Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 12 page


Date: 2015-10-07; view: 617.


 

1.ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ. Жәнібек пен Керей хандар.Саяси жағынан бытыраңқылығы басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуі Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды.Қазақ хандығының құрылысы бастапқы кезде (XV-XVI ғасырларда) 7 сатыдан тұрды. Ауыл. Басшысы – ауылбасы, бірнеше жанұядан тұрады. Ата-аймақ. Басшысы – ақсақал, жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрады. Ру. Басшысы – рубасы, 15аймақтан құрылады.Арыс. Басшысы – би, бірнеше рудан құралған.Ұлыс. Басшысы – сұлтан, бірнеше арыстан құрылады.Жүз. Басшысы – хан, бірнеше ұлыстан құрылады.Хандық. Басшысы – хан, үш жүзден құралған.Әбілқайыр мемл ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды.Олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады. Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады. Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды: 1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын. 3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына және территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті –Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын әлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Алайда, Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани мен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы соғыстарда бірде Әмір-Темір әулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында Моғолстан хандарына сүйенді. XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды.

2. 1917ж екі револ.я кезндегі Қаз. «Алаш» партия.ң құрылуы Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде 1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі әсер етті. 1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революцияшыл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т. б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды. Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және «Алаш» партиясының құрылуы. Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда, Торғай облысында Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқаев, т. б. тағайындалды. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, қазақтардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, бұқараны империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-казак әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды, қазақ халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрынғы патша өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды. Патша өкіметі құлатылған соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Большевиктік партияның қатарына С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқұлов, С. Арғыншиев және басқалары кірді. Ақпан революциясы жеңгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табының елеулі табысы – кәсіпшілер одақтары ұйымдарының құрылуы еді. Олардың қалыптасуында Орынбор-Ташкент теміржолшыларының Қүрылтай съезі және Омбы темір жол жұмысшылары мен қызметкерлерінің бірінші съезінің үлкен маңызы болды. Бұл съездердің күн тәртібінде бірқатар маңызды саяси және экономикалық мәселелер қаралды. Олар: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағаттық жұмыс күні, жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық, контрреволюциямен күрес, Құрылтай жиналысына қатысу, пенсиямен қамтамасыз ету және т. б. мәселелер. Осы кезде Омбы, Орынбор, Ташкент, Семей т. б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы кезде мәдени-ағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелері мен ұйымдарын құрды. Орынборда «Еркін дала», Омбыда «Бірлік», Оралда «Жас қазақ», Троицкіде «Үміт» деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар пайда болды. Бұл ұйымдардың белгілі бір бағдарламалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда, олар қазақ халқын патша өкіметінің ұлттық орталық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халқының білім алуын талап етті, еңбекшілердің санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды. Солардың бірі Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» еді. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді. Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылғы 21–26 шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5–13 (18–26) желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде қазақтың автономиясы – Алашорда Үкіметі – Ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар: Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы; Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; Халықтар арасында тең құқықтық орнату; Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; Елдегі билік және сот туралы; Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; Халықтың табысына қарай салық салу; Жұмысшылар туралы; Ғылым және білім туралы; Жер мәселесі. Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық Кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді. 1918 жылғы 5 қаңтарда Бүкілресейлік құрылтай жиналысының күшпен таратылуы Алаш автономиясын құру мүмкіншілігіне де зардабын тигізді. Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық тереңдей түсті. Егер Алаш партиясы, біріккен ұлттық зиялылар большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік тәжірибені күштеп танушы, қазақ жұртына іріткі салушы күш ретінде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын төңкеріске қарсы кертартпа күш есебінде қарады.

3. Қ-ның бәсекеге қабілетті және индустриялық-инновациялық даму жағдайыБүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз. Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы.

Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын-энергетикалық ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының көп профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.

