|
Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 10 pageDate: 2015-10-07; view: 602. Кіші Азияға сапарын аяқтап, Самарқанға оралған Ақсақ темірдің көкейін тескен Қытай еді. 2.XIXғ.Қазақстандағы экономикалық қатынастар.XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды.70–80 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізді. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл, (Петропавл маңында), Константиновск (Ақмола), Петровск (Атбасарда) және 50 ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелері жұмыс істеді. Қазақстанда капиталистік түрдегі сауда-саттықтың күшеюі жергілікті сауда буржуазиясының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Осы кезде, Қазақстанда 30дан астам қалалар мен 400 казак-орыс поселкалары пайда болды. Қалаларда әскери адамдар, құрметті азаматтар мен саудагерлер, қазақ ұлықтары тұрды. Қала халқының көпшілігі кедейленген шаруалар мен майда кәсіпорындарының жұмысшылары болатын. XIX ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржыларын әкеле бастады. Жер мен шикізат арзан еді, жұмысшылардың жалақысы төмен болды. Мұның өзі банк мекемелерінің ашылып, олардағы ақша айналым қатынастарын күшейтті. 1871 жылы Қазақстанда алғашқы ашылған банктердің бірі – Петропавлдағы негізгі капиталы 40 мың сом болатын қалалық қоғамдық банк еді. XIX ғ. 70-ші жылдары ішкі Ресейден Қазақстанға темір жол тартыла бастады. 1874–1876 жылдары Орынбор темір жолы салынып, ол Торғай облысы мен Орынборды Орталық Ресеймен жалғастырды.Сонымен, капиталистік қатынастардың қазақ даласына енуі өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтың патриархалдық-феодалдық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлінісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді. 3.Ұлттық қауіпсіздіктің сыртқы саяси қырлары Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ). Халықаралық қауымдастық ядролық қарусыздандыру саласындағы басты құжатты – Ядролық қаруды таратпау туралы шартты (ЯҚТШ) орындау жөнінде батыл іс-шаралар қолданудың өткір қажеттігін толық дәрежеде түсінуге тиіс. Бұл үрдісте «ядролық бестік» (АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай) елдеріне ерекше жауапкершілік жүктеледі. Қазақстан ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тартқан мемлекет ретінде ядролық қарудың таралмауы және оған бақылау орнату саласында белсенді саясат жүргізеді. Өзінің тәуелсіздігі кезінде Қазақстан елдің ядролық қарудың таралмау режимін нығайтуға деген бекем ниетін дәлелдеген бірқатар нақты шараларды жүзеге асырды. Оларға мыналар жатады: Семей ядролық-сынақ полигонын жабу; Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы; барлық ядролық оқтұмсықтарды Қазақстан аумағынан әкету; бұрынғы КСРО-ның мирасқоры ретінде АҚШ пен КСРО арасындағы стратегиялық шабуыл қару-жарағын қысқарту және шектеу туралы шартқа қатысу; бұрынғы КСРО-ның мирасқоры ретінде КСРО мен АҚШ-тың орта және шағын қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шартқа қатысу; Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) мүшелікке өту және республиканың барлық ядролық нысандарына МАГАТЭ-нің кепілдігін орнату; бұрынғы әскери кешендерде қолданыста болған сынақ полигондары мен ғылыми-техникалық әлеуеттердің инфрақұрылымын конверсиялау; Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қою, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және Жаһандық мониторингілік желіге енгізілген сейсмикалық стансаларды жаңғырту жөніндегі белсенді жұмыс. Семей ядролық сынақ полигонының КСРО-ның өмір сүруі кезеңінде-ақ 1990 жылы жабылғаны ядролық қаруды таратпау жөніндегі болашақ саясаттың негізін қалаған алғашқы қадам еді. Қазақстан Лиссабон хаттамасына қатысушылардың арасында ядролық қаруды тасымалдауға қатысты ережені бірінші болып іске асырды – 1995 жылғы 30 мамырда Семей полигонындағы оқпанда орналасқан соңғы ядролық сынақ зарядын жойды. «Ядролық мұраны» жоюмен бір мезгілде Қазақстан қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту бағытын жүргізе бастады. Республика мемлекеттің ядролық қарусыз мәртебесін тиянақтаған ЯҚТШ-ға қол қойды және бұл шартты 1993 жылғы 13 желтоқсанда бекітті. Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі 1995 жылғы шартқа қатысушылардың конференциясы барысында қабылданған және ЯҚТШ-2000 конференциясының барысында қолдау тапқан «Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану принциптері мен мақсаттарын» толық қолдады, оларда ядролық қарудан азат аймақтар құруды көтермелеу туралы ереже басым міндеттердің бірі ретінде негізделген.Шанхай ынтымақтастық ұйымы – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларының бірі Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сыртқы істер министрлері орынбасарларының 1992 жылғы қыркүйекте Минск қаласында болған аталмыш елдердің Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекаралары проблемасы жөніндегі кездесулері мен келіссөздерінің қорытындыларын әуелі «Шанхай бестігі», содан соң Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) шеңберіндегі мемлекеттер ынтымақтастығының бастау алуы деп есептеуге болады. 1996 жылғы 26 сәуірде Шанхай қаласында бес мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы тарихи келісімге қол қойылды (1998 жылғы 7 мамырда күшіне енді). 1997 жылғы 24 сәуірде елдердің басшылары Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге қол қойды (1999 жылғы 6 тамызда күшіне енді). Екі келісімнің қолданылу мерзімі – 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін және кейіннен бес жылға ұзартылады. 1998 жылғы 3 шілдеде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті, оған Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Е. М. Примаков қатысты. Сыртқы істер министрлері Алматы кездесуіне қатысушылардың Бірлескен мәлімдемесіне қол қойды. Құжат «Орталық Азияда және жалпы Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарау үшін қажетіне қарай сыртқы істер министрлерінің сарапшылары, Үкімет басшылары мен мемлекеттер басшыларының деңгейінде кездесулер шақыру туралы» уағдаластықты баянды етті. 1999 жылғы 24–25 тамызда Бішкек қаласында «Шанхай бестігінің» саммиті өткізілді, онда Бішкек Декларациясына, сондай-ақ Бес ел арасындағы үш елдің мемлкеттік шекараларының түйісетін жерлері туралы келісімге қол қойылды. Қабылданған уағдаластықтарды іске асру мақсатында Алматы қаласында (1998 жылғы 3 шілде) және Бішкек қаласында (1999 жылғы 25 тамыз), Қырғызстан астанасында 1999 жылғы 30 қараша-2 желтоқсанда бес мемлекеттің құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі болды, ол халықаралық лаңкестікке, есірткілер мен қарудың контрабандасына, құпия көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық мәселелеріне арналды. 2003 жылғы 28 мамырдан 29 мамырға дейін Мәскеу қаласында өткен ШЫҰ-ның кезекті саммитінде ұйымды құжат жүзінде рәсімдеу аяқталды. Мемлекеттердің басшылары ұйымның эмблемасы мен туын бекітті, сондай-ақ ШЫҰ-ның атқарушы хатшысы қызметі белгіленіп, оған Қытай өкілі – ҚХР-дың Мәскеу қаласындағы елшісі Чжан Дэгуан атқарушы болып тағайындалды. ШЫҰ органдары: Мемлекеттер басшыларының кеңесі; Үкіметтер басшыларының (премьер-министрлер) кеңесі; Сыртқы істер министрлерінің кеңесі; Министрліктер және/немесе ведомстволар басшыларының кеңесі; Ұлттық үйлестірушілер кеңесі; Хатшылық; Лаңкестікке қарсы өңірлік құрылым (ЛҚӨҚ); ЛҚӨҚ кеңесі Қазіргі кезеңде мемлекеттердің басшылары ШЫҰ-ның алдына екі бірдей міндет – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту міндеттерін қойды
