен белгілі болды және экономикалық ой-пікірдің үш әлеуметтік-институционалдық бағытындағы шығармаларды іздестірудің негізін қалады.

Зерттеу пәні

Т. Вебленнін анықтауы бойынша экономика ғылымының пәні ретіндегі Институттар - өткендегі процестердің нәтижесі, олар бұрынғы жағдайларға бейімделген, демек бүгінгі күннің талабына толық сәйкес келмейді". Осыдан келіп, онын ойынша, оларды эволюция заңдарына сәйкес жаңарту қажеттігі шығады және казіргі күннің талабына сай, яғни ойлаудың әдеттегі тәсілімен, жалпы танылған тәртіпке сай қаралуы тиіс.

Зерттеу тәсілі

Өзінің ойлау бейнесі жағынан көптеген идеологтар оны американдық Маркс деп мойындады. Оның себебі, Веблен Дж. Б. Кларктің студенті болуы ғана емес және ол өзінің ұстазының. экономикалық теориясына, яғни таза экономикалық ғылымға қарсы шыққандығынан емес, оның салдарын сын көзбен бағалағаны, әр түрлі елдердің ұлттық экономикасы А. Смиттің экономикалық либерализм, өзін-өзі реттеу, халық шаруашылығынын дағдарыссыз дамиды деген идеяларымен, еркін кәсіпкерлік жағдайында экономикалык адамдардың жеке мүдделері қоғамдықпен табиғи сәйкес келеді дегендері үшін.

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын ерекше көруі Т. Вебленнің еңбектерінен айқын байқалады. Оның ішінде бастылары: "Теория праздного класса" (1899); "Инстинкт мастерства" (1914); "Инженеры и ситема цен" (1921); "Собственность отсутствующего" (1923) және т. б.

Өзінің қоғамның эволюциялық қайта қүру сенімін Т. Веблен Ч. Дарвинның табиғаттын эволюция теориясымен өзінше түсіндіреді. Оның постулаттарынан бастау алып, ол, айталық, адамзат қоғамына "тіршілік үшін күрес" тұжырымының маңыздылығын дәйектеуге тырысты.

Оның пікірінше, адамдардын экономикалык мотивтеріне алдымен ата-аналык сезім, білімге және істелген жұмыстың жоғары сапасына инстинктілік ұмтылысы жатады

"Веблен эффектісі"

"Құр сенделуші (желбуаз) таптар" теориясында, Т. Вебленнің осы аттас кітабының мазмұны көрсеткендей , "өндірістік емес мүлкі бар" таптардың экономикалық процестерге қатынастары теріс сипаттар — "қымқырып қалу", өндіру емес, қанау, пайдалылық емес - тән. Бұл тап, Веблен бойынша, бизнес әлемнің дәстүрін қалайды, ал бұл — паразитизм мен жыртқыштық заңдармен бағытталып, әрекет етеді.

Айталық, осы таптың өкілдері үшін товарларға ерекше баға белгіленеді, бұл - олардың мәртебесінің көрсеткіші, ол — сүраныс заңының шын көрінісі емес, мұны "Веблен эффектісі" деп атайды.

Ол мынадай жағдайды сипаттайды — товар бағаларының төмендеуі сатып алушы бойынша оның сапасының нашарлауы немесе оның халық арасында маңыздылығының төмеңдеуі, сөйтіп товардың сатып алушылар сұранысына сай болмайды. Керісінше, жағдайы басқаша болады: сатып алу көлемі баға өсуімен байланысты ұлғайды. "Қаржы қабаттарының қалыңдығы, - деп жазады Т. Веблен, - қаржы институттарының икемделуіне ынталы. Осыдан келіп желбуаз таптардың институттардың дамуын, ақша мақсаттарын құр сенделуші таптардың өмірін қалыптастыруға бірте-бірте бағыттайды.

Сонымен, қоғам құрылымының эволюциясы — Т. Веблекнің сөзімен айтсақ - тіршілік күресіндегі институттарды табиғи сұрыптау процесі .

Реформа концепциясы

Т. Вебленнің марксистік емес позициясы оның реформа тұжырымдамасынан анык көрінеді.

Тек қаржы жұмысымен айналысатын рантьелердің жеке меншіктің ерекше (абсентеистік) түрі иелерінің паразиттік өмірі, олардың ірі қаржы және кәсіпкерлер ретінде "үлкен пайдаға тырысушылардың индустрия саласын бизнес әлеміне бағындыруды сынай отырып, ол таптық антагонизмді революциялық жоюға шақырмады, пролетариат диктатурасын қаламады, реформалар аркылы қоғамның одан әрі эволюциясын ұсынды".