 

1.XIV-XVғ Қазақстанның экономикасы.Рухани мәдениет.Дін.Өнер.Бұл кезде Қаз.жеріндегі халықтардың өмірінде бір хандықтар тарап,екінші ханд.р құрылып,шексіз өзгерістер болып жатқанына қарамастан,халық ертеден келе жатқан ата кәсібі мал шар.мен дәйекті шұғылданған.Оның отырықшы,көшпелі,жарт.көшп.түрлері болды.

Қаз.ң саяси орталығының елдің оңт.не ауысуы егіншілік.ң дамуына жол ашқанын айту керек.Егінш.әсіресе,қала маңдарында қатты дамыды. XIVғ Сырдария.ң оота ағысындағы егінш.ң күшті дамыған жері Сығанақ қ. болды.Қала тұрғ.ы суармалы учаскелерде бау бақша мен көкініс өсірді,дәндә дақылдарегілетін суармалы және тәлімі жерлер олардан алысырақ орналастырылды.Егінш.ң екінші бір орт. Ясы қ.ң маңы. Бұл араның тұрғ.ы астық пен басқа ауыл шаруа.ы өнімд.мен тек өз мұқтаж.н қамтамасыз етіп қана қоймай,сон.қатар астықты базарға шығарып отырды. Егінш.ң ірі ошақтары Отырар,Сауран және Сайрам,Тараз,Сауыр,Қорған,Аспара қ. Маңында көптеген егін шаруа.ы дақылдары өсірілді. Іле алқаб.да дәндә дақылдар,а.а бидай мен арпа өсірілгендігі тур.дерек бар.XIV-XVғ өндіргіш күштердің дамуы Қаз.ң оңт.де ескі қала.ң қалпына келтіріліп,жаңа қала.ң пайда болуына,мәд.ң өркенденуіне жол ашты.Оңт.гі ірі қ.ң бірі Тараз,елдің экон.қ мәдени тұрмыс тірш.не елеуліықпал жасады. Онда күмістенген теңге құйылп,әшекей бұйым.р жасалды. Сырд.мен Арыс алқабында жиырмадан астам қала болған. Сырдың сол жағасында Ашнас,Үзкент,Аққорған,Сүткент сияқты қала.р бой көтерді.Ақ орда.ң астанасы Сығанақ ірі сауда егіншелік орт.ы және мықты бекінісі бар қамал ретінде көзге түсті. Түркіст,Бат.Моғолстан және Темір ұрпақ.ы мемл.ң тоғысқан жеріндегі Сайрам қаласы ірі сауда,қолөнер орт.на айналды.XIVғ қалпына келт.н Отырарда көптеген жаңа үйлер салынып, алтын күмістен ақша құятын сарай жұмыс істей бастады. Бат.Қаз.ғы ірі қ.ң бірі кейн Жайық казак.ы талқандап кеткен Жайық.ң Каспийге құяр жерндегі Сарайшық қ.Бұл өңірде қала типтес салынған мекендер аз болған жоқ.

Осы тұста жаңа архит.қ стильдің қалыптасуы,құрылыста жаңа әшекей өрнектер түр.ң, қаптама материал.ң пайда болуы көптеген қ.да көрнекті ғимарат.ң бой көтеруіне мүмкндк берді.Солардың бірі Түркіст.ғы Қожа Ахмет Иассауи мазары. Отырар,Тараз,Сауран,Жент және т.б қ.да салнған медресе,мешіттер Сығанақ маң.ғы Шайбани тегінен шыққан хан.ң әшекейлі молалары өзд.ң қайталанбас бітімімен көз тартатын құрылыстар. Орт.Қаз.да Сарысу,Кеңгір, Торғай өзен.ң алқап.ы мен Бетпақдала.ғы XIV-XVғ өзіндк ерекшеліктері бар Алаша хан,Жошы хан,Болған ана мазар.ы да өзд.ң көркемдк стилімен ерекшеленеді.XIV-XVғ Қаз.да сауда саттық кеңінен дамыды. Мұнда Орта Азиядан Жетісу арқ.Алтайға және Моңғ.ға баратын сауда жолы маңызды рөл атқарды.Сонд.ақ, Еуропа елд.і мен Византия,Қырым арқ. Өтіп, одан әрі Танға, Еділ бой.ғы Сарайға, Әмуд.ғы Үргенішке,Қызылқұм арқ. Отырар мен Сайрамға баратын,сол жерде ежелгі Жібек жолына келіп қосылатын сауда жолы да экон.қ қарым қатынас пен сауда саттық.ң өркенденуіне зор әсерін тигізді.

