Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Шаруалар социализмі


Date: 2015-10-07; view: 3446.


А.И.Герцен мен Н.П. Огаревтің социалистік ілімі біршама жағдайларды ескере отырып құрылды: Россиядағы шаруалардың азаттық күресі, батысевропалық утопиялықсоциализмге сынмен қараудың әсері т.б. 1848 ж. революциядан кейінгітәжірибе және әркез дамып отырған жұмысшылардың таптық күресі оларды бай филантроптарға арқа сүйемеуге үйретті. Олар батысевропалық утопиялық социализмді өзінің теориясын практикалық түрде жүзеге асыруға қабілетінің жоқтығына қарап сынады. Бұл тәжірибе оларды сонымен қатар социализм қоғамның ең қаналған қабатының таптық күресінде тууы керектігіне үйретті. Шыны керек 60 ж. аяғына дейін олар пролетарияттық революциялық ролін жете бағаламады және керісінше орыс шаруаларының социалистік қайта өзгертулерге қабілетін асыра бағалады. Нақ орыс шаруалары кейін бүкіл батысты қамтитын революция өртін бастайды деп санады. Олар социализмнің кейін “шаруалар социализмі” теориясын атап алған өзіндік социализм теориясын құрды.

Бұл теорияның жіберуші пункті қауымды жаңа қоғамның шеткі ғимараты деп тану болды. Герцен мен Огаревтің пікірі бойынша Европада капитализм қауымдық тұрмыс пен еңбектің алғашқы формаларын бұзды, сондықтан мұнда жұмысшыларға өндірістің қоғамдануы жұмысшы қауымы үшін жаңа алғышарттар тудырғанша күтуге тура келеді. Ал Россияда ол кезде шаруалар қауымы болды, олардың санауынша, осы қауым социализмге жетудің алғашқы алғышарты ғана емес, сонымен қатар оның дайын формасы болуы тиіс.

Бұл кезде Герцен мен Огарев орыс қауымының ыдырай бастауының шынайы себептерін түсінбеді. Алайда шаруаларды жермен босату идеясы шаруалардың революциялық мүддесіне қызмет етіп, Россияның 60 ж.-да прогрессивті болды. Герцен мен Огаревтің тағы бір қателігі, олар орыс қауымын орыс тарихының жүрісінен даралап алып қарады, және капитализмнің дамуын сезбеді.

А.И.Герценнің социалистік дүниетанымының эволюциясында аяқтаушы этапты “Письма к старому товарищу” (1869) көрсетеді. Бұл шығармасында ол еңбекшілердің босануын пролетариаттық топтық күресімен байланыстырады. Ленин айтқандай бұл хаттар Герценнің “Бакуниннің анархизмінен түбегейлі арасын үзіп, өзін көңілін Маркс басқаратын интернационалға аударғанын” көрсетеді. Алайда пролетарлық ғылыми социализмге деген жолды ол аяғына дейін жүріп өте алмады. Герцен мен Огарев өмір сүрген тарихи және экономикалық жағдайлар оларға пролетариаттық тарихи ролін түсінуге мүмкіндік бермеді. Олардың “шаруалар социализмі” утопиялық социализмнің бір түрі болды.

Дегенмен 50-60 ж. А.И.Герцен мен Н.П.Огаревтің социалистік ілімі үлкен маңызға ие болды. Олар шаруалардың революциялы қозғалысына, помещиктік және самодержавиелік қанаудан босатуға қызмет еткілері келгендерге бағдарлама ұсынды және Россиядағы крепостнойлықтың санын дамытуда жалғастырды.

Жоғарыда аталған мемлекет, шіркеу кызметкерлері мен ғылыми зиялы кауым Ресейдегі крепостниктік, феодалдык катынастарды жақтап, ия сынаумен катар, бүкілресейлік рынок псіг манфактуралык тәсілдің ықпалын сезді, олар туралы ой-пікірлер танытты.

XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында антикрепостниктік экономикалык реформа Ресейде қанат жайды. Айталык, А.Н.Радищевтің экономикалық реформасы жерге крепостниктік кұкық пен протекционистік кеден саясатын қамтыды. Н.С.Мордвинов, М.Сперанский сиякты үкімет кайраткерлері Ресейді куатты аграрлы-индустриальды елге айналдыруды, реформаны акша айналысы, несие мен бюджет, салық саясаты мен сот мекемелерінен бастауды ұсынды. Н.Мордвиновті Ресейдің классикалық экономикалық мектебінің өкілі болса, М.Сперанскийдің көзқарасы оның либерализмнен консерватизмге ауысу эволюциясын көрсетті.

Фермерлік шаруашылықты, мемлекеттік несиені кеңейту реформасын Н.Тургенев, жерге меншікті экспроприациялауды Н.Чернышевский жақтады. Осы кезендегі аграрлық реформаны (1907-1911 ғғ.) жұзеге асырушы Петр Аркадьевич Столыпин туралы әдейі айтқан жөн. Ол Ресей үкіметінің премьер-министрі және ішкі істер министрі болып істеді. Ал оның Ресейдегі аграрлық реформасының маңызы тек орыс шаруасына байланысты емес, сонымен қатар шет аймактардағы халықтар өміріне оң, теріс әсерлері аркылы бағалануы тиіс. Осы кезде Ресейдің экономикалық ғылымына, ондағы ой-пікірлердің калыптасуына марксизмнің орны ерекше болды. Сондыктан XIX ғасырдың бас кезіндегі Ресейдін экономикалық ілімін түзуде, рыноктық реформалардың проблемаларын зерделеуде С.Витге, М.А.Бакунин, Г.В.Плеханов, М.И.Туган-Барновский және В.И.Ленин көп еңбек сіңірді.

Нақтылап айтсак, марксист М.И.Туган-Барновский, О.Б.Струве, С.Н.Булгаковтардың экономикалык доктриндері, төңкерісшілер - П.Лавров, П.Ткачев, М.Бакуниндер, либералистер — Н.Даниэльсон мен Н.Михайловскийлер болды. Ал Ресейде марксизмнің экономикалық идеяларын кеңінен насихаттап, жүзеге асыруда Н.Н.Зибердің, Г.В.Плехановтың, В.И.Лениннін еңбектері зор еді. Қазақ оқырмандарына жоғарыда аталған экономист-қоғам қайраткерлерінің көбі таныс. Сонда да солардын. ішінде әлі де отандастарға олардың экономикалык білім-танымына, біздің ойымызша, үлкен әсер ететін орыс халқының философы, экономисі, публицисі, тіпті діни көзкарастары болған Сергей Николаевич Булгаков туралы хабар бергіміз келеді.

Интеллектуалдық өмірбаяны - Н. С. Булгаков (1871 - 1944) Орлов губерниясының священник отбасында дүниеге келеді. Негізгі еңбектері: "О рынках при капиталистическом производстве" (1897)," Капитализм и земледелие" (1900), "От марксизма к идеализму"(1904), "Краткий очерк политической экономии: основные черты современного хозяйственного строя" (1906), "Очерки по истории экономических учении" (1917). Еңбектерінің аттарынан көрініп отырғанындай, С.Н.Булгаковтың әлеуметтік-экономикалық көзқарастары қоғам өмірінің барлық саласын қамтыған. Мамандығы заңгер болғанымен, экономика, әсіресе, экономикалық ілімдер тарихы туралы шығармалары оның есімін әйгілі етті. "Краткий очерк политической экономии: основные черты современного хозяйства" (М., 1904) деген еңбегінде Булгаков С. Н. Ресей капитализмін отаршылдық та, экспорттық те ел емес, бюрократтық деп ерекшелейді. Ресейдің экономикалық

басқаруының барлық факторлары бар: территориясы, табиғи байлығы, халыктың көптігі. Оған сыртқы рыноктың керегі жоқ Бірақ экономикалық саясатты түбірінен өзгерту керек. Ол үшін шаруаларға кедергі болған бюрократтарды жойып, Франциядағы физиократтардың үлгісіне көшуді ұсынады: шаруалар жарлы болса, өнеркәсіп кедей, қазына нашар және ол өнеркәсіпті ынталандыруды да халықтың әл-аукатын көтерумен байланыстырады.

С. Н. Булгаков "Очерки по истории экономических учений" н Іси Іпығармасының кіріспесінде саяси экономиянын. міндеттерін негіздеп, экономикалық ілімдер тарихын оқытудың қажеттігін маңызын дәлелдейді. Оның анықтауы бойынша, саяси экономия шаруашылыктың нақты жақтарын, ал философия шаруашылыктың құндылығын зерттейді. Тарихты – адамның өзін-өзі түсіну құралының мағынасы деп, С. Н. Булгаков мұның тәжірибедегі нәтижесі — рухани азаттықтың маңыздылығы деп түсінеді. Бұл әсіресе, шаруашылықта дұрыс сияқты. Айталық, өмірдің экономикалық жағында заман қысымы қатты, оны бірден түсініп, бағалау оңайға түспейді, Сондықтан С. Н. Булгаков тарихи зерттеуді ұсынады: рухани экскурс жасап, экономикалық идеялардың дамуын терең зерттеуді қалайды

1917 жылы жарық көрген "Христианство и социализм" деген еңбегінде С. Н. Булгаков социализмді жақтаушылардың адамнын рухани мәніне селқос карағанын сынап, олардың мұны табиғат пен коғам құрылысымен ауыстырғанын кіналайды. Адам туралы социалистік ілімді христиандық сеніммен салыстырады. Мұнда Р. Оуэн мен К. Маркстің пікірлерін талдайды. Социализмнін. қайшылықтарына токталып, жеке-дара адамның, оның жеке басының жойылып кетуінен сактандырады. Сөйтіп, ол социализм тұсындағы мына сүрақтарға жауап іздейді: адам дегеніміз кім, оның адам табиғаты, адамзат қоғамы, прогресс неге әкеледі, тарихтың мағынасы. Міне, осы категориялардың анықтамаларын іздейді. Адамнын. мешандық қасиеттерін сынайды.

"Өтпелі кезең" мен социализм туралы концепциянын негізін қалаушылар Н.Бухарин, И.Сталин және В.Ленин болды. Н.Бухарин 1920 жылдың бас кезінде өзінің "Өтпелі кезен экономикасы" деген еңбегінде мынадай теориялық мәселелерді зерттеді:

- трансформациялық процестердің жалпы теориясы;

- коммунистік құрылыстың жалпы алғышарттары;

- коғамдық трансформациялық процесіндегі қала мен ауыл;

- өндіргіш күштер, төңкерістің шығындары мен техникалық төңкеріс;

- өтпелі кезеңнің жалпы ұйымдык түрлері;

- пролетариат диктатурасы тұсындағы өндірісті баскару жүйесі;

- өтпелі кезеңдегі капитализмнің экономикалық категориялары;

- өтпелі кезендегі экономикадан тыс күш көрсету;

- әлемдік революциялық процесс және коммунизмнің әлемдік жүйесі.

Келтірілгендер Н. Бухариннің экономикалық көзкарасының терендігін, ауқымының кендігін көрсетеді. Ол алдымен өтпелі кезеңнің обьективтілігін, яғни ескі коғамның, оның мемлекетінін ең төменгі сатысына дейін өзгеретінін және мұның басты себебі өндірістік қатынастардағы төңкерістен басталатынын дәлелдейді. Бұдан кейін ол өтпелі кезеңнін негізгі белгілерін талдайды. Пролетериат төңкерісінің бейбіт жолмен өтеді деп сенгендердін катты қателесетінін айтты.

Өзінің зерттеулерінде Н. Бухарин көбіне марксистік методологияны басшылыққа алады және оның мына үш сипатын айтады: объективтік қоғамдык. көзқарас; материалдық-өндірістік тұрғыдан бағалау; мәселені диалектикалық-тарихи тұрғыдан кою. Бірінші тәсілде қоғамдык мүддені жеке адам, жеке шаруашылықтан жоғары қоюды ұсынды. Жекелеген шаруашылықты, жеке адамды "атом" Робинзонада деп қарап, қоғамнан тыс өндіріс — "өтірік" деп санайды. Материалдық-өндірістік тұрғыдан карау өндірісті экономикалық өмірдің басқа салаларынан басымдылығына әкеледі, қоғам жүйе ретінде қаралып, оның материалдық жағдайына ұласуына мән беріледі.

Диалектикалық-тарихи тәсіл қоғамды, оның ерекше тарихи түрлерін қарайды, ал жалпы даму зандарының нақты көріністері қоғамдық формацияларды білдіреді. Мысалы, К. Маркс капиталистік өндіріс қатынастар жүйелерін қарастырады.

Өтпелі кезеңді ескі өндірістік катынастарды жаңамен алмастыру деп түсінген Н. Бухарин, оның революциялық процесс, күшкөрсету арқылы жүретінін ескертеді. Және мұнда әлеуметтік күштеу мен мәжбүр ету экономикалық қызметі болады. Ол екі түрде — объективті дамыған экономикалык, қатынас экономиканы өркендетеді, не болмаса осы дамумен қайшылықта болып, оған кедергі жасайды. Өтпелі кезенде пролетариат үстемдігі анық ол мыналармен күрестен көрінеді:

1) паразиттік таптармен (помещиктер және т. б.)буржуазиямен;

2) сауда капиталистерімен, алып-сатарлармен, банкирлермен;

3) әкімшіл бюрократтармен, мемлекет аппаратымен, генералдармен;

4) буржуазиялык. кәсіпкерлермен (трест, синдикат), ресми маман бюрократтармен (әскери, дін);

5) техникалық интеллигенциямен (инженер, агроном, журналист);

6) офицерлермен;

7) ірі шаруамен;

8) орта, ұсак. қала буржуазиясымен;

9) діншілдермен.

Өтпелі кезеңнің жалпы үйымдык түрлеріне Н. Бухарин мыналарды жатқызды: мемлекеттік капитализм; социалистік диктатура жүйесі; социализация; национализация; муниципализация; баска да қоғамдастыру формалары. Н. Бухариннің экономикалық көзқарастарында әлемдік экономикалық процестер де үлкен орын алды. Әсіресе, әлемдік шаруашылық жүйесіндегі тепе-тендік, дүниежүзілік революциялық процесс, коммунистік төңкеріс, мемлекеттік пролетариат пен мемлекеттік буржуазияның карым-катынастары, коммунизмнің әлемдік жүйесі зерделенеді.

Ресейдің экономикалык тарихында П. Б. Струвенің орны ерекше. Оны мына еңбектері дәлелдейді: " Критические заметки к иопросу об экономическом развитии России" (1894), "Хозяйство и цена: критические исследования по теории и истории хозяйственной жизни" (1913), "Историческое введение в ІІолитическую экономию" (1916), П. Б. Струвенің жоғарыда аталған және басқа шығармаларында теориялық категориялар мен түсініктер түрлі елдердің шаруашылық өмірлерінің нақты деректерімен, мысалдарымен зерделенеді. Осылардың негізінде Струве саяси экономия фактілерді зерттеп, суреттеуі тиіс дегенді ұсынады. Оның ойынша, экономикалық ғылымның басты категориясы — баға. Себебі, баға — нақты факт, көрініп тұрған кұбылыс, осылардың негізінде барлык. экономикалық шындық құрылады.

Өтпелі дәуір мен социализм теориясы И. В. Сталиннің, көбірек Н. И. Лениннің көзқарастарында терең зерттелген. Ол түста жономикалық ой-пікірлер, көзқарастар партия съездерінде, ІІяеологиялык таластарда қызу талқыланады. Айталык, 1918 жылы РКП VII төтенше съезінде Ленин: біздер, Россия капитализм мсн социализмге өтудің бастапқы сатысында түрмыз, қанша саты, кс існ. болатынын білмейміз, білуімізде мүмкін емес деп ескерткен .

Өтпелі кезеңнің социализмге аяқ басуының мынадай жолдары анықталды:

- 1930 ж. — "кімді-кім" жеңеді деген сүрақ социализмнің пайдасына шешілді, советтік қоғамның социализм фазасына нақты өтуі басталды;

- 1932 ж. — социализмнің іргетасы қаланды, қала мен ауылдың мәселесі ленинше шешілді;

- 1936 - 1937 жж. — социализмнін экономикалык іргетасы қаланды, тиісті кондырмалар қүрылды. Партияның XVIII съезі ССРО-да 2-ші бесжылдық жоспардың орындалуы (1933 - 1937)
коммунизнің бірінші фазасы - социализм жүзеге асқанын бекітті. Өтпелі кезең мен социализмнің теориялық мәселелері көптеген ғалымдардың мемлекет кайраткерлерінің интеллектуалдық күш-аперіп білімін, тәжірибесін жұмсауды талап етті. Мүның арасында жалпы Ресейдің экономикалык ғылымы дамып қана қоймай, оның теориялык. негізі — саяси экономия, әсіресе, социализмнің экономикалык ілімінің тарихы калыптасты. Бұдан бұрынғы прогресшіл ой-көзқарастарды жинақтай келіп, Н. Бухарин, В. Ленин және В. Сталин экономикалык. теорияға айтарлықтай өз үлестерін қосты. Мысалы, 1952 жылы жарияланған И. В. Сталинның "ССРО-дағы социализмнің экономикалық проблемалары" деген еңбегі политэкономияның анықтамасын ғылыми тұрғыдан талдаудың ғылыми негізі болды. Мұнда И. Сталин Л. Ярощенко дегеннің саяси экономия пәніне көзқарасын қатты сынайды.

