Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Египеттіктер 4 page


Date: 2015-10-07; view: 1209.


Алғашқы ғалым-саяхатшылар. Гректердің ежелгі географиялық түсінігі (б.д.д. шамамен 484 — 425 жж.). Геродоттың саяхат жасауы.Біздің ойымызша, «туризм» терминінің авторы француздар болу керек, себебі бұл термин — француз тілінің «тур» деген түбір сөзінін туындаған сөз.

Әлемнің сол кезде белгілі жерлерінің бейнелі жол сілтегішін (путеводитель) құрастырған алғашқы саяхатшы ғалым, көне грек тарихшысы Геродот (б.д.д. шамамен 484 — 425 жж.) және көне грек тарихшысы, географ Страбон (б.д.д. 64/ 63 ж. — б.д. 23/24 ж.). Әрине, олардың жанында атақ-даңқы аз жайылған талантты саяхатшылар мен зерттеушілер болған.

Көне гректердің б.д.д. УІ-У ғасырлар шегіндегі географиялық түсініктерін Гекатей Милетскийдің «Обозрения Земли» атты еңбегінің сақталған үзінділері бойынша елестетуге болады. Атақты экономика тарихшысы А.М. Петровтың «Великиий Шелковый путь» (1995 ж.) атты кітабында Гекатей (б.д.д. VI-V) екі жарым мың жыл бұрын қамтыған деректердің қазіргі географиялық картасын (реконструкциясын) жасалды. Бұл реконструкцияланған картада Кіші Азияның, Қара және Азов теңіздердің шекаралары айқын көрінеді, Қызыл теңіздің аумағы, Араб түбегінің, Тигр мен Евфрат өзендерінің контурлары шын шекараларына жуық. Гекатейдің картасынан Үндістанды табу қиын, дегенмен де оның батыс жақ бөлігінде Инд өзені белгіленген. Шығыс Индостан мен Қытай картада жоқ.

Геродотты «тарихтың атасы» деп атайды. Оны географияның да атасы деп есептесе еш әділетсіздігі болмас еді. Ол өз оқырманына атақты «Тарихында» белгілі де, белгісіз де Көне Әлемді, кейде өз ойынан шығарылған дүниені, яғни өзіне белгілі болған әлемнің барлық үш бөлігін таныстырды. Геродот: «Менің бір түсінбейтінім - неліктен тұтас жерге үш атау берген?!» - дейді. Ол үш атау: Европа, Азия және «Ливия» деп аталған Африка.

Геродот б.д.д. 484 жылдың шамасында кіші азиялық қала Галикарнас қаласында дүниеге келген. Ол жан-жақты сауда байланысы бар, бай да атақты отбасында дүниеге келген.

Геродоттың арманы ез замандастарынан әлдеқайда кең көлемді болған, ол мықты мемлекет болған халықтар, гректерден өркениетті болған елдер жөнінде білгісі келді. Оны сонымен қатар басқа елдердегі әр түрлі және жабайы көрінетін әдет-ғұрыптар қызықтырды. Осыдан келіп ол сол кезде гректердің өздері аз білетін парсы соғысының тарихын, Грецияға шабуыл жасаған барлық халықтар туралы кең көлемді зерттеу жүргізді.

Ол Нілдің тасуы кезінде жасаған Египетке саяхатының маршрутының орнын толтырды. Ол алыс-алыс өңірлерге көптеген саяхаттар жасап, өз көзімен көріп, өз аяғымен жүріп өтті, әрине, атпен, есекпен жүрген, қайықпен жүзген кездері де аз болмады.

Ол храмдардан жазуларды аударды, абыздардан перғауындар тарихы туралы сұрағыштады. Египеттіктердің діни мерекелеріне қатысып, олардың түрлі-түсті бояулы киімдеріне және шаш қою әдеттеріне таңырқады. Пирамидаларға тап болып, оның әрбір сатысын адымдарымен өлшеп, өз өлшемдерінде ешбір қате жібермеді.

