Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 6 page


Date: 2015-10-07; view: 736.


Шаруашылығы мен мәдениеті. Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды.Жер иелену түрлері. Икта. Иктаны берудің бірнеше жолдары болған. Ол муктаның қоғамдағы орнына байланысты болды.

1. Егер мукта қаған әулетінен болса, оған ірі жер үлестері берілген.

2. Орташа үлестік жерлер бектерге.

3. Кіші үлестік жерлер тәуелді қызметкерлерге берілген.

Иктамен қатар жер иеленудің басқа да түрлері болды. Қарахан билеушілері қазынаға түсетін салықтардың көзі және уақытша сыйлық беру қоры болған үлкен-үлкен жер учаскелерін иеленді. Бұл қарахан әулетінің жаулап алынған жерлер, сондай-ақ мемлекет қарамағындағы жерлерден тұрды. Ірі жер иеленумен қатар мұсылман дін басыларының негізгі материалдық базасы діни мекемелердің пайдасына атақты және бай жер иеленушілер мен көшпелі-әскербасылары өсиет етіп қалдырған учаскелерден тұратын вақфтық жерлер де болды. Әдетте, вакфтық жерлерден мемлекет пайдасына салықтар алынбады. Ірі және орташа феодалдық жер иеленумен қатар ұсақ шаруалар меншігі мен қауымдық иелену сақталды. Жері жоқ шаруаларды қанаудың кең тараған түрлерінің бірі үлескерлік арқылы жүзеге асырылды. Араб және парсы–тәжік деректемелерінде үлескерлер (шаруарлар) музари немесе барзигар деп аталды. Үлескерліктердің мәні мынада болды: мемлекеттік немесе мұрагерлік жолмен жер иеленушілердің меншігіндегі жер шаруаларға жалға берілді. . Үлескер (шаруа) түсімінің көбін салық түрінде мемлекетке және жерді меншіктенушіге не вакф (вақфтық жер де жалға берілді) иесіне беруге міндеттенді. Үлескерлерге айналушылар әдетте өзінің суармалы жер учаскелері жоқ шаруалар еді.

2.БӨКЕЙ ХАНДЫГЫНЫН КУРЫЛУЫ ЖӘҢГІР ХАН

1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845жылға дейін өмір сүрді.Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері XVIII—XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады, Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді.«бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципі бойынша біртұтас Кіші жүзді әлсіретуге тырысып бақты, Әбілқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бірнеше топтың арасында тақ таласын шиеленістіре түсті.

Әкімшілік тұрғысынан алғанда Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағынышты болды. Бірақ оның орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. 1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Жартылай тәуелді жаңа мемлекеттік құрылым епдігі жерде Бөкей хандығы (Ішкі Орда) деген атқа ие болды. Патша үкіметі келешекте одан империяға толық тәуелді мемлекеттік құрылым жасамақ ниетте еді. Бұл ретте хандықтың жаңа билеушісі Жәңгірге үлкен үміт артылды.

Жәңгірдің билік басына келуі.Бөкей хандығының негізін қалаған Бөкей хан 1815 жылғы 12 мамырда қайтыс болды. Ол өзінің көзі тірсінде хан атағын өз ұрпақтарының мұрагерлікпен иелену құқығын белгілеп, бекітіп қойған еді. Оның өсиеті бойынша, хан тағы оның ұлы Жәңгірге қалдырылған болатын. Бірақ ол әлі небары 14 жаста еді. Сондықтан ол ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша хандықты Шығай сұлтан билеп тұрды.Жас мұрагерді тәрбиелеуді патша шенеуніктері өз қолдарына алды. Жәңгір ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тұрды, сол кездегі үлгілі саналатын білім мен тәрбие алды. Ол хан тағына тағайындалар кезге дейін жан-жақты толық әзірліктен өткен билеуші болып та үлгерген еді. Жәңгір қазақ тілімен қатар орыс, араб және парсы тілдерін білді. Ол Қазан университетінде жиі болып тұратын. Жәңгір 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды. 1827 жылы ол хандықтың орталығы — Хан ордасының негізін қалады. Хан ордасы Нарын құмының батыс бөлігінде салынды. Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Ханның үлгісі бойынша және оның тікелей нұсқауымен Хан ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады.Жәңгір хан билік басында болған уақыт қазақтардың бүрынғы дәстүрлі тұрмысына елеулі өзгеріс жасалған, хан билігі күшейген, ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақшақатынастары айналымға енгізілген маңызды кезең болды.

3.Тәуелс.Қаз.ң әлеум.экон.қ жаңғырту кезеңдері

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді таңдап алған болатын. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы үш кезеңі белгіленді:1991–1992 жылдар;1993–1995 жылдар, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді;1996–1998 жылдар Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т. б.