М. Блауг нақтылап айтқандай, капитализм жағдайындағы тап күресі туралы әңгіме, Веблен бойынша, капиталистер мен пролетариат арасындағы күрес емес, ол - бизнесмендер мен инженерлердің күресі. Ойлаудың "ақшалай салты банкирлерді, брокерлерді, юристерді, менеджерлерді біріктіреді, олардың іскерлік әрекетінің басты принципі — жеке-дара иемдену".

Веблен реформасының сценарийі - ғылыми-техникалық прогресті үзбей жеделдету және мұндағы инженер-техника интеллигенттерінің маңызын көтеру. Ол интеллигенция, жұмыскерлер, техниктер және өндірістің басқа қатысушылары индустрия саласын қамтиды, өндіріс процестерін оптимизациялау мен тиімділігін арттыру мақсатын көздейді.

Т. Веблен реформасының нәтижесін "жана тәртіп" орнауынан көрді. Мұнда өнеркәсіп өндірісін басқару әдейі "техниктер кеңесіне беріледі және "индустриялық жүйе" абсентеистік меншік иелерін (монополистердің) мүддесіне қызмет етуін тоқтатады, өйткені технократтар мен индустрияның мотиві ақша ұту" емес, барлық қоғамға қызмет ету.

Дж. Р. Коммонс (1862 - 1945) - 1904 жылдан Висконсин университеттінің профессоры, Америка еңбек федерациясының экономикалық және зан жөніндегі консулътанты болды.

Зерттеу пәні мен тәсілінің ерекшеліктері

Экономикалық талдаудың пәні ретінде мынадай ұжымдық институттардың - жанүя, кәсіподақ, сауда бірлестіктері, өндірістік корпорациялар, мемлекетті, құқылық қатынастар және басқаларды зерттеу, басым бағыт деп — юристік-құқықтық институттарды есептеп, институционализмнің құқықтық-зандылық ағымының лидері болды.

Методологиялық жағынан ол жұмысшылардың таптық күресін қабылдамады және ол бизнес жүйесінің тиімділігі - оны сақтаудың амалы дегенге сенді.

Құн теориясы

Дж. Коммонс құқылық қатынасты құн концепциясында қолданды. Бұл тұжырым бойынша, товар, өнімінің құны -ұжымдық институттардың заңды келісімдері". Соңғысына ол корпорациялардың, кәсіподақтардың, саяси партиялардың одақтарын жатқызды. Олар әлеуметтік топтар мен халықтың мүддесін (кәсіптік) білдіреді.

Реформа концепциясы

Дж. Коммонс таптық курестің марксистік іліміне мемлекеттің заң шығару саласындағы реформасын қарсы койды және әр түрлі ұжымдық институттардың лидерлерінен тұратын ұкіметтің болуын ұсынды. Ол үкіметтің коғамдық пікірдің бақылауында болуын және экономиканың демонополизациялануын жақтады

Еркін бәсекелі капитализмнің каржы сатысына эволюциялануы — оның басты еңбегі "Капитализмнің құқылық негіздері" (1924), "Институциональная экономика. Ее место в политической экономии" (1934) және басқаларындағы басты идея. Бұларда кәсіпкерлер арасындағы "таза емес" (монополистік) бәсекеден туындайтын әлеуметтік шиеленістер проблемасы қаралады. Экономикалық реформалар шеңберіндегі мемлекеттің құқыктық шешімдері, автордың ойынша, коғамдағы қайшылық пен конфликтілерді шешеді, әкімшілік капитализм сатысына өткенін көрсетеді.

Экономикалык тарихтан белгілі болғандай Дж. Коммонстің ұжымдық әрекеттің құқылығы Веблен еңбектеріндегі антимонопольдік реформаларын жақтады. АҚШ-тің президенті Рузвелътің 30-шы жылдарында жүргізген жаңа бағытында нақты тәжірибеде қолданып, дәлелдеді.

Уэсли Клэр Митчелл(1874 - 1948) - Вебленнің шәкірті және оның ісін жалғастырушы. Ол Чикаго университетінде окып, Калифорниядағы (1909-1912) және Колумбиядағы университеттерде профессор болды. 1920 — 1945 жылдары экономикалық зерттеулердің Ұлттық бюросын баскарды. У. Митчелл өз ұстазының еңбегін жоғары бағалап, "Веблен ілімі" деген жинақ әзірледі. Мұнда оның кітаптары мен мақалаларынан үзінді келтірді.