Геродот өзінің «әлемді айналу» саяхатын Вавилониядан бастап, онда ұлы қала Вавилонның квадрат пішінді қабырғалары мен қорғандарын көрді. Бұл қабырғалардың периметрлік ұзындығы сексен бес шақырым болатын. Геродот Вавилонды өте үлкен қала ретінде сипаттайды. Шындығында да Вавилон — ол көрген қалалардың ішінде болсын, көне әлемнің ез кезіндегі ең үлкен, көлемді қала еді. Ондағы тік бұрыш болып қиылысатын түзу көшелер туралы әңгімеледі. Вавилондағы өз елінде көрмеген үш, төрт қабатты үйлерге сүйсінеді. Геродот Вавилонды зерделеп болған соң, Персияға аттанады.

Геродот — Скифия, оны мекендеген халықтар жөнінде өз байқауларынан, жергілікті грек отаршыларынан сұрап білген деректерінен құрастырылған алғашқы сипаттаманың иесі.

Геродот Қара теңіздің барлық батыс жағалауын Днестр өрнеуінен Босфорға дейін аралағаны сөзсіз, сонымен қатар Балқан түбегінің көп бөлігін аралаған болу керек.

Түйіндей келгенде, Геродот бізге ең алғаш больш жетіп отырған Пелопоннес рельефі мен Балқан түбегінің шығыс жағалауы туралы шолу түрінде болса да айқына нұсқаулар беріп отыр. Бұл төңіректің ішкі өңірлерін ол зерттеген жоқ, сондықтан ол жайлы мәліметтер өте аз, себебі олар елден сұрау жолымен жинақталған.

Геродоттың саяхаттары солтүстік-шығыс Африканы да қамтып, Киренде де болды. Б.д.д. 448 немесе 447 жылы Нілмен жоғары жүзіп, Эльфантина аралына жетті.

Геродот көргісі келген, көрген барлық елдердің ішінде Египет елінің тарихы мен географиясы толық та жан-жақты баяндалды. Ол Нілдің бастау көзі және тасып жайылу секілді қос құпиясының сырын ашуға талпынды. Саяхатшы сонымен қатар жабайы ғұрыптар туралы деректерді ерекше өміреніспен жинады. Геродоттың Египет жайындағы ғажайып, бірақ толық емес деректерін қазіргі заман тарихшылары растайды және шындыққа жақын мәліметтер ретінде мойындайды. Ол көптеген нақты деректерді египеттіктердің өз аузынан жазып алды. Геродоттың Финикиядағы Тиру қаласына жүзіп барғанына шүбә жоқ, себебі ол жайында өте нақты сипаттамалар береді. Ол Сирия мен Палестина жайлы деректер жинап, оларға қысқаша сипаттама жасады.

Өз Отаны Галикарнасқа жап-жас күйінде оралған атақты саяхатшы Лигдамис басқыншыға қарсы халық қозғалысына қатысып, оның тақтан таюына үлесін қосты. Ол өмірінің соңына қарай Италиядағы Туриумға қоныс аударып, сол жерде б.д.д. 425 жылдың шамасында өзін атақты саяхатшы және одан да атақты тарихшы ретінде даңқтап өмірден өтті.

Қазақстандағы ұйымдасқан саяхат пен туризмнің тарихы негізінен әлемдік туризмнің тарихын дәуірлеумен сәйкес келеді. Дегенмен Қазақстан туризмінің тарихының өзіндік ерекшеліктері де бар.

Қазіргі Қазақстан территориясын біздің жыл санауымызға дейін мекендеген адамдар аңшылық пен терімшіліктен өндірісті еңбекке әлемнің басқа аудандарына қарағанда кешірек көшкен. Қазақстан ғалымдардың пікірінше, біздің республикамыздағы ең көне адамдар осыдан шамамен жарты миллион жыл бұрын пайда болған. Оның негізгі дәлелі — адам қолымен жасалған еңбек құралы. Көне Қазақстандағы тұрғындардың өндірістік шаруашылығы б.д.д. ІІІ мыңжылдықта басталған.

