Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Автомобиль жолдары


Date: 2015-10-07; view: 986.


Жеке меншік магистаральдар салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау. Әуе көлігі

Авиацияда тәртіп орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары деңгейді ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толықтыру.

Әуежайларды қайта жаңарту, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу. Су көлігі

«Ақтау» айлағын қайта жаңарту және флотты кемелермен толықтыру үшін шетел инвестицияларын тарту. Байланыс және телекоммуникациялар желілері

- Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру (балаларға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын тарату).

- Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер:

Мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау.

Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру.

Ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.

Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия ұстанымдары:

Ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.

Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.

Ведомствоаралық үйлестіру.

Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.

Орталыққа тәуелділікті жою.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.

Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетілді.

Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды.

Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.

Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді.

Орасан зор байлық – табиғи ресурстар.

Жетекші фактор – адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш қуаты, табандылығы, білім-білігі.

Ауыл шаруашылық жерлері.

Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі.

Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.

 

79. Экономиқалық рефорамлар

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

Экономикалық реформаны дамыту жағдайында 35 станционерліқ қоғам, 75 салааралық сыртқы, экономикалық ассоцияциялар, 30-ға жуық концерндер мен консорциумдер, 30-дан астам коммерциялық банктер құрылды.

Жекешелендіру. Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіружоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.

Жекешелендірудің мақсаты :

1. Кәсіпкерлікті дамыту.

2. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу.

3. Еркін баға орнату.

4. Жеке меншік секторлар құру.

5. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.

Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды. Мақсаты:

- Нарықты басқару механизмін еңгізу.

- Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қатамсыз ету.

- Тұтынушылардың мүддесін қорғау. Бұл заңда Монополиялық бақару құрылымын тарату, товар нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары белгіленген.

Іскерлік белсенділіктің өсуі жаңа банктік құрылымның жасалуына әсер етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық әл-ауқатты жақсартпады. Өндірістік тұтыну товарлары мен қызмет көрсету қысқартылды.

1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есіге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айыннан тамызға дейін өндірістік товарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.

80. Қазіргі кезеңдегі Қаз.экон.реформалаудың негізгі багыттары

Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:

1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.

2. Жекешелендіру.

3. Кәсіпкерлікті дамыту.

4. Монополияны жою.

5. Бағаны босату.

6. Қатал ақша –несие және қаржы саясатын жүзге шыру.

80. КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар: АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.

1996 жылғы 31 қыркүйек – Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.

1996 жыл, 26 сәуір — «Шанхай бестігі» құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан). Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы негізінде жүзеге асуда.

Тәуелсіз алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше. (1997 ж. басы).

800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

Бірқатар ірі капиталистік елдер Қазақстанға экономикалық көмек ретінде несие беруде. Ең ірі көлемдегі несиелерді беруші елдер: Германия, Түркия, Австрия, Ұлыбритания. Бұдан басқа Жапония, АҚШ секілді донор елдер үлкен қаржылық көмек көрсетіп отыр. Республика экономикасына шетел инвестициялары көптеп тартылды.

Еліміздегі шетелдік бірлескен кәсіпорындарының жалпы саны – 746 (1996 ж.). Қазақстан-американ бірлескен кәсіпорындары – 325 (1999 ж.). Американ инвестициясының көлемі – 2 млрд. доллар.

1997 жылғы 28 ақпан — «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң қабылданды. Нәтижесінде, Қазақстанға тартылған инвестициялық қаржы көлемі – 10 млрд. долларға жетті.

Соңғы жылдары Қазақстанның өнеркәсібін жандандыруда біраз шаралар іске асырылды. Нәтижесінде,

1999 жылдың соңында жалпы өнім өндіру – 1%-ға, өндіріс көлемін арттыру – 1,8%-ға өсті. Республиканың алтын қоры 2 млрд. долларға жетті.

2000 жылғы 26 сәуір — «Еуразия – 2000» экономикалық саммиті өтті.

2000 жылғы 10 қазан – Астанада кедендік Одақ елдері басшыларының (Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) мемлекетаралық Кеңесі өткізілді. Нәтижесі: Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысымен Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы құжат қабылданды. Халықаралық байланыс нәтижелерінің тарихи маңызы:

Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан дүниежүзілік аренада беделді орын иеленді.

 

81. Қазақстанның сыртқы саясаты

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық

Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан ОртаАзиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саясиэкономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр.

Ресей Федерациясымен ынтымақтастық

Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық

Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.

Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық[өңдеу]

Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Кытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауарайналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.

Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық[өңдеу]

Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.

Мұсылман елдерімен ынтымақтастық[өңдеу]

Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті

Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алгашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскеде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскедегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат кұруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстурлі діндер басшыларының Съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады.

Еуропа Одағымен ынтымақтастық[өңдеу]

Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймактық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады.

ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері

Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРОреспубликаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық

Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарымқатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық

82. 1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.

82. Қазақтардың ДЖ.құрылтайы. 1992ж. Қазақ диаспорасының тарихы мен ахуалы

Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:

Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.

Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.

Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері. Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай

 

83. ҚР. Саяси партиялар мен қозғалыстар: бағдарламалар мен міндетер

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы – саяси партия.

Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.

Төрағаның бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.

«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар.

Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие.

2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.

 

84. Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә.

Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Ассамблеяның негізгі міндеттері этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту; қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу; азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

 

85.Тәуелсіз Қаз. рухани дамуындағы жетістіктер ( 1991-2010 жж.)

Н.А.Назарбаев «Тарих толқынында»

Үшінші мыңжылдыққа санаулы күндер қалғанда біздің болмысымыздың ең көкейкесті сұрақтары – ұлттық үндестігіміздің мән-маңызы неде, қазіргі Қазақстан үшін мәдениетке қатысты үлгінің қандайы қонымды, біздің ұлттық санамыздың арқауы неде, қазіргідей жедел құбылатын заманда «МЕН» дегізерлік ұлттық қасиеттерді қалай сақтап қалуға болады – міне, мұның бәрі де нақтылы өмірмен беттескен саясаттың сұрақтары. Ал оның жауабы бүгінгі өмірмен ғана астасып жатқан жоқ, тұнығы мен тұманы қабаттасқан тарихтың тұңғиығымен де тамырласып жатыр…

 

86. Қазақстанның сыртқы саясаты

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет

басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

 

87. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдаулары.

1997жыл-«Қазақстан-2030» стратегиялық жоспары

«Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»

1998жыл-«Елдегі жағдайлардың ішкі және сыртқы бағыттары, жаңа ғасырдағы қоғамды демократияландыру »

1999жыл-«Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы»

2000жыл-«Еркін де еңселі, әрі қауіпсіз қоғамға»

2001жыл-«Елдегі жағдайлардың ішкі және 2002жылғы сыртқы саясатының негізгі бағыттары»

2002жыл-«Елдегі жағдайлардың ішкі және сыртқы саясатының 2003 жылғы негізгі бағытары туралы»

2003жыл-« Елдегі жағдайлардың ішкі және сыртқы саясатының 2004 жылғы негізгі бағытары туралы»

2004жыл-«Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті халық»

2005жыл-«Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңаруы»

2006жыл-«Қазақстан дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50ел қатарына қосылуы»

2007жыл-«Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан»

2008жыл-«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру саясаты»

2009жыл-«Дағдарыстан жаңару мен дамуға»

2010жыл-«Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу»

2011жыл-«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»

2012жыл-«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»

2013 жыл-«Қазақстан -2050» стартегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»

 

елбасы еңбектерінің тәуелсіз қазақстан тарихындағы тарихнамалық және деректемелік маңызы

Тәуелсіз даму жылдары Қазақстан Республикасында туындап жатқан жаңа үрдістерге өз ұстанымы, оларды көре білу ең алдымен Н.Ә.Назарбаевтың 20-дан астам кітаптарында бейнеленді. Олардың қатарында: «Әділеттің ақ жолы», «Тәуелсіздік белестері», «Еуразия жүрегінде», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» т.б. кітаптар бар.

Халықаралық қатынастар жүйесінде лайықты орын алу егеменді жарияланған сәттен бастап Қазақстан

Республикасының басты міндетіне айналды. Қазақстан тарихының қазіргі сатысы ерекше маңызды, өйткені ол ic жүзінде республиканың болашағын, оның жаңа ғасырдағы беделін айқындайды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өзінің сыртқы саяси стратегиясында сыртқы дүниемен тепе-теңдікте даму мәселесін бірінші орынға қоюды талап еткен нақты геосаяси шындыққа тап келді.

Біз егемендікті неғұрлым толық камтамасыз етуді және халықаралық аренада Қазақстанның мүдделерін қорғауды көздейтін сыртқы саясаттың қазіргі көп факторлы бағытын дәйектілікпен нығайтудың куәсі болып табыламыз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Еліміздің халықаралық саясатының көп салалы сипаты өз уакытында дұрыс айқындалды. Бұл Қазақстанның, геосаяси жағдайына, оның ұлттык-мемлекеттік мүдделеріне толық сай келеді. Олардың Қазақстанның таяу төңірегіндегі елдерге ғана емес, сонымен бipre өзара тиімді ынтымақтастық белсенді түрде дамып отырған алыс шетелдерге де қолданылу өpici бар».