Біріншіден, Ярощенко социалистік өндіріс катынастарын өндіргіш күштерге "сіндіріп", анык көрсете алмады. Сөйтіп Сталин атап өткеніндей, социализм политэкономиясының басты проблемасы - өндіріс катынастарының орнына ол өндіргіш күштерді ұйымдастыру теориясын ұсынды. Л. Ярощенкоға жауап бере отырып И. В. Сталин, қоғамдык, өндірістің, соның ішінде социалистік, екі жағы - өндіргіш күштер мен өндіріс катынастарынан тұратынын, социалистік қүрылыстың базисі — социалистік өндіріс қатынастарынсыз мүмкін еместігін дәлелдейді.Сталин социализмнің политэкономиясын кең мағынада түсініп экономистерді Ф. Энгельстің ойын толық бермегендері үшін сынады яғни тар мағынадағы саяси экономияға аз көңіл бөлінгенін атап өтті.

И. В. Сталиннің жалпы экономикалык зандар проблемасына назар аударуы - методологиялық, теориялык. жағынан қүнды кұбылыс. Онын, "коғамдық формациялар бір-бірінен өзіне тән зандармен ерекшеленіп кана қоймай, олар жалпы экономикалық зандармен де өзара байланысты" - деп ойлауы методологиялык түрғыдан талас тудырмайтын процесс. Өкінішке орай, 30-шы жылдарда жалпы экономикалык зандарды мойындамау — саяси экономияны кең мағынада түсінуге кедергі келтірді. И. Сталиннің СССР-дағы социализмнің экономикалық мәселелері" және "Марксизм туы астында" журналындағы (1943, 7-8) статьяларында политэкономия пәні ретінде өндірістік қатынастарды зерттеуді үсынды және оны өндіргіш күштермен тығыз байланыста зерделеуге шақырды.

Қорыта айтқанда, И. В. Сталин кез келген қоғамдық экономикалык. формациаларда өндірістік қатынастар үш элементтен тұратынын дәлелдеді. Олар:

а) өндіріс қүрал-жабдык.тарына меншіктің түрі;

б) осыдан шығатын өндірістёгі түрлі топтар жағдайы және
езара катьтнастары, Маркс айтқанындай, қызметтерімен өзара
айырбас; в) бұларға түгелдей тәуелді өнімді алудың түрлері. Сталиннің мұндай теориялық тұжырымдары Советтік Ресейде ұзаққа созылған және терең ғылыми пікірталасқа түрткі болып, көптеген кітап, брошюралардың шығуына себеп бодды .

В. И. Лениннің социализм туралы ой-пікірлері мен теориялык трактаттары оның "Совет үкіметінің кезектегі міндеттері", "Мемлекет және революция", "Азық-түлік салығы" және баска да көптеген еңбектерінде жарияланған. Ол социалистік қүрылыс гуралы ғылыми көзкарасты терендетіп, товар-ақша қатынастары мен рынокты, мемлекеттік капитализмді пайдалануды үсынды. В. И. Ленин жаңа экономикалық саясаттың негізін қалауға тырысты. Өндірісті қоғамдастыруға, "әскери коммунизмнен" азьгк - түлік саясатына, қала мен деревня арасында ақша-товар қатынастарын колдануды жақтады. Социализмге өту - бірнеше ғасырға созылуы мүмкін деп санады ол.В. И. Ленин марксизмді тереңдетті, оның экономикалык теориясын одан әрі дамытып, оларды социализм құрылысының нақты тәжірибесінде жүзеге асырды. Лениннің жоспарлы экономика, шаруашылық механизм сияқты ғылыми категориялары, шаруашылық есепті енгізу, азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы идеялары экономикалық ғылымды байытты, осы күнге дейін маңызын жойған жоқ.

№11 лекция. Кеңестік ғалымдардың экономикалық теорияға қосқан үлесі.

Дәріс мақсаты:А.Чаяновтың жанұялық шаруа қожалығы; шаруалар кооперациясы туралы теориялары. Е.Слуцкийдің: тұтынушы іс-әрекеттерін математикалық үлгі ретенде талдау. Н.Кондратьевтің экономикалық статика мен динамика мәселелерін зерттеуі. Конъюктураның үзақ мерзімдік толқыны туралы ілімі. В.Новожиловтің баға мен тепе-теңдік, товарлар тапшылығы, товар және ақша массаларының тепе-тендігі, туралы теориясы. Л.Конторович-ресурстарды оңтайлы бөлу және өндірісті протраммалау теорияның негізін қалаушы.

Дәріс мақсаты:

1.А.Чаяновтың еңбектеріндегі жанұялық шаруа қожалығы және шаруашылық кооперациялары туралы ілімі.

2.Н.Кондратьевтің экономикалық статика мен динамика меселесін зерттеуі.

1.Александр Васильевич Чаянов (1888—1937) — XX ғасырдың басындағы көрнекті аграрлық экономистердің бірі. Ол аграрлық саланы дамытудың түйінді проблемаларын терең зерттеуші, еңбекші шаруа қожалығы туралы теорияны жасаушы, кооперацияның айтулы теоретигі және жетекшісі, ғылымның ірі ұйымдастырушысы, тамаша педагог, кооперативтік қозғалыс пен кооперативтік ұйымнын көшбасшысы, 20-жылдардағы жаңа экономикалық саясат дәуірінің қоғамдық және мемлекеттік қайраткері ретінде ғылымға енді.

Ірі аграршыл-ғалым бола отырып, ол кооперациядан кез келген коғамдық құрылыста қажетті жалпы адамзаттық өзара көмек идеясын жүзеге асырудын нақты формасын көре білді. Ол ақпан революциясын және одан кейін казан тоңкерісін ешбір ойланбастан жағымды қабылдады, . А.В.Чаянов аграрлық құрылыстың негізі кооперативтік шаруа қожалығы болуы тиіс деп пайымдай отырып, халық шаруашылығы өмірінің стихиялы дамуын мемлекеттік және қоғамдық шаралармен ойга қонымды үйлестіруді ұсынды. Өнеркәсіптегі ірі шаруашылықтың ұсақ шаруашылыққа қарағанда артықшылықтарына күмән келтірмей мойындай отырып, А.В.Чаянов ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары дәрежеде шоғырлануы пайдалы болмайды, ұсақ және орташа шаруа қожалықтарының болуы ыңғайлы деп есептеді.

"Кооперация туралы қыскаша курс" — А.В.Чаяновтың 1925 жылы шықкан, қалың көпшілік оқырманға арналып жазылған еңбектерінің бірі. А.В.Чаяновтың осы жұмысындағы практикалык, ұсыныстар маңызды мәнге ие болды. Бұл ұсыныстар дербес шаруашылық шеңберінен баяғыда шығып, қандай да бір формада қоғамдық қатынастар жүйесіне тартылған шаруа қожалығының даму проблемаларына да қатысты болды.

Кооперативтерде, нақты айтқанда, ірі шаруашылықтың ұсақ шаруашылықка қарағанда артықшылықтары болатын өндіріс бөліктері ғана одақтық ұйымға бірігеді. Ауыл шаруашылығы кооперативі дербес шаруа қожалығын толықтырады, оған қызмет көрсетеді және мұндай шаруашылыксыз мәнсіз нәрсеге айналады.

Чаянов мұрасының біз үшін маңыздылығы не?

Біріншіден, адам мен бастапқы еңбек ұжымының басымдығы.

Екіншіден, ол кооперативтің барынша көп түрдегі және барынша кең аукымдағы дамуы.

Үшіншіден, А.В.Чаянов кооперацияның түрлі нысандарын қарсы қоюды емес, үйлестіруді талап етті.

Онын "Кооперация туралы" еңбегі 7 тараудан тұрады. Онда ол кооперация — озіне тиімді өндіріс үдерістерін біртіндеп кооперациялау жолымен шаруа еңбегін жеңілдету және оның өмірін жақсарту жолдары мен формасы деп есептей отырып, кооперация туралы түсінікті аша түседі. А.В.Чаянов кооперацияның комегімен шаруаларды кедейлік пен басыбайлықтан қутқаруға болады деп жазды. Тұтыну кооперациясының базалық ережелері жазылған кооперациялық козғалыстың тарихи даму аспектілерін көрсетіп береді. Сонымен бірге мұнда ауылдык тұтыну коғамы, ауыл шаруашылығы және кредиттік серіктестік, май шайқау артельдері мен басқалар сияқты кооперативтің негізгі түрлері аталған.

Чаянов классикалық саяси экономикалық теорияның шаруа шаруашылығына пайдалынуының мүмкін еместігін дәлелдеді, оған капиталистік емес мативация тән болды. Чаяновтің зерттеулері келесі қорытынды жасауға мүмкіндік берді: шаруа шаруашылығы фермерлік шаруашылықтан өндіру мотивімен ажыратылады: фермер пайдалылық критерийді басшылыққа алады, ал шаруа шаруашылық – ұйымдастырушылық-өндірістік жоспарды басшылыққа алады, яғни еңбек балансының, ақша бюджетінің, уақыт бойынша және әртүрлі салалар мен қызметтің түрлерінің, ақша құралдары мен өнімнің айналысының жиынтығын. Оның пайымдауы, шаруа жанұясын өндірістің рентабельділігі қызығушылықты тұдырмайды, оны жалпы табыстың өсуі, жанұяның барлық мүшелерінің тең жұмыспен қамтылуы қызықтырады.

Чаянов шаруа шаруашылықтардың тұтынушылық табиғаты туралы тезисті нақтылағанда шекті пайдалылық теорияны қолданды. Шаруа шаруашылықта өндірісті көбейту табиғи шектің бар болуын пайымдады. Бұл шек еңбектің шекті шығынының жүгі алынатын сомманың шекті пайдалылықтың субъективті бағалауына тең болған пайда болады. Шаруа шаруашылығы өзінің жанұясы үшін барлық қажеттіліктерін алғанға дейін өзінің кұшін сол шеккешейін шығарады. Шаруа шаруашылығы теориясы мен Чаяновтің кооперациялау теориясы байланысты. Ресей үшін жекелеген шаруа шаруашылықтардың ірі шаруашылықтармен кооперативтік түрде үйлесуі оптималды болады, деп есептейді.

Оның пікірінше кооперация қызметтің әртүрлі формалары мен түрлерін біріктіре алады. Бұл жерде жанұялық шаруашылықтар дақылдарды және малдарды өсіру процесті жүзеге асырады. Қалған барлық операцияларды, оның ішінде өнімді өндеу, оны тасымалдау, өткізу, несиелеу, ғылымның қызметі кооперативтік ұйымдармен жүзеге асырады, деп ойлаған.

Өтпелі кезең мен социализм құрылысында ауыл шаруашылығы ұйымдастыру туралы Ресейде ғылыми тың пікірлер, көзкарастар қалдырған адам — Чаянов А. В. Ол Ресейдегі экономикалық (ой-пікірдің ұйымдық-өндірістік бағыттың өкілі және отбасы шаруа шаруашылығының негізін қалады.

2. Николай Дмитриевич Кондратьевтің (1892-1938) ММУ Экономика институтында 1924 жылы оқыған баяндамасында динамикалық заңдылықтарды зерттеу бағдарламасы қамтылды. Н.Д.Кондратьев өзінің зерттеу жоспарларын тұжырымдай келе конъюнктуралық (жағдаяттық) үдерістердің сапалық тұрғыда әртекті екі тобын: бір жағынан, толқын тәріздес қайтымды, екінші жағынан — қайтымсыз үдерістерді бөліп көрсетуді негізге алды. Н.Д.Кондратьев экономикалық динамиканы зерттеуді кайтымды үдерістерді жан-жақты зерттеуден бастауды, ал одан кейін тренд (ғасырлық қозғалыс) проблсмасын әзірлеуге көшуді ойластырды. Оның зерттеулерінің келесі сатысы едәуір күрделі деңгейдегі проблема — халық шаруашылығы дамуының негізгі үрдістерін болжау болатын.

Қайтымды үдерістерді зерделей отырып, Н.Д.Кондратьев түрлі кезендердегі экономикалық құбылулар белсенділіктерін — бір жылдан аз (маусымдық), үш жылдық, 7—11 жылдык сауда-енеркәсіп циклдерін және, ең соңында, конъюнктураның үлкен — 50—60 жылдық циклдерін бөліп көрсетті. Қазіргі кезде әлемдік экономикалық әдебиетте жалпы көпшілік таныған мұндай жіктеме ол кезде жаңадан мойындала бастап еді. XX ғасырдың 10-жылдарындағы циклдік үдерістердің даму белгілерін сипаттай келе Н.Д.Кондратьев осы жұмысында конъюнктураның үлкен циклдері болатынын тұжырымдады. Экономикадағы циклділік түрлер туралы ұғымды елеулі кеңейтетін бұл проблеманың әзірленуі бұдан әрі қарайғы жерде оның ғылыми ізденістерінің маңызды бағыт-тарының біріне айналды.

Осы орайда, ұзақ уақыттық циклділік тұжырымдамасы, оны жақтаушылардың пікірінше, капиталистік шаруашылық озінің дамуында толық екі циклден өткенде пайда болған. Н.Д.Кондратьевтің ұзақ уақыттық кезенділік проблемасына қызығушылығы, ең алдымен, циклдік құбылулардың барлық түрін қамтитын және экономика дамуының кыска, сонымен бірге ұзак мерзімдік болжамдарын жасауға жарамды әмбебап тұжырымдамасын жасауға талпыныспен түсіндіріледі. Үлкен циклдің өрлеуден құлдырау фазасына өтуін 20-жылдар шегі мен көрсете отырып, ғалым шын мәнінде 30-жылдары Батысты шарпыған Ұлы дағдарысты болжағандай болды. "Конъюнктураның ұлкен циклдері" мақаласы мен РАНИОН Экономика институтында 1926 жылы жасаған "Экономикалық конъюнктураның үлкен циклдері" баяндамасында Н.Д.Кондратьев уақытгық қатарларды талдаудың сол кездер үшін жаңа статистикалық тәсілдерін қолданып, ауқымды фактологиялык және статистикалық материалдардың ұзақ уақыттық циклділігі болатыны туралы гипотезаны нығайтгы.

Н.Д.Кондратьев экономикадағы ұзақ уақыттық құбылулар тұрақты сипатқа ие болады деген қорытындыға келеді. Ол өзінің пікірінше, ұзақ уақыттылық кезенділікпен сипатталатын әлеуметтік-экономикалық үдерістердің кешенін бөліп көрсетті және олардың арасындағы ішкі өзара байланысты пайымдады. Мұнда әңгіме ғылыми-техникалық прогресс пен капиталдың жинақталу үдерісінің біркелкі еместігі туралы, өндірістің технологиялық құрылымындағы секірмелі өзгерістер және ақша айналымының жағдайы туралы, қоғамдық-саяси үдерістің және әлемдік капиталистік шаруашылық жүйесіне жаңа елдер тартылу үдерісінің өршуі мен бәсеңдеуі туралы болып отыр.

"Менің баяндамамның тақырыбы — конъюнктураның (жағдаяттың) ауқымды цикддері мәселелері.

Экономикалық ой, негізінен XIX ғасырдың басынан осы уакытқа дейін көбінесе үдерістердің бір түріне айтарлықтай жіті назар аударып келді... ол "өнеркәсіптік-капиталистік циклдер" деген атпен белгілі, шамамен 7—11 жылға созылатын ауытқымалы сипаттағы үдерістер болатын.

Капиталистік халық шаруашылығы динамикасындағы осы бір толқын тәрізді-циклдік тербелістер мәселесіне эконо-микалық ой дағдарыстарды зерделеу арқылы келді.

Өткен ғасырдың 50—60-жылдары Маркстің, Родбертустың және Жюглярдың еңбектерінде дағдарыстар табиғатын түсіну үшін аса маңызды екі қағидат орын алды: онда біріншіден олар ауық-ауық болып түрады, екіншіден олар тек капи-талистік қүрылысқа тән делінген.

Бірақ қайталана беретін капиталистік дағдарыстарды одан әрі зерттеген сайын дағдарыс түтастай капиталистік циклдің тек бір ғана фазасын қүрайтыны, цикл әдетте, үш негізгі фазалардан: өрлеуден — дағдарыстан — депрессиядан түратыны және цикддің барлық фазаларын зерделеу нәтижесінде ғана дағдарысты түсіну мүмкін екені айқын бола бастады.

Кондратье эссер партиясы көзқарастарын жақтады.Олардың ой пікірлері жердің барлық еңбекшілердің меншігі деген көзқарасында негізделеді. Осы партияның өкілдері жерді социалдандыруды талап етті, яғни оны белгілі бір тұлғалардың жеке меншігінен алып қоғамдық иелікке беріп демократиялық ұйымдасқан қауымдарға пайдалануға беру керек.

Кондратьев барлық жерлерді жалпы халықтың игілігі жағдайына көшіруді ұсынды. Кондратьев, бірақ та, еңбектік шаруашылықтар өздігінен өзі экономикалық болашаққа көзделмегенін, мемлекеттің мүдделері үшін дамуға мақсатталмағанын айтады. Осы формалардың шектеулілігін ол кооперация арқылы жоюға болады. Оның пікірі бойынша кооперация екі плюске иеленеді: пайдаға басымдылықтың болмауы; жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету мүмкіншіліктің болуы.

Кондратьев 140 жылдық кезеңнің маңызды экономикалық көрсеткіштердің уақыттық тізбектерін талдады. Мәліметтерді талдаудың нәтижесінде 48-55 жылдық ірі кезеңдік циклдардың болуының тенденцияларын анықтады. Бұл циклдар көтерілу мен төмендеу фазаларды кіргізетін.