XIV-XVғ Орта Азия мен Хорезм.ң, Оңт.Қаз мен Бат.Жетісу.ң негізгі мәдени ошақтарнда рухани өмір жандана түсті.Моңғ.р қазақ жерн жаулап алғ.кейн, моңғ.тілі орнықпай, орнына мұнда араб,парсы тілд.мен қатар түрік т әдеби және ғылыми шығарм.р тілі болды. Моңғ.р Дешті Қыпшақ.ң негізгі халқымен сіңісіп кеткен соң түрк т,дәл айтқанда,қыпшақ т Алтын Орда.ң әдеби тіліне айналды. Алт.Орд.ң ыдырау дәурнде қыпшақ.ң тіл ортақтығына байлансты Қыпшақ ноғай кіші тобы қалптасп, одан соң ол XIV-XVғ қазақ және ноғай тілдерне бөлнді.Бұл уақыта осы аймақта түрік тілдернде араб алфавиті барған сайн тез таралды.

XIV-XVғ халық.ң ауызекі шығарм.ы күшті дамыды. Қыпшақ.р мен басқа да түрік тайпа.ң өркен жайған ауызша поэзиясы болды. Көркем сөздің нағыз шебері болған Сыпыра жырау мен Қодан тайшы (XIVғ) , Асан қ.мен Қазтуған (XV-XVIғ) жырау.ң шығарм.ы кеңінен танылп,олар шығарған тарихи шындықты бейнелейтн батрлар жыры халық зердеснде сақталды. Алтын Орда мен Дешті Қыпшақ халқының тарихн бейнелейтн «Ер Тарғын» « Қамбар б.» «Алпамыс б» «Қобыланды б»«Едіге б» т.б жырларды солар.ң қатарына жатқызуға болады. Сол тұста туған «Қозы К.пен Баян С» лирик.қ эпосы да халық.ң рухани қазынасындағы шығарм.ң бірі.