Зертгеу пәні мен тәсілінің ерекшвліктері

У. Митчелл жариялаған "Экономикалық теориялардың типтері туралы" лекциясы (1935) Т. Вебленнің идеясынан бастау алады ол экономикалық процестердің экономикалық емес теориялармен өзара байланысын талап етті. Айталық, социология, мәдениет және т. б. әлеуметтік проблемаларды көрсетті. Олар қоғамдағы адамдардың психологиясын, тәртібін және іс-әрекеттерінің мотивін аныктайды.

Алайда, экономикалық әдебиеттерде бұл ғалымды «теориясыз өлшем концепциясынын уәкілі» деп қабылдады. (У. Митчелл және оның жақтаушыларды сынаған Т. Коопманстың осындай атпен шыққан статьясынан кейін), немесе В. Леонтьевтің оны "Американың экономикалық ой-пікіріндегі негізгі антитеориялық бағыт" деп атауы тегін емес

Реформа концепциясы

У. Митчеллдың институциональдык. теорияға қосқан жеке үлесі:

1. Экономикалық факторлардың (ақша айналысы немесе қаржы жәі-ге тағы басқа категориялардағы) экономикалық емес факторларға (соның ішінде психологиялық, тәртіп және т. б.)әсерін анықтау. Ол үшін нақты сандық көрсеткіштерді зерттеу және ол өрсеткіштердің коньюктуралық толқуларының заңдылықтарын анықтау, көптеген статистикалык деректердің накты материалдарын математикалық талдау негізінде жүргізу керек.

2. Экономикаға мемлекеттің араласуының түрлі варианттары арқылы дағдарыссыз цикл концепциясын негіздеуге тырысты.

Әсіресе У. Митчеллді әйгілі еткен — АҚШ-тағы экономикалық зерттеудің ұлттық бюросының негізін қалаушы болғаны және алғашкылардың бірі ретінде экономикадағы циклдік қүбылыстарды зерттеуі. Ол акша, каржы және несие факторларына мемлекеттің ықпалын әлеуметтік-мәдени проблемаларымен байланыста психологиялық талдауды ескеруді қажет, мүмкін деп санады.

20-жылдардағы институционализмдегі эмперикалык-прогноздық (болжам) бастамасының өкілдері өздерінің коньюктуралық барометрлерін Гарвордта жариялады, динамикалық реттеуді талдаумен қорытындалады. Ол -экономикалық өсудің қисық сызықтары арқылы ұлттық шаруашылық көрсеткіштердің орташа индексі еді және бұлар алғашқы болжамның нәтижесі. Экономика ғылымының жаңа салаларының негізін құрайтын - эконометрика, математика және статистика У. Митчелл және оны қолдаушыларға "кіші" және "үлкен"' циклдардың ұзақтығын есептеуге, экономиканың дағдарыссыз дамуы үлгісін жасауға және көрсеткіштер динамикасындағы ауытқуларды көрсетуге, кері кетудің алдын алуға мүмкіндік берді.

Циклдік толқуларды бәсеңдету мен жағымды экономикалық коньюктураға жетудің құралы - У. Митчеллдің ойынша, әдейі мемлекеттік жоспарлау органын құру. Жоспарлау мұнда директивалық емес нұсқау және ол ғылыми болжамға негізделген, түпкі мақсатқа жеткізетін болуы тиіс. "Гарвард барометрі" мамандарының болжамы 1929 — 1930 жылдардағы экономикалық дағдарыс қарсаңында экономиканың гүлденуін қамтамасыз ете алмады. Зерттеудің методологиялық базасының жетімсіздігін көрсетті. Бірақ ол 20-30-жылдардағы институционалистердің басты тұжырымы, ережесі — экономикадағы әлеуметтік бакылаудың қажеттігін жария еткізді.

Сөйтіп, институционализм 30-шы жылдарда дүниеге келген мемлекеттік зерттеудің кейнсиандық және неолибералдық концеітаияларға жол салушы болды. Негізгі идея — мемлекеттің экономикаға араласуы .

 

№10 лекция. Социалистік идеялардың эволюциясы

Дәріс мақсаты:Утопиялық социализмнің пайда болуы (Т.Мор, Т.Кампанелла). 19ғ. басындағы Батыс Европаның утопиялық социализмі (А.Сен-Симон, Р.Оуэн, Ш.Фурье), Социал-демократтардың экономикалық көзқарастары. Социализмнің іс жүзінде және логика бойынша революциялық және реформаторлық бағыттарының пайда болуы мүмкін емес екендігі туралы концепциялар (М.Вебер, Ф.Хайек, Л.Мизес, Л.Роббинс). Бәсскелестік социализм концепциясы (А.Пигу, А.Лернер, Р.Моссе).