1.ӘБІЛХАЙЫР ХАНДЫҒЫ (1428–1468 ЖЖ.)XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Осыған қарамастан Шайбани ұрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20- жылдарының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мұрагерлерінен Шайбан ұрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Тюмень) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған Халқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктенген түрік-моңғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бұл тайпалар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және тұрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар «өзбек» деген атпен саяси жағынан бірге аталған. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста – Жайыққа, шығыста – Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте – Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428–1468 жж.) елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Жошы әулеті – оның ішінде Ибак-хан, Береке-сұлтан, Ұрыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей тағы басқалары – Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасырдың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бойында Шайбан ұрпағы Махмұд Қожа ханды талқандайды. Ол Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Турадан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі – Мұстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау баурайындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алуы ағайындас Шайбани ұлысы мен Ақ Орда ұлысы ру-тайпаларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Соғыстар барысында Әбілхайыр қанша жерлерді қосып алғанымен, хандық ішінде саяси берік бірлік болмады, әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар күшейді. Ірі феодалдық топтар, ру басылары, сұлтандар оны қолдамады, қарсы шығып отырды. Әбілхайыр мемлекетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы тоқтаусыз қырқыстар, көшпелі рулар мен тайпалар сұлтандарының өз алдына бөлінуге ұмтылуы 1456–1457 жылдардағы Әбілхайырдың Үз-Темір-Тайшы басқарған ойраттармен Сығанақ маңындағы шайқаста күйрете жеңілуіне алып келді. Ол Түркістандағы талан-таражға түскен қалаларын тастап, Дешті-Қыпшақ даласына кетуге мәжбүр болды. Тек 60-жылдардың басында ғана Әбілхайыр Сырдария бойындағы бұрын өзі жаулап алған қалаларына қайта оралды. Осы жерден Әбілхайыр 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа кетіп бара жатқанда кенеттен қайтыс болды.Ішкі және сыртқы қайшылықтардың шиеленісуі, бітпейтін феодалдық соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, Әбілхайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды. Сөйтіп Шайбан әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Көшпелі өзбек тайпаларының бір бөлігі XVI ғасырдың бас кезінде Мәуеренахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған ру-тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді. Темір ұрпақтары өкіметінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін басып алды. 2.XX Ғ.БАСЫНДАҒЫ ӨЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.Әлеуметтік-жағдай.XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:Түркістан генерал-губернаторлығы (Орталығы– Ташкент); Сырдария облысы ;Жетісу облысы;Дала генерал-губернаторлығы (ОрталығыОмбы) ;Ақмолаоблысы ;Семейоблысы ;Оралоблысы ;Төрғай облысы.1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың. 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті. Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті. Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті.XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.Қала халқының көбеюі жолдары: 1.Қоныстанушылардыңкөптепкелуі. 2.Жатақтарсаныныңартуы. 3.Ішкідемографиялықөсім. 4.Сауда қатынасының дамуы.Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді. СТОЛЫПИН РЕФОРМАСЫ.1906-1911 жылдарда Министерлер Кеңесінің төрағасы және Ішкі істер министрі болған П.А.Столыпин елді жаңғырту принциптерін әзірледі, оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П.А.Столыпиннің аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл – Сенаттың қарауына берілетін 1906 жылғы 9 қарашадағы «Шаруалардың жер иеленуінежәне жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы» жарлық, ол ІІІ Мемлекеттік Думада 1910 жылғы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгертулер мен толықтырулар туралы» заң етіп толықтырылды және қайта өңделді. 