Н.Ә. Назарбаев қазақстандық сыртқы саясаттың ұзақ мерзімді мақсаты есебінде «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясының» ойдағыдай жүзеге асырылуы үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру және қолдауды айқындады.

Бұл орайда Қазақстанның сыртқы саясаты ұзак мерзімді ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, жеткілікті дәрежеде әртараптандырылған және көп салалы саясат болып табылады. Осыған байланысты Президент Н.Ә. Назарбаев КР Сыртқы істер министрлігі Алқасының, 1998 жылғы қыркүйектен кеңейтілген отырысында былай деп атап көрсетті: «Өткен жылдар бізді Қазақстан үшін көп салалы дипломатияны жүзеге асырудан басқа негұрлым парасатты да оңтайлы сыртқы саясат жоқ деген пікірге орнықтырды. Бұл әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және еліміз үшін практикалық мүдде болып табылатын барлық мемлекеттермен достық және болжалды өзара қатынастарды дамыту. Қазақстанның болашағы - Азияда да, Еуропада да, Шығыста да, Батыста да».

Н.Ә. Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты зерттеуі заманауи дүниенің аса күрделi проблемаларына арналған. Сөз жоқ, сыртқы және ішкі факторлардың тұтас бір кешенше талдау жасамай және оны ескермей, бейбіт болашақты орнату мүмкін емес, олар, қалай дегенмен, ұлттық қауіпсіздікке және жас мемлекетіміздің аумақтық тұтастығына барынша салқынын тигізеді. «Бірақ шешім қабылдаудың бір парадоксы мынада екені даусыз: шешімінің көбіне-көп қате болып шығатыны, онда тым көп факторлардың ескерілетіндігінен ғана. Былай қарасақ , әлдебір шешімді сыншыл талдау тезінен көбірек өткізіп, ықтимал нұсқалардың бәрін ескерсек, ол шешім проблеманы жеткілікті дәл бейнелейтін секілді болып көрінеді. Бipaқ ic жүзінде олай емес, ic жүзінде дұрыс шешім бip ғана алғы- шартқа негізделеді және ол шешім қабылдау процесінде ескерілетін факторлардың көпшілігіне жиі-жиі кереғар болып шығады.

Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты кітабында қазіргі заманғы лаңкесті, жаһандык және өңірлік қауіпсіздікті камтамасыз ету проблемалары және оларға қарсы күрес шаралары қарастырылған. Қазақстанда лаңкестік, жікшілдік пен экстремизм проблемалары мен олар тарапынан келетін қауіп-қатер әсте болжалды сипатта емес, әбден нақты және айқын сипатта болып отыр, бұған әсіресе, өңірлер мен жалпы халықаралық қоғамдастықтың саяси, әлеуметтік, экономикалық проблемаларының өзара байланыстылығынан туындаған халықаралық лаңкестіктің белілі бір жаһандануын ескергенде толығырак көз жеткізуге болады. Өзінің еңбегінде Президент былай деп атап көрсетті «Қазақстанда діни экстремизм — үлкен аяда көрініс таба қоймаған кұбылыс, алайда түптің түбінде, конфессиялық тұрақсыздық процeci бізде де төбе көрсетуі мүмкін деген кауіп белгілі дәрежеде бар. Әрине мұндай қуатты кауіп-қатер, оны дер кезінде сезінбеген немесе алдын алмаған жағдайда төбе көрсетпек»

Президент Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздіктің 15 жылдығы қарсаңында жазылған «Қазақстан жолы» деген енбегі егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының шежіресіне айналды. Онда мемлекет пен оның көп ұлтты халкының өмірін түбірімен өзгерткен іргелі саяси және әлеуметтік- экономикалық түрленуінің егжей-тегжейлі сипаттамасы берілді. Кітапта этносаралық және конфессияаралық татулық пен келісімге негізделетін әлеуметтіксаяси тұрақтылық мәселесі басты орындардың бірін алады. Тәуелсіздіктің алғашкы жылдарынан бастап бұл мәселе мемлекеттік идеология денгейіне кетерілді. Түрлі ұлттық-діни мәдениеттің тайталасы салдарынан әлемде болып жатқан елеулі жанжалдар мұндай көзқарастың дұрыстығын қуаттайды.

Елің үшін атқарған игілікті істер жемісі өткенді ой елегінен өткергенде айшықтала түспек. Тәуелсіздік туы желбіреген елдің қол жеткен бакытын баянды ету жолындағы он бес жыл, оның шүкірлік етер бел-белестері керуендей тізбектеліп көз алдына келеді. Кітап авторы тақырып аясының кеңдігіне қарамастан, онда жалаң фактілер мен ресми қорытындыларға жол беруден гөрі, өзінің жан-жүрегімен сезінген ой толғаныстарын, әрбір атқартан icтен алған қуаныш-ләззатын, ертеңгі ұрпаққа ес болар естеліктерін қарапайым да шұрайлы тілмен баяндайды.

КСРО-да 80-жылдардың екінші жартысында экономикалық және саяси реформалардың күйреуі тәуелсіздік алардың алдында болды.

Н.Ә. Назарбаев атап өткеніндей: «Қазақстан мемлекеттілігін құру пpoцeci — күрделі, көп енбекті қажет ететін, сан қырлы міндет. Бұл тұста ойланбаған асығыстық пен орынсыз жайбасарлық, болмауға тиіс. Биліктің барлық тармақтарының өзара түсіністігін, өзара ic-қимылын қамтамасыз ету маңызды... Негізi жалпыұлттық басымдықтардың қатарына түбегейлі әлеуметтік - экономикалық реформаларды жүзеге асыруды қосқан жөн. Бұл - қазіргi Қазақстанның тәуелсіздік алуындағы өзекті мәселе. Реформалар тағдыры саяси саланы мемлекеттік басқарудың тұтқаларымен тікелей байланысты. Өйткені Қазақстанның, соңғы онжылдықтардағы дамуы өте күрделі де ауқымды процестермен сипатталып отыр. Нақ осы кезде республика аумағында бірқатар аса зор бағдарламалар жүзеге асырылды».

«Қазақстан жолы» — мемлекет орнату, жаңа қоғамды жасақтау тәжірибeci болашақ үшін айрықша құндылық болып табылатын тарихи окиғалар туралы кең ауқымды ақпараттан тұратын кітап. Бұл еңбек заманауи отандық және дүниежүзілік тарихнаманы елеулі түрде толықтырды, кітап жарыққа шыққан сәттен бастап әлемдік сарапшылардың назарына ілігіп, әлемнің түрлі тілдеріне аударылды.

Мемлекет басшысының «Ғаламдық қоғамдастықтың, түбегейлі жаңару стратегиясы және өркениеттердің әріптестігі» атты жаңа еңбегінің дүниеге келуімен байланысты Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының тарихнамалық мүмкіндігі айтарлыктай байыды. Басылып шыққан алғашқы күннен бастап, еңбек қазақстандық және шетелдік саясатшылар, экономистер, саясаттанушылар, тарихшылар және ең бастысы — Қазақстан халкы тарапынан кемелді ой бөлістер кітабына айналды. Бұл еңбек

Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі заманғы әлем жағдайында Қазақстан мен оның халқының игілікті болашағы туралы алдыңғы еңбектерінде басталған қоғамның постиндустриялық дамуы проблемаларына жүргізген іргелі және терең ғылыми зерт- теулерінің жалғасы болып табылады. Автордың бұдан бұрынырақ талдау жасаған, өркениеттердің әріптестік стратегиясының негіздерін, энергетикалық-экологиялық қауіпсіздік, технологиялық дамудың әркелкілігі, экономикалық қатынастардың жетілдірілмегендігі сияқты постиндустриялық қоғам мен қазіргі заманғы жаһанданудың көкейтесті мәселелерін шешу барысында қолдануға болады.

Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің тарихнамалық маңызы мынада: Қазақстанның Тұңғыш Президентінің шығармалары ой-пікірлерінің жалпы ғибраттық желісін сақтай отырып, ылғи да түсіндірушілік-түсіндірмелік сипатта болып келеді. Адамзат пен қоғамды толғандыратын көкейтесті мәселелер жайында, олардың өткенін, бүгін мен келешегін көрегендікпен пайымдайтын мемлекет басшылары санаулы ғанa болған. Тәуелсіздік тәжірибесінің тағылымдарына негізделген болашаққа шынайы ғибратты өнеге ахуалын жасаған тәуелсіздік сәулеткерінің ойарманы жас жеткіншек пен тәуелсіздік құрылысшысының — Қазақстан азаматтарының жүрегіне етене жақын сезіледі.

