Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Египеттіктер 3 page


Date: 2015-10-07; view: 1246.


4. Спорттық қызметі. «Спорт» деген кең мағынасында алғанда, өзіндік бәсекелестік іс-әрекет, оған арнайы дайындық, адамдар арасында осы іс-әрекет барысында арнайы қатынас орнату, оның қоғамдық мәні бар нәтижелері.

Спорт — қоғамдық мәні бар дене тәрбиесінің неғұрлым әсерлі құралдары мен әдістерінің жиынтығы, адамды еңбекке, басқа да қоғамға қажетті іс-әрекеттің түрлеріне дайындау. Сонымен қатар спорт — этикалық, эстетикалық тәрбиенің маңызды бір құралы, интернационалдық байланыстарды кеңейту, жеңілдету, халықтар арасындағы өзара түсіністікті, ынтымақтастықты, достықты бекіту.

Туризмде «спорт» ұғымынан басқа «спорт түрі» деген термин қолданылады. Спорт түрі деген — бәсекелестік іс-әрекеттің белгілі бір жарыс түрін ерекше спорттық техникамен, тактикамен іске асыру. Сол спорт түрінің бірі — спорттық туризм. Туристік-спорттық жарыстардың: 1) спорттық жорықтардан жарыс; 2) туристік көп сайыс бойынша жарыс деген түрлері бар.

Адамзат баласы спорттық бағдарламаның неше түрін ойлап тапқан, бірақ туризм спорты ғана адам денсаулығын нығайту, табиғатпен «тілдесу», психологиялық жеңілдеу, физикалық белсенділік, үйреншікті жағдайды өзгерту деген компоненттерін орындай алады.

Спорттық туризмнің ұйымдастырылуы қарапайым және кез келген жастағы адамның онымен шұғылдануға мүмкіншілігі болады. Туризм — спорттың табиғи түрі, себебі онда жүктеме (дозировка) жеңілдетіліп беріледі. Спорттық туризм адамдардың бойына ұжымшылдық, тәртіптілік, табандылық секілді қасиеттерді дарытады.

5-6. Эстетикалық және эмоционалдық-психологиялық қызметтері. Эстетика (грекше «сезімдік», «сезуші» деген мағына береді) — философия ғылымынын шындық өмірдегі әсемдікті, эстетикалық тәрбиені және әдемілік заңдарына арналған шығармашылықтың жалпы принциптерін, өнерге деген түрлі көзқарастардың жүйесін зерттейтін саласы.

Туризмнің эстетикалық қызметі дегенде туристік саяхаттар кезінде адамдардың табиғаттың, сәулетшілер, мүсіншілер және суретшілердің туындыларының әдеміліктерінен ләззат алу мүмкіндігін түсіну керек. Туризмнің эстетикалық қызметі оның эмоционалдық-психологиялық қызметімен тығыз байланысты. Ол туризмтануда саяхатшылардың қауырт еңбек процестерінен кейінгі шаршап-шалдығуларды басу, адамдармен қарым-қатынастан жағымды эмоция алу, қызықты туристік нысандардан әсер алу, спорттық және туристік белсенді саяхаттарда кездесетін кедергілерден өту деген сөз.

7. Шығармашылық қызметі. Шығармашылық дегеніміз —
жаңа сападағы, өзінің қайталанбастығымен, сонылығымен және қоғамдық-тарихи ерекшелігімен есте қалатын іс-әрекет. Шығармашылық адамға ғана тән, өйткені шығармашылық іс-әрекетті жасампаз тұлға жасайды.

Туристік саяхаттың жоғары шығармашылық қарымы оған қатысушылардың әдеттегі аядан шығып, тұрмыстық күйбең тіршіліктен ажырап, жаңа, қызықты мәселелердің шешімін іздеуге талпындырады. Ұйымдасқан саяхаттар пайда болған бірнеше мыңдаған жылдар бойында саяхатшылардың сан мыңдаған шығармалары дүниеге келді.

Ол шығармашылық туындыларға ғылыми жаңалықтар, көркем және құжаттық және ғылыми-көпшілік прозалық, поэзиялық шығармалар, туризмге қажетті киімдердің, аяқ киімдердің, транспортгық көліктердің, жарақ-жабдықтардың, жаңа тағам түрлерінің, саяхатқа қатысушыларды белсенді және спорттық саяхаттарға үйретудің жаңа әдістері мен тәсілдері жатады.

