Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Египеттіктер 2 page


Date: 2015-10-07; view: 2772.


1-дәріс. Туризм тарихы пәнінің зерттейтін нысандары мен құрылымы. Туристік іс-әрекет және оныың адам өміріндегі әлеуметтік қызыметі

1.1 Туризм тарихын оқытудың мақсаттары мен міндеттері, зерттеу тәсілдері

1.2 Әлеуметтік феномен ретіндегі туризмнің мәні

1.3 Халықаралық және ішкі туризм туралы түсінік

1.4 Туризмнің әлеуметтік-экономикалық қызыметі

Туризм тарихы деп жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз еркімен әртүрлі жерлерге баруымен және олардың өмір сүру ырғағы мен қоршаған ортаның өзгеруімен байланыстыболып келетін кеңістіктегі қозғалыс үрдістерінің жиынтығын айтуға болады.

Туризм тарихын қарастыру үшін оның оқып зерттеу нысаны мен пәніне, мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беру қажет.

Туризм тарихының нысаны уақытша және кеңістіктік дамудағы туризм элементтерінің жиынтығы немесе тарихи-мәдени және тарихи-әлеуметтік құбылыс (немесе феномен) ретінде туризмнің пайда болуы мен қызмет етуі болып табылады. Бір нысанды әртүрлі ғылыми пәндер зерттеуі мүмкін. Олар зерттеу нысанына әртүрлі жағынан келеді, яғни оқып зерттеу пәні әртүрлі болып келеді.

Курстың пәні болып баратын жерлері мен өмір ырғақтарын өз еріктерімен уақытша өзгертетін, барған жерінің қоршаған ортасымен жеке байланыс орнататын жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайда болатын әлеуметтік-мәдени институттар формаларының даму заңдылықтарының шеңбері қарастырылады. Бұндай институттардың құрамына тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қозғалыс құралдары мен жолдары, олардың жаңа жерлерге барған кездерінде қауіпсіздік қызығушылығын, тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету құралдары, туризмге қатысты заңнамалар кіреді.

Тарихи дамудағы туризмнің жекелеген элементтерін әртүрлі пәннің өкілдері өздерінің көзқарастары бойынша зерттеуі мүмкін. Әлемнің елдері туралы ғылыми түсініктер мен білімдердің дамуын география тарихы оқып зерттейді. Ал теңіздер мен мұхиттарды және оларда жүзуді зерттеудің дамуын – теңізде жүзу тарихы, көлік құралдарының дамуы мен кеңістікте қозғалу үшін жануарларды пайдалануды – көлік тарихы, қатынастың құрлықтық жолдарының дамуын – жол ісінің тарихы зерттейді. Туризмді реттейтін заңдылықтардың дамуын құқық тарихы зерттесе, ал туристердің көргісі келетін тарихи және мәдени ескерткіштердің дамуын, олардың шоғырлану орындарын, табиғат нысандарын мұражайлық істің тарихы оқып зерттейді. Зерттеу мақсатындағы саяхаттардың тарихы географиялық білім тарихын оқып зерттеудің, нақты бір жекелеген жердің тарихи өткені туралы, оның табиғаты, экономикасы, тұрғындарының тұрмысын зерттеу пәні болып табылады.

Жолда алған әсерлерін, саяхаттардың, жергілікті салт-дәстүрлердің сипаттамасын, оқырманға аз белгілі елдер, жергілікті жерлер, халықтар туралы жаңа мағлұматтарды қамтитын саяхатшылардың жазбалары мен күнделіктерін әдебиет тарихы зерттейді. Бұл жазбалар сонымен бірге, туризм тарихы бойынша қайнар көз болып табылады. Бірақ та, әдебиет тарихында бұл жанрға болған саяхаттар суреттемесіне қарай жазылған және қосымша идеялық-көркем міндеттерге (қызық оқиғалы, утопиялық, философиялық) бағындырылған ойдан жазылған кезбе-саяхаттардың да тарихы жатады. Осы айтылғандардан көретініміз бұл пәндердің әрқайсысының туризм тарихын оқып зерттеу пәнінен айрықшаландыратын өзінің оқып зерттеу пәнінің бар екенін көреміз.

Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері.Біріншіден, бұл оқу курсының басты мақсаттары мен міндеттерін анықтау қажет.