Дәріс жоспары:

1.Утопиялық социализмнің пайда болуы және дамуы.

2.Социал-демократтардың экономикалық көзқарастарының эволюциясы. Реформашыл және революцияшыл бағыттары.

3.Бүгінгі тандағы социализм теориялары

 

Қанаушылықты, экономикалық және әлеуметтік теңсіздікті жою теория ретінде утопиялық социализмде көп ғасырлық тарихы бар. Бірақта шынайы социалистік теориялар капитализмнің даму кезеңінде пайда болады. Батыс Европалық социализм капиталитік өндірістік қатынастардың жағдайында пайда болады. Ол кезде пролетариат пен буржуазия арасындағы таптық күрес онша дамымаған, ал пролетариат жеке тап ретінде қалыптаспады.

Ертедегі социалистік утопияда Платонның шығармаларынан бастап Т.Мор, Т.Кампанелла және басқалары әдетте мораль тұрғысынан жеке меншікті сынады. Олардың утопиялық клнцепцияларынан қоғамдық құрылымның қарапайым идечсы білінді: мұнда тұтынудың бірдейлігі, қабілетінің теңдігі басым еді. Бірақ 19 ғасырдың 1-ші жартысынан бастап, классикалық политэкономияның өкілдері еңдектерінің ықпалынын социалист-утопистерінің доктриналарында айтарлықтай өзгерістер болды. Өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуына байланысты утопиялық-социализм үшін бұл кезеңде жаңа экономикалық шындықты зерделеу тән еді. Мұндай зерделеу экономикалық ой-пікірдің осы мектебінің лидерлері – англиядағы Р.Оуен, франциядағы К.Сен-Симонның шығармаларынан көрінді. Міне, осы авторлар өздерінің идеяларын 19ғ-ң басында экономикалық жағлайлармен және классикалық саяси экономия мектебінің принциптерімен тығыз байланысты. Айталық, классиктер сияқты, оларда техникалық, ғылыми жаңалықтарды тездетуді, қоғамдік өндірудің жан-жақты өсуін қалады. Сонымен қатар олар классиктермен бірге табиғи тәртіпті жақтады, яғни әрбір адам мен қоғамдық идеалды әлеуметтік құрылысы үлгісін ұсынды. Мұндағы айырмашылық :үлгісінің мәні мен құру жолдары әрқайсысында түрліше болады. Мысалы, социалист-утопистер классиктерге қарағанда өнеркәсіп төңкеріісін қабылдамады. Р.Оуэн, жеке меншік институтін, К.Сен-Симон экономикадағы еркін бәсекені тежемейтін идея мен тәжірибені сынады, өйткені соңғылары тек адамды адамның қанауының себебі ғана емес, олар шаруашылық өмірді сөзсіз монополизациялап, экономикалық дағдарысқа әкеледі. Осыдан келіп үгіт пен насихатты мынадай мақсаттарға жетуге шақырады: антогонистік таптарды құрту, бәсекені жою, еркіндікті сақтау, өндірісті еңбекшілердің ассоциациясы ұсынған шеңберде дамыту және мұнда әрбіреуі өз еңбегінің толық өнімін сақтайды. Мынаны атап өту керек: бір жағынан, социалист-утопистерінің жаңа ұрпағы бұрыңғылары сияқты әлеуметтік-экономикалық жаңарудың эволюциялық мүмкіндігін жоққа шығарады, революциялық, яғни эксплуататорлық қоғамды күшпен қаратуға да көнбейді. Бірақ, екінші жағынан, олардың доктриналары социалистерге тән әлеуметтік әділеттік идеяны үгіттеп, насихаттайды, оның табиғи сипатына сенуге болады, егер бүгінгі әділетсіздіктен бүкіл әлем деңгейінен бас тартса.Ал бұл жағдай утопистік мазмұн емес, бұл - антирыноктык доктрина. Ең соңында, 19ғ-ң бірінші жартысында утопиялық социализмнің антирыныктық доктриналарының мәнінде алшақтық байқалады. Мұны бұл мектеп авторларының мыналарды түсінулерінен көреміз :

Біріншіден, индивидуализмді ұжымдықтан ауыстыру механизімі;