Кондратьев ұзақ циклдің ұзақтылығы өндірістік және инфрақұрылымдық ғимараттардың орташа өмірлерінің уақыты мен (шамамен 50жыл) анықталынады деп сенетін.

Экономикалық циклдардың динамикасында Кондратьев белгілі заңдылықтарды шығарды. Көтерілу фазасы, оның пікірі бойынша келесі жағдайларда басталады:

· Жинақтаудың жоғары интенсивтілігінде;

· Ұсыныстың салыстырмалы молшылығы және ссуда капиталының арзандығы;

· Құатты қаржы және кәсіпкерлік орталықтардың иелігіндегі оның айналуы;

· Капиталды жинақтауды және ұзақ мерзімдік орналастыруды ынталандыратын тауарлық бағалардың төмен деңгейі.

Егерде осы жағдайлар қалыптасса, онда ірі инвестициялар жетерліктей рентабелді болады.

Төмендеу фазаға ауысудың импульсы ретінде ссудалық процентті көтеругес әкелетін суда капиталының жетіспеушілігі соңғы нәтижеде шаруашылық белсенділіктің баяулауына және бағалардың төмендеуіне әкеледі.

Жоспар мен рыноктың арақатынастары туралы нанымды ғылыми пайымдау жасағандардың қатарына Е. Преобреженский, Г. Сокольников, А. Юрловскийлерді жатқызуға болады. Рыноктағы конъюктура және экономикалық өсу туралы терең талдаулар, тың ғылыми ой-пікірлер айтып, экономикалық ілімдер тарихьнда айтарлыктай із қалдырған, есімдері әлемге әйгілі Ресей экономистері — Н. Кондратьев, А. Богданов, Р. Базаров, В.Громан, С. Струмиллин, А. Чаяновтар еді.

Осы кезде оптимальді жоспарлауға экономикалық-математикалық тәсілдерді кеңінен қолданған бір топ Ресей экономистерін — Е. Слуцкий, В. Немчинов, В Новожилов, А. Канторовичтерді тек отандық ғылым ғана емес, сонымен қатар дүние жүзі экономикалык ғылымы мойындап, Л. Канторовичке Нобель сыйлығын берді. Социалистік экономиканы және коммунизмді кеңінен кұруды, реформалауды негіздеуде Н. Хрущев, Л. Брежнев, М. Сусловтардың да енбектерін атаған жөн.

А.В.Чаянов (1888-1937) Оның қызығушылығын тудыратын мәселелер – ресей экономикасында өтіп жататын процесстерді зерттеу, отандық ауыл шаруашылығындағы әлеуметтік –экономикалық қатынастардың спецификасы. Ғалымның басты зерттеу пәні – жанұялық-еңбектік шаруа шаруашылығы

Чаянов классикалық саяси экономикалық теорияның шаруа шаруашылығына пайдалынуының мүмкін еместігін дәлелдеді, оған капиталистік емес мативация тән болды. Чаяновтің зерттеулері келесі қорытынды жасауға мүмкіндік берді: шаруа шаруашылығы фермерлік шаруашылықтан өндіру мотивімен ажыратылады: фермер пайдалылық критерийді басшылыққа алады, ал шаруа шаруашылық – ұйымдастырушылық-өндірістік жоспарды басшылыққа алады, яғни еңбек балансының, ақша бюджетінің, уақыт бойынша және әртүрлі салалар мен қызметтің түрлерінің, ақша құралдары мен өнімнің айналысының жиынтығын. Оның пайымдауы, шаруа жанұясын өндірістің рентабельділігі қызығушылықты тұдырмайды, оны жалпы табыстың өсуі, жанұяның барлық мүшелерінің тең жұмыспен қамтылуы қызықтырады.

Чаянов шаруа шаруашылықтардың тұтынушылық табиғаты туралы тезисті нақтылағанда шекті пайдалылық теорияны қолданды. Шаруа шаруашылықта өндірісті көбейту табиғи шектің бар болуын пайымдады. Бұл шек еңбектің шекті шығынының жүгі алынатын сомманың шекті пайдалылықтың субъективті бағалауына тең болған пайда болады. Шаруа шаруашылығы өзінің жанұясы үшін барлық қажеттіліктерін алғанға дейін өзінің кұшін сол шеккешейін шығарады. Шаруа шаруашылығы теориясы мен Чаяновтің кооперациялау теориясы байланысты. Ресей үшін жекелеген шаруа шаруашылықтардың ірі шаруашылықтармен кооперативтік түрде үйлесуі оптималды болады, деп есептейді.

Оның пікірінше кооперация қызметтің әртүрлі формалары мен түрлерін біріктіре алады. Бұл жерде жанұялық шаруашылықтар дақылдарды және малдарды өсіру процесті жүзеге асырады. Қалған барлық операцияларды, оның ішінде өнімді өндеу, оны тасымалдау, өткізу, несиелеу, ғылымның қызметі кооперативтік ұйымдармен жүзеге асырады, деп ойлаған.

Аграрлық мәселелерге, әсіресе кооперация теориясына белгілі ресей экономисі Н.Кондратьев те (1892-1938) назар аударды. Кондратье эссер партиясы көзқарастарын жақтады.Олардың ой пікірлері жердің барлық еңбекшілердің меншігі деген көзқарасында негізделеді. Осы партияның өкілдері жерді социалдандыруды талап етті, яғни оны белгілі бір тұлғалардың жеке меншігінен алып қоғамдық иелікке беріп демократиялық ұйымдасқан қауымдарға пайдалануға беру керек.

Кондратьев барлық жерлерді жалпы халықтың игілігі жағдайына көшіруді ұсынды. Кондратьев, бірақ та, еңбектік шаруашылықтар өздігінен өзі экономикалық болашаққа көзделмегенін, мемлекеттің мүдделері үшін дамуға мақсатталмағанын айтады. Осы формалардың шектеулілігін ол кооперация арқылы жоюға болады. Оның пікірі бойынша кооперация екі плюске иеленеді: пайдаға басымдылықтың болмауы; жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету мүмкіншіліктің болуы.

Бірақта Н.Д.Кондратьевке әлемдік әйгілілікті өзі құрған конъюнктураның үлкен циклдардың теориясы әкелді. Бұл теория «Соғыс уақытында және одан кейін әлемдік шаруашылық пен оның конъюнктурасы» атты мақалада айтылған, ол халық шаруашылықтың даму тенденцияларын айқындауға тырысты.

Кондратьев 140 жылдық кезеңнің маңызды экономикалық көрсеткіштердің уақыттық тізбектерін талдады. Мәліметтерді талдаудың нәтижесінде 48-55 жылдық ірі кезеңдік циклдардың болуының тенденцияларын анықтады. Бұл циклдар көтерілу мен төмендеу фазаларды кіргізетін.

Кондратьев ұзақ циклдің ұзақтылығы өндірістік және инфрақұрылымдық ғимараттардың орташа өмірлерінің уақыты мен (шамамен 50жыл) анықталынады деп сенетін.

Экономикалық циклдардың динамикасында Кондратьев белгілі заңдылықтарды шығарды. Көтерілу фазасы, оның пікірі бойынша келесі жағдайларда басталады:

· Жинақтаудың жоғары интенсивтілігінде;

· Ұсыныстың салыстырмалы молшылығы және ссуда капиталының арзандығы;

· Құатты қаржы және кәсіпкерлік орталықтардың иелігіндегі оның айналуы;

· Капиталды жинақтауды және ұзақ мерзімдік орналастыруды ынталандыратын тауарлық бағалардың төмен деңгейі.

Егерде осы жағдайлар қалыптасса, онда ірі инвестициялар жетерліктей рентабелді болады.

Төмендеу фазаға ауысудың импульсы ретінде ссудалық процентті көтеругес әкелетін суда капиталының жетіспеушілігі соңғы нәтижеде шаруашылық белсенділіктің баяулауына және бағалардың төмендеуіне әкеледі.

Ресейдің экономикалық ілімінде, қала берді ССРО-да көп ғылыми талас тудырған пролема — жоспар мен рыноктың аракатынасын анықтау. Жаңа экономикалық саясат, алғашкы кезендегі жоспарлау мен рынок бір-біріне қарама-карсылықта қаралды. Буржуазиялық бағыттағы экономистер социалистік жоспарлауға немкүрайлы қарап, сенбей, ашықтан-ашык, "жоспар емес, рынок" деп ұран салып, "рынок бәрі-бір социалистік жоспарды жұтып қояды" деп коркытгы. Ал көпшілік экономистер — Е. Преображенский, М. Крижижановский, С. Струмиллин, Г.Сокольников, А. Юрловский, И. Александровтар жоспар капиталистік товарлы өндірістің стихиялы қасиетін жояды деп ойлады. Олар жоспар мен рыноктын арақатынасын дұрыс белгілеуде, жоспарлауды ғылыми негізде жұргізуді талап етті.

"Жоспар үшін күрес — деп жазды С. Струмиллин, - біздің жағымыздан ... халық шаруашылығында рыноктық стихия салтанатын көздеген буржуазиялық әсерге қарсылық біздің мстодологияльтк, дискуссиямыздын. өне бойында және жоспарлау саласында алғашкы бесжылдықтың накты тәжірибесінде көрінді"

Н. Кондратьев жоспардың орнына реттеуші шараларды, экономикадағы конъюнктурларды жоюды ұсынды. В. Громан жоспарлаудың негізгі тәсіліне - өткен тенденция және болашаққа экстрополяцияны есептеуді дәлелдеді. Осы кездегі теориялық көзқарастар (В. Базаров, Н. Кондратьев және т. б.) американдық советологтардың - А.Эрллих, Р. Кэмпболл және т. б. зерттеулерінде оң баға алды .

С. Г. Струмиллиннің халык шаруашылығы балансының схемасы, оның тәсілі мен мазмұны да қызу ғылыми талас туғызды. Әсіресе схемада әлеуметтік және қаржы қорларын, тұтыну қоры, еңбек балансын жасау керектігі айтылып, еңбек өнімділігін анықтау қажеттілігіне көңіл бөлінді.

Ресей экономистерінің статистикалык-математикалық тәсілді халық шаруашылығында кеңінен қолдану идеялары (Леонтьев, Кондратьев, Контарович және т. б.) жан-жақты зерделеген. Қауымға аз танымал В. Дмитриевтың (1868 — 1913) математикалық-экономикалық көзқарасына тоқталған жөн. В. К. Дмитриев "Экономика очерктері" (1904), "Ресейдегі алкогольді тұтүнуды сын көзбен зерттеу" (1911) енбектерінде орыс ғалымдары М. Туган-Барановский және т. б. экономикалық теорияларын сынайды. Дмитриев В. Д. Рикардо теориясын математика арқылы тұсіндіріп, "Д. Рикардоның құндылық теориясы (Нактылы талдаау тәжірибесі)" деген атпен жариялайды. Ал "Экономика очерктеріне", "О. Курноның бәсеке теориясы ("ұмыт қалған" ұлы экономист)" және "Шекті пайдалылық теориясы" енді. П. Б. Струведен кейін шекті пайдалылық теориясы мен американ экономисі Д. Кларктың шекті жұмысшы көзқарасын қолдады.

Демек, В. Дмитриевті неоклассикалық теорияны Ресейде алғаш зерделегендердің бірі десек, қателеспейміз. Өзінін зерттеулерінде ол үнемі математикалық формулаларды колданып, тендеулер жүйесі арқылы өндіріс шығындарын өлшеді. В. Дмитриев бағаны шығындар арқылы көрсетуде екі түрлі формуланы үсынды: 1) бағаны түрлі кұндылықтарға карай бөлу — жалакы, пайда және рента; 2) салааралық байланысты ескере отырып, бір өнімнің толық шығындарын анықтау. Біз алған тендеулер жүйесі, - деп жазды ол "Экономика очерктерінде", - белгісіз деп алған көлемдер шаруашылық субъектісінің шаруашылық есебіне байланысты, берілген көлемдер - шаруашылық есепке тәуелсіз («өдірістің техникалық жағдайлары мен тұтынушының психофизиологиясына карай), олар тепе-тендік орнайтын бағаның Ресей экономикалык ілімінде әлі өзінің тиісті орнын алмаған мемлекет қайраткері — С. Ю. Витте.

Өтпелі кезең мен социализм құрылысында ауыл шаруашылығы ұйымдастыру туралы Ресейде ғылыми тың пікірлер, көзкарастар қалдырған адам — Чаянов А. В. Ол Ресейдегі экономикалық (ой-пікірдің ұйымдық-өндірістік бағыттың өкілі және отбасы шаруа шаруашылығының негізін қалады.

Әлемдегі коғамдык трансформациялау процесі Ресейде де басталды. Рыноктық қатынастар шеңберінің ұлғаюы үлттық экономикада үлкен өзгерістерге әкелді. Ресей және басқа да постсоциалистік еддерде экономикалық реформалар барысында әкімшілік-әміршілдік жүйеден қазіргі рыноктық экономикаға өту кезеңі басталды. Басында өтпелі кезең бірнеше жылда, тез болатын ггроцесс сияқты көрінді. Нақтылы өмірде ол оншақты жьглға созылды.

Рыноктық экономикаға өтудің мынандай тұтас концепциясы қалыптасты:

1. Меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру,кәсіпкерлікті дамыту.

2. Рыноктық инфракүрылымды өмірге келтіру (товар, қор биржалары және т. б.)

3. Экономиканы демократизациялау, бәсекеге жол ашу, тепетендікке жету.

4. Бағаны либерализациялау (ырықтандыру), баға сүраныс пен ұсыныс арқылы қойылады.

5. Әлеуметтік қолдауды күшейту, халықты рынок экономикасына үйрету.

6. Экономиканың әлеуметтік бағытын күшейту үшін құрылымдық-инвестициялық саясат жүргізу.

Ресейдің интеллектуалдық күші-құаты, ғалымдары, үкімет басшылары, қоғамдық ұйымдары мен партиялары, парламенті рыноктық экономикаға өтудің жолдарын іздеді. Бұрынғы социалистік жүйе елдерінің және Ресейдің рынокке өту тәжірибесі әміршілдік-әкімшіддік жүйені трансформациялаудың екі жолын көрсетті.

Біріншісі, эволюция жолы, яғни рыноктық институттарды бірте-бірте құру арқылы. Бұл жолмен Қытай, Венгрия елдері жүрді.

Екіншісі, "шоковая терапия". "естен тандыра емдеу". Мұны Ресей, Шығыс Европа елдері, Польша мемлекеттері таңдап алды. Соңғы жол амалсыздықтан, қаржы және т. б. жағдайлармен, товар дифицитіне байланысты болды. Ресейде "шоковая терапияны" ұсынып, жүзеге асыруға тырысқандар Б. Гайдар, Г. Явлинский т. б. еді.

Ресейдегі "шоковая терапияны", жақтаушылар өздерінің экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыруды екі сатыға бөлді.

Бірінші сатыда (1 - 2 жыл) түбірлі антиинфляциондық шаралар жүргізіледі. Мүнда каржы тепе-теңдігіне жету. Екінші сатыда (10-I5 жыл) экономикада іргелі кайта жаңару жүргізіліп, оның өрлеуі камтамасыз етіледі.

"Шоковая терапия" немесе "естен тандыра емдеу" тұрғысындағы институционалдык өзгерістерге мыналар жатады:

- бағаны либерализациялау (ырықтандыру). Ресейде товарлар бағасының 90 пайызы өз еркіне жіберілді;

- шаруашылық салалары мен секторларда бірыңғай салық салу:

- антимонополистік заңдар қабылдау:

- мемлекеттік кәсіпорындарды толық коммерциялык есепке көшіру;

- дәстүрлі орталықтан жоспарлауды жою;

- шағын жекешелендіруді жүргізу (сауда мен коғамдық тамақтандыру саласында);

-үлкен жекешелендірудің қүқықтық, ұйымдыққ негіздерінжасау;

- халық шаруашылығының барлық салаларында жеке секторды дамыту;

- ұлттық. валютаның ішкі айналысын күшейту, валютаның еркін конвертируемділігін және курсын тұрақтандыру;

- әлеуметтік корғау жүйесін жасау, еңбекке тарту мен жұмыссыздық төлемдерді енгізу.

Ресейдің өтпелі экономикасында Дж. М. Кейнстің макроэкономикалық теориясын басшылыкқа алу қажет болды. Кейнс өндірістің аздығы мен жаппай жұмыссыздықтың себебі — жиынтық тиімді сұраныстын жеткіліксіздігі. Ал 1987 жылдан бастап Ресейдегі бағаны либерализациялау және несие экспансиясы өнімділікті күшейтуі тиіс еді. Бірақ мемлекеттік тапсырыс күрт азайды. Ресейде жекешелендіру тәжірибесі болмағандықтан және мемлекеттік меншік үлесінің басым болуынан бұл процесс көп қиыншылықтармен жүрді. Президенттің жарлығыменен 1992 жылы жекешелендіру чегі ентізілді. Ол — максатты мемлекеттік бағалы қағаз, рублдік номиналь қүны бар, еркін сатылады және сатып алынады. Жекешелендіру чегіне түрлі объктілерді, инвестиция корларының акциясын сатып алуға болады. Ваучерге сатып — айырбасталатын қорлардың рыноктық құны Ресейде шамамен 1,5 трлн. рубль түрады. Бұл федеральді бағдарлама бойынша, жекешелендіретін корлардын. 35 пайызын юрайды. Осы көлемде ваучер шығарылды. Оның номинальды КҮНБІ — 1000 рубль.