Ең алдымен – бұл жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз еркімен уақытша баратын орындарын ауыстыруының әлеуметтік, психологиялық және мәдени функцияларының дамуының жалпы суреттемесін қайта қалпына келтіру үшін туризм дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу. Сонымен қатар, туризм тарихының қайнар көзін зерттеу болып табылады. Бұл мақсаттарға келесідей міндеттер бағындырылған:

- туризм дамуының алғышарттары мен жағдайларын ашып көрсету және оның кезеңдерін негіздеу;

- адамзаттың қоғамдық және мәдени дамуымен байланысты туризм дамуының негізгі кезеңдерінің мазмұнын ашу;

- әртүрлі уақыттарда әлемнің жекелеген аймақтарында туризм дамуының заңдылықтарын талдау;

- әртүрлі аймақтарда әртүрлі уақыттарда туризмге қандай әлеуметтік топтардың өкілдері қатысқанын анықтау;

- туризмді қамтамасыз ететін мекемелер мен заңдылықтардың қызметін зерттеу;

- әртүрлі тарихи кезеңдерде туризм тарихының көздерін зерттеудің ерекшеліктерін қарастыру;

- туризм тарихын ары қарай зерттеудің негіздерін қою, оның қарастырылған мәселелерін қорытындылау және білімнің осы саласында арық қарай зерттеуге талпыныс беру.

Курстың міндетінің бірі – студенттерге өткен уақыттағы туризм дамуының әртүрлі заңдылықтарын анықтаудағы туризм тарихын оқып зерттеуді жеңілдету, қазіргі кезде болып жатқан үрдістермен салыстыру, туризм дамуының ары қарай жолын анықтау.

Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері.Туризм тарихын зерттеуде тарихи ғылымда қолданылатын дәстүрлік тәсілдер қолданылды. Олардың арасында тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-ретроспективті, тарихи-типологиялық және басқа да тәсілдерді айтуға болады.

Тарихи-генетикалық тәсіл оқып зерттелетін жағдайдың сапалы тұрақтылығының шегін белгілеумен болатын құбылыстардың қозғалысын және өзгерістерді көрсетуді біріктіреді. Ол дамуды талдауға бағытталған және ол жалпы және ерекше сипаттамаларды құрамына енгізуі тиіс, бірақ суреттеуге тартады, әзірленген логикасы мен ұғымдық аппараты болмайды. Оның әдістемесі белгісіз әрі айқынсыз.

Бұл тәсілді тарихи-салыстырмалы тәсілмен біріктіруге болады. Бұ тәсіл әртүрлі құбылыстардағы сипаттардың ұқсастықтарын ашады және қоғамның тарихи дамуының қайталанғыш және ішкі шартталған сипатының болатынына негізделеді.

Тарихи-ретроспективті тәсіл қайта құру тәсілі ретінде қарастырылады және қазіргіден өткенге, салдарынан себебіне бағытталған. Бұл тәсіл үрдістердің әртүрлі стадияларын түсінуге және зерттелетін оқиғаның мәніне тереңірек кіруге мүмкіндік береді.

Тарихи-типологиялық тәсіл қарастырылатын құбылыстар мен объектілерге тән жалпы белгілер негізінде объектілер мен құбылстар жиынтығын сапалы түрдегі белгілі бір топтарға жүйелі түрде бөлуді мақсат етеді.

Тарихи-жүйелік тәсіл әртүрлі деңгейдегі тарихи жүйелердің қызмет етуін тек қана себепті шартталған ғана емес, сонымен бірге функционалды байланысқан жекелеген оқиғалардың, фактілердің, құбылыстардың мен тарихи үрдістердің түрі ретінде қарастырады.

Тарихи-мәдени тәсіл жеке адам тұлғасының, оның ұмтылыстарымен, сенім-нанымдарымен, қызметімен бірге әлеуметтік-психологиялық зерттеуге назар аударады. Бұнда белгілі бір мақсаттарды көздеген атақты тұлғалардың да, қатардағы адамдардың да қызметін, олардың қоршаған әлемге қатынасын зерттейді. Бұл тәсіл тарихи үрдіске тартылған адамдардың биографиясын зерттеуді қамтиды. Тарихшы М.Блок былай деп айтқан: «нағыз тарихшы ертегідегі адам жегішке ұқсас. Қай жерде адамзаттың иісі шығатын болса, сол жерде оны олжа күтіп тұратынын білген.» Өткендегі туристердің биографиясын зерттеу туризм тенденцияларын талдауға мүмкіндік береді, бұл дамудың мүмкін болатын болашақтағы бағыттарын анықтауға мүмкіндік ашады.

Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру.Туризм тарихы үрдісін ойластыруға және оны ғылыми жалпылаудың ішкі заңдылықтары мен мүмкіндіктерін анықтауды жеңілдетуге кезеңдестіру көмектеседі. Кезеңдестіру деп үрдістердің сапалы дамуына сәйкес тарихи уақытты бөлу айтылады. Бұл жалпы адамзаттың, қандай да бір аймақтың, елдің туризмінің қалыптасу және даму кезеңдерінің негізгі мазмұнының анықтамасы. Туризм тарихын кезеңдестіру үшін оның негізіне нелерді қарастыру қажет екенін шешіп алу қажет. Яғни, тарихи үрдісті жекелеген кезеңдерге бөлудің критерийін құру қажет.

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе, В.Унцикер мен Дж.Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.

Туризм тарихы бойынша кітаптарда келесідей кезеңдестірулер ұсынылады.

«Туризм тарихы» (Рим, 1958) атты Дж.Мариоттидің кітабында көнедегі туризм (Греция мен Рим), ортағасырдағы туризм, жаңа замандағы туризм (ХV-ХVІІІ ғғ.), ХІХ ғ. және қазіргі кездегі туризм қарастырылады.

Л.П. Воронкова («Туризм тарихы: оқу құралы». – М.: МПСИ, 2001) көне саяхаттар мен қонақжайлылық дәстүрлерінің тарихы, ортағасырлық мәдениеттегі саяхаттар, ұлы географиялық ашылулар кезеңі, ХV
І-ХVІІІ ғғ. еуропа мәдениетіндегі саяхаттар мен қонақжайлылық дәстүрлері, ХІХ ғ. қонақжайлылық және туризм индустриясының дамуы, ХХ ғ. туризмніңң дамуы, ХХІ ғ. қарсаңындағы халықаралық туризм деп бөліп қарастырады.

М.В. Соколова «Туризм тарихы» кітабында келесідей кезеңдестіруді ұстанады: көнедегі саяхаттар, ортағасырдағы жорықтар мен саяхаттар, жаңа замандағы туризмнің дамуы, ХХ ғ. туризм.

Туризм тарихын кезеңдестіру кезінде әлеуметтік-мәдени феноменнің ерекшелігіне қарау қажет және оны келесідей бөлу ұсынылады:

- көне әлемде туризмнің алғашқы элементтерінің пайда болуы;

- ортағасырда туризмнің жекелеген түрлерінің дамуы;

- қайта өрлеу кезеңінде туризмнің мәдениеттің дербес саласына бөлінуі (ХV-ХVІ ғғ.);

- ХVІІ ғ., Ағарту кезеңінде (ХVІІ-ХVІІІ ғғ.) және ХІХ ғ. басында туризмнің саяси білім алу мен мәдени тәрбие алудың элементі ретінде рәсімделуі;

- ұйымдасқан жаппай қозғалыс формасында туризмнің дамуы (ХІХ ғ. 40-шы жж. – ХХ ғ. соңы).

Бұл кезеңдердің әрқайсысының ішінде туризм дамуының белгілі бір кезеңдерін бөлуге болады. Туризмнің даму тарихын келесідей кезеңдерге бөлген:

1. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм: А) ежелдегі туризм; Б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм; В) ХVІІ және ХVІІІ ғасырдағы туризм

2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм

3. Қазіргі заманғы туризм.

1.2 Әлеуметтік феномен ретіндегі туризмнің мәні

Халықаралық туризмтануда туризмді әлеуметтік феномен деп атайды. Әлеуметтік дегеніміз — қоғам өміріне қатысты деген сөз. Ал феномен ұғымының екі мағынасы бар: 1) философиялық түсінігі — «құбылыс» сөзінің синонимі, яғни бізге сезімдік танымның тәжірибесі арқылы берілетін нәрсе, 2) ерекше, сирек құбылыс немесе ерекше факт, адам.