Мемлекеттің алдында дағдарыстан шығудың жолдары қарастырыла бастады. Оның ең бастысы – бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 жылы мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді.Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс – жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті тезірек жойып, бәрін жеке меншікке айналдырсақ, халық жұмыла жұмыс істеп, өндіріс жанданып, ел байып, бәрі де орнына келеді деп ойлады. Тәжірибе жүзінде олай болмай шықты. Жекешелендіру барысында елімізде үш бағыттағы (шағын, жаппай және жеке жобамен) кәсіпорындар құрылған. Нәтижесінде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңде де (1991–1992 жж. және 1993–1995 жж.) мүліктің үлкен талан-таражға түсуіне жол берілді.

1994 жылдың қаңтарында экономикалық реформаны жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар туралы Президент қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994–1995 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Бағдарламада Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың ерекшеліктері, елдің өндіргіш күштері, өндірістік қатынастар, өндірістік аппарат, игерілетін қазба байлық, елдегі 7 миллиондай еңбекке жарамды адам күші ескерілді. 1993 жылы қараша айының 15-ші жұлдызында мемлекеттің өз ақшасы – теңге енгізілді.

1992 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%, 1993 жылы – 28%, 1994 жылы – 48%, ал 1995 жылы – 45% жетті.Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996–1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. 1999 жылы басталған төртінші кезең қазіргі уақытқа дейін жалғасып, мемлекеттік меншікті басқару мен пайдалану мәселелерінде мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жаңаша көзқарастармен сипатталады.1997 жылдың қазан айында Президент Н. Ә. Назарбаев Республика халқына «Қазақстан-2030» деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе «Қазақстан барысын» қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді.

 

1.Орта ғасырлардағы отырықшы және көшпелі мәдениет.Қолөнер,сауда,ауыл шаруашылығы.Наным сенімдер және дін.

Жетісу өңірі мен Шу,Талас бойы мен Сырдария көшпелілер мен отырықшы аймақты байланыстырған аудан болды.Сыр бойы ерте кезден егіншілік мәдениеті дамыған,қалалар мәдениеті өркен жайған өркениетті аймақтар ретінде белгілі. Тұрақты қыстау,күзеу,көктеу,жайлау жартылай көшпелікті көрсетсе,кейбір қыстаулардың мңында егін шар.мен айналысушылық та болған.Шаруаш.ң мұндай түрін жарт.отыр.мал өсіру деп атуға болады.Сонда мал өсірушіліктің өзінің бірнеше түрін көреміз. Орта ғасырдың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жарт.көшпелі.ң арасында мәдени және экон.қ байланыстар дамыған. Мал өсірушілер өздерінің малдарынан жүн,ет,май,тері қнімдерін немесе артық малдарын қыстақ пен қала тұрғындарына сатып,болмаса айырбас сауда жасап,қздеріне тұрмысқа қажнтті заттарын алып отырған. Қолөнер. Қала тұрғ.ң көбеюі тұтыну бұйымдарын көп өндіруді талап етті.Сонд. да қалаларда түрлі бұйымдар өндіретін шеберлер,шеберха.р көбейе бастайды.Орта ғас.да қыш құмыра,шыны,металл бұйымдарын жасайтын ұсташылық,зергерлік,сонд.ақ тас өңдеу кәс.мен айн.н шеберлер қалыптасады. Олардың өндірген бұйымдарынан өмірдің өркендеу деңгейін аңғаруға болады. Қ.қ жасайтын шеберх.р Отырар,Құйрықтөбе,Талғар,Тараз және т.б қалалардан табылғанҚ.қ.дың тағы бір қолы жеткен жетіст.ң бірі шыны әйнек бұйымдар жасау кәсібінің дамуы.Қаз.ң Отырар,Тараз,Йасы сияқты қалаларынан табылған шыны ыдыстар оныншы ғасырға саяды. Сауда. Қалалар санының өсуі сауданың жандануына үлкен әсер тигізді.Сауда негізгі үшбағытта жүрген: Халықаралық сауда; Қала.ң өз аумағындағы сауда; Қалалық.ң дала тұрғ.мен сауда байланысы. Сауда айырбас немесе ақша арқ.жүрді. Ірі қала.ға жүргіз.н қазба жұмыс.ы кезінде олардан таб.н алтын,күміс,қола сияқты метал.дан жасалған теңгелер тек айырбас сауда ғана емес, тауар ақша шығаратын сарайлар болған. Алайда айырбас саудасы басым болғандығы анық. Мәселен, қалаға далалы өлкелерден ауыл шаруа.қ өнімдері,керісінше далалы өлкелерге қала қолөнер.ң қолдарынан шыққан керамика,шыны,зергерлік әшекей бұйымдар жіберіліп отырған..

