Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 11 page


Date: 2015-10-07; view: 547.


1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.Тоғылық Темірден кейін Моғолс­тан­ның ха­ны болған Іли­яс-Қожа 1365 жы­лы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіру­ге әре­кет жа­сады. «Бат­пақты шайқасын­да» Әмір Темір жеңіліп қашып құтыл­ды. Әмір Темірдің Моғолс­танға жа­саған алғаш жо­рығы 1371 жы­лы бас­талды. 1372 жы­лы Әмір Темірдің өзі Моғолс­танға қай­та жо­рық жа­сап, Ыс­тықкөл маңын­дағы Сегізағашқа дейін ба­рып, сан­сыз тұтқын, сан жет­пейтін ол­жа түсіріп ора­лады. Осы­дан кейін Әмір Темірдің сол кез­дегі Моғолс­тан­ның ең ірі би­ле­ушісі болған әмір Қамар-ад-дин дуғлатқа қар­сы 1375–1377 жж. ара­лығын­да бірне­ше жо­рықта­ры жүрді1375 жы­лы Жетісу жеріндегі Ша­рын өзені бойын­да бо­лып, Моғол әскер­лері талқан­далды. 1376 жыл­дың көктемінде Хо­резмді жа­улап алу­мен ай­на­лысып жатқан Темір Моғолс­танға Ка­мар-ад-дин­ге қар­сы 30 мың әскерімен әмір Са­сы-Бұға қып­шақты, Әділ-шақты және басқа да әмірлерін ат­тандыр­ды. 1377 жы­лы Ка­мар-ад-дин екі рет: біріншісінде – Қара­тау етегінде, екіншісінде – Шу бойымен Ыс­тықкөлге ба­ратын жол­дағы Бұғым шатқалын­да Әмір Темірден жеңіліске ұшы­рап, өзі қашып құтыл­ды. Ол Моғолс­тан­ды біржо­лата ба­сып алу­ды көздеді. Оған же­ту үшін 1380–1390 жж. ара­сын­да Темір ба­лала­рымен бірігіп, Моғолс­тан жеріне бірне­ше рет жойқын жо­рықтар ұйым­дастыр­ды

Ақсақ Темір басқан ізінен қан сорғала­тып, тек Моғолс­тан­ды ғана емес, со­нымен бірге тағы басқа да көпте­ген ел­дерді жа­улап ал­ды. Мәуере­нахр­дан өзінің қан­ды жо­рығын бас­таған ол әмірші болған 35 жыл ішінде (1370–1405 жж.) Хо­резмді, Пер­си­яны, Әзірбай­жан­ды, Ге­рат­ты, Гру­зи­яны, Ар­ме­ни­яны, Ақ Ор­да­ны, Ауғанс­тан­ды, Үндістан­ды, Еги­петті, Бағдат­ты, Си­ри­яны, Кіші Ази­яны жа­улап алып, та­бан ас­ты­на сал­ды. Әмір Темір құрған ора­сан зор мем­ле­кет,

1405 жы­лы ол өлген­нен кейін бы­тырап та­рап кетті. Моғол билігі Қызыр Қожа хан­ның не­мересі Уәйіс оғлан қолы­на көшті

1428 жы­лы Уәйіс хан қай­тыс болған­нан кейін, хан­дық үшін оның екі ба­ласы Жүніс пен Есенбұғы ара­сын­да та­лас бас­талды. 1434 жы­лы Есенбұғы хан тағына отыр­ды. 1462 жы­лы Жүніс Есенбұғы хан­ның қай­тыс болғанын естіп, өзінің Моғолс­танға хан­дық өкімет­ке заңды ми­расқор екендігін жа­ри­ялап, он­да 1487 жылға дейін билігін жүргізді

XVI ғасыр­дың ба­сын­да Жүніс хан ұрпақта­ры ара­сын­дағы ала­уыз­дық пен ішкі фе­одал­дық қырқыс Моғолс­тан хан­дығының біржо­лата ыды­ра­уына әкеліп соқты. Нәти­жесінде ежел­ден Жетісу мен Іле өңірін ме­кен­де­ген үйсін, ду­лат, қаңлы, жа­лайыр және тағы басқа қазақ ру-тай­па­лары Жетісу­да құрылған Қазақ хан­дығының құра­мына бірікті.