Көне әлемнің тарихында қазіргі Қазақстан аумағындағы алғашқы ұйымдасқан саяхаттар басты туристік нысан - Ұлы жібек жолымен байланысты. Ал оның қалыптасуының бастапқы дәуірі б.д.д. ІІІ мыңжылдыққа сәйкес келеді. Б.д.д. зерттеушілер өз еңбектерінде Қытай туралы мәліметтер келтіріп, ол елге баратын жолдардың сипаттамасын берді. Кейіннен Ұлы жібек жолы аталған жолдың алғашқы бізге жеткен сипаттамасы осы. Ал бұл сипаттаманың қағазға түсуі — б.д.д. I ғасырдың аяғы. Птолемейдің өзі бұл сипаттаманы біздің заманымызға жетпеген Марк Тирскийдің шығармасынан және саудагерлердің ұрпағы Май Тицианның Евфрат өзенінің жағасындағы шекаралық қала Гиераполь арқылы Месопотамияны көктеп өтіп, Тигр өзеніне шыққан, одан әрі Мидиядағы Экбатанға, сонан соң Каспий теңізінің оңтүстігін орай жүріп, Парфияның астанасы Гекатомпилге, Маргияндық Анохияға, Бактрияға және Камед таулары арқылы (бұл Алай және Алайдан арғы қыраттар болуы мүмкін) Татим өзенінің бассейніне түскен. Ол жерден Қытай астанасына барған. Кейіннен Ұлы жібек жолы деп аталған жолдың классикалық көне сипаттамасы осы. Көптеген зерттеушілер ұлы жолға бұл атауды неміс ғалымы Ф. Рихтгофен өзінің «Қытай» деген кітабында 1877 жылы берген деген пікірді ұстанады. Дегенмен де атақты экономика тарихшысы А. М. Петровтың пікірінше, мұндай атау көне әлемде де болған.

Римдіктер жібекті «серикум», ал өндірушілер мен сатушыларды «сера», яғни «жібек адамдар» деп атайды. Келешек атаудың қайдан шыққаны туралы мәліметтер К. Птолемейде де бар, онда жол Жібек еліне апарады. Аллмиан Марцелиннің «Тарихының» 23-кітабында «Сералармен қарым-қатынастағы үлкен сауда жолы» деп көрсетіледі.

Ұлы жібек жолының қалыптасуының ұзақ процесс болуы — батыс пен шығыс өркениеттерінің, көне әлем мен Қытайдың бірін-бірі біртіндеп тануының дәлелі. Бірнеше ғасыр, тіпті бірнеше мың жыл әлем Қиыр Шығыстағы ірі отырықшы өркениет иесі Қытай жайлы ешнәрсе білмеді десе де болады.

Көне заманның саяхатшылары, зерттеушілері және басқыншыларының (Геродот, Аристотель, А. Македонский, Эратосфен және т.б.) ойынша б.д.д. II ғасырға дейін ойкумен (әлем) Шығыста шөл даламен аяқталады деп түсінді.

Ал шындығында Ұлы жібек жолы қазіргі Орталық Азия аумағындағы тарамдары бұрыннан бар болатын. А. М. Петров бойынша, Алдыңғы және Орта (Орталық) Азияның бір-бірімен байланысы сонау б.д.д. IIІ мыңжылдықтан бастау алады. Сол кездің өзінде-ақ Бадахшаннан (қазіргі Тәжікстанның территориясы) Иранға көк тас (лазурит) тасылды. Кейіннен Таяу және Орта Шығыска көгілдір ақық (бирюза), Согдианадан қызғылт сары асыл тас (сердолик) әкелінетін. Ахменидтер дәуірінде лазурит, бирюза, сердоликгер жолы ерекше қарқьшмен дамыды. А. М. Петров сондықтан да «Геродит — Ктесия» маршрутына жолдың орта азиялық бөлігін де қосуға әбден болады дейді.