8. Қажылық қызметі. Қазақстанда 8 миллиондай мұсылман бар. Ал әлемдегі мұсылмандардың саны — 1 млрд. 126 млн. «Қажылық» деп діннің қасиетті орындарына (христиандар үшін - Иерусалим және Рим, мұсылмандар үшін - Мекке мен Мәдине) сапар шегуді атайды. Христиандардың әдет-ғұрпы бойынша
қажылық сапардың белгісі — Палестинадан пальма бұтағын әкелу.

Уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруда өзінің нақты мақсаты бар алғашқы саяхатшылар қажылыққа баратындар мен саудагерлер. Әсіресе қажылыққа барушыларды классикалық туризмнің көшбасшыларына балайды. Олар мақсат-мұраттарына жеткенше саяхат барысында алыс қашықтықтарды игеріп, ас-ауқат, киім-кешектері аз болса да, қиындықтарды жеңіп жеткен. Саяхаттарының мақсатына жету үшін, сол кездегі қауіп-қатерді ескерсек, тоналмай, аман-есен жету қажет болды.

Әлемдік ұйымдасқан саяхаттың ең көне қызметі бола тұра, қажылық әлі күнге дейін өзінің позициясын жоғалтқан жоқ. Қайта қажылық қазіргі халықаралық туризмде қарқындап дамуда. XX ғасырдың соңында әлемдегі мемлекеттердің ұйымдасуының өзгерістеріне байланысты негізгі әлемдік діндерге сенушілер мен қажылыққа барушылардың саны күшен күнге, жылдан-жылға арта түсуде. Мұсылмандардың қажылыққа баруының саны өскені соншама, Мекке, Мәдине секілді қасиетгі қалалары бар Сауд Аравиясы мемлекетінің үкіметі әлемнің әрбір еліне қажылыққа келушілерге арналған жылдық квота тағайындауға мәжбүр болып отыр.

Жоғарыда біз сөз еткен туризмнің негізгі әлеуметтік қызметтері ғана, негізінен бұдан басқа жағымды жақтары мен қызғылықты қызметтері жеткілікті. Сондықтан да адамдардың туризмге деген құштарлығы уақыт өте келе геометриялық прогрессия қарқынымен өсе түсуде. Мәселен, зерттеушілер кейбір адамдардың демалыс кезін саяхатта қызықты өткізу үшін өздерінің тамаққа, киімге деген қажеттіліктеріне әдейі тыйым салатын көрінеді.

Туризмнің аталған әлеуметтік қызметтерін іске асыру үшін туристік-рекреациялық ресурстарды (ТРР) пайдалану қажет. Бұл ресурстарды шартты түрде 2 топқа бөлуге болады:

1)табиғаттың нысандары мен ресурстарының жиынтығы;

2) мәдени-тарихи нысандардың жиынтығы.

Туризмнің спорттық және сауықтыру қызметтері табиғат ресурстары арқылы, ал қызметтері туристік-рекреациялық ре-сурстар (ТРР) арқылы іске асады.

Адам биологиялық түр ретінде өзінің даму процесінде өзін қоршаған табиғаттың тікелей әсерінде болған және әлі де бола береді. Адам тұтас тұлға ретінде оның физикалық және рухани қажеттіліктері әуелден-ақ табиғат мүмкіншіліктерімен жарасымдылықта болып қана өз кажеттіліктерін қанағаттандырған.

Уақыт өте келе адам еңбегі күрделеніп, ол түрлі машиналардың, зиянды технологиялардың «құлына» айналды. Міне, осы себептердің барлығы адам организмінің табиғатпен тепе-тендігін жойып, адамның түрлі ауруларға шалдығып, еңбек етуге деген қабілетін жоғалтты. Адамның физикалық және рухани күштерін қалпына келтірудін басты құралы—табиғаттың жандандырар күші.

Адамның денсаулығын өзінің негізгі өндірістік еңбегінен тыс уақытта табиғатпен және адамдармен қарым-қатынас процесінде қалпына келтіруі рекреация деп аталады. Рбкреация белсенді (спорттық-туристік) немесе пассивті (пансионатты) болуы мүмкін.

Адам рекреациясында туристік-рекреациялық ресустардың екінші тобы ерекше рөл атқарады. Мөдени-тарихи нысандарға экскурсия жасау пассивті рекреацияның кеңістік базасы болып есептеледі.