2.1905–1907 жылдардағы орыс революциясына Қазақстанхалқының қатысуы.Бiрiншi орыс төңкерiсi кезiнде патшалық тәртiпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езiлген халықтары да көтерiлдi.Қазақстан еңбекшілерінің 1905–1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланысты еді.1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінің экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады. 1904 жылы пайда болған Сібір социал-демократиялық одағы, оның Омбы, Орынбор, Саратов комитеттері Қазақстан жерінде революциялық жұмысты күшейте түсті.1905 жыл Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстанның барлық қалаларында шерулер, митингілер мен жиналыстар болып өтті. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан және қазақтардан шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Қарқаралыдағы 1905 жылғы 15 қарашадағы үлкен саяси митингке қазақтардан, татарлардан, орыстардан және басқаларынан тұратын 400-дей адам қатысты. Олар патша өкіметіне қарсы бірқатар талаптар қойды, отаршылық әкімшілікке қарсы күресуге шақырды. Кейіннен Қарқаралы оқиғасының басшылары қуғынға ұшырады. А. Байтұрсынов Орынборға, Ж. Ақбаев Якутияға жер аударылды.

Патша өкіметі 1905 жылы 17 қазанда елдегі революциялық қозғалысты басу мақсатында арнайы манифест қабылдады. Бірақ бұл жоғары мәртебелі манифест жұмысшы қозғалысын бәсеңдеткен жоқ, қайта кейбір жерлерде күшейте түсті.

Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшін, теңдік, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы жазда Семей, Торғай және Орал облыстарында жер үшін толқулар болды.Мәскеудегі желтоқсан қарулы көтерілісінің әсерімен 1905 жыл 11 желтоқсанда Успен руднигіндегі жұмысшылардың ірі ереуілі өтті. Ереуіл барысында орыс жұмыскері Петр Топорнин мен қазақ жұмысшысы Әлімжан Байшағыров басқарған «Орыс-қырғыз одағы» құрылды. Жұмысшылар өздерінің жалпы жиналысында қабылдаған талаптарын «Петиция» ретінде рудник басшысы Н. Фелльге тапсырды. Оның бірде-бір пункті қабылданбағандықтан «Орыс-қырғыз одағының» шақыруымен рудникте ереуіл басталды. Рудник кеңсесі үстіне қызыл жалау көтерілді. Успен руднигі жұмысшыларының ереуілі 1905–1907 жылдары Қазақстанда болған революциялық қозғалыс тарихында көрнекті орын алады. Яғни, ол өлкеде революциялық қозғалыстың ең жоғарғы шарықтаған кезі деп саналады.1906 жылы 6 қаңтарда патшаның арнаулы жарлығымен Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Меллер-Закомельскийдің жазалау экспедициясы әкелінді.

1905–1907 жж. болған революциялық қозғалыстармен байланысты Қазақстан жұмысшыларының кәсіподақ ұйымдары бой көтерді. Алғашқылардың бірі болып Оралдағы теміржолшылардың кәсіподағы (1905 ж. қараша) құрылды, оған Н. Смуров, Н. А. Покатилов және Н. И. Ульянов басшылық жасады. 1905–1906 жж. Орынбор-Ташкент теміржолшыларының кәсіподағы ең ірі ұйым болып саналды. Оның 6 мың мүшесі болған.

1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттік Думаны шақыру туралы патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазақ сайланды. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов. 1906 жылы тамыз айында II Мемлекеттік Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оның алтауы қазақ халық өкілдері болды. Олар: Ш. Қошығұлов – Ақмола облысынан, Х. Нұрекенов – Семей облысынан, Б. Қаратаев – Орал облысынан, А. Бірімжанов – Торғай облысынан, Т. Аллабергенов – Сырдария облысынан, М. Тынышбаев – Жетісу облысынан.

Ұлттық қозғалыстың Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал –демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. 1905 жылы қазанда ұлттық интеллигенция өкілдері Оралда бес облыстағы қазақтардың делегаттарының съезін өткізіп, онда олардың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалын құрмақшы болды. 1906 жылы сәуір-мамыр айларында Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті.

Қазақ еңбекші бұқарасының 1905–1907 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы көп жағдайда ұйымдаспаған түрде өтті.