Екіншіден, еңбекшілерді біріктіргенде ұжымды ұйымдастыру принципі;

К.Сен-Симон және оның пікірлестері «ұжымдықтың шын жаршылары», өйткені олар ұлттың барлық мүшелерін ұжымдық ұйымға тартуға тырысты және мұндай бірігуді жоғарыдан бастауға, яғни национализациялау, басқа да экономикалық үкіметтің әрекеті арқылы саяси үкіметті ауыстырады. Р.Оуен, Ж.Фурье жәнеолардың ізбасарлары – «социалистер-ассоциалистер», «сен-симонистерге» қарағанда индивидуалистердің бұқара арасында жойылып кетпеуін, оларды ұсақ автономды топтар ұйымы арқылы сақтауға тырысады, яғни бірігу жоғарыдан емес төменнен келеді.

Роберт Оуэн (1771-1858) – ағылшынның социалист-утописі, социалистік жаңартудың жобаларын ұсынған еңбектерінің авторы. Мұның ішінде «Адам мінездерінің қалыптасуы туралы» (1813-1814), «Нью-Ланарк графствосына баяндама»(1820), «Жаңа рухани әлем туралы»(1836-1844).

Құн трактовкалары туралы оның теориялық көзқарастары классиктерге әсіресе Д.Рикардоға жақын. Айталық, ол одан құнның еңбектік теориясын қабылдады, бірақ товар құндылығын қоламады. Соңғы әділетсіз пайда болуы – ауыл жұмысшыларының қайыршылануы мен экономикалық дағдарыстың себебі. Р.Оуэн Мальтустың халық өсуі теориясын дақабылдамайды: «дене еңбегін дұрыс басқарғанда елдер халықтың шексіз өсуі жағдайында және бәріне тиімді тіршілік заттарын бере алады».

Ол өзінің Нью-Ланарк фабрикасының жұмысшылары үшін 19ғ-ң өзінде әдейі жабдықталған тұрғын үй, асхана, сауда орындарын, жинақ кассаларын, бала бақшасы мен т.б. ашты. Ол мұнда еңбек тәртібін тиісті фабрика заңдары шықпастан жарты ғасыр бұрын орнатты. Олардың негізгілері :

1) ересек адамдар үшін жұмыс күнін 17-ден 15 сағатқа қысқарту;

2) 10 жасқа дейін балалар еңбегін пайдаланудан бас тарту;

3) дәстүрге айналған айып салуды жою.

Өзінің көптеген шығармаларында Оуэн «қоғамның ақылға қонымды құрылысы» концепциясын негіздеуге тырысады.Оның ойынша, мұндай жаңа қоғамға өтудің негізгі шарты – ақылға сыйымды заңдар арқылы ештеңе өндірмей тұтынудың себептерін жою, сөйтіп «барлық әлеуметтік жүйені» күшпен күйрететін апатын алдын алу. Ғалымның пікірінше, адамдар көретін көптеген әділетсіздіктің, қылмыстың, кедейліктің басты күнәкері – жеке меншіктің үстемдігі, ал машина – «керемет игіліктің» көзінен «керемет қарғысқа» айналады. Оуэн кез-келген күшпен болатын төңкерісті қоламады, ол «жалғандықтан шындыққа сөзсіз өтуде», аяғы «адамның санасы мен әдетіндегі төңкерісте» сол кездегі үкіметтің тиімді басшылығына және»өтпелі тәртібіне» сенеді. Әділетсіз қоғамдық құрылысты ауыстыру «бірте-бірте бейбіт және ақылмен», «ғылыми бастаманы» жүзеге асыру жолымен жүреді. Мысалы, жерді сатқысы келгендерден рыноктық бағамен алып, болашақта қоғамдық меншікке айналдыруы керек,сөтіп ол мемлекеттік табыстың бірден бір көзі болсын және т.б. Оуэн жүйелеп, рационалды конституцияның 26 заңында мыналарды көрсетеді:

o қол еңбегінің орнына түрлі салаларда, үй шаруашылығында машинаны кеңінен еңгізу

o еңбек құндылықтың өлшеуінің бірден-бір өлшемі.

o әртүрлі тәсілдерді, әсіресе күнделікті баспасөз пайдалану арқылы халық ағартуды күшейту

o тиймсіз жеке меншікті, тиісінше пайданы, өндірушілердің тікелей контактілер арқылы жою және т.б.