Мамандардың айтуына қарағанда, экскурсиялық нысандар информацияның 2 түрін береді: 1) семантикалық, яғни логикалық сипаты бар және адам санасына әсер ететін; 2) этикалық.

Белгілі бір рекреациялық әсер алу үшін танымдық информация ғана емес, адамның мәдени-тарихи нысандардың эстетикалық қасиеттерін қабылдау негізінде адамның эмоционалдық толғануы да қажет.

Халықаралық туризм жекелеген елдердің экономикасында басқа да қызметтер атқарады. Мәселен:

1) елге валюта жинаудың көзі және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің құралы;

2) төлемдік балансқа салымды кеңейтудің құралы;

3) туризм аясына қызмет етудің саласын құрайды, яғни экономиканы диверсификациялаудың құралы;

4) ұлттық дәулеттің көтерілуі мен кіріс өсімнің, жұмыс орнын көбейтудің құралы.

Адамдардың саяхатқа деген қажеттілігінің көлемі жағынан артуы және туризм индустриясы өнеркәсіп, мекеме және ұйымдардың жиынтығы ретінде туристер үшін қызмет көрсету мен табар өндірудің өндірісін қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан да адам өміріндегі туризмнің әлеуметтік-экономикалық рөлі өте қарқынды жылдамдықпен артып келеді.

 

2-дәріс.Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдасқан саяхаттардың әлеуметтік-экономикалық себептері

2.1 Жалпы адамзаттың және әлемдік мәдениеттіліктің дамуына байланысты халықаралық туризм тарихының кезеңдерге бөлінуі

2.2 Ұйымдастырылған саяхаттардың дамуын ынталандырған негізгі факторлар

2.3 Ұйымдасқан саяхаттардың дамуына негіз болған ежелгі мемлекеттер

 

• 1-кезең (көне замандардан XIX ғасырдың басына дейін) немесе оны «туризм тарихының алды» деп те атайды;

• 2-кезең (XIX ғ. - ХХ ғасырдың басы) — элитарлық туризм кезеңі, яғни туристік қызметтер көрсететін арнайы кәсіптің туындауы;

• 3-кезең (XX ғасырдың басы — П дүниежүзілік соғыстың басталуына дейін) — бұл әлеуметтік туризмнің қалыптаса бастауы;

• 4-кезең (1945 жылдан қазіргі кезеңге дейін) — бұл жаппай туризмнің қазіргі кезеңі, туристік индустрияның туризм үшін тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы.

Туризмнің дамуының әр түрлі кезеңде дамуының дәуір-дәуірге бөлуге (периодизация) техникалық-экономикалық, әлеуметтік алғы шарттар және туризмнің мақсатты қызметтерін негізгі критерийлер етіп алған.

Бірақ В. Б. Сапрунов туризм тарихын кезең-кезеңге бөлуде көне, орта және жаңа кезеңдердегі адамдардың ұйымдасқан саяхаттарының дамуын жеке-дара қарастырмаған. Яғни адам баласының уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруының бастапқы мұраттары айқындалмаған деген сөз. Дұрысында жоғарыда көрсетілген мүраттар туризмтану теориясының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Осы мәселелерді шешу ғана туризм индустриясының әлемдік және өңірлік перманентті интенсификациясын түсінуге, түсіндіруге мүмкіндік береді. Туризм тарихын зерттеудің мақсаты да осында жатыр.

Ұйымдасқан саяхаттардың дамуы мен оның тууына негіз болған түрлі себептерді талдай келе, туризм тарихын дәуірлеудің негізінен адамзаттың жалпы тарихын дәуірлеумен сәйкес келетіндігіне көзіміз жетеді.

2.2 Ұйымдастырылған саяхаттардың дамуын ынталандырған негізгі факторлар

Адамзаттың тарих алдындағы хайуанаттар ортасынан бөлінуі 5-2 млн жыл бұрын басталып, б.д.д. ІУ мыңжылдықта аяқталған. Адамзат өркениетінің дамуының бірінші кезеңі — көне әлемнің тарихы (б.д.д. IV мыңжылдық — б.д. ғ), екінші кезеңі — орта ғасырлар тарихы (У-ХУ ғ.), үшінші кезеңі — жаңа дәуір тарихы (1918 жылдан біздің заманымызға дейін).

