Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 7 page


Date: 2015-10-07; view: 747.


 

1.НАЙМАН КЕРЕЙ ЖАЛАЙЫРНайман мемлекетінің құрылуы. Батысында Ертіс өзеніІ бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей,меркіттермен және оңт-нде Ұйғыр жұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инаныш Білге хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан. Найман мемлекетінің көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды. Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Даян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғыс хан әскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғыс хан және керейлер ханы Тоғрыл (Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Даян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеум. жағынан қайта күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшлік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған қолы өлтірді. Керей - Орхон, Оңғын, Керулен, Селеңге, Арғұн өзендерінің құйқалы алқабы еді. Керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ солардың арасында Орхон-енесай жазуларының білгір зерттеушісі, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлының апталығымызға ұсынған қолжазбасындағы Керлін (Керулен) өзені және ол өз басын алатын.орталығы Битөбе. Х-ХІІ ғ маркус бен Құршақұз кушейді.12ғ мемл. 2 бөлінеді. 1202ж Шыңғыс хан жаулап алады. Жалайыр — селенгі, хилок, орхон өзенд жоғ..1201ж жамұқа аргун өзен бойында өзін «гурхан» деп жариялайды.Шыңғыс хан керейіт ханы торымен бірігіп Жамұқаны жеңіп өзіне қаратады.ҚАРАҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІ (1128(25)-1212)Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді. 1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Дашибасқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді. 1125 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады. Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады. Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.

2.1868 - 1869 ЖЫЛДАРДАҒЫ ОРАЛ, ТОРҒАЙ ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ КӨТЕРІЛІСТЕР.орал же торғаи облыстарында ұлт азаттық күрес болады.патша реформаларын жүргізуге қарсы наразылық береді, себебі. Ол- салықтың көбеюі,әрбәр шаңырақ 3сомнан төлеп отыру керек 2 жерді облстарға бөлу,бұл малды жаилауға қыстауға көшіріп отыратын рудың арасында талас тудырды,яғни негізгі қозғаушы күші –шаруалар болды,көтерілісті басу үшін орынборлдан полковник рукен граф комаровкии генерал губернатор веревкин үлкен әскер бастап орал мен торғаидағы көтерілісті басады.көтеріліске 30 мың адам қатысады.жеңіліп қалады.оның себебі 1 нашар қарулануы,ауыз бірліктің болмауы,түпкі мақсатты түсінбеді.ал 1870ж маңғыстауда көтеріліс өтеді.бұл жерде кіші жүздің адаи рулары қатысты,себебі 1 40мың адам адаиға 160мың сом салық төлеу керек еді.бұл халытың мінезін білетін орыстар үлкен әскермензеңбіоектермен маңғыстауға жақындаиды.1870ж наурызда көтеріліс басталады.мықты шаиқаста орыс әскері жеңіліп рукен атылып өледі.бұл хабар маңғыстау балықшылар жетеді.сол жердегі жұмысшылар күреске шығады,олардың саны 10мыңға жетеді.4 зеңбірек бірнеше рота 3 аи боиы көтерілісшілерді жазалаиды.басшылары Тәжиев же иса тілендиев еді.жеңілу себебі 1 күш тең болмады.2 қазақтардыңөзге аимақтардан алыс жатты.көтеріліс мамыр аиында аяқталып контре буция соғыс шығымы төлеу керек болды.