Клод Анри де Рубруа Сен-Симон (1760-1825) – француздың социалист-утописі. Социалистік идеялар бағытындағы көзқарастары үшін автордың дәрежесі мен графтік титулдан бас тартқан. Оның айтарлықтай ғылыми шығармаларының ең бастылары: «Женева тұрғынының замандастарына хаты»(1803), «Өнеркәсіп жүйесі туралы»(1821) , «Өнеркәсіпшілердің катехизісі»(1833-1824). Сен-Симон үшін еркін бәсекелі экономикалағы әлеуметтік жүйе – тек өшіп бара жатқан феодализм мен әлі де қол жетпеген идеалды әлеуметтік ұйымның арасындағы өтпелі кезең. Басқа да утопист-социалистер сияқты ол да индустриалды қоғамда таптар жойылады, үкімет саяси қызметтің орнына тек экономикалық жұмыспен айналысадтындағын қалайды. Бірақ ол социализмдегі жеке меншікті жоққа шығармайды.

Сен-Симонның методологиясының тарихи сипаты мынада: фелдализмнің күйреуі сол кезде аяқталады, қашан қоғам ерікті түрде феодалдық жүйенің конституциялық режимге, таза өнеркәсіптік жүйеге өту шығындарын өз мойнына алса.

Ғалымның айтуынша өнеркәсіпшілер – үш ірі таптар : жер иеленушілер, фабриканттар және саудагерлер. Оның айтуынша «өнекәсіпшілер табы» әркезде үш өнеркәсіпшіл емес таптқа – дворян мен буржуаға қарсы тұрады. Бірақ, «өтпелі дәүір» тұсында – ұлттың құрамында тек екі тап - өнеркәсіпшілер мен өзінің шекарасын ұлғайтқан «бақарушы таптар» қалады дейді. Сонымен, Сен-Симон бойынша, ғалымдар мен өнеркәсіпшілер көсемдерінің бейбіт күштері арқылы және корольдің еркімен өнеркәсіпшіл емес, топтардың билігі құлайды, ал ол мыналарға жол ашады:

o қазіргі құрылысты заңды түрде мүмкіндігінше толық теңдік жүйесіне ауыстырады;

o адал адамдар үшін қасіретті анархияны жояды;

Ең соңында К.Сен-Симон қазіргі төңкерістің сөзсіз мүмкіндігіне кәміл сенеді, соның арқасында болашақта мемлекеттің жағдайы жақсарып, бақытқа тез ие болады.

Шарль Фурье (1772-1832) – француз социалист-утописі. Ол өз замандастары р.Оуэн мен К.Сен-Симондардан кем емес болашаққа әділетті әлеуметтік үлгіні ұсынды. Оның басты шығармалары: «Жалпы тағдыр және төрт қозғалыс теориясы»(1808), «Жаңа шаруашылық және социстар әлемі немесе ескі серияда бөлінген қызғылықты және табиғатқа тән еңбектің тәсілінің ашылуы» (1829). Ш.Фурье өзінің еңбектерінде классикалық политэкономияны, оның өкілдері жақтаған еркін бәсеке экономикасын қатты сынға алды. Ол классиктерге ауыр-ауыр сын сйтады. Олар байлық пен рахаттануды дінге айналдырғаны үшін, алтынды көргенде қозып, гүлге оранған экономистерді айыптайды.

Францияда бір миллион халық өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы еңбегінен айрылған. Фурье мынандай қортынды жасайды : еркін бәсеке экономикасы саудагерлер мен сауда агенттерін шамадан тыс көбейтіп жібереді.Олар паразиттер мен екінші сорттағы адамдар. Өзінің жеке реформа бағдарламасын көптеген салыстырмалардың негізінде ұсынады, бір жағынан, өркениет құбылысының кемшілігі; екіншіден, келісілгеннің артықшылығын айтады.

«Өркениетті құрылыстың» кемшіліктеріне мыналарды: кедейлерді тонау және байлардың одан әрі баюы, халық өсуінің анықсыздығы.

Үшінші және сыртқы тұтынуға қажетті егінінің жоғары шығымдылығы – негрлер мен құлдарды босату, олардың иелерімен келісу – мәдени үрдістің жоғары дәрежесіне жету – ешқандай теңгермешілдікке жол бермеу негізінде ғана мемлекеттің экономикасы көтеріледі.