«Туризм» сөзінің түбірі — француз тілінің «тур», яғни «серуен», «сапар шегу» деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралық туризмде «тур» сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін қызметтерінің тізбесі бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді.

«Туризм» сөзі қазіргі энциклопедиялық ұғымда бос уақытта (демалыс, каникул) саяхат жасау және белсенді демалыстың түрі, денсаулықты сақтау шарасы, жеке адамның танымдық, рухани және әлеуметтік жақтарынан дамуының жолы деген мағыналар береді. Халықаралық туризмде табыс табудан басқа кез келген мақсатта уақытша, ерікті тұрғын орнын ауыстырушы адамдардың барлығын туриске санау әдеті қалыптасқан.

1974 жылдан бастап Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) елдің тұрғын орнын және жұмысын ауыстырғандардан басқа демалу, ғылыми, іскерлік және мәдени шарада кездесу мақсатында орын, тұрақ ауыстыруларының барлығын туризм деп есептеу керек деген шешім қабылдады.

Ал қазіргі Әлемдік туристік ұйым мамандары «туризм» деген ұғымға өзі тұратын жерден тыс жерлерге белгілі бір мерзім аралығында арасына бір жыл салып демалу, іскерлік және т.б. мақсаттарда болуын және саяхаттауын жатқызады.

Туризмнің ең басты әлеуметтік мақсаты — адам өмірін ұзарту және өмір сүруді жақсарту.

Туризмнің басты әлеуметтік құндылығы табиғатпен және жаңа адамдармен көңілді қарым-қатынас, кездесулер. Себебі адам қоғамының ең биік мұраты (идеалы) — адам қатынастарының жағымды формаларын көбейту, сол формаларды тиімді пайдалану барысында ләззат алу. Жаңа танымдар мен жаңалықтар ашу — адамның табиғи бейім-дағдысы, осы табиғи бейім-дағды күнделікті өмірде күңгірттенеді де, саяхат барысында адам бойында оянады.

1.3 Халықаралық және ішкі туризм туралы түсінік

Жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың ұштасуынан дамып келе жатқан білімнің әр түрлі саланың мамандары зерттейтін туризм көп астарлы құбылыс болып табылатындықтан «туризм» түсінігінің ғылымның кез-келген саласының зерттеушілеріне ортақ анықтама жоқ. «Туризм» түсінігі ғалымдар (В.С. Преображенскийдің, В.В. Добковичтің, Я. Гезгаланың, П.Г. Олдактың, Н.С. Мироненконың, С.Р. Ердәулетовтың берген бірнеше анықтамасынан белгілі. Бірақ халықаралық туризм бойынша 1963 жылғы БҰҰ өткізген Рим конференциясында берілген төменде көрсетілген анықтамасын басшылыққа алған дұрыс. Туризм – тұрақты тұратын орнынан сауығу, сонымен қатар бос уақытының мүддесінде немесе кәсіби-іскерлік мақсатты көздейтін уақытша болатын орында төленбейтін іс-әрекетпен айналыспайтын сапардың барлығына ортақ түсінік. Сондықтан ол тұрақты тұратын мекенінен тыс аумақтарда бос уақытты өткізудің әдістерінің бірі болып табылады. Жоғарыда берілген анықтамалардан «турист» түсінігіне қарағанда «демалушы», «рекреант» біршама кең екенін көрсетеді.

«Турист – бұл іс-әрекеті төленетіндерден басқа тұрақты мекені болып табылмайтын елге қандай да бір мақсатпен келген барлық тұлғалар» [3, б. 26]. Шет елдерде жүрген студенттер мен оқушылар да, жиналысқа, құрылтай жиындарына, ғылыми конференцияларға, кинофестивальдарға келген тұлғалар да жатады. «Қандай да бір орынға келгенімен қонбайтын тұлғалар экскурсанттар деп саналады [1, б. 3-4].

Бір құбылысты әр қырынан қарастырғандықтан Т.В. Николаенко «Рекреация» мен «демалыс» терминін бір-бірінің синонимі ретінде қарастырады. Демалыстың түрлері алуан түрлі болады. Т.В. Николаенконың ойынша көңіл көтеруге, спортпен шұғылдануға, адамды қызықтыратын орындарына баруына байланысты демалыс іс-әрекеттің түрлерін таңдауды қамтиды. Ұзақтығына қарай рекреация тұрақты тұратын елді мекеніне қонуға оралатын қысқа мерзімді және бір тәуліктен асатын ұзақ мерзімді болып бөліаптаі. Өзінің мазмұнына қарай ұзақ мерзімді рекреация көлемді түсінік туризммен сәйкес келеді. Оның негізгі қызметі қоғамның әр - бір мүшесінің физикалық және психологиялық күш - қуатын қалпына келтіріп, рухани әлемін жан-жақты дамыту.