3. Тәуелсіз Қаз.ң Білім және Ғылым реформ.ы

Хх ғ. КСРОда, яғни Қазақстандағы да жалпы, арнайы және жоғары білім беру жүйесі әлемдегі ең үздіктердің бірі болды және жоғары білімді кадрларды дайындады. Алайда, 1980ші жылдардың екінші жартысы – 1990шы жылдардың басындағы жүйелі әлеуметтік – эканомикалық және әлеуметтік саяси дағдарысқа байланысты Қазақстандағы білім беру жүйесі өте ауыр жағдайда қалды және жаңа шарттарға бейімделу керек болды.1991ж мен салыстырғанда 1998ж республикадағы мектепке дейінгі мекемелер саны 70%ға дейін қысқарды, дағдарыс жағдайында ауылдық мектептердің жабылуы ауылдың білім беру, мәдени деңгейінің төмендеуіне әкелді. Себебі,ауыл мектептері тек білім беру мекемесі ғана болып қоймай, мәдени ағартушылықтың орталығы болды, ауылдың әлеуметтік-психологиялық жағдайына оң ықпал етті. 1998ж бірқатар білім беру орталықтары ашылды : дарынды балалармен жұмыс істеу бағыты бойынша Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы; Білім беру жүйесін ақпараттандырудың республикалық ғылыми-эксперименттік орталығы және басқалар. 1999ж Үкімет өте жақсы нәтиже көрсеткен жалпы білім беретін мектептердің түлектері үшін «Алтын белгі» төсбелгісін тапсыру туралы ережені бекітті.Ұлттық білім беру жүйесінің жаңа құрылымы ҚР Конститутциясының 30-бабына және ЮНЕСКО ұсынып отырған Білім берудің халықаралық стандарттау классификациясына сәйкес құрылды. Білім берудің жаңа деңгейлері қалыптасты: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Қазақстанда міндетті орта білім алу 11ж құрады. 6-7 жасынан бастап оқушылар мектепке қабылданды. Бастауыш буын 1-4 сыныптарды қамтыды. 2000ж орта білім беру жүйесінде айшықты өзгерістер болды.2004ж бастап оқушылар ҰБТ өте бастады. Ол бір уақытта мектепті бітіру емтиханы және жоғары оқу орнына түсу емтиханы да болды.«Болашақ» стипендиясының қабылдануымен республикада қазіргі шетелдік білім алған мамандардың саны өсті.2001ж президенттік стипендия иегерлерін біріктіру, олардың оқу бітірген соң жұмысқа орналасу мәселелерін шешу, баспанамен қамтамасыз ету, олардың мүдделерін алға тарту, құқықтарын қорғау мақсатында «Болашақ» ассоцияциясы құрылды.2008ж қаңтарда ҚР През қатысуымен «Болашақ» халықаралық стипендианттарының форумы өтті. Мемлекет басшысы «болашақтықтардың» алдында сөз сөйлеп , «Болашақ» стипендиясын сапалы кеңейту туралы ұсыныс білдірді.

 

1.ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫ-шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11-ғасырдың 2-ширегінен бастап Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. 11 – 12-ғасырларда Алтаймен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар деп аталды. 12-ғасырдың ортасынан олар Сырдария бойындағы қалалар үшін Хорезммен соғысты. Қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет етті, сондықтан 13-ғасырдың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында қыпшақтар ыдырау алдында тұрды. Таққа тек бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды. Олар ежелгі түркі дәстүрі бойынша 2 қанатқа бөлінді. Кейіннен Шыңғыс хан әскерлері ретінде Дешті Қыпшаққа Орталық Азиядан келіп сіңген түркі-моңғол тайпалары (керей, меркіт, найман, уақ, жалайыр, қоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшақтармен араласып, біртұтас халыққа айналды. Қыпшақтар туралы алғашқы хабар Қытайдың жазба деректерінде кездеседі. VII-X ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созылған қалыптасу процесі жүрді. Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдыңсоңынадейін. Екінші кезең: VIII ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық Одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. Ұлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер "Дешті қыпшақ”, яғни қыпшақ даласы деп аталды. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Қыпшақтардыңбастышаруашылы мал өсіру болды. Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсірді. Жылқы мен қой басым болған. Жылқы басты көлік құралы және қыпшақтар сиыр мен қой етінен жылқы етін артық көрді. Батыс Қазақстан аймақтарында қыпшақтардың жекеленген топтары түйе шаруашылығымен де шұғылданған. Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан. Олар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа лашын, бүркіт сияқты құстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Бағалы аң терілерін қыпшақтар басқа елдерге шығарып, сауда қатынасын жүргізген. Аң аулаумен қатар қыпшақтардың өзен мен көл жағалауларында тұратындары балық аулаумен шұғылданған, олар кішкене қайық, кемелерді пайдаланған. Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның ішінде өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Қыпшақтар негізінен тары өсірген.

2.Исатай мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Көтерілістің себептері. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Бөкей хандығында (1801 жылы 11 наурызде қүрылды) ауылдардың еңбекші халқына жасалған экономикалық қысым күшейіп, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық укладтың бірқатар маңызды жақтары күрт күйреді. Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленген Хан өкіметінің патша әкімшілігінің органдарына және ірі жергілікті феодалдық шонжарларға арқа сүйеп барынша күш сала жүргізген саясаты феодалдық және отаршылдық езгінің күрт күшеюіне, шонжарлардың ауылдық-қауымдық жерлерді жаппай тартып алуына әкеліп соқтырды. Көтерілістің негізгі себептері:

- Ақшалай салықтың өсуі;

- Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны , орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;

- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.