 

88. ҚР.Назарбаевтың Әл-Фараби ат.ҚҰУ «Қаз.дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деген дәрісінің мазмұны мен бағыттары

Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті 75 жыл ішінде талай асулардан, күрделі кезеңдер мен қилы жолдардан өтті. Осы жылдар ішінде мың-мыңдаған қазақстандық жастар білім алды, армандарын асқақтатып, қияға қанат қақты.Ел аузындағы кеше мен бүгінгі айтулы ғалымдарымыз өздерінің ұлттық тарих, экономика мен мәдениетке қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қабырғасында жазып, ел игілігіне айналдырды.Математика, физика, басқа да жаратылыстану салалары бойынша ауқымды ғылыми жұмыстар осы жерде іске асырылды.Мен өзімнің сөзімде кейбір ғалымдарды, осы істі бастаған азаматтарды атап өткім келіп еді, бірақ, олар өте көп. Сондықтан барлығын бүгінгі мерейтоймен құттықтаймын.Ел тағдырына қатысты күрделі кезеңдерде университет ұжымы аса маңызды тарихи оқиғаларды да бастан кешірді.1986 жылғы 16 желтоқсанда елдің еркіндігі үшін, ұлттың теңдігі үшін жандарын шүберекке түйіп, кеңестік жүйеге қарсы шыққандар да осы оқу орнының оқытушылары мен студенттері болатын.Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі орталығының бірі деуге әбден болады.Дәл қазірдің өзінде республикамыздың басқару жүйесінде отырған білікті мамандар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шыңдалып шыққандар.Университет түлектері байтақ Отанымыздың барлық түкпірінде жеңісті де жемісті қызмет етіп жатыр. Осы жиында бас қосып отырған бәріңізді, университеттің оқытушылары мен студенттерін, сондай-ақ әр жылдарда осы оқу орнында қызмет істеген ұстаздар мен білім алған түлектердің баршасын бүгінгі мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын!Еліміздің мүддесі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.

І. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының алдыңғы шебі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. Бұдан 75 жыл бұрын ол бар-жоғы шеткі аймақтағы жоо-лардың бірі еді. Алғашқы қабылданған студенттер 50 адам болып, оларды 25 оқытушы оқытқан.Ғасырдың үш ширегінде университет тәуелсіз елдің жетекші ғылыми және білім беру орталығына айналды.Мұнда 20 мыңға жуық адам оқиды. Соның ішінде 1000-ға тарта студент алыс және жақын шетелден келгендер.Студенттерге өздерінің тәжірибесі мен білімін 27 академик, 300 профессор мен доктор, 800-ден астам ғылым кандидаттары беріп келеді. Қазақстан ғылымының дамуына ҚазҰУ-да жұмыс істейтін ғылыми мектептер, профессор-оқытушылар ұжымы зор үлес қосып отыр.Үздік студенттерге арнайы тағайындалған президенттік шәкіртақы төленеді.2004 жылы менің бастамам бойынша университет кешенін одан әрі дамыту және салу бағдарламасы қабылданды.Жаңа ғана мен жалпы ауданы 27 мың шаршы метр, ең жаңа құралдармен жасақталған химия факультетінің жаңа оқу корпусын аштым.Таяудағы уақытта тағы үш факультеттің - механика-математика, физика және география факультеттерінің жаңа ғимараттары іске қосылатын болады. 2 миллион оқу және ғылыми әдебиет томдарына арналған іргелі кітапхананың құрылысы аяқталып келеді. Тұтастай алғанда таяудағы екі жылда 100 мың шаршы метрге жуық жаңа алаңдар салынады.Университетті 2020 жылға дейінгі дамытудың бас жоспарына сәйкес емханасы және стационары бар жастардың денсаулық орталығын, мәдени-тұрмыстық орталық салу көзделуде.

Жаңа нысандар қиын уақытта салынып жатқаны және сапалы білім мен ғылымсыз Қазақстанның болашағы жоқ екенін түсіне отырып, мемлекеттің бұл үшін қаражат тауып отырғаны атап айтарлықтай.Біз сіздермен алғаш рет кездесіп отырған жоқпыз. Біздің барлық кездесулерімізде елімізді дамытудың проблемалары талқыланған болатын.Бүгінде біздің бәрімізді дағдарыстан кейінгі дүние қандай болатыны толғандырады. Берігірек болып, кез келген қиындықтарға төтеп беру үшін, Қазақстанды жаңа биіктерге көтеру үшін біз не істеуіміз керек? Бұл жөнінде бүгінгі дәрістің аясында әңгіме қозғағым келеді

ІІ. Әлемдік дағдарыс: себептері мен көздері

ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығы аяқталып келеді. Ол бүкіл әлем үшін сынақ сипатында болды. Ауқымды лаңкестік шабуылдар, Ауғанстандағы, Ирак пен Кавказдағы соғыс операциялары, Таяу Шығыстағы және Африкадағы жанжал ұшқындары, әлемнің бірқатар елдеріндегі этносаралық қақтығыстар - мұның бәрі үшінші мыңжылдықтың алғашқы жылдарының мазасыз беттері. Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс әлем үшін елеулі сынақ болды. Адамзат тарихтың шұғыл бұрылыстарының себебі болған экономикалық құлдырауларды талай рет бастан кешсе де бұл дағдарыстың ауқымы мен салдарлары бұрын-соңды болған емес. Тек соңғы жүз жылда оннан астам әрқилы тереңдіктегі дағдарыстар болды. Бұл - жаһандық соғыстарға соқтырған ХХ ғасырдың басындағы экономикалық күйзелістер де, Кеңес одағының ыдырауын туындатқан бүкіл социалистік жүйенің 7080-ші жылдардағы дағдарысы да, 90-шы жылдардың аяғындағы Азия дағдарысы да әлемдік экономиканы сілкілеп өтті. Алайда бұл жолғы дағдарыс - жаңа деңгейдегі құбылыс. Ол бүкіл әлемнің экономикасын қамтып отыр. Әлемдік экономиканың осы жолғы жаһандық дағдарыс салдарынан шеккен зардабының көлемі 3,5 триллион долларға бағаланып отыр. Қазір көптеген сарапшылар, талдамашылар, ғалымдар дағдарыстың туындау себептерін іздестіріп, ең қайран қаларлық болжамдар жасауда. Бірақ та дағдарыстың негізінде адамның мәңгілік кінәраттары - ашқарақтық, имансыздық және жауапсыздық жатқанын мойындауға батылы жететіндер табыла қоймас. 2007 жылдың аяғында алыпсатарлық мәмілелердің жалпы көлемі 14 триллион доллардан астамды құрады. Ондаған олигархтың байлыққа құнуғышылығы миллиондар үшін қасірет болып оралды. Халықаралық мамандардың бағалауы бойынша, дағдарыспен күреске әлемде қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ доллары жұмсалған. Қазіргі кезде әлемдік экономикалық ахуалдың біршама жақсарғаны туралы белгілер беріліп жатыр. Бірақ та, тұтастай алғанда, мынаны айтуға болады, алдағы кезеңде әлемдегі экономикалық ахуал айтарлықтай әлсіз болып, дағдарыстың жаңа толқынының қатері сақталады.

ІІІ. Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шаралар

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып жаһандық дағдарыс салдарларымен бетпе-бет келді.Еліміздің өз қарыздарымен есептесе алмаған жетекші банктерін банкроттықтан дереу құтқаруға тура келді. Арзан ақшаларды тойымсыздықпен және бақылаусыздықпен қарызға алып, сол арқылы байлық таппақ болған біздің банктер қиын жағдайда қалды. Банкирлердің кейбірі алаяқтар мен ұрылар болып шығып, банк қаражатын меншіктеп алған. Ондайлармен қазір құқық қорғау органдары айналысуда. Қазақстанның экспорты жартысына дерлік қысқарды.

Шағын бизнес несиелік қаражатсыз қалды. Жүз мыңдаған еңбеккерлер жұмыс орнын жоғалту шегіне жетті. Осындай жағдайда біздің шешімдеріміз нақты да дер уақытында болды. Қазақстанда тұрақтандырушы шаралар пакеті қабылданды, Ұлттық қордан қосымша 10 миллиард доллар бөлінді. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері сақталып қана қойған жоқ, сонымен бірге ұлғайтылды, перспективалы инвестициялық жобалар анықталды.

"Жол картасы" және Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясы қабылданды.

Бүгінде енді "Жол картасын" және дағдарысқа қарсы шаралардың бүкіл кешенін іске асырудың алғашқы қорытындыларын шығаруға болады.

400 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылды.

200 мыңнан астам адам қайта даярлықтан өтіп, қоғамдық жұмыстарға қатысушылар болды. Соның нәтижесінде біздегі жұмыссыздық деңгейі 6 пайызға дейін төмендеді, ал көптеген елдерде ол еселеп өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым нысандарын жаңғырту жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілді.

Денсаулық сақтаудың, білім берудің 1500 дерлік нысаны және әлеуметтік инфрақұрылымның басқа да нысандары жөнделді.

Мың шақырым жол салынып, қайта жарақтандырылды.

Қаражат әрбір ауыл мен селоға дейін жетті, бұрын мұндай болмайтын. Осындай бұрын-соңды болмаған шараларды ел халқы зор ризашылықпен қарсы алды.

Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында шағын және орта бизнес секторындағы өндірістің көлемі 14 пайызға өсті. Агроөнеркәсіптік кешенге қолдау білдіру егін жинау науқанын ойдағыдай аяқтауды, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің көптеген нысандарын салуды қамтамасыз етті.

Астықтың бункерлік салмақтағы жалпы жиынтығы 22 миллион тоннаға жуықты құрады. Бұл соңғы бес жылдағы екінші рекордтық орақ.

Тұтастай алғанда Қазақстанның қаржы жүйесінің жалпы тұрақтылығына қол жеткізілді.

Банк жүйесіне қолдау білдіруге 476 миллиард теңге бөлінді. Соның өтеміне мемлекет елдің жетекші банктерінің ірі акционеріне айналды.

Мемлекеттің қолдау білдіруі арқасында алданып қалған 40 мыңнан астам үлескердің проблемалары шешілуде. Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда 2,7 триллион теңге немесе ІЖӨ-нің 14 пайызы жұмсалды.

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Доминик Стросс-Кан біздің елімізде болып, былай деп атап өткен еді: "егер барлық шаралар іске асатын болса, онда 2009 жылдың аяғында сіздердің экономика өз проблемаларын еңсере алады". Осындай пікірді көптеген сарапшылар ұстанады.

Бастысы, дағдарысқа қарсы шаралар қоғамнан қолдау тапты. Мен еліміздің көптеген өңірлерінде болдым. Сонда барлық жерде халықтың қолдауы мен Қазақстанды дамытудың жаңа алып жоспарларын орындауға кірісуге әзірлігін сезіндім.

"Нұр Отан" партиясының ХІІ съезінде Қазақстанды жедел индустриялық-инновациялық дамыту міндеті қойылды.

Мен инновациялық индустрияландырудың жеті басымдығын анықтадым. Олар:

- аграрлық секторды технологиялық қайта жарақтандыру және кең ауқымда жаңғырту;

- құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту;

- мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамыту;

- металлургияны және дайын металл өнімдерін өндіруді дамыту;

- химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібін дамыту;

- "таза" энергетиканы жасауды қоса алғанда энергетика саласын жаңғырту және дамыту; - көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту.

Осының нәтижесінде 7 триллион теңгеден астам немесе біздің ұлттық өніміміздің 50 пайызы дерлік көлемінде жылдық қосымша құн қосымша жасалатын болады.

Бұл - өршіл, қажетті де лайықты міндет. Осының арқасында біз қазақстандықтардың әл-ауқаты одан әрі жақсаруы үшін жағдай жасаймыз.

 

ІV. Әлемді дамытудың дағдарыстан кейінгі трендтері

 

Меніңше, осы дағдарыс бүкіләлемдік тарихтың бетбұрыс оқиғасына айналады. Әлемді дағдарыстан кейінгі дамытудың мынадай трендтері барынша айқын болып табылады.

Бірінші - әлемдік валюта жүйесінің трансформациясы.

Өз көзқарасымды мен бүкіл әлемнің сарапшы топтарында айтарлықтай қызығушылық туғызған "Дағдарыстан шығу кілті" және "Бесінші жол" атты мақалаларымда егжей-тегжейлі баяндадым.

Жаһандық дағдарыс себептерінің бірі қазіргі әлемдік қаржы жүйесінің ақаулығы болып табылады деп санаймын.

Ол соңғы 50 жылда іс жүзінде ауыстырылған жоқ және әлемдік дамудан қалып қойды.

Жаһандық дағдарыстан шығу жаңа қаржы құралдарына міндетті түрде көшуде екендігіне сенімдімін. Таяудағы болашақтың өзінде әлемдік өңірлік валюталардың сапалық жаңа санаты енгізілетін болады.

Мәселен, 2010 жылдың 1 қаңтарынан Америка үшін Боливар Альянсы елдерінің ұлтүстілік электрондық есеп айырысу-төлем бірлігі - "сукренің" айналымға енгізілуі жоспарланған.

Бразилия мен Аргентина МЕРКОСУР ұйымы аясында өңірлік валюта құруды ұсынуда. АСЕАН елдері өңірлік валюталар себетіне байланған валюта бірлігін ұсынады.

Дағдарыстан кейінгі сценарийлердің бірі бойынша әлемдік экономика энергетикалық байланыстар мен туризмді ғана сақтай отырып, өңіршілдік соққысынан ыдырап түсуі мүмкін.

Мен сондайлық пессимист емеспін. Меніңше сайып келгенде әлем адамзат тарихындағы тұңғыш заңды және жария бірыңғай жаңа әлемдік валютаны жасауға келетін болады.

Бұл идея әлемде барған сайын белсенді таралуда. Көптеген саясатшылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар оған қолдау білдіруде.

Мысалы, олар - экономика бойынша нобельдік лауреаттар Эдмунд Фелпс пен Роберт Манделл, мен олармен жуырда Астанада әңгімелестім.

Олар - жетекші ресейлік ғалымдар, экономистер және басқалары. Бұл мәселе G8 және G20-ны қоса алғанда саммиттер мен форумдардың күн тәртібіне қазірдің өзінде енгізілуде.

Мұндай жаһандық проблеманы шешу интеллектуалдық күш-жігер мен уақытты талап етеді. Бұл ретте қазіргі валюта жүйесінің пайдасына үйреніп қалған элиталардың зор қарсылығы болады.

Әлемнің таяу уақыттарда осынау көкейкесті мәселеге бірегей көзқарас қалыптастыратынына менің сенімім мол.

Оның әлемдегі жаһандық дағдарыстардың жиілігі мен өткірлігін төмендететіні айдан анық.

Дағдарыс алдындағы екінші тренд - күштерді әлемдік жаңаша орналастыруды қалыптастыру.

Жаһандық басқару дағдарысы қазіргі экономикалық сілкіністердің зардаптарының біріне айналып отыр. Белгілі тарихшы Чарльз Киндлбергер Ұлы депрессия себептеріне талдау жасай отырып, шиеленісті маңызды кезеңде әлемдік көшбасшылықтың болмауын солардың бірі ретінде атады.

Көптеген факторлар тарихтың бүгінде қайталанып отырғанын көрсетіп отыр. АҚШ пен өзге де ірі мемлекеттерге әлемдегі ықпалдылықты жаңа күштердің орталығымен бөлісуге тура келеді.

Мынадай дәйек келтірейін. 2001 жылы "Голдман сакс" банкінің жетекші экономисі Джим О Нил БРИК атты қысқартылған сөзді өзінің талдамалық жазбаларында тұңғыш рет қолданды.

Бразилияның, Ресейдің, Үндістанның және Қытайдың басшылары өз ұстанымдарымызды үйлестірген жаман болмас еді деген ұйғарымға келді. Сөйтіп 2009 жылдың мамырында Екатеринбургте БРИК-тің алғашқы саммиті өтті.

Жиырма жылдан кейін БРИК елдерінің жиынтық ІЖӨ-сі "Үлкен жетілік" елдерінің жиынтық ІЖӨ-сінен асып түседі деп күтілуде.

2050 жылға қарай экономикалық дамыған елдердің алғашқы бестігінде батыс елдерінен тек АҚШ қана қалады. Оның өзі де - қазіргі дағдарыс кезеңінде тұрақтылықтың өзіндік бір аралына айналған Қытайдан кейінгі екінші орында.

Үндістан да дағдарыстан салыстырмалы түрде қолайлы жағдайда өте алады. Елдің сыртқы капиталға күшті тәуелділігі жоқ және өзінің даму бағдарламасын жүзеге асыруда.

Бразилия да дағдарысты сәтті жеңе білуде. Бразилияның қуатты табиғи және интеллектуалдық ресурстарға ие, үлкен және ырғақты дамып келе жатқан ел екенін айту қажет.

Ресей де дағдарыстан нығайып шығады.

Бейжің Олимпиадасы қарсаңында "Уолл стрит джорнал" газетінде Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Тони Блэрдің мақаласы жарық көрді. Онда "Бірнеше ғасырлар бойы күштер Батыста шоғырланды... Енді бізге ықпалдылықты Шығыспен бөлісетін әлемде өмір сүру жағдайларымен келісуге тура келеді" деген қорытынды жасалған. Осынау саясаткердің пікірінше, бұл тәжірибе Батыс үшін бейтаныс, тіпті өкінішті де болмақ.

Осылайша, дағдарыс әлемдік экономиканың трансформациялану үдерісін айтарлықтай тездетті.

Дегенмен, саясат болмаған жерде экономика тек ғылым ғана болар еді. Сондықтан бұл үдеріс әлемдегі шынайы геосаяси көптүрліліктің қалыптасуымен қоса қабат жүретін болады.

Дағдарыс алдындағы әлемнің үшінші тренді - экономикада энергия үнемдеуге көшу.