Ресейдің экономикалық ғылымы бүкіл әлемдік қоғамдық ой-пікірдің құрамдас бөлігі ретінде дамып, оны байытып келеді. Россиядағы утопиялық социализмнің ерекшеліктері

ХІХ ғ. 40-60 ж. крепостнойлыққа қарсы бағыт Россияда радикалды бола түсті және халық бұқарасына арқа сүйеді. Крепостнойлық жүйе дағдарысының кезеңі орнап, революциялық жағдай пісіп жетілді. Батыстағы капитализмнің де қарама-қайшылықтары айқын көріне бастады. Сондықтан Россиядағы азаттық қозғалыстардың өкілдері антикрепостнойлық күресті капитализмге емес, социализмге бағыттады. Сен-Симонның, Фуры, Оуэннің утопиялық социализмінің идеялары Россияда “Крестияндық социализм” түрінде өзіндік даму алды. Бұл да утопиялық социализм болғанына қарамастан, ол батысевропалыққа қарағанда прогрессивті болды: крепостнойлыққа қарсы крестьяндық таптық күреске негіделді және еңбекші қауымның прогрессивті талаптарын ескеріп отырды. Орыстың утопиялық социализмінің өкілдері крестьяндық төңкерістің қажеттілігін негіздеп қана қоймай, сонымен қатар оны іске асыруды халық бұқарасына ұсынды. Орыстың утопиялық социализмі бұқаралық революциялық санасымен қоса дами отырып, осы бұқаралық ғылыми социализм идеяларын қабылдануына жағдайлар жасап дайындады.

ХІХ ғ. 40-60 ж. “Крестьяндық социализмнің” көрнекті өкілдерінің бірі А.И.Герцен (1812-1870) және Н.П.Огарев (1813-1877) болды.В.И.Ленин Герценді өте жоғары бағалады. Ол әсіресе оның философиялық шығармаларын, соның ішінде “Письмо об изучении природы” еңбегіне жоғары баға берді. Орыс халқының арасында кең түрде революциялық үгіт-насихат жүргізу үшін Герцен 1847 ж. шетелге кетіп, 1853 ж. Лондонда еркін орыс типографиясын ұйымдастырады, онда “Полярная звезда” журналын, ал 1857 ж. бастап “Колокол” газетін шығарады. 1856 ж. Лондонға Огарев келеді. Ол еркін орыс типографиясы бойынша Герценнің көмекшісі болады. 10 жыл бойы олардың “Колокол” газеті Россияның қоғамдық ойын оятып, помещиктермен және самодержавиелік тәртіппен күреске шақырды.

Герцен мен Огарев бар өмірлерін орыс халқының азаттық алу ісіне арнады. Саяси күресті дворянреволюционерлері ретінде бастап, олар кейін орыс демократиясының атақты қайраткерлеріне айналды. Олардың революционер ретінде қалыптасуына декабристер үлкен маңызын тигізді.