Түріктердің наным-сенімдері және дінi Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Умай ана.Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай - от басы мен бала-шағаны қорғаушы болған. Ұмайға табыну Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып қалды. Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралгған, олардың ішінде ең әйгілілері — отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Ислам діні Орта Азия мен Қаз.ға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады. X-XI ғасырлар арасындағы қала мәдениетінің дамуында ислам маңызды рөл атқарды.оныншы ғ.да Қарахан мемл.і ислам дінін қабылдап, 960ж мемл.дін деп жариялайды. Әл Макдиси Оңт.Қаз.н мен Жетісудың оныншы ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазады.Оған дәлел археол.зерт.лер мыс: Құйрықтөбе, Баласағұн,Тараз,Отырар қала.ғы мешіт орын.ң аршылуы.Мешіттер тек ірі қалаларда ғана емес,қыстақ кенттерде де салына бастаған. Ислам дінінің орныға бастағанын осы кездегі тұрғындардың жерлеу салтынан да байқауға болады. Мыс: Құйрықтөбе қала жұртының жанындағы зираттарды зертегенде адамдардың мұсылманша жерлегендері анықталған.Мұсылманша жерлеу салты б.ша, адамның басы құбылаға қаратылып,жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленеді.Ал бұрын жерленген адамдар.ң жанына оның тірі кезіндегі заттары бірге қойылатын.Ислам діні орын теуп,өзінің күшіне ене бастағанда мұндай әдет ғұрыптарға тыйым салынған.Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына да ықпал етті.

2. 1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.

1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты.

Орта жүздің әкімшілік құрылымы:

ОКРУГ(15-20 болыс)Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан;БОЛЫС(10-120 ауыл)Басқарушысы-болыс сұлтаны;АУЫЛ(50-70 шаңырақ)

1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген. 1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді:

Кіші жүздің әкімшілік қурылымы:

БӨЛІКТЕР(батыс, орта, шығыс)Басқарушысы- аға сұлтанДИСТАНЦИЯ (54)Басқарушысы-ру шонжарларыАУЫЛ;Басқарушысы-ауыл старшыны;Реформаның салдары:

- Орталық басқару нығайтылды.

- Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік алды.1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болды.

3.ЕГЕМЕН ҚР демографиялық дамуы. Қ өзгеше демографиялық және этно мәдени ахуалдағы көпұлтты мемлекет. Еліміздің демографиялық саясаты – халықтың өсіп өнуі мен сақталып дамуын өлім жітімі мен көші қонының және мекен жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін бітұтас жүйе болып табылады. Демограиялық саясат әлеуметтік эканомикалық ,денсаулық, экалогиялық, құқықтық, білім мен мәдениет сияқты саясаттармен жүйелі түрде тығыз байланыста дамиды. Демографиялық саясаттың негізгі мақсаты – мемлекеттік дамуды, қоғамық ахуалды және ұлттық мүдені қамтамасыз етуге арналған өзіне ғана тән, қажетінше тиісті, әрі тікелей тиімді жолдармен жетуді нысана етіп алады. Елбасымыздың жолдауына сай халық санын көбейту осы демографялық саясат арқылы жүеге асырылуы қажет. Жалпы, қай мемлекеттің болмасын, демографиялық саясатқа айрықша мән беретіндігі мәлім. Өйткені елдің ел болуы , һәм оның мерейі халық санына тікелей байланысты. БҰҰ есебінше, қазіргі таңда бүкіл әлемдегі халық саны 6,5 миллиарты құрайды. Ұлттық демографиялық зерттеулер институтының мәліметі бойынша, 2050 жылы жер халқының саны 9 миллиардқа жетпек. Елбасы Н.Назарбаев 2015 ж қазақстандықтардың қатарын 20 млн жеткізу талабын қойған.

 

1.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ҚАЛАЛАРЫ.

Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы. Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі. Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер. Қазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты, ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады.Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Қалалар тек саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран, тағы басқалар. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар Бурух, Хурлуг, тағы басқалар. Ал үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар - Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан, тағы басқалар жатқызылған.ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫЕуразия құрлығындағы көне керуен жолы. Сонау көне заманнан бастап орта ғасырға дейін жол бойындағы елдер мен мемлекеттердің өзара сауда мен мәдени байланыстарының өркендеуіне зор әсер еткен құбылыс. Жолдың бірнеше тармағы болды. Алғашында ол жолдардың негізгісі - Ферғана-Самарқанд-Бұхара-Мерв-Сирия) қысқа болғанмен 6-7 ғасырлар Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол үлкен маңызға ие болып, керуендер осылай ауыса бастады. Б. з. б. II ғасыр­да Ұлы Жібек жо­лының са­уда дип­ло­мати­ялық бас­ты жо­лы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жо­лы Ал­тай, Па­мир, Тянь-Шань, Сыр­да­рия, Әму­дария жерімен өткен. Жібек жо­лы бағыты: Ху­ан­хэ өзені – Ұлы Қытай қорғаны­ның ба­тысы – Іле өзені – Ыс­тықкөл. Жібек жо­лының алғашқы негізгі та­уары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жол­мен Ба­тысқа жеткізіліп тұрған. Жібек жо­лы Қазақстан мен Ор­та Ази­яда мәде­ни-эко­номи­калық жағдай­дың өрлеуіне ықпал етті. Жал­пы, Жібек жо­лымен 2000 жыл­дан ас­там уақыт бойы са­уда ке­ру­ен­дері жүрген. Жібек жо­лымен шығыс­тан буд­да, ба­тыс­тан хрис­ти­ан діні та­ралған. Жібек жо­лы – са­уда жо­лы ғана емес, көшпелі оты­рықшы ха­лықтар мәде­ни­етінің да­му, та­ралу жо­лы.

2. 1867-1868ЖЫЛҒЫ РЕФОРМА

XIX ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін статс-секретарь И. И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Комиссия бүкіл қазақ даласын екі облысқа — орталығы Торғай өңірінде болған — Батыс, орталығы Сергиопольде немесе Қарқаралыда ұйымдастыру көзделген Шығыс облыстарға бөлуді ұсынды. И. И. Бутков комиссиясының пікірлері мен ұсыныстары қабылданбады. Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған "Дала комиссиясына" жүктелді. 1865 жылдың 5 маусымындағы II Александр патшаның әмірі бойынша қазақ жерін зерттеп білу сұрақтары дайындалды. Әкімшілік басқарудың жақа жүйесіне сай келетін мәселелердің көпшілігі сонда қамтылған еді: өзіндік ауыртпалықтар, жерді иеленудің түрлері, сот істері, ағарту ісі, алым-салық, діни мәселелер, т. б. Алайда реформаны әзірлеуде бұқаралық көпшіліктің көңілі ескерілмеді. Ғалым Шоқан Уәлиханов Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Қазақ жерінде реформаны тезірек іске асыруды көздеген комиссия ат төбеліндей феодалдық тап өкілдерімен ақылдасып, мәліметтерді солардан жи-нады. Батыс Сібір генерал-губернаторлығында комиссия ірі бай Мұса Шорманұлынан, билеуші сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор өлкесінде билеуші аға сұлтан Сейдәліұлынан, тағы да басқа халық мүдделерінен алшақ тұрған шонжар, ауқатты ақсүйектерден жиналған мәліметтерге сенім артты.Гирстың басшылығымен, құрамында Баллюзек, Л. Мейер, А. П. Проценко болған комиссия Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын, В. Д. Дандевиль, А. К. Гейнс және басқалар енген комиссия Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде реформа жобасын дайындады. 1867 жылы шілденің 11-інде II Алек-сандр патша "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ережені", 1868 жылғы қазанның 21-інде "Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ережені" бекітті

Бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Азаматтық және әскери билікті қолдарына шоғырландырған генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға бөлінді. Орынбор және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлығына, Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторлығына біріктірілді. 1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолында шоғырлануы 1867—1868 жылдардағы реформаның бір түйінді жері болды. Ал Түркістан генерал-губернаторлығына, сонымен қатар Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге де рұқсат берілді

3. Ішкі саяси жағдаиы ,ұлтаралық жарамсыздық саяси тұрақтылық 1991ж бүгінге деин. әлемде ең үлкен империя ксроның ыдырауы оның құрамындағы респуликаның саяси экономикалық мәдени бөлінуі көптеген қиыншылықтар туғызды .тмд-ға көзқарас әр түрлі болып қалыптасты. Балтық боиы елдері молдавия грузия тмд құрамын кіруде бастартты.қалған республикалар уақытша баиланысты жоғалтпай ортақ мүліктік келісімнен бөлісуге болады деп есептеді.тмд елдерінде туындаған қиыншылықтар ксро мүлкін бөлісуге республикалар арасында туған пікір таластар соныдық аимақтар құру ксроның ортақ қару жарағын бөлісуде қақтығыстар болды.1993ж президент назарбаев саилау хаттамасына қол қоиды қазақстан ядролық қару жарақ еркін аимақ болып жарияяланды.соғыс өлеңдерін шығаратын кәсіпорындар беибіт шарттар өндірісіне аиналдыру жүзеге асырыла басталды.


<== previous lecture | next lecture ==>
Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 5 page | Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 7 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.567 s.