Бүгінде неғұрлым дамыған елдер қауіпсіз, таза және сарқылмайтын дамуға көшу міндетін қойып отыр. Америка Президенті Барак Обама айтқандай, "ХХІ ғасырда таза энергия өндіруде әлемдік көшбасшылыққа жеткен ел, ХХІ ғасырдағы жаһандық экономикада да көшбасшы болады". Бұл айтылғанмен келіспеу қиын. Бұл орайда балама, төмен көміртекті энергетика перспекивалы бағыт болып табылады. Бүгінде әлемде көмірқышқыл газын отынға және мұнай-химия өнімдеріне айналдыру жөніндегі жобалар белсенді талдануда. Таяу уақыттарда шығарындылары нөлге тең электр стансаларының пайда болатынына сенімім мол. "Сутегі энергетикасын" дамытуда да зерттеулер жүргізілуде. Оңтүстік Корея қазірдің өзінде "Сутегі экономикасына" көшу жоспарын жүзеге асыруда және 2040 жылға қарай ІЖӨ-нің 8 пайыз өнімін сутегінен өндіруді жоспарлап отыр. Үндістанда, АҚШ пен ОАР-да да белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Күн, жел, геотермальды, гидроэнергия және биомасса сияқты энергияның қайта қалпына келетін көздері отынның дәстүрлі түрлеріне қатысты барған сайын құнды бәсекелестік қабілетке ие болуда.

Бірақ, сонымен бірге, көмірсутегі энергия тұтынудың жалпы құрылымында әлі де жетекші рөл атқара беретін болады. Сондықтан әлем өндіріске инновациялық технологиялар енгізуде, мұнай мен газ өндіру мен пайдаланудың экологиялық зардаптарын қысқартуда неғұрлым белсенді іс-қимылдар күтіп отыр.

Осы технологиялардың бәрі әрбір жеке адам үшін нені білдіреді?

Ең алдымен, біз көп ұзамай энергия үнемдейтін өмір салтына көшетін боламыз. Біз болсақ, елде әлі электр энергиясын, жылуды, суды және басқаларды шындап үнемдеуге әлі көшкен де жоқпыз. Мұны таяу уақыттарда жүзеге асыруға тура келеді.

Энергияның арзан көздері келмеске кетуде. Болашақта күн батареялары, энергия үнемдейтін шамдар, сутегі отынымен жүретін автомобильдер, электромобильдер пайдаланылатын болады. Сондықтан компаниялар мен кәсіпорындардың барлық басшылары, елдің барлық азаматтары осы ағымды ескеріп, энергияны қалай сақтауға болатындығы жөнінде ойланулары керек.

Энергия үнемдеудің өсуі әлемдік экономикада энергия сыйымдылығының төмендеуіне, ал оның соңы оның дамуы мен тұрақтылығына апаратын болады.

Дағдарыс алдындағы әлемнің төртінші үрдісі - экономикадағы мемлекеттің рөлі мен маңызының артуы.

Қазіргі дағдарыс көптеген адамдарды экономикадағы мемлекеттің рөлі туралы ойлануға мәжбүрледі.

Францияның бұрынғы премьер-министрі Лионел Жоспен енгізген "химиялық таза капитализм" термині балағат сөзге айналды.

Кейнстің беделі өсіп шықты, экономистер оның "Жалпы теориясының" ескі даналарын сөреден қайтадан алуда. Карл Маркс қайтадан оқылуда. Тіпті ықпалды "Ньюсуик" апталығының өзі "біздің бәріміз де енді социалистерміз" дегенді өз беттерінде жазып жатыр.

Еш жерде және ешқашанда мемлекеттің шешуші түрде араласуынсыз модернизацияның болмағандығын тарих та растап отыр. Дағдарыс оны тағы да дәлелдеді.

Нарық экономикасы, меншікті қорғау және шағын бизнесті дамыту біздің экономикамыздың негізі болып қала береді.

Бірақ дағдарыс қарсаңындағы кезеңде мемлекеттің рөлі өнеркәсіптен бастап әлеуметтік салаға дейінгі салалардың бәрінде де күшейетін болады.

Сол арқылы мемлекеттік басқарудың сапасына және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты талаптар өсе түседі.

Неғұрлым кеңірек мағынада алғанда бұл, яғни бүтіндей алғанда адами капиталдың сапасына талапты күшейту - дағдарыс алдындағы әлем дамуының бесінші тренді.

Адами капиталға айтарлықтай инвестициялар салмайынша ешқандай экономика табысты дами алмайды. 1943 жылдың өзінде-ақ "ақыл империясы болашақ империясы болмақ" деген болатын Уинстон Черчилль. Оңтүстік-Шығыс Азия тәжірибесі көрсетіп отырғандай, адами капиталды дамыту саласындағы кейін қалушылықты қысқа мерзімде жоюға болады. Бүгінде бәсекеге ең қабілетті деген әлемнің 25 ақпараттық компанияларының 14-і Азияда орналасқан.

Бүгінде жоғары бәсекелестік басымдықтары жоқ елдер таяу болашақта ғылыми зерттеулер, инновациялық және жоғары технологиялар рыногында табысты бәсекелестікке түсе алмайды.

Осылайша, әр азаматтың денсаулығы, интеллектісі және білімі қаншалықты сапалы болса, мемлекеттің әлемдік қоғамдастық жүйесіндегі жоғары бәсекелестікке қабілеті де соншалықты болмақ.

Мен дағдарыс қарсаңындағы әлем дамуының тек айқын деген тренділерін ғана атап көрсеттім.

Өмір сан-салалы және күрделі, сондықтан біз өзімізді күтіп тұрған жәйттердің бәріне де дайын болуымыз керек. Біздердің қандай шара қабылдауымыз қажет?

 

 

V. Интеллектуалды ұлт

 

Қазақстанның алдында экономиканы жеделдете модернизациялау, шикізаттық экономикадан индустриялық экономикаға көшу міндеті тұр.

Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру аяқталып келеді.

Олар барлығы жалпы сомасы 7,5 миллион теңге болатын 97 жоба. Оның ішінде 380 миллиард теңгені құрайтын 26 жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Олар - жаңа кәсіпорындар, білім беру мен денсаулық сақтау саласының жаңа нысандары.

Біз дамыған елдерден озық технологияларды тартып, бірлескен өндірістер құрудамыз, инновациялық жобаларға қолдау көрсетілуде. Бірақ егер біз экономикасы тұрақты дамыған елдер клубына өтеміз десек, бұл жеткіліксіз.

Оның сыртында аса озық технологияларын бізге ешкім де әншейін бере салмайды.

Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуетін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет.

Өкінішке қарай, өмір сүру үшін қаражат керек. Бірақ, Артур Шопенгауэр айтқандай, үлкен дәулет пен билік адамды бақытты ете алмайды. Ондай адамдардың әрқайсысында да "өзіне тән қам-қарекеті мен мұқтаждары бар кедей жасырынып жатыр".

Біздің ендігі міндет - қазақстандықтардың, бірінші кезекте жастардың білімділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту.

АҚШ пен Еуропада Нобель сыйлығын алған ғалымдарды тек еңбегі мен ашқан жаңалықтары үшін ғана құрметтемейді. Олар барша үшін де үлгі болып саналады. Олардың үлгісін жастарға өнегелеп, сол арқылы күшжігердің, еңбек пен таланттың әркезде де табысқа бастайтынын көрсетеді.

Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек.

"Болашақшылармен" кездесіп, "Интеллектуалды ұлт-2020" жобасын ұсынғанда мен осындай мақсаттарды көздедім.

Жоба негізінде үш аспекті бар.

Бірінші. Қазақстанның білім беру жүйесіндегі серпіліс.

Бүгінде білім беру үдерісіне мүмкіндігінше кеңірек қарауға болады. Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған "білім берудің төрт тағаны".

Ұзақ жылдар бойы біздегі білім берудегі басты проблема ақпараттарға қол жеткізу болды. Кітап күткен ұзыннанұзақ кезектер, мыңдаған беттік конспектілер, бір кітапты бірнеше адамның жабыла оқуы сияқты жәйттер аға буынның әлі де есінде.

Бүгінде жағдай басқаша. Сарапшылар барлық кездерде жазылған кітаптарға қарағанда, ақпараттардың 2006 жылы жаһандық ауқымда 3 миллион есе көп шығарылғанын есептеп шыққан. Баспа түрінде ол Жерден Күнге дейінгі биіктіктегі 12 үйме кітап. Болжам бойынша 2010 жылы ақпараттың бұл көлемі тағы да алты есе ұлғаймақ.

Ақпараттың мұндай көлемінде жоғалып кетуге де болады.

Сондықтан қазіргі заманғы білім берудің перспективалық міндеті - ол сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру ісі бастапқы интеллектуалдық әлеует пен жас қазақстандықтардың жақсы денсаулығын қалыптастыра білуі керек. Олар терең ақылымен, шексіз қызығушылығымен және өмірлік күш-қуатымен ерекшеленуге тиіс.

Орта білім белсенді, білімді және табыстарға бағдарланған тұлғаларды тәрбиелеуге жауап береді. Оқушылар "ешқашан бастауды тоқтатпа, ешқашан тоқтауды бастама" деген ақиқаттан адаспаулары тиіс.