3.Қ-дағы қазіргі заманғы ақпарат мәдениеті ХХ1 ғ –жаңа техналогиямен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компъютерледіру процесі ақталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компъютердің қыр сырын меңгеріп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр. Ақпаратық мәдениет – бұл әңгімелесе беру, теледидар хабарды талғамды түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп , талдай білу. Ақпараттық мәдениет тек компъютермен дұрысжұмыс істей білу емес ,кез келген ақпарат көзін –анықтамалықтарды,сөздіктерді.энциклопедиаларды,көліктердің жүру кестелерін,телидидар бағдарламаларын,т.с.с дұрыс пайдалана білу деген сөз. Бұл – әңгімелесе білу телидидар хабарын талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өкізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайда өз еркіндігіңді шектей білу. Ақпараттық мәдениет – компъютерік техналогияны пайдалану,ол-Интернет. Интернеттің көмегімен оқу бағдарламаларына қатыса аламыз, әсіресе өнер саласын зерттеуге қолайлы, мысалы мұражайлардың әр үрлі сайттарын пайдалану. Ақпараттық және каммуникациялық техналоиялар саласы жаңа өзгерістер енгізді. Өркениет жоғары жылдамдықпен ең шешуші рөлді табиғи ресурс пен энегия ғана емес, ақпарат және ғылыми білім шешетін ақпараттық және ғылыми білім шешетін ақпаратық қоғамға жылжып келеді.

 

1.НОҒАЙ ОР­ДА­СЫ (XIV АЯҒЫ – XVI ҒҒ.)Ал­тын Ор­да ыды­рап, Ақ Ор­да­ның әлсіреуі нәти­жесінде Қазақстан­да бой көтер­ген мем­ле­кеттік құры­лым­дардың бірі – Ноғай Ор­да­сы еді. Ноғай Ор­да­сы Ал­тын Ор­да­дан XI­II ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да бөлек­те­не бас­та­ды. Бұл жағдай әмір Едіге тұсын­да 1396–1411 жыл­да­ры жалғасып, оның ба­ласы Нұр ад-ды­ның (1426–1440) кезінде аяқтал­ды. Ноғай Ор­да­сын­дағы бас­ты тай­па маңғыт­тар бол­ды. XI­II ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да маңғыт­тар Ал­тын Ор­да­ның уақыт­ша бас­шы­сы түмен ба­сы Ноғай иелігінің құра­мына кіреді. Осы­дан ба­рып «Ноғай Ор­да­сы» ұғымы пай­да болған.Ноғай Ор­да­сы Еділ мен Жайық ара­сын­дағы со­зылып жатқан жал­пақ да­ла мен құмды, та­улы жер­лерді ме­кен­деді. Оның халқы солтүстік ба­тыс­та – Қазанға, оңтүстік шығыс­та – Арал, Аты­рау өңірлерінің солтүстігіне, Маңғыс­тау мен Хо­резм­ге дейінгі жер­лерде көше-қонып жүріп ме­кен­деді. Сыр бойын­дағы қала­лар мен қамал­дардың бірқата­ры осы Ноғай Ор­да­сына қара­ды. Оның ор­та­лығы – Жайықтың төменгі сағасын­дағы Са­рай­шық қала­сы Ноғай Ор­да­сының негізін қала­ушы Едіге бо­лып са­нала­ды. Ол XIV ғасыр­дың соңы – XV ғасыр­дың ба­сын­да 15 жыл Ал­тын Ор­да­да бүкіл билікті өз қолы­нан шығар­май, оны өзі тағайын­даған хан­дар арқылы басқар­ды. 1408 жы­лы Едіге орыс әскер­лерін талқан­дап, Мәске­уге дейінгі жер­лерді жеңісті жо­рықпен жүріп өтті. Ал­тын Ор­да­дағы фе­одал­дық өза­ра қырқыс кезінде Ноғай ұлы­сын нығай­туға ты­рысқан жа­ула­ры Едігені 1419 жы­лы өлтіреді. Едіге өлген­нен кейін де Ноғай Ор­да­сын­да бүкіл са­яси билік пен эко­номи­калық жағдай оның ұрпағы – маңғыт әмірлерінің қолын­да бол­ды.Ноғай Ор­да­сы құра­мына Маңғыт­тармен қатар Қоңырат, Най­ман, Арғын, Қаңлы, Ал­шын, Қып­шақ, Кен­ге­рес, Қарлұқ, Ала­ша, Та­ма және басқа ру тай­па­лары кірді. Олар­дың бас­шы­лары ара­сын­да билік пен жер үшін то­лас­сыз тар­тыстар үнемі орын ал­ды. XV ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да ноғай­лар Жайықтың сол жағала­уынан өтіп, «Көшпелі өзбек­тердің» өріс-қоны­сын ба­сып ала бас­тай­ды. Ноғай ру-тай­па­лары­ның би­ле­ушілері Уақас би, Мұса мыр­за, Жаңбыр­шы мыр­за және басқала­ры Әбілхайыр ханға Сыр­да­рия бойын­дағы қала­лар­ды жа­улап алуға көмек­тескен. Кейбір кез­де ноғай­лар қазақ хан­дығымен соғыс­са, енді бірде та­тула­сып, олар­мен одақ құрып отырған XIV-XV ғасыр­ларда Ноғай Ор­да­сын­да ер­те фе­одал­дық қаты­нас­тар қалып­тасқан. Әле­уметтік бай-фе­одал топ­тардың қата­рын­да хан­дар мен мыр­за­лар, сұлтан­дар мен би­лер, бек­тер бол­ды. Мұндағы жер-су, жайылым жер­лер сөз жүзінде ру­лық қауым­дастықтың меншігі бо­лып есеп­телгенімен, шын мәнінде қоныс­тар, мал өрістері, аң аулай­тын жер­лер бай топ­тардың иелігінде бол­ды. Ноғай Ор­да­сын­да өкімет пен елді басқару ісі са­яси ұйым­дасты­рудың ұлыс­тық жүйесі негізінде қалып­тасты. Шыңғыс тұқымы­нан шыққан хан­дар мен сұлтан­дарға Ор­да­дағы өкімет билігі, со­ның ішінде әске­ри, елшілік, әкімшілік т. б. билік түрлері мұра ретінде көшіп отырған. Ор­да бірне­ше ұлыс­тарға бөлінген. XVI ғасыр­да Ноғай Ор­да­сы өздерінің солтүстіктегі көршісі Орыс мем­ле­кетімен са­уда-эко­номи­калық қаты­нас­тар және са­яси бай­ла­ныс­тар ор­на­тады Ноғай Ор­да­сын­да да сұлтан­дар мен ақсүйек-фе­одал­дардың ара­сын­да хан­дық билік үшін та­лас-тар­тыс тоқта­май үнемі жүріп жат­ты. Осы ала­уыз­дық оның да түбіне жетті. XV ғасыр­дың бірінші жар­ты­сын­да Ноғай Ор­да­сы ыды­рап, оның ор­ны­на Қазан, Қырым, Аст­ра­хань хан­дықта­ры құрыл­ды. Оның Қазақстан жеріндегі бір бөлігі қазақстар­дың Кіші жүзінің құра­мына кірді.