Туристік іс-әрекет ішкі туризм және халықаралық туризм болып екіге бөлінеді. Ішкі туризм деп адамдардың өзі тұратын елдің аумағында саяхаттауын, халықаралық туризм деп белгілі бір елге келу, елден кету туризмін атайды. Елден кетіп саяхаттау туризмі — өзі тұрақты орнынан басқа елге бару, ал елге келіп саяхаттау туризмі — бұл елде тұрақты қоныстанбаған адамдардың қыдыруы.

Халықаралық туристер деп өз елінен басқа елдерге саяхаттайтын, бүкіл әлемдік сауда ұйьмының статистикасына тіркелген азаматтарды атайды. Мәселен, 1994 жылы әлемде 528, 4 млн., 2000 жылы 697, 6 млн. адам халықаралық турист болған. Болжаулар бойынша, 2010 жылы олардың саны шамамен 937 млн. адамға жетпек.

 

1.4 Туризмнің әлеуметтік-экономикалық қызыметі

Адамның кез келген ойластырған, ұйымдастырған және жасаған іс-әрекетінің, белгілі бір қызметтің немесе бірнеше қызметтің әлеуметтік маңызы болады. Ол қызметтердің жағымды, жағьшсыз жақтары болу мүмкін. Ал туристік саяхаттардың, мамандардың айтуына қарағанда, танымдық, әлеуметтік-қарым-қатынастық, спорттық, эстетикалык, эмоционалдық-психологиялық, денсаулықтық, шығармашылық, қажылық секілді түрлерінің жағымды әлеуметтік қызметтері бар.

1. Танымдық қызметі. Таным дегеніміз — өмір шындығының адамның ойлау процесіндегі бейнеленуі, талдануы және қайта жасалуы; обьективті әлемнің, табиғаттың және қоғамның заңдарының заңдылықтарын білу; игерген білім мен тәжірибенің жиынтығы.

Адам саяхат жасау үстінде қоршаған ортаны ойлау және сезу құралдары арқылы таниды. Осы таным процесінде адамның ойлау қабілеті ойлау мен есте сақтау, ал таным - сезімдік-түйсіктік, қабылдау, елестету секілді логикалық және психикалық компоненттерін іске қосады. Зерттеуші Г. П. Долженконың пікірінше, туризмнің танымдық жағына «адамның өз таным дүниесін тарих, экономика, табиғат, ғылым жөніндегі білімдерін байытуға, тарихи, этнографнялық, табиғи және революциялық ескерткіштер, әскери, еңбек дәстүрлері жайындағы мәліметтермен танысуға талпынысын» жатқызады.

2. Денсаулықтық қызметі. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы «денсаулық» деген ұғымға адамның физикалық, психикалық және әлеуметтік жақтарының жақсы жағдайда болуын жатқызады. Адамның денсаулық деңгейін бағалау критерийі — оның қоршаған ортаға ыңғайлана білуі. Адамның қоршаған ортаның өзгергіш жағдайларына сәтті дағдылана білуі адаптация деп аталады. Адамның туа және жүре пайда болған қасиеттерінің деңгейінің тиімді адаптациялануын дағдыланғыштық (адаптивность) деп атайды. Физикалық, психикалық және әлеуметтік адаптациялар адам өмірдің барлық саласында белсенді әрекет еткен жағдайда ғана сәтті болмақ. Бұл адамның денсаулық деңгейін анықтайды.

XVIII ғасырда француз дәрігері Тисо: «қозғалыс ез әсері жағынан кез келген дәріні алмастыра алады, ал әлемдегі бар дәрі қозғалыстың әсерін алмастыра алмайды» деп жазған болатын.

Туризмнің негізгі мәні — қозғалыс, сондықтан да туризмде денсаулықтық қызметтің белсенді түрлері, яғни туристердің белгілі бір бағыттар бойынша өз күштерімен қимыл-қозғалыс жасауына, ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай шарттарға кез келген адамның шамасы келеді. Ең бастысы әрбір туриске сәйкес физикалық және техникалық дұрыс жүктеме бере білу керек.