Осы жылы менің тапсырмам бойынша Астана мен Семейде интеллектуалдық мектептер ашылды. 2011 жылға дейін мұндай мектептер еліміздің әр аймағында ашылатын болады. Олардың міндеті - дарынды балаларды, олардың таланттарының бағытын тауып, мақсатты дайындықтарын бастау. Дарынды балалар бізде бар. Бұл мектептердегі негізгі екпін нақты және табиғи ғылымдарды оқытып, сындарлы және креативті ойлау қабілетін дамытуға түсірілетін болады.

Мен бұл мектептерден үлкен нәтижелер күтемін. Олар Қазақстанның интеллектуалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болулары тиіс.

Бұл мектептер түлектерінің әлемнің кез келген университетінде оқуға мүмкіндіктері болулары тиіс.

Бірақ бұл басқа мектептерді дамытпаймыз дегенді білдірмейді. Ауылдағы білім беру мәселесі ерекше маңызға ие. Мен жас педагогтарды ауылдарға қоныс аударуға шақырамын. Біз олардың қаладағы мектептерден кейін қалуын, оның ішінде қашықтықтан оқыту әдістері есебінен еңсеруге міндеттіміз.

"Болашақ" интеллектуалды мектептері, Астанадағы Халықаралық университет - біздің білім беру жүйемізді әлемдік стандарттарға жақындату міндеті қойылып отырған аса маңызды элементтер, міне, осылар. Алдағы жылы Астанада ашылуы жоспарланып отырған әлемдік деңгейдегі Халықаралық университет инженерлік және техникалық кадрларды, генетика, биохимия, физика мамандарын дайындайтын болады. Онда заманалық зертханалар, Ұлттық биотехнологиялық орталық және басқалары жұмыс істейтін болады.

Біз басында ҚазҰУ, ҚМЭБИ және ҚБТУ тұрған тоғыз ұлттық университетке үлкен үмітпен қараймыз.

Олар отандық жоғары білім берудің негізгі жон арқасы болулары тиіс.

Бір сөзбен айтқанда, біз алдағы жылдары білім беру жүйесінде серпінді іс-қимыл танытуға бел шеше кіріспекпіз. "Интеллектуалды ұлт" жобасының екінші аспекті - ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру.

Ғылым инновациялық экономиканың негізі болуы тиіс.

1990-шы жылдары біздің ғылыми институттар аса ауыр жағдайда қалды. 2000 жылдан бастап ахуал өзгере бастады.

Соңғы бес жылда қазақстандық ғылымды қаржыландыру төрт есеге жуық ұлғайып, үстіміздегі жылы 18,5 миллиард теңгені құрады. Ғылымды дамытудың 2012 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Осының арқасында Қазақстан жаһандық бәсекелестік рейтингінің "Инновациялық даму" индексі бойынша өзінің орнын 13 позицияға жақсартты.

Бірақ қазақстандық ғылым әзірше біздің экономикамыздың нақты талабынан алыс жатыр. Көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесін бизнес соншалықты қажетсінбейді. Орташа 100 қазақстандық ғалымға шет елдерде жарияланған бір ғана ғылыми мақаладан келеді. 15 мың ғалымнан тек бір-екеуі ғана халықаралық патенттер ала алады.

Сондықтан басқарудың моделін ғана емес, сондай-ақ ғалымдардың өздерінің қызметіне деген көзқарасын өзгерткен маңызды.

Жақында мен бірқатар нақты шаралар қабылданған ғылымды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткіздім.

Ғылыми жүйеге қатысушылардың барлық шешуші функциялары оңтайландырылатын болады.

Қолданыстағы жүйе бойынша ғылыми жобаны қаржыландыруға тапсырыс алудың өзі ғана кем дегенде 5 баспалдақ - институт басшылығы, ғылыми орталық, ғылым жөніндегі комитет, салалық министрлік, Үкімет арқылы өтеді.

Қазір артық буындар қысқартылуда. Ғалымдар қаржыландыру үшін тікелей мамандандырылған ғылыми кеңестерге жүгінетін болады.

Оларға ғылыми жобаларды іріктеу және гранттар беру туралы шешім қабылдау функциясы бекітіп беріледі. Білім және ғылым министрлігі мен Ғылым комитетінде қаржылық, материалдық және техникалық аспектілерді қамтамасыз етудің әкімшілік функциясы сақталып қалады.

Сондай-ақ ғылыми қызметті қаржыландырудың базалық, бағдарламалы-мақсаттық және гранттық - үш компоненттен тұратын жаңа жүйесі енгізіледі.

Ғылыми мақсаттардағы барлық шығындар мемлекеттік сатып алулар жүйесінен шығарылады. Үкімет НИОКР-ды қаржыландыру үшін бизнес-құрылымдарды тарту жөнінде шаралар қарастырып жатыр.

Көріп отырғандарыңыздай, мемлекет ғылымды дамытуға қажетті барлық шараларды қабылдауда. Бірақ мұның барлығы егер білікті кадрлар болмаса, бекер болар еді.

Сондықтан мен жастарға елімізге ең алдыңғы қатарлы ғылым салаларында жұмыс істейтін талантты ғалымдар қажет деп үндеу тастаймын. Ғылымға барыңдар, құлшыныңдар, өздеріңнің зерттеу таланттарыңды жүзеге асырыңдар!

Қазір Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Тұтастай алғанда алдағы кезеңде мына төрт бағыт әлем картасының ғылыми-технологиясына үлкен ықпал ететін болады.

Бірінші - биотехнология және биохимия. Бұл - азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, адамның иммундық жүйесін нығайту, интеллектуалдық жүйе құрудағы маңызды бағыт. Сондықтан қазір біз Астанада Ұлттық биотехнологиялық орталық құрдық.

Екінші - экоэнергетика. Бұл - энергияның қайталама көздері, "жасыл энергетика", отын элементтері, жоғары өткізгіштер, көміртегі қосындысын ұстау мен сақтау, энергияны аз тұтынатын жарық көздері.

Үшінші - экология. Парникті газдар шығарындыларын азайту, су тазарту, түрлі биосубстанцияларды тез анықтау, биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластиктер енгізу, бактериялар құру, қоршаған ортаны ластандырғыштарды жою технологиялары белсенді дамитын болады.

Төртінші - антиэйджинг (антикәрілік). Бұл өмірді ұзарту мен жасаруды зерттеу.

Бұл зерттеулер қаншалықты күрделі көрінгенімен, адамзат ерте ме, кеш пе бұл мәселелердің бәрін шешеді. Біздің ғалымдарға да адамзаттың осы проблемаларымен неге айналыспасқа? Бұл жастар үшін қосымша рух беретін міндеттер емес пе?

"Интеллектуалды ұлт" жобасының үшінші аспекті - бұл инновация жүйесін дамыту.

АҚШ-та бір мегаватт электр энергиясы мен бір тонна темір рудасынан 10 компьютер жасар еді, КСРО-да - 10 рельс, ал Ауғанстанда - ештеңе де. Бәрі де қарапайым - қолда бар ресурстардан пайда барынша мол болуы үшін технологиялар, ноу-хау қажет.

Фрэнсис Бэкон: "Білім - ел мен халыққа пайда әкелгенде ғана күш", деген екен. Егер экономикалық пайда әкелмесе, ғылыми-техникалық прогрестен еш пайда жоқ.

Инновация - бұл қашанда сезгілікті тауар өндірісі өсіміне әкелетін, пайда мен бәсекеге қабілеттілікті күрт ұлғайтатын идеялар тоғысы мен бизнес.

Бүгінде Қазақстанға инновациялық қызметтің "жарылысы" қажет. Бизнес перспективалы жобаларды іздеп, оларды жүзеге асыру үшін бейімделуі және жұмыс істеуі тиіс.

Дамыған елдерде шағын бизнес барлық инновациялардың 50 пайызынан астамын және жұмыс орындарының 70 пайызын қамтамасыз етеді! Инновациялық идеялар иелері, инновацияларды жасаушылар, олар компаниялар немесе жекелеген ғалымдар болса да, сол күннің батырлары болулары тиіс. Олар туралы бұқаралық ақпарат құралдары тұрақты түрде айтып отырулары керек.

Қоғамда мінез-құлықтың инновациялық, креативтік үлгісі үстемдік құруы тиіс.

Еліміздің барлық компаниялары, әсіресе инвесторлары заңнамалық деңгейде өз пайдаларының бір бөлігінен инновациялық, ғылыми жаңалықтарға және қызметкерлерді оқытуға қаржы бөліп тұруға міндетті болулары қажет.

Қазақстанда "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау" туралы Заң қабылданды.

Мен Үкімет алдына инновациялық қызметті белсенді ету міндетін қойдым. Бәрінен бұрын технологиялар трансферті мен білімнің кешенді жүйесін құру қажет.