Бадахшан лазуриттері Месопотамия мен Сириядан да табылған. Археологиялық олжалар Тәжікстанның Орта Азия, солтүстік Үндістан, орта Шығыспен байланысының б.д.д. IIІ және II мыңжылдықтың басында болғандығын дәлелдейді.

Қалыптасқан қарым-қатынастар бойынша Орта Азияға Үндістаннан, Жерорта теңізінен, тіпті Аравиядан келуге болатын. Суэц мойнағы арқылы Африкаға баратын. Бадахшан лазуриті тіпті Египеттен де табылды. Орта ғасырдағы Қазақстан жерінде ұйымдасқан саяхаттар мен белгілі бір мақсаттағы туристік нысандардың болғандығы анықталып отыр.

VI -XIV ғасырларда Ұлы жібек жолының солтүстік түркі трассасымен саудамен ғана емес, қажылық, емдік, ағартушылық мақсаттардағы да сапарлардың болғандығына толық негіз бар.

Мәселен, монғол-татар басқыншылығы кезінің өзінде қазіргі Қазақстан жерінде кең көлемді иеліктер арасында жақсы қарым-қатынастардың болуы хан жаушылары арқылы іске асып, оларға да демалатын, түнейтін жерлердің қажет болғаны ақиқат.

Атақты саяхатшы Марко Поло қазақ жерімен өтетін жолдармен жүре келіп: «Ұлы ханның жаушысы Канбаладан қай жол арқылы шықса да олар 25 мильден кейін станцияға, оларша Ямб, бізше ат поштасы, келеді, әдемі үйлер бар. Ол қоналқалық сарайлардың төсегінде құлпырған жібек көрпесімен бай, мұнда патша түссе де ұялмастай».

3.2 Көне грек философы және математигі Эрастофен мен көне грек тарихшысы, географ Страбонның саяхаттары (б.д.д. 234 ж.-б.д. 196 ж.).

Киренде тұрған (б.д.д. 234-196 жж.) грек философы және математигі Эратосфен зерттеулері үшін өз қарамағында көлемі көп бастапқы информацияның иесі болды. Себебі Эратосфен көне дүниедегі ең бай Египет Александриясындағы кітапхананың сақтаушысы еді.

Эратосфен географиялық зерттеулерге алғаш рет математикалық білімдерді пайдалана отырып, Родос аралында қиылы-сатын ендік, бойлық — екі осьтің сызығын жүргізіп, меридиан бойлығының Византия — Родос — Александрия — Сиен арқылы өтетінін анықтады. Кейін келе атақты астроном Гиппарх градустық торды ойлап тауып, Эратосфеннің басты параллельдерін 360 градусқа белді. Гиппарх ендіктің он екі параллелін жүргізіп, бар Жерді «климаттарға» (зоналарға) бөліп, ғылыми картографияның негізін салды.

Біздің дәуіріміздің басына қарай жинақталған географиялық мәліметтер, басқа елдер мен туристік нысандар турасындағы деректерді біршама толық баяндаған географ Страбон.

Страбон (б.д.д. 64/63 — б.д.23/24 жж.) — кене грек тарихшысы және географы. Көптеген саяхаттар жасаған. Ол — көне заманның географиялық білімдерінің нәтижесі болып табылатын 17 кітаптан тұратын «Географияның» және бізге жетпеген «Тарихи жазбалардың» авторы.

Страбон Қара теңіздің оңтүстік жағалауынан жүз шақырым, Жерорта теңізіне апаратын жолдың бойына орналасқан Амасияда б.д.д. 64/63 жылдары дүниеге келген. Оның ата-аналары бұл жерге Крит аралынан қоныс аударған еді.

Страбон сол кездегі дәулетті де атақты отбасыларының дәстүрі бойынша жеке мұғалімнің тәрбиесінде болған. Мұғалімдерді Страбонның өз «Географиясында» арнайы еске алуына қарағанда, олар Страбонның өмірінде ерекше рөл атқарған болуы керек. Келешек географқа айрықша әсер еткен тағы бір адам Страбоннан екі ғасыр бұрын өмір сүрген философ Зенон болды. Ол өз кітабында стоиктер мектебін негіздеушіні «біздің Зенон» деп ілтипатпен атаған. Страбон нағыз стоик ретінде сабырлы да салиқалы емір кешкен. Шын стоик ретінде саясатқа араласпай, оған қатысты оқиғаларды сырттай ғана бақылаған.