1991 жылы Ресейде 1992 — 1994 ж.ж. мемлекеттік және мунищтальды кәсіпорындарды жекешелендіру туралы Заң қабылданды. Жекешелендіруге жататын барлық кәсіпорындар үш топқа бөлінді.

1 - топқа жататындар ұсак кәсіпорындар (200 жүмысшы, негізгі қорлардың баланстық қүны — 1 млн. руб.).

2 — топтағылар ірі кәсіпорындар (1000 жүмысшы, негізгіқорлардың баланстық құны - 50 млн. руб.). Олар ашық Түрдегі акционерлік қоғамдар құру жолымен жекешелендіріледі.

3 - топка жоғарыдағыларға жатпайтын қалған кәсіпорындар қабылданған бағдарлама бойынша бәрі жоғарыдағы жекешелендіру тәсілдерімен жүреді. Кәсіпорындар
жекешелендірілгенде жеңілдіктер берілді: үжым мүшелеріне артықшылығы бар атаулы акция, құрылтай капиталының 25пайызын құрайтын акция, жай акция (15%) жәнс т. б. Чектік инвестициялық қорлар — жабық түрдегі акционерлік коғамдарға тән 1994 жылы Ресейде мұндай қоғамдар саны — 700.

Жалпы Ресейде кәсіпорындарды жекешелендірудегі адаптация (бейімделу, үйрену) кезеңінде экономиканың құқылық, өндірістік, қаржылық және әлеуметгік жақтарын толық ескеру керек еді. Дей түрғанмен, жекешелендіру процесі Ресейде екі кезенде жүрді.

XX ғасырдың 70 —шы жьлдарындағы В. Леонтьевтың "шығын-өнім" тәсілі өзінің бастауын 20-шы жылдардағы Совет экономистерінің алғашқы бесжылдық жоспарларынан және "шахмат балансынан" алады. Батыстың Марксі атанған Й. Шумпетердың "үлкен" экономикалық циклдері (1939) Кондратьевтің ұзын толқындар теориясын туғызып, термин ретінде ғылыми айналысқа енгізді. Әлемнің көптеген дамушы елдерінде Чаяновтың ауыл шаруашылығындағы кооперация туралы еңбектері мен теориялық ой-пікірлері кенінен пайдалануда.

№12 лекция. Қазақстанда экономикалық көзқарастардың пайда болуы және дамуы

Дәріс мақсаты:Номадизмнің ерекшелікгері. Қазақстанда экономикалық ой-пікірдің пайда болуы. Фольклор экономикалық ой-тужырымдардың қайнар көзі ретінде. Әль-Фарабидің Әділетті тұрғындар қаласы туралы ілімі. Зандар жинағы-Жеті жарғы ескерткішінің экономикалық қырлары. А.Құнанбаев,Ы.Алтынсарин,Ч.Үәлиханов сынды ағартушы-демократтардың экономикалық көзқарастары. Қазақстандаэкономикалық ойпікірдің даму ерекшеліктері. А.Байтұрсыновтың, А.Бөкейхановтың, С.Садуақасовтың және Т.Рысқүловтың экономикалық көзқарастары. Бүгінгі таңдағы Қазакстан ғалымдарының экономикалық ой-пікірлері. Нарықтық экономикаға өту проблемалары.

Дәріс жоспары

І.Номадизмнің ерекшеліктері.

2.Фольклор Қазақстандағы экономикалық пікірлердің қайнар көзі ретінде. Аль-Фарабидің ілімі. Заңдар жинағы /Жеті Жарғы/.

З.Ағартушы-демократтардың еңбектеріндегі экономикалык ой-пікірлердің дамуы.

4.20-30 жылдары Қазақстанда экономикалық ой-пікірлердің даму ерекшіліктері.

5.Бүгінгі таңда Қазақстандағы экономикалық ой-пікірлердің қальштасуы. Нарықты экономикаға өту мәселелері.

 

Орта Азия республикалары мен Қазақстанда прогрессивті экономикалық көзқарастың қалыптасуында әлемге әйгілі ғұламалар - әл Фарабидің, Бирунидің, Ибн Синаның (Авиценнің) орны ерекше. Олар өмір сүрген дәуірде қолөнер мен саудадамып, жерді суландыруға айрыкша көңіл бөлінді. Қоғам өмірінде қалалардың маңызы арттты.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) өзінің 160 астам трактаттарында, әсіресе "Азаматтық саясат", "Мемлекет қайраткерінің афоризмі", "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" деген енбектерінде материалдык игіліктерді өндіріске қатысқандар арасында әділді бөлуді жақтап, құлдыққа, өзге елдерді жаулап алуға қарсы болады.

Бирунидің (973-1048) экономикалық ілімінде экономикалык. процестер қоғамның объективтік қажеттіліктермен түсіндіріледі. " Минералогия. Асыл тастарды білу үшін жиналған деректер" және т.б. шығармаларында түрлі еңбектерді сипаттайды: ыктиярсыз, юрлыкпен істелетін, еріксіз еңбекті айыптайды. Бируни алтын мен күмістің жалпы баламалылығын айырбас қажетінен туындайтындығын дұрыс түсінген. Олардың саудадағы орнын айта келіп, бағалы металлдар — адам еңбегінің нәтижесі деп түйген. Осындай және басқа да пікірлері Бирунидің экономикалык құбылыстар туралы терең білімін көрсетеді.

Ибн Сина (980-1037), латынша - Авиценна, "Үй шаруашылығы" және т.б. еңбектерінде ізгілікті, үлгілі қоғам туралы ойлары көп, феодалдар мен өсімқорлықты катты сынайды.

Экономикалық ілімдер тарихының кайнар көзі, бастауы — халықтың, ұлттың шаруашылық жұргізу тұрінің, оның аяғынан тік тұрып, үлес салмағының артуы, мұнда еңбек басты негізге айналуында жатыр. Сондықтан біздің аумақтағы руханияттың алты мың жылғы тарихының бірінші кезеңінде - бүгінгі Қазақстан жерінде мал баққан ежелгі арийлерді, олардың сансыз тайпаларын айтуымыз керек. Ал тарихи эволюцияның екінші кезеңінде — бұдан шамамен төрт-бес мың жыл бұрынғы сак патшалары және олардың белгілері Қазакстандағы Есік, Бесшатырдағы қорғандардан табылады. Бұдан кейін тарих сахнасына ғүндар шығады, олар үш тәңірге табынды — аспан, жер, су. Сөйтіп адамзат тіршілігінің үш факторы - аспан, жер, су - мәңгілік.

Тарихымыздың. төртінші кезеңінде - бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғүн нәсілдері - түркілер Түркі қағанатын құрады. Бүгінгі түркі тілдес халыктардың түбірі, мәңгілік Үлы ел. Территориялык жағынан - үстіңгі, солтүстігі - кыпшақ, төменгісі — оңтүстігі — окыз тайпасы, ортасы... оңтүстігі - Қорқытата, солтүстігі -қыпшақ. XIII ғасырда — Кодекс куманикус - даланың жаңа идеологиясы дүниеге келді.

Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық тарихының алтыншы кезеңі бұдан 1100 - 1000-шы жылдардағы араб-ислам рухани дамуымен байланысты. Осы кездегі қоғамдык ой-пікір оңтүстік батыстан тараған жаңа рух қазақ халкының мәдени-саяси бетке ұстарларының, интеллектілерінің іс-әрекеттерінен көрінді. Сол кезеңдегі қазақ көгінде үш жұлдыз жарқырап тұрды: Сыр бойындағы әл-Фараби, Жетісудағы Жұсіп Баласағұн және Махмуд Кашғари.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Орта Азияның ойшылдары -Абу Али ибн Сина, Бируни (973-1048), Низами аль Мүлік (1017-1092) және баска да қатарластары сияқты өз заманының энциклопедиялық көлемдегі ғалымы еді.

Әсіресе, әл-Фарабидін "Ізгілікті кала тұрғындарының көзқарастары туральг трактаттары" тұжырымдарының ғылыми негізделгені жағынан экономикалық теорияға өте жақын. Мұнда адамдардың бір-біріне көмегі, бірінің қажетін екіншінің қанағаттандыруы оларды қоғамдық тұтастыққа әкеледі. Сөйтіп адамдардың өзара қарым-қатынастары жетіліп, адамзат қоғамын құруға әкеледі. Әл-Фарабидің бұл тұжырымы ғылымға косылған жаңа ұғым, категория десек артық емес. Өйткені, ол қала тұрғындарын жай ғана адамдар тобы емес, өндіргіш күш және адамзат коғамын құрушы фактор деп қарап, оларды бірлікке, кайырымдылыкка шақырады. Әл-Фарабидің бұл идеясы бүгінгі күн үшін де актуальды. Алайда, Шығыстың Аристотелі атанған ал-Фараби алдында отандык, экономистер өте карыздармыз -оның жоғарыда аталған және басқа шығармаларына ғылыми талдау, зерттеу жүргізілмей келеді. Ал Ж. Баласағұнның өлеңдері осы күнгі нарық қатынастарын меңгеруді үйретеді. Оның "Іс айлаға жүреді, саудагер пайдаға жүреді," "Тырысқанның аузы — жемде, еріккеннің езуі - сөзде" деп бизнесмен-саудагерлердің пайда үшін барын салатынын, ал сөз баққан демагогтердің алтын уакытын босқа өткізетініне қынжылады. Ж. Баласағүнның кәсіпкерлікке, үкіметке айтқан мына ақыл-кеңесі бүгінгімен үндесіп жатыр: "Барлық істі сарапқа сап істеген, қисаппенен казынаңды үстеген". Бақыт силайтын шаруа мен кәсіпкер, кұн өлшемі, айналым және қазына туралы Ж. Баласағұнның көзкарастары казіргі экономикалық зерделеулердің бастапқы нүктесі сиякты.

Қазакстанның әлеуметтік-экономикалык дамуының шартты түрдегі 8-10 кезеңдері ХІІ-ХІП ғғ. Шыңғыс хан, жоңғар шабуылы және ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы Абылай хан, Жәнібек-Керей хандарының Қазақ мемлекетінің негізін қалаған дәуір еді. Халықтың даму эволюциасында дәстүрлі диханшылық пен мал бағудың санада сақталған сырларын ұрпақтан үрпаққа жеткізу кезеңі болды. Сол кезеңдегі қасірет, тіршіліктегі тауқымет, әділеттсіздік, Шыңғыс хан әулетінің қысымы Майқы би, Асан
Қайғы, Бұқар жырау шығармаларынан анык көрінді.

"Жеті жарғы" шын мәніндегі қазақ халқының саяси, құқықтық, экономикалық тарихындағы манызды ғылыми уақиға. Бұл құжат тарихшылар мен заңгерлердің еншісіне тиіп, экономистер үшін, игерілмеген тың болып гүр. Сондықтан бұл шығарма әдейі зерделуді қажет етеді. " Казак университеті" баспасынан алғаш рет ана тілімізде жарық көрген "Экономикалық ілімдер тарихы"( 1997) атты оқу құралыңда аталған проблеманың экономикалык жақтары біршама карастырылды.

Әлемдік экономикалық ілімде көшпелі халықтар номадтардың шаруашылық жүргізу тәсілдері, олардың ерекшеліктері туралы ғалымдар түрлі көзқарастар, пікірлер ұсынуда.

Сондықтан көшпелі халық - номадтардың қоныс аударуы ң ермегі емес және ол олардың ұлттық намысына тию кұралы болмай, сол халықтардың кеңістікті, табиғатты тиімді пайдалану, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сипатынан туындайтын үрдіс.

Көшпелі шаруашылықты зерттеген Г. Марков, С. Толыбеков, В. Шахматов және т.б. ғалымдардың шығармаларында бұл экономикалық категорияларды құқық қатынастарымен байланыстырып, оның объектісі жер мен мал екенін бірауыздан мойындағанмен, меншікке келгенде олардың, көзқарастары, ой-пікірлері түрліше. Мысалы, С. Толыбеков және т.б. жер табиғат сыйы, сондыктан жеке меншік объектісіне жатпайды дей келіп, малды жеке меншікке жаткызады. М.Әуезов "Абай жолы" романында Қодарды шариат заңын бұзды, келініне көз салды деп, тұйеге байлап, кұздан домалатып өлтірудін астарында жер мәселесі, оны иемдену мұддесі жатқан жоқ па еді. Жалпы номадтардың жер проблемасына ғалымдардың тұжырымдары талдау жасалынған. Жерді экономикалык, категория деп карау теориясының эволюциясы өндіріс-нарык (рынок) қатынастарымен тығыз байланыста қаралып, өркениет үрдісінің баспалдағымен зерделеу абзал. Жер қатынастарына әкімшілік-әміршілдік заңымен қысым жасауға болмайды. Экономикалық ілім мен ғылым теориясы себеп-салдар тәсілімен тұжырымдалған ой-пікірлердің, пайымдаулардың, көзқарастардың қорытындыларын, заңдылықтарын жер саясатында орынды қолдауды қалайды.

2. "Жеті жарғы" - әлеуметтік-зкономикалық және құқылық энциклопедия. Алайда, бізге жеткені "Жеті жарғының" жұрнақтары сиякты. Сонда да біздің қазіргі колымыздағы "Жеті жарғы'" — хан заманындағы экономикалык ой-пікірдің, көзқарастардың нақты көрінісі. Өйткені мұнда қоғамдағы адамдардың қарым-қатынастарындағы, .мінез-құлықтағы кемшіліктерді, құқық бұзғандарды экономикалық жазалау тәсілдері түзілген, ал олардың көбін осы күндері де пайдалануға болады. Казақтын, өткен тарихында түрме деген институт болмаған сияқты, зындандарда тұткын батырлар үсталды.

Енді халқымыздың экономикалық өміріне, мінез-қүлқына тәрбиелік маңызы бар және тәртіпке шакырған "Жеті жарғыдағы" біраз накты баптарға токталайық.

Қылмыс жасағаны үшін экономикалык жазаның көлемі былай белгіленген:

- қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын телеу (ер адамға — 1000 қой, әйел адамға — 500 қой.);

- ұрлық, қарақшылық, зорлық, зомбылық жасаған адам өлім
жазасына кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

- денеге зақым келтірсе құн төлейді (басбармак үшін —100қой, шынашақ - 20 кой.);

- төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артык;

- егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі; егер ағайындары кешірім жасаса құн төлейді. Екіқабат әйел жазадан құтылады;

- егер ері әйелін өлтірсе қүнын төлейді.

- өзін өзі өлтіргендер бөлек жерленеді. Егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетсе, одан өлі бала түссе: бес айлық бес ат,бестен тоғьтз айлық балаға әр айына 1 түйе (100 түйе-300 атка,
1000 к,ойға тең);

- әйел зорлаған кісі өлтірумен бірдей қылмыс; әйелі ерінің "көзіне шөп салу" (басқамен жыныс қатынасы) үстінде ұсталса,ері оны өлтіруге қақысьг бар, қан алмасу - жазаға тартылады;

- құдайға тіл тигізген адам мал-мүлкінен айырылады;

- құл өлтіріп, құлдың ата-анасына тіл тигізген адам қара сиырға теріс мінгізіліп, қамшымен жазаланады;

- ұрлық жасаған адам үш тоғызбен кайтаруы тиіс;

- ұрлық пен кісі өлтіруді катар жасаған кісі жазаға бірдей тартылады;

- ерінін ұрлығын біле тұрып хабарламаған әйелі мен баласы жазаға тартылады;

- барымтадан қайтарылған мал төлімен кайтарылуға тиіс;

- дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;

- куәлікке кемінен екі немесе үш кісі жүреді.

Көріп отырғанымыздай, қазақ топырағында дүниеге келген "Жеті жарғы" сол заманның, дәуірдің адам құқылығын корғау мен оны бұзғандарды экономикалық жағынан жазалау шараларын - құнын төлеу аркылы жүргізілген. Ең бастысы, отандык экономикалык, ғылымның ендігі міндеті — осыларды теориялық жағынан негіздеп. экономикалық ілімнің элементтері көріне бастағанын, қазақтың көшпелі шаруашылығында классикалык, меркантилистік және институционалистік экономикалык теориялар белгілерінің көрінуін дәлелдеу.

Кеңестік идеология тұсында мемлекеттің дінді мектептерден бөлуі нәтижесінде "Құранның" құнды мәдени-тәрбиелік. тіпті экономикалық тәрбиелік маңызын көрмей қалдық. Ал мұсылман, ислам дінінің "Құран Кәрімінде" саудаға байланысты ғылымға жақын пікірлер ұсыныстар жеткілікті.

Талданып жаткан дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық тіршілігімізге айтарлықтай институционалдық жаңалықтар әкелген тарихи тұлға — Абылай хан болды. Ол қазақ халкының территориялық бірлігін сақтап кана қоймай, өзге елдермен, басқа халықтармен сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайтуға үнемі күш салып отырды. Оның Ресей және баска елдердің саудагерлері товарларынын. таран-таражға түспей, тыныш сауда жүргізу жөніндегі камқорлығы хан зандары деңгейінде жұзеге асырылып түрды. Көшпелі халықтар тарихында "Абылай ханның сауда жолы" - "Ұлы Жібек жолын" еске түсіретін үрдіс, қазақ жерін мекендейтіндердін. экономикалық зердесінде мәңгі сакталды.

Казақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуынын, 10-шы ксзеңінде оның. Ресеймен тығыз сауда-шаруашылық байланыстары үлғайды. Әсіресе, осы кезде рыноктык экономиканың белгілері анық көрініп, кәсіпкерлік ой-сана терендейді. Мүны казак халк.ының жарык жүлдыздары - ғалым Шоқан Уәлиханов (1835-1865), ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), алып акын Абай Қүнанбаев (1845-1905) өз шығармаларында барынша жан-жақты сипаттайды. Аталған ғалым, ағартушы ұстаз, ақын - қазақтың үш жарық жүлдьтздарының әлеуметгік-экономикалык, ой-пікірлерін, көзқарастарын отандык. зерттеушілер біраз зерделеді.

Өркениеттік өлшеммен карасак., Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың шығармаларында осы күнгі экономикаларға меңзеу, икемдік. қатынастардын. белгілері бар ма деген сұрақтардың жауабы төңірігінде ғылыми пікір айтуға болады. Айталық, жас ғалым Ш. Уәлиханов Ресей үкіметінің тапсырмасымен Шығыс Түркістанға Әлімбай деген саудагер болып барып, ол жердегі халықтардың тұрмыс жайлары мен сауда-саттык ерекшеліктерін қағазға түсіреді. Ол Орта Азия мен Казакстандағы халықтар тұрмысынын. екі түріне назар аударады: кала мен көшпелі түрлерін сипаттайды.

"Алтышардың немесе Қытайдың Нан-лу провинциясынын (Кіші Бүхаранын.) шығысындағы алты қаласының жайы туралы"( 1856-1559) деген әйгілі еңбегінде Ш. Уәлиханов жалпы Кашқариянын. рыногынан Азия көпестерін, тибеттерді, персиялыктарды, индус пен Волга (Еділ) татарларын, ауғанды, армянды, еврейлерді, иыганды және Сібір казактарын, әрине, ка зақтын, да саудагерлерін көреді: Аягөз округінен Байболов деген подрядчик 23 түйемен мүнда келіп, 192 сом 45 тиын күміс акшасымен сауда жасайды.

Алтышар деген алты қала - Кашғар, Янысар, Яркенд, Хотан, Аксу, Турфан. Бүлардын, әрқайсысында саудагер-көпестер токтайтын керуен сарайы мен базарлары болған. Экономика теориясы тілімен айтсақ, олар - рыноктың инфрақұрылымының млементтері. Мысалы, Қашғар каласында 17 медресе, 8 керуен сарайы және базар жұмыс істейді. Керуен сарайдың аттары Аджан, Кунак, Урабюптинский, Яркент, Аксу, Евроеа және т.б. Өрбір ксруен сарай белгілі елдердің саудагерлеріне кызмет істейді. Айталық, Аджан Қокан саудагерлерін қабылдайды, салыктан босатылған. Ал баскалары Кунак афгандарды, бұқар, тәжік, Европа елдерінің көпестерін күтеді. Мүның бәрі бүгінгі Алматы базарларындағы Қытай, Ресей, Европа, Ташкент сауда-көрмелері сыяқты.

Ш. Уәлихановтың еңбектері көп салалы: "Іле өлкесінің гсографиялық очеркі", "Сот реформасы жайында", "Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі" және т. б. Егер Ш. Уәлиханов халыктың тұрмыс-тіршілігі тарихына ерекше көңіл бөлсе, Ыбырай Алтынсарин қазақты оқуға, білімге шақырды. Ол түңғыш қазақ мектебін ашты. "Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар" деп, зейін қойып, ықыласпен оқуға шақырды.

Ы. Алтынсариннің көлемі шағын әңгімелерінде еңбек, байлық, кәсіпкерлікті үйрену, баюдың жолдары нақты мысалдармен түсінікті жазылған. Онын. "Малды пайдаға жарату", "Дүние қалай етсен табылады", "Білімнің пайдасы", "Қыпшак Сейтқұл", "Петр патшаның тергелгені", "Мужық пен жасауыл", "Жомарт" "Сараңдық псн жинақылык" деген және т. б. әлеуметтік-экономикалык тәрбиесі зор шығармалар [7].

Кәсіпкерлікті меңгерудің жолдары, нәтижелері Ы. Алтынсариннің "Дүние калай етсең табылады", "Қыпшақ Сейтқүл" деген әцгімелерінде жан-жакты бейнеленіп, қазіргі рыноктық катынастардың зандылыктары анык көрінеді. Бірінші әңгімесінде француз фабриканты Антон деген садака сұрап түрған жас жігітке баюдың жолдарын былай Үйретеді: әуелі қокыс үйінділерінен тері жинап фабрикаға апарып сат. Одан түскен акшаға арба, көлік сатып ал. Осылай жеті жылда жеті мың франк акша тауып, қағаз фабрикасын ашып бай боласың деп ақыл береді. 25 жылдан кейін Антон француз фабрикантына баюдың жолын үйреткені үшін алғысын білдіреді.

Ал Ы. Алтынсариннің "Қыпшақ Сейтқүл" деген әңгімесі қазақ топырағьтнда кәсіпкерлікті қалай дамытып, оның халыктың әл-ауқатын калай көтеретінінің анық мысалы болады. Қазіргі зкономика ілімінің тілімен айтсақ, Сейтқұл бірінші рет акционерлік қоғам қүрып, нарықты менгеріп, рынок заңдары негізінде кәсіпкерліктің жемісін көрсетті.

Сейткүл отыз үйлі керейді "қалай етсем байытам, ауқатты, дәулетті халық етем" деп, көп ойлап, мынадай экономикалық әрекеттерге барады:

- мекен ететін қүнарлы, шүрайлы жер табады (Торғай обл.
кабырға өзенінін бойы);

- тыныш, бейбіт өмір жағдайында шаруашылықпен йyалысады (Үргеніш, Қокандыдан алыс, қалың кыпшақ руына
жақын);

- егіннін. нәтижесін төңірегіне сатып, мал жинайды;

- егіннің көлемін жыл сайын үлғайтып, суды шығырмен тартады;

- халыктың колына кетпен беріп, жер тегістетіп, егін еккізеді;

- астыктын түрін көбейтеді (арпа,бидай, тары өсіртеді.);

- түтьтудан артық өнімдерді төңірегіндегілерге малға
аітырбастайды, малды көбейтіп, бай етеді;

- көрші елдердің жарлы-жақыбайлары Сейтқұлға келеді. Бес жылда отыз үй төрт жүзге жетеді;

- өскен дәулетті сақтау үшін қорған салып, бақташылар мен қару-жарағы бар қарауыл коядьг;

- үйымшыл, бірауызды, біріккен халықка сырттан шабуьглшылар келе алмайды;

- байыған елдің басшыларын Сейтқұл Бүхара, Қоқанға мал айдатады;

- ол жақтағы кентгерден тауарлар алдырады;

- егін ттіскен кезде манағы корған ішінен жәрмеңке, базар• Іигады;

- көшпелі халық белгілі бір уакытта малын, тері-терсегін, жүн-жабағысын басқа товарға айырбастайды:

- егіншілер оларға астығын сатады;

- бір жағы егін, бір жағы саудамен айналысып, Сейтқүлдың адамдары жұрттан асқан бай болады. Ал оның туған ағасы (кфьшташы, ұры болып, азапты өмір сүреді.

Жалпы кыпшақ Сейтқүлдьщ шаруашылықты ұйымдастыру І. »сілін қазіргі кәсіпкерлермен, ал ол күрған акционерлік қоғамды, ксңістіктікті бүгінгі экономикалық еркін аймақпен салыстыруға . Ібден болады.

Ресеймен жан-жақты байланысты жақтап, қазақ халкын . әлемдік деңгейге көтерілуге шақырған Абай Қүнанбаевтың экономикалык ой-пікірлері осы күнгі рыноктық қатынастармен мідесіп жатыр. Әсіресе, мүны оның қара сөздерінен (Ғаклия) білуге болады. Олардың саны — 45. Қазақстан ғалымдары көбіне мынаньг Абайдың философиялык-әлеуметтік толғаныстары деп дәелдейді. Біздер Абайдың қара сөздерінен казіргі қазақ халқының нарык жүйесіне өтуіне жарамды ой-пікірлерді байкадық. Айталық бірінші кара сөзінде адамның, жастардың .алдында кім болу, немен айналысу деген өмірлік сұрақтар тұрады|. Ел бағу, ғылым бағу, софылық ғылыми дін бағу, балалар бағу — осыларды Абай жеке басынан өткізіп, өз кезінде бүлардан казақ арасынан коддау таба алмағанына күйзеледі.

Екінші қара сөзінде Абай қазак халқын басқа елдермен, ұлттармен салыстырады. "Сартгың екпеген егіні жок, саудагердің көрмеген жері жок, қылмаған шеберлігі жоқ. Ноғай еңбек қылып, мал табудың жөнін білді. БҮЛ баюдың жолы, кор болмай шаруа куып, өнер қуып, мал тауып зор болғандыктың әсері" деп корытындылайды [9].

Абай үшінші қара сөзінде адамның жағымсыз қасиеттерін: .калқаулыкты, сүрамсактыкты, өнерсіздіктікті сынап, егін салуды, гауда, енер-ғылымды меңзейді. Болыстарды іс білмес, кісі білер дейді. Ал төртінші сөзінде - әуелі құдайға, сосьн өз еңбегінді сау деп акыл айтады. Бесінші, алтыншы кара сөздерінде "тұстік өмірін. болса, күндік мал жина", "малдыньщ беті - жарық, малсыздын беті —шарық", "өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік", "күдай тілемейді, шаруа іздемейді" деп тұйеді.

А. Қүнанбаевтың экономикалық көзқарастарының терендігі -өзі өмір сүрген қорамдағы әлеуметтік таптарды біліп, оларды жан-жақты талдауында. Мысалы сегізінші қара сөзінде казақ байлары өзінде жсжтьт малына сатып алады, адалдық, акыл, ғылым, білім — еш нәрсе малдан қымбат емес деп ойлайды деп жазады. Ал бүл казіргі ұйымдасқан, сыбайлас, мафия сияқты, бәрін ақшаға сатып алуға болады деген әрекетті білдіреді. Абай қазақ халқынын. өркениетке жетуінің, экономикалык өсіп-өнуінің жолы — шет ел үлгісін білу, үйрену, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма деп армандаңды.

Абайдың прогрессивті экономикалық ой — пікірлерін білдіретін мына сөздері әлемдік ауқымды білдіреді: Жер мақсатын, кендерін, жемісін, кеннін, һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбіріне бүл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, адам баласына таусылмас азык.

Адамзатты А. Құнанбаевтың сақтандырғаны - ғылыми-техникалық прогрестің онды жақтарымен қатар, тиімсіз салдары, яғни қазіргі тілмен айтсақ, экологиялык, мәселелері. "Адам баласы,- деп жазды Абай, - қанағатсыз, бұл хайуандардьщ түқымын қүрытьтп, алдыңғыларға жәбір қылмасын".

- Ол былай деп жазады: "Күллі адам тәркі дүние болып, әу деп тарихатқа (дін жолына) кірсе:

- малды кім бағады?

- дүшпанды кім токтады?

- киімді кім тігеді?

- астықты кім егеді?

- казыналарды кім іздейді?"

Бұл сұрақтар осы күні экономикалық ғылымдағы П. Самуэлъсонның рыноктағы үш сұрағына ұқсас.

Абайдың экономикалық идеясында саудагерлерге жағдай жасау керектігі дәлелденеді. Өзі Семей губерниясы бойынша статистик-экономист қызметін атқаруымен байланысты қазақ елінін қоғамдык ахуалын терең біледі. Сондықтан А. Қүнанбаев "Саудагерлер тыныштык сауда кыла алмай жүр, колдан беріп қор больтп ала алмай жүр" деп қынжъшады. "Базарға карап тұрсам әркім барар" деген елеңінде "әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар, сомалап ақшасына соны алар" деген жолдары А. Смиттің көрінбейтін қолы" қазақ базарында да бар екенін дәлелдейді, 'Масғұт" поэмасында Абай жемістің үш түрі — ағын жесең ақылың көбейеді, сарысын алсаң - аскан бай боласың, ал кызылы әйелдерден жолын. болады деп болжайды.

Жалпы А. Қүнанбаевтың экономикалық ой-пікірін мьына бір төрт жолдан да анық байқауға болады:

Жаңа бүлмен жамырап саудагерлер,

Диханшылар жер жыртып егін егер,

Шаруаның біреуі екеу болып,

Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер.

Егер экономикалык теорисы тілімен тарқатсақ. мұнда мпамдық өндіріс факторлары - жер, еңбек, мал; әлеуметтік топтар саудагср. диханшы, шаруа; экономикалық категориялар — пүл. І-ІІн, төл; экономикалық нәтиже, игіліктер - өнер, дәулет; бәрі жиынтық түрде, іс-қимыл, динамикалык козғалыста, әдемі Іабиғаты, жаратылысы, адамдык психологиясы акындық ІІІабьгтпен суреттслген.

Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Қүнанбаевтардын, әлеуметтік-экономикалык прогрессивтік көзкарастарын Кеңес дәүірінің алғашқы жылдарында С. Торайғыров жалғастырды. Отандык экономика ғалымдары С. Торайғыров шығармаларындағы кала мен дала арасындағы товар-акша катынастарынын қалыптасуы және қайшылыктары, қаланың даланы қанау тәсілдеріне әлі ғылыми баға бере алмай келеді. С. Гораш-ыров жаңадан казак жеріне терендеп еніп келе жатқан капиталистік ақша-товар, рынок катынастарын өзінің "Кім казыкты?", "Қала акыны мен дала ақынының айтысы" деген /шне т.б. шьтғармаларында накты мысалдармен суреттейді.

Әр кезде де көршілес елдермен, сонын, ішінде Ресей мен Қазакстаннның, Орта Азия халықтарынын. карьш-қатынастары, . юіресе сауда байланыстары үзбей үлғайып отырған. 1752 жылы пір ғана Орск айналасындағы қазактар орыс көпестеріне 40 мың жылкы, 500 түйе, 800 сиыр және 12 мың кой саткан. Ресеймен сауда-саттықка 220 бөлімше, 40 ру және 300 мың от басы қатыскан. Осы кезеңде қазак. жерінде жәрмеңке, базар қанат жайды. Казақ халқынын, әлеуметтік-экономикалык тарихында Рессйдің орталык қалаларында окып, терең де сапалы білім алған отаидастарьтмыздың орньт ерекше. Олар - Ә. Бөкейханов, Досмүкамбетовтер, Т. Рыскұлов, А. Байтұрсынов, Б. Қаратаев, С. Мендешов және т. б. Өкінішке қарай, жоғарыда аталғандардың және есімі аталмағандардьщ саяси-экономикалык, ой-пікірлері мен көзқарастары ғылыми әділ бағаларын ала алмай келеді. Солардың ішінде, әсіресе. Әлихан Бөкейхановтың (1870-1937) экономикалык көзқарастары әдейі зерттеуді қажет етеді. Сорбоннада (Франция) шықкан А. Бенингсеннің "Ресей мусылмандары арасындағы ұлттык козғалыс"(1964) деген кітабында "Ә. Бөкейхановтың әдеби қызметі таң қаларлык. -экономист, тарихшы, фольклорист" деп жазылған.

Ә. Бекейханов, Б. Қаратаев және т.б. казак зиялылары Ресейдін. Мемлекеттік Думасына мүше болып, шет аймақтардағы бұратана халықтардьщ мұң-мұқтажынынан хабар беріп тұрған. Ә. Бөкейхановтың "Қырғыз өлкесінің тарихи тағдыры мен мәдені-г жетістіктері" еңбегі "Россия. Полное географическое оггисание нашего отечества", т. XVII, СПБ, 1903, "Формы национального движения в современных государствах" атты жинактарға енді. Ә. Бөкейханов пен Шевцовтын "Казахское хозяйство" деген кітаптарында қазақтардың шаруашьшык. жүйесі отаршылдыққа әзір емес, малмен айналысу және көшпелі шаруашылық ұзаққа созылады, өйткені ол табиғатқа тікелей бағынышты деген идеяларды негіздеді.

Ә. Бөкейхановтын. экономикалық көзкарастары. әсіресе, зерттеушілік-ғылыми қабілеттері Ф. А. Щербинаның экспедіщиясына қатысуы кезінде айқын көрінді. 1896 — 1901 жылдар арасында Акмола, Семей, Торғай, Актөбе, Қостанайдың көптсген уездерін аралап, бұл экспедиция Ресейдің қоныстану саясатын жүзеге асыруды максат етті. Ә. Бөкейханов казақ шаруасынын. мүддесін корғай отырып, өр шаруаның қора-к.опсысын есеттке алып, жайлау, кыстау, егіндік, шабындық жерлерінің анықтау, жер — суын, орман — тоғайын, шөлдаласына дейін саралап, аралап, кағазға түсіру жұмысы ғалым - патриоттан кыруар дене күшімен қатар, интеллектуалдык куат-к.абілетті талап етті.