Терімшілдік пен аңшылық адам баласының бірнеше миллион жылғы басты кәсібі болған. Шамамен 10 мың жыл бұрын (кейде 5-тен 10 мың жылға дейін делінеді) терімшілдіктен - жер өңдеу, аңшылықтан - мал шаруашылығы туындаған. Өндірістік еңбекке дейін адамның кеңістікте орын ауыстыруы терімшілдік пен аңшылық мақсатында болған. Адамдардың ол орын ауыстырулары ретсіз, жоспарсыз болып, ондағы мақсат аштық инстинкті, өзін-өзі аман сақтау немесе ұрпақты жалғастыру болған. Мұндай жағдай адам бойында тіршілік ету мен дамудың табиғатқа бейімделуінен табиғатты өзіне бейімдеу мәдениеті қалыптасқанға дейін жалғасты.

Түрлі ғылымдардың мәліметтерін талдай қарасақ, адам баласының Жер шарымен мақсатты түрде танымдық мүддемен саяхаттауы бұдан 5—6 мың жыл бұрын басталғанға ұқсайды. Міне, осы кезеңнен бастап адам терімшілдік пен аңшылықтан өндірістік еңбекке көшкен.

Көне заманның алғашқы саяхатшылары саудагерлер болды. Оған дәлел арнайы жоспарланған саяхаттың адамның өндірістік еңбегінің басталуымен байланыстылығында жатыр. Б.д.д. II мыңжылдықта адамның алғашқы еңбек бөлінісі (мал шаруашылығының жерді игеруден бөлінуі), екінші бөлініс (қолөнердің жер игеру мен мал шаруашылығынан бөлінуі), үшінші бөлініс (ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі) басталды.

Еңбектің бірінші, екінші бөліністері егіншілер мен малшылардың бір-бірімен азық-түлік алмастыру қажеттілігін, ал үшінші бөлініс Жер планетасының құрлығы мен суы женінде жүйелі мәліметтер жинауына мүмкіндік тудырды. Адамдар жаңа жерлер ашу үшін планетаның құрлық, су, жер асты туралы деректер жинап, арнайы саяхаттарды жасауды жоспарлады. Осылайша тарих және география ғылымдары калыптаса бастады.

Адамдардың металдарды (мыс, қола) кеңінен қолдануы, олардан жаңа еңбек құралдарын жасау егіншілік пен мал шаруашылығында еңбек өнімділігі қауырт өсе берді. Өндіріс аясындағы билік еркектердің қолына көшіп, патриархалды қоғамдастық қалыптасты.

Адамзат қоғамындағы жоғарыда санамаланған барлық өзгерістер мақсатты саяхаттар ұйымдастыруға 2 түрлі жағдай жасады. Бірінші, мал шаруашылығының дамуы құрлық жолында орын ауыстыруға ыңғайлы ат секілді көлікті қолдана алатын болды. Кейін келе аттың біршама алыс қашықтықты жылдам жүріп өтетін жүрдек жылқылардың тұқымы іріктеліп алынатын жағдайға жетті. Екінші, еркектердің қоғамдағы жетекшілік жағдайы олардың отбасынан ұзап ұзақ сапар шегіп кетуіне мүмкіншілік берді. Еркектерше ұзап кетуге әйелдің жағдайы балалардың анасы, тәрбиешісі ретінде келе бермеді және отбасының ошағының түтінінің түзу шығуы сол кісілерге байланысты болды.

Адам еңбегінің өнімділігінің артуы оларға төмендегідей бірнеше мүмкіндік берді:

1) саяхатты өз еңбегінің өнімділігіне қарай жоспарлай алатын болды;

2) саяхат үшін материалдық дүние-мүліктерін (азық-түлік, еңбек құралы, киім-кешек, көлік) жинақтайтын, жасайтын, пайдаланатын болды.

Әсіресе, ерекше таң қаларлық, данышпан адамдар жайындағы, табиғаттың, адамзат мәдениетінің нысандары туралы мәліметтер жинала бастады. Дәл осы мәліметтер әлемнің әр түпкіріне тез тарай бастады. Осы мәліметтерді естіген елдердегі адамдар енді табиғаттың, тарих пен мәдениеттің таңғажайып нысандарын көру үшін арнайы саяхаттар, яғни туристік мақсаттағы табиғи саяхаттар жасауға көшті.