Страбон жігіт шағында Римге аттанады. Италия мен Египетгі көп саяхаттаған. Ара-арасында еліне де келіп-кетіп жүрген. Жомарт табиғат оның бойына жарқын таланты бар жазушылықты, ерекше ойлау қабілетін сыйлады, оның күші өте ұқыптылығында, мәліметтерді жинап қана қоймай, жалпылай алу дағдысында еді. Оған өзінің жан-жақты бішмдарлығы қосылғанда, гректердің тілімен айтқанда, энцеклопедист ғалым болып шықты. Нәтижесінде Страбон оқырмандарына 43 кітаптан тұратын «Тарихи жазбалар» деген еңбектерін ұсынып кетті. Ол кейін келе сол кезде «жерлердің дөңгелектері» деген атаумен атақты болған үлкен суретін жасап, онда жердің барлық бөлігі туралы мейлінше толық әңгімелеуге күш салды. Басқа жиһангерлердің ойлары мен мәліметтеріне ерекше құрметпен қарай отырып, әлемді көп шарлады, мүмкіндігі келгенше өз көзімен көруге талпынды.

Страбонның дәуірінде жолдар мұқият жоспарланып, оларға қиыршақ тастар төселді. Негізгі магистраль Британиядан бастау алып, бүкіл Европаны басып өтіп Балкандағы Иллирияға, одан кейін Кіші Азия мен Сирия арқылы Үнді мұхитына жетті. Римдіктер орта ғасырлардағы Европа мен Византияға мұраға 90 мың шақырымдық негізгі және 150-200 мың шақырымдық қосымша даңғыл жол қалдырды. Халық ығы-жығы жиналған сауда орындарында, курорттарда жолаушыларды қымбат та колайлы қонақ үйлер күтіп тұрды. Себебі әдеттегі уақытша тұрақтарда тазалық пен жайлылық жетіспеді. Дегенмен де жарнаманың қадір-қасиетін сол кезде-ақ білген. Мәселен, мынандай: «Мұнда Меркурий - пайдаға, Апполон - денсаулыққа, Септимен - дастарқан жайьш қарсы алуға уәде береді! Мұнда кірген өзін ғажап сезінеді ..!» деген хабарландыруларға кім елтіп ермейді.

Б.д.д. I ғасырдың соңынан бастап саяхат жасау бұрынғыға қарағанда әлдеқайда қолайлы бола бастады. Осы кезден бастап туризм әдетке, сәнге айналды. Саяхаттағысы келгендерге ерекше бюролар көрсеткіштер, жол сілтегіштер, анықтамалар беретін болды. Бұл тәсілдер бойынша маршрутты, қонақ үйі бар жерлерді, баратын жердің қашықтығы мен бағасын анықтауға болатын еді. Географиялық карталар ілініп қойылмаса да, оның орнын қабырғадағы сызбалар басты. Осындай сызбаның бірі кезінде Рим сарайының қабырғасының сәнін келтіріп тұрды. Жол сілтегіш анықтамалардың кейбірінің мұқияттап жасалғандығы сонша, адам ойлай бермейтін пішіндерге ие болды. Мысалы, күміс ыдыс пішініндегі затқа Гадестен (Кадис, Испанияның оңтүстігі) Римге дейінгі маршрут сызылып, онда аралықтағы станциялар, олардың ара қашықтығы көрсетілді.