Ә. Бөкейхановтын. бүл саладағы еңбегі оны тек орманшы-экономист мамандығын терең меңгерген кәсіп иесі екендігін көрсетіп қана қоймай, алдыңғы катардағы прогресшіл ғалым- азамат дәрежесіне көтерді. Оның статистикалық есептерініц иегізгі нысанасы - қалайда көшпелі және жартылай көшпслі мал шаруашылығына пәлендей зиян келтірмейтін жер үлесіи (нормасын) ғылыми дәлелдеу еді. Нәтижесінде Ә. Бөкейханов отандық экономикалық ғылым тарихында алғашкылардьщ бірі болып қазақ шаруасыньщ 18-24 бас мал үстауьш, оған жыл бойына әр басқа бес — сегіз десятина жер қажетгілігін. шаруаға барлығы 90 —91 десятина жер және қосымша 25 пайыз жер белуді есептеп шығарды. Бүгінгідей рынок қатынастарына өту барысында Қазакстанда жерді жеке меншікке беру, тіпті сату проблемасы түрғанда ауыл шаруашылығы ғалымдары, экономика ғылымы Әлихан Бөхейхановтың жоғарьтдағы есептерін назарда ұстаулары тиіс. Өйткені мүнда қазақ шаруасының үлттык ерекшелігі, табиғат жағдайлары мен түрмыс-тіршілігі, кәсіби тағдыры, жан- үясыньщ болашағы бірінші катарға тур. Өйткені қазақ пен казак кездесе калса алдымен "мал-жан аман ба?" деп сүрауының астарында табиғат, жер ыңғайы жатыр.

Казакстаннын экономикалық ілімінде Ә. Бөкейхановтың орны — халык, шаруашылығы салалары бойынша салықтың ара салмағын, оның табыспен байланыстылығын және бюджеттегі үлесін зерттеуімен аныкталады. Аталған экономикалық категорияларды ғылыми айналымға енгізіп, қазақ халқының үлттык ойлау кеңістігін үлғайтып, сана-сезіміне товар-ақша катынастарынын сәулесін түсіреді. Біздің ойымызша, бүл сол кездегі "Оян қазак." деген ондьт үрдістің экономикалык негізі сияқты. Көрші хальтқтардан өркениет жағынан калып коймауға Іпакырған зиялылардын сақтандырғаны — үлтгык сипатымызды жойып алмау еді.

Ә. Бөкейхановтың қазақ еліндегі табыстың халық шаруашылығы салалары бойынша есебінің нәтижесі төмендегідей болды (%):

Мал шаруашылығы Жерді пайдалану Баска көздері

кырғыздардын. үлесі 73,76 13,96 12,28

шаруалардын үлесі 23,69 50,87 25,44

Кестеден көрініп тұрғанындай, шаруалардың үлесі жер пайдалануда көп болғанмен, мал шаруашылығындағы үлесі өте

төмен. Ал мал шаруашылығы - қазақтың ата кәсібі, бірақ нәтижесі Ішдағьтдай емес.

Жалпы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандары ауыл шаруашылығы және сауданың дамуы туралы экономикалык ой-пікірлер әлі жүйелі түрде зерттелмей келеді. Мысалы, М. Таукиннің "Записи о хозяйстве, торговле казахов Оренбургского ведомства"(1861), С. Жантөриннің "Очерки Киргизского коневодства"(1883) мақалалары да сол кездегі ой-пікірлерді суреттейді.

Қазак халқынын. жер қатынастары мен мал шаруашылығы Кеңес үкіметінін. алғашқы жылдарында да кұн тәртібінен тұскен жоқ. Мүндай ұлттык маңызы бар проблемаға белсене араласқандардың ішінен Т. Рысқұлов пен С. Мендешовтердің енбегігт ерекше атау керек.

Т. Рысқұлов кулактар мен қырғыз (қазак) байлары жерді әділ бөлуге кедергі жасап, аштыкды шиеленістірді дей келіп, шектен тыс индустриаландыруды қолдамады. Ол мал бағудан күрт жер ендеуге ауысуда қазақ халқынын. тарихи ерекшеліктерін ескеру қажеттігіне назар аударды.

Т. Рысқұлов үзақ жылдар Коминтерннің атқарушы төрағасы қызметінде істеп, Монғолияда елші болды.

С. Меидешов Кеңес үкіметі түсында басшы қызметтерде болып, қазак. халқына патшалық Ресейдегі Омскі және т.б. обльгстардағы көптеген жерлерді кайтаруға күш салды. Ал жер мәселесі көрші елдермен әлі шешілмей келе жатқаны шындык. Кеңес дәуіріне дейінгі қазак. халкынын шаруашылық өмірінде, оньгн. коғамдық ой-пікірлерінде, экономикалык. көзқарастарында басты ғылыми ілімдердің белгілерін, яғни сауданы жактаған меркантилистердің, табиғатпен байланысты ауыл шаруашылығын, ондағы үдайы өндірісті негіздеген физиократ-классиктердін, үлттық шаруашылықты үлғайтуды көздеген неміс тарихи мектебінің, рынок катынастарына батыл көшуді үсынған неоклассиктердің идеясын, экономиканы, әлеуметтік-басқаруды реформалауды, өзгертуді қалаған институционалистік теориялардың елестерін байкадык.

Ал шын мәніндегі ғылыми экономикалық ілімнің тарихы Казақстанда Кеңес Одағы кезінде болды. Өйткені бүл дәуірде /когарыдары теориялар елес емес, корамдык-әлеуметтік көзқарас, өмірлік қағида ретінде таптық сипат алды. Басқа дүние жүзі чалықтарынын. киялшыл-утопистері (Сен-Симон, Фурье) арман еткен, қазақтьтң Асан қайғысы армандаған "Бозторғай қой үстінде жүмырткалаған заман" социализм, коммунистік коғам орнап, ол 71) жылдан астам уақыт өмір сүрді.

Экономикалык тарих сахнасына шығу кезінде марксизм-ленинизм теориясына арқа сүйеп, тап тартысының нәтижесінде төңкеріс арқьтлы барлық ұлттарға тендік беріледі, халықтың әл-аукаты жақсарады деген үрандармен жүмысшы-шаруа бүкарасының сеніміне енген Коммунистік партия билікті қолына алып, коғамдық меншік, жоспарлы экономика қүруды бастады. Жоғарыда айтылғандардын. бәрі Ресейдің шет аймақтарына тікелей қатысты болды. Өйткені бір идеология — марксизм-ленинизм — социализмнің теориялык негізі. Үлт аймақтарында билікке колы жеткен коммунистер жоспарлы шаруашылық қүруға кірісті. Үлт республикаларына экономикалык ғылыми кадрлар орталык, Ресейде және өз ішімізде, тіпті шет елдерде де көптеп даярланды. Жорары оку орындарында социализмнің политэкономиясы үстемдік етті. Интеллектуалдык ой-пікір, көжарастарда үлттық экономика ССРО-ньщ біртұтас халык гяаруашылығы кешенінің қүрамды бөлігі ретінде зерделенді.

Осы және басқа да социализм экономикасының кезендерін, к,айта қүрылыс пен рынокқа өтудің заңдылыктарын ашура Орталықтын. (Москва), Үлттык Рылым Академиясы мен жоғарғы оку орындарының (КазГУ, АИНХ) оқытушы-профессорлары ат салысты. Туған республикамыздың халык шаруашылығы тарихы Казак, ССР-нің ҰА-ның академигі С. Б. Баишевтін жетекшілігімен взірленген "Очерки экономической истории Казахской ССР" монографиясында толық баяндалған.

Ұлттық экономика РЫЛЫМЫНЫҢ методологиялык., теориялық нақты проблемаларын зерттеуде мына ғалымдардың еңбектері зор: П.М Алампиев, С. А. Нейштадт, Г. Чуланов, С. Баишев, С. Толыбеков, Ф, Жеребятьев, Я. Әубәкіров, А. Қошанов. Д. Кабдиев, М. Исаева, Т. Әшімбаев, Т.Шәукенбаев, Белов, Т. Тулебаев, Ц. Фридман, К. Окаев, Т. Әбдіразақов, Родостовец, В. Пуриц, Баймүратов Б., Түркебаев Е., Ө. Шеденов, К. Нәрібаев, Н. Мамыров, К. Сарадиев, М. Розманов, Сатыбалдин. М. Есқалиев, Т. ҚожамкҮлов, Т. Чечелева, Сухова, К. Нүрралиев,

Ким, Р. Алшанов, Е. Жатканбаев, А. Есентүгелов, Кенжегузин,Т. Байзаков, Сабденов О., К. Берденова, Б. Байжұмаев, Р. Елемесов, О. Әлиев, Т. Есіркепов, К.Тазабеков, С. Доскалиев және т. б.

Енді есімдері аталған және баска да ғалымдардың ғылыми-зерттеу ізденістеріне, ой-пікірлеріне және олардың теориялық-методологиялық ерекшеліктеріне токталайык..

Қазақстан ғалымдарының интеллект білім куаттары жоспарлы экономиканы теориялық негіздеуге, мемлекеттік социализмнің методологиясын айқындауға жұмсалды. Рылым Академиясының экономика ипститутындағы С. Баишев, Г. Чуланов, Т. Әшімбаев, А. Қошанов, М. Йсаева, Т. Чечелева — экономика салаларын, әндіргіш күштерді орналастыру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, гылыми-техникалық прогресс және өндіріс тиімділігі проблемаларын зерттеді.

Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушы -профессорлары — бухгалтерлік есеп, қаржы-несие, жоспарлау принциптері, қоғамдық тамақтану, экономиканы баскару мен кәсіпкерлік, инфрақүрылымдар мәселелерінің теориясын терендетті. Сонымен қатар мұнда Қазакстанға аса қажетті білікті маман-экономист кадрлары көптеп даярланды.

Қазақтың мемлекеттік ұлтгык университетінде Байшев С. Б., С. А. Нейиггадт, Ф. А. Жеребятьев, Я. А. Әубәкіров, Д.Қ. Кдбдиев, В. Н. Пуриц, Е.К. Канатбаев, Ө. К. Шеденов, С. Ә. Доскалиев және т.б. саяси экономия теориясынан дәріс беріп, ТҮНРЫШ рет К. Маркстін. "Капиталын" қазак тіліне аударып, осы пәннен осы күнге дейін оқытушылар мен ғальшдарды даярлап келеді. Федор Алексеевич Жеребятьев - экономикалык, факультеттің ТҮҢРЫШ деканьг. Ол екі тілде — орыс, қазақ - дәріс берді. Әсіресе, олар басқа да тәжірибелі профессорлармен біріге отырыд республикада ана тілінде саяси экономиядан оқулықтар, оқу құралдарын үзбей шығарып түрды. Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық унпверситеті экономикалық теория мен жалпы рынок қатынастарына өтудің методологаялық, теориялық проблемалары бойынша республикалық, халықаралык. ғылыми конференциялар-ды жиі еткізіп түрады. Мүның бәрі Қазақстанда өркениетті деңгейдегі прогрессивті экономикалық көзқарастардың қалыптасып ұлғаюына, терендеуіне игі әсер етеді, яғни ғылыми негіздегі экономикалық ілімді түэеді. БҮНЫҢ мысалы ретінде

гвуелсіздік жылдарында казак тілінде жарық көрген "Экономикалық ілімдер тарихы"(1997) оқу күралын атауға болады. Ырак бүл оку қүралының инициаторы, барлык "кара" жүмысын аткарған доиент С. Досқалиев екенін екінің бірі біле бермейді.

Отандық экономист-ғалымдар өндіргіш күштерді І^срриториялық жағынан оптимальді орналасуын, оның тиімді математикалык үлгілерін үсынды. Бүл бағыттағы экономикалық ілімді дамытуға үлес қосқандарға М. Исаева, Т. Чечелева, А. Қошанов, Баймүратов, Е. Түркебаев, А. Есентүгелов, Т. Кожамкулов, М. Кенжегузин, Т. Әбдіразаков және т.б. жатқызуға болады.

ССРО тарағанымен, жоспарлы экономика, мемлекеттік социализм қүрған елдер, олардың баскару институттары, сол ксздегі ғалымдардъщ еңбектері, экономикалық үлттық ілшдері, ой-пікірлері, аймактык экономиканың шаруашылық механизмі Іуралы көзқарастары, үсыныстары тарихта, казақтың санасында сақталып, үрпақтан үрпақка ауысып келеді.

Казакстандағы коғамның демократиялану процесі, қайта күрылыс үрдістері экономикалык өмірді, ғылыми сана мен Ісрдені, білім мен ілімді, теориялык көзқарастарды тұбірінен жаңартуды күн тәртібіне қойды. Әлемдік, ғаламдық өркениетті (гзгерістер үлттык экономиканы жаңа сатыға трансформациялау марадигмасы түрғысынан шаруашылық қатынастарды өзгертуді, ІІнститугпюналдық теория негізінде рынок кеңістігіне өтуді талап сгті. Қазақстанның көптеген экономистері марксизмнен кол гібей, неоклассиктерді сынай отырып, институционалистік Ісорияны, экономиканы реформалауды іштейде, ашықта колдап келді.

Қазакстан Республикасының егемендік алуы (1991) елімізде экономикалық реформаны жедел жүргізуге, мемлекеттік меншікті /кскешелендірудін үлттық бағдарламасын жасап, жүзеге асыруға жол аішы. Рыноктық экономикаға көшуді жактаған шет елдін . әлемдік институттарының қаржылық, техникалық көмектерінен де бас тартқанымыз жоқ,

Трансформациялық көшу барысында әлеуметтік-жономикалық дағдарыс қатар жүрді. Осыған қарамастан ұлттық валютамызды енгіздік (1993).

Рыноктык инфрақұрылымдар кұрылып, үлкен кемшіліктермен жекешелендіру жүргізілді. Экономиканы тұрактандырып, инфляцияны ауыздықтап, дұрыс инвестициялық саясат ұстап, шетелдермен сырткы экономикалық байланыстарды ұлғайтып, біріккен кәсіпорындар құрдык. Тәуелсіздіктің он жылдығы -Казақстан Республикасында қазан төңкерісінен әлдекайда ерекше тарихи уақиға еді. Біздің елімізде рынок экономикасына өту бейбіт, қан төгіссіз жүріп жатса да, әлеуметтік жағынан овды нәтижслері әлі ойдағыдай емес. Өйткені рыноктық қатынастар адамдардың ой-санасына, мінез-кұлқына, көзкарастарына терен өзгерістер енгізді. Қарапайым тілмен айтсак, адамдар өз өмірлеріне өздері тікелей жауапты: тез байып кетуге де, тез қүрып кетуге жономикалық жол ашылды. Құқықтағы заңның өзгеруі демократиялық сипат алды. Қазақстандықтардың ой-санасындағы нарықтық ойлаудың, жалпы рынокқа бейімделу соған сәйкес көзқарастардың қалыптасуына экономикалық ғылымның, ілімнің, теориясының ықпалы айтарлықтай. Әсіресе тәуелсіздік жылдарында нарық экономикасы туральт әдебиеттердің ана тілімізде жарық көруі жоғарыда аталған онды нәтижелердін, қайнар көзі болды.

Рынок қатынастарын меңгеруде әлемдік экономистердің ілімдері мен теориялары қазак. тіліне аударылды. Мысалы: Р. Дронбуш, С. Фишердің "Макроэкономика" (1997), "Экономикс" (1995). Аталған оқу құралдарын баспаға әзірлегендер: Т. Рыскүлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры Н. Мамыров бастаған окытушылары мен әл-Фараби атындағы Қазак. Ұлттық университінің профессоры Я. Әубәкіров, С. Досқалиев және т.б. Рынок экономикасы туралы мүндай оқулыктарды Қазак,станнын. көптеген облыстарындағы жоғары оқу орындары көптеп шығара бастады. Ізбасаров аударған Ф. Котлердің "Маркетинг негіздерін" оқушылар жылы қабылдады.

Жалпы Қазакстан Республикасында нарықтық экономика калыптасуының накты проблемалары: маркетингті түсіну, менеджментті анықтау, қаржы-несие, банк жүйелерін жетілдіруге арналған ғылыми-экономикалык әдебиеттер мен әдістемелік көмекші қүралдарды, оқулықтарды баспаға даярлауда отандык, ғалымдар ұлкен белсенділік танытты. "Экономикалык теория негіздер» (1994), "Экономикалық ілімдер тарихы" (1997), 'Экономикалык теория негіздері" (1998), "Менеджмент" (1998), *Маркетингтану"(1999), ''Халықаралық экономикалык

қатынастар"( 1998), "Экономикадағы ғылымды зерттеу әдістері" (1999), "Экономика ілімі мен теориясын оқыту әдістемесі" (2001)- міне, экономист-мамандардың, калың бүкаранын ғылыми
экономикалык. ой-пікірін, оңды нарыққа сай көзқарастарды
кальгптастыратын негізгі бұлақтар,

Өтпелі кезен, экономикасы мен оның аралас шаруашылығы пралы ғылыми пікір, теориялык талдау жасаған екі экономисті ^дейі атап өтуге тиіспіз: Жатқанбаев Е., "Аралас экономика кегіздері" (1995) және Елемесов Р. "Переходная экономика: проблемы, метологии и теории" (1998). СОҢРЫСЫ орыс тілінде лаізылғандықтан, қазақ оқырмандарына түсініксіздеу калды. Ал Жатканбаевтың аралас экономика проблемасы — жоспарлы және Ігарык, катынастары - қазіргі теориялық, тәжірибелік мәселелері Іерделенген, сондықтан оқьтрман жьтлы қабылдады. Осы түста жазылған С. Досқалиевтың "Қазақстанның халықаралык зкономикалык, қатынастары" (1997) деген монографиясындағы георнялык. методологиялык. ой-пікірлеріне баспасөзде оң баға берілді.