Белсенді саяхаттың спорттық саяхаттан ерекшелігі туризмде туристер саяхаттың ұзақтығын, қашықтығын және техникалық күрделілік деңгейін өздері айқындайды және кез келген уақытта тоқтата, үзе алады. XXI ғасырдың басына қарай медиктер Жер бетіндегі адамдардың денсаулығының нашарлауының негізгі екі себебін анықтады: 1) адам өмірінің зиянды экологиялық жағдайлары, 2) гиподинамия, яғни қозғалыстың шектеулілігі. Адам денсаулығына тиімді әсер ететін, жоғарыдағы екі себепті жоятын туризмнің белсенді және спорттық түрлері болып табылады.

Гиннестің рекордтар кітабының мәліметі бойынша, 2002 жылғы ақпан айындағы дерек бойынша әлемдегі ең кәрі адам — жапон жібекшісі Юкичи Чугандзи 112 жаста. Оның әлі күнге дейін ез денсаулығына өкпесі жоқ, өзінің ұзақ жасауының кұпияларымен бөліседі. Дегенмен де Юкичидің жасы адамның ұзақ жасауының шегі емес.

Ең ұзақ жасаған француз әйелі Жан-Луизе Калмен 1997 жылға дейін 122 жыл 164 күн жасаған. Чугандзиге дейін планетаның ең қарт адамы ретінде италиялық Антонио Тодце саналған, ол Юкичиден 3 ай үлкен болған. Юкичидің дәл туған датасы — 1889 жылдың 23 наурызы, Жапонияның Огори қаласы. Ол өмір бойы жібек ісімен айналысып, бұл іске басқаларды да үйреткен. Юкичидің ұзақ жасауының құпиясы, өзінің әңгімелеуінше, өмір салтын өлшеммен жүргізіп, оптимист болған, сары уайымға салынбаған. Ол ішімдік ішкен, бірақ құмар болмаған. Оның сүйікті тағамы балапан етімен араласқан, суға қайнатылған күріш екен.

Батыс Европа ғалымдары адам биологиялық түр ретінде өзінің эволюциясын аяқтады, адамдар өз өсуінің шыңьша жетті деп есептейді. Адамның эволюциясы өз гендерінің қасиеттері-не негізделгендіктен, тірі организм бойында қоршаған ортаға бейімделу мүмкіншілігі аз, себебі адам дамуды тоқтатқан, оньщ үстіне адамның биосфераға тәуелділігі кеміген, тіпті кейде адам биосфераны өзінің өмір жағдайларына қарап өзгертеді. Барлық ұзақ өмір сүрген адамдар биосферамен тығыз бай-ланысты болып, туристік саяхаггардың бастапқы кезеңдегі түрлері (адам өмірінің белгілі бір кезеңінде) одарды биологиялық ортаға оралтып отырған және оларды биологиялық түр ретінде сақтаған.

Адам денсаулығының ең басты көрсеткіштерінің бірі — оның өмірінің ұзақ болуы.

2. Әлеуметтік қарым-қатынас қызметі. Коммуникативтік деген қарым-қатынас

жасауға дайындалған, ыңғайланған әрекет, яғни сөйлеу тілінің көмегімен байланысу, ой мазмұнын қабылдау және беру.

Сонымен туризмнің әлеуметтік-қарым-қатынастық қызметі дегеніміз — саяхатқа қатысушылардың бір-бірімен ресми емес жағдайда, өндірістік ара қатынасты (субординация) сақтамай-ақ, әлеуметтік мәртебесін, жасын, ұлтын, азаматтығын және т.б. адамдарды бір-бірінен ерекшелейтін белгілерді есепке алмай-ақ байланысу, қатынасу мүмкіндігі. Туристік қабылдау тұрғысынан алғанда, саяхат арқылы белгілі бір жерлерді көру, табиғи, тарихи-мәдени ескерткіштерді қызықтау ғана емес, бастысы — жаңа адамдармен танысу, олармен қарым-қатынастан әсерлермен оралу.


<== previous lecture | next lecture ==>
Египеттіктер 1 page | Египеттіктер 3 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.295 s.