Страбон Италияны жол сілтегішпен емес, өз көзімен көріп жеріне жеткізе зертгеді. Ол түрлі теңіздердің жағалаулары сипатталған ғылыми шығармаларды да оқыды. Ол өз кезінде кең таралған, зерттеушілердің бірі «географияньщ келесі жағы» деп атаған ерекше жанрдағы «саяхатшылардың әңгімелерін» де жоқка шығарған жоқ. Страбон фантастикалық ойдан шығарылған әңгімелерден де ақиқаттың дәнін іздеді. Ол үшін түрлі авторлардың мәліметтерін салыстыруға, салғастыруға тура келді. Страбон ең абзалы - өз көзіңмен көру деп есептеп, көп саяхаттады.

Страбон өмір бойы саяхаттаған. Ол барлық өзендерді, мүйістерді, тауларды тәтіштеп санамалайды да, ана жерден мына жерге дейін осыншама шақырым деген цифрларды келтіреді. Оны мұңды ойларға жетелемеген жалғыз ғана қала, ол Коринф болуы керек.

Көне заман қаламгерлерінің ешқайсысы да үйреншікті «әлемнің жеті кереметі» саяхаттардьщ мақсаты болып, арнайы маршрутқа кірді демейді. Жекелей алғанда, ол «кереметтердің» қай-қайсысын болсын кім болса да көргісі келді. Страбон да солардың бірі болды.

Бұл дәуірдің адамдары «кереметтің» жетеу екенін анық білді. «Жеті кереметгі» б.д.д. III ғасырда ғана нақты санамалағанмен, оған дейін «жетіге» қандай «керемеггердің» жататындығында бір ізділік, келісім болған жоқ.

Вавилон бақтары бұл кезде жоқ болатын. Б.д.д. У ғасырдың 30-жылдарында Фидий жасаған олимптік Зевстің мүсініне таңырқап қарап, тамсана әңгімелегенімен, неге екені белгісіз, «жеті кереметтің» біріне де санамады. Эфес Артидтерінің храмы да, Фарос маягы да Зевс мүсінінің кебін киді.

Страбон Артемисион, яғни Эфестегі Артемидтер храмы жайлы ол қастерлі орынды кім, қалай және кімнің қаражатына салынғанын санамалап, Геростраттың мұңды жадын салған сәулетшінің атын жол-жөнекей ғана сөз етеді.

«Географияның» он жетінші кітабы ғылыми шығармадан гөрі жолжазба күнделігіне көбірек ұқсайды. Оның ойға келмес нақтылықка толылығы сонша, ондай мәліметтерді көне заман авторларының ешқайсысынан кездестірмейміз.

Александриядан шыққан жол алдымен араларын жиырма шақырымдық канал жалғап жатқан Канопқа (қазіргі Абукирге жақын) әкеледі. Каналды жағалай өздеріне тұтынушыны (клиентті) сұңқылдап шақырған қонақ үй қызметкерлері жүретін мейманханалар салынып тасталған. Туристер орта жолда Элевсинде бірінші аялдамасын жасайды, себебі онда әсем көріністерге қараған сәкілер мен сатылар бар болатын.

Каноптан басқа рақат іздеген туристердің бір бөлігі әрі қарай оңтүстікке, Гелиополые, жол тартады. Бұл жерде дельта аяқталып, Ніл басталады. Одан әрі Мемфис — Мерида көлі — Абидос — Фивы — Сиена — Элефантина аралдары — Филе. Страбон осы нүктелердің әрқайсысы туралы тәптіштеп баяндайды.

Страбон Египеттің ең көне астанасы Мемфисті, оның тарихының куәсі ретінде жалғыз өзі бүтін қалған пирамидалар жайлы ат үсті баяндайды.

Мемфистен жол Мерид көліне шығатын, көлдің қасында б.д.д. XIX ғасырда перғауын III Аменемхет тұрғызған ғажайып құрылыс болды. Ол туралы Страбон «пирамидалармен ғана салыстыруға болатын лабиринт құрылыс, қасында лабиринтті салдырған патшаның бейіті бар» деп баяндайды.

Лабиринт жайында жазғандардың ішінде бұл жұмбақ сарайдың саяси мағынасын аша әңгімелеген Страбон ғана. Ш Аменемхет тұтас, бірлікті мемлекет жасауға көп күш салған. Зор лабиринт перғауынның құдіретті билігімен біріккен бүкіл Египетгің және оның халқының біртұтас ел екендігінің символы болды.