40 ж. олардың В.Г.Белинскиймен, ал 50-60 ж. Н.Г.Чернышевскиймен бірліктері жемісті болды. Герцен және Огарев 1789 ж. француз революциясының идеяларын, ХVIII ғ. француз ағартушыларының шығармаларын, утопиялық социализмді жақсы білді. Бұлардың барлығы да олардың дүниетанымының қалыптасуына әсер етті. Герцен мен Огаревтің еңбектерінің ішінде атап кетуге тұратындары: Герценнің “Крещенная собственность” (1859), “К старому товарищу” (1869);Огаревтің “Разбор нового крестьянского уложения” (1861), “Частные письма об общем вопросе” (1866-1867), “Настоящее и ожидание” (1867), “Сплотимьтесь дружно” (1870)шығармалары.Крепостнойлықты сынау Герцен мен Огарев өздерінің экономикалық ойларының бастамасы ретінде крепостнойлықтың сынын ұсынды. “Орыс сұрағы – деп жазды Герцен “Полярная звезда” журналының алғашқы нөмірінде – крепостнойлық құқық туралы сұрақта тұжырымдалады. Россия онда құлдық жойылмайынша бір қадам алға баса алмайды”. Феодалдық құрылысты Герцен де, Огарев те аяғына дейін аша алмағанымен, ондағы қарама-қайшы таптардың арасындағы антогонизмді үлкен ғылыми тереңдік әрі көркемдік күшпен суреттеп берді. Олар крепостнойлықтың нақты мәні экономикалық жағынан помещиктердің жерге деген меншігінде ғана емес, сонымен қатар крепостнойлардың помещиктерден тәуелділігінде жатқанын ашық көрсетіп берді. Крепостнойлық жағдайында Герцен көрсеткендей крестьянин “шоқындырылған меншікті” білдіреді. Герцен мен Огарев алғаш рет Россияда крепостнойлық жүйнің күні өте бастағанын және оның тауар-ақша қатынастарының прогрессивті дамуының әсерінен дағдарысын көрсетті. Герцен мен Огарев крепостнойлық жүйе тұйыққа тірелді,енді оны жою керек деген қорытындыға келді. 40-50 ж. Герцен мен Огарев крестьяндарға азаттық беруде дворяндыққа арқа сүйеу мүмкіндігін де қарастырды. Олар крестьяндарды босату “жоғарыдан” бейбіт жолмен жүруін нақтырақ деп санады. Алайда 60 ж. аяғына таман крестьяндық сұрақты революциялық шешу көзқарастарына түбегейлі ауысты. 1861 ж. рефомадан кейін олар крестьяндарға жердің барлығының бірден қайтарусыз өтуіне деген қажеттілікті түсінді. Билік дворяндар мүддесін қорғады. Сондықтан да одан крестьяндарды босатуды күтудің қажеті жоқ болды. Крепостнойлықты жою әдісі ретінде олар крестьяндық революцияны санады. Ол “мужик” өзіне жер мен еркіндікті өзі табуы, патша самодержавиесін құлатып, халықтың жақсы тобымен Россияда демократиялық құрылысты орнатуы керек деп санады. А.И.Герцен мен Н.П.Огаревтің аграрлық бағдарламасы шаруаларды жермен босатуда тұжырымдалды. Олар “орыс шаруасы тек жермен ғана еркін болғысы келеді” деп ескерді. Олардың бағдарламасының басты тезисі шаруаларға толық бостандық беру және оларға барлық жерді беру болды. Міне, шаруаларды босатудың революциялық-демократиялық жобасы осы болды. Осы позиция тұрғысынан олар 1861 ж. патша реформасын сынап, оны жалған деп жариялады, себебі бұл реформа шаруаларға не бостандық, не жер бермеді. Олар шаруалар көтерілісін “Земля и воля”атты құпия қоғам арқылы дайындау жолына түсті. Н.П.Огарев тіпті мұндай көтерілісті дайындау және жүргізу инструкциясын жазды.Капитализм мен буржуазиялық саяси экономиканы сынау А.И.Герцен мен Н.П.Огарев тек қана крепостнойлықты сынап қоймай, сонымен қатар капитализмді буржуазиялық саяси экономикамен қатар терістеді. Олар капитализмді жұмысшы таптың мүддесінен шыға отырып бағалады. Капитализмді феодализмненэксплуатациясының формасы және әдісімен ерекшеленетін жүйе ретінде қарастырды. Капитализмде жұмысшы өндіріс құралымен толығымен жаттанып, капиталистің баюы үшін жұмыс жасауына тура келеді. Олар капитализмге өндіріс құралдарын меншіктенушінің баюы үшін жүретінін біршама рет белгілеп, еңбек пен капитал, өндіріс пен тұтыну, қала мен ауыл арасындағы қарама-қайшылықтарды т.б. бірнеше рет көрсетті. Олардың пікірі бойынша жұмысшылардың капитализмге қарсы таптық күресі және оның қайшылықтарының дамуы күндердің күнінде антикапиталистік жұмысшылар революцияға әкелді. 1848 ж. революцияға дейін Герцен социализм жасына алдымен жұмысшылардың революциялық күресінің нәтижесінде Европа түседі деп санады. Алайда революциялық жеңілуі оның үмітін үзді. Тарихи процестің ғылыми түсінігін әзір білмеген Герцен өзінің бар үмітін халықтың босатылуына, орыс шаруаларына артады. Тек өмірінің соңында ол К.Маркс басқарған “Интернационалға” көңіл аударады. Дегенмен жұмысшылардың революциялық күресін жете бағалай алмады. 60 ж. аяғында Герцен мен Огарев капитализмді тарихи өтпелі құрылыс ретінде тек терең түсінді.

50-60 ж. жұмысында Герцен мен Огарев буржуазиялық саяси-экономиканы сынап, оның таптық сипатын және капиталистік эксплуатация үшін қорғаншылық қызметін ашты. Олар капитализмді зерттеуге қосқан А.Смиттің және Д.Рикардоның ғылыми үлесін жоғары бағалады. Олар жаңа саяси экономиканың қажеттілігін негіздеді. Ол еңбекші халықтың мүддесі үшін, олардың хал-жағдайының жақсаруына және эксплуатациясыз жаңа қоғамды құруға қызмет көрсететін еді.


<== previous lecture | next lecture ==>
С И Л Л А Б У С | Шаруалар социализмі
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.335 s.