2.Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде (1914–1918) Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылы 19 шілдеде(1тамызда) басталды. Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген және орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды.Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеп соқты. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады.Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру болды. Мыс рудасын негізінен «Спасск мыс рудалары», акционерлік қоғамы «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамдары өндірді.Соғыс жылдарында жүн өніміне сұраным ұлғайды. Өлкедегі шұға өндіретін тұңғыш Қарғалы фабрикасы әскери тапсырыс орындап, шинельге арналған сұрғылт армия шұғасын дайындай бастады. Соғыс армияны консервіленген ет өнімімен тұрақты жабдықтауды қажет етті. Бұл жылдарда Петропавлда ет-консерв комбинаты, Оралда армия интенданттығының тапсырыстары бойынша жұмыс істеген мал соятын орын салынды.Кәсіпшіліктерден ең көп таралғандары балық аулау, тұз өндіру және тасымалдау кәсіпшіліктері болды.Соғыс жылдарында патша үкіметі қазақтардан жерді тартып алуды жалғастырды. Ауылдың ең кедей бөлігі бұрынғысынан да зор қайыршылыққа түсіп, біржола күйзелді. Малынан, жерінен айырылып, кулактар мен байларға батырақ болған немесе өнеркәсіп орындарына, кеніштерге, кен орындарына күнкөріс іздеп кеткен қазақтар саны барған сайын көбейе түсті. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі. Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты», ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты.Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды.Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметіне сүйеніш болып отырған феодал-байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалысты еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Ақтөбе даласында – Әділбек Майкөтов, Жетісуда – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т. б. басқарды.1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамына жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак-орыс шоғырлары кірді. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер» деген тактикасын да кеңінен қолданды. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды.1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі – Жетісу еді. Жетісудағы көтеріліс 1916 жылғы қазанда басып-жаншылды. Көтерілістің ең бір күшті болған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды.Торғай уезінің қыпшақ руының қазақтары өздерінің ханы (әмірі) етіп Нияз бидің немересі Әбдіғапар Жанбосыновты сайлады. Ал оның әскерінің бас сардарбегі (әскер қолбасшысы) болып Амангелді Иманов тағайындалды. Арғын руының болыстарын Оспан Шолақов басқарды.Амангелді Иманов 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған. Әкесінен ерте айырылған Амангелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді. Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Көтерілісшілердің штабы (орталығы) Торғай даласының қиыр түкпірінде, Батпаққара маңында орналасты. Ол отрядтарын 10, 50, 100 және 1000 адамнан құралған топтарға бөлді. Олардың басына онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды.1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20-ға тарта көтерілісшілер отряды құрылды. 23 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Бірақ олар қаланы ала алмай, қоршау бірнеше күнге созылды. Амангелді бастаған көтерілісті басу үшін патша үкіметі генерал А. Д. Лаврентьев басқарған 10 мың әскер жіберді. Лаврентьев әскерлерінің келе жатқанын естіп, көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. Жазалаушылар көп шығынға ұшырап, көтерілісшілер қатарын әрең бұзып өтіп, 16 қарашада Торғай қаласына келіп кірді.Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге қашықтап шегініп, Батпаққараның төңірегіне жиналды. Мұнда соғыс қимылдарына басшылық ететін кеңес құрылды. Амангелді Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды.Бірақ қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Көтерілісшілер өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп, алыс жерлерге жертөлелер салды, киіз үйлер тікті. Сөйтіп, 1917 жылдың басынан бастап, А. Иманов күресті әрі қарай жалғастыруды көздеді.Көтерілістің бірыңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да, Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды. Көптеген аудандарда көтеріліс антифеодалдық сипат алды. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана-сезімін арттыруда зор рөл атқарды. Көтеріліс патшаның малайлары ретінде феодалдық рулық жоғары топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп, ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай-ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілері еді. Оған қазақ халқының өзге топтарының, сонымен бірге демократиялық интелегенцияның өкілдері де қатысты. Жалпы алғанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық сипатқа ие болды.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы — Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты. Ол империядағы саяси және әлеуметтік дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды, әскери-феодалдық және әскери отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты.

