|
Сапалы ауыз суDate: 2015-10-07; view: 647.
Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері – халықтың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, сондықтан бұл біздің басымдығымыз болады. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс 8 жыл бұрын басталған болатын және оның оң нәтижелері бар. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік ауылды елді мекендерде 41 пайызға дейін, қалаларда 72 пайызға дейін өсті. Тасымалы суды пайдаланатын адамдар саны 4 есе азайды. Сонымен бірге, сумен қамтамасыз ету жүйелерін жақсартуды қажет ететін ауылдар да әлі аз емес. Қалалардағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің 60 пайызының тозығы жеткен. Орташа алғанда республика бойынша ауыз суға қолжетімділік деңгейі 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы тиіс, ал судың сапасы белгіленген барлық санитарлық нормаларға сай болуы керек. Үкіметке жеке капиталды су шаруашылығы секторына барынша молынан тарту үшін ынталандырудың тиімді жолдарын қарастыруды тапсырамын. Жерасты суларының әлеуетін кеңінен пайдаланып, сумен қамтамасыз етудің жаңа нысандарын салу кезінде жүйелі қадамдар жасау керек. 2020 жылға қарай сумен қамтамасыз етудің орталық желісіне қолжетімділік қалаларда 100 пайызды құрауы тиіс. Ал ауылды жерлерде екі есе артып, 80 пайызға дейін жетуі қажет.
2.7. Табыстардың артуы – өмірдің жаңа сапасы
Үстіміздегі жылы біз зейнетақылар мен стипендиялар көлемін, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын 30 пайызға өсіреміз. Екі жыл қатарынан біз оларды 25 пайызға ұлғайтып келдік. «Нұр Отан» партиясының Халықтық тұғырнамасында жоспарланғанындай, 2012 жылға қарай зейнетақылардың, бюджеттік ұйымдар еңбекақыларының және стипендиялардың орташа көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе өседі. Біз бұған уәде бердік, біз мұны орындадық. Менің тапсырмам бойынша үш жылдық бюджетте сіздерге айтқан индустриялық-инновациялық, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды қаржылай қамтамасыз ету қарастырылған. Енді барлығы Үкімет пен жергілікті билік органдарының бұл міндеттерді қалай орындайтынына, бұл жұмыстың қалай ұйымдастырылатынына байланысты болмақ.
|