Қазакстанның рыноктык. экономикаға көшуі және осымен байланысты трансформациялық қозғалыс пен институционаддық ре(|)ормолардын. ойдағыдай жүргізілмеуі халықтьт қинады. Әсіресе, жекешелендіру процесі көптеген қиыншылықтарға кездесті. Ресгтубликара белгілі экономист О. Сабденов "XXI ғасырға қандай экономикамен кіреміз" (1999) деген көлемді еңбегінде елбасы Ң. Назарбаевтің рынокқа көшу идеясын жан-жақты қолдаған чалық мүнын, жағымды нәтижелерін күтетінін дәлелдей келе, монографияда мына мәселелердің теориялық жактарын зертгейді: жономикалық реформаға көзқарас кандай; жаңа экономикалық саясат; нарықтык. экономиканың жаңа жолдары; шағын бизнес-экономика тұтқасы; Қазақстанның XXI ғасырға әлеуметтік-экномикалық болжамы.

'Гағы бір жас ғалым Б. Байжүмаев "Өтпелі дәуір — меншік трансформациясы" (1998) деген монографиясында меншік қатынастарының конструкциясына теориялық түрғыда, методология мен жаңа парадигма негізінде талдау жасайды. Өтпелі кезеңдс жексшслендірудегі корпоративтік көзқарастарды сынайды, шснеуніктер мен

әкімшілік-әміршілдіктін меншік катынастарына теріс әсеріне өз көзкарасын білдіреді. Жекешелендіру процесінің ауыл шаруашылығында асығыс жүргізілуін аграр-экономист Т.Есіркепов қатты сынға алды.

Нарық катынастарын Қазақстанда қалыптастыру кәсіпкерлікті, шағьш бизнесті, агробизнесті дамыту арқылы жүзеге асады. Н. Назарбаевтың еңбектері мен қаулылары, парламент пен үкіметтің заңдары және шешімдері кәсіпкерлікке жол ашуға, эеіресе салык, саясатын үтымды жүргізуге бағытталды. БҮЛ проблемалардың теориясы мен тәжірибесіне арналған бірнеше республикалық, халықаралық ғылыми конференциялар өткізілді. Түран университетінде профессорлар Р. Алшанов, Қ. Тазабеков, О. Әлиев., ҚазЭУ-нің профессоры К. Оқаев және т. б кәсіпкерліктін. теориялык негіздерін, тарихын, шетелдік тәжірибесін терен зерделеуге ат салысты.

Қазакстан Республикасының тәуелсіздігінің (1991) он жылдығында экономикалық реформа, нарыққа көшу қалай басталды, калай жүрді және нәтижесі қандай деген сан түрлі сүрақтар зиялы қауымды, ғалымдарды жайбарақат қалдыра алмады. Өйткені экономикалык реформа мемлекеттік социализм, КСРО кезінде басталған еді. Жоспарлы экономикадан бас тартып, әміршілдік-әкімшілдік басқаруды жойып, КСРО-дан Ідығып, тәуелсіз ел болып нарық қатынастарына көшуді өз бетімізбен жүргіздік.

Жекешелендіру туралы әдейі президенттің заңы мен ұлттық бағдарлама қабылданды. Меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру үш кезеңге бөлінді: I - кезен. - 1991-1992 жыддар; II - кезең - 1993-1995 жылдар; III - кезең - 1996-1998 жылдар. Жекешелендіру процесінің тәсілдері мен механизмдері анықталды.

Алайда, ғылыми экономикалык әдебиеттерде рынокқа (нарыкқа) өту қызу талас туғызды. Академик Т. Әшімбаев "Экономика Казахстана на пути к рыноку" (1994) еңбегінін. "Переход к рыночным отношениям: плюсы и минусы. Спад производства и его последствия" деген бөлімінде бүл процеске "КСРО-нін. күйреуі", бүл бағытта республикадағы тәжірибенің жсжтығы кері әсерін тигізді деп жазды.

Ғалымдар Р. Елемесов, А.Есентугелов, О.Сәбденов осы кезеңде Парламентте экономикалык саясаттың альтернативті концепсиясын үсынып, мұнда үкіметтің экономиканы гүрақтандыруы туралы көзқарас түрліше (инфляцияны токтату немесе экономикалық өсу) болғанын көрсетті.

Жалпы рыноктық қатынастарға өтуде шетелдердің, әлемдік халыкаралық үйымдардың, әсіресе, Әлемдік банк, Европалық ламу және реконструкция банктерінін ыкпалы айтарлықтай болды. Халықаралық Валюта қорынан және басқалардан қаржы алу үшін әуелі экономикалық түрақтылык, бағаны либерализациялауды (ырықтандыру), инфляцияны ауыздықтау және т.б. шарттарды орындау тиіс болдық. Сондықтан рынок қатынастарына өтудегі асығыстық, қателіктер осымен байланысты еді. Тағы бір ескерер жай, біз тандаған рыноктық экономика үлгі-англо-американдык- монетарлық теорияға сүйенеді. Сөйтіп "бөрін ақша шешеді", экономикалык дағдарыстан да монетаристер шығарады дегенге сендік. Қазақстан Республикасында жекешелендіру қарсаңында (1991) мемлекеттік меншіктің үлесі 90 пайыз болса, 1997 жылы жеке сектор үлғайып, жеке кәсіпорындардын. үлесі 80 пайызға жетті. 1997 жылът жекешелендіру объектілерін сатудан түскен 56,5 млрд. теңге (745,4 млн. доллар) болды. Н. Назарбаевтың "Қазақстан — 2030" етратегиялык дамуында нарык экономикасына өту жалғастырылып, шетел инвестициасын келтіру, әлемдік рынокқа шығу проблемаларының басым бағыттары анықталды. Батыс Европа елдерінің, АҚШ-тың Қазақстанда рыноктық экономиканың өмірге келгенін мойындауы — тәуелсіздігіміздін он жылдығы маңызды уақиға.

Нарыктық экономикаға көшу Қазақстан Республикасы тұрғындарының түрмысында, сана-сезімінде түбірлі өзгерістер туғызды. Дәстурлі әкімшілік-әміршілдік баскару орнына рьтноктағы сүраныс пен үсыныска бейімделу, әлемдік рынокқа бет бүру, өз күнінді өзің күйттеу, өз күшіңе, өз қабілетіңе, еңбегіңе сену сиякты жаңа менталитеттер қалыптасты. Өтпелі кезең экономикасында әлеуметтік мәселелердің қайшылығы күшейді: баға өсіп, өндірістегі кәсіпорындар дағдарыска үшырап, жүмыссыздық кебейді. Бүрынғы қазақтар кездескенде "мал, жан аман ба?" деген сүрактын. мал сөзі аз айтьшып, жан сақтаудын. амалын көтт ойлайтын болды. Себебі нарык заңы қатал — тез байып, тез банкрот болуың көзді ашып-жүмғанша болатын КҮбылыс. Үкімет, мемлекет "түнгі күзетші" болуымен катар, рыноктық катынастардың кеңейіп, нығайуына заң шығарып, жағдай жасайды. Ал рынок кеңістігінде өз орнынды табу — жеке бастым. ттроблемасы, Баласұған айтканьшдай, "іс айлаға жүреді, сауда пайдаға жүреді." Нарық - колының ебі, аяғының желі бар адамдардың заманы. Сондықтан баға, сұраныс, акция, бәсеке және т.б. рынок категорияларын терең біліп, солар аркылы әрекет жасау керек, Отандық экономика ғылымындағы теориялық ізденістер мен тәжірибедегі іс-қимылдар осы проблемаларға бағытталған.

1991-1996 жылдардағы республика экономикасын реформалаудың нәтижелері және мұндағы қордаланған күрделі мәселелерді Ұлттық Ғылым Академиясынын Экономика институтының үжымы әзірлеген монографиядан анық көруге болады. Академик А. Қошанов, профессорлар М. Кенжегузин, М. Исаева және т.б. қатысуымен әзірленген еңбекте Қазак.стандағы реформанын, макроэкономикалық проблемалары: тұрактандыру, төлем дағдарыстары, антимонополистік шешімдер, кәсіпорындарды реструктуризациялау, кәсіпкерлікті дамыту, ұлттық әндіргіш күштер жүйесінде диверсификация мен бәсекелестікті күшейту, инвестиция стратегиясы, кор рыногын қалыптастыру, аймақтық экономика мен халықты әлеуметгік корғау саясатына экономикалық ғылыми талдау жасалған. Авторлардың пікірінше, макроэкономикалық түрактандыруда монетарлык саясатты колдануда төлем дағдарысына көңіл аударған дүрыс. Ғальтмдардың есебі бойынша, республикадағы монетизация деңгейі мен коэффициенті орташа жылдық ақша массасының (М,) жиынтык ішкі өнімге (ЖІӨ) қатынасы 9 пайыз. Ал қалыпты рыноктык экономикада ақша массасы жиынтық ішкі өнімнін, жартысын қамтамасыз етеді. Монетизация деңгейі АҚШ-та 55-65%, Германияда 58-62, Үлыбританияда 92-98, Жапонияда 110-130% болса, Азия мен Орталық Европа елдерінде - 20 пайыз, Қытайда - 90, Ресейде 30-35 пайызға жеткізу көзделген. Экономика институты ғалымдарының ойыяша, монетизация коэффіщиентін ЖІӨ-нін. 22-25 пайызы деңгейіне жеткізу керек.

Республика Ұлттық Ғылым Академиясынын, Экономика институты ғалымдары өздерінің топтама енбегінде 1993-1996 жж. меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасын жан-жақты зерделейді. Әсіресе, кәсіпорындарды шстелдср компаниясының баскаруына беру туралы ой-пікірлері нақты деректерге негізделген. Менеджмент теориясына қадам жасалкш "К.азақхром"трансүлтгық корпорациясынын акциясы былай бөлінген: Жапон корпорациясының үлесі - 55,2% (жай акция), мсмлекеттің үлесі -32,7 (жай акция), еңбек үжымының үлесі -13 пайызы басымдылығы жоғары акция болып табылады. Академия ғалымдары енбегінің сонғы бөлімдерінде шетел Ігивестациясы мен халықты әлеуметтік корғауды күшейту туралы жономмкалық көзк.арастары және статистикалық деректерге сүйеітіп есептелген үсыныстары келтірілген. Айталық, республика жономикасын реформалау барысында халықтың кедейленуі күшсйді, түрмыс деңгейі төмендеді: 1996 жылы түтыну қоржыны физмологиялык минимумның 61, әлеуметтік минимумньтң 42,5 пайызын қүрады, яғни осы жылдарда халықтың азық-түлік таяамдарын түтынуы мен әлеуметтік жағдайлары нашарлағанын көрсете ксліп, авторлар үясымы оны жақсартудың жолдарын кйрсстсді.

Отандық экономикалық ғылыми шығармаларға талдау түрлі Іео|эІІя.пар түрғысынан, айталык., классикалык, неоклассикалык, неокейнсиапдық, неоклассикалық синтез тәсілдері өлшемдеріне сәіікес бағалау әлі жеткіліксіздеу. Әсіресе, рынок қатынастарын, оның инфрақүрылымдарын институционалдық теория талаптарына карай реформалау, қүқықтық зандарды кабылдау өркениеттік деңгейде жүруі тиіс. Түптеп келгенде, рыноктык экономика республиканың шарушылығында трансакциондық шығындарды азайтуды, ресурстардың тиімділігін артгыруды, халықтың әл-ауқатын көтеруді көздейді. Кең мағынада республика экономмкасы ұлттық кеңістіктен шығып, аймақтык, әлемдікрынокке аяк, басады. Ал бұл - Евразиялык одақтықтың бастамасы.

 

 

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы және мазмұны Сағат саны Апта Өткізу формасы
  Кіріспе сабағы   Ауызша жауап беру, карточкалар-мен жұмыс жүргізу
Классикалық саяси экономияның пайда болуы Мәтінмен жұмыс, жаттығулар орындау
А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектеріндегі классикалық саяси экономияның дамуы Презентация жасау, мәтінмен жұмыс
  Мануфактура кезеңінен кейінгі смитшіл-классиктердін теориялардындағы өзін-озі реттейтін экономика. Сабақ-диспут өткізу. Қосымша әдебиеттермен жұмыс жүргізу.
    К.Маркстың «Капиталында» классикалык саяси экономияның дамуы Сұрақтарға жауап беру
    Маржинализм және жаңаклассикалық теорияның қалыптасуы 6-7 Сұрақтарға жауап беру. Топтарда талқылау
  Жаңаклассикалық мектеп пен жаңалибералдық теорияның эволюциясы. Бүгінгі таңдағы консерватизм 8-9 Типтік жоспарды қарастыру.
  Кейнсшілдік және оның эволюіциясы Проблемалық жағдайларды шешу.
    Әлеуметтік-институционалдық бағыт Болатын жағдайларды талдау
    Социалистік идеялардың эволюциясы Сұрақтарды топтарда талқылау
    Кеңестік ғалымдардың экономикалық теорияға қосқан үлесі Мәтінмен жұмыс, тест тапсырмала-рын орындау
  Қазақстанда экономикалық көзқарастардың пайда болуы және 14-15 Тест тапсырмала-рын орындау, мәтінмен жұмыс
  Барлығы  

“ Экономика ілімдер тарихы ” пәнінен семинар сабағын жүргізуге әдістемелік нұсқау

 

Экономика ілімдер тарихы пәнінен лекция оқумен қатар семинар сабағын белсенді жүргізу оқу процесінің маңызды формасы болып табылады. Семинар және лекция сабақтарының ортақ мақсаты – “Экономика ілімдер тарихы ” пәнін студенттерге тереңдетіп оқыту, теорияны практикамен ұштастыру болып табылады.

Экономика ілімдер тарихытеориялық бағытта қарастырып қоймай, олардың практикалық жақтарын қарастыру қажет.

Семинар сабағының айырықша міндеті – лекцияны тыңдау нәтижесін және қажетті әдебиеттермен жұмыс істегеннен кейін әрбір тақырыптың сұрақтары бойынша студент білімін тереңдетіп, оны жете меңгеруге тиісті; жоғары оқу орнында осы пәннен алған білімін оны бітіргеннен кейін де толықтырып, жетілдіруге тиісті; семестр бойынша студенттердің өз бетінше ізденіп, семинарға дайындалғанына жүйелі бақылау жасау қажет.

Семинар сабағы оқытушы және студент үшін де оқу процесінің күрделі және қиын формасы болып табылады. Семинар сабағының табысты өтуі тікелей оқытушының методикалық тұрғыдан сабақты дұрыс құруына, әдебиеттерді оқып, қарауын үйретіп, ұйымдастыруына тікелей байланысты. Семинар сабағын жүргізу барысында оқытушы студеттің жауабына дұрыс көңіл бөліп, уақтысында шешім қабылдап, студенттердің белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті.

Семинар сабағының белсенді түрде өтуі оны дұрыс ұйымдастыра алуына, топтың дайындығына тікелей байланысты.


«Экономика ілімдер тарихы» пәнін оқып үйренуге арналаған

әдістемелік нұсқаулар

Қашықтықтан оқыту тенологиясы бойынша студенттердің өзіңдік жұмыстары аудиторияда оқытылмайтын немесе шолып қарастырған материалдарды оқып білу жатады. Өзіндік жұмыстардың тақырыптары студенттің мамандығына және осы мамандық бойынша өзіндік жұмыстарға берілетін сағат көлеміне байланысты анықталады.

Студенттер №1,2,3 тақырыптарды өткеннен кейін №1 Өзіндік жұмысты орындап мұғалімге жіберуі қажет.

Студенттер №4,5,6,7 тақырыптарды өткеннен кейін №2 Өзіндік жұмысты орындау керек.

Студенттер №,8,9,10,11,12 тақырыптарды өткеннен кейін №3 Өзіндік жұмысты орындау керек.

Студенттер №12 тақырыптарды өткеннен кейін №4 Өзіндік жұмысты орындау керек.

Қашықтықтан оқыту формасы бойынша оқитын студенттер өз бетімен теориялық материалдарды оқып үйреніп, семинар және тәжірибелік-лабораториялық, өзіндік жұмыстарды орындап, тест немесе тексеру сұрақтарына жауап беру керек.

№1,2,3,4,5,6,7 –тақырыптарды оқып-үйренгеннен кейін №1 Аралық бақылауды өткізу қажет.

№8,9,10,11,12 –тақырыптарды оқып-үйренгеннен кейін №2 Аралық бақылаудан өту керек.

Курсты оқып-үйренуді әдебиетті іріктеуден бастау керек, бірақта ұсынылған әдебиеттер тізімі (Силлабусты қара) информатикадан барлық әдебиетті қамтымаған. Сондықтан, курс бағдарламасында қарастырылған сұрақтар бар болатын әдебиеттің кез келгенін пайдалануға болады.

Төменде курстың жекелеген тақырыптары бойынша, әр тақырып бойынша әдебиеттер көрсетілген нұсқамалар берілген.

 


Үлестірмелі-белсенді материал

 

1. Экономикалық ілімдер тарихының пәні:

A) адамзат қоғамының даму барысында өзгеретін идеялар мен көзқарастар

B) адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастары

C) нақты бір елдің экономикасы

D) халық шаруашылығы

E) қоғамдық өнімді ендірудегі экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы

2. Ежелгі дүниеде «азиаттық» өндіріс тәсіліне қадам жасаған елдер:

A) Вавилония

B) Қытай

C) Үнді ежелгі

D) Рим ежелгі

E) Греция

3. «Артхашастра» атты тасескерткіші қай елде жазылған

A) Үнді

B) Қытай

C) Вавилония

D) Египет

E) Араб

4. «Құран» қай елде пайда болды:

A) Араб

B) Үнді

C) Қытай

D) Азия

E) Рим .