2.3 Ұйымдастырылған саяхаттардың дамуын ынталандырған негізгі факторлар

Көне әлемнің тарихында ұйымдасқан саяхаттардың дамуына негіз болған бірнеше мемлекетті атауға болады. Бұған ең алдымен ежелгі Египетті (саудагерлер елдің ерекше сатыдағы адамдары болды, әлем жайлы информациялар жүйелі түрде жинақталып отырды, оның ішінде географиялық, астрономиялық және медициналық білімдер де бар), Вавилон патшалығы (Алдыңғы Азияда керуен және су жолдарын ұйымдастырып, қолдап отырды), Финикия (теңіздегі және құрлықтағы белсенді сауда, бос жерлер іздеу, б.д.д. II мьңжылдықтың аяғы -1 мыңжылдықтың басында әлемдегі ең озық корабль құру мен теңізшілер дайындаған, б.д.д. I мыңжылдықтың басында әлемдегі алғашқы алфавит құрастырылды), Персия (мемлекеттің орталық және шалғай аудандарының аралығын қосатын жолдар салу), көне Үндістан (басқа мемлекеттермен қызу сауда, Ганг өзенінің алқабындағы ну орман-тоғайды игеру, қант бұтасының сөлінен алғашқы қант өндіру, мақтадан мата тоқу, әлемнің ең көне діні - буддизмнің негізі салынды), көне Қытай (темірді өндіру мен өңдеудің басталуы, б.д.д. II мыңжылдықта иероглифтік жазу мен қағазды ойлап тапты, компасты, жібек өндіру тәсілін шығарды, шай дайындауды үйренді), көне Греция (қолөнер, корабль құрылысы, өз жазуларын ойлап тапты, Финикия, Египетпен тұрақты сауда, дауысты дыбысты белгілейтін алғашқы әріптік алфавитті жасады, Жерорта теңізі мен Қара теңіз жағалауын жаппай отарлау, теңізде жүзудің дамуы, б.д.д. 776 жылы алғашқы олимпиадалық ойындардың ұйымдастырылуы, олимпиадалық ойындар кезінде соғысуға тыйым салынды), көне Рим (шығыс Жерорта теңізін игеру, христиандықтың тууы, елді ағарту жүйесінің және бүкіл империя үшін бір шіркеу жасап, христиандықты ұйымдастыру) елдері жатады.

Орта ғасырлар тарихындағы жоғарыдағы және одан да басқа мемлекеттер туризмнің қалыптаса түсуіне итермеші күш (стимулятор) факторы қызметін атқарады. Олар: көне Рим мемлекетінің негізінде қайта құрылған Шығыс Рим империясы немесе Византия (Батыс Европа мен Шығыс арасындағы сауданың дамуы, яғни «Ұлы жібек жолы», Аравия арқылы Парсы шығанағына, Үнді мұхитына өтетін «жұпар иіс жолы» мемлекеттік почта мен шет елмен қатынас ведомостволарының құрылуы, шіркеудің батыста католиктік, шығыста православиелік болып бөлінуі, крест жоқтарының басталуы), Аравия (үшінші әлемдік дін - исламның пайда болуы, Мекке мен Мәдинеге қажылық жасау), Франция, Германия, Италия (мектептердің ашылуы, академияның құрылуы, крест жорықтары, сауданын дамуы, европалық саудагерлердің Жерорта теңізіне орнығуы, ірі монастырьлар, жол айрықтарында, өзен өткелдері, теңіз айлағына жақын жерлерге қалалар салу, табарлық-ақшалық шаруашылықтың қалыптасуы, өнеркәсіптік өнімдердің ел ішінде дамыту, өнеркәсіптік табарларды ішкі және сыртқы рыноктарға шығару саясатын ұстанды, күшті флот жасау, зайырлы өкіметгі нығайту және ұлттық мемлекеттердің дамуы)

Туризмнің жаңа дәуірінің тарихында саяхат негіздері Англияда (капиталистік шарттардың дамуының негіздері одан әрі қалана түсті, тауар сатудың қоймалық рыногы жинақталды, өнеркәсіптің ерекше дамуы үшін жұмыс машиналарын ойлап тапты, машина жасау дамыды), АҚШ-та (өнеркәсіптің дамуы табарлар қозғалысы, жаңа жерлерді отарлау, дамыған өнеркәсіп үшін ішкі рынок жасау, өнеркәсіп пен сауданың дамуының кедергілерін жою, су және теміржол көліктің жолға қою, телеграфтық Морзе әліппесінің шығуы, Белдің телефон аппараты, Эдисон лампасы, комбайын пайда болды), Францияда («Адам және азамат құқығы декларациясы», таптарға бөліну жойылды, өнеркәсіп пен сауда кедергілері жойылды, тұтас ұлттық рынок қалыптасты) болды.

