Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 13 page


Date: 2015-10-07; view: 517.


3.Халық тарих толқынында мемл.бағдарл.ыҰлт тарихы – ұлт мүддесі. Ендеше Елбасы ұсынып отырған – «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы халық санасын жаһандық ауқымдағы мәселелерді екшейтіндей дәрежеге жеткізу ғана емес, жеке адамның біліктілік бәсекесіне шыдас беретін өзіндік даму зердесі деңгейін қалыптастыру арманынан туындайды. 1995 жылы Президенттің тапсырмасымен жасалып, Президент жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің мақұлдаған «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» өз қызметін атқарды. Бұл тұжырымдаманың басты міндеті – тарих ғылымының басты мәселелерін және оны шешудің мүмкін бағыттарын белгілеу, тарихи білім мен ағартушылыққа реформа жасау жолдарын қарастыру еді. Осы уақыт аралығында гуманитарлық сала ғалымдары аз жұмыс атқарған жоқ. Әсіресе, жаңа ғылыми-зерттеу тақырыптарына байланысты жобалар, «қазақ» этнониміне, қазақ халқы этногенезіне, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына, көшпелі қоғам эволюциясына қатысты зерттеулер жүргізілді.Ежелгі және орта ғасырлар тарихына мамандардың жеткіліксіздігіне қарамастан көңіл бөлінді. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша араб, парсы, қытай, орыс және т.б. тілдеріндегі деректер жинақталды. Бірақ табылған деректер негізінде кешенді саралау мен зерделеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Қазақ тарихының тарихи кезеңдерінің тұтастай объективті көрінісін айшықтау мен жұртшылыққа түсінікті қалыпқа түсіру жұмысы өз авторларын күтуде.Уақыт талабы – заманауи тарихи сананы жаңғыртуға қалың көпшіліктен бастап ғалымдарға дейінгі жұртшылық атсалысуы қажет екендігін ескертуде. Сондықтан да бұл өмірлік мәні бар тапсырманы әрбір отаншыл қазақ пен қазақстандық менің болашағым үшін қажет дегенде ғана жүзеге асыра алады. Бұл мәселеде кәсіби тарихшыларға жауапты жүк артылып отыр. XX ғасырдың басында зиялылар тағдыр сынын қалай көтерсе, XXI ғасыр басында да жаһандық мәселелер ортасында қиындықты жеңіп шығатын, әлемдік тарихтағы Қазақ елінің орнын ойып көрсете алатын ойшыл ғалымдар ғана жаңа тарих сахнасынан көрінері хақ. Ал халық талай рет тарихтың толқынды дауылына шыдас беріп келеді. Үкімет басшысының атап өткен ұлттық тарихтағы шешілмей келген ауқымды міндеттерін шешуде ғылыми талдауларды жаңаша көзқараспен дүниеге әкелу үлкен жауапкершлікті талап етуде. Болашақта жүзеге асырылатын «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасын – Ұлы мақсат жолындағы ұйытқы деп қабылдауға болады. Ендеше, тарихтың шынайы бетін айқындауда дәйекті ой жинақтап, өзекті мәселелер түйінін түюде кәсіби ғалымдар қауымына нәтижелі шабыт тілейік.

 

1.ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫП­ТА­СУЫ.XV ғасыр­дағы Шай­ба­ни Әбілқайыр хан­дығын­дағы, яғни Дешті-Қып­шақтағы көшпелі ха­лықтар­дың эт­ни­калық бірігу про­цесі тез жүрді. XV ғасыр­дың ор­та­сына қарай Әбілқайыр ықпа­лы әлсіреді. Оған қар­сы шыққан Ке­рей мен Жәнібек сұлтан­дар ар­ты­на көп ха­лықты ертіп, Жетісуға көшті. Міне, осы Ке­рей мен Жәнібектің ар­ты­нан ер­ген және осы хан­дардың билігіне қараған бұрынғы Шай­ба­ни хан­дығын­дағы ха­лықтар қазақтар деп атал­ды. Қазақ халқының құра­мына арғын, най­ман, ду­лат, ке­рей, үйсін, қаңлы, қып­шақ, ал­шын, қоңырат, жа­лайыр, уақ тай­па­лары кірді. Бұл тай­па­лар­дың тілі қазақ тілі бол­ды. Нәсілдік белгілері – моңғоло­идтік