5. «Саясат немесе мемлекет» деген еңбекті жазған кім:

A) Платон

B) Аристотель

C) Ксенофонт

D) Сократ

E) Конфуций

6. Римді сақтау үшін аграрлық реформа, жер иеленушілер керек деген ой-пікірдің өкілдері:

A) Ағайынды Гай мен Тиберий

B) Варрон

C) Колумелла

D) Катон

E) Аквинский

7. Адамзат дамуын екі сатыға (тағылық , өркениет) бөлуіші ортағасырлық араб ойшылы

A) Ибн -Халдун

B) Фома Аквинский

C) Мухаммед пайғамбар

D) Әбу Насыр Әл Фараби

E) ИбнСина

8. «Ізгілікті,қайырымды қала және оның тұрғындары» туралы еңбекті жазушы:

A) Әбу Насыр Әл Фараби

B) Бируни

C) Ибн Сина

D) Мұхаммед

E) Аквинский

9. Шаруашылық қызметті экономика мен хрематистикаға бөлуші

A) Аристотель

B) Ксенофонт

C) Платон

D) Колумелла

E) Конфуций

10. Меркантилизм саясаты кімдердің мүддесін білдірді

A) сауда буржуазиясының

B) діни адамдардың

C) ірі жер иеленушілердің

D) халықтың

E) философтардың

11. Ақшаның мәнін оның табиғи қасиетімен түсіндірген меркантилистердің талдауындағы ақша теориясы

A) металдық

B) сандық

C) номиналистік

D) монетарлық

E) дұрыс жауап жоқ

12. Феодализмнің ыдырау және капитализмнің қалыптасу тұсындағы ақшаның металдық теориясымен қатар туындаған номиналистік теориясының өкілдері

A) Дж.Локк, Д.Юм

B) А.Смит, Д.Рикардо

C) К.Маркс, Ф.Энгельс

D) Ф.Кенэ, А.Тюрго

E) Т.Мальтус, Дж.Милль

13. Меркантилистердің зерттеу обьектісі

A) айналыс саласы

B) өндірістік капитал

C) құн заңы

D) материалдық өндіріс

E) тұтыну саласы

14. Меркантилистердің ойынша ел байлығын ұлғайтудың басты саласы

A) сыртқы сауда

B) ауыл шаруашылығы

C) ірі өнеркәсіп

D) өндірісі мануфактуралық өндіріс

E) қызмет көрсету

15. Физиократтардың көрнекті өкілдері:

A) Ф.Кенэ.А.Тюрго

B) Т.Мен, У.Стаффорд

C) А.Смит, Д.Рикардо

D) Ж.Кольбер,А.Монкретьен

E) К.Менгер, Ф.Визер

16. Физиораттар ел байлығын көбейтудің көзі деп нені түсінген

A) ауыл шаруашылығы

B) сыртқы сауда

C) сауда саласы

D) ірі өнеркәсіп мануфактуралық өндіріс

E) қызметкөрсету саласы

17. «Экономикалық кестенің» авторы

A) Ф.Кенэ

B) А.Монкретьен

C) А.Тюрго

D) А.Смит

E) К.Маркс

18. «Экономикалық кесте» еңбегінде экономика тарихында алғаш рет талданды

A) ауыл шаруашылығының ұдайы өндірісі

B) мануфактураның дамуы

C) өнеркәсіп өндірісі

D) сауда балансы

E) кәсіпкерлік

19. А.Смит ақшаның қандай қызметін талдады

A) айналыс құралы

B) құн өлшемі

C) төлем құралы

D) қорлану құралы

E) әлемдік ақша

20. Тауардың айырбас құнын Д.Рикардо қалай анықтады

A) қоғамдық еңбек өнімділігімен

B) тұтыну құнымен

C) жеке шығындармен

D) табиғи фактормен

E) әділетті бағамен

21. Маркс жалақыны қалай түсінеді

A) жұмыс күшінің құны мен бағасының өзгерген түрі

B) еңбектің бағасы

C) еңбектің ақысы

D) жұмысшылардың өмір сүруіне қажетті құралдарының құны

E) дұрыс жауап жоқ

22. Маркстің дәлелдеуі бойынша капиталды өсірудің өндірістік факторлары

A) жұмысшы күші

B) еңбек заттары

C) өндіріс құралдары

D) еңбек құралдары

E) жер

23. Маржиналистік бағыттағы экономистер қолданбайтын термин

A) тұтыну құны

B) экономикалық игілік

C) шекті шығындар

D) шекті өнімділік

E) дұрыс жауап жоқ

24. Маржинализм өкілдерінің қайсысы «шектілік» ұғымын енгізді

A) Ф.Визер

B) В.Парето

C) А.Маршалл

D) У.Джевонс

E) К.Менгер

25. Төмендегілердің экономикада қайсысы математикалық мектептің негізін қалады

A) И.Тюнен

B) Л.Вальрас

C) В.Парето

D) А.Маршалл

E) У.Джевонс

26. Төмендегі экономистердің қайсысы олигополия идеясын усынды

A) А.Курно

B) Дж. Робинсон

C) Дж.Гэлбрейт

D) Э.Чемберлин

E) Дж.Кейнс

27. Дж.Кейнстің «Жұмыспен қамту, процент, ақшаның жалпы теориясы» еңбегін жазу себебі:

A) терең дағдарыстан шығу

B) мемлекеттің экономиканы қатал реттеуі

C) монополияның өсуі

D) ақшаның айналыста көбеюі

E) ұлттық байлықты көбейту жолдарын табу

28. Ежелгі Греция мен Рим елдеріндегі ой пікірлер қандай шаруашылықты қорғады:

A) натуралды шаруашылықты

B) тауарлы шаруашылықты

C) капиталистік шаруашылықты

D) мануфактураны

E) өсімқорлықты

29. «Хаммурапи заңдар кодексі» қай елде жазылған

A) Вавилония

B) Қытай

C) Араб

D) Греция

E) Магриб

30. «Саясат» еңбегінің авторы:

A) Аристотель

B) Платон

C) Ксенофонт

D) Сократ

E) Конфуций

31. «Байлықты жинау өнері», «ақша жасау өнері» Аристотельдің пікірінше шаруашылық қызметтің қай түріне жатады:

A) хрематистика

B) экономика

C) өндіріс

D) табиғи

E) дұрыс жауап жоқ

32. Алғашқы меркантилизм немесе «ақша балансы» меркантилизмінің өкілі:

A) У.Стаффорд

B) Т.Мен

C) А. Смит

D) Д.Рикардо

E) А.Серра

33. Ел байлығының басты көзі саудада деп тұжырымдаушы экономикалық мектеп:

A) Меркантилизм

B) Физиократтық

C) Марксизм

D) Маржинализм

E) неоклассикалық

34. Физиократтар қоғам байлығын көбейтудің көзіне қандай саланы жатқызды:

A) ауыл шаруашылығын

B) ірі өнеркәсіпті

C) ішкі сауда саласы

D) мануфактураны

E) сыртқы сауда

35. Кейінгі меркатилизм немесе «сауда балансы» меркантилизмінің өкілі:

A) Т.Мен

B) У.Стаффорд

C) Г.Скаруффи

D) А.Смит

E) Ф.Кенэ

36. «Саяси экономия» терминінің авторы, теоретик-меркантилист

A) А.Монкретьен

B) У.Петти

C) П.Буагильбер

D) Ксенофонт

E) Аристотель

37. Саяси экономияның буржуазиялық классикалық мектебінің алғашқы негізін салушылар:

A) У.Петти, П.Буагильбер

B) Ф.Кенэ, А.Тюрго

C) А.Смит, К.Маркс

D) У.Петти, Ф.Кенэ

E) Ф.Кенэ, К.Маркс

38. Сауда балансы саясаты тусында меркантилистердің принципі бойынша мемлекеттің алдымен жүргізетін экономикалық саясаты

A) протекционистік саясат

B) бәсекені ынталандыру

C) шеттен әзір бұйымдарды әкелуді ынталандыру

D) импорты экспорттан асыру

E) импортты шектеу

39. Алғашқы макроэкономикалық модельді жасаушы және «Экономикалық кестенің» авторы

A) Ф.Кенэ

B) У.Петти

C) П.Буагильбер

D) А.Тюрго

E) К.Маркс

40. Абсолютті жер рентасы теориясын жасаушы жэне экономика ғылымына «турақты капитал» терминін енгізуші экономист

A) К.Маркс

B) Ф.Кенэ

C) А.Смит

D) Д.Рикардо

E) Ф.Энгельс

41. Д.Рикардоның өз зерттеулеріндегі басты назар аударған экономика саласы

A) бөлу

B) өндіріс

C) айналыс

D) тұтыну

E) дұрыс жауап жоқ

42. Шөкті пайдалылық теориясының негізін салушы мектепті атаңыз

A) австриялық

B) кейнсиандық

C) классикалық

D) физиократтық

E) тарихи

43. Мына экономистердің қайсысы жалақыны жұмысшылардың өмір сүруіне қажетті құралдарының қунымен анықтады

A) Д.Рикардо

B) А.Смит

C) К.Маркс

D) Т.Мальтус

E) У.Петти

44. Кейнстің жалпы теориясының негізгі ядросын атаңыз

A) тиімді сұраныс принципі

B) инвестициялық мультипликатор

C) тұтынуға орташа және шекті бейімділік

D) тиімді ұсыныс

E) тұрақты баға

45. Монополиялық бәсекелестік теориясының негізін салушы:

A) Э.Чемберлин

B) Дж.Робинсон

C) Дж.Хикс

D) П.Самуэльсон

E) Дж.Гэлбрейт

46. «Ағылшынның саяси экономиясының атасы», «Салымдар мен алымдар туралы трактат» еңбегінің авторы:

A) У.Петти

B) Д.Рикардо

C) А.Смит

D) П.Буагильбер

E) Ф.Кенэ

47. Ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс төмендегідей рыноктық теорияның авторы

A) реттелетін

B) аралас

C) реттелмейтін

D) жоспарлы

E) дәстүрлі

48. Теориялық мектептердің қайсысы шекті өнімділік, шекті пайдалылық т.б секілді шекті шамаларды зерттеді

A) маржинализм

B) институцианализм

C) марксизм

D) классикалық

E) меркантилизм

49. Отандық тауарлардың сапасын арттыру арқылы тұтынуды арттыру, оларды сырттан сатып алғаннан гөрі шетелдерге көбірек сату, олармен бәсекелестікті күшейту туралы ой-пікірді қолдаушы, ағылшын меркантилизмінің өкілі

A) Т.Мен

B) У.Стаффорд

C) Скаруффи

D) А.Монкретьен

E) А.Серра.

50. «Адамдар бақыты байлықта, ал байлық еңбекте» деген пікірдің авторы

A) А.Монкретьен

B) Т.Мен

C) Даванцати

D) У.Стаффорд

E) Скаруффи

51. Ресейде меркантилизм идеясын ең алғаш рет енгізуші

A) Ордин-Нащокин

B) Посошков

C) Татищев

D) Ломоносов

E) Чернышевский

52. Ақша айналымын реттеудегі мемлекеттің рөлі, әртүрлі елдерге бірдей ақша бірлігін шығару туралы мәселелерді көтерген, монетаризм саясатына жақындау болған меркантилизм бағыты қай елде орын алды

A) Италия

B) Англия

C) Франция

D) Ресей

E) Германия

53. «Егер экспортқа шығарушы тауарлардың құны жыл сайын сырттан әкелінетін тауарлардың құнынан жоғары болған жағдайда елдің ақша қоры көбейеді» деген пікірді ұстанушы

A) Т.Мен

B) А.Монкретьен

C) Скаруффи

D) Серра

E) У.Стаффорд

54. Сисмондидің пікірінше саяси экономия нені зерттейді

A) адам қажеттілігін, сезімін

B) шектеулі ресурстарды

C) өндіргіш күштерді

D) сұраныс пен ұсынысты

E) өндірістік қатынастарды

55. Сисмонди мен Прудонның «экономикалық романтизм» туралы ортақ көзқарасын сипаттайтын фактор

A) ұсақ буржуазияның мүддесін қорғау

B) натуралды және жай тауарлы шаруашылыққа оралу

C) капиталистік дамуды теріске шьғару

D) капитализмді реформалау

E) капиталды тарату

56. «Экономикалық романтизм» мәнін ашатын категория

A) ұсақ мануфактура, қолөнершілер

B) пролетариат, орта буржуазия

C) капиталист мануфактура

D) ірі буржуазия

E) капиталистік фабрика

57. Т.Р.Мальтустың көзқарасын білдіретін устанымын көрсетіңіз

A) тұрғындар геометриялық прогрессия бойынша өседі

B) қайыршылықтың себебі

C) мұліктің біркелкі бөлінбеуінен

D) ірі буржуазияның мүддесі

E) жердің құнарлығы

 

 


ӨЖ-ДІҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

 

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
1. ӨЖ №1 1. Меркантилизммен физиократияның ұқсастығы мен айырмашылығын талдау 2. А.Смиттің абсолюттык айырмашылықтар теориясы және Д.Рикардоның салыстырмалы айырмашылықтар теорияларының сипаты 3 а) Протекционизмнің мәні б) Еркін сауда және протекционизм в) Протекционизмнің жағымды және жағымсыз жақтары   4 апта   Криптограмма шешу Реферат жазу     Презентация жасау
2. ӨЖ № 2 1. Марксизм және экономикалық теория 2. Шекті пайдалылық теориясы баға белгілеу теориясы ретінде 3. а)Госсен заңдарының экономикалық ғылымдағы мәні мен алатын орыны. б) Процент және капитал туралы неоклассиктер (О.Бем-Баверк, Ф.Визер, Э.Шумпетер, Л.Вальрас, Дж.Кларк, И.Фишер) 7 апта   Сөзжұмбақ шешу Тест сұрақтарына жауап беру шешу Баяндама жазу
3. ӨЖ №3 1. Консерватизмнің мәні және қазіргі көрінісі 2. а)Джоан Робинсонның экономикалық көз қарасы б) Сұраныс теориясы: монетарлық және кейнсиандық көзқарастар. в)Монетаризм – еркін кәсіпкерліктің және өзін өзі реттейтін нарықтық экономиканың либералдық идеологияның бір нысаны. 3. Р.Солоудың әлеуметтік-экономикалық даму моделі.   11 апта   Реферат жазу   Кроссворд шешу     Тест сұрақтарына жауап беру
4. ӨЖ № 4 1. а)Батыс Еуропалық социалистік утопистердің экономикалық ілімі. б) Социал-демократтардың экономикалық концепциялары. 2. А.Құнанбаев,Ы.Алтынсарин, Ч.Үәлиханов сынды ағартушы-демократтардың экономикалық көзқарастарын талдау. 3. а)Қазақстанның халықаралық еңбек бөлініс жүйесіндегі орны. б) Қазақстан экономикасының даму жолдары туралы осы күнгі пікірталас. в) Қоранның экономикалық аспектілері. г) 20ғ. 20-30жж. Қазақстандағы экономикалық ойлардың даму ерекшеліктер   14 апта   Презентация жасау     Криптограмма шешу
  Барлығы    

 

ӨЖ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:

 

Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.

1. Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.

2. Жаңа білімді белсене қабылдау.

3. Проблемалардың шешімін табу.

4. Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.

5. Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.

Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.

ӨЖ тапсырмасын орындауда міндетті түрде әдебиеттерге сілтемелер жасалыну керек.ӨЖ тапсырмаларын 4,7,11,14 апталарда тапсыру керек. Әр СӨЖ 3 тапсырма. Тақырыптар бойынша презентация жасау, тест сұрақтарын құрастыру және глоссарий.

Презентацияны Power Point Presentation бағдарламасын қолданып жасайсыздар. Көлемі 20-25 слайдтан кем емес. Бағаланады – презентация мазмұны, көлемі және рәсімделуі.

Тест сұрақтары – сол тақырыптың, слайдтардың мазмұны бойынша жасалынады. Тест сұрағында бір сұрақ дұрыс және 5 варианттан құралуы тиіс. Тест саны шексіз. Бағаланады – тест мазмұны және көлемі.

Глоссарий – сөздік әзірлеу. Сөздік сол тақырыптың, слайдтардың мазмұны бойынша жасалынады. Саны шексіз. Бағаланады –мазмұны және көлемі.

Ақпарат көздері оқулықтар, газет, журнал мақалалары болуы керек және сол көрсетілген деректерге студенттің көз қарасы, пікірі көрсетілуі тиіс. Сонымен қоса, қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасалыну керек.

Әр ӨЖ балдары кестеде берілген. Уақытысында өткізілмеген жұмыстар тексерілмейді және балл қойылмайды.

Ұсынылған тақырыптарға эссе жазу. Эссені жазу барысында студенттер ғалымдардың еңбектерін оқып, негізгі идеяларын түсінуі қажет. Авторлардың теорияларына терең талдау жасап қазіргі көзқарастармен танысу керек. Осыларға сүйеніп өздерінің пікірлерін, көзқарастарын көрсетуі абзал. Авторлардың экономикалық теорияларын өзара салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету керек.

 

 

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ.

1 Аралық бақылаутапсырмалары – 100 балл

1 Келесі кестені толтырыңыз

.

Кезең және мектеп (бағыт) Ғалымның аты Негізгі еңбегі Ілімінің мазмұны
       

<== previous lecture | next lecture ==>
Калыптасуы | Тапсырма ЭССЕ жазу.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.165 s.