Инновациялық-технологиялық дамуды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырған жөн. Бұл үшін салалық министрліктер мен ұлттық компанияларда ғылыми-техникалық бөлімшелер құру, барлық жүзеге асырылып жатқан және жоспарланып отырған жобаларға сараптама жүргізу үшін жауаптыларды тағайындау маңызды. Инновациялық инфрақұрылымдарды белсенді сапқа қою ісін жалғастыру - Алматыда Ақпараттық технологиялар паркі құрылысын аяқтау, өңірлік технологиялар мен индустриялы аймақтар құру маңызды.

Қазақстандықтардың жаңа генерациясын қалыптастыруға бағытталған "Интеллектуалды ұлт - 2020" жобасының мәні осындай. Мұнсыз біз Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыра алмаймыз. Мен бүгін барлық ғалымдарды, педагогтар мен студенттерді оны жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамын. Біріге отырып біз алдымызға қойған барлық мақсаттарымызға қол жеткіземіз және Қазақстанда интеллектуалды ұлт құратын боламыз.

Қадірлі жас ұрпақ!

Ұлттың үміті - сендерсіңдер. Саналы да сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдің ертеңгі бақыты сендердің қолдарыңда деп мен айта аламын. Әйтсе де, бақыт ешбір жанды өзі іздеп келмейтіні белгілі. Бақ-дәулет, барша игілік адамның өз қолымен жасалады.

Әр заманның өзінің артықшылығы мен қиыншылығы да болады.

Қазіргі бәсеке заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай.

Данышпан ақын Шәкәрім бабаларың "Құбылған әлем жарысы. Ақылды жанның табысы" деп бекер айтпаған.

Ендеше, жастарға жүктелетін міндет те үлкен.

Бүгінде еліміздің даму сатысы маңызы үлкен межелі тұста тұр. Алдымызда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі келе жатыр.

Біз қазір бұл межеге іргемізді нығайтып, күш-қуатымызды арттырып, жетілген мемлекет ретінде келіп тұрмыз. Әлемді қалтыратқан қаражат дағдарысына байланысты қиындықтардың бетін қайтара білдік. Қазақстан - бүкіл әлем сыйлайтын және есептесетін беделі биік іргелі ел болды.

Міне, бүгінгі жауапкершілікті осындай дәрежедегі елдің игілігін одан әрі еселеп, озық елдердің қатарынан орын алу үшін сіздерге зор міндет жүктеледі. Алдымызда биікке жетелейтін үлкен мақсат тұр. Бұл, әрине, оңай шаруа емес. Бірақ, біз бұл міндетті жүзеге асыра аламыз.

Себебі, біз не істеу керек екенін білеміз. Елімізді өркендетудің барлық саласын ғылыми негізде қамтыған ұзақ мерзімді жоспарымыз бар.

Алыстан ойламаған жақыннан уайым табады деген бар. Біз - болашағымызды болжап отырған елміз. Енді тек ұмтылыс керек, еңбек пен қабілет керек, ең бастысы, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігіміз керек.

Жастарға айтатыным: бақытты өмірді басқа жақтан іздемеңдер. Ата-бабаларымыздың айтып кеткен асыл сөздері есте болу керек. "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген өсиет қалдырған. Өз Отаның бұл дүниедегі жәннатың мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар. Туған елің дәулетті, туған жерің сәулетті болса, сендер де әулетті, әлеуетті боласыңдар. Сол үшін менің қатарластарым еңбек етіп келеді. Бұл міндет сендердің де мойындарыңа түседі. Сонда өз ұрпақтарыңды ойлайтын боласыңдар. Сондықтан осы бастан қам жасау керек.

Еліңді сүйе білсең, жан аямай қызмет ете білсең, елің де сені алақанға салып аялай біледі. Осыны ұмытпаңдар. Туған елдеріңнің игілігі үшін жанкешті қайрат қылып, Қазақстанның мақтанышы болуларыңа тілектеспін, жас достар!

89. ҮДЕМЕЛІ ДАМУДЫҢ СӘТТІ ҚАДАМЫ

Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтің төрағалық етуімен өткен облыстық әкімдік алқасының кезекті отырысында қаралған басты мәселе – Жетісу жеріндегі үдемелі индустриялды-инновациялық дамуға қатысты болды. Отырыстағы негізгі тақырып – Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялыинновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы республикалық және аймақтық индустрияландыру карталарына кіретін облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы» баяндаманы облыс әкімінің орынбасары Болат Тәкенов жасады.

– Елбасының жоғарыда келтірілген Жарлығымен бекітілген бағдарламаны жүзеге асыру үшін Үкіметпен ісшаралар жоспары бекітіліп, соның негізінде «Бизнестің жол картасы-2020», «Дамудың сапалық» бағдарламалары қабылданып, индустрияландыру картасы әзірленген. Осыларды басшылыққа алған Алматы облысы әкімдігі де «Аймақтық үйлестіру кеңесін» құрып, «Облыс аумағын дамыту» бағдарламасын қабылдады, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын әзірледі. Облыс аумағы бойынша республикалық және аймақтық индустрияландыру карталарына 33 жоба енгізілсе, оның сегізін жүзеге асыру республикалық органдарға, қалғанын орындау облыс әкімдігі жауапкершілігіне жүктелген. Биыл жүзеге асырылуға тиісті 10 жобаның алғашқы жарты жылдықта жалпы құны 7 млрд. теңге болатын алтауы пайдалануға берілді. Жалпы сомасы 10 млрд. 940 млн. теңге болатын төрт жоба жыл соңына дейін жүзеге асырылады. Алдағы 20 желтоқсанда Елбасының қатысуымен өтетін тікелей телекөпір кезінде осы төрт жобаның тұсауы кесіледі, – деген облыс әкімінің орынбасары индустрияландыру картасына жалпы құны 1 млрд. доллар болатын нысандар енгізілгенін, олардың толық қуатымен жұмыс істеуін ҚР Президенті Әкімшілігі қадағалап отыратынын, сондай-ақ қосымша резервтік нысандар тізімі әзірленгенін, онда қазір 600 млрд. 440 млн. теңге болатын 49 жоба барлығын да айта кетті.

Бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 52 жоба қаралып жатса, олардың ішіндегі құны 7 млрд. 750 млн. теңге тұратын 11 жоба тиісті орындармен келісіліпті. Соның арқасында қазіргі кезде облыс республика көлемінде сандық және қаржылық көрсеткіштер бойынша алғашқы үштікке еніпті.

Талдықоған және Қапшағай қалаларындағы өнеркәсіптік секторды дамытуға зор көңіл бөлінуде. «Талдықорған қаласындағы оңтүстік өнеркәсіптік аймақты дамыту» жобасы Экономика министрлігі тарапынан толық қолдауға ие болып, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қаржыландырылуда. Тура осы сияқты Қапшағай қаласындағы «Арна» өнеркәсіптік аймағының жобасы жасалуда. Дегенмен, индустрияландыру картасы облыс аумағында толық шешім тауып отыр деуге келмейді. 2014 жылға дейінгі индустрияландыру картасында Қарасай, Ақсу, Сарқан, Кербұлақ аудандарынан бірде-бір жоба жоқ.

Үстіміздегі жылдың он айында Ескелді ауданы мен Қапшағай қаласында тартылған инвестиция көлемі барынша азайып кеткен. Балқаш, Ескелді, Кербұлақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарының кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына мүлде қатыспай отырған көрінеді. Балқаш–Алакөл бассейндік инспекциясы жер телімін бөлуге келісім бермей отырғандығы салдарынан бірқатар шағын электр стансыларының жобалары аталған бағдарламаға кіре алмай отыр. Биыл «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша облысқа 1 млрд. 482 млн. теңге бөлініпті, келер жылы 5,5 млрд. теңгені игеру қажет. Оны мақсатты түрде іске асыру үшін әрқайсысы 1 млрд. теңге болатын 15 немесе әрқайсысы 100 млн. теңге болатын 150 жоба қажет. Егер шамамыз жетпейді деп, қаржыдан бас тартсақ, облысты дамыту бағдарламасының негізгі міндеттерін орындай алмасымыз тағы анық. Игерілмей қалған қаржы туралы айтқанда, мұнда аудан әкімдерінің жұмысындағы кемшіліктер етектен тартып отырғанын естен шығармаған абзал. Нақтырақ айтқанда, кейбір аудандарда үйлестіру кеңестері де құрылмаған, бірқатар аудандарда инвестициялық жобалар тізімі мен оларды жүзеге асыру жоспарлары жоқ. Облыстық салалық басқармалар, оның ішінде бірінші кезекте даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үйлестіруші болып табылатын кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жұмысының тиімсіз болып отырғанын да атап өткен жөн.

Баяндамашыны мұқият тыңдаған облыс әкімі индустрияландыру картасы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы сынды шарапатты шаралардың барлығы Елбасының бастамасымен дүниеге келіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне ықпал жасауға арналғанын айта келе, үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын орындаудағы кемшіліктерді тез арада қалпына келтіру қажеттігін ескертті.