Қазақ халқы қалып­та­су­ының аяқта­луы.Қазақ халқының эт­ни­калық қалып­та­суы алғашқы қауым­дық құры­лыс­тың ыды­раған кезінен бас­та­лады. Эт­нос – та­рихи жағдай­да қалып­тасқан тілі, салт-дәстүрі, тұрмы­сы ор­тақ, басқалар­дан бөлек­тенген адам­дар то­бы. Кейбір жаз­ба де­рек­терде «қазақ» сөзі ескі түрік тіліндегі «еркін адам­дар» ұғымын білдіретінін ай­та­ды. Тағы бір де­рек­терде сақ, ха­зар тай­па­лары­ның аты­нан шыққаны ай­ты­лады.Эт­но­са­яси қауым­дастық – белгілі бір та­рихи ай­мақта құрылған хан­дықтың тұрғын­да­ры. Қазақ халқының эт­ни­калық жағынан қалып­та­су­ын­да Ақ Ор­да тай­па­лары бас­ты рөл атқарған.«Өзбек» ата­уының шығуы Өзбек хан­ның (1312–1342 жж.) есімімен байланысты. «Өзбек­тер» құра­мышай­ба­нилер – түркілен­ген моңғол тұқым­да­ры.Қазақтар – қып­шақтар т. БМаңғыт­тар – қарақал­пақтар, ноғай­лар.Қазақ халқының қалып­та­су про­цесі XIV-XV ғғ. аяқтал­дыСа­яси жағынан ша­шыраңқы эт­ни­калық ту­ыс­тас топ­тардың ба­сы қосы­лып, қазақ ру­лары мен тай­па­лары­ның бірігуіне Қазақ хан­дығының құры­луы әсер етті.XV ғасыр­дың екінші жар­ты­сы – XVI ғасыр­да негізгі эт­ни­калық топ­тардың қазақ халқына және олар ор­на­ласқан аумақтың Қазақ хан­дығына бірігуі, тұтас ха­лық бо­лып қалып­та­судың аяқта­лу­ын тез­детті.XV-XVII ғасыр­лар – Қазақстан­ның аумағын­дағы тұрғын­дарға іс жүзінде ор­тақ негізгі белгілер мен қазақ эт­но­сының өзіне тән ма­тери­ал­дық және ру­хани мәде­ни­еті бекіп жетілді.Қазақ (этноним)термин. Қазақ — Қазақстанды мекендген қазақтар халқының этнос және ұлт атауы. Тағы да қазақтар өзін, көбінесе саяси-отаншыл немесе ақындық тұрғыда, алаш деп те атаған. Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі. Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған. ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІЖаңадан қалып­тасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгел­дей қоныс­танды. Қазақ халқы ме­кен­де­ген бұл жер­лерде 3 түрлі ша­ру­ашы­лық ай­мақ қалып­тасты. Осыған бай­ла­ныс­ты сол өңірлер­де ме­кен­де­ген ха­лықтар үш жүзге бөлінді.Ұлы жүзМе­кен­де­ген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Та­лас өзен­дерінің бойы). Тай­па­лар: ду­лат, ал­бан, үйсін, қаңлы, су­ан, жа­лайыр, ша­пыраш­ты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атай­ды. Ор­та жүз Ме­кен­де­ген өңірлері: Ор­та­лық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, То­был, Са­рысу өзен­дерінің бойы). Тай­па­лар: арғын, най­ман, ке­рей, уақ, қып­шақ, қоңырат. Ор­та жүзді Бе­карыс деп те атай­ды. Кіші жүз Ме­кен­де­ген өңірлері: Ба­тыс Қазақстан, Сыр­да­ри­яның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзен­дерінің бойы) Тай­па­лар: та­бын, адай, шөме­кей, жағал­бай­лы, ал­шын, шекті, төртқара, та­ма, сер­кеш т. б.