1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы-көтеріліске түрткі болды.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші-шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.Ел ауызындағы әңгімеде Исатай Тайманұлы Атырау облысы, Қызылқожа ауданы, Жанкелдин совхозы Тайман жолы деген жерде 1791 жылы көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген.Истайдың жастық шағында оған өте үлкен ықпал жасаған адамның бірі немере ағасы Жабал Бегәліұлы болған. Ол Истайдың өсіп, азаматтық көзқарасының қалыптасуына, жетілуіне ықпал жасап, тәрбиелеген. Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап, батырдың патша чиновниктерімен байланысы салқындай бастады. 1817, 1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды. Исатайдың ең жақын серігі –ақын, Беріш руының старшины Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.). Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф Р.И.Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тызыз қарым-қатынаста болды. Оның өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын айқындауға болады. Көтерілістің басты мақсаты:1. Хан озбырлығына шек қою. 2. Шаруалар жағдайын жақсарту. 3. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту. 4. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

5.Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық отаршылдыққа қарсы.

1838 жылы шілденің 12-сінде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер Гекке мен Айшуақұлы басқарған отрядтан жеңілді. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтіреді.

Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор. 1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады.Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары Жәңгірге қарсы арыз-шағымдар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде Ордаға арыз тапсырады, бұл арызды хан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде береді, бірақ ештеңе де өзгермейді. Хан уәдесінен таяды. 1837 жылдың басында көтерілісшілердің қимылы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардың Балқы би мен Қарауылқожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондай-ақ көтерілісшілерге қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. И. Тайманұлы әкімшілікті ханмен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді.Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасында жалғасады. 1838 жылғы 12 шілдеде Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілердің жазалаушылармен кезекті шайқасы өтіп, осы ұрыста Исатай мерт болады.Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді.Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды.

3.Тәуелсіз қазақстанда әлемдік қауымдастықтың мойындауы және қазақстан дипломатиясының қалыптасуы. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып нығаюында сыртқы саясат маңызды рөл атқарады. Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекет басшылығы алдында сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын толыққанды дипломатиялық қызмет құрудың күрделі міндеті тұрды. Тәуелсіздіктің алғашқы айларында Қазақстанды санаулы мемлекеттер ғана таныды. Әлем мемлекеттерінің бірқатары Қазақстанды КСРО шеңберінен жаңа шыққан, болашақтағы дамуының бағыт-бағдары белгісіз, қуатты ядролық қаруы бар, алдағы уақытта мемлекет болып қалу қалмауы белгісіз мұсылман елі ретінде қабылдады. Сондықтан республиканың сыртқы саясатын тездетіп қалыптастырмайтын болса халықаралық деңгейдегі мүдделерімізге орасан нұқсан келуі мүмкіндігі белгілі болды. Тәуелсіз елдің сыртқы саяси ведомчтвасын қайта құру Президент Н.Ә.Н-тың тікелей басшылығымен жүргізіледі. Осы жолда «дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы», халықаралық құқық, ҚР заңдары т.б құжаттар зерттеліп сараланды. Тәуелсіз қазақстанның тұңғыш Сыртқы іштер министрі болу құрметі Төлеутай Сүлейменовке бұйырды. Осы уақыттың қарсаңында сыртқы саяси ведомствоның құрамы небәрі 17 адам болатын. Министрлік басшылығы алдымен Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары туралы Тұжырымдама жасады. ҚР сыртқы саясатының тұжырымдамасын әзірлеуде Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин,Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Парламенттің тиісті комитеттерінің басшылары Жабайхан Әбділдинмен және Шәріп Омаровпен өзара тығыз іс-қимыл жасап жұмыс істеді. Осы бірлескен жұмыстың маңызды бір нәтиже Қазақстан тарихында тұңғыш рет Дипломатиялық қызмет туралы-заңның қабылдануы болды

 

1.ІХ-ХІІ ҒҒ. ҒАЛЫМДАР МЕН ОЙШЫЛДАР.Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. АбайдыңФараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікірсабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет. Жүсіп Баласағұни - Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Махмұд Қашқари1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстанжеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидың арғы тегі қожалар әулеті. Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Йассауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Йассауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Йассауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”)


<== previous lecture | next lecture ==>
Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 6 page | Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 8 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.209 s.