Страбон өз саяхаттарының барысында Эфиопияның шекарасына, яғни ойкумендердің шекарасына жетіп, өзін қанағат сезімге бөледі. Страбон еңбектерінің қызықты, жарқын және нақты бөліктері оның өзінің куә болған, тікелей бақылау арқылы жазған ізденістері болды. Оның көргені мен куә болғаны аз емес еді. Сондықтан да оның: «Мен Армениядан батысқа қарай Тиррвения (Этрурия) аймағына дейін, яғни Сардиния аралдарына қарсы жатқан өңірге дейін, ал оңтүстікте Евксинск Понтынан Эфиопия шекарасына саяхаттадым. Басқа географтар арсынан мен аралаған кеңістікті менен көп шарлаған ешкім жоқ

3.3 Александр Макендонскийдің әскери жорықтарының ғылым мен туризмнің дамуына әсері

Кез келген әскери әрекет адамдарға қайғы-қасірет әкеледі, тұтастай алғанда бұл — әлеуметтік кесапат. Дегенмен де көне дәуірдегі әскери жорықтар жағымсыз жақтарымен қатар адамдарды планетамыздың басқа елдері, жерлері және акваторийлері жайлы хабардар етіп, танымын кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Мұндай нәтижелі соғыстарға Александр Македонский (Ұлы Александр, б.д.д. 356-323 жж.) қолбасшылық еткен ұзаққа созылған әскери жорықтар кіреді. Александр (б.д.д. 336 жылдан Македония патшасы) көне әлемнің ұлы қолбасшыларының және даңқты мемлекет қайраткерлерінің бірі болды. Б.д.д. 343 жылға дейін оның ұстазы атақты философ Аристотель больш, Александрға өзінің ғалам және оның шекаралары туралы түсініктерін қалдырған.

Александр бастаған грек-македон әскері б.д.д. 334 жылдың көктемінде Геллеспонт (қазіргі Дарданелла) арқылы өтіп, Кіші Азиядағы Персияға соғысты бастады. Патша жол серіктерінің арасында ұлы Аристотельдің немере туысы, грек ғалымы Каллисфен болды. Каллисфенді жорыққа оның толық сипаттамасын жазы, ұрпақтардың зердесінде қалдыру үшін алып шыққан. Ғалым жорық жылнамасын ұқыптылықпен жазып отырған.

Александр парсыларды екі ұрыста жеңіп, Кіші Азияны жаулап алып, оның әскері оңтүстікке қарай, Жерорта теңізінің жағалауын жағалай отырып қозғалған. Ол өзіне қарсылық көрсеткен қала тұрғындарын аяусыз кырып-жойып, құлдыққа сатқан. Теңіз бойындағы көптеген қалалардың тұрғындары парсы патшасының езгісінен құтылғысы келіп, Александрдың билігін өз еріктерімен мойындаған. Александр Египетті де ұрыссыз алды, себебі ондағы абыздар оны құдай деп жариялаған.

Александр Египетті б.д.д. 332 жылы жаулап алғанда, египеттіктерді халықаралық сауда ісімен қызықтырмақ болды. Патша бұл үшін Жерорта теңізінің жағалауындағы дельтаның батыс бөлігінде, Нілдің екі аралығында сауданың жаңа орталығын ашты. Жағалауға жақын орналасқан Фарос аралының аралығын материкпен қосу үшін құм төгуге бүйрық берді. Жағалау құм үйіндісін қоса есептегенде жасанды бухтаға айналып, бірнеше үлкен корабльдің аялдамасы болды. Жағалауды оңтүстіктегі үлкен көлмен жалғастыратын каналдар теңізшілердің құрылыстарына, корабль жөндеу шеберханаларына және Египеттің ішкі аймақтарына баратын жолдарға қолайлы жағдайлар жасады.


<== previous lecture | next lecture ==>
Египеттіктер 3 page | Египеттіктер 5 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.705 s.