1911 жылғы 29 мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформа бойыеша шараларды жүргізу Сенат Жарлықты қабылдағаннан кейін 1906 жылыбасталды. столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді жеке пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жеріне қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Реформа нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Қазақстанда қоныс аударушылар үшін алынған жердің жалпы мөлшері жөнінде әр түрлі мәліметтердің өзара едәуір айырмашылығы бар. Мәселен, 1917 жылы қоныс аудару органдарының құзыретті шенеулігі В.А.Тресвятский жариялаған деректер бойынша, 1916 жылға қарай Дала өлкесінде зерттелген 106 миллион десятина жердің 30 миллион десятинасы, яғни үштен біріне жуығы басы артық жер дейтінге жатқызылған және қазақтардан күштеп тартып алуға арналған. Жергілікті халықтан тартып алынған жер 9 111 учаскеден тұрды. Бірақ іс жүзінде қоныс аударушылар бөлінген барлық учаскелерге орналастырылған жоқ. Көптеген қоныс аудару учаскелеріне болашақтағы 10-15-20 жылда орналастыру жоспарланды. Мәселен, Зайсан уезінде шаруалар өздеріне бөлінген учаскелерге соқпай өтіп, «Қытайдағы суармалы егістікке қарай ұмтылды». Ал мұндай жағдайлар көп еді. Қоныс аударушылар орналасқан жердің нақты көлемін, әсіресе өз бетімен қоныс аударушылар санының көп болу себепті анықтау мүмкін емес. Бірақ, қоныс аудару қорына бөліп берілген жермен қоса қазақтардың жер пайдалануынан қазақ әскерлеріне арналған орман, саяжайларына және басқа да қазыналық қажеттерге, қалалар мен темір жолдардың орналасуына арнап тартып алынған жерлерді қоса есептегенде қонастандыру қорына тартып алынған жердің жалпы көлемі 45 миллион десятинадан астам болып шығады. Дала өлкесінің уездері мен облыстары бойынша тартып алынған жердің көлемі тең бөлінбеді. Мәселен, Омбы уезінде бұл барлық жердің 52%-ы, Ақмола уезінде - 73%-ы, Қостанай уезінде - 54%-ы болды және т.б. Жердің неғұрлым көп ауқымы тартып алуға жатса, егіншілік жөнінен бұл жерлердің соғұрлым қолайлы болғанын аңғару қиын емес. «Басы артық жердің ең көп мөлшері солтүстік, топырағы қара топырақты және қою-сұрғылт топырақты, мейлінше құнарлы өңірде орналасқан уездерде болып табылады» деп жазып, кезінде Қоныс аудару басқармасы шенеуніктерінің өздері де атап өткен. 3. Егемен Қазақстанның мәдениеті (1991–2006 жж.)Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.Білім жүйесі. Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде талқыланды. Гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылды. Тарих, ана тілі 1–5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бұрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8 109 болды. «Интернет – мектепте» бағдарламасы аясында 1 414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылды.Үкіметтің 2002–2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында барлық деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдірді, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын арттыру көзделді. 2003/2004 оқу жылында Қазақстанда жұмыс істейтін мектептердің саны – 8260-қа жетіп, онда 3 026,2 мың оқушы білім алды. Мектептердің 3 687 (44,6%) қазақ тілінде оқытатын, 2 069 (26,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді. Мектептерде 270 мыңнан астам педагог жұмыс істеді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі болды.2005/2006 оқу жылында Қазақстан білім және ғылым министрлігіне қарайтын 8 222 мектеп жұмыс істеді, онда 3 млн. оқушы білім алды. Оларға 300 мыңдай мұғалім сабақ берді.2006 жылы жалпы білім беретін мектептерде 31 оқушыға 1 компьютерден келді. Мектептердің 89 пайызы интернетке қосылды.2007 жылғы тамыз айында Қазақстанда «Білім туралы» жаңа Заң қабыланды.Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жыларға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу белгіленді. Оның негізгі мақсаты – жаңа кезеңнің талаптарына сай жастарды өмірге баулу үшін оларға бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру.Қазақстан мектептерінде сапалы білім алуды қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілді. 1.МОҒОЛСТАН — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.
|