2. Кеңес үкімет.ң Қаз.ды әлеум.экон.қ жағдайы «Әскери коммунизм» саясаты (1918– 1921 жж.)Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу және оның барысы Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС-ті) іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шарулардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.Империалистік, азаматтық соғыс Қазақстан халқының шаруашылығына ауыр шығын әкелді. Мемлекеттің 250 кәсіпорны ғана жұмыс істеді (барлығы 307)Мұнайдың өндірілуі 4 есеге, Қарағанды көмірінің өндірілуі 5 есеге қысқартылды. Шаруашылық өнімінің 6,3%-ы ғана өнеркәсіптің үлесінде болды. 29,9 млн. малдан 16,3 млн. мал ғана қалды.1921 жылы наурызда коммунистік партияның X съезі азық-түлік салғыртынан азық-түлік салығына, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа көшу жөнінде қаулы шығарды.ЖЭС-тің мәні: Саясатта бір партиялық-тоталитарлық режим;Экономикада әкімшілік-нарықтық шаруашылық.1921 жылы маусымда Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды.ЖЭС-тің қиындықтары мен табыстары.Ең алдымен салық мөлшері жеңілдеді. Мысалы, 1927–1928 жылдары өнімнің 1/13-і салық ретінде алынды, салықтың ауыртпалығы байлардың мойнына түсті. Салықтан жиналған қаражат ағарту, мәдениет, өнеркәсіп салаларына т. б. жұмсалды.Мемлекет халыққа ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға көмектесті. Мысалы, 1924–1925 жылдары 415 трактор сатып алынды. Қазақстанның егістік көлемі 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті. 1928 жылы мал саны 41 млн. болды.ЖЭС нәтижесінде республикада 650 ауыл шаруашылық артелі мен 103 коммуна жұмыс істеді.Өнеркәсіп саласында да біраз өзгерістер болды. 1921–1922 жылдардағы ашаршылық 1921–1922 жылдары ауа райының қуаңшылғына байланысты астық шықпай қалып, елді аштық жайлады. Қазақстан халқының 1/3 бөлігі осы аштық қасіретін бастан кешірді. 1921 жылдары ашыққан адамдардың саны – 1 млн. 508 мың адамды құраса, 1922 жылдары олардың саны 2 млн. 303200 адамды құраған. Аштық әсіресе Қазақстанның Батыс аймағын қамтыды. Ал астық мол шыққан Семей, Ақмола губернияларында жиналған астықтың 80% орталыққа әкетілді. Қазақстан Ресейдің Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратов өлкелерінің ашығушыларына көмек көрсетті. Оның нәтижесі Қазақстанның астық мол шыққан аудандарының аштыққа ұшырауына себеп болды. Кеңес өкіметі кеш те болса, ашыққан аудандарға көмек көрсетті. 1922 жылы егістікке себілген дәннің 60% Кеңес өкіметі берген болса, сонымен қатар ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 2 млн. 131 мың сом мемлекеттен қаржы бөлінді. Қазақстан ашыққан Ресей өлкелеріне астық беріп қана қоймай, 20 мыңға жуық ашығушыларды өз еліне паналатты. Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халықтарға 14 вагон балық жіберді. 1921–1922 жылғы аштықтың салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Орал, Орынбор, Торғай губерниялары тұрғындарының 1/3-нен айырылды. 700 мыңнан астам халық туған жерін тастап көршілес аймақтарға көшіп кетті. Жер-су реформасыЖер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Нәтижесінде:Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. 1921 жыл – Жетісуда жер реформасы жүргізілді.Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.1921–1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Қай жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айрылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршы-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.1921 жыл — «Қосшы одағы» құрылды.1930 жылдан — «Кедей одағы» атанды.Жетекшілері: А. Асылбеков, Ә. Жангелдин, Г. Коростылев, С. Меңдешев, С. Сейфуллин, Ж. Бөрібаев, А. Розыбакиев т. б. 1921 жылғы наурызда Жетісуда «Қосшы» одағының 17 мыңнан астам мүшесі болды.Міндеттері:Еңбек артельдерін құру.Кедейлерге жер беру.Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру. 1921–1922 жылғы жүргізілген жер реформасының маңызы:Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды.Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті.Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

3.Қазақстан Респуб.ның қарулы күштерін құру.1992 жылғы 7 мамыр біздің армия тарихының басталған күні деп есептеледі, бұл күні ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды.Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамына негізінен 40-жалпыәскери армия құрамалары, сондай-ақ ӘӘК (Әскери әуе күштері) және ӘШҚ (Әуе шабуылына қарсы қорғаныс), ТМД-ның Біріккен Қарулы Күштерінің Қазақстан аумағында орналасқан бөлімдері, мекемелері мен ұйымдары кірді.Елдің Конституциясында былай деп айқындалған: «Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті болып табылады. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен әскер түрлері бойынша әскери қызмет атқарады».

Қазақстанның әскери заңдарының топтамасы қабылданды:«Қазақстан Республикасының Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» (1993 жылғы 9 сәуір) базалық заң, ол қорғанысты ұйымдастырудың негіздерін, мемлекеттік билік пен басқару органдарының өкілеттіктерін белгіледі. ҚР аумағында әскери қызмет міндетін атқарушы әскери қызметшілердің және әскери қызметтен босаған тұлғалардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы «Әскери қызметшілерді және ҚР аумағында әскери қызметтен босаған тұлғаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы» (1992 жылғы 18 наурыз) Заң күші бар Жарлыққа қол қойды.«Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» (1993 жылғы 19 қаңтар) Заң қабылданды, онда әскери қызметтен өтудің, азаматтарды әскери міндетті өтеуге шақыруға дайындаудың және нақты әскери қызмет өтеуден шығарудың негізгі ережелері, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігі айқындалды. Шақыру бойынша мерзімді қызмет пен келісімшарт бойынша қызметті ұштастыратын аралас негіздегі армияны жасақтау принциптері орнықтырылды.«Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» (1993 жылғы 20 қаңтар) Заң қабылданды, онда әскери қызметшілердің мәртебесі мен оларды әлеуметтік қорғау заң жүзінде баянды етілді. Әскери қызметшілердің жауынгерлік борышын орындау кезіндегі құқықтары, бостандықтары, міндеттері мен жауапкершілігі нақты көрсетілді.

 

1.ҚАСЫМ ХАН.Қасым хан Жәнібекұлы (1445—18) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы.

Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Жәнібек ханныңбасқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мауераннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығыҰлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 – 13 жылдары Қасым хан Шайбанилар ісімен айналысады. 1512 – 13 жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі Тараз жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан Ташкентке жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513 жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді. Оның мақсаты – Ташкенттегі Сүйініш ханға, жалпы Мауераннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломат. жолмен жауап береді. Сұлтан Сайд ханмақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. 1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекара Еділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста – Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды.«Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

2.1929-1932 ЖЖ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ.1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді

1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.

Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер:1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.


<== previous lecture | next lecture ==>
Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 12 page | Тэма 1. Культура старажытнай Беларусі. 14 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.589 s.