– Әр аудан, қала әкімінің жұмысы бірінші кезекте өзі басқаратын өңірге инвестиция тартумен өлшенеді. Өкінішке қарай, соны әлі күнге жете сезіне алмай отырған басшылар бар. Осыған орай айтарым, индустрияландыру картасына кірген жобаларды жүзеге асыруға қатысты жұмыстардың қарқынын арттырып, мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты мақсатты жұмсауды есте ұстау қажет. Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау үшін аса үлкен жеңілдікпен беру қарастырылған қаржының толық игерілмеуі де алаңдатады. Мұнда меніңше, жергілікті кәсіпкерлер өздерін қаржылық тұрғыда қолдауға қатысты жаңалық жайлы толық мәліметтерді білмей отыр. Сондықтан, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары және тағы басқа органдар мен қорлар арқылы бизнесмендерге арналған семинар-кеңестер және тағы басқа да түсіндіру шараларын ұйымдастыру қажет. Бірқатар аудандар әлі күнге өздерінің аса қолайлы мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отыр. Әсіресе, Талдықорған аймағындағы аудандар мен қалалар бұл мәселе төңірегінде Алматы аймағындағылардан біраз қалып қойды, – деген Серік Әбікенұлы бірқатар аудан әкімдері мен облыстық басқармалар басшыларын орындарынан тұрғызып, нақты тапсырмалар берді.

Бұдан кейін үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Қарасай, Талғар аудандарының әкімдері тыңдалды. Мойнақ су-электр стансысы бас директорының орынбасары, бас инженері Қалаубек Баймұхамбетов келер жылы желтоқсанда пайдалануға берілетін ғасыр құрылысы – Мойнақ су-электр стансысында бүгінге дейін жүзеге асқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады. Оның айтуына қарағанда, жобаны жүзеге асыруға арналған қаражаттың барлығы заемдық. Қазақстан Даму банкінен 51,06 млн. доллар, Қытай Мемлекеттік Даму банкінен 200 млн. доллар алынған. Сонымен бірге 29,8 млн. доллар меншік қаражат салынған. Қазіргі кезге дейін жоба бойынша жұмыстардың 62 пайызы орындалыпты. СЭС құрылысына 1200 құрылысшы-құрастырушы жұмылдырылған. Пайдалануға берілгеннен кейін 127 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Алқа отырысын қорытындылаған облыс әкімі отырыста бірінші мәселенің мүмкіндігінше егжей-тегжейлі талқыланғанын, сонда айтылған кемшіліктерден тез арада қорытынды шығару қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, Елбасының осыдан біраз бұрынғы мәртебелі жиында өзінің көз алдында тұсауы кесілген нысандардың айлар бойы тұрып қалатыны туралы қынжыла айтқанын жиналғандар есіне салып, осы тұрғыда мұқият болу керектігін де қадай айтты. Жалпы облыстағы жобалардың дәл қазіргі жүзеге асуы ойдағыдай екендігіне де тоқталды.

 

90. Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес мақсатты жұмыстар жүзеге асырылуда.

Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңғырту мақсатында білім берудің интерактивті түрлері кеңінен пайдаланылып, он-лайн режиміндедәрістер, сабақтар, семинарлар өткізілуде. Қазіргі таңда облыс мұғалімдерінің35%-ға жуығы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларымен жұмыс жүргізеді

Облыстық білім басқармасы мен оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы сайттары ашылып, педагогтарға виртуалдық режимде арнайы қашықтықтан оқыту курстары, виртуалды тренингтер ұйымдастырылуда.

Биылғы оқу жылында 6 үздік мұғалімнің сабақтары республика көлемінде өткізілетін он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтар кестесіне енгізілді. Облыс көлемінде ең үздік мұғалімдер әр ай сайын он-лайн режимінде оқытудың жаңа технологиялары бойынша сабақтар өткізеді.

Білім беру қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы оқу жылынан бастап облыстағы 45 білімнысанында e-learning электронды оқыту жүйесі енгізіледі.

Сонымен қатар, осы оқу жылынан бастап 3 мектеп (облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты, облыстық «Дарын» мектеп-интернаты, Тараз қаласындағы №1 гимназия) «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» озық тәжірибесін таратуға арналған эксперимент алаңы болып бекітіліп, он-лайн режимінде зияткерлік мектептерімен тәжірибе алмасып, мұғалімдер мен мектеп басшылары үшін тренингтер, семинарлар жүргізілуде.

2012-2013 оқу жылынан бастап облыстағы барлық гимназиялар мен мектеп-гимназияларда, лицейлерде оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен «Акмеология»», «Қазақстан құқығы» және «Өлкетану» атты таңдау курстары енгізілді.

«Үш тұғырлы білім беруді» жүзеге асыру мақсатында осы оқу жылынан бастап 4 мектепте республикалық деңгейде(Талас ауданындағы А.Байтұрсынов, А.Пушкин атындағы және Тараз қаласындағы №7, 53 мектептерде) ағылшын тілі эксперимент ретінде 1-сыныптан бастап «Кембридж Университетінің» оқулықтарымен оқуды бастады. Облыстың жаңа типті мектептерінде ағылшын тілі 1 сыныптан бастап оқытылуда.

Сондай-ақ, «2012-2013 оқу жылына арналған мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығы мен оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспары» бекітіліп, жаңа оқу жылынан бастап жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жоспарға сәйкес 2012 жылғы ҰБТ-де республикалық орташа көрсеткіштен төмен нәтиже 204 орта мектептің 11 сыныптарына негізгі пәндерден (қазақ тілі, орыс тілі Қазақстан тарихы, математика) сабақ беретін 898 мұғалім және 2623 бітіруші тестинг-бақылауға қатысатын болады.

Тестинг-бақылау ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен бастап он-лайн режимінде жүргізілуде. Тест тапсырушының тестинг-бақылаудың нәтижесімен танысуына толық мүмкіндігі бар. Ал, оның нәтижесін білгісі келген кез-келген тұлға базалық мектептегі скайп-адресінен көре алады.

Елбасының бағдарламалық мақаласында «орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет» деген тапсырмасын орындау мақсатында, облыста ағымдағы жылдың тамыз айында «Білім беру менеджерлерінің клубы» құрылып, өз жұмысын бастады. Клуб отандық, шетелдік

білім беру жүйесінің жетістіктерін тарату, мектеп басшыларының резервін құру, білім мекемелері басшыларының корпусын қалыптастыру, оларға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарымен айналысатын болады.

Жақында ғана Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназиясына конкурстық негізде тағайындалған директорды клуб мүшелері кадрлар резервінен ұсынды. Осы жылдың 21 ақпанында Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау туралы» жаңа Қағидаға сәйкес 8 мектептің директорына облыстық білім басқармасының келісімі берілді (Байзақ – 1, Жамбыл 1,Т.Рысқұлов – 3, Тараз – 3).

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының желісі артуда. Биылғы оқу жылында 3 техникалық шығармашылық орталықтары ашылып, 2 мыңға жуық оқушы қосымша біліммен қамтылса, облыс әкімдігінің қолдауымен демеушілер есебінен ашылған спорт алаңдары мектеп жасындағы балалардың 2,8%-ы бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

Кәсіптік-техникалық білім беру сапасын жақсартуды талап ету – білім басқармасының басты назарында. Кәсіби білім беруді дамыту мақсатында биылғы оқу жылында 3 колледжде эксперименталдық алаң ретінде дуалдық оқыту жүйесі енгізілді.

Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің санын оңтайландыружәне кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында колледждерді квалификациялық талапқа сәйкестендіру жұмыстарына бақылау орнатылды. 2012 жылы мемлекеттік аттестациялау қорытындысы бойынша 2 колледж (мемлекеттік №12 «Тараз» колледжі, мемлекеттік емес «Білім» колледжі)қайта аттестаттауға қалдырылды.

Кәсіби біліктілікті жетілдірудің ұлттық жүйесін құру мақсатында «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналаған іс-шаралар жоспарының 115 пунктіне сәйкес кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша Атырау қаласында мұнайгаз саласы үшін, Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін 2 өңіраралық орталықтар ашылды. Алдағы уақытта Өскемен қаласында машина жасау саласы үшін,Шымкент қаласында өңдеу саласы үшін 2 өңіраралық орталықтар ашылады. Облыстағы колледждердің оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері кәсіби біліктіліктерін жоғарыда аталған орталықтарда арттыратын болады.

Колледж түлектеріне арналған біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстар әр сала бойынша салалық министрлік пен ірі қазақстандық компаниялар тарапынан жүргізіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі мұнай-газ саласындағы мамандардың біліктілігінің сәйкестігін растау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, «KazEnergy» қауымдастығы базасында пилоттық режимдегі тәуелсіз орталықтарды құру жұмыстарын жүргізуде.

Облыстық білім басқармасы Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық мақаласында орта және кәсіптіктехникалық білімді дамыту бағытында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында жоспарлы жұмыстарын жалғастыра беретін болады.

 

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Теміржол | Церковно-религийные отношения в ВКЛ и РП.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.384 s.