2.Қаз.да Кеңес үкімет.ң орнауы. Азамат соғысы жылдарындағы Қаз. 1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін, империалистік соғыстан шығу және т. б. мәселелерді шешпеді. Қазақстандағы жергілікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын одан әрі жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне көшуге бұрынғысынша тыйым салынды. Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясы «Бүкіл өкімет кеңестерге берілсін» — деген ұранды пайдалана отырып, Уақытша үкіметті құлату үшін оны басты құралға айналдырды. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазанда (7 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталып, Уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды.Революция бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік – бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды. Петроградтағы Қазан төңкерісі1917 жылы 25 қазанда Ресей империясының астанасы Петроград қаласында Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан төңкерісінің идеологы, яғни басшысы В. И. Ульянов (Ленин) болды.Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған Кеңестер «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» қабылдады. Осыдан кейін Кеңестердің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні, барлық халықтардың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған. 1917–1918 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі кейбір өңірлерде күрес нәтижесінде, ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы ұлттық үкіметтер1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды. Кеңестер билігі Сырдарияда 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде билік бейбіт жағдайда жұмысшы солдат депутаттарының қолына көшті. 1917 жылы 1 қарашада 4 күнге созылған шайқас негізінде Ташкентте Кеңес өкіметі орнады.Кеңестер билігі 1917 жылы қарашада Шымкентте (бейбіт түрде), 1917 жылы 7 қарашада Түркістанда орнады. Кеңестер билігі Торғай облысындаТорғай облысында атаман Дутов бастаған қазақтар мен Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда және эсерлер Кеңес өкіметіне қарсы күресті. Бірақ олар жеңіліске ұшырады. 1917 жылы 25 желтоқсанда Қостанайда күрес нәтижесінде кеңестер билігі орнады. (басшысы В. М. Чекшаров).1918 жылы 8 қаңтарда Кеңестер Ақтөбеде билікке келді (басшысы В. Ф. Зинченко).1918 жылы қаңтарда Торғай, Ырғыз уездерінде Кеңес өкіметі орнады.1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда Кеңес өкіметі орнады. Кеңестер билігі Солтүстік және Шығыс ҚазақстандаБұл өңірлерде Кеңес өкіметі күрес нәтижесінде орнады.1917 жылы 22 қарашада Петропавлда Кеңестер билігін қолына алған Уақытша Революциялық Комитет билікке келді (басшысы И. Д. Дубинин).1917 жылы 25 желтоқсанда Ақмолада Кеңес өкіметі орнады.1917 жылы желтоқсанда Кеңес өкіметі Көкшетауда орнады.1918 жылы 2 қаңтарда Атбасарда Кеңес өкіметі орнады.1918 жылы 18 қаңтарда Өскеменде билік Кеңестердің қолына көшті.1918 жылы 19 қаңтарда Павлодарда күрес нәтижесінде билік Кеңестердің қолына көшті.1918 жылы 17 ақпанда Семейде Кеңестер билігі үкімет басына келді. Кеңестер билігі Батыс Қазақстанда1918 жылы 15 қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі орнады. Бірақ осы жылдың наурызында ақ гвардияшылар контрреволюциялық төңкеріс жасап, Кеңестерді биліктен тайдырды. Оралда Кеңес өкіметі азамат соғысы жылдарында ғана орнады.1917 жылы 2 желтоқсанда Бөкей ордасында Кеңес өкіметі орнады. Кеңестер билігі Жетісуда1918 жылы 3 наурызда Верныйда Кеңес өкіметі қарулы көтеріліс нәтижесінде орнады.1918 жылы наурыз айында Жетісу облысының барлық өлкесінде Кеңестер билігі орнады. Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін орнату жолында Ж. Бабаев, А. Розыбакиев, Т. Боткин, Т. Өтепов т. б. революционерлер аянбай күресті. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)1917 жылғы қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контрреволюциялық бүліктерді батыл да шұғыл басып тастап отырды. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау) қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда казак-орыс жасақтары, ақ-гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды және Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысын бастады.1918 жылы 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28–29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Мұнда олар кеңес өкіметін құлатып, коммунистерді, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады. Азамат соғысының басталуы1918 жылы мамырда Чехославак корпусының бүлігі басталды. Антанта империалистерінің қолдауымен бұл бүлік ең алдымен Солтүстік-Шығыс Қазақстанда басталды.1919 жылы 31 мамырда Петропавлды ақ гвардишылар басып алды. Сондай-ақ ақ гвардияшылар маусымда Ақмола мен Павлодарды, Семей мен Көкшетауды, Омбы мен Қостанайды басып алады.Алашорда үкіметі ақ гвардияшылардың Кеңес өкіметіне қарсы интервенциясын қолдап, қарулы интервенцияға қосылды.Контрреволюцияға Антанта империалистері көп көмек көрсетті. Мысалы, АҚШ Колчак армиясына түрлі қару-жарақ, Англия 200 мыңдай әскерге қару-жарақ және киім берді.1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын басып алды.1918 жылдың аяғына қарай Колчактың басқаруындағы Анненков дивизиясы Жетісу жеріне басып кірді. 1919 ж көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отряд.ы Қаз.ң солт.ауд.да,ал Чапаев бастаған жиырма бес дивизия оңт.батс аудан.да соғыс жүргізіп, шетел басқ.ы мен елдің ішіндегі төңкерсті жақтамайтн күштер.ң қарсылығын жеңді,кейн Қаз.да экон.ны қалпына келтру,мемл.құрылсты нығайту жұмыс.ы жүргізілді.


<== previous lecture | next lecture ==>
Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 11 page | Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 13 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.498 s.