3.“Қазақстан-2050» стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.Біз бүгін –өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз. Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті. Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды. Қазақстан ХХ1 ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз –егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХ1 ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.Біздің басты мақсатымыз- 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады. Дәл осы себепті мен сіздерге жаңа Жолдау ұсынып отырмын. Бұл-еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым. Бұл- жаңа саяси бағыт… Елбасы Жолдауынан, 2012 ж.14 желтоқсан Қазақстан Республикасы президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақ елінің дамыған отыз елдің қатарында болу мақсаты баяндалған. Жолдау стратегиясының жеті бағыты анықталған: 1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты-пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген экономикалық прагматизм. 2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші-кәсіпкерлікті жан-жақты қол- дау. 3 Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері-әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік. 4. Білім мен кәсіби машық –заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары. 5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияныдамыту. 6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат-ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктінығайту. 7. Жаңа қазақстандық патриотизм –біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың табысының негізі. Жолдауда «Бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз», «Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы», «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан». Білім сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл туралы «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деді Елбасы өзінің «Қазақстан-2050»стратегиялық Жолдауында. Бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру- білім беру саласы мамандарының басты мақсаты.mМемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындап берген «Қазақстан-2050» стратегиясында бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін сауаттылығы мол елге айналу керектігіне аса мән берілгені мәлім. Осы елдің ертеңі, болашағы –бүгінгі өскелең ұрпақ десек, оларға осы бағытта дұрыс тәлім-тәрбие, сапалы білім берілуі міндетті шара. »Қазақстан-2050"стратегиялық бағытын жүзеге асыруда біздің-қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Тағлымы мол тарихымыз бен ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. Сын сағатта туғын елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де батыр бабаларымыздың бостандық жолында төгілген қаны деп білеміз. Біз бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан. Патриотизм-бұл болашақ елдің игілігіне жұмсалатын инвестиция. Ол- білім, жасампаз еңбек арқылы қалыптасады. Патриотизм- бұл өз Отанына деген көркем махаббат. Жүрегінде еліне деген сүйспеншілігі болмаса, қанша білікті болсаңда өмірің зая кетті.


<== previous lecture | next lecture ==>
Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 10 page | Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 12 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 2.109 s.