Туризмнің жаңарған дәуірінің тарихында саяхат негіздері АҚШ-та (сауда мен теңізде жүзу еркіндігін қамтамасыз ету, кедейлікті жоюға деген талпыныс, елді кәсіптік қайта даярлау шаралары, халықтың білім алуына көмек көрсету), Францияда (1936 жылы аптада кырық сағаттық жұмыс күнін белгілеу, жылына екі апталық төлемді еңбек демалысы, зейнетақыны, жұмыссыздардың төлемақысын көбейту, XX ғасырдың 60-жылдарында әлеуметтік заңдылықтарды кеңейту), Ұлыбританияда (тегін медициналық көмек керсетудің кіргізілуі, барлық дерлік британ колонияларының азаттық алуы, өнеркәсіптің модернизациялануы, іскерлік рухтың көтерілуі), ГФР-да (II дүниежүзілік соғыстан кейін демократиялық институттардың бекуі, өнеркәсіптің жаңа техникалық негізде қайтадан қалпына келтірілуі және қайта құрылуы, әскери шығындардың азаюы, капитал мен өндірістің жиі шоғырлануы, отарлық басқару аппараттарын ұстауға арналған шығындардың жоқтығы), Италияда XX ғасырдың 50-60-жылдарында экономиканың қаулап өсуі, экспорттың жылдам өсуі, ақша бірліктерінің тұрақталуы, елдің өмір сүру деңгейінің өсуі, «мемлекеттік берекенің» орнауы), Жапонияда («соғыстан ұлттық дербес құқығы» ретінде бас тарту, жалпыға бірдей сайлау құқығы, сайлаулы өзін-өзі басқару элементтерін енгізу, сөз бостандығы, ұйым бостандығы, жұмысшылардың ұжымдық келісімшартқа және ереуілге құқық алуы, помещиктік жер иелену жойылды, жерді сатып алуды арендаторларға беру, фермерлік шаруашылық, мемлекеттік шығындардың азаюы, инфляцияның тоқтауы, бағаның тұрақтануы, XX ғасырдың 50-жылдарының ортасында жапон экономикасының ерекше өсуінің басталуы, фермерлерге арналған жаңа, ірі өнеркәсіптік табарлар нарқының жасалуы, қорғанысқа аз шығын жұмсау, өндірістік капитал қорын жинау, дәстүрлі жүйе, экономиканың ауырлығын энергиялық-материалдық саладан ғылымға сүйенген салаға ауыстыру, кәсіпкерліктен алынатын салықтың төмендеуі болды.

Азияның, Африканың және Латын Америкасының дамушы елдерінде соғыстан кейінгі жылдарда туризмнің дамуының төмендегідей алғы шарттары қалыптасты: импортты ауыстыратын индустриализацияның орнына экспорттық мүмкіндіктер жан-жақты дамыды, шет ел капиталын әкелу қолдау тапты, ақша айналымы тұрақталды, әлемдік экономикаға интеграциялануға талпыныстар жасалды, ауыл шаруашылығына заманға сай технологиялар енгізілді, «жасыл революция», әлеуметтік құрылым өзгерді, демократиялық институттар қалыптасты, өз елдерінің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысу, әлемдік экономикаға интеграциялану курсын сақтады, экономиканың рыноктық құрылымын дамыту, әлеуметтік бағдардағы экономиканың қалыптасуы.

3-дәріс.Көне дәуірде туризмнің пайда болу тарихы

3.1 Ежелгі Греция мен Египеттегі ғалым-саяхатшылардың туризді дамытудағы рөлі

3.2 Көне грек философы және математигі Эрастофен мен көне грек тарихшысы, географ Страбонның саяхаттары (б.д.д. 234 ж. — б.д. 196 ж.).

3.3 Александр Макендонскийдің әскери жорықтарының ғылым мен туризмнің дамуына әсері

3.1 Ежелгі Греция мен Египеттегі ғалым-саяхатшылардың туризді дамытудағы рөлі


<== previous lecture | next lecture ==>
Египеттіктер 2 page | Египеттіктер 4 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.118 s.